Паразиттер отряды


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

  1. Кіріспе

Паразиттер отряды.

  1. Негізгі бөлім

Браконид тұқымдасы

  1. Қорытынды

Бұл отрядқа жататын кенелердің құрсағында екінші, үшінші және төртінші пар аяқтардың жамбас бунағынан соң орналасқан бір, кейде екі пар тыныс тесіктері болады. Ауыз аппараты шаншып - сорғыш түтікше тәрізді. Оның құрамына педипальпаның түрін өзгерткен жамбас бунағы, тілшік және хелицера кіреді.

Өсімдік қорғау саласында бұл отрядтың ішінде фитосеийд тұқымдасына жататын кенелердің маңызы зор.

Фитосеийдтер тұқымдасы - Phytoseiidae дене пішіні сопақша келген, түссіз немесе сарғыш, қоңырқай, кейде қызғылт түсті. Ұзындығы 0, 25 - 0, 6 мм ұсақ кенелер. Бір жұп тыныс тесігі сыртта, алға қарай бағытталып екі жұп аяқтың жамбас бунағына дейін жететін түтікше тәрізді перитремалармен жалғасқан. Дененің арқа жағын үлкен бір қалқанша, ал құрсақ жағын екі (гениталдық) өзара қосылған (вентроанальдық) қалқанша жауып жатады.

Фитосеийдтердің бірқатар өсімдіктерді зақымдайтын кенелермен қоректеніп, олардың сан мөлшерін реттеуші факторлардың бірі болып саналады. әсіресе олар пестицидтерді жиі қолдануға болмайтын немесе талғап әсер ететін препораттарды қолданатын жеміс бақтарында жақсы нәтиже береді. Оларға жататындар: Typhlodromus subsolidus Begl., Amblyseus reductus wainst., A. Andersoni Chant. және басқалары. Бұлардың негізгі бір кемшілігі - факультативті жыртқыш. Құрбандары жоқ кезде олар өсімдік шырыны және гүл тозаңымен қоректенеді. Мұндай емшілік біздің елде 1963ж интродукцияланған облигатты жыртқыш кене фитосейулюсте болмайды. Бұл кене қазіргі кезде теплийаларда өрмекші кенелерімен куресу үшін кең турде пайдаланылады. Фитосейдтердің кейбір түрлері ақ қанаттылар, қалқаншалылар, трипсілер сияқты ұсақ насикомдармен және олардың жұмыртқаларымен де қоректенеді.

Паразиттер, яғни паразиттік тіршілік ететін организмдер, басқа организмдердің ішкі мүшелерінде (кейде сыртқы тері қабатында) тканьдерді жеп немесе клетка шырынын сорып тіршілік етеді. Олар иелерінің организмін тіршілік ортасы ретінде пайдаланылады және паразитизм кезінде олармен биологиялық тығыз байланыста болады.

Паразиттер мен жыртқыштардың арасындағы негізгі айырмашылық -жыртқыш өз құрбанын тікелей бірден өлтіреді, ал паразит өзінің иесі есебінде қоректеніп, оның тіршілік қабілетін әлсіретеді, өз дамуының соңғы сатысында ғана оны өлтіреді. Кейде паразиттің иесі өлмей тірі қалады. Паразиттік тіршілік ететін насикомдарға жарғақ қанатты (ихисумонидтер, хальцидтер және басқалары), қосқанатты (тахиндер), желеқанатты және т. б. насекомдар отрядтарының көптеген өкілдері жатады.

Паразиттер сыртқы (эктопаразит) және ішкі (эндопоразит) паразиттер болып екіге бөлінеді. Сыртқы паразиттер жасырын тіршілік ететін насекомдарға(ағаш қабығының астында, ширатылған жапырақ арасында өмір сүретіндерге) тән. Ішкі паразиттердің ішінде ең бағалысы жұмыртқа жемірлері(трихограмма, теленомус), себебі олардың личинкасы иесінің жұмыртқасының ішінде дамып зиянкесті күні бұрын өсімдікке зақым келтіре алмайтын фазасында өлтіреді.

Паразит насекомдардың есебінен үстеме паразиттер, немесе екінші реттік паразиттер деп аталатын басқа организмдер паразиттік тіршілік етуі мүмкін. Үстеме паразиттердің кейбір түрлері зиянды насекомдардың денесінде қоректеніп, 2-реттік паразит болып та есептеледі. Насекомдарда омыртқасыздарда басқа топтардың өкілдері де, яғни кенелер мен немотодтар паразиттік тіршілік етеді. Neoaplectinidae тұқымдасына жататын немотодтардың кейбіреулері зиянды насекомдарға қарсы күресте пайдаланылады. Сонымен қатар бұл тұқымдастың өкілдері насекомдар үшін потоген ді бактериялар мен симбиозда болады. Мысалы, «ДД-136» деп аталатын нематода (Neoaplectana туысына жатады) насекомдардың жүзден аса түрлерінде паразиттік тіршілік етеді. Ол калародтық қоңыздың личинкасының ішіне еніп, бактериялық ауруды қоздырады. зиянкес соның салдарынан өледі. Бұл туысқа жататын немотодтар қазіргі кезеңдегі бүріккіштерде болатын бірнеше атмосфералық қысымға төзе алады. Мұның өзі оларды осы жолмен жасанды түрде таратуға мүмкіндік туғызады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖАЛПАҚ ҚҰРТТАР ТИПІ - РLATHELMINTHES НЕМЕСЕ РLАТОDES
Дизентерия және ішек амебалары
Споралылар типі және оның биологиясы мен экологиясы
Биттер, бүргелер және қосқанаттылар отряды:. практикалық маңызы
Астық дақылының сорғыш зиянкестері
Паразитизм, оның таралуы және пайда болуы
НАҒЫЗ Ж¥МЫР Қ¥РТТАР немесе НЕМАТОДТАР КЛАСЫ - NEMATODA
Жалпақ құрттар туралы
Жұмыр құрттар типі
ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz