Меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны



І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Меншіктің әлеуметтік.экономикалық мәні, объектілері, субъектілері
2. Меншіктің формалары мен типтері
3. Меншік формасын өзгерту әдістері

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Адамдардың алдында қай елде болса да экономикалық билік және материалдық игіліктер кімнің қолында, фабрика, завод, дүкендер, жердің, материалдық және рухани байлықтардың иелері кім деген сұрақ тұрады. Экономикалық биліктің мәні ол - негізгі құрал-жабдықтарға және оның нәтижелеріне кімнің иелік жасайтындығында. Сондықтан әрбір мемлекеттің меншік туралы заңы болады. Меншік заң жағынан мүліктік қатынастарды анықтайды. Құқық нормаларында әр түрлі азаматтар, жеке азаматтар, әлеуметтік топтар, кластар және мемлекет арасында материалдық байлық қалай иеленіп, қалай бөлінетінін анықтайды. Меншік иесіне заңда көрсетілген мүлік тиесілі. Ол өз мүлігіне иелік жасау және билік жүргізу құқысын алады. Сондықтан мемлекет және құқық меншік қатынастарын анықтайды, оны қорғайды. Қоғам өмірінде меншікке байланысты қатынастар әрқашан маңызды роль атқарған. Меншік белгілі бір затты жеке мүлік ретінде адамның иеленуінен шыққан. Меншік термині екі бір-біріне ұқсамайтын түсініктерді білдіреді:
1) Меншік экономикалық мағынасында немесе de facto (лат.-шын мәнінде, нақты)
2) Меншік құқықтық мағынасында немесе de yure (лат.-заңды түрде, құқығы бойынша)
Бұл екі түсінік өзара қалай ажыратылады. Мұны анықтау үшін меншіктің экономикалық мазмұнын ашу керек. Меншік бұл адамның белгілі бір затты пайдалануына байланысты құқығы. Осы жерде екі элементті көруге болады: субьект (меншік иесі) және қандай да бір объект (мүлік). Алайда бұл жағдайда жанама түрде басқа тұлғаның меншіктен аластатылуы, яғни оның меншігін мойындамау көрінеді. Сондықтан меншіктің экономикалық қатынасын субьект (меншік иесі)- объект (мүлік) -басқа субъектілер (меншік иесі немесе меншікті уақытша пайдаланушылар) формасында көрсетуге болады.
Меншікті экономикалық мағынасында жан-жақты зерттеу 3 басты әлеуметтік-экономикалық мәселені шешуге мүмкіндік береді:
1. Экономикалық билікке кім ие, яғни өндіріс факторлары мен нәтижелерін кім иемденеді?
2. Өндірістік шарттардың тиімді пайдаланылуын қандай экономикалық байланыстар қамтамасыз етеді?
3. Шаруашылық қызметтен түсетін табыс кімге тиесілі?
Осыған сәйкес меншіктің экономикалық қатынастар жүйесі келесі элементтерді қосады:
а) өндіріс факторлары мен нәтижелерін иемдену;
б) материалдық және басқа да құралдарды шаруашылық пайдалану;
в) экономикалық тиімділікке қол жеткізу;
Осы жағдайларды толығырақ қарастырайық.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Меншіктің әлеуметтік-экономикалық мәні, объектілері, субъектілері
2. Меншіктің формалары мен типтері
3. Меншік формасын өзгерту әдістері

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Меншіктің әлеуметтік-экономикалық мәні, объектілері, субъектілері
Адамдардың алдында қай елде болса да экономикалық билік және
материалдық игіліктер кімнің қолында, фабрика, завод, дүкендер, жердің,
материалдық және рухани байлықтардың иелері кім деген сұрақ тұрады.
Экономикалық биліктің мәні ол - негізгі құрал-жабдықтарға және оның
нәтижелеріне кімнің иелік жасайтындығында. Сондықтан әрбір мемлекеттің
меншік туралы заңы болады. Меншік заң жағынан мүліктік қатынастарды
анықтайды. Құқық нормаларында әр түрлі азаматтар, жеке азаматтар,
әлеуметтік топтар, кластар және мемлекет арасында материалдық байлық қалай
иеленіп, қалай бөлінетінін анықтайды. Меншік иесіне заңда көрсетілген мүлік
тиесілі. Ол өз мүлігіне иелік жасау және билік жүргізу құқысын алады.
Сондықтан мемлекет және құқық меншік қатынастарын анықтайды, оны қорғайды.
Қоғам өмірінде меншікке байланысты қатынастар әрқашан маңызды роль
атқарған. Меншік белгілі бір затты жеке мүлік ретінде адамның иеленуінен
шыққан. Меншік термині екі бір-біріне ұқсамайтын түсініктерді білдіреді:
1) Меншік экономикалық мағынасында немесе de facto (лат.-шын мәнінде,
нақты)
2) Меншік құқықтық мағынасында немесе de yure (лат.-заңды түрде, құқығы
бойынша)
Бұл екі түсінік өзара қалай ажыратылады. Мұны анықтау үшін меншіктің
экономикалық мазмұнын ашу керек. Меншік бұл адамның белгілі бір затты
пайдалануына байланысты құқығы. Осы жерде екі элементті көруге болады:
субьект (меншік иесі) және қандай да бір объект (мүлік). Алайда бұл
жағдайда жанама түрде басқа тұлғаның меншіктен аластатылуы, яғни оның
меншігін мойындамау көрінеді. Сондықтан меншіктің экономикалық қатынасын
субьект (меншік иесі)- объект (мүлік) -басқа субъектілер (меншік иесі
немесе меншікті уақытша пайдаланушылар) формасында көрсетуге болады.
Меншікті экономикалық мағынасында жан-жақты зерттеу 3 басты
әлеуметтік-экономикалық мәселені шешуге мүмкіндік береді:
1. Экономикалық билікке кім ие, яғни өндіріс факторлары мен нәтижелерін кім
иемденеді?
2. Өндірістік шарттардың тиімді пайдаланылуын қандай экономикалық
байланыстар қамтамасыз етеді?
3. Шаруашылық қызметтен түсетін табыс кімге тиесілі?
Осыған сәйкес меншіктің экономикалық қатынастар жүйесі келесі элементтерді
қосады:
а) өндіріс факторлары мен нәтижелерін иемдену;
б) материалдық және басқа да құралдарды шаруашылық пайдалану;
в) экономикалық тиімділікке қол жеткізу;
Осы жағдайларды толығырақ қарастырайық.
Иемдену-бұл нақты қоғамдық затты иелену әдісі. Қоғамның дамуының
әртүрлі кезеңдерінде затты иемдену әдістері өзгеріп отырған. Өзінің ең
қарапайым формасында иемдену адамдар материалдық игіліктерді өндіруді
үйренбестен бұрын пайда болды. Әрі қарай өндірістің пайда болуы мен
дамуына орай иемдену обьектісіне тек табиғат өнімдері емес, сондай-ақ
адамдар өндірген өнімдер жатады. Иемдену оған қарама-қарсы меншіктен
аластатылу қатынасымен үйлесуі мүмкін. Ол мысалы, қоғамның белгілі бір
бөлігі өндіріс құралдарының барлығын жаулап алып, ал қалған бөлігі ешқандай
өмір сүру құралдарынсыз қалғанда туындайды немесе бір адамдармен өндірілген
өнімді ешқандай қайтарусыз басқа адамдар иемденген жағдайда туындайды.
Мысалы, феодал мен шаруа арасындағы қатынасты айтуға болады.
Меншік иесі өндірістік қызметпен әрқашан өздері айналыспауы мүмкін,
ол басқа адамдарға белгілі бір шартпен шаруашылық мақсатында мүлікті
пайдалану мүмкіндігін бере алады. Бұл кезде меншік иесі мен кәсіпкер
арасында меншікті пайдалану қатынасы туындайды. Кәсіпкер мүлікті уақытша
иемдену мен пайдалану мүмкіндігіне ие болады. Мұндай қатынастарға мысал
ретінде аренданы алуға болады. Аренда дегеніміз- меншік иесінің мүлікті
басқа адамға белгілі бір ақы төлеу шартымен уақытша пайдалануға беру
жөніндегі келісім. Меншік экономикалық тиімділік береді, егер оның иесі
сәйкес табыс алатын болса. Бұл пайда, салық, әртүрлі төлемдер, оның ішінде
арендалық төлем болуы мүмкін.
Сонымен, меншіктің экономикалық мағынасы өндірістік қатынастардың
жиынтығын көрсетеді, яғни бүкіл шаруашылық процесін қамтып, пайдалы
игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтыну қатынастарын
білдіреді.
Меншік құқықтық мағынасында мүліктік қатынастарды білдіреді. Меншік
иесіне заңмен алдын-ала белгіленген мүлік тән. Осыған сәйкес белгілі бір
мүлік тиесілі әртүрлі меншік иелерінің топтары көрінеді. Меншік обьектісін
иемдену мүмкіндігі мен құқығына ие меншік субьектілеріне мыналар жатады:
1) адам;
2) заңды тұлғалар (ұйымдар мен мекемелер, кәсіпорындар, өндірістік
коллективтер);
3) жанұя;
4) әлеуметтік топтар;
5) тұрғындар;
Меншік обьектілеріне жер, табиғи ресурстар, өндіріс құрал жабдықтары,
мүлік, құндылықтар, ақша және бағалы қағаздар, ақпарат, интеллектуалдық
меншік, жұмыс күші жатады. Заңды актілерге сәйкес субъектілер меншік
құқығына ие болады. Бұл құқық меншік иесінің келесі элементтерін өзіне
қосады:
1. иемдену-затқа физикалық иелік ету;
2. пайдалану-қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін затты тұтыну;
3. басқару-мүлікті иемденуді өзгерту формасы. Ол әртүрлі келісімдерді
(сатып алу-сату, бір затты басқа затқа ауыстыру, сыйға тарту және т.б.)
жасау жолымен жүзеге асырылады.
Меншікті саяси-экономикалық категория ретінде өндірістің қоғамдық
формасын анықтайтын, адамдар арасында құрал-жабдықтарды пайдалану
процесіндегі болатын қатынастар жүйесі деп түсінеміз. Алайда, әр түрлі
жағдайда меншік белгілі бір әлеуметтік формада болады: мемлекеттік, жеке
меншік, ұжымдық және т.б.
Меншік күрделі қатынастар иемдену, билеу, пайдалану қатынастары ретінде
осы қоғамның экономикалық қатынастарының барлық жүйесі арқылы жүзеге
асырылады. Олай болса, оның экономикалық мазмұнын және заңдылық қозғалысын
тану үшін экономикалық қатынастардың барлық жүйесін зерттеу қажет.

Меншіктің типтері мен формалары
Қоғам өзара қарым-қатынастағы және өздерінің ерекше мүдделері бар
элементтерден тұрады, яғни кәсіпкерлер және жұмысшылар. Өз тарпынан
мүдделер өндірістің бағдар-бағытын анықтайды. Оны екі вариантқа топтауға
болады:
1. Кәсіпкерлер мен жұмысшылардың қай-қайсысы болмасын өндірісті жүргізгенде
(ұйымдастырғанда) өздерінің мүддесінің қамтамасыз етілуін көздейді.
2. Өндірісті ұйымдастырғанда өздерінің мүддесін теңестіруге және
оларды оңтайлы үйлестіруге ұмтылады.
Адамзат қоғамының тарихи даму барысында құрал-жабдықтарға меншіктің әр
түрлі формаларының болғандығы белгілі. Меншік экономикалық мағынасында
шаруашылықты қоғамдастыру дәрежесіне тәуелді бөлінеді. Бұл жерде ең төменгі
деңгей – бұл жеке шаруашылық жүргізу. Қоғамдастырудың жоғарғы деңгейлері
адамдардың қандай да бір ұйымдарға бірігу масштабының кеңеюімен
қалыптасады.
Жеке иемдену- бұл жекелеген адамдардың мүлікке жеке байлық көзі
ретінде қарауын білдіреді. Жеке иемденудің 2 түрі бар: өз еңбегіне
негізделген меншік және біреудің еңбегіне негізделген меншік. Бірінші
жағдайда меншік иесі мен еңбек етуші бір адам. Мұнда жеке игілік үшін жақсы
жұмыс істеуге деген материалдық қызығушылық бар. Екінші түрі меншік иесі
мен жалданып жұмыс істеуші жұмысшылардан тұрады. Мұндай қатынастарға мысал
ретінде құл иеленушілік және феодалдық шаруашылықтарды алуға болады. Жеке
иемденумен салыстырғанда жалпы үлестік иемденудің ерекше белгілері бар:
А) меншік қатысушылардың жеке салымдарын біріктіру жолымен құрылады;
Б) жалпы үлестік меншік бірігіп басқару мен бақылау арқылы иемденушілердің
коллективтік мүддесімен пайдаланылады;
В) жалпы меншікті шаруашылық пайдаланудың соңғы нәтижелері коллективтік
шаруашылықтың қатысушылары арасында әрқайсысының меншік үлесін есепке ала
отырып бөлінеді.
Жалпы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының меншіктік қатынастары
Меншіктің экономикалық мәні және мазмұны
Меншіктің экономикалық мазмұны
Экономикалық жүйедегі меншік
Қазақстанғы меншік қатынастарының дамуы
Жер нарығы
Меншік саяси - экономикалық категория ретінде
Жекеменшік экономикалық категория ретінде
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Меншік экономикалық категория ретінде
Пәндер