Білім беру үрдесінде субъектінің коммуникативтік құзыреттілігін және жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Эксперимент - (Experiment - латын сөзі; сынама, тәжірибе)

Коммуникативтік құзыреттілік - 1) үйренген тілдік құралдарын тілдік қарым-қатынаста таңдап пайдалана білу қабілеті, тақырыпқа сәйкес жағдайды бағалауы, жағдайға тез арада реакция жасап, екінші тілде жауап беруі; 2) тілдік құралдардың қолданысқа түсуі, әр түрлі ситуациялар үшін әр түрлі тілдік құралдарды дұрыс пайдалана білуі.

Сахариева Г. С.

КММ «№ 38 мектеп-гимназиясы»

БІЛІМ БЕРУ ҮРДЕСІНДЕ СУБЪЕКТІНІҢ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ЖӘНЕ ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМЫҒАН ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі:

Елімізді мекендеген өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеруі бүгінгі күннің өзекті мәселесі екендігі баршамызға белгілі. Бұл іс біріншіден, әлеуметтік сұранысқа негізделген мемлекеттік қажеттілікті нысана еткен жағдайда, екіншіден, бүгінгі оқыту жүйесіндегі қазақ тілінен берілетін білім нәтиже берген жағдайда ғана алға басады.

Орыс тілді мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесінің мақсаты - мұғалімдерді қазақ тілін оқытудың ғылыми негізімен қаруландыру, қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытудың өзіндік ерекшелігін меңгерту, қазақ тілін орыс мектебінде оқытудың түрлі әдіс-тәсілдері, тиімді жолдарымен таныстыру, оқушыларды қазақша сөйлеуге дағдыландыруда қолдана білуге бейімдеу, бағыттау. Заман ағымына сай білім беруді дамыту, білім сапасын әлемдік деңгейге көтеру - кез-келген оқу орнының және ұстаздың басты міндеті. Әр ұстаз өз оқушысының білікті, білімді азамат болғанын қалайды.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында»: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» делінсе, басым міндеттерінің бірі ретінде - «жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интелектіні байыту», - деп көрсеткен. [14]

Қазақстан Республикасының «Тіл туралы заңында»: «Тіл - ұлттың аса ұлы игілігі әрі оның өзіне тән ажырамас белгісі, ұлттық мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы - тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюне тығыз байланысты» делінген.

Осы алған тәжірибелі-эксперименттік жұмысының (ТЭЖ) «Білім беру үрдісінде субъектінің коммуникативтік құзыреттілігін және жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру» атты тақырыбы өткен ізденіс тақырыбының жалғасы іспетті. 2008-2009 оқу жылынан бастап, жаңа ТЭЖ тақырыбы бойынша жұмыс істеуге кірістім. Қала, гимназия және мектепішілік әдістемелік бірлестігінің (МӘБ) тақырыптарына сай жеке тақырыпты таңдап алдық. Қазіргі заманға сай мектептерге оқытудың тиімділігін арттырып, оң нәтижелерге қол жеткізуге көмектесетін бәсекеге қабілетті, құзыретті мұғалім аса қажет. Қазіргі білім беру үдерісі дара тұлғаға бағытталып, оқушының қатысымдық, зияткерлік, ақпараттық, сөйлеу құзыреттіліктерін, әлеуметтенуге бейімділігін дамыту міндеттерімен ұштасып жатқандықтан, білім мазмұны жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға бағытталуы тиіс.

Ғалым Ф. Оразбаева: «Қазақ тілін оқытуда әр түрлі амалдар мен жолдар қолданылғанымен, әр оқытушы үшін ең ұтымды, ең пайдалысы - оқушының қоғамдық ортада пікір алмасуын, адамдардың түсінісу қажеттілігін өтейтін, басқа ұлт өкілдері үшін, қазақ тілінде сөйлесе білуді қамтамассыз ететін түрі», - деп жазады. [1; 141-142]

Осы үрдістер ұстаздың қызметін эксперимент сипатына тең жаңа құндылықтарға бағыттайды, ал ол кәсіби құзырлықты арттырудағы негізгі мәселені ашады, яғни эксперименттік мәдениетті қалыптастырады.

Эксперименттің жағымды да, жағымсыз нәтижелерінің бар екенін естен шығармау керек. Себептері әр түрлі болуы мүмкін: жағымсыз, жетілмеген жағдайлар, педагогикалық әрекет жобасының дұрыс болмауы, ойланбағандық және т. б. Егер эксперимент нақты дайындалған, әдістемелік сауатты қамтамассыз етілген, ғылыми дәлелген болса, оның нәтижесі де жоғары болады.

І тарау

Зерттеу нысаны: гимназияның 4 сынып оқушыларына қазақ тілін екінші және шет тілі ретінде оқыту үдерісі.

Зерттеу пәні: Қазақ тілі сабағында оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру теориясы мен әдістемесі.

Зерттеудің мақсаты:

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін үйрену үрдесін оңтайлы етіп, ғылыми-тәжірибелі дәйектеме негізінде табиғи мүмкіндіктерді және өнімді моделдерді анықтай отырып, зерттеудің жүзеге асуына тиімді жағдайларды туғызу;
  • Оқушылардың шынайы өмірдегі тілдік қатынаста өзінің алған білім қорын қолдануына қажетті тілдік құзыреттілікті дұрыс қалыптастыру.

Зерттеудің міндеттері:

  • оқушылардың тілді меңгерудегі психологиялық кедергісін жою; оқытудың психологиялық және дидактикалық негіздерін анықтау;
  • жалпы коммуникативтік құзыреттілікке жататын лингвистикалық, тілдік, әлеуметтік, мәдени-әлеуметтік және стратегиялық құзыреттіліктерін қалыптастыру бойынша тапсырмалар мен жаттығулар жүйесін құру;
  • оқушылардың қазақ тілінде сөйлеу бойынша коммуникативтік құзыреттіліктің білім, білік дағдыларын анықтау өлшемдерін құру; 4 сынып оқушыларына қазақ тілін оқыту барысында қалыптасатын тілдік құзыреттіліктің құрамдас бөліктері, дамыту жолдарын анықтау; оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамытудың технологияларын ғылыми негіздеу;
  • ұсынылған оқыту жүйесінің тиімділігін тексеру мақсатында педагогикалық экспериментті жүргізу; аудио және электронды түрінде жасалған тапсырмалар жүйесін дайындау;
  • ұлттық және мәдени құндылықтарды оқушылардың бойына сіңіру; қазақ тілі бойынша оқу материалдарының үштілдік салыстырмалы түрде ерекшеліктерін анықтау; қабілетті және дарынды балаларды анықтау;

Зерттеу жұмысының жаңашылдығы: бұл зерттеу жұмысында оқушы жеке тұлға ретінде танылып, жеке тұлғаның коммуникативтік құзыреттілігінің даму заңдылықтары қазақ тілін оқыту процесімен байланыстырыла келе, әдіснамалық-теориялық негіздерге сүйене отырып анықталады. Зерттеліп отырған жұмысының тақырыбы бұрын зерттеу нысаны болмағандықтан, қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне нәтижеге бағыттап оқытудағы коммуникативтік құзыреттілік мәселесін аз қарастырылып отыр. Қазіргі кезде оқу орыс тілінде жүргізілетін мектеп оқушыларының коммуникативтік құзыреттілігінің сапалы дамытылуы басты нысанға айналып отыр, әрі білім беру үрдісінде құзыреттілік мәселесіне көп көңіл бөлінуде. Бұл жұмыстың жаңашылдығын көрсетеді.

Зерттеу болжамы: Қазақ тілінде еркін сөйлейтін бәсекеге қабілетті және жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру.

Зерттеу оқу әрекетінің жалпыпедагогикалық принциптері:

Жеке тұлғаны қалыптастыруға жағдай туғызу; өзін-өзі жетілдіру; таңдау;

бірізділік; жетістік; субъектілік; жеке тұлғаны қалыптастыруға жағдай туғызу; құнды бағдарлар т. б.

Зерттеу әдістері: теориялық талдау әдісі, жүйелік әдіс, сұрау әдісі (анкеталау, тестілеу, интервью алу), бақылау жүргізу (тікелей және жанама түрдегі), бағалау әдісі, тәжірибе жүргізу т. б.

Зертеудің әдіснамасын құраушылар ретінде Л. С. Выготскийдің, А. П. Леонтьев, К. К. Платоновалардың еңбектерінде сөйлеу мен сөйлеу іс-әрекеттерінде педагогикалық теория және оқытудың тұлғалық бағыттауы мұғалімнің субъекті мен субъектіге қарым-қатынасы туралы философиялық көзқарасы атап көрсетілуі - жұмыстың әдіснамалық негізі болып табылады. Сол сияқты М. М. Жанпейісова, Қ. Қадашева, С. Құнанбаева, Ж. А. Қараев, И. Кубаева, Р. Т. Қасымова, Н. А. Карманова, А. Астафьев, П. К. Анохин т. б. педагогикалық ғылымының докторлар мен ғалымдардың баланың жаңа ақпаратты қабыдау, сараптау, есте сақтау және сөйлеу үрдісі туралы ілімдері де жұмыстың әдістемелік негізін құрайды.

  • Зерттеудің практикалық маңызы:Зерттеу жұмысы нәтижелері оқытушыларға, болашақ қазақ тілі мамандарына ұсынуға болады. Сондай-ақ, 5-8 сынып оқушыларына қазақ тілі пәні бойынша бақылау жұмыстардың жинағы құрастырылып, ресми түрде қабылданды; оқушылардың қазақ тілінде сөйлеу бойынша коммуникативтік құзыреттілігінің білім, білік дағдыларын анықтау өлшемдері құрастырылды; эксперименттік алаңдағы оқушылардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін анықталып, практикалық жүзеге асырылды.

Зерттеу жұмысының сарапталуы мен талқылануы: МӘБ отырысында, педагогикалық кеңесінің отырысында талқыланды.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Ғылыми жұмыс кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

ІІ тарау

ТЭЖ кезеңдері:

І. Ізденіс кезеңі (2008-2009ж. ж. )

Іс-шаралары:

  • идеяны қабылдау, эксперименттің мақсаты мен міндеттерін наұты түсіну;
  • ТЭЖ-ді тиімді ұйымдастыру және баға берудің көрсеткіші мен белгілерін білу; жобалау-әске асыру қызметін ойлана анықтау (жоспарлар, бағдармалар, жағдай жасау, педагогикалық іс-әрекеттер, нұсқаулар) ;
  • өздік диагностика және педагогикалық-психологиялық диагностиканың негізінде эксперименттің мақсатты мониторингі; психологиялық, әдістемелік, медициналық және валеологиялық қызметтермен ынтымақтастықта болуы; ТЭЖ аралық және қорытынды нәтижелерін объективті белгілеу; зерттеу жұмыстың тақырыбын енгізу мен ресми түрде қабылдау ретінде эксперименттік алаңдарды анықтау; «оқытушы - оқушы - ата-ана» одастығын құру; қабілетті және дарынды балаларды анықтау;

ІІ. Эксперименттік кезеңі (2009-2012ж. ж. )

Іс-шаралары:

  • қалалық, облыстық теориялық семинарларға, шығармашылық сайыстарға қатысу; оқу-әдістемелік кешенін қалыптастыру;
  • авторлық бағдарлама жасау; оқушылардың құзыреттіліктерін қалыптастыру бойынша тапсырмалар мен жаттығулар жүйесін құру; эксперименттің портфолиосын құру; анықталған нәтижелерді салыстырып, психологиялық-педагогикалық тестілеуді жалғастыру; оқу-тәрбие үрдісінде белгілі бір лексикалық және грамматикалық тақырыптары бойынша әзірлеген оқу-әдістемелік кешенін қолдану; ТЭЖ аралық кескінін өткізу және түзету жұмысын жүргізу.

Кескін 1. Коммуникативтік оқытудың сөйлеу

әрекетінің мониторингі

Кескін 2. Жан-жақты дамыған тұлғаның

білім, білік, икем дағдыларын анықтау өлшемдері

1. Үлгерім деңгейі; 2. Қорытынды жасау деңгейі ; 3. Сөйлеу әрекеті дамуыныі деңгейі;

4. Баяндама жасау деңгейі; 5. Шығармашылық деңгейі; 6. Өзін-өзі бағалау деңгейі;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру арқылы бәсекеге қабілетті тұлғаны дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық құзыреттілігін қалыптастыру
Кәсіби құзыреттілік ұғымының мазмұны
Көптілді білім беру жағдайында болашақ педагог - психологтардың кәсіби құзіреттілігінің әдіснамалық тұғырлары
Көркем еңбек сабақтарында ұлттық қолөнер арқылы оқушылардың технологиялық құзыреттілігін қалыптастыру
Ақпараттық технологиялар арқылы болашақ мамандардың құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық психологиялық негіздері
Танымдық құзыреттілік сипаттамасы
Мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігі
«Қосымша білім беру жүйесінде ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынасты жетілдіру» (өзгетілді ересектерге қазақ тілін оқытып-үйрету материалдары негізінде)
12 жылдық білім жүйесіне көшу жағдайындағы мұғалімнің кәсіптік құзыреттілігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz