Банктік қызмет көрсету



ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

Ι Банктік қызмет көрсету қызметіне жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1Банктік қызмет көрсету ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2Банктік қызмет көрсету шартының нысаны мен мазмұны ... ... ... ... ...
1.3Банктік қызмет көрсету түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9

ΙΙ Банктік шот ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.1 Банктік шот шартының ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Шарт элементтері және мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13

ΙΙΙ Ақша аудару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
3.1Ақша аудару туралы шарттың түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.2Ақша аударуға қасиетті құжаттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19

ΙΙΙΙ Банктік салымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
4.1Банктік салымдар шартына түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4.2Шарт мерзімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
4.3Тараптардың құқықтары мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 38-тарауында банктік қызмет көрсету туралы жалпы ережелер жинақталған. Бұл шарттың мәнісі: Бір тарап (банк) екінші тараптың (клиенттің) тапсырмасы бойынша банктік қызмет көрсетуге, ал клиент, егер шартта көзделмесе, осы көрсетілген қызметке ақы төлеуге міндеттенеді. Осылайша, банктік көрсеті шарты , жалпы ереже бойынша, консенсуалды және ақылы шарт болып табылады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі банктік қызмет көрсету шарттарының төмендегідей түрлерінің тізімін көрсетеді:
1. Банктік шот шарты;
2. Ақша аудару шарты;
3. Банк салымы шарты, ол негізінен несиелік қатынастарды қамтамасыз ететін болғандықтан жоғарыда қарастырылып өткен;
4. заңнамамен немесе тараптар келісімімен көзделген өзге де шарт түрлері.
Банктік шот шарты бұл – кешенді есеп айырысу міндеттемелерінің құрамына кіретін құқықтық қатынас. Онда осы шарттық қатынаспен қатар әрқашан да төлемдерді жүзеге асырумен байланысты құқықтық қатынастар да туындайды. Яғни, есеп айырысу міндеттемелерін жүзеге асыру әрқашан осы қатынастардың орын алуына тәуелді болады.
Банктік шот шарты бойынша бір тарап (банк) екінші тарапқа (клиенттің) пайдасына түсетін ақшаны қабылдауға, клиенттің клиентке немесе үшінші тұлғаларға ақшаның тиісті сомаларын аудару (беру) туралы өкімдерін орындауға және банктік шот шартында көзделген басқа да қызметтерді көрсетуге міндеттенеді.
Банк салымы шарты бойынша бір тарап (банк) екінші тараптың (салымшыдан) ақша (салым) алуға, олар бойынша банктік салым шартында көзделген мөлшерде және тәртіппен сыйақы төлеуге және салымның осы түрі үшін заң актілерінде және шартта көзделген жағдайлар мен тәртіп бойынша салымды қайтаруға міндеттенеді.
Біздің осы тақырыпты таңдап алған себебіміз де осы тақырыптың маңыздылығын ашып көрсету болды.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері, оның оның өзектілігімен дәрежесіне тікелей байланысты туындайды.
Осы курстық жұмысты орындау барысында алға қойған мақсатымыз Азаматтық кодексте көрсетілген банктік қызмет көрсету тақырыбының өзектілігін ашып толық қанды сипаттау.
Осы мақсатты жүзеге асыруда алдымызға қойған ең негізгі міндетіміз: банктік қызмет көрсету ұғымына, нысаны мен мазмұнына,сондай-ақ, олардың жекеленген түрлеріне және банктік қызмет көрсету шартына қатысатын қатысушылардың құқықтық жағдайларын анықтап, толық дәрежеде сипаттау.
Айта кететін жайт, осы арада олардың маңыздылығын ашып көрсету.
Курстық жұмыстың құрылымдық мазмұны үш тараудан тұратын, яғни негізгі бөлімнен, кіріспе бөлімнен және қолданылған әдебиеттер тізімінен құралады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Ι Нормативтік-құқықтық актілер:
1.1 Қазақстан Республикасы Конституциясы 1995 жыл 30 тамыз, 1998 жылы 7 қазандағы № 284 І заңымен енгізілген өзгертулер мен тылықтырулар./ Алматы: «ЮРИСТ» Баспасы. – 2004, 31 бет.
1.2 Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы және Ерекше бөлімдері) – Алматы: ЮРИСТ, 2006.- 309 б.
1.3 «Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігіндегі құқықтарын қорғау туралы» .1998жылғы 27 сәуірдегі Жарлығы,
1.4Ресей Федерациясының Азаматтық Кодексі, 1 бөлімі – РФ Мемлекеттік думасы 1994 ж. 21 желтоқсанда қабылдаған, 2 бөлімі – РФ Мемлекеттік думасы 1995 ж. 22 желтоқсанда қабылдаған.


ΙΙ Арнаулы қолданылған әдебиеттер
2.1 Б.К.Абдыкадыров. Гражданское право.
2.2 Гражданское право. Учебник. Ч.1./Под ред. А.П. Сергеева, Ю.К.Толстого.М.: «Проспект» , 1997, 113-бет.
2.3 ГК РК (Общая часть). Комментарий. В двух книгах. Книга 1. Алматы, «Жеті Жарғы », 1998, 100-бет.
2.4 Гражданское право, Сборник статей. Общая часть. Учебное пособие.- Алматы,2003.- 458 с.
2.5 З.Жайлин Ғ.А. ҚР Азаматтық құқығы. Оқулық. Ерекше бөлім.-1 том.- Алматы: Заң әдебиеті, 2004.-264 бет.
2.6 Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу құқығы. Алматы: Дәнекер, 2003жыл.
2.7 Мемлекет және құқық негіздері: Оқулық – Алматы: Жеті Жарғы, 2001. Құрастырған Е. Баянов.
2.8 М.К.Сүлейменов, Ю.Г.Басин. Азаматтық құқық. 1 том. 2 басылымы.- Алматы,2003.- 736 бет.
2.9 Кулагин М.И. Предпринимательство и право: Опыт Запада. М.: Дело. 1992.С.
3. Төлеуғалиев. Азаматтық құқық. Жалпы және Ерекше бөлім. Алматы: Жеті Жарғы .-2003. 426бет.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Курстық жұмыс

Пәні: Азаматтық құқық

Тақырыбы: Банктік қызмет көрсету

ЖОСПАР

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

Ι Банктік қызмет көрсету қызметіне жалпы
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ..5
1.1Банктік қызмет көрсету ұғымы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .-
1.2Банктік қызмет көрсету шартының нысаны мен
мазмұны ... ... ... ... ...-
1.3Банктік қызмет көрсету
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9

ΙΙ Банктік
шот ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .10
2.1 Банктік шот шартының
ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .-
2.2 Шарт элементтері және
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13

ΙΙΙ Ақша
аудару ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...17
3.1Ақша аудару туралы шарттың
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... -
3.2Ақша аударуға қасиетті
құжаттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19

ΙΙΙΙ Банктік
салымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .23
4.1Банктік салымдар шартына
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...-
4.2Шарт
мерзімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...25
4.3Тараптардың құқықтары мен
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 26

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..32
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 38-тарауында банктік
қызмет көрсету туралы жалпы ережелер жинақталған. Бұл шарттың мәнісі:
Бір тарап (банк) екінші тараптың (клиенттің) тапсырмасы бойынша
банктік қызмет көрсетуге, ал клиент, егер шартта көзделмесе, осы
көрсетілген қызметке ақы төлеуге міндеттенеді. Осылайша, банктік
көрсеті шарты , жалпы ереже бойынша, консенсуалды және ақылы шарт
болып табылады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі банктік қызмет көрсету
шарттарының төмендегідей түрлерінің тізімін көрсетеді:
1. Банктік шот шарты;
2. Ақша аудару шарты;
3. Банк салымы шарты, ол негізінен несиелік қатынастарды
қамтамасыз ететін болғандықтан жоғарыда қарастырылып өткен;
4. заңнамамен немесе тараптар келісімімен көзделген өзге де шарт
түрлері.
Банктік шот шарты бұл – кешенді есеп айырысу міндеттемелерінің
құрамына кіретін құқықтық қатынас. Онда осы шарттық қатынаспен қатар
әрқашан да төлемдерді жүзеге асырумен байланысты құқықтық
қатынастар да туындайды. Яғни, есеп айырысу міндеттемелерін жүзеге
асыру әрқашан осы қатынастардың орын алуына тәуелді болады.
Банктік шот шарты бойынша бір тарап (банк) екінші тарапқа
(клиенттің) пайдасына түсетін ақшаны қабылдауға, клиенттің клиентке
немесе үшінші тұлғаларға ақшаның тиісті сомаларын аудару (беру)
туралы өкімдерін орындауға және банктік шот шартында көзделген
басқа да қызметтерді көрсетуге міндеттенеді.
Банк салымы шарты бойынша бір тарап (банк) екінші тараптың
(салымшыдан) ақша (салым) алуға, олар бойынша банктік салым шартында
көзделген мөлшерде және тәртіппен сыйақы төлеуге және салымның осы
түрі үшін заң актілерінде және шартта көзделген жағдайлар мен тәртіп
бойынша салымды қайтаруға міндеттенеді.
Біздің осы тақырыпты таңдап алған себебіміз де осы
тақырыптың маңыздылығын ашып көрсету болды.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері, оның оның
өзектілігімен дәрежесіне тікелей байланысты туындайды.
Осы курстық жұмысты орындау барысында алға қойған мақсатымыз
Азаматтық кодексте көрсетілген банктік қызмет көрсету тақырыбының
өзектілігін ашып толық қанды сипаттау.
Осы мақсатты жүзеге асыруда алдымызға қойған ең негізгі
міндетіміз: банктік қызмет көрсету ұғымына, нысаны мен
мазмұнына,сондай-ақ, олардың жекеленген түрлеріне және банктік қызмет
көрсету шартына қатысатын қатысушылардың құқықтық жағдайларын
анықтап, толық дәрежеде сипаттау.
Айта кететін жайт, осы арада олардың маңыздылығын ашып көрсету.
Курстық жұмыстың құрылымдық мазмұны үш тараудан тұратын, яғни
негізгі бөлімнен, кіріспе бөлімнен және қолданылған әдебиеттер
тізімінен құралады.

Ι Банктік қызмет көрсету қызметіне жалпы сипаттама

1.1Банктік қызмет көрсету ұғымы
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 38-тарауында
банктік қызмет көрсету туралы жалпы ережелер жинақталған. Бұл шарттың
мәнісі: Бір тарап (банк) екінші тараптың (клиенттің) тапсырмасы
бойынша банктік қызмет көрсетуге, ал клиент, егер шартта көзделмесе,
осы көрсетілген қызметке ақы төлеуге міндеттенеді. Осылайша, банктік
көрсеті шарты , жалпы ереже бойынша, консенсуалды және ақылы шарт
болып табылады.1.2., 197 б.
Біздің заңнама банктік қызмет көрсетуге қатысты жалпы
нормаларды бекіте отырып алға қарай кезекті қадам жасады және осы
бағытта ол кейбір көршілес мемлекеттердің азаматтық заңнамаларының
алдында келеді. Мысалы, мұндай нормалар Қырғыз Республикасының, Ресей
Федерациясының Азаматтық кодекстерінде жоқ. Болашақта аралас
шарттардың жекелеген топтарын қалыптастыру кезінде әрқашан да
олардың өздеріне тән белгілерін ажырата отырып, жалпы түрде
азаматтық заңнамада бекіткен орынды болады. Бұл жалпы құқықтық
реттеу сапасына да оңды әсер етеді.

1.2 Банктік қызмет көрсету шартының нысаны мен мазмұны
Банктік қызмет көрсету шартын ажыратудың маңыздылығы – оны жүзеге
асыру барысында банк пен шаруашылық жүргізуші субьектілер арасындағы
есеп айырысу несие қатынастарының кем дегенде бір қатысушысының
өзара қарым-қатынастарының мәселелері шешілетіндігінде. Осылайша, бұл
шарттар есеп айырысу және несие қатынастарының алғы шарттары болып
табылады
әне бірқатар жағдайларда оларды жүзеге асырудың тікелей тәртібін де
анықтайды.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі банктік қызмет
көрсету шарттарының төмендегідей түрлерінің тізімін көрсетеді:
5. Банктік шот шарты;
6. Ақша аудару шарты;
7. Банк салымы шарты, ол негізінен несиелік қатынастарды
қамтамасыз ететін болғандықтан жоғарыда қарастырылып өткен;
8. заңнамамен немесе тараптар келісімімен көзделген өзге де шарт
түрлері.
Өз құжаттарына меншік құқығын жүзеге асыру мүмкіндігін клиенттің
кедергісіз жүзеге асыру кепілдігін құрған жағдайда банк шоттағы ақшаны
пайдалана алады және төлем айналымына жәрдемдесетін шарттарды
жүзеге асыру барысында несиелік сипаттағы қатынастар пайда болады.
Есеп айырысу қызметтерін көрсету бойынша шарттарға төлем
тапсырыстарымен есеп айырысу шартын, аккредитивтермен есеп айырысу
шартын, төлем тапсырыстарымен, талаптар мен инкассалық бөлікткрімен
есеп айырысу жүзеге асатын қарыздың талаптарды инкассациялау шартын
жатқызу керек. Бұл топқа банк аралық есеп айырысумен байланысты
шарттар жа жатады: корреспонденттік қатынастар орнату туралы шарт,
клирингтік төлемдерде есеп айырысу шарты.
Банктік шоттармен байланысты байланысты шарттардан басқа, төлем
айналымына жәрдемдесу бойынша банктік шарттарға металдық шоттарды
жүргізу кезінде бекітілетін металлдық шот шартын жатқызу қажет. Оның
мәнісі – Сақталатын құндылықтардың құнын клиенттік есепке алудан
көрінеді. Сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында клирингтік операцияларды
жүзеге асырумен байланысты шарттарды да еске салған жөн.
Аталған шарттардың кейбіреулерін кейінірек қарастырамыз. Төлем
айналымына әсер ететін банкті қызмет көрсету туралы жалпы ережелер
біздің курс заңнама құрылымына негізделетіндіктен қарастырылады. Осы
орайда банк пен клиенттің әрекетсіздігі жүзеге асырылатын түпкілікті
мәселелерді айқындау орынды болып табылады. Бұл материалды одан
әрі қайталамалауға да көмектеседі.
Азаматтық-құқықтық және есеп айырысу көзделген өзге де қатынастардың
әртүрлі субьектілері арасында есеп айырысуды жүзеге асыруға
мүмкіндік туғыза отырып, банктер банктік қызмет көрсету туралы
шарттар бекітілген тұлғалардың мүдделерін сақтауға тиіс. Банктер
клиенттердің шарттарындағы ақша қаражаттарына иелік етуді тек
қылмыстық іс жүргізушілік және азаматтық іс жүргізушілік
заңнамалардың нормаларына сәйкес сот шешімі, тергеу, анықтау
органдарының және сот шешімдерін атқаратын органдардың қаулылары
бойнша сот шектей алады.
Ақша қаражаттарына иелік етуге тыйым салуды шектеу мерзімдері
қылмыстық іс жүргізішілік және азаматтық іс жүргізішілік заңнамамен
көзделген мерзімдерден аспауға тиіс. Тергеу мен анықтау органдарының
клиентің ақшасына иыйым салу туралы шешімдеріне заң актілерінде
белгіленген тәртіппен сотқа шағым жасалуы мүмкін.
Заңды тұлғалар мен азаматтардың ақша қаражаттарын олардың
келісімінсіз алып қоюға тек соттың заңды күшіне енген үкімнің немесе
шешімнің немесе сот бұйрығының негізінде ғана жол беріледі.
Банк қандай да бір негіздер бойынша ақша қаражаттарын аудара
отырып, төлеу жөніндегі барлық талаптарды қанағаттандыру үшін
клиенттердің шоттарындағы қаражаттардың жеткіліктігін ескеруге
міндетті. Клиенттің немесе өзге тұлғалардың төлеу жөніндегі өкімдерін
атқара отырып, банк олардың келу кезектілігін (күнтізбелік
кезектілігін) басшылыққа алады. Клиенттің банктегі ақшасы клиентке
қойылған кезекті талапты қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болған
жағдайларда, Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген
жағдайларды қоспағанда, банк аталған талапты қанағаттандыруға
жеткілікті соманы клиенттің пайдасына түсетін ақша есебінен
жинақтайды. Егер клиентке бірнеше талап қойылса, банк оларды
қанағаттандырудың тиісті кезектілігін сақтайды. Бұл жағдайда банктік
есеп айырысуды реттейтін нормалар заңды тұлғалар мүмкін, олар
таратылған кезде, өндіруге жүгіну кезектілігін белгілейтін Азаматтық
кодекстің жалпы бөлімінің нормаларына сәйкестендірілген.
Бірінші кезекте еңбек шарты бойынша, оның ішінде келісім-шарт
бойынша жұмыс істейтін адамдармен демелыс жәрдемақылары мен еңбекақы
төлеу бойынша, авторлық шарт жөніндегі сыйақы төлеу бойынша есеп
айырысу үшін ақша алуды көздейтін атқарушы құжаттар бойынша ақша
алу жүргізіледі.
Үшінші кезекте басқа да ақшалай талаптарды қанағаттандыру көзделген
атқарушы құжаттар бойынша ақша беру жүргізіледі.
Төртінші кезекте клиенттің бюджет алдындағы міндеттемелері бойынша
ақша алу жүргізіледі.
Бесінші кезекте клиентке қойылған басқа да талаптарды
қанағаттандыру үшін күнтізбелік кезектілік тәртібімен ақша алу
жүргізіледі. Осылайша атқарушылық күші бар құжаттарға негізделген
талаптарға азаматтық-құқықтық міндеттемелер бойынша несие берушілерден
және клиенттердің өздерінен шығатын төлеу туралы өкімдер алдында
басымдық берілген.
Бір кезектілікке жататын талаптар бойынша ақша алу атқарушы
құжаттардың (төлеу туралы өзге де өкімдердің) түсу уақыты бойынша
кезектілікпен жүзеге асырылады.
Клиент болып табылатын заңды тұлға тараған кезде кредит
берушілердің талабын қанағаттандыру Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексінің 51-бабында тікелей көзделген кезектілікпен
жүргізіледі (ҚР АК-ң 742-б 3т).
Банк құпиясын жария етпеуге банк кепілдік береді. Банк құпиясы -
бұл банк депозиторлары, клиенттері мен корреспонденттері шоттарының
бар-жоғы, олардың иелері мен нөмірлері туралы, сол шоттар мен
банктің өз шоттарындағы ақшалай қаражаттың қалдығы мен қозғалысы
туралы, банк операциялары туралы (банк операцияларын жүргізудің
жалпы шарттарынан басқа), сондай-ақ клиенттердің банктің сейф
жәшіктерінде шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан мүлкінің
баржоғы, олардың иелері, сипаты мен құны туралы мәліметтердің қатаң
құпиялығының режимі. Тарату процесірдегі банкпен берілген несиелер
туралы мәліметтер банк құпиясына жатпайды.
Банк құпиясын құрайтын мәліметтерді беру тәртібі, сондай-ақ олар
берілуі мүмкін субьектілер аясы Қазақстан Республикасының Қазақстан
Республикасының банктер мен банк қызметі туралы Заңының 50-бабына
сәйкес анықталады.

1.3 Банктік қызмет көрсету түрлері
Банктік қызмет көрсетудің кейбір түрлерін банктік қызметтің
жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүргізуге құқылы, мысалы
олар клиринг операцияларын жүргізе алады. Осындай ұйымдармен банктік
қызметтердің жеклеген түрлерін көрсету Азаматтық кодекспен және
банктік заңнамамен көзделген тәртіпте жүзеге асырылады.
Азаматтық кодекстің 746-бабында банктік қызмет көрсету бойынша
барлық жекелеген шарттар үшін маңызды болатын шартты тиісті түрде
атқармағаны үшін жауапкершілік туралы норма көзделген. Ол банк
жауапкершілігіне қатысты. Банк клиенттің шотына оның атына түскен
ақшаны дер кезінде қабылдамаса, не оларды шоттан заңсыз алып
тастаса, сондай-ақ клиенттің шоттан ақшаны аудару туралы , не шоттан
беру туралы нұсқауларын тиісті түрде орындамаса немесе мүлдем
орындамаса, банк әрбір кешіктірілген күн үшін осы сомалардың 0,5
пайызын төлеуге және пайыздармен жабылмаған шығын бөлігін өтеуге
міндетті.
Клиенттің жауапкершілігі азаматтық құқықтағы жауапкершілік туралы
жалпы ережелерге, арнайы заңнамаға, сондай-ақ нақты шарттық
нормларға сәйкес анықталатын болады.

ΙΙ Банктік шот

2.1 Банктік шот шартының ұғымы
Банктік шот шарты бұл – кешенді есеп айырысу міндеттемелерінің
құрамына кіретін құқықтық қатынас. Онда осы шарттық қатынаспен қатар
әрқашан да төлемдерді жүзеге асырумен байланысты құқықтық
қатынастар да туындайды. Яғни, есеп айырысу міндеттемелерін жүзеге
асыру әрқашан осы қатынастардың орын алуына тәуелді болады.
Қазақстан Республикасының Заңында банктік шот пен клиент арасында
салым (депозитті) қабылдау бойынша шарттық қатынастарды көрсететін
тәсіл ретінде және банктің төменде көрсетілген операцияларды жүзеге
асырумен байланысты анықталады:
1. Клиентке тиесілі ақшалардың болуы мен пайдалануын банктің
қамтамасыз етуімен байланысты;
2. Клиент пайдасына ақшаны қабылдаумен байланысты;
3. Банктік шот шартымен немесе банк салымы шартымен көзделген
тәртіппен ақшаны үшінші тұлғалардың пайдасына аудару туралы
клиенттің өкімін орындаумен байланысты;
4. Егер бұл банк салымы не банктік шот шартымен көзделмесе,
клиент ақшасын алу туралы үшінші тұлғалардың өкімін
орындаумен байланысты;
5. Банктік шот немесе банк салымы шартымен көзделген тәртіпте
қолма-қол ақшаны клиенттен қабылдауды және оған беруді жүзеге
асырумен байланысты;
6. Банктік шот немесе банк салымы шартымен көзделген тәртіпте,
банктегі клиенттің ақша сомасы және жүргізілген операциялар
туралы ақпаратты клиенттің талап етуі бойынша берумен
байланысты;
7. Банктік шот немесе банк салымы шартымен анықталатын мөлшер мен
тәртіпте сыйақыны төлеумен байланысты;
8. Клиентке шартта, заңнамада немесе тәжірибеде қолданылатын
іскерлік айналым дағдыларында көзделген өзге де банктік қызмет
көрсетуді жүзеге асырумен байланысты. Банктік шоттар банк
пен клиент банктік шот немесе банк салымы шартын бекіткен
кезде ашылады.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы банктер
және банк қызметі туралы Заңының 20-бабында көрсетілгендей заңды
және жеке тұлғалардың банктік шоттарын, банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктер мен ұйымдардың
корррспенденттік шоттароын ашу мен жүргізу банктердің операцияларына
жатқызылады.
Банктік шот шарты бойынша бір тарап (банк) екінші тарапқа
(клиенттің) пайдасына түсетін ақшаны қабылдауға, клиенттің клиентке
немесе үшінші тұлғаларға ақшаның тиісті сомаларын аудару (беру)
туралы өкімдерін орындауға және банктік шот шартында көзделген
басқа да қызметтерді көрсетуге міндеттенеді.1.2., 199б.
Банктік шот шарты консенсуалды сипатқа ие. Ол оның барлық мәнді
жағдайлары бойынша тараптар келісімге келген кезде жасалды деп
есептеледі. Банктік шот шартының мәнді жағдайларына мыналар жатады:
➢ Пәні туралы;
➢ Банкте орналасқан ақшаны басқару туралы;
➢ Банкпен қызмет көрсету және оларға ақы төлеу тәртібі
туралы жағдайлар.
Банктік шот шартының қосымша жағдайлары заңнамада көзделуі мүмкін.
Банктік қызмет көрсету аясындағы бекітілетін шарттардың ерекшелігі –
оның жаңдайлары, соның ішінде банктік шот жүргізу жағдайында, банк
заңнамаларымен анықталатындығында. Бұған қоса, банктер Қазақстан
Республикасының Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі
туралы Заңының 31-бабының 1-тармағына сәйкес сол бір немесе өзге
операцияларды тек оларды жүргізудің жалпы ережелерін анықтайтын
ережелер және ішкі ережелер болған кезде ғана жүзеге асыруға
құқылы.
Бірақ бұл айтылған сөз клиенттер таңдау мүмкіндігінен айырылады
дегенді білдірмейді. Банктер клиенттің бірінші талабы бойынша
операцияларды жүргізудің жалпы жағдайлары туралы Ережелерді беруге
міндетті. Тиісінше болашақ клиентт ең алдымен банктің шотты жүргізу
жағдайларымен танысуға тиіс және алдағы уақытта олар банк пен
клиенттк келісімінің аясыменнқамтылатын болады. Шартпен және банк
клиентт келісімінің аясымен қамтылатын талаптардың құқықтары мен
міндеттері азаматтық және банк заңнамасына сәйкес анықталады.
Мәселен, банктік шот операциялары Қазақстан РеспубликасыҰлттық Банк
басқармасының 2 маусым 2000 жылғы № 266 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік шоттарын
ашу, жүргізу және жабу туралы нұсқаумен реттеледі. Заңды тұлғалар
мен азаматтар қызмет көрсету үшін банкті өздері дербес таңдайды
және банктік шот шарттарын бір бірнеше банктермен бекітуге құқылы.
Банктік шот шартында құқықтар мен міндеттер шарттың екі тарабында
да туындайды, сондықтан ол екі жақты шарт ретінде қарастырылады.
Банктік шот шарты банктік қызмет көрсету шарттарына жататын
болғандықтан, ол, жалпы ереже бойынша шот иесі (клиент) үшін
ақылы болып табылады. Клиенттің ақша қаражаттарын пайдаланғаны үшін
сыйақыны банк төлейді. Қахақстан Республикасының Азаматтық кодексінің
751-бабына сәйкес банк шартпен анықталады, бірақ сыйақыны төлеу
күнінде Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің қайта қаржыландыруының
ресми ставкасынан кем емес мөлшер мен тәртіпте сыйақы төлейді.
Банктік шот шарты жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Банктік шот
шартының жазбаша нысанын сақтаиау осы шарттың жарамсыздығына әкеп
соғады.

2.2 Шарт элементтері және мазмұны
Шарт элементтері. Шарт тараптары: банк және клиент – бұл келген
заңды және жеке тұлға. Банк салымдары енгізу кәмелетке
толмағандардың әрекет қабілеттілігімен қамтылатын болғандықтан.
Банктік шот шарты бойынша шот иелері ретінде кәмелетке толмағандар
да бола алады. Әрекет етуші заңнамада жеке және заңды тұлғалар
шоттарының режимі арасында түпкілікті айырмашылық көрсетілмеген, тек
осы шоттарды ашу тәртібінде ғана айырмашылық байқалады. Операцияларды
жүргізу клиенттің құқық, әрекет қабілеттілігінің көлеміне сәйкес
жүзеге асырылатын болады.
Шарт мазмұны. Банктік шот шарты бойынша банк тиісті шот ашуға
тиіс. Жеке және заңды тұлғалардың ағымдағы шоттары, сондай-ақ
банктердің корреспонденттік шоттары көзделеді. Жоғарыда аталған
операциялар жүзеге асырыла алмайтын шоотар, сондай-ақ банктерде
бухгалтерлік есептік бағыттарын шоттар, баланстық шоттың бөліктері
болып табылатын дербес шоттар, (суббағыттар) соның ішінде ссудалық
шоттар банктік болып табылмайды. Банктегі ақшасын өндіріп алуға
жүгіггенде мұндай өндіріп алу клиенттердің банктік шоттарынан ғана
жүргізіледі ( 29 наурыз 2000 жылғы басылымдағы ҚР-ң Төлемдер және
ақша аударулары туралы Заңының 6-бабы).
Банктік шот шарты бойынша клиентке немесе ол көрсеткен тұлғаға
ақшаны есепке алу мақсаттары үшін, тараптардың келісімге келуі
жағдайында, бір ізге түсірілген дербес код беріледі. Банк клиенттің
шотарындағы ақшаның есебін жүргізуге міндетті. Код беру мен ақша
есебін жүргізудің тәртібі юанк заңнамасымен анықталады.
Банк шарт жағдайларына, заңнама талабына және іскерлік айналым
дағдыларына сәйкес жоғарыда аталған операцияларды атқаруға міндетті.
Банк клиенттің пай дасына келіп түскен ақшаны қабылдауға, сондай-
ақ клиенттің ақшасын алып қоюды немесе оның ақшасын беруді, егер
заң актілерінде және соларға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкі шығарған нормативтік құқықтық актілерде өзге мерзімдер
көзделмесе, оның бір ізге түсірілген дербес коды бойынша тиісті
нұсқаумен банкке келіп түскен күннен кейінгі келесі кешіктірілмей,
сондай операцияларды көрсете отырып жүогізуге міндетті.
Банктік шоттар бойынша көшірмелер беруді банктер шартқа сәйкес
жүргізеді. Банк клиенттерге олардың шоттары бойынша көшірмені
электрондық тәсілмен не, егер ол шартта көзделмесе, қолма-қол беру
(жеткізу) бойынша қызмет көрсетуге құқылы.
Егер заңнамада немесе банктік шот шартында өзгеше көзделмесе, банк
клиенттің ақшаны пайдалану бағытын белгілеу мен бақылауға және оның
өз қалауынша ақшаға билік ету құқығына заңнамада көзделмеген шек
қоюға құқығы жоқ. Клиент банктік шотты ашу үшін қажетті құжаттарды
беруге міндетті. Оның тізімі Қазақстан Республикасының резидент –
заңды тұлғалары үшін, Қазақстан Республикасының резидент – жеке
тұлғалары үшін, шаруа қожалықтары , резидент емес заңды және жеке
тұлғалар үшін, филиалдар мен өкілдіктер үшін шот ашу кезінде,
мемлекеттік мекемелер үшін әртүрлі болып табылады. Филиалдар мен
өкілдіктер құқықтық дербес субьектілері болып табылмайды және соған
байланысты, олар не банктік шот шартының тарабы, не олардың иесі
бола алмайды. Сонымен бірге олардың өздері немесе олар үшін заңды
тұлғалар ашқан шот филиалдың (өкілдіктің) қызметін қамтамасыз ету
ұшін арналады.
Резидент – заңды тұлғалардың шотын ашу үшін қол және мөр таңбалары
бар құжаттар, клиенттің салық есебіне слыну фактісін куәландыратын
салық қызметі органымен берілген құжаттың түп нұсқасы, заңды тұлғаны
мемлекеттік тіркеуге алу туралы құжаттың көшірмесі беріледі.
2.8.,138 б. Заңды тұлғаның фидлиалдарының (өкілдіктерінің) шотын ашу
кезінде филиал (өкілдік) басшысына зваңды тұлғамен берілген
сенімхаттың көшірмесін, жарғының не филиалдың (өкілдіктің) үлгілі
жарғы негізінде қызмет ету фактісін куәландыратын құжаттың нотариалды
куәландырылған көшірмесін қосымша беру қажет. Мемлекеттік мекемелерге
шот ашу үшін Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің рұқсаты
қажет. Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының сияқты,
басқа да субьектілердің шоттарын ашу үшін қажет құжаттардың тізімі
Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік шоттарын
ашу жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаудың 10-тармағымен
анықталады.
Клиент бір банкте (оның филиалдары мен өкілдіктерінде) бірнеше
шоттар ашқан жағдайда банк клиенттер шот ашу үшін көзделген
құжаттары қайта беруді талап етуге құқылы. Бірақ бұл ереже
клиенттер – заңды тұлғалар үшін қол және мөр таңбалары бар
құжаттарға қатысты, клиенттер – жеке тұлғалар үшін қолтаңбасы бар
құжатпен жеке басын куәландыратын құжатқа қатысты қолдпныдмайды. Бұл
банк филиалдарында (бөлімшелерінде) жаға шарттарды ашуға ғана емес;
сонымен қатар шот басқа банкте ашылған және бірінші шот ашылған
банктен, соның ішінде қолда бар құжаттарды электрондық тәсілмен беру
жолымен расталған жағдайда да қолданылады. Растау тәртібін банктің
өзі дербес анықтайды.
Сондай-ақ, клиенттің міндеттерін шот бойынша операцияларды жүргізу
кезінде банктік ережелерді сақтау және шот бойынша операцияларды
жүогізуге банк шығындарын өтеу жатады.
Егер ақша азаматпен енгізілсе, онда банктегі ақшаға билік етуге
сол азаматтың өзі не осындай құқықты сеніп тапсырған тұлға құқылы
болады.
Егер ақша заңды тұлғамен кенгізілсе, онда банктегі ақашға билік ету
құқығын осы заңды тұлғаның басшысы және ол уәкілдік берген
тұлғалар, мәселен, бас бухгалтер пайдаланады.
Клиенттің атынан банктегі ақшаға билік етуді жүзеге асырып жатқан
тұлғалардың құқықтары клиентпен заңнамада немесе шартта көзделген
құжаттарды беру жолымен расталады.
Клиент, егер заңнаманы немесе шарттпен өзгеше көзделмесе, кез-келген
уақытта банктік шот шартын бір жақты түрде бұзуға құқылы.
Бұл жағдайда банктік шот жабылады, клиенттің ісінде шотты жабу
негізі көрсетілуге тиіс. Банктік шотты оған қатысты орындалмаған
талаптар болған кещде жабуға тыйым салынады. Бұған клиент-заңдыи
тұлғаның таратылуы немесе қайта құрылуына не заңды тұлға шотында
бір жылдан астам уақыт, ал жеке тұлға шотында 3 жылдан астам
уақыт ақша болмауға байланысты шот жабу жағдайлары кірмейді.

ΙΙΙ Ақша аудару

3.1Ақша аудару туралы шарттың түсінігі
Әдетте, банктік шоттар кәсіпкерлік қызметпен айналысатын субьектілер
үшін қажет. Оларға заңды тұлғалар да, жеке кәсіпкерлер де
жатқызылады. Заңды тұлға сияқтыбанкпен тұрақты қатынастар орнатуға,
банк қызметін тұрақты негізде пайдалануға ынталы кез келген жеке
тұлға ағымдағы немсе жинақтаушы шот ашы алады. Шоттар қайырымдылық
ақша көмегі көрсетілетін азаматтарға, гранттар берілетін шығармашылық
кәсіптер өкілдеріне және тағы басқа қажет болуы мүмкін.2.8., 143 б.
Алайда бірқатар азаматтар басқа көрсетілген тұлғаларға ақша
аударумен байланысты банктердің қызметіне деген қажеттілікті белгілі
бір жағдайларда ғана сезінеді. Мысалы, ірі заттарды (үйді, пәтерді,
автомобильді және т.б.) сатып алу боййынша төлем жүргізу не басқа
елді мекендегі отбасы мүшесін ақшамен қамтамасыз ету қажет болғанда.
Бір жолы ғана ақша аударуды талап ететін өзге де өмірлік жағдайдар
орын алуы мүмкін.
Біздің қоғам мүшелерінің жоғарыда аталған қажеттіліктері ескеріле
отырып, заңнамада арнайы шарт түрі - ақша аудару туралы шарт
көзделген.
Ақша аудару туралы шартқа Қазақстан Республикасының Азаматтық
кодекстің 754, 755-баптары арналған. Аударуларды жүзеге асырулардың
техникалық тәртібі банк заңнамасымен анықталғанмен оған, сөзсіз
банктің клиентталдындағы міндеттемелерінің азаматтық-құқықтық табиғаты
ықпал ететін болады. Өз кезегінде клиенттің банк алдындағы кейбір
міндеттемелері де орын алатын болады.
Ақша аудару туралы шарт бойынша бір тарап (банк) екінші тараптың
(клиенттің) тапсырмасы бойынша клиенттік бірыңғайландырылған дербес
код бермей-ақ үшінші тұлғаға ақша аударуға міндеттенеді.1.2., 200б.
Бұл шарттың субьектіде банктік шот болмаған кезде бекітілетіндігі
туралы атап өткенімізбен, ол, сондай-ақ, не төлеуші не алушы банкпен
банктік шоттың шарттық қатынастарында тұрған жағдайларда да бекітілуі
мүмкін екенін ескерткен жөн.
Ақша аудару шарты консенсуалды шарт ретінде тұжырымдалады. Бірақ,
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 753-бабының мазмұнына
үңілсек банктік шот ашпай-ақ ақша аудару туралы шарт жасалған болып
есептеледі. Егер банк клиенттің тапсырмасын клиент оған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктік шот шарты
Коммерциялық банктердің негізгі қызметтерін топтастыру
Банк қызметіне байланысты шарттар
Банктік қызметтер нарығын кешенді зерттеу негізінде, отандық және шетел тәжірибесін талдай отырып, халыққа банктік қызмет көрсетуді жетілдіруге бағытталған әдістемелік және тәжірибелік ұсыныстары
Банктік шот және салым шарттары
ҚР нарық жағдайындағы банктік қызметтер нарығының теориялық аспектілері
Банктік қызмет көрсету шарты. банктік шот шарты, шарттар жасау тәртібі
Темірбанк АҚ қаржылық жағдайын талдау
Банкте электронды жүйені есептеу проблемасы
Банкілік қызмет анықтамасы және оның құқықтық жағдайлары
Пәндер