Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәміздері туралы


Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ГЕРБI, елтаңба - Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституц. заң күшi бар Жарлығымен (24. 1. 1996) белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемл. гербiнiң негiзi - шаңырақ. Ол - гербтiң жүрегi. Шаңырақ - мемлекеттiң түп-негiзi - отбасының бейнесi. Шаңырақ - Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ - киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар - дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар - қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қ. р. м. г-нiң авторлары - Ж. Мәлiбеков пен Ш. Уәлиханов.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ТУЫ - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституц. заң күшi бар Жарлығымен (24. 1. 1996) белгiленген. Мемл. ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста - ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек - алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемл. туының авторы - суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде - көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотик. тарихына сүйене отырып, мемл. тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн - қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн - уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс - бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны
сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңкымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!әні: Шәмші Қалдаяқовтыкі
Қазақстан Республикасының халқы
Ел халқының саны 2008 жылғы 1 қаңтардағы анықталған мәліметтер бойынша 15571, 5 мың адамды құраған. Оның ішінде қала тұрғындарының саны - 8265, 9 мың (53, 1%), ауылдық жерде тұратын халық саны - 7305, 6 мың (46, 9%) адам. 2007 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметке қарағанда биыл халық саны 174, 6 мың адамға артқан, яғни 1, 1%-ға өскен. Осы кезеңде Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарынан басқа аймақтарда халық санының өскені байқалады. Халық санының ең жоғары өсімі Оңтүстік Қазақстан облысына келсе - 49, 0 мың адам, керісінше Шығыс Қазақстан облысында адам санының азаюы орын алып, онда 7, 1 мың адамға кеміген.
2007 жылы республика халқының табиғи өсімі 163666 адамды құрайды (144546 адам - жақша ішінде бұдан ары да 2006 жылғы көрсеткіштер көрсетілетін болады) . Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 2007 жылғы 1000 адамға шаққанда 10, 6 (9, 4) адамды құраған.
2007 жылы АХАТ органдарында 321963 (301756) баланың дүниеге келгені тіркелген, ол 2006 жылғы көрсеткішке қарағанда 6, 7%-ке артық. Осы уақыт аралығында 165543 ұл бала, 156420 қыз бала дүниеге келген, немесе 106 ұл балаға 100 қыз баладан келеді. Бала туушылықтың жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 20, 8 (19, 7) туылған баладан келеді.
2007 жылы елімізде дүниеден қайтқан адамдардың саны 158297 (157210) болса, оның ішінде 92385 (100526) адам қалалық жерде, 65912 (56684) адам ауылдық жерде дүниеден өткен. Қайтыс болған адамдардың жалпы коэффициенті 1000 адамға 10, 2 (10, 3) дүниеден қайтқан адамға тең.
Өлімге алып келудің негізгі себептері тіркелген барлық өлім жағдайларынан, яғни қан айналымы жүйесі ауруынан қайтыс болғандардың 2007 жылғы үлесі 51, 7% (51, 9) құрайды, қайғылы жағдайға ұшырау, улану және жарақат алу - 14, 2% (14, 6%), қатерлі ісіктен - 11, 5% (11, 6%) құрайды.
2007 жылы елімізде 1 жасқа дейінгі 4646 (4154) бала қайтыс болған, оның ішінде 2744 (2397) ұл бала, 1902 (1757) қыз бала. Балалар өлімінің коэффициенті дүниеге келген 1000 балаға 14, 6 (13, 9) қайтыс болған баланы құрайды. Өлімге алып келген негізгі себептері ретінде бала туылғанға дейінгі кезеңді айтуға болады. Осы кезеңде шетінеген сәбилердің жалпы саны 2007 жылы барлық сәби өлімнен 2187 (2060) сәбиге немесе 47, 1% (49, 6%) тең.
2007 жылы 2006 жылға қарағанда некеге тұрғандар мен ажырасқандар саны 6, 7% өскен және тиісінше 0, 8%, демек 146379 (137204) некеге тіркелу, 36107 (35834) ажырасу процесі болған.
Некелесудің жалпы коэффициенті 1000 адамға 9, 5 (9, 0) некеге тұруды, ал ажырасу 2006 жылғы деңгейде қалып, 2, 3% құрап отыр.
2007 жылы халықтың көші-қонының қалыпты айырмасы 10962 (33041) адамды құраған, оның ішінде ТМД мемлекеттерімен есептегенде 2846 (26364) адам. Республикамызға 53397 (66731) адам қоныстануға келсе, керісінше 42435 (33690) адам көшіп кеткен.
Қазақстанға көшіп келгендердің басым үлесі қазақтарда - 78, 2% (73, 0%), ал орыстар - 12, 5% (14, 0%), немістер - 1, 0% (0, 9%) . Қазақстаннан көшіп кеткендердің басым үлесі орыстарда - 69, 5% (67, 4%), немістер - 7, 1% (7, 3%), қазақтар - 5, 3% (6, 8%) .
Қазақстан Республикасы туралы жалпы мағлұмат

Қазақстан Республикасы - Еуразия құрлығындағы мемлекет. Құрлықтың орталық бөлiгiнде орналасқан. Республика жерi батыстан шығысқа 3000 км-ге, солтүстіктен оңтүстікке 1600 км-ге созылған. Коңыржай белдеудiң негiзiнен орталық және оңтүстік ендiктерiн, ал қиыр оңтүстігінде субтропикке өтпелi белдеудi қамтиды. Солтүстігінде Ресей Федерациясымен (ұз. 6467 км), оңтүстігінде Түрiкменстан (380 км), Өзбекстан (2300 км) және Қырғызия (980 км) республикаларымен, шығысында Қытаймен (1460 км) шектеседi, батысында Каспий т. (600 км) орналасқан. Жер аумағы 2724, 9 мың км2. Халқы 15 млн. -нан астам адам. Оның 9 млн-ға жуығы немесе 60%-дайын қазақтар құрайды. Республикада 131 ұлт пен ұлыстың өкiлдерi тұрады. Астанасы - Астана қаласы. Әкiмшілік жағынан 14 облыстан және республикалық маңызы бар 2 қаладан тұрады. Одан басқа Қазақстанда 85 қала, 160 аудан, 176 кент, 2237 ауылдық округке бiрiккен 7719 ауылдық елдi мекендер бар (2003; кестенi қ. ) . Мемлекеттiк тiлi - қазақ тiлi. Ұлттық валютасы - теңге, 1993 жылы 15 қарашада енгiзiлген.
Қазақстан экономикасы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz