Жаңа экономикалық саясатқа көшу



І КІРІСПЕ
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Жаңа экономикалық саясатқа көшу.
2. Жаңа экономикалық саясаттың белгілері:
3. ЖЭС және оның қорытындылары
4. 1921.1922 жж. жер.су реформасы
5. Өлкедегі қоғамдық.саяси және идеялық қүрес.
6. Қоғамдық.саяси жағдай
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
ІV ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Жаңа экономикалық саясат белгілі бір шамада капитализмге уақытша жол беру арқылы мемлекет қолында халық шаруашылығының өміршіл тұтқаларын сақтап қалуға есептелген пролетарлық мемлекеттің ерекше саясаты болуға тиіс еді. В.И.Лениннің пікірінше, НЭП-тің (жаңа экономикалык саясаттың) негізгі мәні – елдің экономикалық жағынан артта қалу проблемасын шеше алатын жұмысшылар мен шаруалардың одағын жасау болды. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының бір-біріне көмектесуі мен бір мезгілде қатар дамуы мына жүйе бойынша жүруге тиіс еді: ауыл шаруашылығын өндіріс құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етуге бейімделген ауыр өнеркәсіпті қалпына келтіру, селолық ұсак тауар өндірушілерді көтермелеу; ауыл шаруашылық техникасын Кеңес өкіметі өңдей алмай отырған шикізатқа айырбастау жолымен сырттан алу. ЖЭС марксистік экономикалық теориядан қалыпты нарықтық қатынастарға қайта оралуды білдірді.
Жаңа экономикалық саясатқа бағыт алу РКП (б) X съезінде қабылданды. 1921 жылы 20 наурызда Компартияның X съезінің күн тәртібіне екі маңызды мәселе қойылды: біріншісі – партияның ішіндегі фракцияларғатыйым салу, екіншісі – шаруаларға үш жыл бойы ауыр салмақ болған азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен ауыстыру. БОАК съезде жаңа экономикалық саясатқа көшу бағытын бекітті. Негізгі кұжаттар съездің соңғы күні, асығыс түрде қабылданғанын айтып өту қажет. Съезден соң азық-түлік салығы жөніндегі қарар басқа экономикалық шаралармен толықтырылуға тиіс болды.
1. Абылхожин Ж.Б. XX ғ. Қазақстан тарихының әлеуметтік-экономикалық очерктері. - Алматы, 1997 ж.
2. Абылхожин Ж.Б. Қазақстанның дәстүрлік құрылымы.- Алматы 1991 ж.
3. Верт Н. Кеңес мемлекетінің тарихы (1900-1911жж.). - М 1992 ж.
4. Дахшлейгер Г.Ф. ЖЭС кезеңіндегі Қазақстан // Тарихи сұрақтар -1996 ж.
5. Дмитриенко Б.П. ЖЭС 4 өлшеу // БПБ тарихи сұрақтар -1991.-№3
6. Қазақстан тарихы (очерк).-Алматы 1993 ж.
7. Қазақстан тарихы. (Хрестоматия) / Құрастырушысы. И.М. Козыбаев, М.К. Козыбаев. - Алматы, 1994 ж.
8. Карр Э. X. Лениннан Сталинға дейінгі Ресей революциясы (1917-1929 жж.).-М., 1990 ж.
9. Куртов И.А. Қазақстандағы ЖЭС. - Алматы, 1973 ж.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
М А З М Ұ Н Ы

І КІРІСПЕ
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Жаңа экономикалық саясатқа көшу.
2. Жаңа экономикалық саясаттың белгілері:
3. ЖЭС және оның қорытындылары
4. 1921-1922 жж. жер-су реформасы
5. Өлкедегі қоғамдық-саяси және идеялық қүрес.
6. Қоғамдық-саяси жағдай
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
ІV ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе
Жаңа экономикалық саясат белгілі бір шамада капитализмге уақытша жол
беру арқылы мемлекет қолында халық шаруашылығының өміршіл тұтқаларын сақтап
қалуға есептелген пролетарлық мемлекеттің ерекше саясаты болуға тиіс
еді. В.И.Лениннің пікірінше, НЭП-тің (жаңа экономикалык саясаттың) негізгі
мәні – елдің экономикалық жағынан артта қалу проблемасын шеше алатын
жұмысшылар мен шаруалардың одағын жасау болды. Өнеркәсіп пен ауыл
шаруашылығының бір-біріне көмектесуі мен бір мезгілде қатар дамуы мына жүйе
бойынша жүруге тиіс еді: ауыл шаруашылығын өндіріс құрал-жабдықтарымен
қамтамасыз етуге бейімделген ауыр өнеркәсіпті қалпына келтіру, селолық ұсак
тауар өндірушілерді көтермелеу; ауыл шаруашылық техникасын Кеңес өкіметі
өңдей алмай отырған шикізатқа айырбастау жолымен сырттан алу. ЖЭС
марксистік экономикалық теориядан қалыпты нарықтық қатынастарға қайта
оралуды білдірді.
Жаңа экономикалық саясатқа бағыт алу РКП (б) X съезінде қабылданды.
1921 жылы 20 наурызда Компартияның X съезінің күн тәртібіне екі маңызды
мәселе қойылды: біріншісі – партияның ішіндегі фракцияларғатыйым салу,
екіншісі – шаруаларға үш жыл бойы ауыр салмақ болған азық-түлік
салғыртын азық-түлік салығымен ауыстыру. БОАК съезде жаңа экономикалық
саясатқа көшу бағытын бекітті. Негізгі кұжаттар съездің соңғы күні, асығыс
түрде қабылданғанын айтып өту қажет. Съезден соң азық-түлік салығы
жөніндегі қарар басқа экономикалық шаралармен толықтырылуға тиіс болды.

Жаңа экономикалық саясатқа көшу
Шетелдік интервенция  мен азамат соғысы аяқталғаннан кейін 
Қазақстанда экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдай елдің орталық 
аудандарымен салыстырғанда ауыр болды. Қазақстанның 307 кәсіпорынның 250-
і жұмыс  істемеді. Қазақстанда мұнай өндіру 4 есе, Қарағанды көмірін өндіру
5 есе қысқарды, ал мыс кенін өндіру мүлде тоқтап қалды. Риддер кеніштері,
Екібастұз көмір орындары және Спасск байыту фабрикасы толық істен шықты.
Өлке халық шаруашылығының жалпы өніміндегі өнеркәсіптің үлесі 1920 жылы
небары 6,3 % болды. Республиканың ауыл шаруашылығы құлдырап кетті. Егіс
көлемі Орал губерниясында 2 еседен астам, Жетісуда 3 еседей қысқарды. Мал
саны да едәуір азайып, 29,9 млн. – нан 16,3 млн. – ға дейін кеміді.
Кеңес үкіметі еңбекшілердің  жағдайын жеңілдетуге ұмтылып, 1921 жылдың
бас кезінде Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесі халыққа азық – түлікті,
отынды тегін босату туралы, коммуналдық қызметтерді тегін көрсету туралы,
ақысыз асханалар ашу туралы декреттер қабылдады.
Алайда, зорлық –  зомбылыққа негізделген азық – түлік саясаты
сәтсіздікке ұшырады. Күйзелген шаруалар наразылық білдіре бастады.
Қостанай, Ақмола, Орал, Семей облыстарында көтеріліс ошақтары пайда болды.
1921 жылы ақпан айында патша армиясының полковнигі Николаев пен Есаул
Токарев бастаған 25 мың адамнан тұратын отряды Петропавл қаласында Кеңес
үкіметі органдарының үйін қиратты. 1921 жылдың наурызында Орал
губерниясының территориясында Сапожников отрядының қаруланған 10 мыңнан
астам бүлікшілері әрекет етті. Қарқаралы уезінде 70 – тен астам партия және
Кеңес қызметкерлері көтерілісшілер қолынан қаза тапты.
XX ғасырдың 20 жылдың  басында ауылдар мен селоларда халық  
наразылығының ұлғаюының себептері:   
- Мемлекеттің еңбекші халыққа қолдану саясаты (азық – түлік салғырты);  
- 1921 – 1922 жылдардағы жаппай ашаршылық;  
- Мал шаруашылығының ауыр жағдайы;  
- Егін алқаптарының күрт азаюы.
Осы жағдайлардан азық – түлік салғыртының орнына азық – түлік салығын
енгізудің қажеттілігі айқындала түсті.
1921 жылдың 8– 16 наурызда  өткен партияның X съезі салғырттан 
азық – түлік салығына көшудің,  жаңа экономикалық саясатқа (НЭП – ке)
көшудің қажеттігін негіздеп берді.

Жаңа экономикалық саясаттың белгілері
- Азық – түлік салығының енгізілуі.  
- Сауда еркіндігі.  
- Жерді және ұсақ кәсіпорындарды жалға беру.  
- Ауылшаруашылық және несие, тұтыну кооперациясын дамыту.  
- Кәсіпорындарды шаруашылық есепке көшіру.  
- Еңбек міндеткерлігін жойып, жалдамалы еңбекті қолдану.
Жаңа экономикалық саясаттың мәні – салғыртты салықпен ауыстыру болды.
Салықтың мөлшері  салғыртқа қарағанда (2,5 есе) аз болды. Шаруалардан
алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің мөлшерін салықпен шектеу ауыл –
селолардың қалалармен байланысты нығайтуға жол ашты. Шаруалар басы артық
өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды.
Орынборда 1921 жылы маусымда өткен облыстық бірінші құрылтай партия
конференциясы жаңа экономикалық саясатқа көшуді мақұлдады.
Жаңа экономикалық саясатпен бірге тоталитарлық, авторитарлық басшылыққа
көшу басталды.

ЖЭС және оның қорытындылары
Қазақстанда азамат соғысы аяқталғаннан кейін экономикалық және
әлеуметтік-саяси жағдай Ресейдің орталық аудандарымен салыстырғанда ауыр
болды. Бейбіт құрылысқа көшудін. шаруашылық және саяси қиындықтары мұнда
бұрынғы феодалдық дәуірден мұра болып келген экономикалық және мәдени артта
қалушылықпен байланысты еді.
1920 жылдың аяғында Қазакстанда 4,7 миллион адам тұрды. Оның ішінде
қазақтары -50,3, орыстары - 31,1, украиндары - 14,4 пайыз. Халықтың басым
көпшілігі ауыл шаруашылығында еңбек етті. Ал, ауыл шаруашылығы мешеу жете
дамымаған еді. Егіншілікте жерді біраз тыңайтып алып қайта жырту жүйесі,
мал шарушылығында көшпелі және жартылай көшпелі шараушылық басым болатын.
Егістің көлемі азамат соғысы жылдарында едәуір кеміп астықтың жалпы көлемі
мен түсімі үш есеге жуық азайды. Егер егістік көлемі 1914 ж. 3,6 млн.
десятина болса, 1922 ж. 1,6 млн. десятинаға қысқарды. Мал шаруашылығы да
ауыр халге ұшырады. 1914 жылдан 1922 жылдың аяғына дейін ірі қара мал саны
2,1 млн-ға, жылқы-2 млн-ға, қой-ешкі 6,5 млн-дай, түйе-0,3 млн-ға азайды.
Жалпы алғанда осы жылдары барлык, мал тұрі 10,8 млн. басқа кеміді.
Қазақстанның өнеркәсібі де қүлдырап кетті. Азамат соғысы жылдарында
ірі кәсіпорындар түгелдей дерлік қирап бүлінді, істен шықты. Қазақстан
халық шаруашылығы жалпы өнімінде өнеркәсіптің үлесі бар болғаны 6,5 пайыз
құрады. Өнеркәсіп халық қажеттерін қанағаттандыра алмады. Еңбек өнімділігі
төмен, шикізат пен отын жетіспеді.
Бұл кезде Қазақстанда да Ресейдегі сияқты экономикалық бірнеше меншік
тұрі: париархалдық, ұсақ тауарлық, капиталистік жекеменшік, мемлекеттік-
капиталистік және социалистік меншіктер орын алды. Бірақ олардың
экономикалық көлемі әртүрлі еді. Қазақстан экономикасында социалистік
үлестің меншік салмағы тіпті төмендеді.
Қазақ, ауылында капитализмге дейінгі қатынастар таза Гюлған жоқ. Олар
капиталистік қатынастармен тоғысып немесе ұштасып жатты. Қазақстан халқының
таптық құрылымының елдегі орталық аудандарынан айтарлықтай айырмашылығы
болды. Мұнда ұлттық буржуазияның тап ретінде қалыптасу процесі аяқталмаған
еді.
Жеті жылға созылған соғыста (бірінші дүниежүзілік және соғысы)
жүздеген мың адам қырылды. Кейбір уездерде аштық басталды. Кеңес елінің
басқа да аудандары сияқты Қазақстанда да азық-түлік салғырты жұргізілді. Ол
бойынша шаруалардың күн көрісінен артылған азық-түлік мен өндіріс
орындарындағы жұмысшыларды асырау үшін ешбір өтеусіз алынды. Бұл жағдай
шаруалардың табиғи наразылығын туғызды. Әсіресе, ауқатты шаруалар қатты
наразы болды. Өйткені олардан азықтүлік неғұрлым көп айырымсыз қатал
әдістермен жиналды. Мұның өзі (Қостанай, Орал, Семей, Шымкент уездерінде
шаруалардың өкіметіне қарсы шығуына әкелді.
Мұндай наразылықтың күшеюі Кеңес өкіметін салғырттан, яғни "әскери
коммунизм" саясатынан салғырт солай аталатын бас тартуға, жаңа
экономикалық саясатқа көшуге, салғыртты салықпен ауыстыруға мәжбүр етті.
Бұл арада "әскери коммунизм" саясатының социализм орнатуда неғұрлым
тар түсінігі болғанын да айту керек. Ол азық-түлікті кұштеп алу, ірі, орта
және ұсақ кәсіпорындарды қоғамдастыру, сауда-саттыққа, рынокқа тыйым салу,
ақша айналымын тоқтатып, сол арқылы жаңа қоғам орнатуға болады деп
әрекеттенудің көрінісі. Оның тұсында өкімет барынша орталықтандырылып,
әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі пайда болды. Барлық партия мүшелері әскери
жағдайда деп танылды. Көп адамдар мұндай жағдай социализмге барар жолды
қысқартады деп есептеді. Әрине әскери коммунизм" социализмге жеткізетін
шара емес, ділгерліктен туған болатын. Сондықтан оны жаңа
экономикалық саясатпен, төтенше ауыстыру уақыт талабы еді.
Қазақстанда жаңа экономикалык саясатты НЭП-ті іске асыру 1921-1923
жылдарда Қазақ АКСР Орталық Атқару комитетінің азық-түлік салығына көшу
туралы шепімі негізінде жүргізілді. Салықтың мөлшері салғыртқа қарай аз
болды. Мәселен, 1920 жылы Жетісу және Сырдария облыстарында астык салғырты
бойынша 10,4 млн. пүт ас жиналса, 1921 жылы салық арқылы шаруалардан
жиналған астық 6,0 миллион пүттан асқан жоқ. Шаруалардан алынатын ауыл
шаруашылығы өнімдерінің мөлшерін салықпен шп ауыл-селолардың қалалармен
байланысын нығайтуға ашты. Шаруалар басы артық өнімдерін қалаларға апарып
сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды.

1921-1922 жж. жер-су реформасы
Алайда, жаңа экономикалық саясатты іске асыру барысында көптеген
киыншылықтар да кездесті. Атап айтқанда, 1921 жылы жазда Еділ өзені
бойының, Солтүстік және Батыс Қазақстанның халықтары күшті қуаңшылық
болуына байланысты аштыққа ұшырады. Орал, Орынбор, Ақтөбе, Бөкей және
Қостанай губернияларында егістің көбі күйіп кетті. Малға азық болмай,
қырыла бастады. Ауыл шаруашылығында болған апаттың аяғы сұмдық аштыкка
апарып соқты. Сол кездегі мәліметтерге қарағанда республикада 2,3 млн. адам
ашыққан. Осы қиын-қыстау күндерде Қазақстан еңбекшілеріне Ресей халқы
елеулі көмек көрсетті. 1921 жылы күзде және 1922 жылы көктемде РКФСР
үкіметі толық емес есеп бойынша Қазақстанға 4475 мың пүт астық 183 мың пүт
картоп жіберді. Түркістан мен Украин республикалары да Қазақстанға елеулі
көмек жасады. Жүт пен қуаңшылықтан зардап шеккен кедей шаруашылықтарға
ондаған мың ірі қара мал, 5 млн. пүттан астам тұқымдық берілді. Бұл дән
1921-1922 жж. бір милллион гектардан астам күздік және жаздық егістікке
себілді. Алайда Қазақ Республикасы халық шаруашылығының жағдайы өте ауыр
болып кала берді.
20-шы жылдардың басындағы жер реформаларының ерекше маңызды рөлі
болды. Мұның өзі жер мәселесіндегі патша өкіметінің отаршылдық саясатының
зардаптарын жою бағытында іске асырылған шаралар еді. Патша өкіметі алған
жерлер қазақ еңбекшілеріне қайтарылып берілді.
1921 жылы ақпан айында жер-су реформасы Түркістанның көптеген
аудандарында, оның ішінде Алматы, Қапал, Шымкент, Әулиеата уездерінде
жүргізілді. Жайық өзенінің сол жағалауының бөлігі межелеп бөлінді. Қазақ
шаруалары жайылымдарын алды.
Ауылда әлеуметтік өзгерістер мен жер реформаларын асыру үшін бұқаралық
ұйым Қосшы одақтары құрылды. Оның жарғысы кедейлердің таптық сана-сезімін
арттыру, олардың мүлделерін қорғау және Кеңес өкіметіне көмектесу сияқты
мақсаттарды іске асыруды көздеді. Одақтарды құруда және оның практикалық
қызметінде, сондай-ақ Оңтүстікте жер-су реформаларын жүргізуде Ж.Бөрібаев,
О.Жандосов, А. Розыбакиев, т. б. қоғам қайраткерлер көрнекті кызмет атқарды
1921 жылғы наурызда Жетісуда 17 мыңнан астам мүшесі бар Қосшы одағының 99
ұясы жұмыс істеді.
Қазақстанның ауыл шарушылығында елеулі өзгерістер жұрді. Бірыңғай ауыл
шаруашылық салығы енгізіліп, оның жалпы көлемі 100 млн. сомға төмендетілді.
1925жылы 46 мың кедей және әл-ауқаты кем шаруашылықтар мал және құрал-
сайман алуға, жер жырту мен егіс егуге мемлекеттен қарыз алды.
1925 жылы мал басы 1922 жылмен салыстырғанда екі есе көбейіп, 26
миллионнан асты. Осы шаралардың нәтижесінде республиканың ауыл
шаруашылығында орташаландыру процесі көрсете бастады.
Тұтас алғанда Республика бойынша 1925 жылы қазанда ауыл шаруашылық
кооперациясының жүйесінде 322 690 мүшесі бар 2811 бірлестіктері жұмыс
істеді, олардын ішінде 62546 мүшесі бар бір мың қазақ бірлестіктері де бар
еді. Сонымен қатар қазақ және қоныс аударып келген шаруашылықтардың төрттен
бірінен көбі (27,1 пайыз) бірлестіктерге қамтылды. Бірлестіктер катарына 96
коммуна, 557 артель, 58 жай серіктер кірді. Тұтыну корперациясы кешпелі
ауылда кеңінен дамыды. Олардан басқа 35 совхоз және 4 мыңнан астам шаруалар
комитеттерінің өзара көмек қоғамдары жұмыс істеді.
Кооперациялық құрылысты жұргізуде орыстар арасында шаруалардың өзара
жәрдемдесу комитеттері, ал қазақтар арасында Қосшы одағы маңызды рөл
атқарды. 1925-1926 жылдары шаруалардың қоғамдық өзара жәрдемдесу
комитеттері 335 мың, ал Қосшы одағы 140 мыңнан астам ауыл шаруашылығының
жұмысшыларын, кедейлер мен орташаларды біріктірді.
1921-1922 жылдарды қамтитын үшінші кезеңде жер - су реформасы іске
асырылса, 1924-1927 жылдарды қамтитын төртінші кезеңде - жерге орналастыру,
шабындық, егістік жерлерді қайта бөлу жұмыстары жүргізілді. Мұндай
шараларды іске асыруда тәжірбиенің жоқтығы, жергілікті қадрлардың
түсінігінің кемдігі, сауатының аздығы, т.б. себептер негізінде бұл
төңкерістік шараларды іске асыру барысында асыра сілтеушіліктің,
солақайлықтың, теріс әрекеттердің орын алғанын, Кеңес өкіметіне сенімді
азайтатын жайлардың болғанын да айту керек.

Өлкедегі қоғамдық-саяси және идеялық қүрес.
Қазақстанда жаңа экономикалық саясатты жүргізуші Кеңестер болды.
Оларға шаруалар қауымының сенімі арта бастады. Бұл тұста кеңестерді
нығайтуға байланысты біраз жұмыстар жүргізілді. 1921 жылы уездер мен
губернияларда Кеңестер съезі болып өтті. Алайда Қазақстандағы Кеңес
құрылысында бірқатар қиыншылықтар мен кемшілік кездесті. Көптеген
қызметкерлер жаңа экономикалық саясаттың мәнін түсінбеді, бұрынғысынша
"әскери коммунизм" әдістерімен жұмыс жасады. Кеңестер құрамына жаңа
құрылысқа қарсы, іштен бүлдіру әрекетіне бейім адамдардың кіріп алу
фактілері орын алды. Дегенмен Кеңестерді құрып, нығайту жұмысы мақсатты
түрде жүргізілді. Оған белсене қатысқан Қазақ АКСР Орталық Атқару
Комитетінің тұңғыш төрағасы С. Мендешев, орынбасары Ә. Жанкелдин, Ішкі
істер халық комиссары Ә. Әйтиев және басқалары Кеңестердің жұмысын
жандандыруға елеулі еңбек сіңірді.
1921 жылы 4-10 қазанда Қазақ АКСР Кеңестерінің екінші съезі болып
өтті. Онда республика өмір сүрген алғашқы жыл ішіндегі мемлекеттік және
шаруашылық кұрылыстың қорытындылары шығарылды. Сонымен бірге жергілікті
жерлерде кеңестерді нығайтудың жолдары белгіленді.
1922 жылы Кеңестер сайлауы өтті. Олардың құрамын жерлікгендіру іске
асырылды. Бөкей, Орал, Ақтөбе, Семей губернияларында болыстық атқару
комитеттері сайлауынан депутаттардың жартысынан астамы қазақтар
болды. арасында саяси жұмыс жүргізу мақсатында Қызыл керуен және
жылжымалы Қызыл отау сияқты жұмыстық түрлері пайдаланылды.
КАКСР Орталық Атқару Комитетінің тұңғыш қызыл керуені 1922 жылы Ә.
Жанкелдиннің басқаруымен ел аралауға шықты. 9 мамырдан 12 маусымға дейін
керуен Орынбор мен Семей аралығындағы 26 болыстың 37 ауылында сондай-ақ
Екібастұз бен Спасск зауытында болды. 126 жиын, 420 әңгіме өткізді. Керуен
Кеңестердің іс қағаздарын казақ тілінде жүргізуді жолға қойды. Мұның өзі
мемлекеттік жүйені нығайтуға ықпал етті.
1922 жылы 30 желтоқсанда Мәскеуде өткен Кеңестердің Бүкілодақтық
бірінші съезі Кеңестердің Социалистік _ Республикалар Одағы құрылғанын
жариялады. Басқа да анатомиялық Кеңес республикалары сияқтыҚазақ АКСР-да
Кеңест-ер Ресей Федерациясы құрамында Одаққа кірді.
Орта Азия Кеңес республикаларын ұлттық-мемлекеттік жағынан 1924 ж.
жүргізілген межелеу республика өміріндегі оқиға болды. Ұлттық жерлердің
межеленуі де Түркістан АҚСР-інің құрамындағы бұрынғы Сырдария облыстарының
жерлері Қазақ қарайтын болды. Соның нәтижесінде Қазақстан жері 700 мың
шаршы шақырымға, ал халқы - 1 млн 468 724 адамға өсті. Тұрғындары негізінен
орыстар болып табылатын Орынбор губерниясы Қазақстаннан бөлінді.
Республиканың астанасы Қызылордаға (Ақмешіт) көшті. Қазақ жері мен біртұтас
ұлттық мемлекетке біріктірудің республика үшін зор әлеуметтік және
экономикалық маңызы болды.
1925 жылы сәуірде Қызылордада республика кеңестерінің Бесінші съезі
өтті. Ол "Ауылға, қыстакқа және деревняға бет бұрындар" деген ұран
негізінде жұмыс істеп, жерге орналастыру жұмыстарының келелі жоспары,
суландыру құрылысын дамыту, мемлекеттік және кооперативтік сауданың рөлін
одан әрі нығайту, өндірістік серіктіктерді қолдау мәселелерін талқылады.
Съезде халықтың байырғы тарихи атауы қалпына келтіріліп - қазақ халқы, ал
республиканы - Қазақ АКСР-і деп атау туралы қаулы қабылданды. Сол жылы
Кеңестер сайлауында ауылдық кеңестерге 60 мыңға жуық депутат сайланды.
Олардың құрамында жұмысшы және селолық жердегі жалдамалы-жұмысшылар 6,1
пайыз, кедейлер -70,9, орта шаруа - 18,8, қызметшілер - 4 пайызын қамтыды.
1925 жылы ақпанда Қазақ облыстық партия комитеті өлкелік болып қайта
құрылды. Сол жылдың аяғына таман Қазақстан партия ұйымында 30 мыңнан астам
партия мүшесі мен партия мүшелігіне кандидаттар есепте тұрды. Бұл кезде
бұқара арасындағы саяси ағарту жұмысына көп көңіл бөлінді. Осының
нәтижесінде өлкеде 16 қалалық клуб, 7 кітапхана мен қызыл шайханалар,
ауылдар мен селоларда 584 оқу үйі, 33 қызыл шайхана, 12 қызыл отау, 168
қызыл бұрыш, 9 шаруа мен малшы үйі, 93 облыстық кітапхана жұмыс істеді.
Егер республика құрылған кезде небары үш-ақ газет шықса, 1925 жылы "Еңбекші
Қазақстан", "Народное хозяйство Қазахстана", "Советская степь", "Қызыл
Қазақстан" т.б. 13 газет пен 5 журнал шықты.
Кәсіподақтардың қатары өсті. 1925 жылы қаңтардың қыркүйекке дейін
кәсіподақтарға мүше болып 20 мыңға жуық жұмысшы мен қызметші, соның ішінде
6 мыңнан астам казақ еңбекшісі өтті. Республикадағы кәсіподақ мүшелерінің
саны 100 мьңнан асты.
1925 жылы республиканың коммунистік жастар одағының ұялары 51 мың
қыздар мен жігіттерді біріктірді Жастардың көптеген танымал басшылары
шықты. Олардың арасында С. Жақыпов, Қ. Әміров, С. Нүрпейсов, Ф. Рузаев, С.
Сапарбеков, С. Тәтібеков, А. Шымболатов және т. б. бар еді.
1925 жылы Қазақстан жастары өздерінің дарынды басшыларының бірі Ғани
Мұратбаевтан айырылды. Ол 1902 жылы бұрынғы Сырдария облысы Қазалы уезінде
туған. Ғани 15 жасынан бастап өзінің өмірін жастар арасындағы жұмысқа
арнады. Зор қабілетті, ғажайып күш-жігері мен еңбегі арқасында ол Түркістан
республикасының, ал кейіннен бүкіл еліміздің жастар ұйымында басшы қызметте
істеді. 1921 жылы қыркүйектен бастап Ғ. Мұратбаев Түркістан комсолы Орталық
Комитетінің хатшысы, ал 1922 жылғы мамырдан бастап РКЖО Орта Азия бюросының
хатшысы болып істеді.
Қазақ әйелдері қоғамдық-саяси жұмысқа белсене араласты. 1925 жылы
қаладағы және ауыл мен селодағы еңбекші әйелдердің 6,6 мыңы жергілікті
кеңестерге мүше болып сайланды. Қазақ әйелдерін басыбайлықтан құтқаруға
бағытталған істер атқарылды. Республикадағы әйелдер қозғалысына Алма
Оразбаева, Мәдина Бегалиева, Сара Есова және тағы басқалары ұйытқы болды.
19-28 жылы"Қазақстанда жаңадан әкімшілік-територияларға бөлу іске
асырылды. Осы уақытқа дейін болып келген алты губерния, екі округ, отыз екі
уезд және 400 болыстықтардың орнына 13 облыс және 193 аудан құрылды. Жаңа
аудандардың құрылуы кеңес аппаратының бұқара жақындасуына, оларды кеңес
құрылысына тартуға ықпалын тигізді. 1929 жылы әкімшілік-территориялық қайта
құру негізінен аяқталуымен және Түркістан-Сібір темір жолының қүрылысының
бітуімен байланысты Қазақстан Автономиялық Советтік Республикасының
орталығы Қызыл-ордадан Алматы қаласына көшірілді.
20-шы жылдардың екінші жартысынан бастап Қазақстанның коғамдық-саяси
өмірінде қайғылы жағдайлар бастады. Ол сталинизм идеологиясы негізінде
идеологиясы негізінде қалыптасқан тоталитарлық жүйенің нығаюымен байланысты
еді. Елдегі орын алған экономикалық және мәдени дамудағы жаңа эканомикалық
саясаттың тоқталуымен байланысты одан әрі тереңдей түсті. Республикада
"әскери коммунизм" саясаты кезіндегі жұмыс тәсілдері қайтадан Халықтың
өкіметі жеке адамның дара басшылығымен ауыстырылып, басқарудың командалық-
бюрократық тәсілі іске аса бастады. Мұның барлығы БКбП Қазақ Өлкелік
комитетінің бірінші хатшылығына 1925 жылы Ф.И.Голощекиннің келуімен
байланысты болды. Ол келісімен республикада халыққа қысым жасау саясаты
күшейіп, бүл ерекше қатаң сипат алды. Осы кезде Қазақстанның қоғамдық саяси
өмірінде күрт өзгерістер енгізілді. 1925 ж. желтоқсанында өткен өлкелік
партия комитетінің бесінші конференциясында "Ауылды кеңестендіру туралы"
шешім қабылданды. Ол ауылдық жерлерде тап күресінің шұғыл шиеленісуне
түрткі болды. Респуб-ликада "Кіші Қазан" төңкерісін өткізу үшін
идеологиялык негіз жасалды, сөйтіп жаппай жазалау дәуірі басталып, о қазақ
халқын құлақ есітпеген қайғы қасіретке ұшыратты. Қазақстанда голощекиндік-
сталиндік үлгі бойынша "қайта құрумен" келіспеген көрнекті жауапты
кызметкерлердің қарсылығы жанышталды. 1927-1929 жж. әртүрлі сылтаулармен
белгілі мемлекет қайраткерлері Т. Рыскұлов, Н. Нұрмақов, С. Қожанов, М.
Мырзагалиев Республикадан аластатылды. Қазақстан Атқару Комитетінің
Төрағасы Ж. Мыңбаев, Ағарту халық комиссары С. Сәдуақасов, Жер халык
комиссары Ж. Сұлтанбеков және басқалар қызметпен алынды. Қазақ
қызметкерлерінің көпшілік бөлігі топқа бөлініп, жікшілдік күреске
қатынасқан деп кінәланды. Оны 1927 ж. қарашада өткен 3-ші өлкелік партия
конференциясының шешмдері айқын көрсетіп берді. БКбП Орталық Бақылау
комиссиясы негізі "топқа бөлінушілердің" бірі С. Сәдуақасовтың ісімен
арнайы шұғылданғанына қарамай, мұндан топтардың бар екенін таба алмады. И.
В. Сталинге, В. М. Молотовқа, Л. М. Кагановичке жазған хатында Қазақстан
өлкелік партия комитетінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы жаңа экономикалық саясаты
Экономикалық саясатқа көшу
РКП(б) Х сьезi және жаңа Экономикалық саясатқа көшу
Жаңа экономикалық саясат
Жаңа экономикалық саясаттағы өнеркәсіп
Жаңа экономикалық саясат жылдарындағы өзгерістер
Қазақстандағы ХХғ. 20-30-жылдардағы экономикасы
Қазақстан азамат соғысы жылдарында туралы мағлұматтар
Әскери коммунизм саясаты - жер бетіндегі утопияны орнату саясаты
1920-1930 жж. Ашаршылықтың себептері
Пәндер