Өзін-өзі тану пәніндегі бағалау ерекшеліктері



I. Кіріспе
II Негізгі бөлім.
1. «Өзін.өзі тану» пәнінің мақсаты, өткізу ерекшелігі, қойылатын талаптар
III. Қорытынды
XXI ғасырда көтеріліп отырған «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білімінің түп-тамыры тереңде жатыр. Ол халқымыздың ұлттық құндылықтарынан, рухани мұраларынан, ділінен, тағылымдық ой - толғауларынан бастау алады. «Өзін-өзі таныған, өмірдің мәнін түсінген адам, өзін-өзі қадағалап, сынап, өзін-өзі тәрбиелеуге, өмірден өз орнын, өз бақытын табуға ұмтылады. Өзін-өзі тану – адамның шындықты өзінше түсіну жағынан қарастыратын ғылым, ол өз бойындағы бірегейлікке сәйкес келетін өзінің жеке құндылықтар жүйесін жалпы адамзаттық құндылықтар жүйесімен біртұтас қарауға негізделеді.
«Өзін-өзі тану» пәні білім берудің басымдылықтары – рухани-адамгершілік білімді іске асыруға, ұлттық және жалпы адамзаттық мәдениетті үйренуге ықпал етеді. Бала әр түрлі мәселелерді адамгершілік нормаға сәйкес конструктивті шешуге үйренеді. Өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау, көмек беру, қамқорлық жасауға баулиды. Жасампаздық белсенділік, азаматтық және отансүйгіштікке тәрбиелейді.
Қоғам дамуында біздің қарапайым күнделікті тіршілігімізде сүйіспеншілік пен ізгілік, мейірімділік пен қайырымдылық, шыдамдылық пен имандылық, адалдық пен ибалық сынды асыл қасиеттер қажет-ақ.
Осы адами қасиеттерді жүзеге асыру идеясын елімізде тұңғыш рет «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызы Назарбаева ұсынды. Сара Алпысқызының өркениетке өріс алған еліміздің дамуына деген зор сенімі, ертеңгі өскелең өрендерімізге деген шынайы сүйіспеншілігі мен қамқорлығы өмірге «Өзін-өзі тануды» алып келді.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Өзін-өзі тану пәніндегі бағалау ерекшеліктері
I. Кіріспе
XXI ғасырда көтеріліп отырған Өзін-өзі тану рухани адамгершілік білімінің түп-тамыры тереңде жатыр. Ол халқымыздың ұлттық құндылықтарынан, рухани мұраларынан, ділінен, тағылымдық ой - толғауларынан бастау алады. Өзін-өзі таныған, өмірдің мәнін түсінген адам, өзін-өзі қадағалап, сынап, өзін-өзі тәрбиелеуге, өмірден өз орнын, өз бақытын табуға ұмтылады. Өзін-өзі тану - адамның шындықты өзінше түсіну жағынан қарастыратын ғылым, ол өз бойындағы бірегейлікке сәйкес келетін өзінің жеке құндылықтар жүйесін жалпы адамзаттық құндылықтар жүйесімен біртұтас қарауға негізделеді.
Өзін-өзі тану пәні білім берудің басымдылықтары - рухани-адамгершілік білімді іске асыруға, ұлттық және жалпы адамзаттық мәдениетті үйренуге ықпал етеді. Бала әр түрлі мәселелерді адамгершілік нормаға сәйкес конструктивті шешуге үйренеді. Өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау, көмек беру, қамқорлық жасауға баулиды. Жасампаздық белсенділік, азаматтық және отансүйгіштікке тәрбиелейді.
Қоғам дамуында біздің қарапайым күнделікті тіршілігімізде сүйіспеншілік пен ізгілік, мейірімділік пен қайырымдылық, шыдамдылық пен имандылық, адалдық пен ибалық сынды асыл қасиеттер қажет-ақ.
Осы адами қасиеттерді жүзеге асыру идеясын елімізде тұңғыш рет Бөбек қорының президенті Сара Алпысқызы Назарбаева ұсынды. Сара Алпысқызының өркениетке өріс алған еліміздің дамуына деген зор сенімі, ертеңгі өскелең өрендерімізге деген шынайы сүйіспеншілігі мен қамқорлығы өмірге Өзін-өзі тануды алып келді.
Өзін-өзі тану пәнін оқытудың бүгінгі заман талабынан туындап отырғанына көзіміз барған сайын жетуде. Себебі қазіргі кезеңнің ең басты қажеттілігі - адамдар арасындағы сыйластық, бірін-бірі қадірлеу, бірін-бірі құрметтей білу мен бағалай алуы, яғни адамдардың өзін-өзі, қоршаған ортаны, әлемді тани білуі. Сондықтан да оқу-тәрбие үрдісіне еніп отырған Өзін-өзі тану пәнінің әлеуметтік-рухани өмірде алатын орны ерекше.
Сонымен қатар Өзін-өзі тану пәнін оқыту арқылы мектептегі басқа пәндердің әлеуетін күшейтеміз. Әрбір оқушының өзін-өзі тануы жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыруда ықпалы зор. Бұл пәннің тағы бір ең басты ерекшелігі - адамзат баласының ғасырлар бойы жинақтаған адами асыл қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, ата салт пен ұлттық ұлы дәстүрлеріміздің жиынтық тәрбиесін тамырына тағлым етіп дарыту.
Халқымыздың сан ғасырлық тыныс-тіршілігінің өзіндік ерекшеліктерінен туындаған ұлттық тәлім-тәрбиеге қатысты салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарының дені қазіргі этика, педагогика, психология ғылымдары тұжырымдарымен қиюласа, астарласып жатады. Осы саладағы рухани мұрамызды осы күнгі ғылым деңгейіне, оның төңірегіне топтастырып, жүйе-жүйесімен талдауға алсақ, бұлардың өзіндік сыр-сипаты айқындалады. Халқымыз Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы дегендей, атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келер ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелеуді арман еткен.
Мәселен, атасы немересін, алдымен, елінің құтты қонысымен таныстырған. Жылдың әр мезгіліне орай елдің қайда, қалай көшетінін, суды қайдан ішетінін, жеті атасын, олардың зираттарын, елдегі даңқты адамдардың ерлік хикаяларын, ауыл-аймақтағы жер-су атауларын ерінбей-жалықпай баласының санасына сіңіре білген.
Бала атаулының айналаны қабылдағыш, зейінді кезі - үш пен бес жас аралығы. Қазіргі педагогика мен психология ғылымдары бұл жайтқа айрықша назар аударып, бұларға жүз мың сұрақ неліктен деп сауал қоятын кезең деп айдар тағып жүр. Осы ерекшелікті әлімсақтан аңғарған ата-бабаларымыз төкпе ақындық пен сұңғыла жыршылық, айыр көмей шешендік пен төгілдірген күйшілік секілді киелі өнерлеріміздің ірге тасы бала санасында сәби шақта қаланатынын ерекше ескеріп, осынау балдәурен балалық кезеңге айрықша мән берген.
Сондықтан да бүлдіршін мен балдырғанға жоғарыда айтқанымыздай, елі, жері, суы туралы, ата тегі, төрт мүлік мал, жан-жануарлар мен өсімдіктер дүниесі, аспан денелері, табиғат құбылыстары, ауа райы, т.б. жөнінде оның түсінігіне лайық, қысқа да нұсқа, жүйелі мағлұматтарды әр түрлі әдіспен жеткізіп отырған.
Көшпенді ата-бабаларымыз ұрпақ тәрбиесіне қатысты осындай жайларды топтастырғанда да ғылым үшін аса маңызды жүйелік принципке ерекше мән берген. Тәрбие тал бесіктен басталады да, бүкіл өміріне жалғасады.
Жыл соңында өтетін мониторинг қорытындысы бойынша және пәннен сабақ беретін ұстаздардың, балалары оқитын ата-аналардың, тіпті оқушылардың пікірлеріне сүйенсек, пәнге деген құштарлық жылдан-жылға артып келеді. Өзін-өзі тану пәні жастардың бойында махаббат, адамгершілік, мейірімділік сияқты жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастырып, рухани адамгершіліктің нәрімен сусындатады. Өзін-өзі тану арқылы жас ұрпақ өзіне терең мән беруді үйренеді. Ежелгі грек ойшылы Сократ: Өзгені тану үшін өзіңді-өзің таны деген болатын, қазіргі біздің Өзін-өзітану пәні Сократ ілімінің үйлесімді жалғасы.

II Негізгі бөлім.
1. Өзін-өзі тану пәнінің мақсаты, өткізу ерекшелігі, қойылатын талаптар
Өзін-өзі тану пәнінің 2010-2011 оқу жылынан бастап, білім саласына енуіне және осы маңызды жұмысқа байланысты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің белгілеген іс-шарасын жүзеге асыруда және оқу-әдістемелік кешенінің жан-жақты әзірлік жұмысын ұйымдастыруда Бөбек ҰҒПББСО Бас директоры Т.У. Қарымсақов, Адамды үйлесімді дамыту институтының директоры Л.А. Саинова бастаған үлкен ұжым қарқынды еңбек атқаруда.
Еліміздің мектептерінде 2001 жылдан бері Өзін-өзі тану бағдарламасы саралаудан өткізіліп, оқу жүйесіне енгізіліп келе жатқан еді. Бұл жоба жалпы адамзаттық және ұлттық рухани құндылықтарды жаңғыртуға негізделген мемлекеттік эксперименттік білім беру бағдарламасы ретінде еліміздің көптеген педагогтары, ғалымдары, әдіскер мұғалімдері мен тәрбиешілері, жалпы зиялы қауым тарапынан жан-жақты қолдау тапты. Ал өткен 2010-2011 оқу жылынан бастап бұл пән жалпы білім беретін мекемелердің барлығына жаппай енгізілді.
ХХІ ғасырда көтеріліп отырған Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білімі - ұлттық құндылықтарды іске асыру мен таратудың маңызды механизмі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Бөбек қорының президенті Сара Алпысқызының балалар мен жастарға рухани-адамгершілік тәрбие беруге арналған Өзін-өзі тану авторлық жобасы 2001 жылдан бастап еліміздің 184 білім беру ұйымдарында эксперимент ретінде жүргізіліп келеді. Экспериментке 84 жалпы орта білім беретін мектеп, 10 мектеп-интернат, 1 колледж, 30 жоғары оқу орны қатысады.
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің 2006 жылғы 28 тамыздағы № 462 бұйрығына сәйкес Адамның үйлесімді дамуы институтының ғылыми қызметкерлері, педагог ұстаздары дайындаған Өзін-өзі тану пәнінің Қазақстан Республикасы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты пәнді оқытуға толықтай негіз бола алады. Аталған стандарттың негізгі қызметі мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру жүйесінде рухани - адамгершілік білім беруді ұйымдастырудың талаптарын жан-жақты айқындайды. Сонымен бірге, 2009 жылғы мектепке дейінгі кезең, бастауыш, негізгі орта және жоғары мектептерге арналған Өзін-өзі тану пәні бойынша бағдарламалар қайта өңделіп, Білім және Ғылым Министрлігіне бекітуге ұсынылды.
Өзін-өзі тану пәнінің мақсаттары мен міндеттері - балалар мен жасөспірімдер, жеткіншектердің бойына жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды дарыту. Балалар жеткіншектерді біртіндеп (кезеңмен) адами қарым-қатынас нормаларымен, жалпы адамзаттық адамгершілік қағидаттармен таныстыру, олардың бойында азаматтық мәдениет пен имандылық қатынастарды қалыптастыру және дамыту.
Өзін-өзі тану пәні сабақтарының мақсат, міндетін ашуға, сабақта берілетін құндылықтарды түсінуге, талдауға, ұғынуға, балалардың шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыруға, олардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға, берілген тапсырманы орындау арқылы ойлануға, өз ойын түйіндеуге, рухани адамгершілік білімді меңгеріп, оқушының жан-жақты қалыптасуына және оқушының сабақ барысында өзіндік құрал ретінде қолдану үшін оқулық, мұғалімге арналған әдістемелік құрал, оқушы дәптері, тағы басқа оқу құралдары болуы қарастырылған.
Өзін-өзі тану пәнінің басқа пәндерден өзіндік ерекшелігі, әдіс-тәсілдері, шартты белгілері бар. Оқулықтағы шартты белгілер балаларға түсінікті болуы үшін берілген.
Сабақтың барысы әр уақытта шаттық шеңберден басталады. Әрбір тапсырма баланың ішкі әлеуетін оятуға негізделеді.Өзін-өзі тану сабақтарын өткізудің әдістері мен нысандарының кең нұсқалығы, оларды арнайы кабинеттерден тысқары (концерт залында, мектеп алаңдарында, табиғат аясында, мұражайда, сурет галереясында, театрда және т.б.) орындарда ұйымдастыруды қарастырады.
Бұл пәннің ең басты құндылығы адам және адамның өмір сүруі үшін, бақыт үшін, қуаныш үшін жаралғандығына негізделеді. Өмірдің осындай қарапайым ақиқатына тәрбиелей отырып, баланы халқының адал ұлы, адам деген ардақты атқа лайық болуға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалардың ұнамды қасиеттері мен сапалы ерекшеліктерін дамытып отыру
Биология сабағында танымдық белсенділікті дамытудың әдістері мен шарттары
Мектеп оқушыларын өзін-өзі тану арқылы еңбек іс- әрекетінің қүндылық бағдарын дамыту (Электротехника негізінде)
Дүниетану және жаратылыстану пәндерінен сыныптан тыс білім беру
Кіші мектеп жасындағы балаларға тәрбие беру
Профессор К. Ж. Қожахметованың ғылыми еңбектеріндегі жастардың рухани - адамгершілік құндылықтардың өзін - өзі тану пәні мазмұнында көрінісі
ЖЕКЕ АДАМ ТҰЛҒАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ МЕН МАҢЫЗЫ
БОЛАШАҚ ҰРПАҚТЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛЫ ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘНІ
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың басты ерекшелігі
Жанды табиғат бөлімін оқыту ерекшеліктері
Пәндер