Рәбия Сұлтан Бегiм кесенесi



1. Рәбия Сұлтан Бегiм бейiтi туралы деректер
2. Рәбия Сұлтан Бегiмнiң өмір тарихы
Рәбия Сұлтан Бегiм кесенесi Қазақстан жерiндегi сирек кездесетiн тарихи нақты кiсiнiң ескерткiштерiнiң бiрi. Ол Түркiстан қаласының ортағасырлық некрополiнде Қожа Ахмет Ясауи кесенесiнiң оңтүстiк беткейiнен 60м. қашықтықта орналасқан. Ескерткiш 1989ж. бастап “Әзiрет Сұлтан” мемлекеттiк тарихи-мәдени қорық музейiнiң құрамына алынған сәулет ғимараты – мәдени-рухани мұрасы.
Рәбия Сұлтан Бегiм бейiтi туралы деректер өткен ғасырда өмiр сүрген тарихшылардың, археологтардың, сәулет өнерi мамандарының зерттеу жазбаларында көптеп кездеседi. Мысалы, Түркiстан уезiнiң бастығы Греймердiң Түркiстан генерал-губернаторына жолдаған рапортында және инженер Абрамовичтiң хабарламасында кесене жайлы мағлұматтар бар. [1]ОМА.,Іс.№553. 1879 жылдың 18 шiлдесiнде жазылған бұл рапортта биiктiгi – 105 фут, жалпы көлемi – 25 құлаш келетiн ескерткiштiң сол кездегi мүшкiл халi туралы баяндалады және онда тез арада қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу қажеттiгi аталып өтедi.
Мавзолей құрылысының ауыр жағдайда тұрғандығын 1866-72жж. белгiлi этнограф-ғалым А.Л.Кунның басшылығымен жасалған “Түркiстан альбомындағы” фотосуреттен де байқауға болады.[5] А.Л.Кун. Сонымен бiрге ескерткiш туралы П.Лерхтың (1879ж.), Пашиноның (1866ж.), М.С.Бекчуриннiң (1879ж.) және ХХ ғасырдың зерттеушiлерi Семеновтың (1922ж.), М.Е.Массон (1930ж.), В.В.Бартольдтың жазбаларында да мәлiметтер берiлген.
Кеңес дәуiрiнде ХV ғасырдың сәулеттiк өнер туындысын алғаш рет толық зерттеуге Б.Засыпкин ғылыми жетекшiлiк еттi және де оған археолог К.Шахурин, сәулетшi Карумидзе қатысты. 1952-57 жылдары жүргiзiлген бұл жұмыстардың нәтижесiнде негiзгi ғимаратпен жапсарлас бөлмелердiң де бар екендiгi анықталды. Кейiннен К.Шахуриннiң (1958ж.) жүргiзген археологиялық қазба жұмыстары нәтижесiнде кесененiң iрге тасы мен қабырғаларының құрылысы туралы мәлiметтер жинақталды. Бiзге дейiн жеткен және бiр деректерге қарағанда Рәбия Сұлтан Бегiм кесенесi 1495-1510 жылдары баласы Көшкiншi ханның пәрменiмен салынған болуы керек. 1895-96 жылдары жергiлiктi көне көз қариялар мен тұрғындардың айтуы бойынша, күтiмсiз кесененiң күмбезi бiр түнде құлап қалғанға ұқсайды, ал қираған құрылыс қыштары 1930-40 жылдары қаладағы май зауытын салу үшiн пайдаланылғандығы айтылады [2] М.Тұяқбаев.
1. ҚР. Орталық мұрағат қоры. 423-553 iстер.
2. Тұяқбаев М.Қ. Кесенеде жерленген Әмiр Темiр ұрпақтары, Түркiстан, 1999.
3. Туякбаева Б.Т. Эпиграфический декор комплекса Ходжа Ахмеда Ясави. Алматы, 1989.
4. Фаизиев Т. Мирзо Улуғбек авлодлари, Ташкент, 1994.
5. “Түркiстан альбомы” 1866-1872жж. Дайындаған Дайрабай Тынышбек
6. Ахмедов Б., Уватов У. Амир Темур ва Улуғбек замандошлари хотирасида. Ташкент, 1996.
7. “Әзiрет Сұлтан” мемлекеттiк тарихи-мәдени қорық музейiнiң ғылыми архив қоры материалдары.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Р.С.Жүзбаева

Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-
мәдени қорық мұражайының
Бас қор сақтаушысы

Рәбия Сұлтан Бегiм кесенесi
Рәбия Сұлтан Бегiм кесенесi Қазақстан жерiндегi сирек кездесетiн
тарихи нақты кiсiнiң ескерткiштерiнiң бiрi. Ол Түркiстан қаласының
ортағасырлық некрополiнде Қожа Ахмет Ясауи кесенесiнiң оңтүстiк беткейiнен
60м. қашықтықта орналасқан. Ескерткiш 1989ж. бастап “Әзiрет Сұлтан”
мемлекеттiк тарихи-мәдени қорық музейiнiң құрамына алынған сәулет ғимараты
– мәдени-рухани мұрасы.
Рәбия Сұлтан Бегiм бейiтi туралы деректер өткен ғасырда өмiр сүрген
тарихшылардың, археологтардың, сәулет өнерi мамандарының зерттеу
жазбаларында көптеп кездеседi. Мысалы, Түркiстан уезiнiң бастығы Греймердiң
Түркiстан генерал-губернаторына жолдаған рапортында және инженер
Абрамовичтiң хабарламасында кесене жайлы мағлұматтар бар. [1]ОМА.,Іс.№553.
1879 жылдың 18 шiлдесiнде жазылған бұл рапортта биiктiгi – 105 фут, жалпы
көлемi – 25 құлаш келетiн ескерткiштiң сол кездегi мүшкiл халi туралы
баяндалады және онда тез арада қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу қажеттiгi
аталып өтедi.
Мавзолей құрылысының ауыр жағдайда тұрғандығын 1866-72жж. белгiлi
этнограф-ғалым А.Л.Кунның басшылығымен жасалған “Түркiстан альбомындағы”
фотосуреттен де байқауға болады.[5] А.Л.Кун. Сонымен бiрге ескерткiш туралы
П.Лерхтың (1879ж.), Пашиноның (1866ж.), М.С.Бекчуриннiң (1879ж.) және ХХ
ғасырдың зерттеушiлерi Семеновтың (1922ж.), М.Е.Массон (1930ж.),
В.В.Бартольдтың жазбаларында да мәлiметтер берiлген.
Кеңес дәуiрiнде ХV ғасырдың сәулеттiк өнер туындысын алғаш рет толық
зерттеуге Б.Засыпкин ғылыми жетекшiлiк еттi және де оған археолог
К.Шахурин, сәулетшi Карумидзе қатысты. 1952-57 жылдары жүргiзiлген бұл
жұмыстардың нәтижесiнде негiзгi ғимаратпен жапсарлас бөлмелердiң де бар
екендiгi анықталды. Кейiннен К.Шахуриннiң (1958ж.) жүргiзген археологиялық
қазба жұмыстары нәтижесiнде кесененiң iрге тасы мен қабырғаларының құрылысы
туралы мәлiметтер жинақталды. Бiзге дейiн жеткен және бiр деректерге
қарағанда Рәбия Сұлтан Бегiм кесенесi 1495-1510 жылдары баласы Көшкiншi
ханның пәрменiмен салынған болуы керек. 1895-96 жылдары жергiлiктi көне көз
қариялар мен тұрғындардың айтуы бойынша, күтiмсiз кесененiң күмбезi бiр
түнде құлап қалғанға ұқсайды, ал қираған құрылыс қыштары 1930-40 жылдары
қаладағы май зауытын салу үшiн пайдаланылғандығы айтылады [2] М.Тұяқбаев.
Барлық зерттеушiлер өз еңбектерiнде кесененiң құрылысына “Қожа Ахмет
Ясауи” ескерткiшiнiң әсерi болғандығын атап көрсетедi. Атап айтқанда, Ясауи
кесенесiнiң негiзгi өлшем бiрлiгi ретiнде алынған “кез” өлшемi Рәбия
бейiтiнде де пайдаланылғандығы, Қабiрхана күмбезiнiң мойындығындағы ақ
түстi бояумен жазылған араб жазуларының қайталануы туралы ұқсастықтарды
зерттеу барысында сәулетшi Л.Ю.Маньковская жазған болатын. Ал, 1980 жылдары
Ахмет Ясауи кесенесiндегi қайта қалпына келтiру жұмыстарын басқарған, бас
сәулетшi Б.Т.Тұяқбаеваның кесененiң эпиграфикалық өрнектелуi ерекшелiгiн
зерттеу еңбегiнде ХV ғасырдағы шеберлердiң күмбез мойындығындағы ақ түстi
араб жазбаларын түсiруде сәл болса да мүлт кеткендіктерiн, яғни, соңғы
сөздiң бөлшегiнiң сыймай қалғандығын атап көрсетедi [3] Б.Т.Тұяқбаева.
Құрылыстың астында мүрде қойылатын “Сағана” деп аталатын бөлмесi
орналасқан. Оның формасы жоғары бөлiгiнiң құрылысын толық қайталайды.
Кесененiң оңтүстiк-шығыс жағында сағанаға түсетiн ойық сақталған, сол
жерден қайтыс болған адамды төменге алып түсiп жерлеп болған соң, ойықты
қайта бекiтiп отырған.
1980 жылдардағы археологиялық зерттеу жұмыстары кезiнде және бiр
сағанаға түсетiн ойық кесененiң шығыс жағынан табылған. Сағана күмбезiнiң
оңтүстiк жағынан бiр шетiнiң арнайы бұзылғандығын байқауға болады. Кезiнде
кейбiр тонаушылар ашып көрген болуы мүмкiн деген жорамалды 1954 жылғы
археологиялық зерттеу кезiндегi К.Шахурин мен Карумидзенiң есептерiнен
кездестiремiз. [7]
Рәбия Сұлтан Бегiм кесенесi өзiнiң құрылыс ерекшелiгiне қарай Орта
Азия мен Қазақстандағы ортағасырлық сәулет өнерiнiң тамаша үлгiсi болып
саналады. Ол екi қабатты күмбезбен көмкерiлген сегiз қырлы порталды-
күмбездi құрылыс, биiктiгi – 20метр 60см. Кесене бес бөлмеден тұрады:
құрылыстың ортасында орналасқан сегiз қырлы негiзгi бөлме, қалғандарының
екеуi төртбұрышты және екеуi тiк төртбұрышты болып келедi.
Кезiнде кесене қабырғалары сыланып, күмбездiң iшкi бетi сталактитпен
әшекейленген. Қазiргi кезде сталактит формаларының сақталмауына байланысты,
кесене күмбезiнiң сыртқы бетi төртбұрышты жасыл-көк түстi шыңылтырлы
кiрпiштерiмен қапталған. Күмбездiң iшкi бетi күйдiрiлген кiрпiштермен
өрiлген, iшкiсi – құрылыстық, сыртқысы – көркемдiк мiндетiн атқарады.
Орталық бөлме құрылымы бойынша сегiз қырлы болып келген, оның төртеуiнде
терезе ойықтары бар. Кесененiң күмбезi биiк мойындықпен көтерiлген, оның
диаметрi – 8,65м. Күмбездiң мойнында “куфи” қолтаңбасымен жазылған ақ түстi
шыңылтырлы кiрпiштен құрастырылып, iрi көлемде етiп араб жазулары түскен.
Онда “Алланың билiгi” деген сөз тiркестерi сегiз рет қайталанып
жазылған.[3] Б.Т.Тұяқбаева
Кесененiң қазiргi көрiнiсi, 1866-1872 жылдары түсiрiлген әйгiлi
“Түркiстан альбомы” жинағында сақталған фотосурет бойынша, қаланың 1500
жылдық мерейтойы қарсаңында толығымен “Казпроектреставрация” мекемесiнiң
жобасымен қайта қалпына келтiрiлген түрi.
Ендi, Рәбия Сұлтан Бегiмнiң өзi кiм, ол туралы қандай тарихи деректер
бар, деген сұрақтарға жауап берiп көрейiк. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туған жер туралы
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі
Түркістан қаласына жерленген Әмір Темір ұрпақтары
Түркістан қаласындағы туризмінің дамуы
Қазақстанның басқа мемлекеттерден айырмашылық жақтарын көрсететін қандай рухани мұралар мен киелі жерлер ескерткіштері
Республикалық дәрежедегі қорық мұражайлары
АСАН ҚАЙҒЫ - ДАЛА ДАНЫШПАНЫ
Әзірет Сұлтан тарихи-мәдени қорық-мұражайының құрамындағы ескерткіштер
Қорымдарды зерттеу
Түркістан – рухани астана
Пәндер