Бауыржан Момышұлы туралы хикая



Көзінің тірісінде-ақ аңызға айналған ұлы тұлға – Бауыржан Момышұлы туралы біз не білеміз? Рас, жаужүрек батыр, даңқты қолбасшы, рақымды қаламгер. Әрине, қазақ тарихында батыр да, қолбасшы да, қаламгер де аз болған жоқ. Бірақ, олардың ешбірінің даңқы алты алаштан әріге асыпкөрген емес. Ал, Бауыржанды төрткүл дүние халқы түгел таныды, оның қаһармандық қайсар тұлғасы мен адамзат баласында сирек кездесетін озық ақыл-ойы, қарағайға қарсы біткен бұтақтай алабөтен ірі мінезі естіген жұртты тегіс тәнті етті. Ендеше оның осынау бірегей болмысының құпиясы неде? Бауыржанды «Бауыржан» еткен өмір мектебі несімен ерекше?... Бұл сауалдарға жауапты бірегей тұлғаның тағылымды тағдырына зер сала отырып іздестіргенді жөн көрдік.
Бала Бауыржан 1910 жылдың 24-желтоқсанында Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, мыңбұлақ ауылында туылған. Бала шағы Мыңбұлақтағы мұңсыз күндерімен есте қалған Бауыржан бастауыш мектепті Аса интернатынан, ал жетіжылдықты Шымкенттен бітіріп, ол кезде Орынборда қоныс тепкен ҚазПИ-ге түседі, бірақ тұрмыс жағдайына байланысты оқуын жалғастыра алмай, іле-шала Жуалыға қайтып келіп, екі жыл бастауыш мектепте мұғалім болады.
1940 жылға дейін Қйыр Шығыста қызмет еткен ол, аға лейтенант шеніне көтеріліп, полк штабы бастығының бірінші көмекшісі болып жоғарылатылады және Киев әскери округінің қарамағына жіберіледі. Артынша Алматыға қайтып, 1941 жылдың қаңтарынан бастап Ұлы Отан соғысы басталғанға дейін республика әскери комиссариатына аға нұсқаушы болады. Соғыс басталғаннан кейін елімізде жасақталған 316-атқыштар дивизиясына бавтальон командирі болып алынады. Бауыржанның одан кейінгі уақыттағы ерен ерлігі мен қолбасшылық дара сипаты жұртшылыққа А.Бектің «Арпалыс» шығармасынан, сондай-ақ, өзінің «Москва үшін шайқас» атты кітабынан жақсы таныс. Сөйтіп Бауыржан Ұлы Отан соғысы барысында 207 рет ұрысқа қатысып, 5 рет өлімнің құрсауында қалған, 2 рет өлімші болып жараланған. Бірақ өліммен бетпе-бет келген сәттердің барлығында да негізгі жауынгерлік құрамымен қоршаудан аман-есен шығып, өз дивиясына қосылып отырған.
Оның тікелей өз тәжірибесіне сүйеніп жазған «Соғыс психологиясы» атты еңбегінің күні бүгінге дейін Ресеймен қатар, Куба, Никарагуа, Польша, Венгрия, Чехия, Словакия, Испания, Жапония, Израиль, Вьетнам елдерінде оқытылуы – Бауыржан Момышұлының шебер қолбасшылығын әлем халықтарының қалтиқысыз мойындағанының бірден-бір айғағы. Осы орайда, Бауыржан Момышұлының әскери даналығын, адами парасатылығын генерал Панфилов, полковник Серебряков, генерал Чистяков, армия генералы Рокоссовский, сондай-ақ Багряман, Жуков, Васльевский сияқты маршлдар жоғары бағалаған. Баукеңді бірінші рет И.В. Панфилов, екінші рет полковник Серебряков Кеңес одағының Батыры атағына ұсынған. Әділетсіздіктің салдарынан Баукеңе екі ретінде де Батыр атағы берілмеген. Сөйтіп, кезінде КСРО Қорғаныс министрі қызметін атқарған Гречконың кесірінен Бауыржан совет Одағының Батыры атағын да, соғыстан кейінгі жылдары әскери академияны бітіре тұра генералдықты да ала алмаған. Майдангер жазушы Әзілхан Нұршайықовтың тілімен айтар болсақ «Баукеңнің генерал немесе маршал болуына ең күшті екі деталь жетпей қалды: жағыну мен табыну деген... ». 1943 жылы ажалмен арпалысып жүргеніне қарамастан ол Қазақстан басшыларына майданнан хат жазып, онда қазақ тілінің мүшкіл жағдайын баяндап, туған тілімізді тұғырлы етуге қатысты нақты ұсыныстар жасайды. Сөйтіп, І. Кеңесбаев, М.Балақаев, М. Қаратаев тәрізді басқа да тіл мен әдебиет білгірлері, академиктер мен профессорлар қозғамаған мәселені кешегі банкир, бүгінгі қарапайым сарбаз Баукең қозғайды.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Бауыржан Момышұлы туралы хикая
Көзінің тірісінде-ақ аңызға айналған ұлы тұлға - Бауыржан Момышұлы туралы біз не білеміз? Рас, жаужүрек батыр, даңқты қолбасшы, рақымды қаламгер. Әрине, қазақ тарихында батыр да, қолбасшы да, қаламгер де аз болған жоқ. Бірақ, олардың ешбірінің даңқы алты алаштан әріге асыпкөрген емес. Ал, Бауыржанды төрткүл дүние халқы түгел таныды, оның қаһармандық қайсар тұлғасы мен адамзат баласында сирек кездесетін озық ақыл-ойы, қарағайға қарсы біткен бұтақтай алабөтен ірі мінезі естіген жұртты тегіс тәнті етті. Ендеше оның осынау бірегей болмысының құпиясы неде? Бауыржанды Бауыржан еткен өмір мектебі несімен ерекше?... Бұл сауалдарға жауапты бірегей тұлғаның тағылымды тағдырына зер сала отырып іздестіргенді жөн көрдік.
Бала Бауыржан 1910 жылдың 24-желтоқсанында Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, мыңбұлақ ауылында туылған. Бала шағы Мыңбұлақтағы мұңсыз күндерімен есте қалған Бауыржан бастауыш мектепті Аса интернатынан, ал жетіжылдықты Шымкенттен бітіріп, ол кезде Орынборда қоныс тепкен ҚазПИ-ге түседі, бірақ тұрмыс жағдайына байланысты оқуын жалғастыра алмай, іле-шала Жуалыға қайтып келіп, екі жыл бастауыш мектепте мұғалім болады.
1940 жылға дейін Қйыр Шығыста қызмет еткен ол, аға лейтенант шеніне көтеріліп, полк штабы бастығының бірінші көмекшісі болып жоғарылатылады және Киев әскери округінің қарамағына жіберіледі. Артынша Алматыға қайтып, 1941 жылдың қаңтарынан бастап Ұлы Отан соғысы басталғанға дейін республика әскери комиссариатына аға нұсқаушы болады. Соғыс басталғаннан кейін елімізде жасақталған 316-атқыштар дивизиясына бавтальон командирі болып алынады. Бауыржанның одан кейінгі уақыттағы ерен ерлігі мен қолбасшылық дара сипаты жұртшылыққа А.Бектің Арпалыс шығармасынан, сондай-ақ, өзінің Москва үшін шайқас атты кітабынан жақсы таныс. Сөйтіп Бауыржан Ұлы Отан соғысы барысында 207 рет ұрысқа қатысып, 5 рет өлімнің құрсауында қалған, 2 рет өлімші болып жараланған. Бірақ өліммен бетпе-бет келген сәттердің барлығында да негізгі жауынгерлік құрамымен қоршаудан аман-есен шығып, өз дивиясына қосылып отырған.
Оның тікелей өз тәжірибесіне сүйеніп жазған Соғыс психологиясы атты еңбегінің күні бүгінге дейін Ресеймен қатар, Куба, Никарагуа, Польша, Венгрия, Чехия, Словакия, Испания, Жапония, Израиль, Вьетнам елдерінде оқытылуы - Бауыржан Момышұлының шебер қолбасшылығын әлем халықтарының қалтиқысыз мойындағанының бірден-бір айғағы. Осы орайда, Бауыржан Момышұлының әскери даналығын, адами парасатылығын генерал Панфилов, полковник Серебряков, генерал Чистяков, армия генералы Рокоссовский, сондай-ақ Багряман, Жуков, Васльевский сияқты маршлдар жоғары бағалаған. Баукеңді бірінші рет И.В. Панфилов, екінші рет полковник Серебряков Кеңес одағының Батыры атағына ұсынған. Әділетсіздіктің салдарынан Баукеңе екі ретінде де Батыр атағы берілмеген. Сөйтіп, кезінде КСРО Қорғаныс министрі қызметін атқарған Гречконың кесірінен Бауыржан совет Одағының Батыры атағын да, соғыстан кейінгі жылдары әскери академияны бітіре тұра генералдықты да ала алмаған. Майдангер жазушы Әзілхан Нұршайықовтың тілімен айтар болсақ Баукеңнің генерал немесе маршал болуына ең күшті екі деталь жетпей қалды: жағыну мен табыну деген... . 1943 жылы ажалмен арпалысып жүргеніне қарамастан ол Қазақстан басшыларына майданнан хат жазып, онда қазақ тілінің мүшкіл жағдайын баяндап, туған тілімізді тұғырлы етуге қатысты нақты ұсыныстар жасайды. Сөйтіп, І. Кеңесбаев, М.Балақаев, М. Қаратаев тәрізді басқа да тіл мен әдебиет білгірлері, академиктер мен профессорлар қозғамаған мәселені кешегі банкир, бүгінгі қарапайым сарбаз Баукең қозғайды.
Сөйтіп, елге келген Баукеңді бірде-бір мекеме қызметке алмайды. Тек Ө. Жолдасбеков қана сол кездегі ҚазГУ-дың әскерикафедрасына жұмысқа алмақ болған еді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қанатты сөздерінің өзіндік стилі және тілдік - композициялық құрылысы
Бауыржан Момышұлының өмIрI мен шығармашылық жолы
Мәлік Ғабдуллиннің публицистикасы
Бауыржан Момышұлының әдеби мұралары
Романда Тана қыз даралық қырымен танылатын образ
9 мамыр
Ғаббас Қабышұлының әдеби мұрасы
Бауыржан Момышұлы - әкери педагогика мен әскери психологияны байытушы баға жетпес мұра қалдырған дара тұлға
Бауыржан Момышұлының шығармашылық қызметі
Бауыржан Момышұлының соғыс өнері
Пәндер