Суды зерттеу


Су - сутегі мен оттегінің қалыпты жағдайларда тұрақтылығын сақтайтын қарапайым химиялық косылысы. Ауыз су, тіршілік көзі, ол Жер шарының 3 / 4 бөлігін алады, тірі ағзалардың 60-70 %-ы, ал өсімдіктердің 90 % -ы судан тұрады.

Суды зерттеу

Гидрология

Су - бұл шексіз теңіздер мен мұхиттар, ағысты өзендер және мөлдір көлдер. Дегенмен су тек қана көре алатын, ыстық күндері сүңгіп кететін су айдындарында ғана болмайды. Судың көлемді бөлігі адам көзінен тыс жер астында жасырынған. Бұндай су айдындары жер асты сулары деп аталады.

Жер асты сулары

Жер асты сулары өзінің ерекшелігі және құрылысы бойынша жер үстінде орналасқан судан ерекшеленеді. Жер асты сулары жерге жауатын жауындардан толықтырылады. Дегенмен бұндай толықтырулар біркелкі емес, өйткені көп жағдайда жергілікті жердің рельефінен, жауын түрінен, сондай-ақ жақсы өткізетін және суды ұстап тұра алатын топырақтан да байланысты болады, ол астыңғы қабатқа өту үшін жол бермеуі де мүмкін.

Бұдан өзге, жер асты сулары өз қорын жер үсті су айдындары есебінен де толықтырады. Өз кезегінде жер асты сулары осындай су айдындарын өздері қоректендіреді. Жер астынатүсіп су, әдетте, бір жерде жинақталмайды, өзінің орналасу заңдылығы болады. Солай су ерекше жоғарғы және төменгі қабатты ұйымдастырады. [3]

Төменгі қабатта судың ең кіші көлемі болады. Үлкен көлемді су жоғарғы қабат бойынша үйлестіріледі. Бұл жердің төменгі деңгейіне судың өтуі өте қиын, ал жоғарғысында - су жинақтала алатындығмен түсіндіріледі. Жоғарғы қабат әлі де үш деңгейден қалыптасады - жоғарғы, ортаңғы және төменгі, әрқайсысы өзінің суды өткізу ерекшелігімен сипатталады. Жоғарғы аймақта адам шаруашылықта қолданатын су жинақталады. Ортаңғы аймақта, әдеттегідей минералдық сулар орналасады. Ал төменгі, іс жүзінде су алмасу болмайтын аймақта жер үсті тұздығы деп аталатын көптеген құрауыштар мен элементтер ерітілген су болады.

Жер асты сулары қандай қабатта жатқанына байланысты өз сипаттамасын өзгерте алады. Осыған байланысты жер асты суларының үш түрі белгілі.

  • Бірінші түріжетекшідеп аталады.
  • Бұл - жер үстіне ең жақын орналасқан сулар. Дегенмен жетекші жеткілікті тұрақты емес. Бұл қабаттан құрғақ ауа-райы кезінде су толық кетіп қалуы мүмкін, ал үздіксіз жауы-шашын нәтижесінде қайта пайда бола алады.
  • Екінші атауы - артезиандық сулар. Бұл жер астының су қабаты аумақ рельефіне байланысты.
  • Жетекші сулардан төмен топырақ сулары орналасады. Әдеттегідей, топырақ сулары шеткі, суға берік қабатта болады. Одан төмен ағынды сулар орналасады.

Табиғаттағы су айналымы

Атмосфера үнемі су буымен байып отырады, себебі жер бетіндегі өзендер мен көлдер, мұхиттар мен теңіздер, мұздақтар үнемі буланады. Бірақ атмосферадағы су буының мөлшері тым көбейіп кеткенде, ол асқын қанығуға жетіп конденсацияланып, қайтадан жерге жаңбыр мен кар күйінде қайтып отырады.

Табиғаттағы су айналымының өзгеруі жер бетінін, әр жерінде әр түрлі табиғи апаттарға әкеліп соғады.

Суды тазарту жолдары және су гигиенасы

Суды тазарту жолдары оның қандай заттармен және қаншалықты ластануына қарай жүргізіледі. Ерімейтін қоспалардан тұндыру немесе сүзу арқылы тазартуға болатыны сендерге белгілі. Еріген қоспалардан суды айдау арқылы тазартады.

Ауыз суын табиғи суларды тазарту арқылы алады, ол үлкен қалаларды сумен қамтудың ең басты мәселесі. Ол үшін табиғи суды алдымен тұндырып, содан кейін сүзгіден өткізіп алып, зиянды бактериялардан тазарту үшін хлорлау және озондау өдістері колданылады. Осы үрдістердің барлығы сумен жабдықтау стансаларында арнайы қондырғыларда жүргізіледі.

Мұнан басқа ірі өндіріс орындарының өндірісте қолданған суларын да тазартпай ағын суға жіберуге болмайды, сол үшін қатаң экологиялық шектеу қойылып, үнемі тексеру жүргізіледі. Соңғы кездері суды тазарту үшін ион алмастырғыш шайырлар да кеңінен қолданыла бастады.

Дистильденген су - айдау арқылы тазартылған су, ол кұрамы бойынша жаңбыр суына жақын болады. Дистильденген су арнайы зерттеу жұмыстарында, дәрі-дәрмек өндірісінде және автокөліктердің аккумуляторларына электролиттер дайындауда қолданылады.

Өмір бойына ластанған суға тап болған адам оны ішу үшін суды қандай тәсілмен сүзу керек екендігін ойластыра бастады. Бұдан шығу жолын судың өзі көрсетті. Судың жоғары температура кезінде буға айналу қасиеті бар. Осындай тәсілмен судың құрамында бар көптеген өзге бөлшектерден бөлу шешілді. Бұндай суды тазалау үрдісі дистиляция, ал құралдың өзі дистилятор деп аталды.

Тазартылған су толық сүзілген сұйықтық болып саналады. Бұнда қоспалардың, тұздар мен қатты бөлшектердің ең аз мөлшері ғана бар. Дегенмен тазартылған суда қосымша құрауыштар толық жоқ деп айтуға болмайды.

Судың өзге құрауыштармен тез өзара қарым-қатынасқа түсу қасиеті бар. Ал бұл суды дистиллятор арқылы айдағанда, осы металдар атомы ең кішкентай мөлшерде суға түсуі мүмкін. Дегенмен бұл судың таза болуына кедергі келтірмейді. Су жүз пайыз ешқандай қоспасыз болуы үшін суды деиондайтын арнайы қондырғылар пайдаланылады. Сондай-ақ өте таза суды дистиллятордан бірнеше рет өткізу арқылы да алуға болады. Солайша бидистиллят алынады.

Әдеттегідей, өнеркәсіпке немесе медицинаға алады. Осылай тазартылған су негізінде кейбір дәрілер жасалады. Ал кішкентай электр өткізу қабілетінің арқасында дистиденген су өндірісте таптырмайтын зат. Дистелденген суды адам үшін тұрақты түрде қолдануға қатысты әр жақты пікірлер бар.

Көптеген адамдар дистилденген су адам ағзасы үшін пайдалы емес, өйткені ол пайдалы құрауыштардан толық тазартылған деген пікірде. Дистилденген су ағзадан минералдық құрауыштар мен витаминдерді алып шыққандықтан денсаулыққа зиян келтіретіндігін куәландыру да жүргізілген.

Дегенмен бұл ұйғарымдары даулауға және дистилденген суды қорғауға дайын адамдар да бар. Өйткені дистилденген судың зияндылығы туралы еш жерде ғылыми дәлелденген жоқ. Шындығында да ол өз құрамы бойынша ерекшеленеді, бірақ қарапайым сумен де минерал тапшылығын толықтыру қиын. Ал дистилденген су ең болмағанда ауру қоздырғыш бактериялардан сақтай алады. [4]

Судың физикалық қасиеті

Таза су - түссіз, иіссіз, дәмсіз сұйықтық. Судың қабаты 5 м асқанда көгілдір түсті болып көрінеді.

Қалыпты қысымда 100°С-та қайнайды да, 0°С-да мұзға (р=0, 92 г/см 3 ) айналады, сондықтан мұз су бетінде қалқып жүреді. Сонда оның көлемі 9%-ға артады. Судың беткі қабатыныңмұзбен қапталып жатуы ондағы тіршілік иелерінің қыс мезгілінде де өмір сүруіне жағдай жасайды.

Температурасы 4°С болғанда, тығыздығы 1г/см 3 (судың ерекшелігі) . Судың жылу сыйымдылығы өте жоғары, оны мына мысалмен түсіндірейік. Жаздың аптап ыстық күндерінде су жылуды сіңіріп, өзеннің маңайын салқындатып тұрады, сондықтан адамдар оның жағалауына дем алуға көптеп барады.

Осылайша жиналған жылуды су қыс мезгілінде біртіндеп ауаға береді, сондықтан қатты аязды күндерде өзеннің беті тұманданып тұратынын сендер сан дүркін кердіңдер. Су жер бетінен тараған жылудың 60%-ын ұстап қалып, оны суынудан сақтап тұрады. Табиғи сулар әдетте таза болмайды, онда еритін және ерімейтін заттардың қоспалары болады. Теңіз суында еріген тұздар кептеп кездессе, (3, 5%) ағын және жер асты суларында кальций мен магний тұздары болады, ал жауын мен еріген қар суларында көбінесе шаң мен еріген күйдегі газдар (0 2 , N 2 , С0 2 , S0 2 , т. б) кездеседі.

Су - сутек оксиді, Н 2 О - қалыпты жағдайда сутек пен оттек 1:8 көлемдік қатынаста болатын тұрақты қарапайым химия қосылыс. Табиғатта ең көп таралған, бүкіл гидросфера Судан тұрады, Судың тіршілік үшін маңызы өте зор. Аристотель өз еңбектерінде (біздің заманымыздан IV ғасыр) Суды төрт құбылыстың (от, ауа, топырақ, су) біріне жатқызса, ғалымдар XVIII ғасырдың аяғына дейін Суды жеке элемент ретінде қарастырды.

Суды алғаш ағылшын ғалымы Г. Кавендиш (1731 - 1810) зерттеді (1781 - 1782), ал француз ғалымы А. Лавуазье (1743 - 1794) сутек жанғанда Су түзілетінін дәлелдеп (1783), Ж. Млньемен бірге сандық құрамын анықтады (1785) .

Судың құрамында массасы бойынша 11, 19% сутек, 88, 81% оттек болады; молекуласы 2 атом сутек пен 1 атом оттектен тұрады, молек. м. 18, 0160, иіссіз, дәмсіз, түссіз (терең жері көгілдір) сұйықтық. Құрамында 2Н (дейтрий) бар Су - ауыр су (D 2 O) деп аталады. Ауыр Судың физиқалық қасиеттері өзгешелеу болады. Су С-та қайнайды. °С-та қатып, 100°0

  • 20 °С-тағы тығыздығы 0, 99823 г/см3,
  • 0 °С-тағы тығыздығы 0, 9168 г/см3(мұзда) .

Судың физиқалық қасиеттерінде, балқу жылуында, меншікті жылу сыйымдылығында, тұтқырлығында, жылу өткізгіштігінде ерекшеліктер бар. Мысалы:, мұз жеңіл болғандықтан Суда қалқып өзендер мен көлдердің түбіндегі тіршілік сақталады. Су қалыпты температурада көптеген заттармен әрекеттеседі. Сілтілік және сілтілік-жер металдармен әрекеттескенде гидроксид пен сутек түзеді (2Na+2H 2 O=2NaOH+H 2 ↑) . Су әр түрлі жағдайда бейметалдармен (фтор, хлор, бром, фосфор, көміртек) әрекеттесіп, қышқылдар (HCl, HClO, HPO3, HF, HBr) және оксид (СО) түзеді.

Атмосферада Су бу, тұман, бұлт, тамшы және қар кристалдары түрінде кездеседі. Су оттек, сутек, азот қышқылын, спирт, альдегидтер, сілтілер, т. б. аса маңызды химиялық өнімдерді өндіруде қолданылатын химиялық реагентер. Оның катализатор ретінде маңызы зор. [5] [6]

Химиялық қасиеті

Сутек пен оттектің химиялық қосылысы.

  • Массалық құрамы: Н -11, 19%, О - 88, 81%.
  • Молекулалық массасы 18, 0153. Су планетамыздағы ең көп тараған заттардың бірі; ол үш түрде -бу, су және мұз күйінде ұшырасады; күшті еріткіш.
  • Су айдауыш мұнара- елді мекендерді сумен қамтамасыз ету жүйесіндегі су өтімі (шығыны) мен қысымын реттеп отыруға арналған құрылыс. Ол цилиндр тәрізді етіп арнайы болаттан немесе темір-бетоннан жасалған шаннан және оны көтеріп тұратын тіреуіш құрылымнан тұрады. Мұнараның биіктігі 25-30 м-ге, шанының сыйымдылығы ондаған текшелерге жетеді. Тіреуіш кірпіш не ағаштан жасалады. Шан ішіндегі судың қыста катып қалмауы және ластанбауы үшін ол жылу өткізгіштігі төмен жеңіл материалдармен қапталып, үсті шатырмен жабылады.

Су

Судың сапалық құрамы сутек пен оттектен тұратыны, ал сандық құрамы екі сутек атомы мен бір оттек атомынан тұратындығы мәлім.

Судың айырылуы электр тогының әсерінен жүреді, бұл реакциямен сендер сутекті алу әдісі бойынша таныссыңдар:

2H 2 O→2H 2 ↑+O 2

Күрделі заттың құрамдас бөліктеріне айырылуы - анализ деп аталады.

Су - еріткіш

Су - біршама инертті биологиялық еріткіш сүйықтық, онда кептеген органикалық жөне бейорганикалық заттар ериді, бірақ олардың ерігіштіктері әр түрлі. Қатты заттардың еруін біз қант пен тұзды еріткенде, ал газ күйіндегі заттардың еруін газдалған су ішкенде немесе суды қайнатқанда бөлінген көпіршіктерді байқау арқылы көрсек, сұйық күйіндегі заттардың еруін сірке суын еріткенде байқаймыз. Сонымен суда ерімейтін зат болмайды екен.

Заттардың суда еруі тек физикалық құбылыс қана емес, күрделі физико-химиялық үдеріс, еру барысында еріген заттың молекулалары еріткіштің молекулаларында біркелкі таралып қана қоймайды, олармен химиялық әрекеттесе де алады. Оны күкірт қышқылын еріткенде жылу бөлінетіндіктен, сол сияқты құрғатылған мыс сульфатының ақ түсті кристалдарын еріткенде кегілдір түсті ерітінді түзілгенінен байқауға болады. Кез келген табиғи су ерітінді болып теңіз суында - 260 г /л тұз бар, сондықтан онда тіршілік жоқ, яғни атына сай.

Ерігіштік - берілген температурада еріткіштің (су) 100 немесе 1000 грамында ери алатын зат массасымен және көлемімен анықталатын шама (г/100 г, г/1000 г Н 2 0, моль/л ) .

Ерігіштік заттың табиғатына тәуелді, мысалы: қант ерімтал болса, бор, әк нашар еритін заттар. Газ күйіндегі заттар үшін ерігіштік қысым ментемператураға байланысты. Газдардың ерігіштігі қысым артқан сайын артады, ал температураны арттырғанда кемиді. Қатты заттардың көпшілігі үшін температураны арттырғанда ерігіштігі де артады.

Сұйық күйіндегі заттардың ерігіштігі олардың табиғатына байланысты, мысалы, спирт суда жақсы ерісе, ал бензин нашар ериді. табылады. Мысалы, Каспий тендзінде 13 г / л, Қара теңізде 19 г/л, Өлі Ерітінді деп еріткіш пен еріген заттан тұратын біртекті (гомогенді) жүйені айтады.

Берілген зат еріткіштің белгілі бір мөлшерінде осы температурада әлі де ери алатын болса, ерітінді қанықпаған , ал ери алмаса - қаныққан деп аталады.

Су арқылы тарайтын аурулар


Сусыз тірі ағзаның тіршілігінің болмайтындығын барлығымыз жақсы білеміз. Адам ағзасының суға тәуліктік қажеттілігі 2-2, 5 литр . Ағза тіршілік ету барысында судың белгілі бір мөлшерін пайдалану нәтижесінде жоғалтып, оның орнын толтырып отырады. Жоғалған суды толтыру негізінен ауыз су, сусын, шай т. б. сұйықтықтар арқылы жүреді. Егер пайдаланатын ауыз судың сапасы төмен болса, адам ағзасына әртүрлі ауру қоздырғыштары еніп, аурулар тудырады. Бұл туралы әр адамның білгені жөн.

Алдымен, судың эпидемиологиялық маңызына ерекше тоқталып өткеніміз жөн. Себебі су жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың таралуында басты фактордың бірі болып табылады. ДДҰ сарапшыларының мәліметі бойынша әлемдегі барлық аурулардың 80% ауыз су сапасының нашарлығымен және сумен қамтамасыз етудің санитарлық нормаларының бұзылуымен тікелей байланысты екен. Бүкіләлемде жасалып жатқан шараларға қарамастан, жұқпалы аурулардың су арқылы таралуы жоғары деңгейде қалып отыр. Безгекпен ауырған адамдар саны - 800 млн, трахомамен ауырғандар - 500млн, гастроэнтериттермен ауырғандар - 400 млн. адамды құрайды. Ал жыл сайын гастроэнтериттерден 4 млн. бала мен 18 млн. ересек адам қаза болады. Жалпы алғанда суға байланысты туындаған аурулардан 2 млрд. адам зардап шегеді. Аса қауіпті жағдай ауылдық елді-мекендерде қалыптасып отыр, себебі олардың 1/3 ғана қауіпсіз сумен қамтамасыз ету жүйесіне қосылып, 13% ғана канализациямен (кәріз) қамтылған.
Су арқылы берілетін аурулар көп, оларды бірнеше топтарға бөлуге болады: табиғаты бактериалды ішек жұқпалы аурулары, вирусты аурулар, лептоспироз, бактериалды зоонозды жұқпалы аурулар, протозойлы инвазиялар, глисті инвазиялар.

Табиғаты бактериалды ішек жұқпалы ауруларына тырысқақ, іш сүзегі, А және Б паратифтер, дизентерия, әртүрлі энтериттер мен энтероколиттер жатады. Бұл аурулардың дамуының басты себептері: ұйымдастырылмаған суды тұтыну, жеткіліксіз су мөлшері, олардың дамуына қоршаған ортада қолайлы жағдайдың болуы, суды алу және суды тазарту қондырғыларында, су құбырларында техникалық ақаулардың болуы, қарапайым жеке бас гигиенасын сақтамау. Осы топ ауруларының ішіндегі ең қауіптісі тырысқақ. Бұл ауру тұтас бір елдерді, тіпті материкті қамти алады. Тырысқақ клиникалық кезеңі ауыр және пандемиялық таралу тенденциясы тән болғандықтан аса қауіптіь жұқпалы аурулар қатарына жатқызылады. Жоғары аурушаңдық пен қаза көрсеткіші іш сүзегі мен А және Б паратифтен де болады. Аурудың қоздырғыштары сальмонеллалар. Таза суда сүзек қоздырғыштары 1, 5 жыл сақталады, су құбырындағы суда 3 айға дейін, ашық су көздерінде 12 күнге дейін тіршілік ете алады. Сүзекпен көп жағдайда ластанған арық, тоған, құдық, су қоймасының суларын пайдаланғанда ауырады. Сумен берілетін аурудың бірі дизентерия. Дизентерия жедел ішек жұқпалы ауруы, оның қоздырғышы шигелла туысты микроағзалары, ол тоқ ішектің зақымдануымен және ағзаның жалпы улануымен сипатталады. Бүгінгі таңда ДДҰ мәліметі бойынша бұл аурумен көптеген елдерде 150 000 аса адам ауырады. Сумен берілетін аурудың бірі колиэнтериттер, олар энтеропатогенді ішек таяқшаларынан туындайды. Бұл аурурлармен негізінен мекемелерде жеке бас гигиенасын дұрыс сақтамау салдарынан жас балалар ауырады.
Су арқылы берілетін вирустық ауруларға жұқпалы гепатит, полимиелит, аденовирусты және энтеровирусты жұқпалы аурулар жатады. Жұқпалы гепатиттің қоздырғышы А типті вирус, ол бауырды ауыр түрде зақымдап, ағзаның жалпы улануын тудырады. Бұл аурулар суға канализацияның (кәріз) іркінді суының түсуінен болады. Полиомиелит вирусының да су арқылы жұғу мүмкіндігін қазіргі кездегі жиналған деректер көрсетіп отыр. Бұл вирус өзінің вируленттілігін су құбырларында 100 күнге дейін сақтай алады. Коксаки вирусы да ағынды суларда өзінің өмір сүру қабілетін ұзақ уақыт сақтайды. Вирус 18-200С температурада 230 күнге дейін, ал 4-60С температурада 2 жылдан астам уақытқа дейін инфекциялық қасиетін жоғалтпайды. Аденовирустар бірінші рет 1953 жылы анықталған, негізінен ауа - тамшы жолымен жұғады. Бұл жұқпалы аурудың су арқылы берілуі мүмкін деген де мәліметтер бар. Бірінші кезекте бұл эпидемиялық кератоконьюктивитке және байланысты. Вирус адам ағзасына көздің шырышты қабықшасы және ауыз арқылы енеді.
Лептоспироз аурудың қоздырғышын тасымалдаушы кеміргіштер, кейде ірі қара малдар мен шошқа болып саналады. Қоздырғыштың суда өмір сүруіне оның температурасы әсер етеді, яғни, ауру жаз айларында көбірек кездеседі. Қоздырғыштар адам ағзасына асқазан ішек жолы, шомылу кезінде ауыз, ерін, мұрынның шырышты қабықшасы, зақымданған тері арқылы енеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғи суларды микробиологиялық жолмен өңдеу технологиясы ( Қопа мысалында )
Тұщы судың қасиеттері мен экологиялық жағдайы
Судың санитариялық-гигиеналық маңызы
Қызылорда облысы, Сырдария ауданындағы Арыс көлі
Сулы орта
Ауыз судың нормалық стандарты
Организм мен клетканың тіршілігіндегі судың маңызы
Көлдер мен бөгендер
Ауыз су және оның сапасы
Көкшетау қаласының сарқынды суын тазарту үшін биологиялық тазарту ғимараттарын жетілдіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz