Еңбек технология пәні шеберханасындағы құрал-жабдықтарды пайдалануда физикалық заңдылықтардың алатын орыны
Кіріспе
I тарау. Еңбек технология пәні шеберханасындағы құрал.жабдықтарды пайдалануда физикалық заңдылықтардың алатын орыны.
1. Технология пәні шеберханасындағы түрлі жұмыс бағытта пайдаланатын станоктардың тетіктері арасындағы беріліс түрлері, үйкеліс және электрлік тізбектерді жалғау туралы.
2. Материалдарды өңдеу барысында заттардың физикалық қасиеттерімен танысу.
3. Оқушыларға кәсіби бағдар берудегі физика кабинетінің ролі.
II тарау. Еңбек технология пәнінің жаратылыстану пәндерімен байланысы және оның кәсіби бағдар берудегі орыны.
1. Еңбек технология пәні мен мектеп физика курсының кәсіби бағдар берудегі ролі.
2. Өлшеу икемділіктері мен машықтарын қалыптастырудың негізгі принциптері.
3. Фронтальды тәжірибелер және лабораториялық жұмыстар өткізу барысында кәсіби бағдар беру.
4. Үйде жасалатын өлшеу жұмыстарының мәні және кәсіби бағдар беруді қалыптастыру мақсатында оқулықпен жұмыс істеу.
III тарау. Техникалық үйірмені ұйымдастыру және жоспарлау.
1. Техникалық үйірменің үлгілі жоспары.
2. Реферативтік жұмыстарда үйірменің ұйымдастыруда орындау жоспары.
3. Бағдарламаның мазмұны.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өткен жылғы Жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдың бірі Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттілігіне сай келетін осы замаңғы білім беру жүйесі қажет» деген болатын. Сонымен бірге 2006 жылғы 8 желтоқсандағы Шетел инвесторлары кеңесінің 16 отырысында техникалық және кәсіптік білім жүйесін дамыту жөнінде берген тапсырмаларын орындау, сондай-ақ техникалық және қызмет көрсету мамандарын даярлау жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев, техникалық ынтымақтастық жөніндегі Германия қоғамының аймақтық бюросының басшысы А.Клаузинт мырзамен бірге техникалық және кәсіптік білім саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы Меморандумға қол қойды.
Екі жақты Меморандумға Қазақстан Республикасындағы кәсіптік білімді дамытуға ықпал ету мәселелері бойынша қазақ-герман жобаларын іске асыру нәтижелері туралы бірлескен жұмыстың қорытындысы талқыланды.
Екі тарап Меморандумға сәйкесті «Қазақстан Республикасында кәсіптік білім жүйесін реформалау процесін қолдау» жобасын жүзеге асыруға Техникалық ынтымақтастық жөніндегі 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасында және Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасындағы келіссөздермен анықталған техникалық және кәсіптік білім жүйесін дамыту бағыттарын ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім саласында бірлескен жұмыстарды жалғастыру, министрлік жанынан жобаны тиімді жүзеге асыру үшін үйлестіру кеңесін құру, республика көлемінде тәжірибелік оқу алаңдары ретінде кәсіптік білім ұйымдарын анықтау.
Қазір елімізде, он екі жылдық білім беруге көшу жұмыстарын аяқталуға жақын. Он екі жылдық білім беру – бұл біздің мемлекетіміз үшін маңызды. 2008 жылдың қыркүйегінде ел тарихындағы елеулі оқиға болып есептелетін он екі жылдық білім беруге көшудің алғашқы қадамы басталады. Бұл әлемдік өркениет көшіне қосылуымыздың нышаны деп білеміз.
Оқушыларда мектепте орта білім алу барысында шығармашылық қабілеті ашылып өмірге ерекше көзқараспен қарау қалыптасады. Сондықтан оқушылардың өмірге бейімделуі ерекше орын алып мектеп оқыту барысында оқушылардың теориялық білімдерін дұрыс пайдалана білуіне дайындау қажет. Орта мектепте физика пәнін оқыту барысында оқушылар көптеген лабораториялық жұмыс жасайтыны белгілі. Физиканың бастапқы бөлімі механиканы оқуда қозғалыс түрлерімен, түрлі техниканың жұмыс істеу принциптерімен, ал молекулалық, электр, оптика, атом және атом ядросы бөлімдерінде, заттардағы құбылыстарды түсіндіретін әртүрлі заңдарды оқып зерттесе, келесі бөлімде халықшаруашылығында ерекше орын алатын электр тарауы мазмұнымен танысып, жарық туралы бөлімде оқушы қажетіне қарай, өздігінен әртүрлі схемалар мен макеттер жасай алатын дәрежеге жетеді. Сондықтан орта мектеп көлемінде физика пәнінің еңбекке баулуда орыны ерекше.

1. Қазақстан Республикасының Презинденті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына 2007 жылғы 28 ақпандағы жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»
2. Ағатаев А. Білім салаларын меңгеру сатылары. Қазақстан мектебі, №2, 61-64б.
3. Ағатаев А. «Механика және физика негіздері» пәндік білім жүйелері жайында. Математика және физика, №1, 2002, 7-8б.
4. Галомшток А.Е. Выбор профессии и воспитание личности школьника. М., 1989, 230с.
5. Коротов В.М. Самоуправление школьников, 2-е изд. Перераб. И доп. М., 1992, 164с.
6. Виноградова М.Д., Первин И.Б. Коллективная познавательная деятельность и воспитание школьников. М., 1987, 204с.
7. Муранов А.П. В мире необычных и грозных явлений природы. М., Просвещение, 1986, 210с.
8. Мултановский В.Н. Формирование мировозрения учашихся при изучении физики. М., Просвещение, 1976
9. Готт В.С. Философские вопросы современной физики. М., Высшая школа, 1972

Кіріспе.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өткен жылғы Жолдауында Білім беру
реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге
мүмкіндік беретін аса маңызды құралдың бірі Бізге экономикалық және
қоғамдық жаңару қажеттілігіне сай келетін осы замаңғы білім беру жүйесі
қажет деген болатын. Сонымен бірге 2006 жылғы 8 желтоқсандағы Шетел
инвесторлары кеңесінің 16 отырысында техникалық және кәсіптік білім
жүйесін дамыту жөнінде берген тапсырмаларын орындау, сондай-ақ техникалық
және қызмет көрсету мамандарын даярлау жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев,
техникалық ынтымақтастық жөніндегі Германия қоғамының аймақтық бюросының
басшысы А.Клаузинт мырзамен бірге техникалық және кәсіптік білім
саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы Меморандумға қол қойды.
Екі жақты Меморандумға Қазақстан Республикасындағы кәсіптік білімді
дамытуға ықпал ету мәселелері бойынша қазақ-герман жобаларын іске асыру
нәтижелері туралы бірлескен жұмыстың қорытындысы талқыланды.
Екі тарап Меморандумға сәйкесті Қазақстан Республикасында кәсіптік
білім жүйесін реформалау процесін қолдау жобасын жүзеге асыруға Техникалық
ынтымақтастық жөніндегі 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік білім
беруді дамыту бағдарламасында және Қазақстан Республикасы мен Германия
Федеративтік Республикасы арасындағы келіссөздермен анықталған техникалық
және кәсіптік білім жүйесін дамыту бағыттарын ескере отырып, техникалық
және кәсіптік білім саласында бірлескен жұмыстарды жалғастыру, министрлік
жанынан жобаны тиімді жүзеге асыру үшін үйлестіру кеңесін құру, республика
көлемінде тәжірибелік оқу алаңдары ретінде кәсіптік білім ұйымдарын
анықтау.
Қазір елімізде, он екі жылдық білім беруге көшу жұмыстарын аяқталуға
жақын. Он екі жылдық білім беру – бұл біздің мемлекетіміз үшін маңызды.
2008 жылдың қыркүйегінде ел тарихындағы елеулі оқиға болып есептелетін он
екі жылдық білім беруге көшудің алғашқы қадамы басталады. Бұл әлемдік
өркениет көшіне қосылуымыздың нышаны деп білеміз.
Оқушыларда мектепте орта білім алу барысында шығармашылық қабілеті
ашылып өмірге ерекше көзқараспен қарау қалыптасады. Сондықтан оқушылардың
өмірге бейімделуі ерекше орын алып мектеп оқыту барысында оқушылардың
теориялық білімдерін дұрыс пайдалана білуіне дайындау қажет. Орта мектепте
физика пәнін оқыту барысында оқушылар көптеген лабораториялық жұмыс
жасайтыны белгілі. Физиканың бастапқы бөлімі механиканы оқуда қозғалыс
түрлерімен, түрлі техниканың жұмыс істеу принциптерімен, ал молекулалық,
электр, оптика, атом және атом ядросы бөлімдерінде, заттардағы құбылыстарды
түсіндіретін әртүрлі заңдарды оқып зерттесе, келесі бөлімде
халықшаруашылығында ерекше орын алатын электр тарауы мазмұнымен танысып,
жарық туралы бөлімде оқушы қажетіне қарай, өздігінен әртүрлі схемалар мен
макеттер жасай алатын дәрежеге жетеді. Сондықтан орта мектеп көлемінде
физика пәнінің еңбекке баулуда орыны ерекше.
Өндірістің үнемі және біркелкі дамуының негізгі бұл күндері техникалық
білім мен жалпы білім беретін мектеп стандартымен тығыз байланысты.
Қазіргі дамыған дәуірде жалпы білім беретін мектеп оқушыларға тек қана
жеке ғылым саласы бойынша білім берумен, іскерлік пен білімділікті
қалыптастырумен өндірістің негізгі түрлерімен таныстырумен шектелмей,
белгілі бір ережеге сәйкес талап қою арқылы қабілетін біркелкі дамыту мен
білімін өндірісте пайдалануға негізделеді.
Оқушылардың жеке жұмыс жүргізуіне баса назар аударылды, міндетті
лабораториялық жұмыстың саны артып физикалық практикум күрделініп жоспарға
енгізілуде.
Алдыңғы қатарлы оқытушылармен тәжірибе алмасып, ізденістер жинақталып
қорытындылар жасалуда. Көптеген мұғалімдер оқушыларға жаттығу жұмыстарын
өткізуде саяхат және өндірістік практика материалдарын пайдаланады.
Оқушылардың техникалық қабілетін дамыту, кластан тыс жұмыс барысында
оқушының еріктелігінің, жеке қабілетінің ұйымдастыруының әсері бар.
Қазіргі мектепте оқушылардың қабілетін техникалық өндіріске қалыптастыру
мен жалпы міндетті методикалық шеберлікпен шыңдау мақсатында қойылған
міндеттердің мәні зор әрі айрықша.
Оқушылардың техника көлеміндегі шығармашылық қабілетін ұйымдастыруда
физика-техникалық үйірме ең негізгі формасы болып табылады. Политехникалық
білім берудің негізгі әрбір оқуды бітірушіге мамандықты таңдауына, алдағы
практикалық шеберлікке дайындық жасауына, жалпы еңбек тәртібінің
элементтеріне қалыптасуына мүмкіндік береді. Политехникалық білім мектеп
қабырғасында алған білімді шындайды. Әсіресе, оқушылардың политехника
саласында ойлау қабілетін, өрісін кеңейте отырып, кластан және мектептен
тыс практикалық ізденіске жол ашуына негізделеді. Техника шығармашылығы
балаларды және оқушыларды ғылым негіздерін жақсы меңгеруге көмектеседі,
және білімдерін практика жүзінде қолдануға итермелейді.
Жас техниктер үйірмесінде қатысушы оқушылар физика, химия, математика
формуласы мен заңдарын жан-жақты жетік түсінуге мүмкіндік алады.
Модельдерді жасау процесінде осы формалалар практика жүзінде пайдаланып
үлкен ізденіс жасауға мүмкіндік береді, және алға қойған мақсатына басшылық
жасайды. Осыған байланысты жұмыс үстіндегі қиындықтар кезінде сенімділігін
және ойлап табушылық қабілетін оқушылар, есеп шығару және лабораториялық
жұмыстар орындау үстінде шындайды. Оқушыларды еңбек сүйгіштікке, ой
өрісінің жақсы дамуына жас техниктер үйірмесінің орыны ерекше. Жас
техниктер, ең үлкен модельдерді сабаққа бірінеші жыл қатысу арқылы
құрастыра алады. Оларда техникалық есептеу дәлдігін қолдану мүмкіндігі
қалыптасады. Бұл жоғарыда айтылғандарды барлығы мектеп оқушыларының еңбекке
баулудағы ролін көрсетеді.
I-тарау. Еңбек технология пәні шеберханасындағы құрал-жабдықтарды
пайдалануда физикалық заңдылықтардың алатын орыны.
1. Технология пәні шеберханасындағы түрлі жұмыс бағытта пайдаланатын
станоктардың тетіктері арасындағы беріліс түрлері, үйкеліс және электрлік
тізбектерді жалғау туралы.
Еңбек пәні мен мектептегі физика пәні бір-бірімен тығыз байланысты
екендігі түсінікті. Сол байланыстарды ашып көрсету үшін еңбек сабағының
практикалық жағына айрықша көңіл бөлейік.
Айталық мектеп оқу шеберханасында ағашты өңдеу, түр беру, ою-өрнек
салу процесін қарастыруда, сынып оқушылары ең қарапайым құралдарымен істес
болады. Ал бұл құралдардың жұмысы әртүрлі берлістердің, ременді
берлістердің бір-бірімен үйлестірілген қызметіне байланысты. Осы мақсатта
механизмдердегі берілістер түріне тоқталайық. Бұл физикалық заңдылықтар
бойынша орындалатынын, оқушыларға ескеру қажет.
Ременді беріліс. Ременді берілісте жеке валдарға орнатылған екі
дөңгелек, шкивке тұйық жетекші ремень кигізіледі. Двигательмен жалғасқан
валдағы шкив жетектеуші шкив деп аталады. Егер шкивтің диаметрлері
бірдей болмаса, онда ременьдер сырғанамайды, екі шкивтің де шеңберлеріндегі
жылдамдықтар бірдей болғандықтан, олардың бірлік уақытта айналу саны
әртүрлі болады.
- жетектеуші шкивтің диаметрі және - оның бірлік уақыттағы
айналым саны. - жетектелуші шкивтің диаметрі, оның айналым
саны, - екі шкивтің шенберіндегі жылдамдық.
Сонда: және (1)
Бұдан: (2)
және: (3)
(3) теңдікті (2) теңдікке бөлсек
(4)
Шкивтердің уақыт бірлігіндегі айналым саны олардың диаметріне кері
пропорционал. қатынасы беріліс саны деп аталады. Осы мысалды
қарастырғанда сынып оқушыларының назарын келесі көріністерге аудару қажет.
Біріншіден, жетектеуші шкивпен жетектелуші шкивтің өлшемдері бірдей
болса, онда бірлік уақытта екі шкивтің айналым саны бірдей болады.
Сондықтан қажетті айнымды қамтамасыз ету үшін (4) формуланы пайдалану
қажеттігіне назар аударылады.
Екіншіден, шкивпен ремень арасында үйкеліс болатын түсіндіру керек.
Бұл үйкелес құбылысына тоқталып, өмірде машиналар қозғалысы кезінде олардың
дөңгелегінің жермен тиіскен жерінде үйкеліс болып, машиналар қозғалысқа
түсе алатын, физикадағы үйкеліс занының еңбек сабағының құрал жабдықтары
жұмысында кең түрде орын алатынына тоқталу керек.
Жетектеуші шкивпен ремень арасындағы үйкеліс күшінің арқасында
жетектелуші шкив қозғалысқа енеді. Егер шкивтің қимасынан ремень
сырғанамайтын болса, онда ременьді беріліс жақсы жұмыс істейді. Сырғанау
көбінесе ременьнің тартылуына және қамту бұрышына байланысты болады. Қамту
бұрышы деп шкивтегі ремень жатқан доғаны керетін центрлік бұрышты айтамыз.
Үшіншіден, сынып оқушыларына мектеп шеберханасында жұмыс істеу
кезінде өздеріне бұрыннан таныс, қамту бұрышын көрсетіп, центрлік бұрыштың
техникада пайдалануына назарларын аударып, еңбек пәні мен физика,
математика пәндерінің тығыз байланыста екендігін түсінеді.
Беріліс саны неғұрлым көп болса, соғұрлым жетектеуші шкивтің қамту
бұрышы кіші болады да ремень шкивтен көбірек сырғанайтын болады. Практикада
беріліс саны 5-тен артық не 15-ден кем берілісті пайдасыз беріліс деп
есептейді.
Фрикциялы беріліс. Фрикциялы берілісте екі дөңгелек біріне-бірі бір
күшпен қысыла тиісіп тұрады. Бір дөңгелек мысалы сағат тілі бойынша
айналғанда, үйкелістің нәтижесінен екінші дөңгелекте айналады, бірақ ол
сағат тіліне қарсы қозғалады. Осындай берілістің тігін машиналарында
дөңгелегі мен жіп орағышының арасында, айналыс санын өлшегенде тахометр
моторы балы арасында болады. Жалпы алғанда фракциялы беріліс аз қуат
жұмысалатын жерлерде қолданылыс табады. Осы берілісті мысалы, қыз балалар
тігін машиналарында әртүрлі жіптермен жұмыс істегенде жіптерді орау
кезінде кездестіретін практика жүзінде көрсетіп үйкелістің тағы да бір
қолданыс табатын жерін көрсетеді. Оқушыларға жылдамдық бірдей болғанда,
қуат әсер ететін күштің шамасына пропорционал екендігін ескертіп,
жетектелуші фрикциялы дөңгелекке әсер ететін күш дөңгелектердің арасындағы
үйкеліс күшіне тәуелді болады. Ал үйкеліс күші қысым күшіне тәуелді. Олай
болса үлкен қуатта дөңгелектер өте үлкен күшпен біріне-бірі тіресіп
тұрулары керек, осының салдарынан дөңгелектер орнатылған валдар майысып
кетуі мүмкін.
Тісті беріліс. Тісті дөңгелектер, немесе шестерналар арқылы
орындалатын беріліс техникада өте көп қолданылады. Тісті берілістер
көптеген станоктарда, қозғалысты двигательден станоктарға беру үшін
қолданылады. Шестерналардың жәрдемімен, айналмалы қозғалысты ілгерілемелі
қозғалысқа түрлендіруге болады. Қозғалыс шкивтен (бұл ременьмен
айналдырылады) валдардан және осы валдарға отырғызылған шестерналар
системасының жәрдемімен тісті рейкаға беріледі. Тісті рейка қанатты
стрелканың көрсетіліп тұрған жағына қарай ілгері қозғалады. Рейкамен бірге
станоктың рейкаға бекітілген үстелі қозғалады. Рейка шетіне жеткенде
айқасқан ремень айрықша тетікпен шкивке ауыстырылады. Мұнда рейка жай
стрелканың көрсеткен жағына қарай кейін қозғалады. Жетектеуші дөңгелектің
оборот санына және екі дөңгелектегі тістердің санына тәуелді болады. Бір
шестернанын тістері бар және ол секундына оборот жасайтын болсын, ал
онымен ілініскен шестернанын тісі бар және оборот жасайтын болсын.
Бір секунд ішінде ілінісу нүктесі арқылы бірінші шестернанын тісі, ал
екінші шестернанын тісі өтеді. Екі шестернанын өтетін тістерінің сандары
бірдей болатындықтан:
бұдан
яғни ілініскен шестерналардың әрқайсысын оборот саны тістерінің санына кері
пропорционал болады. Жетектеуші дөңгелек қалай айналса, станоктар да солай
айналатын болу үшін, аралық шестерна қолданылады. Керекті жылдамдық алу
үшін әртүрлі станоктарда жылдамдық коробкасы, ал автомобильдер мен
тракторларды беріліс коробкасы қолданылады. Оларда беріліс тісті
дөңгелектер арқылы орындалады.
1 беріліс.
5 шестерна 4 шестернамен ілініседі. вал валмен тікелей
ілініспейді. Двигательдің берілген оборот санын да жетектелуші вал
ен аз жылдамдықпен айналады. Бірінші беріліс үлкен күш алу үшін
пайдаланады. Бұл беріліс автомобильді орнынан қозғалғанда қолданылады.
2 беріліс.
6 шестерна 3 шестернамен ілініскен, 5 шестерна өзінің бұрынғы орнына
қайтады. вал вал тікелей ілініспейді. валдың айналу
жылдамдығы артады. Екінші беріліс автомобиль екпіндету үшін және қиындығы
орташа кедергілерді жену үшін қолданылады.
3 беріліс.
вал мен вал тікелей жалғасқан. 5 пен 6 шестерналар
аралық валдың шестерналарымен ілініспейді. Жетектеуші вал неше оборот
жасаса, жетектеуші вал сонша оборот жасайды. аралық вал бос айналады.
Бұл берілісте автомобиль ен үлкен жылдамдықпен қозғалуы мүмкін. Үшінші
беріліс автомобильдің үлкен кедергініденуді керек етпейтін жүрістерінің
барлығында да пайдаланады. Автомобильді шегіндіріп артымен жүргізу қысқа
оське орнатылған, 8 айрықша шестернанын жәрдесімен орындалады. Бұл шестерна
аралық валға орнатылған 7 валмен әр уақыт ілінісіп тұрады.
Автомобильдің шегініп артымен жүруі оның маневр жасауына керек (тар жерден,
тұйық жерден бұрылу үшін, кейін жүру үшін т.с.с.). Бұл берілістің екінші
бір беріліске көшу айрықша механизмнің жәрдемімен орындалады. Ілініс
автомобильдің күш берілісін двигательдің валынан уақытша ағыту үшін керек,
уақытша ағыту беріліс коробкасында шестерналарды ауыстырып тістестіру үшін
және автомобильді тормоздау үшін қажет. Мұнымен қатар ілініс автомобильдің
тұрған орнынан бірқалыпты қозғалуына мүмкіншілік береді.
Мектеп шеберханасы құрал-жабдықтары тетіктері арасында валдарға
орнатылған подшипниктерде, домалау және сырғанау үйкелісі болады. Себебі
подшипник валдар ұшына орнатылып, оның еркін және бірқалыпты айналысқа
енуін қамтамасыз етеді. Яғни айтқанда, үйкеліс шамасы барынша азаяды.
Сонымен табиғаттағы негізгі құбылыс үйкеліс құбылысымен оқушылар танысып,
үйкелістің бірнеше түрге бөлінетін біліп, бұл табиғат құбылысы физика
заңдары арқылы орындалатына көздері жетеді.
2. Материалдарды өңдеу барысында заттардың физикалық қасиеттерімен танысу.
Материалдың беріктілігі басқа материалдарға қарағанда едәуір жоғары
болады, сондықтан машиналардың, механизмдердің және көптеген құрылыстардың
детальдары әдетте металдан жасалады. Кесетін саймандарды және басқа
саймандарды жасау үшін, арнаулы саймандық болаттар қолданылады. Масалы,
өлшеуіш саймандар құрамына хромның, никельдің, молибденнің, марганецтің
қоспалары кіретін болатын айрықша сортынан жасалады. Құрамы осындай болатты
қыздырып суарғаннан кейін оның беріктігі өте жоғары болады. Материалдардың
серпімдік қасиеттері машина жасау ісінде кен түрде қолданылады. Машина
жұмыс істеген кезде, оның детальдарына әртүрлі күш түседі, осы күштердің
әсерінен олар деформацияланады. Бұл деформациялар, әрине, қалдық деформация
болмауы керек, олай болғанда машина жұмысты істей алмас еді. Машинаның
детальдарының кейбіреулері қысқарар еді, екіншілері керісінше, ұзарар еді,
үшінші біреулері майысар еді. Ақырында барып машина жұмыс істей алмай,
тоқтап қалар еді. Металдардың пластикалық қасиеті оларды қысыммен өндеуде –
прокаттауда, созуда, штамптауда, соғуда пайдаланады. Металды қысымнан
өңдеуді соғу деп атайды, соғуда металдың сыртқы формасы да, ішкі құрылысы
да өзгереді. Соғудың екі түрі болады: еркін соғу және штамптап соғу.
Детальдарды штамптау престердегі және механикалық немесе гидравликалық
балғалардағы болат штамптардың жәрдемімен орындалады. Мысалы, металл табақ
екі жарты форманын-штамп пен материяның арасына салынады. Гидравликалық
немесе басқа бір арнаулы пресс штампты басады. Металл табақ майысады және
қалдық деформацияның нәтижесінде керекті формаға түседі. Түрлі металдарды:
болатты, жезді, аллюминийді, пластмассаны, картонды т.б. штамптауға болады.
Ыдыс-аяқтар, автомобильдің, самолеттердің корпустары, сағат механизмдерінің
тетіктері т.б. штамптау тәсілімен дайындалады.
Созу деп қысыммен өңдеудің, өңделетін металды металл пластинкалардағы
(созу тақталарындағы) біртіндеп тарыла беретін тесіктерден өткізіп алып
тартып созатын түрін айтады. Тесіктер (көздер) қуатты болаттан істелген
конус тәрізді болады. Сымның әртүрлі сорттары жіңішке трубалар, өлшуелері
дәл түрліше профильді шыбық тәрізді материалдар т.б. созу тәсілімен
дайындалады. Сымды плитадағы конус тәрізді тесіктен өткізіп алып созып
тартады.
Прокаттау – металды керекті профильге келтіру үшін жүргізеді.
Прокаттау тісілімен құйма болаттан, сондай-ақ түсті металдардан және
қорытпалардан табақтар, сортты және фасонды профильдер, трубалар жасалады.
Прокаттау арқылы жасалатын продукция не дайын бұйымдар (рельстер, балкалар,
трубалар) не соғып, штамптап созып немесе кесіп өңдеуге жататын
заготовкалар болады. Прокаттау процесінде қыздырылған құйма немесе
заготовка-болванка прокат станының айналып тұратын валдарының арасынан
өткізіледі. Мұнда заготовканың формасы өзгереді, сондай-ақ оның көлденен
қимасы кішірейіп ұзындығы керекті шамаға дейін артады. Жоғары
температурада, икемге көнгіш келіп, пластикалылығы артады. Температурасы
төмендегенде металдың пластикалылығы кемиді және деформацияға жөнді
көнбейді. Осыған байланысты металдарды және қорытпаларды қызған күйінде
прокаттауға тырысады. Сұйық күйінде прокаттау тек жұқа бұйымдарды (металл
ленталарды, пружиналарға арналған табақтарды) жасау үшін қолданылады.
Меншікті салмағы аз және беріктілігі жоғары болатындықтан, ағаш өте құнды
құрылыс материалы болып табылады. Ағаш құрылыстарының бір кемшілігі – ұзақ
уақыт шыдамайтындығы және көп жағдайларда қомақты болатындығы.
Кейінгі жылдары әртүрлі мақсаттарға жасанды материалды-пластикалық
массалар қолданылатын болды. Оларды жасау үшін әртүрлі шайыр (смола)
қолданылады. Мысалы, сынбайтын мына пиексигиас-ацетон, метил спирті және
синиль қышқылынан жасалатын смоладан істелінеді. Пластмассалардан бұйымдар
көбінесе престеу тәсілімен жасалады, құю тәсілді де қолданылады.
Пластмассаның үзілу беріктілігі 300-600 кгмм2, шамасында, ал соғылу
беріктілігі бұдан екі-үш есе көп болады. Пластмассалар жөнінде толығырақ
мәсіметтер әдебиеттерде берілген.
Тәжірибе дене балқығанда оның көлемі өзгеретіндігін көрсетеді.
Балқығанда заттардың көпшілігінің көлемі артады, қатайғанда кішірейді.
Бірақ балқығанда көлемі кішірейіп, қатайғанда көлемі үлкейетін заттар да
бар. Мысалы, осындай заттардың бірі мұз, балқығанда (ерігенде) оның көлемі
10% шамасында кішірейеді. Мұзбен судың бұл қасиетінің табиғат пен техникада
үлкен маңызы бар екендігі мәлім. Суға қарағанда тығыздығы аз болатындықтан
мұз судың бетінде қалқып жүреді. Мұздың қабаты, жылу өткізгіштігі нашар
болғандықтан, өзінің астындағы судың массасын қату температурасына дейін
судан қорғап тұрады. Водопровод трубалары суықтан қорғалған болу керек,
өйткені ішіндегі су қатып қалса мұздық көлемі судікінен артық
болатындықтан, трубалар жарылып кетуі мүмкін. Балқығанда көлемдері
үлкейетін заттың қысым артқан кезде балқу температурасы жоғарылайды, ал
балқығанда көлемдер кішірейетін мұз бен май сияқты заттардың қысым артқан
кезде балқу температурасы төмендейді.
Арнап жасалған престердің жәрдемімен бірсыпыра заттарға ондаған мың,
тіпті жүздеген мың атмосфера қысым түсірілген. Осындай өте зор қысымдарда
кейбір заттарда бұрын жоқ бірқатар қасиеттер пайда болған. Мысалы, қалыпты
қысымдағы көлемінің ¾ бөлігіне дейін сығылған су ыстық күйінде қатып
қалады, зор қысым түсірілген мыс сұйық сары майдай ағады, ал сутегі
қалындығы 5 см. шамасындағы болат пластинкадан өтіп кетеді.
Металдарды құю. Құю өндірісі металдардың қыздырғанда балқитын, ал
суытқанда қататын қасиетіне негізделген. Құю өнідірістерінде ішінде металл
қатырылатын арнаулы формаларға сұйық металдарды толтыру жолымен әртүрлі
детальдар жасалады. Формалары күрделі детальдарды жасап шығарудың бірден
бір жолы оны құю болып табылады. Металдың барлығынын да суығанда сызықтық
өлшемдері кішірейтіндіктен, модельді құймадан кішіреюдің шамасындай үлкен
етіп жасайды. Металдардың және қорытпалардың түріне қарай кішірею 1-ден
2,5%-ке дейін болады. Детальдің моделін астына төселетін
қалқанның үстіне қояды да опокамен жабады. Опока шойыннан, болаттан
немесе аллюминий қорытпаларынан жасалған түпсіз және қақпағы жоқ жәшік.
Форма жасалатын қоспа пластикалы, беріліктілігі жеткілікті, отқа төзімді
және газ өткізгіш болу керек. Модельді қалқанның үстіне орналастырып,
опокамен жапқаннан кейін, опоканы форма жасалатын қоспамен толтырып, оны
тығыздайды. Тығыздап болғаннан кейін артылып қалған қоспаны опоканың
бетінен сызғышпен қырып алып тастайды. Осыдан кейін опоканы төнкеріп оның
үстіне екінші (үстінгі) опоканы әкеліп қояды да қаданың моделін
орналастырады, бұл қада формаға сұйық металл құйылатын тесік жасау үшін
керек. Екінші опоканы да форма жасалатын қоспамен толтырып, біріншідегідей
тығыздалды. Осыдан кейін модельді формадан суырып алады. Онан кейін
(төменгі) форманы жоғарғы формамен жабады. Жоғарғы опока астынғы опокамен
мықтап бекітіледі де, форманы үстіне жүк қойып тесік арқылы формаға
сұйық металл құйылады. Қаданың орнында қатып қалған металл қалдығы
бар құйма көрсетілген, бұл қалдық кейін кесіп тасталады. Балқыған сұйық
металды арнаулы машина 5 атмосферадан 60 атмосфераға дейінгі қысыммен
металл формаға айдап кіргізеді. Қысыммен құю өнім алынатын, балқу
температурасы жоғары емес түсті металдарда қолдана алды. Центрден тебу
тәсілімен құюдың схемасы кескінделген. Центрден тебу тәсілі мен құюда сұйық
металмен толтырылған форма жылдам айналдырылады, сонда сұйық металл
формасының қуыс қуысының барлығын толтырады. Айналдырған уақытта пайда
болған күштің әсерінен заттар өздерінің тығыздықтарына қарай қабатталып
орналастырылады, сондықтан металдың ішіндегі газдар ішкі қуысқа жиналады.
Бұл құйманың ішіндегі зиянды газ раковиналардың болына жол бермейді.
3. Оқушыларға кәсіби бағдар берудегі физика кабинетінің рөлі.
Физика кабинетіндегі приборларды күтуге, қолдан приборлар және
көрнекі құралдар жасауға мектеп оқушыларын тарту, олардың еңбекке деген
ынтасын, көзқарасын қалыптастырады. Бұл болашақ оқушыларға мамандық
таңдауға өз көмегін тигізеді.
Көптеген мектепте қазіргі кезде бейімдік оқыту әдісі қолданыс табуда.
Бұл мектептер жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқушылардың терең игеруіне
мүмкіндіктер пайда етеді. Сонда физика, химия, биология пәндерінен
лабораториялық және демонстрациялық сабақтарды меңгеру, оқушылардың өз
бетінше іздніс жасауына, еңбек етуіне мәжбір етеді. Мектептегі жұмыс
жасайтын әртүрлі үйірмелер: радио және электротехника, қолдан
приборлар жасау, конструкторлық бюро, техникалық, кинодемонстратор
оқушыларға тәжірибелік білім беру мен бірге теориялық білімдерінің
жетілуіне ықпал жасайды. Олардың барлығының жұмысын мектепте физикалық клуб
біріктіреді. Әрбір клуб мүшелері (IX немесе X сынып) оқушылары VI-VII сынып
оқушылары арасынан өздері қарамағына үйренушілер алғандары болады. Бұл
жоғары сынып оқушылары өздерінің білгендерін қарамағындағы оқушыларға
үйретеді (электрощитті пайдалану, техникалық құрал-жабдықтар арқылы
демонстрациялар жасау, құрал-жабдықтарды жөндеу, әртүрлі күрделі емес
приборларды жөндеу және жаңадан құрастыру т.б.). Үйренуші оқушылар бірнеше
жыл бойына клубта еңбекке дағдылануға үйреніп, белгілі бір мамандық иесі
болып шығады. Мысалы, қаладағы №12 орта мектепте физиканы тереңдетіп оқыту
бағыты бойынша бітіргендер, әртүрлі өлшеу приборларын пайдалануды (омметр,
амперметр, электр счетчик), құрал-жабдықтарды пайдалануды біліп шығады. Бұл
оқушылар мектепті бітірген соң қысқа курстарда жұмысшы мамандықтарын
қыйналмай оңай меңгеріп кетеді де еңбекке қысылмай араласа алады. Ал
жоғарғы оқу орнына түскендер физика, химия, биология, информатика
пәндерінің лабораториялық сабақтары кездерінде өздерін өлшей құралдарын
пайдалануға икемді екендігін тез арада көрсетіп, оқу тобы студенттері
арасында беделге ие бола алады.
Физикалық кабинет, оқушылардың мамандығының физикаға негіздеген
түрлерінің алғашқы таныстыру орталығы бола алады. Мысалы: электрик
мамандығы физикадағы Ом заңы ережелерін жетік білуде, электр тоғы,
кедергілер, олардың шамаларын білу қажеттігін пайда етеді. Кабинет көрнекі
үгіт жұмысын жүргізу, өндіріспен таныстыру бағытында дидактикалық
материалдар жинақтап, бұл материалдар көмегімен оқушыларды еңбекке баулып,
оларға мамандық таңдауға көмектеседі:
а) Физика және техниканың жетістіктері туралы стенд. Бұл стендтердің
негізгі мазмұны өндіріс орындары салаларында, ауылшаруашылығында физика
және техникаға байланысты жетістіктер, сонымен бірге осы өндіріс орынын
құрайтын негізгі мамандықтарға арналады.
б) Фото стендтер. Мектеп бағдарламасына сәйкес оқушыларды еңбекке
баулуға бағытталған өндірістік-техникалық иллюстрациялы материалдар
жиынтығы. Оларды әзірлеуде экскурсияға барғанда суретке түсірген фото
әуесқой оқушылар қатысады. Мысалы, VI сыныпта гидравликалық машиналар
тақырыбына, гидравликалық негізде жұмыс істейтін самосвал-автомашина
көтергішінің, гидравликалық престін, сонымен бірге ауылды мекендердегі
мектеп оқушылары, гараждағы гидравликалық техникалар суретін түсіру т.б.
Техника туралы мәліметтер, мысалы оның көтеруші тетігінің физика заңына
бағынатынын фото стендте өз алдына айтылып, оларды басқаратын адамдар
туралы мәліметті стендте тиісті жерге ілу еңбекке баулуға көп жолдың бірі
болады.
в) Механизмдер бөлшектері мен деталдар жиынтығы. Физика сабағында
лабораториялық құрал-жабдықтармен бірге әртүрлі техникалар бөлшектерін
демонстрация жасап көрсету пайдалы болып табылады (автомашиналар, басқа
техникаларда болатын монометрлер, спидометрлер, температуралық датчиктер,
электр лампалары, донкраттар, электр жарығын айырып қосқыштар т.б.).
Бұларды таңдау жергілікті мүмкіндіктерге байланысты және еңбекке баулудың
жалпы бағдарламасы бойынша анықталады.
г) Диафильмдер мен фототека, кинофильмдер. Диафильмдер өндіріс
озаттары жөнінде, өндірісте пайдаланатын техникалар жөніндегі бағытта
болады. Жұмысшы мамандықтары жайлы мәліметтер диафильмдердің тақырыбына
кіреді. Фототекаға келетін болсақ, таспаларға жазылған әртүрлі заңдардың
және құбылыстардың техника жүзінде қолданылуы, сонымен бірге техникалық
прогрестің өндіріске ықпалы, шығармашылық және әртүрлі мамандық иелерінің
біліктілігін арттыру мәселелері жөнінде т.б. сөз болады. Кинофильмдерде
физика тәжірибелері, мысалы, Ньютон заңдары, Бүкіл әлемдік тартылыс заңы,
электролиз, трансфорлар оларды пайдалану т.б. процесті нақты көрсетіліп,
оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырса, өндіріс орындарындағы
көтергіш кран жұмысы, егін орған комбайн жұмысы, паравоздаң, автомашина
двигателінің жұмыс істеу т.б. көрсету техникаға деген қызығушылығын
арттырып, еңбек адамының жұмыс туралы кинофильмдер еңбекке баулуға үлкен
үлес қосады. Бұл жұмыстардың барлығын өтетін жері физика кабинеті болып
табылады.
Демонстрациялық әдістер:
Демонстрациялық (көрсетулер) оқудағы көрнекілік принципін іске
асырудың маңызды жолы болып саналады. Бұл топтағы әдістерді, сабақтарда
қолдану барысында оқушылар техникалық объектілермен процестерді нақты
немесе олардың моделі және шартты белгісі түрінде қабылдауға мүмкіндік
алады. Алдынғы немесе соңғы жағдайларда да демонстрациялар статистикалық
немесе динамикалық болуы мүмкін. Олар алынатын білімнін сезімдік негізін
құра отырып, соған байланысты оқушыларды оқылатын процестермен техника
объектілері туралы дұрыс түсініктерді қалыптастырады. Оқу шеберханасындағы
сабақтардағы демонстрациялар көрнекілікті ғана жасалмай, білім көзі және
оқушылар оқитын объекті болып саналады. Мысалы: сүргінің, станоктар мен
ағаш түрлері сияқты объектілерді көрмей отырып оқып білуге болмайды. Еңбек
операцияларын орындаудың дұрыс тәсілдерін, егер мұғалім олар туралы айтпаса
және көрсетпесе, игере алмайды. Демонстрацияға байланысты оқушыларда
техникалық объектілермен процестердің көрінетін бейнелері қалыптасады.
Сонымен, оқу шеберханаларындағы сабақтарда қолданылатын демонстрацияларды
мына топтарға біріктіруге болады:
- нақты процестер мен объектілерді демонстрациялау;
- көрнекті құралдар мен графиктік көріністерді демонстрациялау;
- кинофильмдерді демонстрациялау;
- жұмыс тәсілдерін демонстрациялау.
Демонстрациялардың атап айтылған түрлерінің ерекшеліктері мен сабақта
қолдану әдістерімен қарастырайық. Оқу шеберханасында мұғалім оқушыларға
оқылатын материалдар мен бұйымдар үлгілері, ебдейлік деп берілген қимылды,
әсерді, біліммен элементарлық тәжірибе, дағды негізінде адамның табысты
түрде орындау қабілетін айтады. Бөтен тәжірибенің естіп және көріп
қабылдануы оқушыларға берілген қимылдың қалай орындалатыны туралы түсінік
береді. Мұның өзі алдағы жұмысқа инструкция есебінде болады, ол іскерліктің
қалыптасуы үшін, оқушының өзі берілген қимылды орындауы керек. Бірте-бірте
қимылды орындау барысында бөтен тәжірибе, оқушының өз тәжірибесіне
айналады. Қимылдар реттеліп оқушы бірте-бірте олардың құрылымын игереді.
Алдымен әрбір қимыл жеке-жеке болуы және темпте орындалады, және ол келесі
этапта жасанды ойналады.
Мектеп технология пәні кабинетімен физика пәні кабинетінің оқушыларға
кісіби бағдар берудегі алатын орыны бір-бірімен тығыз байланысты.
Технология пәні кабинетіндегі, әсіресе технология пәніне кіретін ағаш,
метал өндеу шебарханасындағы әртүрлі станоктардың жұмысы, олардағы негізгі
тетіктер, берілістер, басқару тетігі, мұның бәрі физикалық заңдылыққа
бағынып, кәсіби бағдар беруде ерекше роль атқарады.
Басқару тетіктерін электр желісімен қосу және ол бойынша станок арқылы
қажетті детальды дайындау оқушылардың қызығушылығын пайда етіп, бұл
мамандық түріне деген ынтасын дамытып, кәсіби бағдар алуға бағыттайды.
II-тарау.
1. Еңбек технология пәні мен мектеп физика курсының кәсіби бағдар
берудегі ролі.
Оқу-тәрбие процесін түбірімен жақсарту ісінде: оқушылар білімінің
сапасын арттыру проблемалары, бұл білімдердің практикалық қызметтің барлық
салалары мен байланысын жақсарту, жеке адамнан ғылыми-дүниетанымдық және
саяси-әлеуметтік ұғымдарын қалыптастыру, сондай-ақ мектеп бітірушілерді
қоғамдық пайдалы еңбек түрлеріне дайындау мен кәсіби бағдар беру
проблемалары басты орын алады..
Бұл міндеттердің қай-қайсысын шешуде болмасын, мектеп курсының рөлі
өте зор. Ол оқушылардың политехникалық дайындығын жетілдіруге жәрдемдесетін
физикалық білімдерінің жүйесін, олардың диалектикалық-материалистік дүние
танымын қалыптастырады.
Еңбек технология пәнімен қатар физиканы оқыту VI кластан басталады.
Сондықтан оқушылардың икемділіктері мен машығының жүйесін қалыптастыратын
бұл пәннің ең алғашқы әрі басты негізі физиканы оқытудың дәл осы алғашқы
жылдарында орындала бастайды.
Еңбек технологиясы пәнін оқытудың осы алғашқы сатыларында алынған
білімдердің бәрі де курстың келесі сатыларында одан әрі жетіле түседі және
оның жемісті болуы, көп жағдайда, бастапқы негіздің берік қалыптасуына
тәуелді болып келеді.
Қазіргі кезде халық шаруашылығының, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету
салаларының ішінен, өлшеу жұмыстары кеңінен қолданылмайтын бірде-беруін
атап өту мүмкін емес. Осы замаңғы өндіріс пен халық шаруашылығында өлшеу
рөлінің өскені соншалық, біздің елімізде химия, радиоэлектроника, самолет
құрылысы т.б. өндіріс салалары үшін жұмсалатын шығынның 20-30% өлшеу
техникасын жабдықтауға жұмсалады. Өнеркәсіп көлемінің 40% жуығында өлшеу
жұмыстары тікелей өндірістік процеске кіреді.
Халық шаруашылығында өлшеудің негізгі үш түрлі қызметін атап көрсетуге
болады:
1. Халық шаруашылығының өнімдері: масса, ұзындық, көлем, энергия
өлшемдері бойынша есептелінеді;
2. Техникалық параметрлерді өлшеу, процестерге сипаттама беру, ғылыми
зертеулер мен сынықтар үстінде заттар құрамы мен қасиеттерін
анықтау және өнімдерге бақылау орнату;
3. Байланыс пен транспорттың бір қалыпты қызметін қамтамасыз ететін
техникалық процестерді ретке келтіру мен бақылау орнатуға
байланысты өлшеулер.
Қаладағы болсын, селодағы болсын, қазіргі өндіріс, барған сайын жаңа
жабдықтармен толықтырылып келеді, ал бұларды меңгеру, өлшеу машығы мен
білімнің белгілі бір деңгейін талап етеді. Жалпыға бірдей орта білім
беретін мектептердің оқушыларында қалыптасатын өлшеу икемділіктер мен
машығы жаратылыстану ғылыми циклындағы пәндерді оқыту кезінде политехнизм
принципін жүзеге асыруда үлкен роль атқарады. Ал мұның өзі мектеп
бітірушілердің өндіріс пен ауалшаруашылығының, мәдениеттің алуан саласына
араласып кетуіне мүмкіндік береді. Бұлай болатын себебі, атап айтқанда,
өлшеу приборларын, өлшеудің жаңа тәсілдері мен әдістерін жасап шығаруда дәл
осы физиканың ролі басым. Барлық өлшеулердің ішіндегі ең бастылары болып
табылатын физикалық шамалардың эталондары да физикалық теориялардың
негізінде жасалған. Әртүрлі өлшеу жұмыстарын жасап үйрену, кәсіби бағдардың
бастамасы болып табылады.
Өлшеу эксперименттің құрамдас бөлігі. Физика заңдары өлшеу
құралдарының көпшілігінде қолданылады. Өлшеу құралдарын негізгі көмекші
құралдар деп бөлуге болады. Өлшеудің негізгі құралдары өлшеуіштерге және
өлшеу приборларына бөлінеді. Өлшеу құралдарын пайдалана отырып, сіз өлшеу
қондырғысын құрастыра аласыз.
1. Өлшеуіш – берілген шаманың бір немесе бірнеше белгілі мәндерінің
орнына жүретін дене немесе құрылғы. Өлшеуіштер мен олардың
жиынтықтары сіздерге белгілі. Оларға жататындар: кір тастары мен
олардың жиыны, механикалық жүктердің жиыны, кедергілер жиыны,
сызғыштар, өлшегіш цилиндрлер.
2. Өлшеуіш прибор дегеніміз - өлшенетін шаманың мәнін тікелей
есептеуге мүмкіндік беретін өлшеу құралы. Өлшеуіш приборлардың
мысалына манометр, барометр, амперметр, вольметр, электр
энергиясын есептегіш жатады. Бұлардың ішінде алғашқы төрт прибор
– көрсетпелі приборлар деп аталады: ал соңғысы – цифрлы өлшеуіш
приборлардың мысалы бола алады.
Өлшеу деп физикалық шамалардың мәндерін тәжірибе жолымен және арнайы
техникалық құралдар арқылы табуды айтамыз. Өлшеу сипаттары төмендегідей
болуы мүмкін: мұнда іздеп отырған шаманың мәні тәжірибе нәтижелері бойынша
тікелей табылады;
Жанама өлшеу, мұнда іздеп отырған мәні осы шамамен тікелей өлшеулер
жолымен анықталған шамалардың арасындағы белгілі байланыстарға негізделе
отырып табылады. Мәселен, үлкен валдың диаметрін анықтау үшін рулетка
арқылы вал шеңберінің ұзындығын табады. Ал геометриядан шеңбер ұзындығы
-дің мәні шамасына тең екені белгілі. Демек, абсолюттік
өлшеу, бұл бір немесе бірнеше негізгі шамаларды тікелей өлшеуге
негізделген;
Салыстырмалы өлшеу, бұл өлшенетін шаманың бірлік ролін атқаратын
онымен аттас шамаға қатынасы, немесе шамаларды бастапқы негіз ретінде
қабылданған аттас шамамен салыстыра өлшеу. Өлшеу құралдары және оны
пайдалану жолдары, тұтастай алғанда, өлшеу методын білдіреді. Оқу
процесіндегі тікелей және жанама түрде өлшеу мәселесінің тағы ерекшелігі
бар. Орын ауыстыру, уақыт, күш тәрізді шамаларды анықтау әдісі қарапайым
әрі кеңінен таралған өлшеу приборлары – сызғыш, секундомер, динамометр
арқылы тікелей өлшеуге негізделген.
Тікелей өлшеу әдістері екі топқа бөлінеді:
1. Тікелей бағалау әдісі.
2. Салыстыру әдісі.
Тікелей бағалау әдісінің мәні мынада: мұнда барлық өлшенетін шамалар
немесе осы шамалардың күлді әсер-ықпалы бағаланады. Шкалалары өлшенетін
шаманың бірліктерімен белгіленген стрелкалы приборлармен өлшеу осыған мысал
болады. Мұндай приборларда тек механикалық түрлендіргіштер немесе
механикалық және электр түрлендіргіштер бірлікте қолданылып қана қоймайды.
Тікелей бағалау әдісіне мәселен, жылдамдықты тахометрмен, үдеуді
акселерометрмен, күшті динамометрмен өлшеудің жатқызуға болады.
Екінші топтағы тәсілдер салыстыру әдісі деген жалпы атпен
біріктірілген. Өлшенетін шама үлгі ретінде алынған өлшеммен - өлшеу
бірліктерінің заттық үлгісімен немесе оның еселік, яғни бөлік мәндерімен
салыстырылатын өлшеу әдістерін бәрі салыстыру әдісіне кіреді. Оқушыларды
осындай әртүрлі өлшеу әдістерімен таныстыра отырып, оларға мектеп еңбек
технологиясы кабинетіндегі өлшеуіш құралды біріп, әртүрлі заттардың
ұзындықтарын өлшеу, салмағын өлшеу, электр энергиясын есептейтін
есептегіштің (счетчиктің) көрсетуін бақылау арқылы кәсіби бағдар берудің
алғашқы бастамасы басталады. Өздерінің жүргізген өлшеулері арқылы оқушылар
жеке-жеке қорытындылар жасап еңбекке баулынады. Әртүрлі оқушылардың өздерін
жүргізген өлшеу жұмыстарын мұғалім мамандық түрлерімен байланыстырып,
масыла: электр өлшеуіш құралдармен жұмыс кезінде оқушыларға электрик,
электромеханик, электромонтажник, электр аспаптарының технигі т.б.
мамандық түрлерімен таныстырып кәсіби бағдарды оқушыларға сабақты өту
үстінде арнаулы уақыт бөлмей-ақ жүргізе алады.
2. Өлшеу икемділіктері мен машықтарын қалыптастырудың негізгі
принциптері.
Адам меңгерген білімінің, икемділік пен машықтық жалпылануы дамудың ең
маңызды көрсеткіштерінің бірі екені бізге белгілі. Кәсіби бағдар беруге
оқытудың маңызды бір сипаты, оқушылардың ой қызметінің жалпы әдістерін
қалыптастыру болып табылады, ал мұның мәнісі мынада: оқушыларға олар оқитын
заттарда бар ортақ қасиеттерді ғана көрсетіп қоймай, сонымен бірге осы
заттармен жасалатын іс-әрекеттегі, соның ішінде ой қызметіндегі жалпылама,
ортақ ерекшеліктерді де айқындап көрсете білу керек. Қатаң бағдар беру
негізінде кейде шартты түрде алгоритмдендірілген бағдар беру деп атайды.
Мұнда мұғалімнің іс-әрекетті орындау тәсілдерін толық көрсетіп, бұл іс-
әрекеттерді буындарға бөледі және оның дұрыс орындалуын қамтамасыз етеді.
Ол әсіресе физиканы оқытудың бастапқы сатыларында жиі қоланылады. Мысалы,
денені рычагты таразында өлшеу икемділіктерін қалыптастыру кезінде мұғалім
алдымен қандай да бір денені демонстрация столында өлшеп көрсетеді.
Оқушылардың таразымен және ұсақ кір тастармен жүргізетін іс-қимылы
мұғалімнің нұсқауы бойынша өтеді: таразының тепе-тендік қалыпта тұрған
тұрмағанын тексереді, таразының табағына өлшенетін затты қояды, ұсақ кір
тастар қорабын ашады, пинцетті алады, т.с.с. Әрбір іс-әрекетке осылайша
үйрету тар өрісті ғана қалыптастырады, әйтсе де ол жаңа тарауды оқып
үйренудің алғашқы қадамдарында қажет те. Қалыптастырудың мұндай жолымен
оқушылар кез келген жаңа тапсырмаға айқын бағдар беретін белгілері бойынша
талап қоюды үйренеді, бірақ ол белгілерді әлі де бір-бірінен бөліп ала
алмайды.
Оқушылардың өз беттерімен жүргізетін практикалық жұмыстары кезіндегі
ой қызметінің белсенділігін арттыру туралы мәселе де жеткілікті шешімін
таппай келеді. Лабораториялық жұмыстарды орындау кезіндегі сыртқы
белсенділігіне қарап, олардың іс-әрекеті саналы ойлаудан туғаны және ой
қызметін дұрыс пайдаланғаны жөнінде кесіп айта қою қиын. Лабораториялық
жұмыстардың мазмұнына талдау жасау, оқушылардың әрбір жұмысты орындауға
жіберген уақытының мөлшері, сондай-ақ бұл жұмыстарды орындаудың
педагогикалық тиімділігін айқындау дайындықтың кезендік құрылымын (1 схема)
және оқушылардың физикадан лабораториялық жұмыстар жүргізу арқылы алған
білімі мен өлшеу машықтарының жүйесін (2 схема) айқындауға мүмкіндік
береді.
Өлшеулер комплексін жүргізу және
III өлшеулер нәтижесін өндеу:
кезең Әрбір тікелей өлшеулердің нәтижесін
дұрыс жазу
Тәжірибенің түпкі нәтижесін дұрыс
жазуы икемділігі
Қарапайым өлшеулерді жүргізу:
II 1. Әрбір өлшеу жұмысы үшін өлшеудің санын таңдап
кезең алу қажетті.
2. Өлшеу приборының шкаласындағы нәтижені оқу.
3. Өлшеулер нәтижелерін дұрыс белгілеу.
I Өлшеу приборын меңгеру:
кезең Қажетті құрал-жабдықтарды және өлшеу приборларын таңдап
алу.
Тәжірибе жүргізуге арналған қондырғыны құрастыру.
Өлшеу диапазонын таңдап алу және өлшеу приборларының шкала
бөліктерінің құнын анықтау.
Өлшеу приборлары мен қондырғының өлшеуге дайын екендігін
тексеру.
1-схема
2-схема
Өлшеу машықтарын қалыптастыруда мұғалімнің бұл 1 схеманы пайдалануы,
аталған кезендерін әрбірінің ерекшеліктерін ескере отырып, бұл жұмысты
дұрыс ұйымдастыруына мүмкіндік туғызады. Ол кәсіби бағдар негізі болып
табылады.
2-схемада оқушылардың білімдерін, өлшеу машықтарын ескере отырып
кәсіби бағдар беру жүйесі көрсетілген, бұған ауызша және жазбаша бағдар
беру мен оқушылар жұмыстың практикалық бөлігін сондай-ақ бақылау немесе
қорытынды жұмыстарды орындағанда оған мұғалімнің бақылау орнатуы кіріп,
бұлар өзара бірлікте қарастырылып, әртүрлі мамандыққа баулу. Мұның ішінде:
оқушылардың лабораториялық жұмыстарды табысты орындауы үшін қажет болатын
теориялық материалдар бойынша дайындығының жай-күйіне бақылау, жұмысты
фронтальды орындау кезінде тәжірибелердің нәтижелерін коллективті түрде
талқылау, лабораториялық жұмыстарды орындау кезінде әңгімелесу, оқушыларды
кәсіпке баулу, кәсіби бағыт беру негізі болады.
Өлшеу машықтарын қалыптастыруда белгілі бір кезенділіктің сақталуын
қадағалау керек. Мұның өзі оқушылардың лабораториялық жұмыстарды орындауға
бірте-бірте төселуі және тәжірибелік жұмыстарды өз бетімен орындауға барған
сайын көбірек тарта түсу жолымен жүзеге асырылады. Соның нәтижесінде
оқушылар тәжірибелік жұмыстарды өздігінен орындай алатын дәрежеге жетіп, өз
бетінше еңбек етеді.
Бұл міндетке оқытудың практикалық әдістері: үлестірмелі материалдармен
жұмыс, әртүрлі тәжірибелік жұмыстар жаттығулар жауап береді. Оқушылар
қызметінің бұл түрлерінің айқындаушы белгісі ретінде оларды әр деңгейдегі
дербес іс-қимыл арқылы оқушылардың өздері орындауын айтуға болады.
Оқушылардың дербес қызметін оның өзі білімнің көзі болатындай етіп
ұйымдастырған жөн. Өлшеу машықтарын қалыптастырудың бұл жүйесін
пайдаланудың айтарлықтай педагогикалық ықпалы бар екенін озат мұғалімдердің
жұмыс практикасы көрсетіп отыр. Өлшеу машықтарын қалыптастырудың жолдары әр
алуын. Бұл арада азды-көпті қатаң, әрі егжей-тегжейлі нұсқаулар
келтіріледі. Олар, мәселен, бағдар беру арқылы немесе алгоритмдік оқыту
әдісі болуы мүмкін.
Бағдар бере отырып оқыту бағдарлық жүйесін құрумен, яғни оқушыларды
неғұрлым жалпы схемалармен немесе тәжірибелік және теориялық мәселелерді
шешу жоспарларымен таныстырылуға байланысты. Оқушылар өздерінің іс-
әрекеттерін үнемі осы жоспарлармен салыстыра қарап, оны алдағы істеріне
бағдар ретінде пайдаланады. Физиканы оқытудың алғашқы сатыларындағы өлшеу
машықтарын қалыптастырудың бүкіл жүйесін, біз өзіміз ұсынып отырған әдіске
сәйкес, негізгі үш кезеңге бөлдік (1-схема):
1-кезең. Өлшеу приборларын меңгеру.
Бұл кезеңде оқушылардан мыналар талап етіледі:
а) қарастырылып отырған шамалар мәндерінің ең тиянақты облысын таңдап
алу;
б) шкалаларды оқу икемделінуі;
в) өлшеу приборларын іске қосу ережелерін және бұлармен жұмыс тәртібін
орындау;
г) техникалық қауіпсіздік ережелерін орындау.
2-кезең. Қарапайым өлшеулерді жүргізу.

а) тексерілетін байланыстарды жалпы және нақты түрде жазу;
б) өлшенетін шамаларды жазу үшін таблица құру;
в) тәжірибе жүргізу, сәйкес өлшеулерді орындап, таблицаны толтыру;
г) өлшеу қателерін бағалау.
3-кезең. Өлшеулер комплексін орындау және нәтижелерді өңдеу.

а) күрделі байланыстарды қарапайым байланыстарға жіктеу;
б) таблицадағы сандық мәліметтерді тексерілетін байланыстардың
формуласына қою;
в) зерттеудің дәлдігін бағалау;
г) эксперимент нәтижелерін теория бойынша межеленген нәтижемен
салыстыру;
д) теориялық графикті салып, оған межеленген нәтижелерді түсіру.
Енді өлшеу машықтарын қалыптастырудың осы кезеңдеріне жеке-жеке
тоқталып, толығырақ қарастырып кетейік.
I кезең.
1. Эксперимент жүргізілетін қондырғыны құрастыру икемділігі.
Оқушылар берілген тапсырмаға сәйкес, тиісті әдіс бойынша және таңдап
алынған құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, тәжірибе қондырғысын құрастыру
тиіс. Бұл өлшеу приборлары жөніндегі білімнен физикалық аппаратуралармен
жұмыс істеуге көшу икемділігін қалыптастыруды көздейді.
Оқушылар үшін қарапайым схемаларды оқу мен осыған сәйкес қондырғыны
құрыстару икемділігінің маңызы өлшеулерді жүргізудің өзінен бірде-бір кем
емес. Бұл кезенде қандай да бір өлшеу приборын дұрыс іске қосуға қатысты
өлшеу машықтары орнығады, өлшеу аспаптарының тәжірибеге қатысты алғандағы
орналасу жағдайының маңыздылығын түсінушілік артады, шығармашылық еңбектену
элементтері пайда болады және өз іс-әрекетінің нәтижелеріне деген оқушының
қызығушылығы, ынта-ықыласы оянып, оқушыларға осы сәтте болашақ қандай
мамандық тандасада, еңбек етудің қажет екендігін, қазір мектеп қабырғасында
алып жатқан білімдері, еңбек технологиясы пәні сабағында, физика пәні
сабағында жүргізілетін өлшеу, бақылау жұмыстарды, әртүрлі кәсіптің негізі
болатын түсіндіріп, кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізіледі.
2. Диапазонды таңдап алу және өлшеу приборы шкаласының бөліктер құнын
анықтау икемділіктерін арттыру оқушылардың мамандыққа бағыттау алғы шарты
болуы мүмкін.
Өлшенетін шаманың мүмкін мәндеріне орай, оқушы әрбір өлшеу приборына
лайық өлшеу диапазонын таңдап алғанда, шкаланың үлкен бөлігі пайдаланатын
болуы және содан кейін бөліктер құнын өлшеудің осы диапазонында анықтау
керек. Өлшеу диапазондарын дұрыс таңдап алудың маңыздылығын түсіндіруді өз
мақсатының ішіне алатын бұл өлшеу жұмысына оқушыларды алдын-ала дайындау
лабораториялық жұмыстың кіріспе сабақтарында, тәжірибелік есептерді
шығарғанда, тәжірибелер, бақылау-байқаулар жүргізгенде, аз уақыттық
лабораториялық жұмыстарды орындағанда оқушылардың тұтас топтарымен
жүргізілуі мүмкін.
3. Өлшеу приборларының және қондырғысының өлшеуге дайындық қалпын
тексеру жұмыстары.
Оқушылар өлшеу приборларының дұрыс қосылғандығын, тізбектен
ажыратылған прибордың 0-дік жағдайын және арретирді тексеру жұмыстарын
жүргізе алуы тиіс. Олардың қарапайым ауытқуларды байқап, себебін анықтай
білуі керек. Бұл өлшеу жұмыстарының маңыздылығы ап-айқын және ол туралы
әңгіме кіріспе сабақтарда, нақты приборлармен және схемалармен жасалатын
демонстрациялардың қателіктерін байқап, оны түзетудің қарапайым әдістері
оқушыларға түсіндірілетін тексеру мақсатындағы лабораториялық жұмыстарда
басталуы тиіс. Оқушылардың өлшеу приборларымен бұдан кейінгі дербес
жұмыстары осы өлшеулерді орнықтыра түсуге жәрдемдеседі, оларды еңбекке
баулады.
II кезең.
1. Әрбір өлшеу жұмысы үшін өлшеу санын таңдап алу қажеттілігі.
Оқушылар әрбір шаманы неше реттен өлшеуге болатының анықтайды және
есептеу формуласымен пайдаланылып отырған аппаратураға сәйкес өлшенетін
шаманы бір реткі және көп реткі өлшеулерге бөледі. Көп реткі өлшеу
талаптарының сырттай формальды сипатына сай бұл жұмыс оқушылардың кез
келген өлшеу нәтижесі жуық шамамаен алынатының түсінуіне, қателіктің болмай
қоймайтындығын ұғынуына және оны анықтаудың әдістерін білуне жәрдемдеседі.
Сондықтан бұл мәселеге лаборатория жұмыстың кіріспе сабағында баса көңіл
аудару қажет.
2. Нәтижелерді өлшеу приборының шкаласынан оқу.
Оқушылар прибор көрсеткішінің орнына қарап және бөліктер құнына сәйкес
өлшеу приборының көрсетуін анықтау тиіс.
3. Өлшеу нәтижелерін дұрыс есепке алу жұмыстары.
Оқушылар әр ретке өлшеуге арнап, орташа мәнді, қателікті және соңғы
нәтижені есептеу үшін таблица құра білуі керек. Ол бұл таблицаға бірден,
черновиктен көшіріп жазбастан, өзі тікелей өлшеп тапқан нәтижелерді жазу
керек. Бұл жұмыс белгілі бір дәрежеде формальды ғана, бірақ ол одан кейінгі
уақыттарда тәжірибе нәтижелерін сапалы өндеу үшін керек. Оқушылар
лабораториялық жұмыстарды орындар алдында таблицалардан өздеріне тиісті
бағдар алады.
III кезең.
1. Әрбір тікелей өлшеудің нәтижесін жазу.
Оқушылар өздері өлшеген әрбір шаманың орташа мәнін анықтай білуі, одан
кейін әрбір көп рет және бір рет өлшенген шамалар үшін және электр өлшеуіш
приборлар көрсетулерінің дәлдік класына сәйкес мәндері үшін, сондай-ақ
таблицалық шамалар үшін абсолютті және салыстырмалы қателіктерді таба білуі
тиіс.
2. Эксперименттің түпкі нәтижесін жазу.
Оқушылар есептеу формулаларының негізінде орташа мәнді, анықталатын
шамалардың абсолютті және салыстырмалы қателіктерін табу фомулаларын
келтіріп шығаруды және олардың мәндерін есептеуді, білуі тиіс. Кез келген
өлшеудің жуықтық шамасын және осы жуықтаудың өлшемі ретіндегі қателіктің
мәнін түсіну физиканың тәжірибелік негіздерін түсінудің міндетті ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz