Парақорлықтағы делдалдық


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 2
І бөлім. Парақорлықтағы делдалдықтың қылмысты-құқықтық сипаттамасы . . . 5
1. 1. Парақорлықтағы делдалдық ұғымы туралы түсінік, оның объекті мен объектілік жағы . . . 7
1. 2. Қылмыстың субъекті және оның субъектілік жағы . . . 30
1. 3. Пара алудың және парақорлықтағы делдалдықтың болған орны, уақыты және сол кездегі қалып-жағдай . . . 41
1. 4. Парақорлықтағы делдалдықты таптастырудың қиындықтары . . . 52
ІІ бөлім. Парақорлықпен күресудің қылмыстық сипаттамасы мен әдіс-тәсілдері . . . 55
2. 1. Парақорлық пен парақорлықтағы делдалдықтың қылмыстық сипаттамасы . . . 56
2. 2. Парақорлықта делдалдықты айқындау әдістері мен тергеу жұмыстары . . . 60
2. 3. Парақорлықта делдалдықты айқындаудың негізгі қиындықтары мен тергеу жұмыстары . . . 91
Қорытынды . . . 97
Қолданылған әдебиет . . . 100
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қылмыстық жолмен табылған ақшаның «ағызылуына» және соның көмегімен қылмыстың орын алуына қарсы күресудің ұйымдастырылуы мемлекет тарапынан қолданылатын шараларының құрамдық бөлігі болып, көп уақыттан бері Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлықпен күресу мемлекеттік саясаты кешенді сипатта болып, сол қаражаттың заңдастырылуына жол бермеуге бағытталған.
Жемқорлықпен тек қана құқық және арнайы органдардың көмегімен күресу - бұл әлеуметтік қиянаттың себептерімен емес, оның салдарымен күресу деген сөз. Сондықтан да Қазақстандық ерекшеліктер мен дүниежүзілік қауымдастықтың біріге жинаған тәжірибесі мемлекеттің жемқорлықпен күресуімен бірге қоғамдық қарым-қатынастың әлеуметтік, саяси, экономикалық құқықтық сияқты салалардың орасан кең жақтарын шешуге бағытталған.
«Жемқорлықпен күресу туралы »Заңның қабылдануы жемқорлықпен күресуді ұйымдастыру барысында ең маңызды кезеңдердің бірі болды. Жемқорлықпен күресудің қазіргі заманға сай мемлекет саясаты жемқорлыққа қарсы тұрудың, үкімет және қоғамның барлық институттарының күштерін бақылауға алып, бірегей механизмін қолдану мақсатында жүргізіліп жатыр. Бұл саясат Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму Стратегиясының талаптарына сай келіп, қоғамның криминалистіленуіне қарсы және қоғамның бірігуімен Саясат аралық тұрақтылық және жемқорлықпен күресу мәселелері бойынша мен «Кәсіби Үкімет» деген оның ең басты артышылықтарының біріне бағытталып отыр.
Мемлекеттің жемқорлықпен күресу саясатының ең басты мақсаты -жемқорлықтың жалпы мемлекеттік сипаттағы күреске, жемқорлыққа себеп болатын және оынмен қатар жүретін проблемаларды кешенді шешілуін қамтамасыз етіп, оның шынайы әлеуметтік-экономикалық тамырын айқындап, құқықты бұзбай өмір сүруді, демократиялық және құқықтық мемлекеттің жемқорлықпен күресу жорамалдарына қайшы келетіндігін насихаттап, теңдестірілуінде.
Парақорлық барлық мемлекеттерде демесек те, көптеген мемлекеттердің үкіметтік аппаратын тотық сияқты кеңінен жайылып, жоюға себеп болып отыр. Шенеуніктердің жемқорланған әрекеттерімен халықаралық деңгейде де күрес жүргізіліп жатыр. Құқықтың сақталуын қадағалап отыратын лауазымды қызметкерлердің тәртіптері Кодексінде (БҰҰ Ассамблеясында 1979 жылдың 17 желтоқсанында қабылданған) былай делінген: « . . . жемқорлық деген түсінік ұлттық құқыққа сәйкес анықталуы керек болса да, оны қызмет бабындағы тұлғалардың қандай да бір әрекетті жасауы немесе жасамауын қамтитынын немесе осы міндеттеріне байланысты талап етілетін әлде алынған сыйлықтар, бір нәрсе беремін дейтін сөздер немесе ынталандыру әрекеттері, әлде олардың әрқашан да заңсыз алынуы және ең соңында, осы әрекеттердің болуы не болмауы».
Осы түсінікке сәйкес Қазақстанның қылмыс құқығында парақорлықтың анықтамасы берілген. Парақорлық дегеніміз - лауазымды адамның пара берушінің немесе оның өкілдері болатын тұлғалардың мүдделерін ескере отырып, әрекеттер жасауға сөз беру (әлде еш әрекет жасамау) үшін алынатын материалды сипаттағы сыйлықтар, сонымен қатар, осындай әрекеттер сол лауазымды тұлғаның атқаратын қызметіне кіретін болса, яғни қызмет бабы бойынша жалған жасыру немесе немқойлы қарау.
Сырттай парақорлық сыйлық беру келісіміне ұқсайды, дегенмен де, ол мүлде басқаша сипатта болады, әлде ол заңсыз мердігерлік келісіміне де ұқсайды, ол кезде қызметтің тапсырушысы- пара беруші де, алд мердігері - пара алушы болып табылады.
Сыйға беру келісім шартының азаматтық заңнамасында былай деп жазылған: « . . . сыйға беру шарты бойынша бірінші тарап (сыйға беруші) екінші тарапқа (сый алушыға) ешқандай ақысыз меншігіне немесе (талап) өзіне не үшінші тарапқа меншіктік құқық береді немесе босатады әлде өз адында ол тұлғаны мүліктік міндетінен босататыны туралы келісім міндеттемеден босату туралы айтылған. Ал егер де заттың немесе құқықтың келісім міндеттемелері бар болса, онда сыйға беру шарты жарамсыз деп саналады».
Парақорлық әрқашан да көрсеткен немесе алдағы уақытта көрсетілетін қызмет үшін төленетін ақы болғандықтан, сыйға беру келісім-шартын реттейтін қағидалар, демек, мемлекеттік қызметкерлерге сыйлық беру туралы айтылғандай, пара берді дегенге теңдестіріле алмайды.
Мұндай сипаттағы қылмыстық әрекеттердің кең таралуы, олардың жасырындылығы парақорлық тақырыбының проблемаларын зерттеудің өзектілігін дәлелдейді.
Зерттеудің қиыншылықтары. Парақорлықты және делдалдықты тергеу құқық органдары үшін өте маңызды проблема болып тұр. Сыбайлас жемқорлыққа және парақорлыққа қарсы тұру деңгейінің төмен болуы, ең алдымен, мемлекет қызметіне алынуды тексерудің төмен деңгейде болуымен, мемлекет тарапынан лауазымды қызметкерлердің қаражат көздерін бақылаудың тиісті дәрежеде болмауымен, сонымен қатар, осыларға сәйкес қылмыстық-құқықтық шаралардың жеткілікті болмауында. Сонымен қатар, жемқорлықпен күресуде тиісті шараларды тағайындау барысында басқа да объективті және субъективті себептерді ескеру де жөн. Объективті себептердің арасында аталған қылмысты айқындаудың өз табиғаты бойынша қиын екендігін атап өту керек.
Жемқорлық әрекеттері, ең алдымен, пара алу екітарапты қылмыстарға жатады, себебі бұл қылмыста не айыпталушы да, не осы іс бойынша шындықтың айқындалуына мүдделі де, не айыпкерлерді жазалауға дейін мүдделі тараптың жоқ болуында. Керісінше, екі жақ та, солармен қатар делдал да - бұл қылмысты құқық орган қызметкерлерінен ғана емес, бүкіл айналасындағы жұрттан да жасыруға тырысады. Осы айтылғандар жемқорлықтың жоғары дәрежеде жасырын болуына себеп. Ресми статистикада бұл қылмыстың айқындалған мөлшерінің соншалықты төмен болуы Қазақстанда жемқорлықтың әлеуметтік құбылыс бар деп қорытындылауға да болмайды.
Ұсынылып отырған жұмыстың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы құқық органдары, криминологиялық және криминалистикалық ілімдердің жасақтаған парақорлықты және парақорлық делдалдығын тергеу әдістерін зерттеу болып табылады.
Зерттеудің объектісі - құқық органдарының парақорлық және парақорлықтағы делдалдақтың болуын тергеумен байланысты қоғамдық қарым-қатынастар.
Зерттеудің мәні, жүргізілу шеңбері мен шектелулері - парақорлық пен сыбайлас жемқорлықтың. әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылуы, олармен күрестің құқық органдарының шеңберінде жүргізілетіндігінде(жасалған қылмыстарды тергеу жолдарымен) .
Ұсынылып отырған жұмыстың мақсаттары төменде көрсетілгендердің өзара қатынасы мен кешенді талдаудан тұрады:
- парақорлықты тергеудің негізгі проблемаларының;
- парақорлық субъектінің сипаттамасының;
- пара берушінің, пара алушның және олардың арасындағы көмекшінің қылмыстық әрекеттерді жасауының әдістерінің;
- пара алудың болған орны және мезгілінің;
- парақорлық мәнінің;
- парақорлық субъектілерінің психологиялық әрекеттерінің (себебі мен мақсаты) ;
- парақорлықтың болған орнының;
- парақорлықтың криминалдық белгілерінің;
- парақорлықтағы делдалдың әрекеттерін айқындаудың әдістемелері;
- парақорлық туралы қылмыстық істердің қозғалуының ерекшеліктері;
- парақорлық туралы істердің қозғалуына қарасатын жағдайлардың;
- тергеудің алғашқы кезеңдерінің ұйымдастырылуы;
- парақорлық туралы шағымданушыдан жауап алудың тактикасы;
- пара алуда делдал ретінде күдіктіден (айыпкерден) жауап алудың тәсілдік ерекшеліктері;
- куәгерлерден жауап алудың тәсілі;
- тіміскілеу шарасын жүргізудің тәсілі;
- құжаттармен жұмыс істеудің.
- бөлім. Парақорлық делдалдығының қылмысты-құқықтық сипаттамасы. Парақорлық делдалдығы туралы түсінік, объекті және объектілік жағы.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz