Қазақ хандығының құрылуы және оның нығаюы



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Қазақ хандығының құрылуы мен оның нығаюы.
2. «Көшпелі өзбектер мемлекеті» пайда болуы.
3. Қазақ хандығын құруға ықпал жасаған хандар.
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер.
Қазақ хандығының құрылуы, тарих сахнасына көтерілуі қарсаңында Алтын орда ыдырап Қазақстанның жерінде Ақ Орда, Әбілқайыр, Ноғай, Көшім, Моғол хандықтары сияқты патриархалды-феодалдық мемелекеттер өмір сүрген. Олардың өздері жер-су, жайылымы жақсы жайлау үшін бір-бірімен соғысып, талас-тартыста болса, ал өз ішінде де хандық өкімет үшін,билік үшін талас-татыста болады. Сондай саяси және әлеуметтік-эканомикалық талас тартыстың шиеленісіп шегіне жеткен жері, Әбілқайыр хандығы болады.Ол хандықтан жеке бөлініп, мемлекет сипатына ие болған қазақ хандығы ХV ғасырдың екінші жартысында пайда болады. Бұл дәуір қазақ даласында феодалдық қатынастардың одан әрі нығая бастаған кезі болатын. Осыған байланысты билеуші тап өкілдерінің құқықтары мен артықшылықтары кеңейіп, еңбекші бұқараны қанау күшейеді. Мұның өзі, сайып елгенде, тап күресінің шиеленісуіне әкеп соғады. Бұл жағдай билеуші тап өкілдерін – сұлтандары, бектер мен билерді – феодалдық мемлекеттілікті нығайтуды, яғни еңбекшілер тарапынан болатын бас көтерілулерді басып жаныштайтын мықты аппарат құруға мәжбүр етті.
Қазақстан территориясында өндіргіш күштердің одан әрі даму процесі де үздіксіз жүріп жатты. Бір кезде моңғол басқыншылары ойсырата қиратқан қалалар мен егіншілік дамыған аудандар қалпына келтіріп, қазақ даласынның көршілес Шығыс елдерімен және Россиямен сауда- саттық қатынастары ұлғая бастады.
1. «Қазақстан тарихы» М. Чапай Алматы , 2004 ж
2. «Қазақтан тарихы» Қадырқұлов
3. «Қазақтан тарихы» І-ІІ том Аманжолов
4. «Қазақтан тарихы» С.Сабырұлы., Алматы, 2006
5. «Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан» С. Жолдасбайұлы. Алматы, 1995 ж

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ хандығының құрылуы.

Қазақ хандығының құрылуы және оның нығаюы.

Қазақ хандығының құрылуы, тарих сахнасына көтерілуі қарсаңында Алтын
орда ыдырап Қазақстанның жерінде Ақ Орда, Әбілқайыр, Ноғай, Көшім, Моғол
хандықтары сияқты патриархалды-феодалдық мемелекеттер өмір сүрген. Олардың
өздері жер-су, жайылымы жақсы жайлау үшін бір-бірімен соғысып, талас-
тартыста болса, ал өз ішінде де хандық өкімет үшін,билік үшін талас-татыста
болады. Сондай саяси және әлеуметтік-эканомикалық талас тартыстың
шиеленісіп шегіне жеткен жері, Әбілқайыр хандығы болады.Ол хандықтан жеке
бөлініп, мемлекет сипатына ие болған қазақ хандығы ХV ғасырдың екінші
жартысында пайда болады. Бұл дәуір қазақ даласында феодалдық қатынастардың
одан әрі нығая бастаған кезі болатын. Осыған байланысты билеуші тап
өкілдерінің құқықтары мен артықшылықтары кеңейіп, еңбекші бұқараны қанау
күшейеді. Мұның өзі, сайып елгенде, тап күресінің шиеленісуіне әкеп соғады.
Бұл жағдай билеуші тап өкілдерін – сұлтандары, бектер мен билерді –
феодалдық мемлекеттілікті нығайтуды, яғни еңбекшілер тарапынан болатын бас
көтерілулерді басып жаныштайтын мықты аппарат құруға мәжбүр етті.
Қазақстан территориясында өндіргіш күштердің одан әрі даму процесі де
үздіксіз жүріп жатты. Бір кезде моңғол басқыншылары ойсырата қиратқан
қалалар мен егіншілік дамыған аудандар қалпына келтіріп, қазақ даласынның
көршілес Шығыс елдерімен және Россиямен сауда- саттық қатынастары ұлғая
бастады. Мұның үстіне Қазақстанның көшпелі мал шаруашығымен айналысатын
өлкелерінің экономикасы да едәуір дамиды.
ХV ғасырдың 30-шы жылдарда Дешті-Қыпшақта Әбілқайыр хан құрған Көшпелі
өзбектер мемлекеті пайда болады.Осы мемлекеттің территориясы ХVғасырдың
орта шенінде Сырдария Сібір хандығына дейінгі ұлан- байтақ жерді алып
жатты. Әбілхайыр хан өзінің саяси дұшпандарын – Жошы әулетінен шыққан
сұлтандарды қудалауын тоқтатты. Өкімет үшін күрес барысында Дешті-
Қыпшақтан өздерін қолдайтын жеткілікті күш таба алмаған Ұрыс ханның
шөберелері Керей мен Жәнібек – ХҮ ғасырдың алпысыншы жылдарының орта
шенінде қарамағындағы ауылдарымен Шу өзенінің бойына көшіп кетуге мәжбүр
болды. Осы оқиғалар жөнінде Мұхаммед Хайдар Дулати өзінің Тарихи – Рашиди
атты шығармасында былай деп жазды: Әбілхайыр хан бүкіл Дешті –Қыпшақты
билеп, төстеді. Жошы ұрпақтарының кейбір сұлтандары Әбілқайырдан арамдық
әрекеттер мен соғыстардың иісі анқып тұрған ын нақты болжап, әрқайсысы да
мұны болғызбауды тіледі. Керей хан, Жәнібек сұлтан және басқалары бір топ
сұлтан біраз халықты ертіп Әбілқайыр ханнан Моғолстанға көшті. Моғолстан
ханы Исабұға қашқындары жақсы қарсы алып, олардың мекендеуіне Моғолстанның
батыстағы шеткі аймағы болып есептелетін Шу мен Қозыбасы иелігін берді.
Әбілқайыр хан өлгеннен кейін өзбек ұлысында ырың жырың туып, оған
бағынғандардың көшпелігі Керей мен Жәнібек хандардың қармығына көшіп кетті.
Сөйтіп, оларға қосылғандардың саны 200 мың адамға жетті. Оларды жұрт өзбек-
қазақтар деп атап кеткен, сөйтіп осы ат соларға бекіп қалды. Қазақ
сұлтандарының жеке билік құра бастағаны 1465-1466 жылдар Жәнібек пен
Керейді, Әбілқайыр ханның жүргізген саясатына риза болмай бөлініп көшуі
туралы қазақ халқының ауыз әдебиетінде де мынандай біршумақ сақталған.
Сөйтіп, дербес қазақ мемлекеті ХV ғасырдың 60-шы жылдарында құрылды десек,
оның негізін салушылар Керей мен Жәнібек сұлтандар болды.
Көшпелі өзбектер мемелекеті ыдырай бастағаннан кейін Дешті Қыпшақ
тұрғындары Жетісуға қоныс аударып, монғол шапқыншылығындағы сұлтандардың
билікке таласқан қанды жойқын күресі қалың еңбекші бұқараның онсыз да ауыр
материалдық жағдайын тым нашарлатып, олардың әлі де болса, игерілмей
жатқан Жетісу жеріне жаппай көшуін табиғи нәрсе етіп жіберді. Тарихи
еңбектерге айтуы бойынша, Дешті – Қыпшақтың көпшілік халқы Керей мен
Жәнібек хандарының қол астына кірген.
Қазақ хандығы көп ұзамай –ақ халқының саны едәуірге жеткен жеке
мемелекетке айналды. Ал оның территориясы Жәнібек хан тұсында Шу мен
Сырдария өзендерінің шеңберіндегі жерлермен шектелсе, кейінрек өзбек
хандығына тәуелсіз басқа сұлтан иеліктері де пайда бола бастады.
Жетісудың батыс бөлігінде орнығып, нығайған қазақ хандары мен
сұлтандары енді Моғолстан билеушілерімен бірігіп Дешті –Қыпшақтағы өкімет
билігін өз қолдарына алуға барынша тырысып бақты. Дегенмен, Әбілқайыр
мирасқорларының қиян кескі өзара тартыстарына қарамстан, олар өз ойларын
жүзеге асыра алмады. Алайда, бұл күрес Мұрындық хан (1480 – 1511) дәуірінде
де тоқталған жоқ.. Әбілқайыр тағын иемденген оның немересі Шайбани хан мен
Мұрындық ханың Сырдария бойындағы қалалар үшін үнемі шайқасып өткенін
Михман – намэ-и Бұхара авторы тарихишы Рузбехан атап көрсеткен. Қол өнер
кәсібі мен егіншіліктің орталықтары болып саналған Сығанақ, Сауран,
Түркістан, Отырар, Сайрам тағы басқа қалалар қазақ даласын мекендеген
көшпелі халықты Орта Азияның отырықшы аудандарымен тікелей байланыстырып
тұратын дәнекер есебінде болатын. Бұларда Дешті-Қыпшақтың көшпелі мал
шаруашылығының өнімдері мен Мауараннахрдан әкелінген егіншлік пен қолөнер
кәсібінің бұйымдары айырбасталып , қызу сауда болатын. Осы саудадан түсетін
пайда Түркістан қалалары кімнің билігінде болса, қолына түсетін.
Қазақ хандығын күшті мемелекетке айналдырған әйгілі Қасым хан (1511-
1523) тарихта Қасым ханың қасқа жолы деген ат қалдырды. Ол ақсүйектердің
қарсылығын әлсіретті, әскерді күшейтті, хандықтың жер көлемін
кеңейтті.Оның шекарасын батыста Жайыққа, оңтүстік-батыста Сырдарияның оң
жағалауына дейін жетіп, Сыр бойындағы қалаларды қосып алды. Солтүстікте
Қасым ханға бағынышты қазақтар жайлаулары Ұлтау мен Балқаштан әрі асып
кетті. Оңтүстік – шығыста Жетісу жерінің көбі – Шу, Талас, Іле, Қаратал
өзендерінің алабы Қасым хан қарады.
Қасым ханнан кейін ыдырай бастаған қазақ мемелекетін қайта қалпына
кетірген Хақназар хан (1538 – 1580). Ол хандықты нығайтты. Жайықтың сол
жағалауындағы толып жатқан көшпелі ұлыстарды бағындырды. Жетісу мен Тянь-
Шаньға көз тіккен моңғол ханына қарсы батыл күресті.Жетісудың шығысында
ойраттардың (қалмақтардың) қысымына мықтап тойтарыс берді. Сыртқы қауіпке
тойтарыс беру, ел ішіндегі алауыздықты бәсеңдету мал және егін
шаруашылығының, сауданың дамуына жағдай жасады.Орыс мемелекетімен, Орта
Азия халықтарымен байланыс, әсіресе суда қатынасы жақсара түсті. Сауран,
Түркістан қалаларын өзіне қаратты. Алайда 1580 жылы Хақназардан кейін таққа
отырған Шығай хан айтарлықтай елдібасқара алмады. Екі жыл өтпей – ақ, оны
қазақтар Мауренахрға қуып жіберді. Шығайдың орнын басқан Тәуекел (1582 –
1598 ж.ж.) кезінде Қазақ хандығы жаңа саяси өрлеу жолына түсті. Орта
Азияның басты сауда орталықтарына шығу жолындағы кескілескен күрес
жалғасты. Сырдария бойындағы қалалар мен Ташкент алынды. Бұқарды қоршауға
алғанда жараланған Тәуекел сонда қайтыс болады.
Қазақ халқы тарихында Еңсегей бойлы Ер Есім, Есім салған ескі жол
деп аталған Есім хан (1598 – 1628). Қазақ хандығының жерін кеңейту үшін
үздіксіз күресті. Шайқастарда жеке өзі асқан ерліктің үлгісін көрсетті.
Сондықтан да халық оны Еңсегей бойлы Ер Есім деп атады. Оның тұсында
Түркістаннан Самарқанға дейінгі жер Қазақ хандығына қарады. Бұхарамен
жасасқан (1599ж) шарт негізінде Ташкентті өзіне біржолата бекітті. Есім
хан қазақ – қыргыз ынтымағын орнатуға күш салды. Ойрат-қалмақтарға қарсы
күрес жүргізілді. Есім хан ел билегенде бұрынан келе жатқан әдет –
ғұрыптарды қолданды. Сондықтан ол Есім ханың ескі жолы деп аталды.
Тәуке хан (1680- 1718). Тәуке Жәңгір ханның баласы. Қазақ хандығының
ішкі, сыртқы жағдайы қиындаған кезде қырық жылға жуық уақыт хан болды.
Тәуке ханның билік құрған кезі кейбір қақатығыстарға қарамастан халық
арасында, қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған дейтіндей, тыныш заман
болды.Қазақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ хандығының құрылуы жөніндегі алғашқы деректер
Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (15-17 ғғ.)
Хандық дәуір әдебиетінің құрылуы қарсаңындағы қоғамдық - әлеуметтік, саяси жағдай
Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақ этнонимі. Қазақ жүздері
Кіші жүз тайпалары
Қазақ хандығы құрылуы мен нығаюы
Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы
ӘБІЛҚАЙЫР ХАНДЫҒЫ МЕН МОҒОЛСТАННЫҢ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ТИГІЗГЕН ӘСЕРІ
Қазақ тарихындағы хандар
Қазақ хандығының құрылуы 15-18ғғ
Пәндер