Мектеп – педагогикалық процестерді басқарудың орталығы



Кіріспе

І.Негізгі бөлім
Мектеп . педагогикалық процестерді басқарудың орталығы
1.1.Педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру
1.2.Мұғалімдердің педагогикалық және әдістемелік білім деңгейін жетілдіру.
а)Педагогикалық және әдістемелік жұмыстарының ұжымдық формалары
1.3.Мектепте оқу және тәрбие жұмыстарның жетілдірудің жаңа бір формасы мұғалімдердің шығармашылық тобы.
1.4.Мұғалім еңбегінің шығармашылық сипаты

ІІ.Қазіргі кезеңде мектеп басшысының ролі
2.1.Мектеп басшысы және оған қойылатын талаптар.
2.2.Мектеп басқарудың негізгі функциялары
2.3.Білім беру мекемесі басшыларының функциялық міндеттері
2.4.Мектепішілік басқарудағы педагогикалық талдау.
2.5.Мектеп басқаруға байланысты мақсат белгілеу және жоспарлау

Қорытынды
Педагогика ғылым мен тәжірибеде тұтас педагогикалық процесті басқару ғылыми тұрғыдан қарастырып, оған қатаң ғылыми негізделген сипат беруге деген ұмтылыс күшейе түсуде. Шындығында басқару тек техникалық және өндірістік процестердеғана емес, сонымен бірге педагогика сияқты күрделі әлеуметтік жүйе үшін де қажет.
Жалпы басқару дегеніміз – шешім қабылдауға бағытталған, белгіленген мақсатқа сәйкес басқару нысанын ұйымдастыру, қадағалау, реттеу, алынған шынайы ақпарат негізінде талдау жасап, нәтижесінің қорытындысын шығару әрекеті деп түсіндіруге болады. Басқару нысаны биологиялық, техникалық, әлеуметтік жүйелер болуы мүмкін. Әлеуметтік жүйенің бірі ауыл, аудан, облыс, мемлекет көлемін қамтитын білім беру жүйесі деп білеміз. Бұл жерде білім жүйесі ретінде ҚР Білім және ғылым министрлігі, облыстық білім департаменттері, аудандақ білім бөлімдерін атаймыз. Ал орта мектеп күрделі қозғалыстағы әлеуметтік жүйе ретіндегі мектеп ішілік басқарудың нысаны болады. Біз мектепті басқару немесе оның компоненттері туралы айтқанда олардың жалпы жүйе – орта мектепті басқарудың бөліктері ретінде қарастырамыз. Ол бөліктерге тұтас педагогикалық, сынып сабақ жүйесі, мектеп тәрбие жұмысының жүйесі, оқушыларға эстетикалық тәрбие, кәсіптік бағдар беру жүйесі және т.б.
Мектеп ішілік басқару дегеніміз біртұтас педагогикалық процеске қатыстылардың барынша жоғары нәтижеге жетуді көздеген мақсатты, сапалы өзара әрекеттесуі. Біртұтас педагогикалық процеске қатысушылардың өзара әрекеті мынадай бірізді, өзара байланысты әрекеттер мен қызметтердің тізбегінен тұрады, олар: педагогикалық талдау, мақсат қою және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу және түзету.
Мектепішілік басқарудың дәстүрлі ұғымдарын жаңа ұғымдар алмастыруда. Мысалы, «ықпал ету» ұғымының орнына «өзара әрекеттесу», «ынтымақтасу», «рефлексивті басқару» ұғымдары қолданылуда.
Сол сияқты мектепті басқарудың теориясы мектепішілік менеджмент теориясымен толығуда. Менеджмент теориясы басшы қызметінің өзара құрметке, қарамағындағы қызметкерлерге сенім білдіруді, олардың табысты еңбек етуіне қолайлы жағдай туғызуымен ерекшеленеді. Менеджменттің осы қыры мектепішілік басқару теориясын одан ары байыта түскен.
Қазіргі заманның білім жүйесінің басты ерекшеліктерінің бірі – мемлекеттік басқарудан мемлекеттік – қоғамдық басқаруға өту. Білім беруді мемлекеттік – қоғамдық басқарудың негізгі идеясы – білім проблемаларын шешуде мемлекет пен жұртшылықтың күш қуатын біріктіру, мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналарға оқу процесінің мазмұны мен түрін ұйымдастыру әдістерін және білім беру мекемелерін таңдауға барынша кең құқық пен еркіндік беру.
1. Жұмабаев М. Педагогика. Алматы. Ана тілі, 1992.
2. Әлмұхамбетов Б.А., Бенцион Я.С. Педагогикалық кадрлармен әдістемелік жұмыс: келелі мәселелер, тәсілдер, шешімін іздеу. Алматы, 1998.
3. Харламов И.Ф. Педагогика. Минск, 1998.
4. Педагогика. Абай атындағы Ұлттық педагогикалық Университеті. Алматы, 2003.
5. Егембердиев Ж. Мектеп жұмыстарын жоспарлау /Методикалық ұсыныстар. Алматы. Мектеп, 1975.
6. Внутиришкольное управление: Вопросы теории и практики. Под. ред. Т.И.Шамавой.
7. Основы внутришкольного управления. Под. ред. П.В.Судоминского. Москва. Педагогика. 1987.
8. Педагогикалық басшылық. //Бастауыш мектеп. Т.1, 1987.
9. Шешенханова М. Мектеп басқарудың демократиялық алғышарттары //қазақстан мектебі журналы, 1993.
10. Айтмамбетова Б.Р., Бейсенбаева А.А. Тәрбиенің жалпы әдістері. Алматы АлМу. 1994.
11. Амоношвили Ш.А. Воспитательная и образовательная функция оценка учения школьников. Москва. Педагогика. 1984г. /47/
12. Асанқайғы. Аңызды баспаға әзірлеген Н.Мұхаметқалиев. Алматы «Жазушы» 1973 /36/.
13. Асанов Ж.А. Оқушы, оның дамуы және тәрбиесі. Қызылорда. 1993.
14. Арын Мұхтар . Бес анық. (Тәрбие туралы толғамдар). Алматы «Арыс» 1996.
15. Амантурлин Ш. Мұғалім және оқу-тәрбие жұмысы. Алматы. 1978.
16. Аймауытов Ж. Тәрбиеге жетекші. Орынбор. 1924.
17. Ақназаров Б., Әбдіжапарова Ж., Айтбакина Р. Мектептегі оқу-тәрбие жұмысының мәселелері. Алматы «Мектеп» 1986.
18. Асқарова Ж.А., Сураншиева М.К. тәрбие жұмыстарын өткізу әдістемелері. Алматы ЖенПИ. 2000.
19. Айтмамбетова Б.Р. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері Алматы. 1991.
20. Әмірәлиев Ш. Жақсы дәстүр жалғаса береді. Алматы 1983.
21. Әмірова Ә.С. Балаларды әдебиет арқылы адамгершілікке тәрбиелеу. Алматы . «Рауан» 1998.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:

Кіріспе

І.Негізгі бөлім
Мектеп – педагогикалық процестерді басқарудың орталығы
1.1.Педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру
1.2.Мұғалімдердің педагогикалық және әдістемелік білім деңгейін жетілдіру.
а)Педагогикалық және әдістемелік жұмыстарының ұжымдық формалары
1.3.Мектепте оқу және тәрбие жұмыстарның жетілдірудің жаңа бір формасы
мұғалімдердің шығармашылық тобы.
1.4.Мұғалім еңбегінің шығармашылық сипаты

ІІ.Қазіргі кезеңде мектеп басшысының ролі
2.1.Мектеп басшысы және оған қойылатын талаптар.
2.2.Мектеп басқарудың негізгі функциялары
2.3.Білім беру мекемесі басшыларының функциялық міндеттері
2.4.Мектепішілік басқарудағы педагогикалық талдау.
2.5.Мектеп басқаруға байланысты мақсат белгілеу және жоспарлау

Қорытынды

Кіріспе
Педагогика ғылым мен тәжірибеде тұтас педагогикалық процесті басқару
ғылыми тұрғыдан қарастырып, оған қатаң ғылыми негізделген сипат беруге
деген ұмтылыс күшейе түсуде. Шындығында басқару тек техникалық және
өндірістік процестердеғана емес, сонымен бірге педагогика сияқты күрделі
әлеуметтік жүйе үшін де қажет.
Жалпы басқару дегеніміз – шешім қабылдауға бағытталған, белгіленген
мақсатқа сәйкес басқару нысанын ұйымдастыру, қадағалау, реттеу, алынған
шынайы ақпарат негізінде талдау жасап, нәтижесінің қорытындысын шығару
әрекеті деп түсіндіруге болады. Басқару нысаны биологиялық, техникалық,
әлеуметтік жүйелер болуы мүмкін. Әлеуметтік жүйенің бірі ауыл, аудан,
облыс, мемлекет көлемін қамтитын білім беру жүйесі деп білеміз. Бұл жерде
білім жүйесі ретінде ҚР Білім және ғылым министрлігі, облыстық білім
департаменттері, аудандақ білім бөлімдерін атаймыз. Ал орта мектеп күрделі
қозғалыстағы әлеуметтік жүйе ретіндегі мектеп ішілік басқарудың нысаны
болады. Біз мектепті басқару немесе оның компоненттері туралы айтқанда
олардың жалпы жүйе – орта мектепті басқарудың бөліктері ретінде
қарастырамыз. Ол бөліктерге тұтас педагогикалық, сынып сабақ жүйесі, мектеп
тәрбие жұмысының жүйесі, оқушыларға эстетикалық тәрбие, кәсіптік бағдар
беру жүйесі және т.б.
Мектеп ішілік басқару дегеніміз біртұтас педагогикалық процеске
қатыстылардың барынша жоғары нәтижеге жетуді көздеген мақсатты, сапалы
өзара әрекеттесуі. Біртұтас педагогикалық процеске қатысушылардың өзара
әрекеті мынадай бірізді, өзара байланысты әрекеттер мен қызметтердің
тізбегінен тұрады, олар: педагогикалық талдау, мақсат қою және жоспарлау,
ұйымдастыру, бақылау, реттеу және түзету.
Мектепішілік басқарудың дәстүрлі ұғымдарын жаңа ұғымдар алмастыруда.
Мысалы, ықпал ету ұғымының орнына өзара әрекеттесу, ынтымақтасу,
рефлексивті басқару ұғымдары қолданылуда.
Сол сияқты мектепті басқарудың теориясы мектепішілік менеджмент
теориясымен толығуда. Менеджмент теориясы басшы қызметінің өзара құрметке,
қарамағындағы қызметкерлерге сенім білдіруді, олардың табысты еңбек етуіне
қолайлы жағдай туғызуымен ерекшеленеді. Менеджменттің осы қыры мектепішілік
басқару теориясын одан ары байыта түскен.
Қазіргі заманның білім жүйесінің басты ерекшеліктерінің бірі –
мемлекеттік басқарудан мемлекеттік – қоғамдық басқаруға өту. Білім беруді
мемлекеттік – қоғамдық басқарудың негізгі идеясы – білім проблемаларын
шешуде мемлекет пен жұртшылықтың күш қуатын біріктіру, мұғалімдер, оқушылар
мен ата-аналарға оқу процесінің мазмұны мен түрін ұйымдастыру әдістерін
және білім беру мекемелерін таңдауға барынша кең құқық пен еркіндік беру.

І.Мектеп – педагогикалық процестерді басқарудың орталығы
Мектеп жұмыстарының ішіндегі ең басты мәселелердің бірі – педагогикалық
ұжымға ғылыми тұрғыдан сауатты басшылық жасау қажет. Мектеп жұмысын
меңгеріп, зор жауапкершілікпен жүзеге асыратын тұлға директор және оның оқу-
тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары. Олар өздерінің міндеттерін
педагогикалық ұжыммен ынтымақтасып, демократиялық принцип негізінде
асырады.
Мектеп басшылары бақылаудың барысында мұғалім мен оқушылардың және басқа да
қызметкерлердің жұмысы туралы ақпарат алады.Ақпарат әділ болуға тиіс.
Мектептің ішкі жұмыстарын бақылау нәтижелері, оның іс-әрекетін жақсартуға
игі әсерін тигізуі қажет. Мектеп ісін бақылау үшін оған бірсыпыра
педагогикалық талаптар қойылады. Олар: бақылауды ұдайы және жүйелі түрде
жүргізіп отыру; бақылаудың әртүрлі формаларын пайдалану; бақылаудың
әділеттілігі және жариялылығы; бақылаудың тиімділігі және нәтижелілігі.
Мектепшілік бақылау мазмұнына кіретін мәселелер:
а) оқу жоспары мен оқу бағдарламалары, олардың орындалуы;
ә) сабақ берудің және оқудың жағдайы (сабақ берудің теориялық және
әдістемелік деңгейі, оқушылар білімнің, іскерлігінің және дағдысының сапасы
т.б.);
б) жаңашыл мұғалімдердің педагогикалық тәжірибелерін оқып үйрену, тарату,
және оқу-тәрбин процесіне енгізу;
в) тәрбие жұмыстарын бүгінгі өмір талаптарына сәйкес басқару (сыныптар
бойынша тәрбие жұмыстары, ұзартылған күн топтары, сыныптан және мектептен
тыс тәрбие жұмыстары);
г) әдістемелік жұмыстар (педагогикалық және әдістемелік
кеңестер,әдістемелік пән бірлестіктері, шығармашылық топтар т.б.);
д) ата-аналар және жұртшылықпен жүргізетін жұмыстар;
е) мектеп құжаттары;
ж) педагогикалық кеңесте қабылданған шешімдердің орындалуын тексеру.
Оқу-тәрбие процесін бақылаудың бірнеше түрлері бар: жаппай, мысалы,
барлық сыныптарда жүргізілетін жазба бақылау жұмыстары; бірнеше күн
оқушылардың сабаққа қатысуын, яғни сабаққа келушілер санын бақылау т.б.;
тақырыптық-оқу немесе тәрбие жұмыстарының кейбір жақтарын арнайы тақырып
бойынша тексеру; дербес-кейбір мұғалімнің, тәрбиешінің, мектеп
қызметкерлерінің іс-әрекетін бақылау; ұжымдық – сынып ұжымының, оқушылардың
ұзартылған күн тобының, кейбір үйірмелердің іс-әрекеттерімен танысып
бақылау. Бақылау жүйесін және оған қойылатын талаптарды орындау үшін мектеп
директоры өзінің орынбасарларымен бірлесіп, бақылаудың түрлерін, орындау
мерзімін және мақсаты мен міндеттерін мектептің жалпы жоспарында көрсетеді,
жоспар педагогикалық кеңесте бекітіледі.
Бақылау тиімді болу үшін нәтижелі тексеру керек. Мысалы, егер мектеп
директорының мамандығы математика пәні болса, ол математика, физика, сызу
пәндері мұғалімдерінің сабақтарына кіріп, нәтижелі көмек көрсетуі сөзсіз.
Міне, осы сияқты мектеп директоры орынбасарларының бірі – тіл және әдебиет
маманы, екіншісі – химия және биология пәнінің маманы болса, олар осы пәнді
беретін мұғалімдердің сабақтарына қатысып, ойдағыдай талдау жасап,
әдістемелік көмек беретіндігіне ешқандай күмән келтіруге болмайды.
Бақылаудың ширақ және сапалы өткізу үшін мектеп басшылығы кесте жасайды,
міндеттерін өзара бөлісіп тікелей іске кіріседі. Бақылау және тексерудің
барысында әдістемелік пән бірлестіктері мен шығармашылықтоптардың
жетекшілері мен тәжірибелі мұғалімдер пайдаланылады.
Бақылау және тексеру – бұлар сабақтас, бір-бірімен тығыз байланысты
ұғымдар. Мысалы, пән мұғалімінің оқу жұмысы жөнінде іс-әрекетін бақылау
және тексеру қажет. Бұл жұмысты алдын ала жасалған жоспар бойынша іске
асырылады. Тексерушілер мұғалімнің сабақтарына қатысады, сыныпта жазба
бақылау жұмыстарын өткізеді, оқушылардың дәптерлерін тексереді және жазба
жұмыстарымен танысады (шығарма, мазмұндама, жеке тақырыптар бойынша
баяндама, реферат т.б.).
Талдау процесінде мына мәселелер еске алынады:
Сабақтың типі құрылымы, олардың сабақ тақырыбы мен мақсатына, оқытудың
әдістері мен тәсілдеріне байланыстылығы.
Сабақтың мазмұны – оқу материалының сапасы, ғылымилығы, көкейкестігі,
дұрыстығы, сабақтың тәрбиелік, даму және білім беру функциялары т.б.
Оқыту әдістерінің сабақтың мақсаты мен мазмұнына сәйкестігі, сабақта
көрнекі және техникалық құралдардың пайдалануы, білімді, іскерлікті және
дағдыны тексеру және бағалау әдістері.
Сабақта оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру: сабақ уақытын дұрыс пайдалану;
оқушылардың танымдық іс-әрекетіне (дербес, топтық және жаппай жұмыстарына)
басшылық жасау.
Мұғалімге мінездеме беру. Ол үшін мына мәселелер еске алу қажет: теориялық
дайындығы; әдістемелік шеберлігі; педагогикалық такт (әдептілік,
әділеттілік, кішіпейілділік, ілтипаттылық, талап етушілік т.б.); сөздің
айқын айтылуы.
Сабақтың нәтижесін анықтау үшін оқушылардың білімдерін игеру деңгейі, пікір
айтып қорытынды жасайды, ұсыныстар береді.
Сабаққа қатысу аяқталғаннан кейін талдау басталады. Ең алдымен сабақты
мұғалімнің өзі талдайды, сонан кейін зерттеуші пікір айтып, қорытынды
жасайды, ұсыныстар жасайды.
Тексеру нәтижесі жариялылық жағдайында болуы керек. Сондықтан
педагогикалық, әдістемелік кеңестердің маслихаттарында, педагогикалық
ұжымның семинарында мектепішілік бақылау нәтижелері барлық мұғалімдерге
белгілі болуы қажет. Мектепішілік бақылауда сабақтарға қатысудың түрлері
және мақсаттары әр түрлі болады.
Сабаққа оқу жылының басында қатысу. Жаңа оқу жылының басында педагогикалық
ұжым құрамында белгілі өзгерістер болады. Мұғалімдер үйелменіне жас
педагогтар қосылады. Олардың сабақтарына бірінші күннен бастап қатысып
бағыт берген жөн. Сабақтың ғылыми-әдістемелік деңгейін үнемі тексеріп отыру
сабақ беру процесінде қателіктерді болдырмаудың кепілі.
Тақырыптық қатысу. Оқу бағдарламасы бойынша кезектегі тарауды өткенде
мұғалімнің барлық сабақтарына басынан аяғына дейін қатысу – мұғалімнің
педагогикалық еңбегінің әр түрлі жақтарымен танысуға, оқушылар білімінің
көлемін, беріктігін, тереңдігін анықтауға, сабақ жүйесін ұйымдастыруға
(кітаппен немесе мұғалімнің тапсырмасы бойынша оқушылардың өз бетімен
орындайтын жұмыстары, оқытудың топтық және дербестік формасы, үй оқу
жұмысын ұйымдастыру т.б.) мүмкіндік береді. Сабақ процесінде оқыту
әдістері, көрнекі және техникалық құралдарын пайдалану тәсілдері
зерттеледі.
Сонымен сабаққа тақырыптық қатысудың барысында мұғалім жұмысының стилі және
жүйесімен толық танысуға болады.
Бүкіл жұмыс күнінің барысында бір сыныпта өтетін сабақтарға қатысу. Бұл
жерде негізгі мақсат: біріншіден, әр түрлі мұғалімдердің сабақ беру
әдістері мен жүйесін бақылап салыстыру; екіншіден, үйге берілген оқу
тапсырмасының көлемін және мазмұнын анықтау; үшіншіден, мұғалімдердің
сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділігін, тәртібін зерттеу.
Мектеп директорының, оқу ісін меңгерушілердің, әдістемелік кеңестің және
әдістемелік пән бірлестіктері жетекшілерінің, мұғалімдердің сабақтарына
бірігіп қатысуы. Сабаққа бірігіп қатысу мектеп өмірінде сирек кездеседі.
Осының нәтижесінде мектеп басшылары сабақты талдау кезінде мұғалімдерге әр
түрлі әдістемелік құралдар береді. Демек, бірыңғай педагогикалық
талаптардың жоқтығынан мұғалімдер арасында, кейде алауыздық немесе
келіспеушілік туады.
Осыған орай, сабаққа қатысудың барысында мектеп директоры, оның
орынбасарлары, әдістемелік кеңес және әдістемелік пән бірлестіктерінің
жетекшілері бірыңғай әдістемелік және педагогикалық көзқарастардың бірлігін
сақтап, ғылыми негізінде үйлесімді ұсыныстар беріп отыруы қажет.

1.1.Педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру.

Еңбекті ғылыми ұйымдастырудың жалпы идеясы педагогикалық еңбектің
ерекшілігіне сәйкес келеді, жаңартылады. Педагогикалық еңбек – бұл еңбек
түрлерінің бірі, мұндай еңбекте мұғалім мен оқушылардың бірлесіп әрекет
жасайды. Сондықтан материалдық өндіріс орындарында қолданылатын еңбекті
ғылыми ұйымдастырудан (ЕҒҰ-НОТ) педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастырудың
(ПЕҒҰ-НОПТ) айырмашылығы – бұл бірлесіп істейтін жұмыстары нәтижелі болу
үшін жағдай жасау, екіншісі – оқушы.
Педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру – бұл ынтымақтастық педагогикасы
негізінде мұғалім мен оқушылардың бірлесіп істейтін жұмыстары нәтижелі болу
үшін жағдай жасау. Ал еңбек – бұл нақты мақсатқа сәйкес адамның іс-әрекеті.
Іс-әрекеттің бастысы дене, ақыл-ой еңбегі, материалдық және рухани
құндылықпен байланысты.
Педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру – бұл қазіргі ғылым мен озат
практика жетістіктерінің нәтижесінде негізделген еңбекті ұйымдастырудың
жетілдіру процесі.
Қазіргі кезеңде қоғам өмірінің бүкіл саласы қайта құру жағдайында
педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру мәселесіне ерекше назар
аударылуда. Солардың ішінде басты мәселелердің бірі – мұғалім
шығармашылығын дамыту дәрежесі.
Педагогикалық шығармашылық – бұл ғылыми ізденудің нәтижесінде озат
тәжірибені жасау, тұтас педагогикалық процесс проблемаларын шешу, оларды
педагогикалық жұртшылықтың игілігіне айналдыру. Ал педагогикалық шеберлік
дегеніміз оқыту мен тәрбие процесін шығармашылықпен іске асыруу.
Көптеген мектептерде шығармашылық топтар ұйымдастырылып, олардың кең өріс
алуда. Педагогикалық еңбектің сапасын және өнімділігін арттыру мақсатымен
шығармашылық топтар кейбір көкейкесті проблемаларды іздестіріп, зерттейді.
Мысалы: а) оқу уақытын дұрыс пайдалануды зерттеу және талдау; ә) мұғалім
уақытының бюджеті; б) педагогикалық шеберлікті жетілдірудің жолдары мен
тәсілдері; в) мұғалімдер мен оқушылардың арасындағы жылы қамқорлық, қарым-
қатынас, ынтымақтастық, шығармашылық, ізденушілік т.б.
Халыққа білім беру жүйесіндегі озат оқу-тәрбие мекемелерінің іс-тәжірибесі
еңбекті ғылыми ұйымдастырудың мынадай негізгі бағыттарын анықтап жүзеге
асыруда:
Мектептің және басқа да оқу орындарының жоспарлау және есепке алу
жұмыстарын жетілдіру.
Мектеп басшыларының міндеттерін дұрыс бөлу. Мысалы, мектеп директорының
міндетіне педагогикалық ұжымға басшылық ету, кадрларды іріктеп алу, дұрыс
орналастыру, және тәрбиелеу, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарды
бақылауды іске асыру, озат педагогикалық тәжірибе, кәсіптік бағдар беру
жұмыстарын, оқушылардың өзін өзі басқаруды, ата-аналармен, жұртшылықпен
жұмыс істеу жатады. Сонымен бірге ішкі тәртіп ережесін, қауіпсіздік
техникасын қорғау мәселелін де қамтамасыз етеді. Бұл жұмыстарды
демократиялық және жариялылық принципі негізінде басқарады.
Мектептің оқу ісін меңгерушілері мамандықтарына сәйкес бастауыш және жоғары
сыныптар бойынша өзара міндеттерін бөліседі. Бұлардың міндеттеріне оқу
жұмысы, әр түрлі пәндерді әдістемелік бірлестіктерінің, проблемалық
топтардың, пәндік үйірме жұмыстары жатады. Оқу ісін меңгерушілер тәрбие
жұмыстарына да қатысады.
Тәрбие ісін ұйымдастырушы мектепішілік және сыныптан, мектептен тыс тәрбие
жұмыстарының барлығына басшылық жасайды. Әсіресе сынып жетекшілерімен
бірлесіп ата-аналары мөлтек аудандарда тұратын оқушылармен әр түрлі тәрбие
жұмыстарын ұйымдастыруға басшылық етеді, нәтижесін есепке ала отырады.
Жиналыстардың, мәслихаттардың, басқа да көпшілік шаралардың санын және
ұзақтығын қатаң белгілеу. Мектепте тәрбие жұмысының түрлері ұжым мүшелеріне
белгілі нақты кестемен өткізілуі мүмкін.
Педагог кадрлардың ғылыми-теориялық білімін көтеру.
Озат педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау тарату және қазіргі ғылым
мен практиканың жетістіктерін оқу тәрбие процесін енгізу.
Педагог кадарлардың демалыс және еңбек жағдайын барынша жақсарту.
Мектептерде оқытудың кабиненттік жүйесін, техникалық және аудивизуальді
құралдарды кеңінен пайдалану мүмкіншіліктері педагогикалық еңбекті ғылыми
ұйымдастырудың басты шарттарының бірі.
Сонымен, халыққа білім беру жүйесіне еңбекті ғылыми ұйымдастыруды кеңінен
енгізудің барынша мүмкіншілігі және қажеттілігі арта бермек.

1.2.Мұғалімдердің педагогикалық және әдістемелік білім деңгейін жетілдіру.

Тұтас педагогикалық процестің жалпы дайындығына, педагогикалық
біліміне жіне әдістемелік шеберлігіне байланысты.
Мектептен мұғалімдер үшін педагогикалық және әдістемелік жұмыстардың дербес
және ұжымдық формалары пайдаланылады.
Педагогикалық және психологиялық әдебиеттерді, дидактиканы, тәрбие
теориясын және пән бойынша әдістемелік, ғылыми педагогикалық әдебиеттерді
мұғалім зерттеп оқиды. Ол проблемалардың өте қажет екендігі оған белгілі.
Арнайы тақырыптар бойынша әдістемелік ұсынбалар, әдістемелік оқу құралдарын
жасау, оқу-тәрбие жұмысының сапасы мен тиімділігін арттыруға байланысты өз
тәжірибесінен баяндама жасап, ауданда, облыста, республикада өткізілетін
ғылыми-практикалық конференцияларға, педагогикалық оқуларға белсенді
қатысу.
А)Педагогикалық және әдістемелік жұмыстарының ұжымдық формалары:
Мектептің педагогикалық кеңесі.
Мектептің әдістемелік кеңесі.
Мұғалімдердің әдістемелік пән бірлестіктері.
Сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестіктері.
Кіші шығармашылық топтар.
Психикалық- педагогикалық семинарлар.
Практикумдар-семинарлар.
Ғылыми-практикалық конференциялар.
Педагогикалық оқулар.
Педагогикалық кеңес – бұл мектептің барлық іс-әрекетін басқарудың тұрақты
органы, мұғалімдердің педагогикалық ойының ұжымдық орталығы. Педагогикалық
кеңестің процестің міндеті – тұтас педагогикалық процестің сапасын
арттыруға мұғалімдер ұжымының күшін үйлестіру және біріктіру, білім беруді
гуманитарландыру (адамның дүниеге қатысы, оқу орындарының дүние жүзінінің
мәдениетіне, тарихына, рухани байлығына бет бұруы), ізгілендіру (мектептің
балаға тікелей бұрылуы, оны сыйлау, абыройын жоғары ұстау, оған сену, оның
мақсатына, мұқтажына, сұрағына түсіну). Демек, оқу, тәрбие, білім беру ісін
қазіргі заманның талабына сәйкес басқару.
Педагогикалық кеңестің жұмысы оқу жылына жоспарланады, екі айда бір рет
өткізіледі.
Педагогикалық кеңестің мәслихаттарында оқыту, тәрбие мен білім беру
мәселелері қаралады:
қазіргі кездегі сабаққа қойылатын негізгі талаптар;
сабаққа оқытудың ұжымдық, топтық және дара формаларын ұтымды пайдалану және
жетілдіру;
тәрбие теориясы, мамандыққа бағдар беру, экологиялық тәрбие, экономикалық
білім мәселелері;
педагогикалық озат тәжірибе т.б.
Педагогикалық кеңестің мәслихаттарында басқа да мәселелер қарастырылады.
Олар: оқу-тәрбие жұмысының жалпы мектеп жоспар, мектеп басшыларынын және
сынып жетекшілерінің есеп беру баяндамалары, оқу жылының қорытындысы,
мұғалімдерді аттестациялау т.б.
Әдістемелік кеңестің жұмысы бір оқу жылына жоспарланады, екі айда бір рет
өткізіледі. Әдістемелік мәслихаттарында қазіргі ең қажетті проблемалар
талқыланады. Олардың кейбіреулері, мысалы, жаңашыл мұғалімдердің және
мектеп мұғалімдерінің озат тәжірибелері, ашық сабақтарды талқылау, сыныптар
арасындағы сабақтастық, сабақтың түрлері, мұғалімдердің өз бетімен білім
алу мәселелері т.б. Әдістемелік кеңес басқа да әдістемелік жұмыстарды
орындайды. Оқушыларды өмірге белсенді етіп тәрбиелеу сияқты проблемаларға
конференциялар өткізеді, оқушылардың шығармашылық жұмыстарын және
дидактикалық көрнекі құралдар көрмесін ұйымдастыруды, ғылыми-практикалық
конференциялаға, Педагогикалық оқуларға баяндама жасауға мұғалімдерді
дайындайды, әдістемелік бюллетеньдер шығарады, стажер (сынақ мерзімінен
өтуші) мұғалімдер жұмыс жүргізеді.
Әдістемелік пән бірлестіктері - әр бірлестіктер пән мұғалімдер саны үш және
одан жоғары, бастауыш сынып мұғалімдерінің саны 4-20-ға дейін, орта
мектептерде бастауыш сыныптар саны көп болса, онда мұғалімдер саны 20-дан
да артық болады. Әдістемелік пән бірлестіктер жұмысы жарты немесе толық бір
оқу жылына жоспарланады, мәслихаттарды екі айда бір рет өткізеді. Мектеп
өмірінде кездесетін әдістемелік бірлестіктердің түрлері: пән мұғалімдерінің
әдістемелік бірлестігі; бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік
бірлестігі; мұғалімдердің пән аралық әдістемелік бірлестігі; мұғалімдердің
мектеп аралық әдістемелік бірлестігі.
Біз бұл жерде тек қана пән мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігіне
тоқтаймыз, өйткені олардың жұмысының мазмұны бір-біріне ұқсас.
Мұғалімдердің әдістемелік пән бірлестіктерінде әр түрлі проблемалар
қарастырылады, талқыланып талдау жасалынады. Мәселен, оларға типологиясы
және құрылымы, жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибелерімен танысу, аралас,
қайталау-жинақтау лекция, лабороториялық және семинар сабақтарын өткізу
әдістері, жазба бақылау жұмыстарының текстісін жасау, оларды өткізу, талдау
тәсілдері, оқушыларды шығарма жазуға үйрету, сабақта көрнекті және
техникалық құралдарын, оқыту машиналарын пайдалану т.б. жатады.
Мектепте әдістемелік жұмыстың басты бір формасы сынып жетекшілерінің
әдістемелік бірлестіктері. Ол жұмысын жоспарлап, екі айда бір рет өткізеді.
Бірлестікті мектеп директоры басқарады, оның құрамына барлық сынып
жетекшілері кіреді.
Сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі негізінен тәрбиенің теориялық
және практикалық мәселелерімен айналысады. Бірлестік мәслихаттарында тәрбие
процесін басқару және оны кешенді жүргізу, жеке адамды ұжымда тәрбиелеу,
тәрбие процесінде балалардың шығармашылығын жүргізу, құқық тәрбиесінің
негізгі принциптері, формалары мен әдістері, мұғалім мен балалар арасындағы
қарым-қатынастың бірлігі, сынып сағаттарын өткізудің тәрбиелік
ерекшеліктері, сайыстар өткізу, ата-аналармен өткізілетін жұмыстың
формалары, сынып жетекшілерінің оқу-тәрбие жоспарын қорғауы және т.б.
мәселелерді талқылайды. Әрбір мәселе бойынша әдістемелік ұсыныстар-шешімдер
қабылдайды. Оларды оқу-тәрбие процесінде іске асырудың тәсілдерін
іздестіреді.
1.3.Мектепте оқу және тәрбие жұмыстарың жетілдірудің жаңа бір формасы
мұғалімдердің шығармашылық тобы.
Шығармашылық ең алдымен мұғалімдердің мамандықтарына сәйкес терең
және берік білімді, мол тәжірибені талап етеді. Шығармашылық қабілетті
дамыту, өзбетімен іздену, зерттеу жұмыстарына байланысты. Осыған орай,
мұғалімнің жұмысында шығармашылық басым болуы керек.
Озат мектептерде іс-тәжірибелеріне қарағанда шығармашылық топтың құрамына
өте тәжірибелі мұғалімдер кіреді. Іс жоспары бір жылған, топ мүшелері айына
бір рет кездесіп отырады.
Шығармашылық топ қвзіргі кездегі ең көкейкесті проблемаларды шешу жолдарын
іздестіреді, оларды келешекте мұғалімдердің игілігіне айналдырады.
Қаралатын мәселелердің бағыттары дифференцивтік және проблемалық оқыту,
оқушылардың логикалық ойын дамыту, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру,
тәрбиесі қиын балалармен жұмыс, кәсіптік бағдар беру проблемасы, қоғамдық
пайдалы жұмыстарды ұйымдастыру мәселелері т.б.
Мектеп өмірінде мұғалімдердің кәсіби дайындығын көтеруде психологиялық-
педагогикалық семинарлардың және практикумдар-семинарлардың маңызы арта
түсуде.
Психологиялық – педагогикалық семинарларда мұғалімдер теориялық
мәселелермен және озат педагогикалық тәжірибелермен танысады, терең білім
алады. Семинар тақырыптары мектептің жылдық жоспарына кіреді. Сондықтан,
мұғалімдер алдын-ала тақырыптармен танысып дайындалады. Семинар әр түрлі
вариантта өткізіледі: кейде лекция, кейде жеке баяндама-хабарлау, пікір
алмасу ретінде өткізіледі. Лекцияларда, баяндамаларды тәжірибелі мектеп
басшылары мен мұғалімдер, мұғалімдердің білімін жетілдіру институтының
әдіскерлері, жоғары лқу орындарының ғалымдары оқиды.
Психологиялық- педагогикалық семинарларда өткізу мерзімдерін мектеп өзі
шешеді.
Психологиялық – педагогикалық семинардың мақсаты – оқумен тәрбие жұмысының
деңгейін көтеруде өз бетімен білім алушы мұғалімдерге психология,
педагогика ғылымдарының соңғы жаңалықтарын және озат педагогикалық
тәжірибені меңгеруге үйренген.
Мұғалімдердің практикалық іскерлігін, шығармашылық қабілеттерін дамытуда
практикумдар-семинарлардың ролі өте зор. Көбінесе мұндай семинарларда
педагогикалық ситуацияларды шешу және есептер шығарылады. Сонымен бірге,
сабақүстінде оқушылармен істелетін жұмысты басқаруға, сабақта бақылау
әдісіне, сабақты талбау тәсілдеріне үйретеді. Осының нәтижесінде әрбір
мұғалімдер өз ісіндегі кемшіліктерді байқайды, теориялық, практикалық білім
алуға тырысады, қызығушылығы, белсенділігі артады.
Білім және тәрбие беру саласында түрлі семинарлар- практикумдар, ғылыми-
практикалық конференциялар, педагогикалық оқулар дәстүрге айналды. Бұлар
мектепте, ауданда, облыста, республика астанасында алдын-ала жасалған
бағдарламалар бойынша өткізіліп отырады.
Қазіргі заман мұғалімдердің жаңа проблемаларды жүйелі түрде оқуын және
зерттеуін талар етеді. Сондықтан әрбір педагогтың оқу, білім беру, тәрбие
және ұжымды басқару теорияларымен, педагогикалық- психологиялық
мәселелермен, шетел психологтары және педагогтарының теорияларымен үнемі
қаруланып отыруы қажет.
Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін жетілдіруде екі жағдайды ескеру қажет.
Олардың бірі – мұғалімдердің жеке жоспарына сәйкес өз бетімен білім алу
жолы, екіншісі - әр түрлі ұжымдық жолмен мамандықты көтеру. Ұжымдық
формалары: әдістемелік және теориялық семинарлар; мұғалімдердің білімін
жетілдіру институты жанындағы қысқа мерзімді курстар.
Сонымен, мұғалімдердің қандай да болса, педагогикалық еңбекке жарамдылық
деңгейін анықтау үнемі жаңартып және жетілдіріп отыруды қажет етеді.

1.4.Мұғалім еңбегінің шығармашылық сипаты.
Мұғалім еңбегі басқа қызметтермен салыстырғанда, өзіндік
ерекшелігі мол шығармашылықты сүйеді. Өйткені жеткіншек ұрпақты өмірге,
еңбек пен әлеуметтік іс-әрекетіне дайындау – мұғалімдерді көп іздендіріп,
ойландыратын жұмыстың ең басты түрі. Олай болса, әрбір мұғалім орта немесе
жоғары дәрежелі педагогтық білім алумен қанағаттанып қоймай, ол тәрбие мен
оқытудың тиімді жолдарын үнемі іздестіріп, өз жұмысында пайдаланып отыруы
тиіс. Сонда ғана мұғалімдер жаңашыл, оқушыларға тәрбие және білім беру
теориясы мен практикасын дамытудың қозғаушы күші және шебері бола алады.
Мұғалім еңбегінің ғылымға негізделе отырып, белгілі жүйелілікпен жүзеге
асырылатыны айқын. Мысалы, оңайдан қиынға, жеңілден ауырға, нақтылы
түсінікпен абстрактылы ұғымға біртіндеп ауысу ережелерін және оқушылардың
жасы мен дербес ерекшеліктерін еске алмайынша оқу және тәрбие жұмысында
белгілі нәтижеге жету қиын. Сондықтан мұғалімдің алдындағы басты міндет –
оқушыларды біліммен қаруландыра отырып, ойлауға, сөз шеберлігіне, еңбек ете
білуге үйрету және тәрбиелеу.
Ұстаз бүгінге емес, еңбек те, ертеңге, болашаққа қызмет істейді. Ол заман
дамуына артта қалмастан, өзін-өзі жан-жақты дамыту үшін саяси-идеялық
дәрежесін, ғылыми-теориялық білімін және педагогтық мамандығын күнбе-күн
жетілдіріп отыруға талаптанады.
Мұғалім өз мамандығына байланысты ғылыми-теориялық мәселелерді, жоғары оқу
орындарына қойылатын талаптарға сәйкес меңгеруі тиіс. Егер ол өзінің
теориялық білімін өмір талабына сай жетілдіріп отырмаса, онда жастарға жан-
жақты дамытып, тәрбиелеуге шамасы келмейді. Социологтардың зерттеу мәліметі
бойынша институтты бітірген инженерлердің білімі 6-8 жылдардан кейін
ескіреді. Ал мұндай жағдайды болдырмау үшін мұғалімдер үнемі ізденіп жұмыс
істейді. Сондықтан оның шығармашылық іс-әрекеттері, мысалы, арнаулы
әдебиеттер мен пәндік журналдарда жарияланатын тың мәселелермен таныс
болуы, ғылыми семинарлар мен конференцияға белсене қатысып үлес қосуы ой-
өрісін кеңітеді.
Педагогикалық ғылым жетістіктері мен озат педагогикалық тәжірибені заман
талабына сай меңгеру – оқушылара білім беру мен тәрбие берудің негізгі
көзі.
Қазіргі кезеңде ғылым жетістіктерін соңғы табыстарына негізделіп мектеп
өмірінде жүзеге асырыла бастаған және асырылатын ең басты мәселелер:
оқытудың ғылыми негіздерінің өмір және еңбекпен байланыстылығы; оқытудың
политехникалық принципі; арнаулы факультативтік курстар; бағдарламалап және
дифференциялық оқыту; қоғамдық пайдалы және өнімді еңбектің оқу мен мен
тәрбие жүйесінде алатын орны; кәсіптік бағдар беру, техникалық құралдарды,
компьютерлерді, оқыту машиналарын кеңінен қолдану т.б. болып отыр. Осы
мәселелерді іс жүзіне асыру мұғалімнің тікелей психологиялық және
педагогикалық білім деңгейіне байланысты. Сондықтан ол балалардың жас
ерекшеліктерін есепке ала отырып, физиология, психология және педагогика
ғылымдарындағы құбылыстардың негізгі ұғымдарын, заңдылықтарын, принциптері
мен ережелерін және олардың табиғи байланыстылығын, атақты физиологтар
И.М.Сеченов, И.П.Павлов, белгілі психологтар А.А.Смирнов, А.Н.Леонтьев,
А.А.Давыдов, дидактар Б.П.Есипов, М.А.Данилов, Л.В.Занков, М.Н.Скаткин тағы
басқа ғалымдардың еңбектерін қол үзбей оқып терең меңгереді. Сонда ғана
мұғалім шығармашылық еңбектің тамаша шебері бола алады.
Мектеп өмірінде осыған керісінше фактылар да жиі кездеседі. Кейбір мұғалім
өздігінше теориялық білімін одан әрі дамытумен шұғылданбайды, жаңалықтармен
сирек танысады. Осының нәтижесінде өмір ағымымен артта қалып, өз жұмысында
үлкен олқылықтар, керек десе, қателіктер де жібереді. Бақылау тәрбие
берудің орнына ұзақ, зеріктіретін, нақыл сөздерді көп айтып, моральдық
нормалар мен талаптарды үстіртін үйретумен шектелетіндігі және әр баланың
табиғи, дербес ерекшеліктерін (нышан, темперамент, мінез) еске
алмайтындықтары байқалып келеді.
Міне, мектептерді педагогикалық процесті мақсатқа сәйкестік
принциппен жүзеге асыру үшін әрбір мұғалімдер тәрбие әдістері мен
тәсілдерін саралап алумен бірге, тиімді етіп қолдануды да қамтамасыз ету
тиіс. Осындай жағдайда оқушылардың дара қасиеттері мұғалімдердің
басшылығымен жүргізілетін түрлі тәрбие жұмыстарының ықпалыменг дамып
жетіледі.
Педагогикалық процесте озат тәжірибені кеңінен қолданудың маңызы зор.
Өйткені терең білім мен тәрбие беру, педагогикалық озат тәжірибені зерттеу,
жинақтау және таратумен нәтижесі, мұғалімдерің шығармашылық ісінің жемісі.
Психология ғылымдарының докторы, профессор Ш.П.Амонашвили 20 жылдан астам
алты жастғаы балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері жөнінде зерттеу
жұмыстарынжүргізіп, бастауыш сыныптар мұғалімдері үшін Как живете, дети?,
Здраствуйте, дети! атты құралдарын жазды.
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор И.П.Иванов Ресейдің біраз
мектептерінде (Санк-Петербург, Челябин және басқа да қалаларда) коммунар
әдісін қолданудың тиімді жолдарын іздестіру.
Жаңашыл мұғалім В.Ф.Шаталов оқыту процесінде біраз жаңалықтар енгізді.
Мысалы,Ашық ойлар сабақтары, Десант әдісі, Тізбек әдісі, Сүйеніш
сигналы және т.б.
Қазақстанда мыңдаған мұғалімдер корпусының ішінде жаңашыл шығармашылықпен
жұмыс істеп жүрген ұстаздар да көптеп саналады. Олардың қатарында алматылық
жаңашыл мұғалім А.Ысқақовты (ол тіпті жаңа тұрпатты мектеп ашуды), Атөбелік
М.Г.Құрманғалиеваны (№21 мектептің директоры), Талғар қаласындағы №3 орта
мектептің биология пәнінің мұғалімі Е.А.Очкурды, Алматы облысы Еңбекшіқазақ
ауданының Ақши орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі А.Момынованы,
Өскемендік К.Бітібаеваны,Гурьев облысы Ембі ауданы Гагарин атындағы орта
мектептің мұғалімі Р.Сейдахметованы, Жуалылық (Жамбыл облысы),
К.А.Тоғызбаеваны, осы облыстың Талас ауданы Үшарал орта мектебінің орыс
тілі әдебиеті пәнінің мұғалімі Р.Исінбаеваны және басқаларды көптеп атауға
болады.
Осындай шығармашылықпен еңбек етіп, оқыту мен тәрбие проблемаларына елеулі
үлес қосып жүрген жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесі мектептер үшін зор
сүйеніш.
Кейбір педагог-ғалымдардың зерттеу мәліметтері бойынша шығармашылық
тұрғыдан педагогикалық міндеттердің үш түрінатауға болады.
Стратегиялық (стратегия – қандай да болса мақсатқа жетудің басшылық өнері)
міндеттерін шешу ұзақ уақытты талап етеді. Мысалы, мұндай міндеттерге жеке
адамның дамуы, қалыптасуы, тәрбиесі, оқушыларды өмірге, еңбекке баулу және
олардың өзара қарым-қатынасы.
Тактикалық (тактика – қандай да болса мақсатқа жетудің жолдары немесе
әдістері) міндеттер жүйесі арқылы стратегиялық міндеттер анықталады.
Мысалы, тәрбиелеу және оқушыларды еңбекке баулу мәселелері жөнінде мұғалім
мынадай тактикалық міндеттерді іске асыруға тиіс. Олар: оқушылардың өмірге,
түрлі іс-әрекеттеріне көзқарасын, белсенділігін, ынтасын арттыру; сынып
құжаттарында оқушылардың әлеуметтік пікірін қалыптастыру; оқушылардың
өзіндік басқаруының ролін көтеружәне т.б.
Бұл міндеттерді шешу үшін оқушылардың, олардың ата-аналарының, сол сыныпта
істейтін мұғалімдердің және шефтердің іс-әрекеттерін нақты жоспарлап,
үйлесімді етіп,іске асыру қажет.
Оперативтік міндеттер – бұл іс-әрекеттерін тікелей орындау, яғни тактикалық
міндеттерден оперативтік міндеттерге көшіп, мәселелерді балалардың
қатысуымен шешу.
Әрине, бұл міндеттерді оқу-тәрбие процесінде мұғалімдердің іскерлігіне,
тәжірибелілігіне, терең және берік біліміне тәуелді.
Педагогикалық озат тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату.
Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау ісі күрделі және
шығармашылық мәселелердің біріне жатады. Педагогикалық тәжірибе – оқыту мен
тәрбиенің практикасын жан-жақты зерттек объектісі, фактылар мен ғылыми
мәліметтерді жинақтаудың негізгі көздерінің бірі. Сондықтан педагогикалық
озат тәжірибе оқу-тәрбие жұмысын үнемі дамыту мен жетілдіру де үлкен орын
алады. Осыған орай, әрбір мұғалім еліміздегі жаңашыл ұстаздардың бай
тәжірибесін, белгілі педагогтар мен психологтардың ғылыми еңбектерінде
терең ерттеліп, шеберлікпен пайдаланудың жолдарын қарастырады.
Осындай татымды табыстарды шығармашылықпен қолданудың нәтижесінде,
мектептерде педагогикалық тәжірибені ерттеудің кейбір нақты жолдары іске
асырылабастады. Олар: мұғалім өз тәжірибесін өзі зерттеп жинақтау;
педагогикалық еңбек шеберлерінің жұмыс жүйесін зерттеу және жинақтау; жалпы
педагогикалық тақырып бойынша бірнеше мұғалімдердің іс-тәжірибесін тарату
және жинақтау; жаңашыл мұғалімдердің озат тәжірибесін тарату және оны оқу-
тәрбие процесіне енгізу; педагогикалық ғылыми-зерттеу институттарының
басшылығымен оқу және тәрбие саласындағы проблемалық мәселелерді зерттеу
және жинақтау.
Оқу мен тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін іздестіруде мұғалімдердің
өз тәжірибесін өзі зерттеп, жинақтау ісі - әрі қиын, әрі күрделі
мәселелердің бірі.Бұл мәселені ойдағыдай зерттеп, практикада дәлелдеу
тікелей мұғалімдердің өзіне байланысты. Мұғалімдер оқыту мен тәрбие
әдістеріне байланысты басты мәселелерді таңдап алады да, олардың
тиімділігін сабақтың немесе тәрбие жұмысының барысында бақылайды, терең
зерттейді. Зерттеу материалдарына талдау жасап, қорытындысын үнемі
дәптеріне жазып отырады. Мұғалім әр сабақтың немесе тәрбие жұмысының өзіне
тән ерекшелігін, әр түрлі әдістерді қолданудың тиімді әдістерін, оқыту мен
тәрбие процесінде оқушылардың ынтасы мен таным қабілетін дамытуды
шығармашылықпен іздестіреді. Осының нәтижесінде мұғалім өз жұмысындағы
жетістіктер мен елеулі кемшіліктерді көре бастайды. Сөйтіп, оларды жоюдың
тиімді жолдарын қарастырады. Ол үшін мұғалім педагогикалық әдебиеттермен
танысады. Қажетті әдебиеттерге анотация және библиография жасайды.
Мұғалім өз мектебінде немесе көршілес мектептердегі тәжірибелі
мұғалімдердің тәрбие жұмыстарымен танысады, сабақтарына қатысады. Олардың
оқыту мен тәрбие әдістерін өзінің қолданып жүрген әдістерімен салыстырады,
тиімді қорытынды жасайды.
Зерттеу жұмысына байланысты құжаттарды мұғалім бірте-бірте жинастыра
береді. Оларға: сабақ жоспары,бағдарлама тақырыптары бойынша жасалатын
тақырыптық перспективалық жоспар, оқушылардың жазба бақылкау және кестелік
жұмыстары, дәптерлері, сынып жетекшісінің оқу-тәрбие жұмысының жоспары,
түрлі тақырыптарға жазылған оқушылардың баяндамалары жатады. Осы
құжаттардың негізінде мұғалім өз жұмысына талдау жасайды, жүйеге келтіріп
жинақтайды. Әрине, мұғалімнің оп-оңай жұмыс емес. Оған ең кемінде бір
немесе екі жылдай мерзім керек. Зерттеу жұмысы аяқталғаннан кейін оны
мектеп мұғалімдерінің ғылыми-практикалық конференциясында талқылайды, құнды
деп тапса, аудандық педагогикалық оқуларға ұсынады.Сөйтіп мұғалімнің бұл
шығармашылық еңбегі бірте-бірте облыстық, республикалық талқылардан өтіп,
көпшіліктің игісіне айналады.
Педагогикалық жұмыста зор табыстарға жетіп, өзін-өзі іс жүзінде көрсете
білген шебер мұғалімдердің жұмыс жүйесін зерттеп, жинақтау – озат
тәжірибені кеңінен тартудың басты формасына жатады. Бұл жұмыста
педагогикалық кеңестің шешімі бойынша әдістемелік пен бірлестігі
басқарады. Жоспар бойынша зерттеу жұмысы ең алдымен танысу және бақылау
этаптарынан өтеді:
Іс тәжірибесі зерттелетін мұғалімнің өзімен, сабақ беттерін сыныптардағы
сынып жетекшілері мен оқушылардың үлгерімі және тәртібі, олардың қоғамдық
жұмысы мен қоғамдық пйдалы еңбекке қатысу және белсенділігі туралы әңгіме
жасалады. Зерттеуші кейбір мәселелерді анықтайды.
Оқыту тәрбие жұмыстарына байланысты соңғы екі-үш жылдардың ішіндегі
құжаттар зерттеледі. Олар: сабақ жоспары, тақырыптық, күнтізбелік жоспар,
сынып жетекшілерінің тәрбие және үйірме жұмыстарының жоспары, сынып
журналы, оқушылардың дәптерлері, рефераттары, техника және көркемдік
шығармышылық жұмыстары, мұғалімнің әдістемелік және педагогикалық
тақырыптарға жасалған баяндамалары, журнал беттерінде жарияланған
мақалалары және басқа еңбектері.
Алдын-ала тәжірибесі зерттелетін мұғалімнің сабақтарына кіріп, тәрбие
жұмыстарына қатысып бақылау жүргізіледі.
Зерттеу жүргізілетін сыныптардағы басқа мұғалімдердің сабақтарына немесе
тәрбие жұмыстарына қатысып, олардың іс нәтижелері тәжірибесі зерттелетін
мұғалімнің жұмысымен салыстырылады.
Басқа сыныптарда немесе басқа мектептерде осы пән бойынша ұқсас
тақырыптарға өткізілетін тәжірибелі мұғалімдердің сабақтарына кіріп,
олардың жұмыс нәтижесі, тәжірибесі зерттелетін мұғалімнің ісімен
салыстырылады.
Танысу және бақылау жұмыстарын жүргізіп болғаннан кейін тікелей зерттеу
басталады. Зерттеу жұмысы өте құнды болса, ғылыми зерттеу институтының
жазба пікірі бойынша педагогикалық оқуларға, егер көлемді болса,
баспаларда жариялауға ұсынылады. Соңғы кездерде көптеген педагогикалық
жымдардың аса көңіл аударып жүрген мәселелерінің бірі – оқу мен тәрбиенің
бірлігі, пәнаралық байланыс, сабақта оқушылардың таным іс-әрекетін
белсендіру тәсілдері, сабақтың тиімділігін арттыру т.б. Осы сықылды жалпы
педагогикалық тақырыптар бойынша бір-бірімен тектес пен мұғалімдердің іс-
тәжірибелерін зерттеп жинақтауға болады. Бірнеше мұғалімдердің іс-
тәжірибелерін зерттеудің нәтижесінде мектептегі бір-бірімен тікелей
байланысты ғылыми-әдістемелік жұмыстардың жоспарлы түрде мақсатқа
бағытталып жүргізілетіндігі сөзсіз.
Соңғы жылдары біздің еліміздегі жаңашыл мұғалімдердің шығармашылық
тәжірибесі, педагогика шеерлерінің және бегілі ғалымдардың еңбектері жарық
көре бастады. Көптеген құнды педагогикалық еңбектер жазылды. Олардың
авторлары профессорлары Ш.А.Амонашвили және П.И.Иванов, мұғалімдер
В.Ф.Шаталов, И.П.Волков, Е.Н.Ильин, М.П.Шетинин т.б. осы авторлардың
әрқайсысы оқу-тәрбие процесінің тиімділігі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп басшысының басқару мәдениеті
Білім беру сапасын басқару мәселелері жайында
Аймақтық білім беру жүйесін басқару
Білім беру жүйесін басқарудың теориялық аспектілері
Шығыс Қазақстан облысының білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттары және бағдарламаны іске асыру тетігі
Қазақстанның аймақтық экономикалық саясаты унитарлық мемлекет саясаты ретінде құралы
Білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты қарастыру, Қазақстан Республикасында білім беру жүйесі дамуының мәселелерін шешу жолдарын қарастыру
Білімді ақпараттандырудың техникалық құралдары
Кәсіби білім берудегі әлеуметтік жұмыс
АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕНІ ӘЗІРЛЕУ
Пәндер