Шарын өзенінің су ресурстарын бағалау
КІРІСПЕ
1. ІЛЕ ӨЗЕНІ АЛАБЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ . ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
1.1 Табиғи сипаттамасы
1.2 Жер бедері
1.3 Климаты
1.3.1 Ауа температурасы
1.3.2 Ауа ылғалдылығы
1.3.3 Атмосфералық жауын . шашын
1.3.4 Қар жамылғысы
1.3.5 Жел режимі
1.4 Топырақ жамылғысы
1.5 Өсімдік жамылғысы
2. ӨЗЕН АЛАБЫНЫҢ ГИДРОГРАФИЯСЫ ЖӘНЕ ГИДРОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕЛГЕНДІГІ
2.1 Гидрографиясы
2.2 Өзен ағындысының зерттелгендігі
2.3 Тірек бекет сипаттамасы
2.4 Іле . Балқаш су шаруашылық алабы
3. ШАРЫН ӨЗЕНІ АЛАБЫНЫҢ НЕГІЗГІ ГИДРОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
3.1 Жалпы түсінік
3.2 Есептік кезеңді анықтау
3.3 Гидрометриялық бақылау деректері жеткілікті болған жағдайда қалыпты жылдық ағындыны анықтау
3.4 Гидрометриялық бақылау деректері жеткіліксіз болғанда қалыпты жылдық ағындыны анықтау
3.5 Гидрометриялық бақылау деректері жоқ болған жағдайда қалыпты жылдық ағындыны анықтау
4. ӨЗЕНДЕР АҒЫНДЫСЫНА АНТРОПОГЕНДІК ФАКТОРЛАР ТИГІЗЕТІН ЫҚПАЛЫ ЖӘНЕ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
4.1 Антропогендік факторлар жіктемесі
4.2 Өзен ағындысының антропогендік өзгерісін статистикалық әдістермен бағалау
4.3 Шаруашылық іс.әрекеттің ағындыға ықпалын қолда бар бақылау қатары жеткілікті болған жағдайда бағалау
4.4 Өзен ағындысына адамның шаруашылық іс.әрекетінің тигізетін әсерін бағалау
5. ШАРЫН ӨЗЕНІНІҢ ҚАЛЫПТЫ ЖЫЛДЫҚ АҒЫНДЫСЫНЫҢ ҮЛЕСТІРІМ ҚИСЫҒЫНЫҢ СТАТИСТИКАЛЫҚ ПАРАМЕТІРЛЕРІН ЕСЕПТЕУ
5.1 Ықтималдық үлестірім қисығының параметрлері
5.2 Қамтамасыздық қисығының параметрлерін есептеу
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ

Дипломдық жұмысының мақсаты – берілген өзен бекеті бойынша жылдық ағынды сипаттамаларын анықтау. Ол үшін алаптың физикалық-географиялық ерекшеліктері есепке алынып, бастапқы мәліметтер бағаланады. Есептік кезеңді таңдау үшін, айырымдық интеграл қисығын тұрғызу және қатар біртектілігін тексеру үшін, жиынтык интеграл қисығын, сондай-ақ, қалыпты ағындының қамтамасыздық қисығы тұрғызылады.
Балқаш Оңтүстік-Шығыс және Орталық Қазақстан шөлейттерінің орталығындағы тектоникалық қозғалыстан пайда болған қазаншұңқырда орналасқан. Ол соңғы төрттік мұздану кезеңіндегі ертедегі Балқаш-Алакөл су қоймасының бір бөлігін қамтиды. Соңғы геологиялық периодта оның батыс және солтүстік-батыс жағалауының біртіндеп төмен түсуі, ал солтүстік-шығыс жағалауының көтерілуі байқалады. Соған байланысты көлдің батыс және солтүстік-батыс жағалауы ингрессиондық, ал солтүстік-шығыс бөлігінің жағалауы регрессиондық сипатта болып келеді.
Балқаш көлі алабының орографиясы күрделілігімен ерекшеленеді. Оның территориясын биік тау жүйелері, аласа таулар және Балқаш маңы құмдары алып жатыр. Біз қарастырып отырған Балқаш көлінің маңы жазықтығын негізгі үш ауданға бөлуге болады:
1) Солтүстік Балқаш маңы,
2) Оңтүстік Балқаш маңы,
3) Оңтүстік-Батыс Балқаш.
Солтүстік Балқаш маңы Қазақ ұсақ шоқысының оңтүстік шетін қамтиды. Оның орташа биіктігі 400-450 м. Рельефі негізінен жазықтық болып келеді, жекелеген тік шыңды төбелер, жоталар кездеседі, қысқа аңғарлы жазда құрғап қалатын арналармен тілімделген.
Оңтүстік Балқаш еңістігі төмен (0,03) аккумулятивтік шөгінді түріндегі жазықтық болып келеді. Бұл жер құм массивтерінің кең таралуымен ерекшеленеді.
Балқаштың оңтүстік-батыс бөлігін кең ауқымды Іле өзенінің атырауы (ауданы шамамен 8000 км2) алып жатыр. Атыраудың сол жағын ертедегі Іле өзенінің атырауынан қалған құрғақ арналармен тілімделген Бақанас атты сазды-құмдауыт тақыр алып жатыр.

1. Ресурсы поверхностных вод СССР. Основные гидрологические характеристики. М.: Гидрометеоиздат,1966. - Т.12. – Вып.1. – 224 с.
2. Ресурсы поверхностных вод СССР. Основные гидрологические характеристики (за 1950-70 гг.). Л.: Гидрометеоиздат, 1977. – Т.15. – Вып.2. – 384 с.
3. Рождественский А.В. Чеботарев. А.И. Статистические методы в гидрологии. – Л.: Гидрометеоиздат. – 1974. – 424 с.
4. Владимиров А.М. Гидрологические расчеты. – Л.: Гидрометеоиздат, 1990. – 360 с.
5. А.М.Владимиров, В.С Дружинин. Сборник задач и упражнений по гидрологическим расчетам. – Л.: С-Петербург Гидрометеоиздат, 1992. – 208с.
6. Болдырев В.М. Гидрологические расчеты. – Л.: Казахский университет, 2000. – 40 с.
7. Самохин А.А. Практикум по гидрологии. – Л.: Гидрометеоиздат, 1980. – 294 с.
8. Гидрологическая изученность. Том 13.Центральный Казахстан Гидрометиздат Л. 1965г.
9. Р.И. Гальперин. Материалы по гидрографии Казахстана. Части 1,2 и 3. Учебное пособие. Алматы, 1997.- С.89.
10. Молдахметов М.М. Гидрологиялық есептеулер. – А.: Қазақ Университеті, 2006. – 212 б
11. Гидрологические ежегодникики. Т.5. Бассейн рек Средней Азии, вып. 5-8. – Л.: Гидрометеоиздат, 1930-1987.
12. Руководство по определению расчетных гидрологических характеристик. - Л: Гидрометеоиздат, 1973. – С. 111.
13. В.А. Шелутко. Техника статистических вычислений в гидрологии. Учебное пособие. Ленинград, 1977.-С.175

Пән: Геология, Геофизика, Геодезия
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Жанибеков Б.А
ШАРЫН ӨЗЕНІнің су ресурстарын бағалау
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
050610 - Гидрометеорология мамандығы
Алматы 2011

Қызметтік мақсатта (қажет болған жағдайда)
Қорғауға жіберілді
"___"___________2011ж.
Кафедра меңгерушісі:
г.ғ.к.,доцент Абдрахимов Р.Г
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Шарын өзенінің су ресурстарын бағалау
050610 - Гидрометеорология мамандығы бойынша
Орындаушы: Жанибеков Б.А
Ғылыми жетекші:
г.ғ.д., проффессор Достай Ж.Д
Норма бақылаушы: Авезова А.
Алматы 2011
РЕФЕРАТ
Дипломдық жұмыстың тақырыбы Шарын өзеннің су ресурстарын бағалау.
Дипломдық жұмыс 71 беттен, 13 кестеден, 4 суреттен 34 формуладан тұрады.
Негізгі қолданылатын сөздер: су өтімі, су деңгейі, ағынды, ағынды модулі, ағынды қабаты, ағынды көлемі, экстраполяциялау, су жинау алабы, тұстама, су айрық сызығы, , өзен арнасы, бекет, қамтамасыздық қисығы, өзен аңғары, вариация коэффициенті, ассимметрия коэффициенті, корреляция, регрессия, репрезентативтік кезең, орташа квадраттық ауытқу, ұқсас-өзен, ағынды үлестірімі.
Зерттеу объектісі - Шарын өзені - Сарытоғай бекеті
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
6
1.
ІЛЕ ӨЗЕНІ АЛАБЫНЫҢ ФизикаЛЫҚ - географиялық ЖАҒДАЙЫ
7
1.1
Табиғи сипаттамасы
7
1.2
Жер бедері
9
1.3
Климаты
11
1.3.1
Ауа температурасы
11
1.3.2
Ауа ылғалдылығы
12
1.3.3
Атмосфералық жауын - шашын
12
1.3.4
Қар жамылғысы
13
1.3.5
Жел режимі
13
1.4
Топырақ жамылғысы
14
1.5
Өсімдік жамылғысы
15
2.
ӨЗЕН АЛАБЫНЫҢ ГИДРОГРАФИЯСЫ ЖӘНЕ ГИДРОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕЛГЕНДІГІ
16
2.1
Гидрографиясы
16
2.2
Өзен ағындысының зерттелгендігі
20
2.3
Тірек бекет сипаттамасы
24
2.4
Іле - Балқаш су шаруашылық алабы
24
3.
ШАРЫН ӨЗЕНІ АЛАБЫНЫҢ НЕГІЗГІ ГИДРОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
27
3.1
Жалпы түсінік
27
3.2
Есептік кезеңді анықтау
30
3.3
Гидрометриялық бақылау деректері жеткілікті болған жағдайда қалыпты жылдық ағындыны анықтау
36
3.4
Гидрометриялық бақылау деректері жеткіліксіз болғанда қалыпты жылдық ағындыны анықтау
37
3.5
Гидрометриялық бақылау деректері жоқ болған жағдайда қалыпты жылдық ағындыны анықтау
38
4.
ӨЗЕНДЕР АҒЫНДЫСЫНА АНТРОПОГЕНДІК ФАКТОРЛАР ТИГІЗЕТІН ЫҚПАЛЫ ЖӘНЕ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
39
4.1
Антропогендік факторлар жіктемесі
39
4.2
Өзен ағындысының антропогендік өзгерісін статистикалық әдістермен бағалау
41
4.3
Шаруашылық іс-әрекеттің ағындыға ықпалын қолда бар бақылау қатары жеткілікті болған жағдайда бағалау
43
4.4
Өзен ағындысына адамның шаруашылық іс-әрекетінің тигізетін әсерін бағалау
46
5.
ШАРЫН ӨЗЕНІНІҢ ҚАЛЫПТЫ ЖЫЛДЫҚ АҒЫНДЫСЫНЫҢ ҮЛЕСТІРІМ ҚИСЫҒЫНЫҢ СТАТИСТИКАЛЫҚ ПАРАМЕТІРЛЕРІН ЕСЕПТЕУ
52
5.1
Ықтималдық үлестірім қисығының параметрлері
52
5.2
Қамтамасыздық қисығының параметрлерін есептеу
58
ҚОРЫТЫНДЫ
69
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ
71
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмысының мақсаты - берілген өзен бекеті бойынша жылдық ағынды сипаттамаларын анықтау. Ол үшін алаптың физикалық-географиялық ерекшеліктері есепке алынып, бастапқы мәліметтер бағаланады. Есептік кезеңді таңдау үшін, айырымдық интеграл қисығын тұрғызу және қатар біртектілігін тексеру үшін, жиынтык интеграл қисығын, сондай-ақ, қалыпты ағындының қамтамасыздық қисығы тұрғызылады.
Балқаш Оңтүстік-Шығыс және Орталық Қазақстан шөлейттерінің орталығындағы тектоникалық қозғалыстан пайда болған қазаншұңқырда орналасқан. Ол соңғы төрттік мұздану кезеңіндегі ертедегі Балқаш-Алакөл су қоймасының бір бөлігін қамтиды. Соңғы геологиялық периодта оның батыс және солтүстік-батыс жағалауының біртіндеп төмен түсуі, ал солтүстік-шығыс жағалауының көтерілуі байқалады. Соған байланысты көлдің батыс және солтүстік-батыс жағалауы ингрессиондық, ал солтүстік-шығыс бөлігінің жағалауы регрессиондық сипатта болып келеді.
Балқаш көлі алабының орографиясы күрделілігімен ерекшеленеді. Оның территориясын биік тау жүйелері, аласа таулар және Балқаш маңы құмдары алып жатыр. Біз қарастырып отырған Балқаш көлінің маңы жазықтығын негізгі үш ауданға бөлуге болады:
1) Солтүстік Балқаш маңы,
2) Оңтүстік Балқаш маңы,
3) Оңтүстік-Батыс Балқаш.
Солтүстік Балқаш маңы Қазақ ұсақ шоқысының оңтүстік шетін қамтиды. Оның орташа биіктігі 400-450 м. Рельефі негізінен жазықтық болып келеді, жекелеген тік шыңды төбелер, жоталар кездеседі, қысқа аңғарлы жазда құрғап қалатын арналармен тілімделген.
Оңтүстік Балқаш еңістігі төмен (0,03) аккумулятивтік шөгінді түріндегі жазықтық болып келеді. Бұл жер құм массивтерінің кең таралуымен ерекшеленеді.
Балқаштың оңтүстік-батыс бөлігін кең ауқымды Іле өзенінің атырауы (ауданы шамамен 8000 км2) алып жатыр. Атыраудың сол жағын ертедегі Іле өзенінің атырауынан қалған құрғақ арналармен тілімделген Бақанас атты сазды-құмдауыт тақыр алып жатыр.
1 ІЛЕ ӨЗЕНІ АЛАБЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ - ГЕОГРАФИЯЛЫҚ жағдайы
1.1 Табиғи сипаттамасы
Балқаш өңірі Іле өзенінің алқабы мен оның Балқаш көліне құяр жеріне дейінгі аймақты алып жатыр. Бұл аймақ Іле аңғары деп те аталады. Іле аңғары топырақтың ұзақ эрозияға ұшырағанынан пайда болған, ежелгі қазаншұңқыры кайнозой эрасында қалыптасқан. Іле-Балқаш өңірінің солтүстігінде Балқаш көлі, батысында Шу-Іле таулары, оңтүстігінде Іле-Алатауы, оңтүстік - шығысында Жоңғар Алатауы, шығысында Балқаш маңы жазықтары қоршап жатыр. Жер бедерінің биіктігі теңіз деңгейінен 350 метрден 600-700 метр биіктікте жатыр.
Іле өзенінің батыс жағалауында Тауқұм, шығыс жағалауында Сарыесік-Атырау құмды шөлі жатыр. Сазды, құмды төбелер мен қырқалардан құралған. Бұл жерлерде тақырлар да кездеседі. Ауданның оңтүстігіндегі теңіз деңгейінен 500-700 метр биіктікте Малайсары, Тасмұрын асулары жатыр. Жер бедерінің көп бөлігі жазық, оңтүстіктен солтүстікке қарай аласарады. Бұл жер бедерінің қалыптасуына сыртқы күштерінің ішінде, ағын су мен жел көп әсер етеді. Көбінесе, құмды төбелер - жыңғыл, ши, қамыс, сексеуіл сияқты бұталы өсімдіктердің астына жиналады. Бұл құмды төбелердің көлемі өсімдіктердің бойына қарай анықталады. Ал егер өсімдік тіршілігін жойса, құм жайылып кетеді. Тауқұм шөлді аймағының жер бедері эолдық, яғни жел атқаратын формадағы түріне жатады. Сондай-ақ, Сарыесік-Атырау шөлінде де жер бедері жазық [1].
Балқаштың солтүстігінде орналасқан Қарқаралы-Ақтау массиві және Шыңғыстау жотасы оның солтүстігіндегі суайырығы болып табылады. Оңтүстікте су Теріскей және Күнгей Алатауларының арасынан және Іле Алатауы арасынан, ал батыста Шу-Іле тауларының арасынан өтеді. Аумағы құбылмалы: 17-22 мың км2, батыстан шығысқа қарай 900 км-ге, ал солтсүтіктен оңтүстікке қарай 680 км-ге созылып жатыр. Суының көлемі 112 км3. Алабы 501 мың км2 шамасында. Ең терең жері 26 м. Балқаштың батыс бөлігінде Іле, шығыс бөлігінде Қаратал, Ақсу, Шарын және Аягөз өзендері құяды. Көлдің солтүстік жағалауы тау сілемдерімен ұштасып жатқандықтан, биік жар қаба болып келеді және көптеген жыра-жылғалармен тілімделген, ал оңтүстік жағалауы - суы біртіндеп тартылған кезде, қалған шөгінділерден пайда болған құмды ойпат. Көлде кездесетін ірі аралдар: Басарал және Тасарал.
Іле өзені Қазақстанның басты өзендерінің бірі болып табылады. Іле өзенінің алабы Алматы және Талдықорған облыстарының аумағында және Қытай жерінде орналасқан. Іле өзені Текес пен Күнгес өзендерінен құралады. Өзен өте үлкен аумақты, 74-840 шығыс бойлық пен 43-460 солтүстік ендік аралығында жатыр. Өзен алабының жалпы көлемі 125 мың га құрайды. Текес бастауынан ұзындығы 1439 км, Текес пен Күнгес бастауларының қосылған жерінен 1001 км құрайды. Ал Қазақстанда өзеннің ұзындығы 815 км құрайды. Шығысында Тянь-Шань тауынан басталып, Балқаш көліне құяды. Су жинау алқабы 140 мың км2. Өзеннің жоғарғы бөлігі таулы сипатта. Оң жақ ірі саласы Қаш сағасынан төмен қарай аңғары кеңейеді де, бірнеше тармаққа бөлінеді. Қапшағай қаласына дейін Іленің жағасы аласа, кең аңғармен ағады, жайылмаларының кей жерлері батпақтанады. Іленің Қапшағай шатқалымен ұласқан жерінде, Қапшағай су электр станциясы салынған. Күрті өзеніне құйғаннан кейін аңғары бірден кеңіп, Сарыесік Атырау және Тауқұм аралығымен ағады. Сағасынан 340 км жерде Іледен Бақанас құрғақ арнасы бөлініп шығады. Іле атырауында көп тармақтанады. Солардың ішіндегі ірі тармақтарға Жиделі, Іле, Топар, Көкөзек жатады. Өзен таулы жерде орналасқандықтан, мұздықтармен және қармен қоректенедеді. Текес өзені басын Теріскей Алатауынан алады. Ол 150-ші км-де Қытай аумағына кіреді де, Күнгей өзеніне құйылады. Екі өзеннің қосылған жері Іле деп аталады.
Қарастырылып отырған ауданды, жер бедерінің сипатына қарай мынандай физикалық - географиялық облыстарға бөлуге болады: ұсақ шоқылар және Қазақстанның аласа таулары, Балқаш ойпатының жазықтары, Жоңғар таулы аймағының жүйесі, Шу-Іле таулары және Тянь-Шаньнің солтсүтік бөлігі.
Балқаш маңының көп бөлігін Қазақстанның ұсақ шоқылары алып жатыр. Шыңғыстау жотасы Қазақстанның қатпарлы - таулы көтерілімдерін құрап, солтүстіктен оңтүстік-шығысқа қарай 200 км-ден астам жерге созылып жатыр. Оның биіктігі 500-600 м-ге жетеді [1].
Тарбағатай жотасы қарастырылып отырған ауданның, оңтүстік - батыс және солтүстік - батыс беткейлерін алып жатыр.
Балқаш ойпатының жазықтары ауданның негізгі орталық аумағын құрайды. Ол Солтүстік Балқаш маңы үстірті мен Алакөл ойпаты жазықтарына бөлінеді. Солтүстік Балқаш маңы жазықтары Балқаш көлі қазаншұңқырын қоршап жатыр. Оның орташа биіктігі 400-450 м жетеді.
Іле өзені алабының аумағы айтарлықтай, табиғи жағдайларымен ерекшеленеді. Осы аумақты үш гидрологиялық ауданға бөлуге болады:
1. Балқаш маңы құмдауыт-жазықтық аудан;
2. Іле маңы таулық аудан;
3. Шығыс тауішілік аудан.
Іле өзенінің төменгі ағысына жанасып жатқан Балқаш маңы құмдауыт-жазықтық ауданды Оңтүстік Балқаш маңы деп атаймыз. Жер бетінің құрылымына қарай, бұл аудан құмдақты болып келеді де, Балқаш көліне сәл еңкейген. Балқаш маңы құмдауыт-жазықтық ауданы теңіз деңгейінен айтарлықтай биікте орналаспауымен сипатталады, биіктігі теңіз деңгейінен 350-400 м.
Қарастырылып отырған ауданның, физикалық - географиялық жағдайына қарай Іле өзенінің төменгі тұсында ағындының пайда болуы жүрмейді, керісінше бұл аудан Іле өзені ағындысын бөлуші ауданы болып табылады.
Іле маңы таулық аудан Іле Алатауының солтүстік баурайларын алып жатыр. Іле Алатауының орталық бөлігінде биік және мықты мұздықтар бар. Мұнда Іле Алатауының ең биік шыңы Талғар шыңы орналасқан, оның биіктігі 5017 м.
Іле Алатауы тауының биіктігі батыс пен шығысқа қарай төмендейді. Шығыс бөлігінде Сарытау мен Далашық жоталарында биіктік 3600-3800 м дейін, ал Шелек өзені аңғарындағы Торайғыр және Сөгеті-Бөгеті тауларының биіктігі одан да төмен.
Шығыс тауішілік аудан, Балқаш көлі алабының Іле өзенін басып өтетін шығыс бөлігін алады. Алаптың аталған бөлігін айнала таулар қоршап жатыр. Жоңғар Алатауы ауданның солтүстік шекарасы болса, шығыс шекарасы Іле Алатауы және оңтүстігінде Теріскей Алатауымен шектеледі [1].
Алаптың үлкен көлемі, климаты мен жер бедерінің бірқалыпсыздығы, табиғи шарттардың әртүрлілігі, Балқаш маңы шөлді алабынан солтүстік Тянь-Шаньның таулы тізбегіне дейін айқындалады. Орфографиясы жағынан алап үш бөлікке бөлінеді. Негізінен солтүстік және солтүстік маңын алып жататын, солтүстік және солтүстік-батыс бөлігі, Қазақ ұсақшоқысының маңында орналасқан. Алаптың бұл бөлігінің жер бедеріне жоталары сайлармен тілімденген шоқылары бар жазықтықтар тән. Жергілікті жердегі шекаралар биіктігі 30 м-ден 40 м-ге дейін жетеді, кейде 100 м-ден 200 м-ге дейін болады. Орталық бөлігі - Балқаш ойпаты - Қазақ ұсақшоқысының оңтүстік шетінен оңтүстік пен оңтүстік-шығыс таулы тізбегіне дейін созылып жатқан, құмды, шөлейтті жазықтық Балқаш ойпатының солтүстік бөлігіндегі белгілер 400 м-ден 500 м-ге дейін жетеді. Үстірт - шоқылар, төбелер, құрғақ аңғарлар және құрғап кеткен өзендермен кесілген. Ойпаттың оңтүстік жағында негізінен - Тауқұм, Мойынқұм, Сары-Ішіқотрау құмды шөлдері орналасқан. Алаптың оңтүстік-шығыс пен оңтүстік бөлігі Қазақ-Жоңғар таулы аумағы мен Тянь-Шань таулы жүйесінің солтүстік тізбегімен шектелген. Қазақ-Жоңғар таулы аумағының құрамына Тарбағатай тауы, Жайыр, Ұрқашыр көтерілімдері, Барлық пен Майлы таулары, биіктігі 2000 м-ден 4000 м-ге жететін Жоңғар Алатауының тауларына кіреді. Жоңғар Алатауының жалғасы болып Іле ойпатының жағымен шектелген, Борохоро тауы табылады. Бұл жердің абсолютті биіктігі 500 м-ден 600 м-ге дейін өзгереді [1].
1.2 Жер бедері
Балқаш көлі алабы аумағының геологиялық құрылысы жағынан өте күрделілігімен және әртүрлілігімен ерекшеленеді.
Кембрийге дейінгі шөгінділер: кристалды тақтатастар, гнейстер, амфиболиттер Шу-Іле тауларында, Іле Алатауы мен Теріскей Алатауларында кездеседі. Кембрийлік шөгінділер: сұр құмтастар, спилиттер, мраморлар, әктастар Шу-Іле тауларының айтарлықтай көп аумағында, Іле Алатауында және Теріскей Алатаудың солтүстік жоталарында кездеседі.
Карбонатты шөгінділер Іле Алатауының батыс бөлігінің біраз жерлерінде таралған. Жоңғар Алатауының солтүстігі мен солтүстік-шығыс Балқаш маңында карбонатты шөгінділер спилиттер, диабаздар, әктастар, құмдақтар түрінде кездеседі.
Ордовик шөгінділері: құмдақтар, конгломераттар, тақтатастар, әктастар мен эффузивтер. Олар Солтүстік Балқаш маңы мен Тарбағатай, Шыңғыстау, Шу-Іле тауларында кеңінен тараған. Сонымен қатар Іле Алатауы мен Жоңғар Алатауы, Кетпен, Күнгей Алатауы тауларында да белгілі.
Силур шөгінділері (құмдақтар, әктастар, тақтатастар, эффузивтер және олардың туфтары) тек қана Шу-Іле тауларында, Оңтүстік Жоңғарда, Кетпенде, Тарбағатайда, Шыңғыстауда тараған. Карбонатты жыныстар немесе осы жыныспен жасты шөгінділер қарастырылып отырған ауданда, өте аз тараған деуге болады. Солтүстік Балқаш маңында силурлық шөгінділер жасыл түсті терригендік құрылымдар (құмдақтар, алевролиттер, яшмалар) түрінде кездеседі. Жоғарыда аталған, жыныстардың барлығы Іле Алатауында, Күнгей Алатауында және Теріскей Алатауында ендік бойымен, ал Тарбағатай, Шыңғыстау мен Шу-Іле тауларында солтүстіктен шығысқа, ал Солтүстік Балқаш маңында меридиан бойымен тығыздалған қатпарлар түрінде кездеседі.
Каледондық қатпарлық кезеңіндегі төменгі таскөмірлі шөгінділер ауданның көп аумағын алып жатыр. Бұл шөгінділер оңтүстікте ірі Іле синклинарын құрайды және Солтүстік Балқаш жағалауында да кең тараған. Сонымен қатар Тарбағатай, Кетмен тауларында, Теріскей-Алатау мен Күнгей Алатауларының тау етектерінде көптеп кездеседі. Шағын карбонды мульдар Шу-Іле тауларында тараған, сонымен қатар, қышқыл және орташа құрамды эффузивтер мен олардың басқа өнімдері түріндегі карбондық шөгінділер Солтүстік Балқаш жағалауларында кездеседі.
Солтүстік-батыс Балқаш маңы мен Шу-Іле тауларында, Теріскей және Күнгей Алатауларында қызылтүсті құмтастармен, эффузивтермен, конгломераттармен қатар әктастар кең тараған. Олар өте кең алқапты, яғни Шалқұдықсу, Текес Қарқара өзендерінің алаптарын, Балқаштың солтүстік батыс жағалауларын алып жатыр [1].
Герцендік қатпарлық кезеңіндегі тас көмірлі шөгінділер қарастырылып отырған ауданда дерлік тараған деуге болады. Олар құрамы мен түрі жағынан девондық шөгінділерге ұқсас болып келеді. Оларға алевролиттер, құмтастар, туффигтер, яшмалар, эффузивтер және олардың туфтары жатады. Тас көмірлі шөгінділердің арасында беріктілігімен ерекшеленетін, карбонатты шөгінділер кездеседі. Олар Орталық Жоңғар таулары мен Солтүстік Балқаш жағалауларында таралған.
Орта және жоғарғы карбон мен пермь деп аталатын, жоғарғы палеозой шөгінділері Солтүстік Балқаш жағалауын талап, екі кезеңді-каледондық және гердандық нығаю кезеңдерін құрайды. Бұның соңғысы оңтүстік Жоңғар мен Кетпен тауларында кеңінен дамыған. Бұл шөгінділер эффузивтер және олардың туфтары түрінде кездеседі.
1.3 Климаты
Балқаш көлі маңының климаты континентальды. Олар жазық, аласа таулы және таулы аумақтары бір-бірінен ерекшеленеді. Жазықтық және аласа таулы аудандарда көбінесе ауа температурасының үлкен ауытқулары, қысы суық, жазы құрғақ, ыстық және созылмалы болып келеді. Таулы аудандардағы климат бірқалыпсыз, көбінесе ол жергілікті жердің биіктігі мен жер бедерінің түріне байланысты [1].
1.3.1 Ауа температурасы
Орташа жылдық ауа температурасы көлдің батыс жағалауында 7,0 ºС-тан көлдің шығысында 5,3 ºС-қа дейін өзгереді. Қаңтар айының орташа температурасы минус 13-16 оС, ал шілде айында орташа алғанда плюс 24-25 ºС шамасында болып келеді.
Абсолюттік минимал температура көлдің орталық бөлігінде (минус 40 оС) және солтүстік жағалауында (минус 46 ºС) байқалады. Ауа температурасының абсолюттік максимал шамасы көлдің шығысынан батысына қарай 41-45 ºС-қа дейін өзгереді.
Қазан және қараша айларында ауа температурасының күрт төмендеуі тән (8-9 ºС-қа), мұндай жағдай солтүстіктік салқын ауаның енуімен және сібір антициклоны тармағының дамуымен байланысты. Қыс мезгілінде антициклондық ауа райында, орташа ауа температурасы минус 30 оС-қа (орташа есеппен бір айда бір күн), ал қысы қатал жылдары, минус 40 оС-қа дейін төмендейді.
Тұрғылықты суық орташа алғанда, қарашаның ортасында-желтоқсанның басында орнайды және наурыздың ортасына дейін сақталады. Суық мезгілдің орташа тұру ұзақтығы (орташа тәуліктік температурасы 0 ºС-тан төмен күндер) 85-112 күнді құрайды[1].
Қыс айларында оңтүстіктен жылы ауа массасының енуіне байланысты, (С типті циркуляция) күндізгі температура 10-15 ºС-қа көтеріліп, жылымықтар орнауы мүмкін (кесте 1).
Кесте 1
Орташа, максимал және минимал айлық және жылдық ауа температурасы (град.)
I
II
III
IV
V
VI
VII
VIII
IX
X
XI
XII
Жыл
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
Балқаш ст.
-15,2
-13,5
-5,3
7,1
16,0
21,8
24,2
22,2
15,3
6,2
-3,6
-11,9
5,3
-10,1
-7,3
2,2
11,3
19,2
25,1
27,0
24,6
18,4
1,1
0,6
-6,0
6,8
-19,1
21,4
11,8
4,0
11,8
18,2
21,0
18,3
12,0
3,1
-10,5
-19,6
3,8
Алғазы аралы
-15,2
-13,5
-4,5
6,9
15,8
22,1
24,3
22,8
16,2
7,6
-1,8
-10,8
5,8
Кесте 1 жалғасы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
-9,2
-7,8
1,2
10,1
18,2
25,1
26,8
24,8
19,2
12,1
2,3
-7,4
7,7
-19,6
-20,5
-11,2
2,8
11,4
18,7
21,9
19,6
14,4
4,7
-9,1
-17,3
4,4
Құйған ст.
-13,7
-11,4
-2,0
9,1
17,2
22,5
24,4
22,1
15,4
7,2
-2,0
-9,6
6,6
-7,2
-4,6
-3,8
13,0
19,9
25,6
27,0
24,1
18,8
12,1
1,6
-2,2
8,9
-19,0
-26,3
-8,6
5,1
13,5
19,3
21,6
19,0
12,6
5,1
-9,6
-20,9
5,1
Наурызда жылы ауа массасының енуімен және радиациялық жылыну нәтижесінде ауа температурасының жылдам көтерілуі байқалады. Соңғы көктемгі суыну әдетте, сәуірдің екінші жартысында, жекелеген жылдары плюс 20 ºС ауытқумен орнауы мүмкін.
Жаз айларында (маусым-тамыз) орташа айлық ауа температурасы 22-25 ºС шамасында тербеледі, ал орташа тәуліктік температура 25-35 ºС-қа жетеді.
1.3.2 Ауа ылғалдылығы
Ауа температурасының орташа абсолюттік ылғалдылық 7 мб-ды құрайды. Солтүстік жағада аздау 6,3 мб-дан 6,9 мб-ға дейін, оңтүстік жағада көбірек 7,2 мб-дан 7,3 мб-ға дейін жетеді. Жазда үлкен ауа темепература мен жауын-шашын аз мөлшерінің әсері тым құрғақшылыққа әкеледі. Жылдың суық мезгілінде абсолютті ылғалдылық (караша-наурыз) 80 % шамасында, өтпелі кезеңде (сәуір-қазан) 57 %-дан 67 %-ға дейін, ал жазда (маусым-тамыз) 40 %-дан 52 %-ға дейін жетеді. Оның орташа жылдық мәні 60-80 %. Жыл бойындағы ауа ылғалдылығының тапшылығы 6,4 мб-дан 8,3 мб-ға дейін, ал қыста 0,8 мб-дан 1,3 мб-ға дейін өзгереді. Көктемде ауа температурасының өсуімен қатар ылғалдылық тапшылығы өсіп, жазда 20 мб-дан 25 мб-ға жетеді [1].
Ауаның ылғал тапшылығы жыл бойы 6,4-8,3 мб шегінде өзгереді. Көлдің оңтүстік жағалауы бұдан төмендеу шамамен сипатталады.
1.3.3 Атмосфералық жауын - шашын
Атмосферадағы жылдық жауын-шашынның таралуы батыстан шығысқа қарай өседі. 1930-1969 жж аралығында орташа жауын-шашын көл айдынынан 200 мм, Батыс Балқашта 186 мм, Шығыс Балқашта 220 мм, ал 1970-1989 жж аралығында 178 мм; 198 мм; және 186 мм болған. 1930-1969 жж жауын-шашын мөлшерінің орташа көлемі 3,6 км3жыл, ал 1970-1989 жж аралығында 3,5 км3жыл құрады. Жаздың биік температурасы, ауа құрғақшылығы және қатты жел сияқты факторлар, көл бетінен булануға жақсы әсерін тигізеді. Буланудың орташа қабаты мен көлемі 1930-1989 жж 990 мм және 10 км3жыл Батыс Балқаш және 1000 мм және 7,5 км3жыл Шығыс Балқаш үшін болды.
Балқаш маңында өлшенген жылдық жиынтық жауын-шашын мөлшері 100-160 мм-ді құрайды. Суық мезгілге қарағанда жылы мезгілде жауын-шашын көбірек түседі. Ауа температурасы жоғары болып келген кезеңде, әдетте, жауын-шашын жаумайды. Ең жоғары жиынтық жылдық жауын-шашын мөлшері 255 мм, ал ең азы - 39 мм-ді құрайды [1].
1.3.4 Қар жамылғысы
Қар жамылғысы тығыздығы ендік пен жергілікт жердің жер бедерімен тығыз байланысты. Жазық аудандарда тұрақты қар жамылғысы қазанның соңы мен карашаның ортасында орнығады. Бірақ, жеке жылдары ол тіптен байқалмауы мүмкін. Бұл уақытта ол Іле Алатауының солтүстік экспозициясында тұрақталады. Қар жамылғысының бұзылуы, жазық аудандарда ақпанда, кейде наурызда аяқталады. Тауда қар көшкіні наурыз-сәуірде бітеді, биіктаулы белдеуде маусым-шілдеге дейін созылады. Қар жамылғысының су қоры аумақ бойынша бірқалыпсыз таралады. Қар қалың жауған жылдары, су қоры 30 мм, ал қар аз жылдары 10 мм-ге дейін, максимальды қоры 70 мм-ден 100 мм-ге дейін жетеді. Балқаш көліндегі мұз құрсауы төрт айдан бес айға дейін созылады. Көлдегі орташа қалыңдық 0,6 м-ден 0,8 м-ге дейін жетеді [1].
1.3.5 Жел режимі
Балқаш маңы аумағына жыл бойына солтүстік-шығыс және шығыс бағыттағы желдер тән. Бір жыл ішінде орташа есеппен алғанда, жалпы жағдайда солтүстік-шығыста желдің қайталанғыштығы 25 %-дан 45 % аралығында ауытқиды. Ол аумақтың қыста жоғарғы қысым өсінен оңтүстікке қарай орналасқан және батыстан Алтайға қарай Орталық Қазақстаннан өтетін өсьтің азор максимумының барикалық шыңында қалыптасуына байланысты. Балқаш маңының шығысындағы Алғазы аралы станциясының берілген мәліметтері бойынша, әсіресе, қыста шығыс желдері басым болып келеді (жыл бойына орташасы 30 % және қыста 30 %-дан 43 % аралығында болады). Балқаш көлінің жағаға жақын сызығында жазда антициклонға байланысты, дұрыс тәулікік жүрісі бар бриздер байқалады. Олар күндіз көлден құрлыққа, ал түнде құрлықтан көлге қарай соғады. Циклондық ауа райы жағдайында бриздер жайылып кетеді. Көлдің солтүстік жағалауындағы жел оңтүстікке қарағанда едәуір басым. Орташа айлық жел жылдамдығы жеке жылдары 7-9 мсек-ке дейін, ал максимумы 30 мсек-тан аса болып келеді. Навигаттық кезеңде (сәуір-қараша) жел жылдамдығы, орташа айлық көрсеткішінің солтүстік-шығыс бағыты басым болып келеді. Ол 5 мсек-ке жетіп, 60 %-дан 80 %-ды құрайды. Бұл кезеңде жел жылдамдығы 25 мсек-тен 30 мсек-ты құрайды. Қатты желдер көбінесе, наурызда (15 %), сиреті қаңтар айында (4 %) байқалады.
Балқаштағы желдің ұлғаюы негізінен синоптикалық жағдайының төрт түрі байқалады:
1) Солтүстік және Оңтүстік Қазақстан үстіндегі жерден жоғары антициклонды немесе барикалық жалы орнығады;
2) жел негізгі және қосымша шептерден өткенде цикл-шептік бөлігінде ұлғаяды;
3) жел азиаттық антициклонның оңтүстік және оңтүстік-батыс жалындағы шет жағына қарай өседі;
4) жел Баренц және Карск теңіздерінен өтетін малтайтын циклонның өтуінде өседі және Балқаштың меридиан биіктігінің шепті аумағы астында ауысады.
Көп қайталанғыштыққа I-ші және IV-ші типті желдер ие (40 %). Айта кететін жайт, көлдің әртүрлі аудандарында бір уақыт ішінде жылдамдығы мен бағыты әртүрлі болып келетін желдер байқалады [1].
1.4 Топырақ жамылғысы
Балқаш ауданының топырағы құмды, сазды сұр топырақ типіне жатады. Қазіргі кезде сортаңдана бастап, топырақтың бетін тұз басып жатыр. Өте сирек өсімдік жамылғысы ермен, бұталар және эфедрамен келтірілген. Өзендердің көне аңғарларында ұсақ бұталар және сексеуіл өсетін тақыр топырақ таралған. Балқаш көлінің жағалауындағы шалғындарда қамыс, сортаңды ермен, сор жердің шөбі өседі. Таулы аудандардың көтерілуіне байланысты, әр экспозицияға әртүрлі өсімдіктер тән. Жоңғар және Іле Алатауының шөлді-далалы белдеуіне бозерменді өсімдік жамылғысы бар, сұр топырақ және каштанды топырақ тән. Бұл зонаның таралу шекарасы 600 м-ден 800 м-ге дейін жетеді. Жоғарғы шекарасында - шыршалар кездеседі. Субальпілік ландшафттарға (2300 м-ден 2800 м-ге дейін) арша, бетеге, ырғай мен орта бойлы шөпті шалғындармен ауысып келеді [1].
Қарастырылып отырған аудан аумағы, ендік бойымен созылып жатыр және оның жер бедері өте күрделі болып келеді. Бұл жағдай осы аудандағы топырақ қабатының түрлі-түсті болуына және мұндағы өсімдік жамылғысының көп түрлі болуына негіз болады.
Егістік жерді суғару режимінің сақталмауы және жер асты суының минералдылығы шамадан тыс артуынан болып отыр. Суармалы егістіктерде су эрозиясының әсерінен топырақ құнарсызданған. Егер топырақ бетінде өсімдік қалың өссе, топырақ қабаты аз шайылады. Сонымен қатар, агротехникалық іс-шаралар жүргізу керек. Үшінші бір тәсілі-ауыспалы егіс айналымын сақтап, тыңайтқыштарды уақытында себу. Минералды тыңайтқыштардан: азотты, фосфорлы, калийлі тыңайтқыштар және ауылдық жерлерде органикалық тыңайтқыштар бар.
Аумақтың шөл-дала зонасын алып жатқан, Солтүстік Балқаш маңында солтүстік шөлдің құба және сұр-құба топырағы тараған, кейбір жерлерде бұл топырақ сор және сортаң топырақтармен араласады. Құба топырақтарда жусан, бетеге өседі, ал сұр - құба топырақтарда жусан және боялыш өседі.
Балқаш көлінің солтүстік жағалауында тараған құмдақ массивтерде өсімдік жамылғысы өте тілімделген, мұнда шөлдің жусан, еркек және теріскен өсімдіктері тараған. Қарқынды мал жайылымдары мұндағы өсімдік жамылғысының жойылып кетуіне және кұм қабатының дамуына алып келіп отыр.
Оңтүстік Балқаш маңының шөл зонасында бекітілген және жартылай бекітілген үймелі және тізбекті құмдар кеңінен тараған. Өсімдік жамылғысы қатты тілімделген, мұнда қылша, жусан және бұталар тараған. Іле және Қаратал өзендерінің бұрынғы аңғарларында майда бұталы сораңдар мен қара сексеуілдер өсетін тақырлы топырақтар тараған. Тақыр тектес топырақ қабатының беттері 60-70 % жалаңаштанып, көпбұрыштар түзіп, тілімделген.
Іле өзенін жағалай жайылма-шабындықты топырақтар тараған, бұл топырақтарда қоға өсімдігінің тоғайлары, қамыс және тағы басқа тоғай өсімдіктері кездеседі. Балқаш көлінің жағалауларында құрақтар, сортаң жусандар және сораңдар өсетін сортаң топырақтар тараған.
1.5 Өсімдік жамылғысы
Іле өзенін бойлай тоғайлар жатыр. Онда - сексеуіл, жыңғыл, қамыс шеңгел, құрақ қамыс, қоға, құм бетегесі, тал, ши, сары ағаш, қара ағаш, долана өседі. Аудан ішінде - шырша, терек, қайың, емен, үйеңкі, арша өседі. Құмды сазды жерлерге-құм бидайығы, арпабас, сортаңды ажырық, меңдуана, қаңбақ, шырғанақ судан қашығырақ жерлерде өседі. Сонымен, шөл зонасының есімдіктері, өзінің қалыптасқан табиғи ортаның қатал жағдайына бейімделген және өздеріне тән ерекшеліктері бар. Іле өзенін бойлай, тоғай арасында жидектерден-бүлдірген, қара жидек өседі.
Жолжелкен жыл ортасынан бастап гүлдейді. Биіктігі 3-7 см болады. Бұл өсімдіктің жапырағын денені жырып кеткен жерге немесе жәндіктер тістеген жерге жылы суға салып тазартып таңады. Жусан - ас қорыту жұмысын жақсартуға, тәбет арттыруға, бауыр ауруына ем. Адыраспан-барлық ауруларға ем. Биіктігі 20-60 см. Мамыр-шілде айларында гүлдейді. Бұл өсімдік ежелден-ақ дәрі-дәрмекке пайдаланылып келеді. Мия - қақырыққа, жөтелге қарсы, өкпе қабынғанда, бас ауруына, тері ауруына, ішек-құрт, жүйке жүйесіне медицинада қолданылады.
Іле - Шу таулары айтарлықтай биік болмағандықтан, мұнда тек екі белдеу: таулы - далалы және шөл - далалы бар. 700-850 м биіктегі тау алдындағы көлбеу беткейлерде, ашық каштанды топырақ тараған, ал 300 м төменде, Шу-Іле тауларында кәдімгі сұр топырақ тараған. Өсімдіктерге келетін болсақ, бетегелі- жусанды және бетегелі - дәнді өсімдіктер өседі [1].
2 ӨЗЕН АЛАБЫНЫҢ ГИДРОГРАФИЯСЫ ЖӘНЕ ГИДРОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕЛГЕНДІГІ
2.1 Гидрография
Балқаш көліне негізінен 5 өзен құяды, олар: Іле, Қаратал, Ақсу, Шарын және Аягөз. Бұлардың ішінде Іле, Қаратал, Ақсу және Шарын өзендері сулары Тянь-Шан тауларынан, ал Аягөз өзені Тарбағатайдан және Шыңғыз тауынан қалыптасады. Іле Батыс Балқашқа, ал қалғандары Шығыс Балқашқа құяды.
Солтүстіктен Балқашқа Мойынты, Тоқырауын және Бақанас өзендері жақындайды, бірақ көлге жақындағанда сулары тартылып қалады. Тек Тоқырауын жекелеген суы мол жылдары біршама суын Балқаш көліне жеткізеді. Басқа қалған кішігірім құрғап қалатын өзендер Балқаштың оңтүстік-батыс және батыс жағалауына құяды.
Балқаштың ең ірі саласы - Іле өзені, оның үлесіне жалпы алаптың 70%-ы және алаптың жиынтық беттік ағындысының 80%-ы тиесілі. Іле өзені Балқашқа құярда ауданы 8000 км2 болатын үлкен атырау жасайды. Атырау Бақанас елді мекенінен 70 км төмен өзен үш тармаққа бөлінетін, яғни Топар, Іле және Жиделі тармақтарына бөлінетін жерден басталады.
Қазіргі кезде Іле өзенінің 90%-ға жуық суы Жиделі жүйесі арқылы Балқаш көліне жеткізіледі. Іле жүйесіне ағындының 4,6-дан 7,4%-ға жуығы және Топарға 3,2-ден 5,0%-ға келеді. Іле өзенінің атырауында көптеген көлдер мен жайылған сулар кездеседі. Мұнда Іле өзені суының бірқатар бөлігі жерге сіңуге, булануға және транспирацияға ысырап болады. С.А.Абдрасиловтың зерттеулері бойынша [7] атырауда ысырапқа ұшырайтын су көлемі жекелеген жылдары (1955 ж) 5,06 км3-ке дейін (Іле өзенінің 30%-на жуық) жетеді.
Іле өзені - Орталық Тянь-Шаньнан бастау алатын, Текес пен Күнгес өзендерінің қосылуынан пайда болады. Іле өзені Балқаш көлінің басты су артериясы болып табылады. Өзен Орталық Тәңіртаудағы (Қазақстан) Мұзарт мұздығынан басталады. Одан соң, өзен Қытай Халық Республикасы аумағымен ағады да, Күнгес және Қаш өзендерімен қосылады, осы жерден 250 км асқаннан кейін қайтадан Қазақстан аумағына кіреді. 1001-ші км-де Балқаш көліне келіп құяды. Өзеннің жалпы ұзындығы 1439 км, ал Қазақстандағы ұзындығы 815 км. Өзен ағындыларын құраушы бөлігі гидрографиялық тор жақсы дамыған Қытай бөлігінде орналасқан. Іле өзенінің су ресурсының 30 % Қазақстан аумағында. Іле атырауының ауданы - 8000 шаршы км (көл ауданының 40 % құрайды). Атырау - құмды шағылдардың, өтімдердің қамыс өскен батпақтардың күрделі жүйесінен құралған (кесте 2).
Іле-Балқаш ауданында 24300 көлдер мен жасанды суқоймалары бар. Көптеген көлдердің ауданы 1 км2-ден аспайды, 109 көл - 1-50 км2, тек 4 көлдің ғана: Балқаш, Алакөл, Сасықкөл және Қошқаркөл ауданы 100 км2 болады.
Кесте 2
Іле өзенінің гидрографиясы
Өзеннің ұзындығы, км
Су жинау алабының ауданы, км[2]
Нөлдік белгі биіктігі, м
Ұзындығы 10 км кіші салалары
Көлділігі
Бастаудан қашықтығы, км
саны
ұзындығы
км
саны
аудан, км[2]
1430
131000
377,89
767
1119
21934
879
264
Іле алабының басты ағынды құраушы бөлігі Қытай аумағында орналасқан. Себебі, Қытай аумағында алап күрделі гидрологиялық торды құрайды. Қазақстандағы Іле өзенінің жалпы көлемі 77400 км2. Осы аумақта ұзындығы 10 км-ден асатын 853 ірілі - уақты салалар орналасқан. Солардың ішінде ұзындығы 100-200 км-ден асатын 7 өзен және ұзындығы 250-350 км-ден асатын екі өзен: Шелек және Шарын өзендері бар. Өзен мұз және қар суларымен қоректенеді [2].
Жылдық орташа су шығыны сағасынан 270 км жерде орналасқан Үшжарма бекеті тұсында 435 м3сек, ал Балқаш көліне құяр жерінде 329 м3сек. Іле өзенінің суының лайлылығы 1 кгм3 шамасында. Өзеннің басты салалары: Қаш, Қорғас, Шарын, Шелек, Талғар, Қаскелең, Күрті.
Ағындының атырауда таралуы және онда әр жылғы судың жайылуы арна торының динамикасына, Іле өзені суының және Балқаш көлінің деңгейінің көпжылдық тербелісіне тәуелді өзгеріп отырады. Осыған сәйкес өз кезегінде Іле өзені атырауының динамикасы Балқаштың су балансына және деңгейіне әсер ететіндігі көрінеді.
Қазіргі кезде Р.М. Хайдаровтың зерттеулері бойынша [1] Іле және Топар жүйелері жоғалу (отмирания), ал Жиделі жүйесі бір арна жасау стадиясында. Жалпы алғанда атырауда көлдік жүйеден арналық жүйеге көшу орын алып отыр. Сондықтан жақын жылдары Іле өзені суының жиынтық булануға жұмсалатын бөлігі кемуге тиіс [1].
Аягөз өзенінің сағасы батпақтанған және біршама Балқаш көлінің суы басқан аңғар түрінде болып келген, ал Қаратал, Ақсу және Шарын өзендері Балқашқа атырау жасап құяды.
Лепсі өзені. Атырауы салыстырмалы түрде алғанда үлкен емес -
145 км2. Ол сағадан 30 км-дей жоғарыдан басталады. Мұнда батпақтанған жерлер аздап кездеседі және көлдер мүлдем жоқ деуге болады. Ылғалы мол жерлердің жиынтық аудан (13,0 км2) барлық атырау ауданының 8%-ын құрайды. Атыраудың басталатын жерінен шамамен 10 км төмен Ақсу өзеніне қарай тармақ шығады. Су тасуы мезгілінде Ақсу және Шарын өзендерінің атыраулары бір-бірімен қосылып кетеді.
Қаратал өзені. Жоңғар Алатауы жоталарында басталатын Балқаш көлі бассейіндегі екінші ірі өзен. Оның жоғары ағысы мен салалары терең, аңғарлары тар, ағысы қатты. Таудан шыққан соң, өзен құмды жазықпен ағады. Балқашқа жақындаған сайын өзеннің аңғары кеңейіп, беткейлері көлбеулене түседі. Іле сияқты Қаратал да Балқашқа жайылып бірнеше тарамдарға бөлініп барып құяды. Өзен көктемгі жаңбыр суынан, таудағы мұздықтар мен қардың еріген кезінде тасиды. Өзен суы сәуір айының аяғынан шілдеге дейін тасып жатады. өзен суының деңгейі маусым айында қатты көтеріліп, қыс айларында күрт төмендейді. Қаратал суы көбіне егін суаруға пайдаланылады.
Аякөз өзені. Сарыарқадан бастау алатын көптеген шағын өзендерінің ішінен Аякөз ғана Балқашқа жетіп құяды. Аякөз өзеніне Тарбағатай, Қалба және Шыңғыстау жоталарының түйіскен тау торабы беткейлерінен басталатын бұлақтар келіп қосылады. Ол еріген қар суымен және ішінара жер асты суымен де қорланады. Су шығынының ең көп болатын мезгіл - көктем айы, содан кейінгі уақытта су шығыны азаяды да қыркүйек айында орта мөлшерге жетеді.
Тентек өзені. Жоңғар Алатауындағы мұздықтардан басталып Сасық көлге келіп құяды. Бұл - Алакөл тобына жататын өзендердің ең ірісі. Әрі суы да молы. Тентек аралас қорланатын өзенге жатады. Өзен суының көктем айында деңгейі көтеріледі. Сәуір айында оның су шығыны 10 есеге дейін төмендейді. Көктем мен жаз айларында өзен суы егістікке пайдаланылады. Алғаш рет Ш.Уәлиханов зерттеп, өз күнделігіне түрірген. Тентек өзені бойында суару жүйесі салынған.
Шарын өзені - Іле өзенінің ірі сағаларының бірі. Ол жоғарғы ағысында Шалқұдысу, ал ортанғы ағысында Кеген атымен танымал. Өзен алабының ауданы 7720 км2 , ал ұзындығы 427 км. Өзен және оның оң жағалаулық сағалары бастауын Кетмен тауларының оңтүстік бөлігінен алады. Шарын өзенінің сол жағалаулық сағалары неғұрлым мол сулы (Қарқара өзені). Өзен Кетмен - Қарқара ойысына кішігірім таулы ағынмен түсіп, батыс бағытта жазықтық өзен типтес баяу аласа, кейде батпақты жағалаулармен ағады. Орта ағысында Қарқара және тағы басқа сағалармен толыққан Шарын өзені Күнгей Алатауының аласа тауларын кесіп өтіп солтүстік бағытта Іле өзеніне бет алады.
Ақсу өзені атырауының ауданы 720 км2-ты құрайды. Ол сағадан 71 км жоғарыдан басталады. Атыраудың басында Ақсу өзенінен оңға қарай Құрақсу тармағы бөлініп шығып, Шарын өзеніне құяды. Бұл тармақтың суы мол емес, тек су тасуы кезінде байқалады. Сол жақ тармағы Ақсу өзенімен параллель аға отырып, батпақанған жерлермен және Қалғанкөл арқылы өтеді. Қазіргі уақытта су Ақсу өзенінің негізгі арнасымен және оның сол тармағымен ағады. Жақсы ылғалданған жерлердің ауданы 338 км2 (шамамен атыраудың 50%-ындай). Атыраудың бірқатар бөлігін құм массивтері алып жатыр. Атырау ауданында тек қана бір көл - Қалғанкөл бар, айдының ауданы 8,6 км2.
Балқаш көлінің, оның батыс және шығыс бөліктерінің морфометриялық сипаттамалары кесте 3 және кесте 4 келтірілген.
Кесте 3
Су деңгейі 342 м кезіндегі Балқаш көлінің морфометриялық сипаттамалары [1]
№
Сипаттамалары
Өлшем бірлігі
Шамасы
1
Көлдің ұзындығы
км
614
2
Максимал ені
км
70
3
Орташа ені
км
30
4
Жағалық сызықтың ұзындығы
км
2 383
5
Су айдынының ауданы
км2
18 200
6
Максимал тереңдік
м
26,5
7
Орташа тереңдік
м
5,8
8
Суының көлемі
км3
106
9
Көл қазаншұңқырының көрсеткіші
(С.Д. Муравейский бойынша)
1,50
Кесте 4
Батыс және Шығыс Балқаштың негізгі морфометриялық сипаттамалары
Көлдің бөлігі
Ұз., км
Максимал ені, км
Орташа ені, км
Айдынының ауданы, км2
Макс. тереңдік, м
Орташа тереңдік
Суының көлемі
Батыс Балқаш
296
70
36
10600
11,0
4,6
48,5
Шығыс Балқаш
318
47,5
24
7600
26,5
7,6
57,5
Балқаш көлінің қазаншұңқыры созыңқылығымен және жағалық сызықтарының тілімделген болып келуімен ерекшеленеді. Сарыесик жартылай араллы тұсында көл енінің күрт тарылуынан көл екі бөлікке - батыс және шығыс бөліктерге бөлінеді. Бұл бөліктер өздерінің морфометриялық және гидрофизикалық сипаттамаларымен өзгешеленеді. 342,0 м су деңгейі жағдайында Ұзынарал мойнағының (ең тар жері ) ені 5-6 км-ден аспайды, ал табалдырықтың ең таяз жерлері 2,8-3,3 м болып келеді.
Көлдің бұлай екіге бөлінуі оның әсіресе суларының тұздылығының күрт өзгешеленуімен ерекшеленеді. Батыс Балқаш негізінен тұщы немесе өте төмен минералданған (су деңгейінің тербелісіне байланысты) ағынды көл болып табылады, ал Шығыс Балқаш салыстырмалы алғанда жоғары минералдануымен сипатталады.
2.2 Өзен ағындысының зерттелгендігі
Алғаш рет Іле - Балқаш алабы туралы мәлімет Л.С.Бергтың Орта Азияға саяхаты (1903 ж) кезінде алынды [3].
Іле-Балқаш алабының өзендерінде бірінші гидрометеорологиялық жұмыстар ХХ-ші ғасырда жүргізіле бастады. Осындай жұмыстар, Жер Министрлігіндегі жерді жақсарту бөлімінің гидрометриялық бөлімшесімен ұйымдастырылған: Іле өзенінде Илийск ауылынан 12 км төмен орналасқан бекетте - 1910 жылы, ал 1912 жылы 31 шілдеде - Іле өзені Борохудзир пристанда гидрологиялық бекеттер ашылды.
Алабтағы өзендерде жүйелі бақылаулар 1930 жылы басталды. Ал, 1980 жылдардың басында 84 бекетте, ал 2000 жылы - 12 гидротұстамада гидрометеорологиялық жұмыстар жүргізілді (кесте 5).
Кесте 5
Іле алабындағы гидрометеорологиялық бақылау ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz