“Алматы-1 сұрыптау стансасы жұмысының технологиясын талдау және жіктеу”



Реферат
Кіріспе...
1 Сұрыптау стансасының жалпы сипаттамасы.
1.1 Алматы . 1 сұрыптау станcасының техникалық.пайдалану сипаттамасы..
1.2 Алматы . 1 сұрыптау стансасының пайдалану сипаттамасы ...
2 Станса жолдары мен парктерiнiң мамандандырылуы
2.1 Қабылдап.жөнелту паркiнiң жолдарының мамандандырылуы
2.2 Сұрыптау паркiнiң жолдарының мамандандырылуы ..
2.3 Қайта өңдеуге келген вагондармен жұмыс істеу технологиясы
2.4 Құрамдарды тарқату және құрастыру технологиясы ... ... ... ... .
2.5 Пойыздарды құрастыру және тарқату технологиясы
2.6 Жергілікті жұмысты ұйымдастыру
2.7 Жүк пойызының салмағы мен ұзындығын есептеу.
2.8 Тиелген пойыздың құрамындағы тиелген вагондардың санын анықтау ...
2.9 Транзиттiк пойыздарды стансада өңдеу технологиясы ... ... ... .
2.10 Тарқатылуға келген пойыздарды өңдеу технологиясы ... ... ... ..
2.11 Тасымалдау үрдістің оңтайлы варианттарын және сұрыптау стансалардың инфраструктура құжаттарын таңдау әдістемесі
3 Алматы.1 стансасының тәуліктік жоспар.кестесі.
3.1 Тәуліктік жоспар.кесте бойынша вагондардың бос тұруын есептеудің негізгі ережелері
3.2 Стансасының тәулiктiк жоспар графигiнiң көрсеткiштерi ... ...
3.3 Құрамдарды дөңестен тарқату
3.4 Сұрыптау паркiнде вагондарды өңдеудi ұйымдастыру.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..
Тасымалдау үрдісі – жолаушыларды тасымалдау мен оларға қызмет көрсету, вагондарды тиеп-түсiру, жүк фронтына беру мен әкету, олардан пойыздар құрастыру, пойыз қозғалысы операцияларынан тұрады.
Тасымалдау үрдісінің негiзiне келесi принциптер көзделген:
• қауiпсiз тасымалдау мен жүктердiң сақтығы;
• барлық жол тараптарында жаңа ғылыми техника ендiру мен олардың нақты қарым-қатынастары;
• жолаушыларға жоғарғы дәрежеде қызмет көрсету;
• техникалық жабдықтардың техникалық және экономикалық қажеттiгiн арттыру;
• басқа көлiк түрлерiмен келiсе жұмыс iстеу.
ТЖ тасымалдаулар Қауiпсiз қозғалыс қатаң сақтай отырып, дереу жеткiзу және экономикалық тұрғыда тиiмдi ету негiзiнде атқарылуы тиiс.
Басқару жүйесi – техникалық нормалау; тасымалдауды ұзақ уақытты және жедел жоспарлау мен жетекшiлiк ету; ендiрiген техник.процесстердің, ПҚЖ мен ПЖГ-нiң орындалу мен ЖҚ-мен тұрақты жабдықтарының пайдалану көсеткiштерiн арттыру және ТЖ барлық құрамының жоғарғы өнiмдi жұмыс атқаруын қадағалап, қамтиды.
Вагонағындарын ұйымы ПҚЖ арқылы орындалады, ол әр стансадан құрастырылатын пойыздары санын есептейдi.
Қазақстанда темiр жол магистралының жалпы ұзындығы 13 597,1 км. Қазақстан Республикасында темiр жол қарамағында 77 029 жүк вагондары, 2 094 жолаушылар вагоны және 1 913 локомотив тiркелген.
Темiржол торабында жүк тасымалын iске асыратын 721 станса жұмыс iстейдi. Бұл стансаларда тиелген вагондар, көптеген бiрнеше бағыттағы жүк түсiру стансаларына бағыт түзейдi
1. Кобдиков М.А., Әсілбеков А.Т., Қарсыбаев Е.Е., Сарбаев С.Ш. Теміржол стансалары мен тораптарын жобалау. – Алматы: 2006.
2. Кобдиков М.А., Бекжанов З.С. Тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару. – Алматы: 2006.
3. Кобдиков М.А., Намазбаева Г.Н. Вопросы развития рыночных форм в отношениях с потребителями услуг железнодорожного транспорта. – Алматы: Гылым, 1998.
4. Кобдиков М.А., Мустапаева А.Д. Работа в автоматизированной системе оперативного управления перевозочным процессом. – Алматы: КазАТК, 1998.
5. Кобдиков М.А. Оптимизация диспетчерского управления поездной и грузовой работой на основе автоматизации перевозочного процесса. – Алматы: Гылым, 1999.
6. Кобдиков М.А., Изтелеуова М.С., Бейсембаев Н.И. Пути совершенствования перевозочным процессом на железнодорожном транспорте Республики Казахстан. – Алматы: 2005.
7. Министерство путей сообщения СССР. Типовой технологический процесс работы сортировочной станции. – М.: Транспорт, 1988.
8. Нуржумаев О.Н., Ташев А.А., Тусупова С.А. Математические модели. – Алматы: 2006.
9. Бекжанов З.С., Богданович С.В., Асанов Ф.Д. Организация работы сортировочной станции, учебное пособие. – Алматы: 2002.
10. Бекжанов З.С. Теміржолтану негіздері. – Алматы: 1995.
11. Кобдиков М.А., Жүнісбеков П.Ж., Гирш О.Л. Тасымалдауды ұйымдастыру мен қозғалысты басқару. – Алматы: 2007.
12. Грунтова П.С. Управление эксплуатационной работой и качеством перевозок на железнодорожном транспорте. – М.: Транспорт, 1994.
13. Дмитриев Н.У. Типовой технологический процесс работы сортировочной станции. – М.: Транспорт, 1983.
14. Кочнев Ф.П., Сотников И.Б. Управление эксплуатационной работой железных дорог. – М.: Транспорт, 1990.
15. Сотников Е.А. Эксплуатационная работа железных дорог. – М.: Транспорт, 1986.
16. Акулиничев В.М., Кудрявцев В.А., Корешков А.Н. Математические методы в эксплуатации железных дорог. – М.: Транспорт, 1981.
17. Каплан А.Б., Майданов А.Д. Математическое моделирование экономических процессов на железнодорожном транспорте. – М.: Транспорт, 1984.
18. Клейнрок Л. Теория массового обслуживания. – М.: 1979.
19. Гнеденко Б.В., Коваленко И.Н. Введение в теорию массового обслуживания. – М.: 1987.
20. Чепрасов В.П. Элементы теории массового обслуживания. – М.: 1985.

Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім жӘне ғылым министрлігі

АҚ М. Тынышпаев атындағы Қазақ кӨлік жӘне Коммуникациялар академиясы

Қорғауға жіберілді

“ТҰ” каф. меңгерушісі
_____________ Көбдіков М.А.
“_____”_______________ 2008 ж.

“Тасымалдауды ұйымдастыру”

кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБАСЫ

Тақырыбы:

Диплом қорғ. ________________________
Жетекші ________________________
Бақылау мөлшері _______________________

Алматы 2008 ж.
Мазмұны

Реферат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4
1 Сұрыптау стансасының жалпы 6
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Алматы - 1 сұрыптау станcасының техникалық-пайдалану
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
... ... ... ... ... ... ... ... .. .
1.2 Алматы - 1 сұрыптау стансасының пайдалану сипаттамасы ... 14
2 Станса жолдары мен парктерiнiң 16
мамандандырылуы ... ... ... ...
2.1 Қабылдап-жөнелту паркiнiң жолдарының мамандандырылуы
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .16
... ... ... .
2.2 Сұрыптау паркiнiң жолдарының мамандандырылуы 19
... ... ... ...
2.3 Қайта өңдеуге келген вагондармен жұмыс істеу технологиясы
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .22
... ... ... ... ... .
2.4 Құрамдарды тарқату және құрастыру 23
технологиясы ... ... ... ... .
2.5 Пойыздарды құрастыру және тарқату технологиясы 25
... ... ... ...
2.6 Жергілікті жұмысты 27
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.7 Жүк пойызының салмағы мен ұзындығын 30
есептеу ... ... ... ... ...
2.8 Тиелген пойыздың құрамындағы тиелген вагондардың санын
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .
2.9 Транзиттiк пойыздарды стансада өңдеу 36
технологиясы ... ... ... .
2.10 Тарқатылуға келген пойыздарды өңдеу 41
технологиясы ... ... ... ..
2.11 Тасымалдау үрдістің оңтайлы варианттарын және сұрыптау
стансалардың инфраструктура құжаттарын таңдау әдістемесі 42
3 Алматы-1 стансасының тәуліктік 51
жоспар-кестесі ... ... ... ... ... .
3.1 Тәуліктік жоспар-кесте бойынша вагондардың бос тұруын
есептеудің негізгі ережелері 50
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..
3.2 Стансасының тәулiктiк жоспар графигiнiң 53
көрсеткiштерi ... ...
3.3 Құрамдарды дөңестен тарқату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 59
3.4 Сұрыптау паркiнде вагондарды өңдеудi 64
ұйымдастыру ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 72
Пайдаланылған әдебиеттер 74
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .





Реферат

Дипломдық жұмыс 3 бөлімнен, 3 суреттен, 7 кестеден, барлығы 75беттен
тұрады.
Дипломдық жұмыс сұрыптау стансасының жұмысын талдау арқылы оны
жетілдіру жолдарын анықтап, стансаның жұмыс көрсеткіштерін жақсарту
шараларын жасауға арналған.Жұмыста бір системалы жұмыс көлемі үлкен
технологиясын қарастыруға көзделген.
Бірінші бөлімде Алматы-1 сұрыптау стансасының техникалық-пайдалану
ережелеріне сәйкес қарастырылды.
Екінші бөлімде станса жолдары мен парктерінің мамандандырылуы,соның
ішінде қабылдап – жөнелту паркінің жолдарының мамандандырылуы, сұрыптау
паркінің жолдарының мамандандырылуы, қайта өңдеуге келген вагондармен жұмыс
істеу технологиясы, құрамдарды тарқату және құрастыру технологиясы,
жасақталған құрамдарды жөнелтуге дайындау, пойыздарды құрастыру және
тарқату технлологиясы, жергілікті жұмысты ұйымдастыру, жергілікті жұмысқа
оперативтік жетекшілік, жергілікті жұмысты жедел жоспарлау,біріктірілген
пойыз құрамындағы вагондар санын анықтау, тиелген пойыздардың ұзыныдығын
анықтау, стансадағы қабылдап- жөнелту жолдарының пайдалы ұзындықтарын
анықтау, транзиттік пойыздарды стансада өңдеу технологиясы, тарқатылуға
келген пойыздарды өңдеу технологиясы, тасымалдау үрдісінің оңтайлы
варианттарын және сұрыптау стансалардың инфраструктура құжаттарын таңдау
әдістемесі жұмыстарын ұйымдастыру жайлы мәселелері толығымен анықталып,
қарастырылған.
Үшінші бөлімде стансаның – тәуліктік жоспар графигінің көрсеткіштері
көрсетілді,құрамдарды дөңестен тарқатуға кеткен уақыт есептеліп, толық
нәтижеге жеткізілді.Сұрыптау паркінде вагондарды өңдеуді ұйымдастыру
есептеліп,көрсетілді.

Кіріспе

Тасымалдау үрдісі – жолаушыларды тасымалдау мен оларға қызмет
көрсету, вагондарды тиеп-түсiру, жүк фронтына беру мен әкету, олардан
пойыздар құрастыру, пойыз қозғалысы операцияларынан тұрады.
Тасымалдау үрдісінің негiзiне келесi принциптер көзделген:
• қауiпсiз тасымалдау мен жүктердiң сақтығы;
• барлық жол тараптарында жаңа ғылыми техника ендiру мен олардың нақты
қарым-қатынастары;
• жолаушыларға жоғарғы дәрежеде қызмет көрсету;
• техникалық жабдықтардың техникалық және экономикалық қажеттiгiн
арттыру;
• басқа көлiк түрлерiмен келiсе жұмыс iстеу.
ТЖ тасымалдаулар Қауiпсiз қозғалыс қатаң сақтай отырып, дереу
жеткiзу және экономикалық тұрғыда тиiмдi ету негiзiнде атқарылуы тиiс.
Басқару жүйесi – техникалық нормалау; тасымалдауды ұзақ уақытты және
жедел жоспарлау мен жетекшiлiк ету; ендiрiген техник.процесстердің, ПҚЖ мен
ПЖГ-нiң орындалу мен ЖҚ-мен тұрақты жабдықтарының пайдалану көсеткiштерiн
арттыру және ТЖ барлық құрамының жоғарғы өнiмдi жұмыс атқаруын қадағалап,
қамтиды.

Вагонағындарын ұйымы ПҚЖ арқылы орындалады, ол әр стансадан
құрастырылатын пойыздары санын есептейдi.

Қазақстанда темiр жол магистралының жалпы ұзындығы 13 597,1 км.
Қазақстан Республикасында темiр жол қарамағында 77 029 жүк вагондары, 2 094
жолаушылар вагоны және 1 913 локомотив тiркелген.
Темiржол торабында жүк тасымалын iске асыратын 721 станса жұмыс
iстейдi. Бұл стансаларда тиелген вагондар, көптеген бiрнеше бағыттағы жүк
түсiру стансаларына бағыт түзейдi
Станса – жол тарамы бар және онда пойыздарды қабылдау, жөнелту,
тоқтаусыз өткiзу, пойыздарды айыру мен басып-озу, жүктердi тасымалдауға
қабылдау, сақтау және жүк қабылдаушыға жеткiзу, жолаушыларға қызмет ету
операцияларын атқаратын, ал егер маневрлық жұмыстары жасау мүмкiндiгiн
тудыратын жол құрылғылары бар айырым бекетiн айтамыз.
Сұрыптау стансалары бағыттарға байланысты вагондарды iрiктеу және
вагондар легiнен алыс маршрутты пойыздарды құрастыру үшiн арналған.
Сұрыптау стансалары негiзiнен вагонағым көлемдерi өрiстейтiн және
бәсеңдейтiн аумақтарда, iрi өнеркәсiп орталықтарында, порттарда, iрi темiр
жол тораптарында орналасады. Вагонағындар легiн реттеу тәртiбiне
байланысы негiзгi , аймақтық және қосымша болып бөлiнедi.
Қазiргi таңдағы нарықтық экономика темiр жол көлiгiне үлкен мәселелер
қояды. Соның iшiнде сұрыптау стансасына: оның жұмысының технико-
экономикалық көрсеткiштерiнiң жүйесiн жетiлдiрудi талап етедi. Алдымен
келесi факторлар ескерiлуi тиiс:
➢ Жылжымалы құрамдардың өнiмдiлiгi, жүрiсiн және бос аялдауын қысқарту;
➢ Жергiлiктi вагондарды өңдеудi жетiлдiру мен топталған пойыздарды құруды
ұлғайту;
➢ Технологиялық процесiн жетiлдiру (жетлдiрiлген технологиялар ендiру)
пайдалану шығындарын қысқарту; вагондарды өңдеу өзiндiк құнын азайту;
➢ Пойыздар жүрiс графигi мен пойыздарды құрасытру жоспарын жетiлдiру;
➢ Ұзын және қосарланған пойыздарға көрсетiлетiн қызметтердi кеңейту.

1 Сұрыптау стансасының жалпы сипаттамасы

Сұрыптау стансасы дегеніміз – жүк пойыздарын жаппай сұрыптап,
құрастыратын стансаны айтады. Мұнда әр бағыттан жиналған транзитті және
жергілікті вагондардан жолдағы стансаларда қайта өңделмей алыс қашықтыққа
баратын пойыздар құрастырылады. Әдетте, сұрыптау стансалары вагон ағындары
жаппай пайда болатын және таратылатын аудандарда, ірі теміржол тораптары
мен өнеркәсіп аудандарында орналасады. Жүк тиеу-түсіру және жолаушыларға
қызмет көрсету операциялары шағын көлемде орындалады, өйткені сұрыптау
стансалары көбіне жүк және жолаушылар стансалары бар тораптарда орналасады.
Бұл стансада транзит пойызды өңдеу, вагонды жөндеу, локомотивті жабдықтау,
мал тиеген пойызды сумен қамтамасыз ету, контейнерлер мен ұсақ жүктерді
сұрыптау жұмысы орындалады. Одан басқа сұрыптау стансасында негізгі мынадай
жұмыстар белгіленеді:
- телімдік, құрама және басқа пойыздарды қабылдау, қайта құру,
жөнелту, өткізу, пойыз бағыттарын өзгерту;
- пойыз локомотивтерін ауыстыру, локомотив бригадасын ауыстыру, пойыз
локомотивтерін жабдықтаумен қамтамасыз ету;
- жүктерді вагонға тиеу, вагоннан түсіру және жүк иесінен қабылдау,
жүктерді жүк иесіне беру жұмыстары;
- рефрижераторлық пойыздарды жабдықтаумен қамтамасыз ету;
- жолаушы пойыздарын сумен, отынмен және басқа да керек жарақтармен
қамтамасыз ету;
- пойыз локомотивтерін, вагондарды жөндеу;
- тасымалдауға қажетті басқа да техникалық, коммерциялық
операцияларды орындау.
Сұрыптау стансаларында пойыздармен және басқа жылжымалармен жоғарыда
аталған операцияларды орындау үшін мынадай сұрыптау құрылыстары болуы
керек:
- пойыздарды қабылдайтын, жөнелтетін және сұрыптау жұмыстарын
орындайтын парктер;
- пойыз локомотивтерін жөндейтін локомотив депосы;
- жолаушылар тасымалдау жұмысын атқаратын жолаушылар ғимараты;
- жүк тиеу-түсіру жұмысын атқаратын жүк құрылысы және басқа
жұмыстарды орындау үшін құрылыстар;
- пойыздарды тарқату-құрастыру үшін, вагондарды сұрыптау-топтастыру
үшін т.б. сұрыптауға байланысты жұмыстарды орындау үшін стансада
тартым жолдар, сұрыптау дөңесі болуы керек.
Сұрыптау стансаларында пойыздарды құрастыру бағыт жоспары бойынша
мынадай жұмыстар атқарылады:
- келген пойыздардың құрамдарын таратады, вагондарды сұрыптайды;
- келген вагондардан және жергілікті вагондардан бағыттарға
жөнелтілетін пойыздарды құрастыру;
- өндіріс қосымша жолдарына беретін вагондарды топтастырады, олардан
келген вагондарды тарату;
- өндіріс жолдарынан келген топ вагондарды қабылдау;
- транзит пойыздарының бағытын өзгертпей, не тек қана бағытын
өзгертіп өткізу жұмыстары орындалады.
Сұрыптау стансалары келесідей жіктеледі:
1. Маневр жасау әдісіне қарай - дөңесті және дөңессіз сұрыптау стансалары;
2. Сұрыптау жүйесінің санына қарай – жұп және тақ бағыттағы
вагондарды өңдеуге арналған - бір бағытты сұрыптау стансасы және әр
бағытқа маманданған - екі бағытты сұрыптау стансалары;
Екі бағытты стансаның екі сұрыптау жүйесі бар. Оның әрқайсысы өзіне
тиісті бағыттағы вагондарды құрастырады. Бір бағытты стансаның сұрыптау
паркінде екі бағыттың вагондары құрастырылады. Бір бағытты станса ішінде
барлық тоғысатын бағыттардың пойыздарына арналған ортақ бір қабылдау паркі
және ортақ бір жөнелту паркі, сұрыптау дөңесі бар станса ең прогресті болып
саналады. Бұл жерде вагондарды техникалық тексеруден өткізіп, жөндейді,
локомотивтерді алмастырады. Қайта құрастыруға келген тақ және жұп нөмірлі
жүк пойыздары қабылдау паркіне қабылданады. Осында локомотивтерді ағытып,
депоға жібереді, құрамды сұрыптауға дайындау операцияларын жасайды және
оларды сұрыптау дөңесіне шығарады.
3. Қабылдау паркі, сұрыптау паркі және жөнелту паркінің өзара
орналасуына қарай – барлық парктері параллель орналасқан сұрыптау
станциясы; бірізді – парктерінің барлығы бірінен кейін бірі орналасқан
сұрыптау стансасы; қиысымды – егер бір паркі – қабылдау немесе жөнелту
паркі сұрыптау паркімен бірізді, ал екіншісі оған параллель орналасқан
сұрыптау стансасы;
4. Басты жолдарының орналасуына қарай – айналымды және біржақты
сұрыптау стансасы.
Сұрыптау стансасы орындайтын жұмыстарына қарай үш дәрәжеге бөлінеді:
1) Жалпылама қолданылатын сұрыптау стансасы – онда өңдеу жұмысын
орындағанда құрамдарды келесі сұрыптау стансаларына дейін арнап топтайды;
2) Өндіріс сұрыптау стансасы – пойызды жалпылама теміржолдан қабылдап,
оларды таратып, өндіріс аудандарына арнап топтастырады, құрайтын және
жөнелтетін пойыздарды, құрамдарды жақын сұрыптау стансасына дейін баратын
етіп құрайды;
3) Біріккен сұрыптау стансасы – жалпылама қолданатын және өндіріс
сұрыптау стансаларының жұмысын атқарады.
Сұрыптау стансасы сұрыптау жұмысының көлеміне қарай төртке бөлінеді:
1. Кіші мөлшерлі сұрыптау стансада – сұрыптау жұмысының көлемі күніне
250-ден 2000 вагонға дейін болады. Бұл стансада кіші сұрыптау дөңесі, бір
итеру жолы бар, сұрыптау паркінде 10 жол бар.
2. Орташа мөлшерлі сұрыптау стансасы – сұрыптау жұмысының мөлшері
тәулігіне 2000-нан 5000 вагонға дейін жетеді. Сұрыптау паркінде – 17-ден 30-
ға дейін жолы бар. Мұндай сұрыптау стансасында сұрыптау дөңесі автоматты
вагон бөгелту тежегішімен қамтамасыз етіледі.
3. Үлкен мөлшерлі сұрыптау стансасында сұрыптау жұмысының мөлшері
тәулігіне 5000 вагоннан артық болады. Сұрыптау паркінің 30-дан астам жолы
бар. Мұндай стансалар сұрыптау дөңес автоматты вагон бөгелумен, дөңес
автоматымен қамтамасыз етіледі (ГАЦ), дөңестік маневр локомотиві
теледидармен жабдықталған.
4.Өте үлкен мөлшерлі сұрыптау стансасы.
Сұрыптау стансасында сұрыптау жұмысын орындау үшін қолданылатын
құрылыстар:
- жүк жылжымаларын күтуші құрылыстары және сұрыптау жұмыстарын
орындайтын құрылыстар;
- локомотивтерді, вагондарды жөндеу, жабдықтау және т.б. жұмыстарымен
қамтамасыз ететін құрылыстар;
- жолаушылар жылжымаларын қамтамасыз ететін құрылыстар;
- тағы басқа арнаулы жұмыстарды қамтамасыз ететін құрылыстар.
Сұрыптау паркіндегі жол саны пойыздарды құрастыру жоспарына сәйкес
баратын стансалар санына және вагон ағынының мөлшеріне байланысты
белгіленеді. Қабылдау-жөнелту және транзитті парктер жолдарының саны
пойыздар мен стансаға қосылатын бағыттардың санына байланысты.
Сұрыптау стансасында локомотив және вагон шаруашылығы, су және
энергия жабдықтары, СОБ және байланыс құрылғылары бар. Станса қазіргі жаңа
техника, автоматика мен телемеханика құрылғыларымен жабдықталуда.
Станса шегінде жолаушылар пойыздарын өткізу үшін басты жолдар
стансаның бір жағына немесе бағыттарына қарай әрқайсысы стансаны орап, екі
жағына орналасады.
Құрамды дөңесте сұрыптап болған соң сұрыптау паркінде вагондарды
жинақтау процесі басталады және құрамдарды құрастыруға кіріседі. Құрастыру
біткен соң дайын пойыз құрамдары жөнелту паркіне ауыстырылады. Локомотивті
құрамға тіркеп және вагондардың тежеуіштерін тексеріп, пойызды баратын
жеріне жөнелтеді.
Құрамның сұрыптауға арналған құжаты – сұрыптау қағазы алдын-ала
әзірленеді. Өйткені, оған қажетті вагонның анықтамасы мен олардың баратын
жерлері телетайп байланысы арқылы күні бұрын алынады да, пойыз келген соң
дұрыстығы тексеріледі. Қабылдау паркінде техникалық тексеру және
коммерциялық байқау жүргізіледі, сондай-ақ зақымдалған вагондар жөндеу
орнына жеткізіледі. Дайындау операцияларын бітірген соң, қабылдау паркінен
құрамды дөңес локомотиві сұрыптау дөңесіне итереді. Алдын-ала ағытылған
вагон топтары сұрыптау паркінің тиісті жолдарына таратылады. Сұрыптау
паркінің белгілі жолдарына вагонның жүру бағдарын дөңестің кезекші
операторы дайындайды. Ол үшін орталықтандырылған дөңес бағыттамаларын
автоматты орталықтандырудың көмегімен алдын-ала сұрыптау қағазы арқылы жол
бағдарларын дайындап, машинаға енгізіп қояды.
Вагондардың жинақталуы барысында құрамдар құрастырылып, ал қажетті
жағдайда техникалық және коммерциялық байқаулар жүргізіледі, ақаулары
түзетіліп, вогондар жөнделеді. Құрастырылған құрамды сұрыптау паркінен
жөнелту паркінің жолдарына жеткізеді. Бұл жерде жөнелту дайындығы жасалып,
құрамға локомотив тіркеледі, автотежеуіштер тексерілгеннен соң пойыз
жөнелтіледі.
Әдетте, құрамдарды құрастыру жұмыстары дөңестен тарату кезінде қатар
орындалады. Сұрыптау дөңесін сұрыптау паркінің кіре берісіне орналастырады.
Ол биіктетіліп, топырақтан үйілген жол төсемі, оның үстіне бір немесе екі
теміржол салынады. Оның төбесінен сұрыптау паркіне қараған жағы тік еңісті
болып жасалады.
Дөңес автоматтандырылған, механикаландырылған және
механикаландырылмаған болып бөлінеді. Автоматтандырылған және
механикаландырылған дөңесте вагондарды тежейтін арнайы құрылғылармен
жабдықтайды.
Сұрыптау дөңесі негізгі үш бөліктен тұрады: көтерме бөлігінен, дөңес
төбесінен және құлама бөлігінен.
Дөңес жұмысын сипаттайтын негізгі көрсеткіш – оның қайта құрастыру
қабілеті, яғни тәулігіне сұрыпталған вагондардың ең көп саны. Дөңестің
қайта құрастыру қабілеті дөңеске итеріп шығару және оның сұрыптау уақытына,
жол бағдарын қиып өтетін бөтен кедергілерден болған жұмыс үзілістеріне,
құрамдағы вагондар саны мен дөңесте жұмыс істейтін локомотив санына т.б.
факторларға байланысты. Дөңестің сұрыптау қабілеті құрамдағы вагондардың
санын көбейту, қосымша локомотив енгізу, сұрыптауға қатысты жоқ
операцияларды жою, көтерме және құлама жолдарын екі-екіден және сұрыптау
паркінің кірер алқымының арнайы құрылысын жасау арқылы арттырылады. Сонда,
бұл дөңестен екі пойыз құрамын қатар сұрыптауға мүмкіндік туады. Құрамды
сұрыптау және құрастыру процестерін автоматтандырғанда дөңестің қайта
құрастыру қабілеті әлдеқайда артады.
Жалпы айтқанда, сұрыптау стансасының жұмыс технологиясы – керекті
жолдардың санына, парктердің санына, сұрыптау стансасының схемасына,
олардың орналасуына және олардың негізгі құрылыстарына қарай алдарына
керекті талаптар қояды. Сұрыптау стансасының технологиясы әр паркке,
сұрыптау дөңеске, жеке жүйелерге және барлық стансаға арнап жасалынады.
Әр парктің жұмыс технологиясы өз алдына орындалады:
а) Сұрыптауға келген пойыздарды қабылдап алушы паркте – жөндеу, өңдеу
технологиясы; пойыздарды сұрыптау дөңестері арқылы тарату, тартылыс жолы
арқылы құру; б) технологиялық сұрыптау паркінде вагондарды жинау – топтау,
пойыздарды құрау технологиясы; в) өздері құраған пойыздарды жөнелту
паркінде - өңдеу технологиясы; г) транзит пойыздарды қабылдау-жөнелту
паркінде - өңдеу технологиясы; д) пойыз локомотивтерін өңдеу технологиясы;
е) жолаушы ғимаратында, жүк алаңында керекті жұмыстарды орындау
технологиясы және т.б.
Таратуға арналған пойыздарды жеке арнайы қабылдау паркіне қабылдап,
оларды сұрыптау дөңесі арқылы таратуға дайындайды.

1.1 Алматы - 1 сұрыптау станcасының техникалық-пайдалану
сипаттамасы.

Алматы-1 стансасы – кластан тыс сұрыптау стансасы. Станса
автоматтандырылған басқару жүйесi негiзiнде жұмыс iстейдi. (СС АБЖ).
Стансаға:
Бiр жағынан Борондай стансасы - қос жолды бiр жақты автоблокировкамен
жабдықталған телiм, келесi жағынан Медеу, Алматы-2 стансалары – дара жолды
екi жақты автоблокировкамен жабдықталған телiмдер қосылады.
Станса бiржақты сұрыптау кешенiнен тұрады. Парктерi созылмалы-
тiзбектелiп орналасқан және қуаты төмен механикаландырылмаған дөңестен
тұрады.
Парктегi бағыттамалар мен сигналдары маршрутты-релелi орталықпен
жабдықталған, басқару ЭЦ орталық пост арқылы жүргiзiледi. Тек дөңес пен
сұрыптау паркiнiң оң алқымы жергiлiктi пульт арқылы басқарылады.
Қабылдап-жөнелту паркiнiң жолдар құрамды шектейтiн ЭЦ орталығына
қосылған құралғылармен жабдықталған. Станса жұмысшыларының арасындағы
байланыс үшiн жолдар арасында екiжақты жаңғырықты байланыстары
орналастырыған.
Стансада үш парк бар:
Жұп қабылдап-жөнелту паркi - 14 жолдан тұрады. Оның екеуi –негiзгi
жолдар, олар жұп және тақ бағытының жолаушы және жүк пойыздарын қабылдап-
жөнелту үшiн арналған;
6 жол жабық;
2 жол жұмысшы емес парк вагондарының тұруына арналған;
3 жол жолаушы пойыздары аялдау үшiн арналған;
Тақ қабылдап-жөнелту паркi он жолдан тұрады, соның iшiнде үшеуi: 1,2,3
жолдар – жұп және тақ бағытының жолаушы пойыздарын қабылдап-жөнелту,
тоқтаусыз өткiзу үшiн арналған, ал 6 жол жұп және тақ бағытының жүк және
транзиттiк жүк пойыздарын, сонымен қатар осы бағыттардан тарқатылуға келген
жүк пойыздарын қабылдап-жөнелту үшiн арналған;
Сұрыптау паркi, 16 жолдан (10-нан 25-шiге дейiн) тұрады, олар
вагондарды жинақтауға арналған.
Парктiң оң жағында 13 құрамның ұзындығы келетiндей тартым жол бар,
ал сол жағында 16 жолға қызмет көрсететiн қуаты төмен
механикаландырылмаған дөңес және сұрыптау паркiнiң 8 жолына (18-ден 25-ке
дейiн) қызмет көрсететiн жартылай дөңес бар. Жартылай дөңес – жергiлiктi
вагондарды бағытына байланысты топтап жинақтау үшiн ажырату жұмыстарын
жүргiзу үшiн керек. Құрамды дөңеске итеру операциясы 17-шi дөңес тартым
жолы (57 вагон сияды) арқылы жүргiзiледi.
Стансада локомотив пен вагон шаруашылықтары, электр мен су мен
жабдықтау құрылғылары, материалды қоймалар, қызметтiк-техникалық
ғимараттармен және т.б. құрылғылар мен құрылыстардан тұрады.
Вагондарды өңдеу жұмыстарының көп бөлiмi сұрыптау құрылғысы – дөңес
арқылы жүргiзiледi. Вагондардың тарқатылуы олардың тартым салмағы арқылы
орындалады. Ол үшiн дөңестiң итеру бөлiгi мен дөңестiң биiк төбесi –
бағыттамалар мен сұрыптау паркiнiң жолдарынан белгiлi бiр биiктiкте болу
керек, ал вагонның құлазитын жол бөлiгi парктiң жағынан қарай құлдилап
орналасады. Жолдар башмаклақтырғыштармен жабдықталған.
Стансаның Алматы 2 жағынан кiру сигналы НА, Медеу стансасы жағынан
Н кiру сигналы, Бурундай жағынан жұп негiзгi жолдың бiр жағынан Н
сигналы арқылы шектелген.

1.2 Алматы - 1 сұрыптау стансасының пайдалану сипаттамасы.

Тәулiктiк вагонағындар мөлшерi 1- кестеде көрсетiлген.
Кесте 1 - Тәулiктiк вагонағындар мөлшерi

бағытқаБағыттар АлматыБарлығы
1
бағыттан станса
сы
Алматы2 Медеу Борондай өңдм өңд.
өңдм өңд өңдм
толық пайдалы
Тақ паркінің қабылдап -жөнелту жолы
1 Тақ же жұп бағытында қала
маңында қатынаушы, жүк пен пошта 546 532 20 кл.
тасушы же жолаушылар пойызын
қабылдап жөнелту жолы
2 Тақ же жұп бағытында қала 546 535 20 кл.
маңында қатынаушы, жүк пен пошта
тасушы же жолаушылар пойызын
қабылдап жөнелту жолы
3 Тақ же жұп бағытында қала 668 640 24кл
маңында қатынаушы, жүк пен пошта
тасушы же жолаушылар пойызын
қабылдап жөнелту жолы
4 “Астана-экспресс”йызын қабылдап, 915 854 58
өткізіп шіберіп же жүк
тасымалдаудағы пойыздың ж\е жүк
бағытында қабылдап жөнелтудің
басты жолы.
5 Тақ же жұп бағытында жүк 853 850 58
пойызын қабылдап жөнелту жолы
6 Тақ же жұп бағытында жүк 914 907 62
пойызын қабылдап жөнелту жолы
7 Тақ же жұп бағытында жүк 873 853 58
пойызын қабылдап жөнелту жолы
8 Тақ же жұп бағытында жүк 861 847 58
пойызын қабылдап жөнелту жолы
9 Тақ же жұп бағытында жүк 962 910
пойызын қабылдап жөнелту жолы
Жұп паркі
1г Тақ же жұп бағытындағы 980 860 58
“Астана-экспресс” пойызы,жолаушы
пойызы,қала айналасын қатынаушы,
пошта – жүк тасымалдаушы “ВМ” жүк
тасымалдаушы пойыздарын қабылдап
жөнелтудің басты жолы
2г Тақ және жұп бағытындағы 880 860 58
жолаушылар мен жүк пойызын
қабылдап жөнелту жолы
4г Жолаушылар пойызы тоқтатылып 815 795 50
сақтаушы жол
6г Жолаушылар пойызы тоқтатылып 750 740 50
сақтаушы жол
8г Жұмысқа жарамсыз вагондар паркі 650 630 45
тоқтатылып сақтаушы жол
3г-1Вагондар қозғалысы зайғандықтан
3г консервацияланған жол

2.2 Сұрыптау паркiнiң жолдарының мамандандырылуы

Сұрыптау паркiндегi жолдардың специализациясы әр бағыттың саны мен
қуатына байланысты жiктелуi керек. Сонымен қатар әр бағыттан келетiн
вагондар үшiн бөлек жолдар бөлiнуi керек. Егер станцияда тәулiк сайын бiр
бағытқа 200-ден астам вагон өңделетiн болса, онда мүмкiндiгiнше екi
сұрыптау жолдарын бөлген тиiмдi. Егер станцияда қандай болмасын бағытқа
өңделген вагондар саны аз болса (тәулiк сайын 25-30 вагоннан аспаса), онда
ол бағытқа бөлек жол тағайындалмайды.
Осыған байланысты сұрыптау паркiндегi жолдар саны анықталуы керек. Оны
келесi таблица (таблица 2.1) ретiнде көрсеткен тиiмдi.
Содан соң жалпы керектi сұрыптау паркiнiң жолдарын (3 графаның
қорытындысы) олардың нақты қажеттi санымен салыстырады. Егер нақта
тағайындалған жолдар санынан керектi (потребная) жолдар саны аз болса, онда
жергiлiктi тағайындалған аз мөлшердегi вагондарды аз жолдарда жинақтауға
болады, бiрақ олар кейiн қайтадан сұрыпталуы керек.
Сонымен қатар қайта сұрыпталатын вагондар санын азайту үшiн, жолдардың
бiр шетiн пайдалану арқылы, ауытқып тұратын специализацияны (скользящай
специализация) пайдалануға болады. Ол үшiн 200 астам бiрнеше бағытқа
баратын вагонағындары үшiн 4 емес, 3 жол тағайындалады, олардың
специализациясы шұғыл жағдайларға байланысты өзгерiп тұрады. Сонымен қатар,
сұрыптау паркiнiң әр түйiнiнде (пучок), егер белгiлi бiр көп мөлшерлi
вагонағындары үшiн тек бiр жол тағайындалса, онда ауытқып тұратын
специализация принципiмен пайдаланылатын диспетчерлiк жолдар тағайындауға
болады.

Кесте 2.1-Алматы 1 стансасы қабылдау мен сұрыптау жолдарының саны мен
мамандырылуы

Жол Жолдың қашықтығы Вагондар
№ Жолдың тағайындалғаны (метр өлшемімен) сыйымдылығы
толық пайдалы
Сұрыптау паркі
10 200,300,400,500-ші жолдарға 790 785 56
бағытталған техниқалық және
коммерциялық жарамсыз және
қауіпті жүк артылған вагондарға
арналған жол
11 Құжатсыз, бос және айқындауға 865 865 61
қалдырылған вагондарға арналған
жол
12 Алматы-2 және қауіпты жүк 857 857 61
артылған вагондарға арналған жол
13 Қауіпты жүк артылған “Шу” 870 870 62
стансасы және одан ары жүретін
вагондарға арналған жол.
14 Семей стансасы және одан ары 882 882 63
бағытталған вагондарға арналған
жол
15 . Үш-Төбе стансадан одан ары 894 894 63
тағайындалғанвагондар қауіпты жүк
артылған вагондар
16 .” Дружба” стансаcы одан ары 888 888 63
тағайындалғанвагондар қауіпты жүк
артылған вагондар
17 .” Шу” стансаcы одан ары 885 885 63
тағайындалғанвагондар қауіпты жүк
артылған вагондар
18 Кіреберіске, оған таяу жолға 850 850 60
тағайындалған қауіпты жүк
артылған жол
19 Қалалық тауар стансасына 790 790 56
тағайындалған, қауіпты жүк
артылғанған жол
20 Алыстағы кіріс жолдарына 795 795 56
тағайындалған вагондарға, қауіпты
жүк артылған вагондар.
21 600-нөмірлі кіреберіс жолға 795 795 56
тағайындалған, қауіпты жүк
артылған вагондар
22 “ Шу”,”Үш-Төбе” стансаларына 723 723 51
тағайындалған вагондарға, қауіпты
жүк артылған жол
23 “ААҚ” Өнеркәсіп стансасы “ППЖТ” 710 710 50
қауіпты жүк тиелген вагондар
24 Айналма жол 703 703 50
25 Айқындауға қалдырылған, 366 366 26
мамандырылған вагондар.Қозғалмалы
құрам.

2.3 Қайта өңдеуге келген вагондармен жұмыс істеу технологиясы

Құрамдарды келген кезде өңдеу.
Диспетчерден алынған пойыздарды әкелу жоспары туралы хабар және
жеделхат-натурка түріндегі алдын-ала келген хабар негізінде ДСП мен ДСЦ
біріге отырып, қабылдап-жөнелту жолдарына станцияның технологиялық үрдісі
мен ТБА-ны басшылыққа ала отырып пойыздарды қабылдау тәртібін жоспарлайды.
Боралдай, Медеу және Алматы-2 станциясынан пойыздың келе жатқаны
туралы станция кезекшісі тікелей байланыс арқылы ПТО операторына хабарлап,
пойыздың нөмірін, қабылдайтын жолды және келу уақытын айтады. ПТО операторы
хабарлап, пойыздың нөмірін, қабылдайтын жолды және келу уақытын айтады. ПТО
операторы парк байланысы және дауыстап хабарлау (ПГСО) арқылы ол туралы
өңдеуге қатысушы ПТО, ПКО жұмысшыларына, ал ДСП операторы келу бойынша СТЦ
операторына хабарлайды.
Бірнеше пойыз бір мезгілде келген кезде станция кезекшісі маневрлік
диспетчермен келісе отырып, ПТО жұмысшыларына және ПКО пойыздарын
қабылдаушыларға оларды өңдеу кезегі туралы хабарлайды. Станция кезекшісі №3
стрелка қосыны кезекшісіне құрамдарды қабылдау жолына бекіту туралы нұсқау
береді.
Құрамдарды бекіту тәртібі станция ТБА-да орнатылған.
Келу паркінде құрамды өңдеу төмендегі операциялардан тұрады:
- вагондарға техникалық қызмет көрсетуден;
- вагондарды коммерциялық тексеру;
- құрамдық бақылау тексерілісі;
- тасымалдау құжаттарын тексеру.

2.4 Құрамдарды тарқату және құрастыру технологиясы

Сұрыптау паркінің жолдарындағы вагондардың жиналуын және келген
құрамдардың саны, орналасуы және салмағының натурлық парақтарының
мәліметтері, тасымалданатын жүктердің сипаттамасы негізінде маневрлік
диспетчердің жетекшілігімен жаңа құрамдар құрастырылады.
Құрамды тарқату алдында дөңес кезекшісі, АСУСС базасынан алынатын
сұрыптау парағымен танысып, тарқатылатын құрамның вагондарын сұрыптау
жолдарына орналастыру мүмкіндігі туралы жұмысшыларға тарқату жоспарын
хабарлап, маневрлік локомотив машинисіне құрамды дөңеске жылжыту туралы
нұсқау береді.
Дөңес кезекшісі, сұрыптау парағын басшылыққа ала отырып, вагондар
қозғалысының жылдамдығын реттеушілерге ағытпалар мен вагондар саны туралы
мәлімет береді және тежелу кезінде ерекше сақтануды талап ететін ағытпалар
жайлы ескертеді.
Сұрыптау жолдарының сыйымдылығын мейлінше толығымен пайдалану, вагон
қозғалыстары жылдамдығын реттеушілер (РСДВ) арасындағы жұмысты тең мөлшерде
етіп бөлу, сонымен қатар қауіпсіздікті қаматамасыз ету үшін вагондар
қозғалысының жылдамдығын аға реттеуші алдағы жұмыс көлемі мен жолды
вагондармен толтыру деңгейіне қарай қажет жағдайда РСДВ сұрыптау паркының
жолдарына ауыстырады.
Тарқатылған бір құрамға келетін дөңесте тұрудың ең аз уақытына тарқату
үрдісін жеделдету, операцияаралық үзілістерді максималды қысқарту, жиналған
вагондарды тартуды қолдану есебінен жетеді.
Тарқатудың басталуы туралы жұмысшыларға дөңес кезекшісі дауыстап
хабарлаудың парк байланысы бойынша хабарлайды.
Құрамды тарқату барысында пойыз құрастырушысы вагондарды сұрыптау
парағына сәйкес және дөңес кезекшісінің ауызша бұйрығы бойынша ағытады.
Ағытпа орындары сұрыптау парағында көрсетілген соңғы вагондардың нөмірлері
бойынша тексереді.
Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында вагондар арнайы ағытпа
айырларымен ағытылады.
Құрамды тарқату кезінде дөңес кезекшісі ажыратудың дұрыстығын және
ағытпалардың жүруін қадағалайды және қажет жағдайда ПГСО бойынша №55 қосын
МЭЦ операторына және вагондардың қозғалу жылдамдығын реттеушілерге
ағытпалардың бағытының өзгергені, сонымен қатар тежелу кезінде ерекше
сақтықты талап ететін ағытпалар туралы (жолсеріктері, жан-жануарлары бар
рефрежираторлық вагондар) мәлімет береді.
Жұмысшыларға тарқатылатын құрамда және сұрыптау парк жолдарындағы ерекше
қауіпсіздікті талап ететін жеке категориялы жүктері бар вагондардың бар
екені туралы хабарлау тәртібі сұрыптау дөңесінің жұмысы бойынша нұсқаулықта
берілген.
Сұрыптау паркі жолдарының сыйымдылығын мейлінше толық пайдалану және
рұқсат етілген жылдамдықтан аспай жүретін вагондардың жолда тұрып,
ағытпалармен қалыпты соғысуын қамтамасыз ету үшін, ағытпаларды дәлдеп тежеу
қолданылады.
Тежеуді вагондар қозғалысының жылдамдығын реттеушілер
табанлақтырғыштармен жабдықталған тұрақты тежеу позицияларында сұрыптау
жолдарының басында тежеу табандықтарының көмегімен жүзеге асырады.
Табанлақтырғыштар сұрыптау жолының әрбір жолына орнатылған.
Вагондар қозғалысының жылдамдығын реттеушілерін қауіпсіздік техникасымен
қамтамасыз ету мақсатында тежеу табандықтары арнайы айырлардың көмегімен
рельстерге қойылуы тиіс.
Вагондарды сұрыптау үрдісін жылдамдату мақсатында құрамдарды ауыспалы
жылдамдықпен, вагондардың сақталуын қамтамасыз етуді ескере отырып тарқату
қажет.
Тарқату біткен соң дөңес кезекшісінің өзі немесе пойыз құрастырушысы
арқылы қажет болған жағдайда дөңес локомотивінің машинисіне вагондарды
сұрыптау паркінің жолына шегіндіру немесе қабылдау паркіне кезектегі
құрамды созу (маневрлік диспетчердің белгілеген құрамдарды тарқату
кезегіне сәйкес) туралы бұйрық береді.
Қабылдау паркіне дөңес локомотивтерінің тарқатылуы тиіс құрамға жақындауы
кезінде, машинист бөгет жоқ екеніне көзі жеткен кезде, локомотивті
тіркейді, тежеу табандықтарын алып тастағаннан кейін станция кезекшісінің
бұйрығымен құрамды созуға тартып шығарады. Ашық дөңес белгісімен ДСПГ
командасы бойынша құрам дөңеске жылжытылады.
Пойызды жөнелтер алдында құрастыру станциясының қызметкерлері жүктердің
ашық жылжымалы құрамға дұрыс және мықты бекітілуін, пойыздың дұрыс
қалыптасуын және құрамдағы вагондардың дұрыс тіркелуін тексеріп, жүктің
сақталуы толық қамтамасыз етілгеніне көз жеткізеді.
Жөнелту паркінде жасақталған құрамдармен келесі операциялар жүзеге
асырылады:
- вагондарды техникалық тексеру, қызмет көрсету және ағытпай жөндеуден
өткізу;
- вагондарды коммерциялық тексеру және ақауларын жою;
- құжаттарды локомотив бригадасына өткізу;
- пойыз локомотивін тіркеу және автотежегіштерді сынау.

2.5 Пойыздарды құрастыру және тарқату технологиясы

Пойыздарды тарқату-құрастыру үрдісі маневрлік диспетчердің еңбектің озат
әдістері мен техникалық құралдарды пайдалана отырып жетекшілік етуімен
жүзеге асырылады.
Маневрлік диспетчер қайта өңделуге келетін құрамдарды станция ішінде беру
және құрастыру және (маневрлік аудандар бойынша) түсірілуге келген
вагондарды беру тәртібін жоспарлайды. Вагондардың жақындауы, вагондардың
жүк пунктілерінен шығуы туралы алдын ала берілген хабарды, үздіксіз есеп
мәліметтерін және вагондардың сұрыптау паркінің жолында орналасуын
басшылыққа ала отырып, ДСЦ пойыздарды жөнелту жоспарымен операцияларды
басқаруды дөңес кезекшісі арқылы жүзеге асырады және де құрамдарды тарқату
мен құрастыруды жеделдету мақсатында дөңес пен пойыз құрастырушыларының
жұмысын үйлесіреді.
Дөңес кезекшісі, маневрлік диспетчердің белгілеген құрамдарды тарқату
кезегін басшылыққа ала отырып:
- маневр локомотивінің тарқатылуы тиіс құрамның артынан қабылдап-жөнелту
паркінің жолына кіруі туралы келіседі;
- дөңестің пойыз құрасырушысы арқылы дөңес локомотивінің машинисіне
маневр бағдаршамдарының рұқсат белгілері бойынша қабылдау паркіне
құрамды дөңес кермелуіне созу үшін жүруді бұйырады және ПТО
операторына локомотивтің құрамнан кейін кіретіні туралы хабар береді.
Дөңес локомотиві тарқатылуы тиіс құрамға жақындаған кезде, машинист,
бөгеу сигналының жоқ екеніне көз жеткен соң, локомотивті құрамға тіркейді,
№3 стрелка қосыны кезекшісінің сигналы бойынша локомотивті алға-артқа
қозғалтуы арқылы немесе керісінше, төселген тежеу табандықтарын босатады
және №3 стрелка қосынының кезекшісі арқылы олардың алынып тасталғанына көзі
жеткен соң, бағдаршамдардың ашық белгілері бойынша және ДСП бұйрығымен
құрамды дөңес кермелуіне созады. Тарқату кезінде ерекше соқтықты талап
ететін вагондар туралы (коммерциялық тұрғыда) аға пойыздар қабылдаушысы
дөңес кезекшісіне баяндауы тиіс. Құрамды дөңеске жылжытуды локомотив
машинисі дөңес бағдаршамының ашық белгісі бойынша және ДСПГ бұйрығы бойынша
жүзеге асырады.
Нашар көрінетін кезде (тұман, қатты жаңбыр, қар) – дөңес кезекшісі
жылжыту туралы бұйрықты маневрлік радиобайланыс арқылы береді.
Тарқату барысында дөңес өркешіне құрамның жақындауы кезінде ДСПГ ПСГО
бойынша құрамды тарқатудың басталғаны жайлы хабарлайды. Құрамды тарқатуды
ДСПГ (жүк диспетчері) басқарады. Вагондарды тарқатылу мөлшеріне қарай
үздіксіз есептеуді ДСПГ-ғы СТЦ оператор-жинаушысы жүргізеді.
Вагондардың толық құрамға белгіленген салмақ нормасы мен ұзындығы бойынша
жиналуы кезінде, оператор-жинаушы жинақ парағын жөнелту операторына
құжаттар таңдау мен натурлық парақ толтыру үшін береді.
Номенклатуралық жүктері бар құрамдарды және оны сұрыптау паркінің
жолдарында қоршап болған соң, маневрлік диспетчер телефон арқылы қарауыл
бастығына, аға пойыз қабылдаушысына құрамның коммерциялық тексеруге дайын
екендігі туралы хабарлайды. Күзетке өткізілуі тиіс вагондардың саны туралы
хабарды қарауыл бастығына СТЦ-ның жөнелту операторы пойыздың жүруіне
кемінде бір сағат қалғанда электрондық пошта немесе телефон арқылы береді.
Қарауыл бастығы пойыз қабылдаушыларымен бірге пойыздарды коммерциялық
тексеру үшін нарядты шығарып қоюы тиіс. Дайын екендігі хабарданған соң,
сұрыптау паркының оңтүстік жағында тұрған локомотив ДСП-ның келісімімен
қабылдап-жөнелту парктерінің тақ және жұп жолдарына қояды.

2.6 Жергілікті жұмысты ұйымдастыру

Станциядағы жергілікті жұмыстың сипаттамасы және оны басқару
Станцияның жергілікті жұмысына кіреді:
- тиеуге, түсіруге берілетін вагондармен маневрлік жұмыс, жүктерді
сұрыптау;
- ортақ пайдаланыстағы жерлерде, станцияға жанасатын кірме жолдарда және
контрагент жолдарында жүк операцияларын орындау.
Аға жүк қабылдап-тапсырушы (жүк диспетчері) қамтамасыз етеді:
- жүк жұмысының кезектік жоспарын орындауын;
- станция жұмысын кірме жолдармен және ППЖТ диспетчерімен келісуді;
- ортақ пайдаланыстағы тиеп-түсіру жоспарының орындалуына оперативтік
бақылау жасауды, ағымдағы жоспарлауды;
- вагондарды уақытында беруді, коюды және станция локомотивтері қызмет
көрсететін жүк фронттарынан алып тастауды;
- жүк жұмысын оперативтік есептеуді;
- ортақ пайдаланыстағы орындарда жүк жұмысы бойынша кезектік жоспардың
орындалуын қорытындылауды.
Жергілікті жұмысты басшылыққа ала отырып, аға жүк қабылдап-тапсырушы (жүк
диспетчері) жұмысын жүзеге асырады:
- станция бастығынан немесе оның жүк жұмысы бойынша орынбасарынан,
маневрлік диспетчерден алған кезектік жұмыс жоспары негізінде;
- кәсіпорындардың кірме жолдарына қызмет көрсету бойынша маневр
локомотивтерінің жұмыс кестесі негізінде.
Жүк пунктілері және кірме жолдарына қызмет көрсету бойынша маневрлік
жұмысқа оперативтік жетекшілік жүзеге асырады:
- № 2, 4, 5, 6 маневрлік аудандардағы ДСЦ;
- № 3 маневрлік аудандағы аға жүк қабылдаушысы (жүк диспетчері).
Жүк пунктілеріндегі жүк операцияларын тікелей басқаруды және бақылау
жасауды вагондардың түсіруге (тиеуге) жақындап қалғаны туралы хабарды,
вагондардың санын, орналасуын және кірме жолдардағы қалпын (тиелген-
түсірілген) үздіксіз есептеу мәліметтерін басшылыққа ала отырып, аға жүк
қабылап-өткізуші (жүк диспетчері) жүзеге асырады.
Маневрлік және жүк жұмысына жетекшілік ету үшін ДСЦ кезекшілік
барысында маневрлік жұмыстың кезектік жоспар-кестесін жүргізеді, онда
көрсетіледі:
- жүк пунктілеріндегі және кірме жолдарындағы вагондарды тиеу және
түсіру бойынша кезекке берілетін тапсырмалар жоспары;
- станция жоспарындағы жүк операциялары үшін берілетін жергілікті
вагондар саны;
- әрбір жүк пунктінде тиеуге, түсірілуге тұрған вагондардың ахуалы
және жүк операцияларының біткен уақыты;
- маневр локомотивтерінің жұмысы, вагондарды таңдау, беру, жүк
фронттарынан алып тастау бойынша операциялардың мерзімі.
Пойыз құрастырушысы вагондарды жүк операцияларына берудің алдында
вагондарды беру, қою және тиеу-түсіру пунктілерінен алып тастауға уақыт пен
маневр құралдарын мейлінше аз жұмсайтындай етіп, вагондарды беру
пунктілеріне таңдайды.
Вагондарды жүк операцияларына беру және қою аяқталған соң пойыз
құрастырушысы маневрлік диспетчерге вагондардың берілген уақыты туралы
радиобайланыс немесежақын маңайдағы жүк пунктінің телефон байланысы арқылы
баяндайды.
Жүк операцияларын орындау барысында жүк қабылдап-өткізуші аға жүк
қабылдап-өткізушіге жүк операцияларының орындалу барысы туралы және олардың
аяқталу мерзімі туралы хабарлайды, ал тиелу аяқталған соң тиелген
вагондардың нөмірлері, тегі, жүгі баратын станциясы жайлы мәліметтер
береді.
Алған мәліметтер негізінде, маневрлік диспетчер пойыз құрастырушысына
вагондарды алып тастау жөнінде бұйрық береді, ал аға жүк қабылдап-өткізуші
жүк қабылдап-өткізушілерге келесі келетін маневр локомотиві туралы
хабарлайды.
Тиеу-түсіру фронттарынан алып шығарылатын вагондардың нөмірлері
құрамды тексеру пункті арқылы берілуге өтуі кезінде олардың орналасуы
бойынша есептен шығарылады (қабылдап-жөнелту паркі, №5 қосын, дөңес). СТЦ
операторы тауар конторынан алған тасымалдау құжаттары негізінде есептен
шығарылған вагондарды белгілейді, ДСПТ тарқату үшін сұрыптау парағын
толтырады.
Тиеуге арналған вагондар да, бос вагондар мен түсіріліп босатылған
вагондар да техникалық тексеруге жіберіліп, тиелуі тиіс жүктің тегі
көрсетіліп, ВУ-14 формасындағы журналға жазылады.
ДСЦ және аға жүк қабылдап-өткізуші кезекшілікке түсу алдында
басшылардан жергілікті вагондарды тасу және тиеу пунктілерін бос
вагондармен қамтамасыз ету бойынша жұмыстың жоспар-тапсырмасын алады.
Күтудегі пойыздардың келуі және олардағы жергілікті вагондардың саны
туралы алдын ала хабар жеделхат-натурка түрінде келеді.
Жеделхат-натуркаларда жергілікті вагондар үшін жүктің тегі мен жүк
алушының коды көрсетіледі.
Бұл мәліметтер жергілікті вагондарды тасуды жоспарлау үшін де, жүк
алушыларға күтудегі жүктің түсірулуге келе жатқаны туралы алдын-ала хабар
беру үшін де пайдаланылады.
Кезекшілік барысында, пойыздардың жақындап қалғаны туралы хабарды,
сандарының нөмірін және сұрыптау, тиеу-түсіру жолдарындағы жергілікті
вагондардың орналасуын есептеудегі басшылыққа ала отырып, ДСЦ вагондарды
беру және алып тастаудың аралығын 3-4 сағат етіп жұмыс істеу жоспарын
құрады. Вагондарды беру және тиеп-түсіру пунктілерінен алып тастау жоспарын
диспетчер тәулік бойы істелетінін жүк жұмысының біркелкі болуын,
вагондардың берілуге және алынып тастауға аз уақыт тұруын, локомотивтерді
жақсырақ пайдалануды қамтамасыз етуді ескере отырып құрады.
Жоспарлау кезеңінің басына қарай ДСЦ оператор-жинаушыға жергілікті
вагондардың саны, қызметі және олардың станция жолдарына алып шығарылу
уақытының шамасы туралы хабарлайды.

7. Жүк пойызының салмағы мен ұзындығын есептеу

Пойыздың тартымдылығын зерттеу арқылы - пойызға әсер ететін күштердi,
ол күштің қозғалысқа тигізетін әсерін, пайдаланылатын локомотив сериясына
байланысты пойыздың салмағын, қозғалыс жылдамдығын, кез-келген жол
нүктесінен пойыздың қауіпсіздік козғалысын ескере отырып телімдi жүрiп өту
уақыты мен электроқуат және жанармай шығынын анықтауға, сонымен бірге
локомотив күшін пайдалануды тексеруге мүмкіндік береді.
Қазір пайдаланылатын теориялар әр-қилы телімдерде пойызды жүргізудің
және локомотивтерді қолданудың аса тиімді шарттарын рационалды пайдалану
жағдайын табуға мүмкіндігі бар.
Жүк пойызы құрамының салмағы мына формуламен анықталады:

; т
(2.1)

мұндағы: – берiлген жылдамдықта локомотивке түсетiн негiзгi
меншiктi кедергi, кгстс; бұл келесі формуламен есептеледі:

;
(2.2)

- берлiген жылдамдықта құрамға келетiн негiзгi орташа кедергi, бұл
келесі жолдармен анықталады:
- төрт остi тайғанақ подшипниктi тиелген вагон үшiн (q06):

; т
(2.3)
- төрт остi роликтi подшипниктi тиелген вагон үшiн (q06) келесi
формуламен анықталады:
; т
(2.4)
- тиелген сегiз остi вагондар үшiн (q06) келесi формуламен анықталады:

; т
(2.5)
мұндағы: q0 – вагон осiнен рельске түсетiн салмақ тсось

; т; т
(2.6)
мұндағы: qбр4, qбр8 – сәйкесiнше төрт, сегiз остi вагондардың брутто
массасы.

qбр4 =qт4 +qпс4 =22,4 + 63=85,4 т;
qбр8 =qт8 +qпс8 =43,7+125=168,7 т;
(2.7)
q04 = 85,44 = 21,25 т
q08 = 168,78 = 21,09 т

кгстс
кгстс
кгстс
Негiзгi орташа меншiктi кедергi келесi формуламен анықталады:

; (2.7.8)
- құрамдағы төрт және сегiз остi вагондарға келетiн салмақтардың
үлесi, келесi формуламен анықталады:
;
;
(2.8)
мұндағы: ,,- құрамдағы төрт және сегiз остi вагондардың
сандық қатынасының үлесi.

Y4 = 0,87 ; Y8 = 0,13
β4 = 0,87*85,4(0,87*85,4 +0,13*168,7)
β4 = 0,77
β8 = 0,13*168,7(0,87*85,4 +0,13*168,7)
β8 = 0,23
β4 + β8 = 1 қосындысы тексеру үшiн қолданылады.
w”0 = 0,77* (1,25*0,2 +1,01*0,8) + (0,23*1,08)
w”0 = 1,07 кгстс
Басты (2.1) формула бойынша пойыз массасын есептеу үшiн w”н мәнiн фор
мулаға қоямыз да келесi шаманы табамыз:

Qбр = (50600- 276* (2,3+ 9))(1,07+ 9) = 4735,1 т
Сонымен пойыздың массасы мынаған тең Qбр = 4750 т.
Тиелген жүк пойызының (2.7.1) формула бойынша анықталған есептiк
массасы пойыздың аялдама пунктiнен қозғала алатындығына келесi формула
бойынша тексеремiз:

;
(2.9)
мұндағы: iтр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шу-Отар телімінде ОРЦ мен XML құжаттарымен құжат алмасуы
Маманданған жүк стансасы
Орташа тоннажды контейнерлер алаңы
Бурыл стансасында вагондардың нормалы тұру уақытын есептеу
Теміржол көлігі
Қабылдау паркі Сұрыптау паркі Сұрыптау паркі Жөнелту паркі
Алматы-2 станциясында тауар АРМ енгізу жағдайында жұмыс
Вагондарды жүк станцияларына беру кезегін анықтау
««ҚТЖ» ҰҚ» АҚ «Қарабас» станса жұмысының жоспар-болжауы»
ҚТЖ ҰҚ АҚ Қарабас станса жұмысының жоспар-болжауы туралы ақпарат
Пәндер