Жеке тұлға және психикалық процестер онтогенезі


Қазақстан Республикасының білім және ғылым
министрлігі
Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық
Университеті
Кіріспе
Жас ерекшелік психологиясы пәні - психиканың даму динамикасын, психикалық процестердің және жеке адам өмірінде және өзгеріске ұшырайтын тұлғаның психологиялық сапаларын оқытады.
Оқырман назарына ұсынылып отырған оқу құралы «Жас ерекшелік психологиясыңғ» курсының оқу бағдарламасынасәйкес келеді. Оқу құралы оқырмандарды тұлға дамуының отандық және шетелдік психологиядағы негізгі тұжырымдамаларымен таныстыра отырып, әрбір теорияның ерекшелігін қарастырады. Жас ерекшелік психологиясы пәні - психиканың даму динамикасын, психикалық процестердің және жеке адам өмірінде жиі өзгеріске ұшырайтын тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін оқытады. Оқу құралында нәрестелік кезең, сәбилік кезең, мектепке дейінгі кезең, бастауыш сыныптық кезең, жеткіншектік кезең, жастық шақ, кемел жас және қарттық кезеңдер қарастырылады. Әрбір кезеңде дамудың физикалық, когнитивтік, эмоционалдық, психоәлеуметтік бағыттары сипатталған. Бірінші тарауда жас ерекшелік психологиясы пәні, құрылымы, өзекті мәселелері қарастырылады. Келесі тарауларда әрбір жас кезеңіне байланысты таным процестерінің дамуы, психикалық құбылыстар, қасиеттер жәнежас кезеңіне байланысты дағдарыстар қарастырылады.
Оқу құралы педагогикалық ЖОО студенттеріне, магистранттарға, оқытушыларға және білім беру жүйесінің әр саласында қызмет атқарып жүрген педагог, психолог мамандарға арналған.
I ТАРАУ. ЖЕКЕ ТҰЛҒА ЖӘНЕ ПСИХИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕР ОНТОГЕНЕЗІ
1. 1. Жас ерекшелік психологиясы пәні, құрылымы және өзекті мәселелері
Жас ерекшелік психологиясы психиканың жас мөлшеріне қарай даму динамикасын және тұлғаның психикалық даму үдерістерінің онтогенезін «жеке адамның психикалық дамуының өзіндік ерекшкліктері» және психологиялық сапаларын зерттейді. Бұл үдерістер (процестер) мен сапалар адамның жас мөлшеріне қарай өзгеру үстінде болады. Іргелі теориялық пән ретінде жас ерекшелік психологиясы саласы адамның психикалық және жеке тұлғалық дамуын жас мөлшерлерінің статистикалық нормаларымен байланыстыра түсіндіреді; әртүрлі өмірлік кезеңдеріндегі онтогенездік психикалық даму барысына болжам жасайды т. с. с.
Жас ерекшелік психологиясының нысаны - жеке тұлғаның психикасының, мінез-құлқы мен өмірлік ұстанымдарының жас мөлшеріне қарай өзгерістерге ұшырау үрдістері. Бұл ғылым саласының негізгі категориясы - психикалық даму. Ал, даму дегеніміз не? Ол немен сипатталады?
Даму дегеніміз - психологиядағы сапалық өзгерістердің жаңа құрылымдардың, механизмдердің, процестердің пайда болуы.
Жалпы, дамуда болатын өзгерістер мынадай болуы мүмкін:
- сандық /сапалық;
- үздіксіз /секірмелі;
- универсалды /жеке сипаты;
- шектелінетін /шектелінбейтін;
- мақсатқа бағытталған /бағытталмаған;
- тұйықтаған /жинақты;
- прогрессивті /(эволюциялық) /регрессивті (кері даму) .
Алайда, даму, ең алдымен, сапалық өзгерістермен сипатталады.
Осы саланың көрнекті өкілдері Х. Вернер, Л. С. Выготский және басқа да психологтар дамудың негізгі сипаттарын барынша айқындаған. Сол белгілердің маңыздырақ жақтары: даму үдерісінің жаңа элементтердің пайда болуы, нысан тараптары арасындағы байланыстардың қайта құрылуы.
Сапалық өзгерістермен сипатталатын «даму» ұғымы күнделікті ой-ұғымда және ғылыми мәтіндерде жиі кездесетін «өсу», «пісіп-жетілу» және «деңгейге жету» ұғымдарынан едәуір айрықшаланады.
Өсу - нысанның сыртқы белгілеріндегі сандық өзгеру үрдісі, яғни биіктігімен, ұзындығымен, енімен, салмақ өлшемдерімен сипатталады. Дамудың мәнін айқын көрсетпегендіктен, өсу дамудың сыртқы көрсеткіші, сол себептен ол оның сандық сипаты болып табылады.
«Пісіп жетілу» кезеңі генетикалық аппараттың тікелей басқаруымен жүріп жататын морфологиялық өзгерістер ұғымын білдіреді. Бұл кезеңнің түпкі мәні - бағдармаланған, басқаша айтқанда, осы үдеріске қатыстытектілік-тұқымдық ықпал түріндегі биологиялық даму. «Пісіп жетілу» үрдістеріне мидың, ж. йке және бұлшық ет жүйелерінің, эндокриндік бездердің т. с. с. пісіп жетілуі сияқты дене құрылысындағы һзгерістер жатады.
Деңгейге жету дегеніміз - алға қойған жоғары мақсатқа жетуге ұмтылу қасиетін сипаттайтын өзгерістер. Бұл ұғым педагогикада көбінесе әлдебір мінсіз, жоғары сатыда даму формасы ретінде пайдаланылады. Алайда, мұндай жағдайда бұл даму формасын айқындайтын белгілерді нақтылай түсу керек.
Психиканың дамуы - психикалық процестердің уақыт шеңберінде сандық, сапалық және құрылымдық жағынан заңдылық негізде өзгеріп отыруы.
Адам психикасының даму өзгерістерінің кем дегенде төрт қатарын айқындауға болады: филогенез, онтогенез, антропогенез және микрогенез.
Филогенез - түр-тектің дамуы, өмірдің пайда болуын, түр-тектердің өмірге келуін, олардың өзгеру үдерісін, дифференциялануы мен жалғастығын, басқаша айтқанда, өте қарапайым түрден адамға дейінгі бүкіл биологиялық өсу жолын қамтитын шектеулі уақыттың ара қашықтығы.
Онтогенез - адамның ұрық болып пайда болған сәтінен басталып, өмірінің соңына дейінгі жеке дамуы. Пренатальдық кезең (эмбрион мен ұрықтың дамуы) өміршеңдік функциялардың ана ағзасына тәуелділігі ерекше жағдайда болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz