XVI-XVIII ғғ. Қазақ хандығы мен орыс мемлекеті арасындағы саяси, сауда-экономикалық, мәдени, дипломатиялық қарым-қатынас


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Диплом жұмысының өзектілігі. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы бірнеше ғасырларға созылған отаршылдық бұғауынан арылып, өз тәуелсіздігіне қол жеткізіп, егеменді ел ретінде дүниежүзіне танымал болды. Осыдан бастап дербес мемлекет ретінде қазақ халқы өзінің төл тарихына үңіліп, ата-бабаларының сан ғасырлар бойы жүріп өткен жолын зерттеуге деген құштарлығы артып, қызығушылығы мен сұранысы өсті. Сондықтан да Отандық тарихты обьективті тұрғыдан қайта қарап, зерттелмеген беттерін қайта жазу, ашылмай келген көмескі тұстарын тереңірек зерттеу - бүгінгі таңда тарихшылардың алдында тұрған кезек күттірмес өзекті мәселелердің бірі. Қазақстан тарихында ең бір өзекті де күрделі, қарама-қайшылықтарға толы мәселе - XVI-XVIII ғғ. қазақ-орыс қарым-қатынастары. Өйткені, XVI-XVIII ғғ. қазақ елі мен орыстар арасындағы байланыстардың тарихын жан-жақты, бүгінгі күнгі талаптарға сай зерттеп, оның зерделенуіндегі жетістіктер мен кемшіліктерін анықтауға мүмкіндіктер туғызатын тарихнамалық ізденістердің қажеттілігі туындап отыр. Сондай-ақ, өзінің дамуында ұзақ әрі ауыр, күрделі де өзіндік ерекшеліктерге толы болған қазақ-орыс қарым-қатынастары төл тарихнамамызда обьективті тұрғыдан зерделеніп, тиісті бағасын ала алған жоқ. Дегенмен, біздің зерттеу обьектіміз болып отырған Қазақ хандығының орыс елімен байланыстарын бүгінгі жаңарған тарих ғылымының сұранысына орай терең зерттеудің қажеттілігін академик М. Қ. Қозыбаев: « . . . бізде зерттелмей келе жатқан мәселе - ұлтаралық, мемлекетаралық қатынас, өркениеттер ықпалы, мәмлегерлік тарихы», - деп, атап көрсеткен еді. Әртүрлі саяси оқиғаларды басынан кешірген қазақ халқының тарихында XVI-XVIII ғасырлар аралығы ерекше кезеңдердің бірі болып табылады. Өйткені, осы кезеңде қазіргі Тәуелсіз Қазақстан Республикасының іргетасы -Қазақ хандығы тарих сахнасына шығып, қазақ елі халық болып қалыптасып, ішкі және сыртқы саясатын белсенділікпен жүргізе бастады.
XVI-XVIII ғғ. аралығындағы Қазақ хандығының көрші мемлекеттермен, соның ішінде іргелес орыс елімен жасаған қарым-қатынасын зерттеудің бүгінгі таңда маңызы зор. Әрине, осы уақытқа дейін Қазақ хандығының көрші орыс елімен қарым-қатынас тарихы көптеген ғылыми зерттеулерде қарастырылған мәселелердің бірі болғанымен, төл тарихнамамызда обьективті зерттелініп, бір арнаға түсе алмай немесе Кеңес дәуірі тұсындағы зерттеушілердің еңбектерінде маркстік-лениндік идеологияның үстемдік етуімен бір жақты, үстірт қарастырылып келген тақырыптардың бірі болғанына көзіміз жетіп отыр. Бүгінде XVI-XVIII ғғ. қазақ-орыс байланыстары мәселесін ашып көрсететін тарихи еңбектерді терең зерттеу Қазақстанның тарихнама ғылымының дамуында ерекше маңызға ие. Қазіргі таңда тарих ғылымындағы жаңа теориялық-концептуалдық тұрғының қалыптасуы және оны зерттеулерде пайдалану, біз қарастырып отырған XVI-XVIII ғғ. қазақ-орыс қарым-қатынастарының маңызды мәселелерін анықтауға және оның жаңа қырларын айқындап, ашуға көмектеседі. Бұл мәселеге қатысты зерттеушілердің ғылыми-тарихи көзқарастарына баса назар аударып, ондағы ғылыми пікірлер мен дәйекті тұжырымдарды қайта ой елегінен өткізіп, жаңа концептуалдық тұрғыда қарастыру, Отандық тарих ғылымында дер кезінде орын алған құбылыс. Кешенді дерек көздерін талдау, оларды пайдалану арқылы өткеннің шынайы көрінісін қалпына келтіріп көрсету тарих ғылымының дамуындағы ең бір қажетті шарттардың бірі. Қазірде өзекті міндеттерді шешуде өткенді қайта қарап, одан тарихи сабақ пен тәжірибе алудың маңызы аса зор, ал онымен тарих ғылымы ғана емес, тарих ғылымының тарихы да айналысады. XVI-XVIII ғғ.
Қазақ хандығы мен көршілес орыс елі арасындағы қарым-қатынастар мәселесі төңкеріске дейін де, Кеңес өкіметі тұсында да, тәуелсіздігімізді алғаннан кейін де тарихшылар мен зерттеушілердің назарынан тыс қалмаған күрделі тақырыптардың бірі екендігі айқындалды. Қазақстанның геосаяси жағдайы, халықтың көп ұлтты болуы, ұлттық идеяның дамуы қазақ мемлекеттілігінің тарихын қарастырғанда абстрактілі және жеңіл-желпі тұрғыда қараудан бас тартуды, керісінше терең де жан-жақты зерттеуді қажет етуде.
XVI-XVIII ғғ. қазақ-орыс байланыстарының сипаты мен барысын, тарихын зерттеген зерттеушілердің пікірлерін талдау Қазақ мемлекетінің Ресей елінің отарына айналу мәселесінің алғышарттарын айқындап беруімен де құнды. Сонымен қатар, бұл мәселе таза тарихи ғана емес, саяси да өзекті проблемалардың бірі. Өйткені, халықтардың қарым-қатынас пен байланыстар тарихын зерттеу бүгінгі таңда маңызды мәселелердің бірі. Олар ертеңгі ауқымды өзгерістер мен бүгінгі тарихтың жолын айқындап, болашаққа сабақ болады. Бұл ретте Т. А. Мансұровтың: «Халықтарымыздың өткенін оқып үйрену қазіргі кезді жақсырақ түсінуге, тіпті болашақ шымылдығын түре түсуге көмектеседі», - деген сөзі өте орынды. Әрине, тарихтың не бір аумалы-төкпелі кезеңдеріне қарамастан, көрші Ресей елімен Қазақстан қашанда жарқын тату достық қарым-қатынаста өмір сүретіндігі ақиқат.
Зерттеу жұмысының пәні - соғыс барысында жасалынған Вильсон принциптері, Мондрос келісімшарты, Амасия жарлығы, Эрзурум, Сивас конгрестері, Амасия келіссөздері, Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісінің құрылуы, Севр келісімі, Мудания келісімі, Лозанна бейбіт келісімі дипломатиялық күрес пен қайшылықтар, оның механизмдері мен ерекшеліктері, сонымен қатар оның негізгі кезеңдері мен эволюциясы.
Жұмыстың мақсаты. XVI-XVIII ғғ. Қазақ хандығы мен орыс мемлекеті арасындағы саяси, сауда-экономикалық, мәдени, дипломатиялық қарым-қатынас тарихын жан-жақты саралап, тақырыптың отандық және шетелдік тарихнамада пайымдалуын, оның негізгі бағыттарын, тақырыптық аясын, мазмұны мен көзқарастар эволюциясын, жетістіктері мен кемшіліктерін зерттеу дипломдық жұмыстың мақсаты болып табылады.
Жұмыстың міндеттері :
- Алғашқы қазақ хандарының сыртқы саясатындағы Ресей;
-Қазақ хандығының құрылуы және алғашқы қазақ хандарының саясаты
- Алғашқы қазақ хандарының Ресей мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынасының орнауы;
- XVII-XIX ғасырдың басына дейінгі Қазақ хандарымен Ресей арасындағы қарым-қатынас;
- Есім хан, Тәуке хан, Абылай хандарының Ресеймен қарым-қатынасы.
-Қазақ жерлерінің Ресей имперясының отарына айналуы.
Оқу құралы тарих, халықаралық қатынастар факультеттерінің студенттері
мен магистрлеріне, жас зерттеушілерге арналған. Онда XVI-XVIII ғғ. қазақ-
орыс қарым-қатынастарының бағыты, сипаты, кезеңдері жан-жақты талданған.
Сонымен қатар, онда көптеген деректер мен ғылыми зерттеулер, ауызша
тарихи деректер кеңінен пайдаланылып, мәселе жаңаша концептуалдық
тұрғыда зерделенген. Тарихи фактілер мен оларды талдау әдістемесі де
ұсынылған.
Жұмыстың зерттелу деңгейі. Диплом жұмысын жазуда көптеген арнаулы зерттеулер мен оқу-құралдары, деректік материалдар мен мерзімдік басылымдар, арнаулы зерттеулер пайдаланылды. Бұл бітіру жүмысын жазуда Қазақ хандарымен Ресей арасындағы қарым-қатынастары туралы көптеген ғалымдардың еңбектері жарық көрген. Мысал келтіріп айтар болсақ, Мусин Чапай, Г. В. Кан, Н. У. Шаяхметовтардың еңбегін атап айтуға болады. Осы еңбектерде Қазақ хандығы, қазақ хандары, олардың Ресей имперясымен қарым-қатынастары жайлы білуге болады. Сондай-ақ, бұл еңбекетерде Қазақ жерін Ресей империясының басып алу жайлы толық танысуға болады. Ресей тарихнамасында, Ресей шығысқа қозғалған кезде ешқандай өркениет болған жоқ, тек сырттан келген келімсектерге бос жатқан жерлер ғана тиді деген қате пікірлер әлі де кездеседі. Сібір халқын таратып орналастыру жөнінде Ремезов картасы объективті деректеме көздерінің бірі болып есептеледі. Қазақ тайпаларын Еуразия кеңістігіне таратып, қоныстандыру жөнінде анықтап тұрып жазған басқа да деректеме көздері аз емес. Қазақ даласына келген экспедициялардың барығы әскери-басқыншылық сипатты болды және әскери зерттеуді мақсат тұтып, далаға одан әрі өтуді жалғастырады. Орынбор генерал-губернаторы И. Неплюевтың мойындауынша, далалықтардан Ұлқияқ, Ырғыз, Тобыл өзендері жоспарлы түрде күшпен тартып алынған. Ал тарихшы ғалым М. П. Вяткин зерттеу еңбегінде патша үкіметінің шығыстағы «басып алу» жоспарлары жөнінде құнды деректер келтірген болатын. Зерттеу жұмысының мерзімдік шегі. Жұмыстың мерзімдік шегі XV-XIX аралығын қамтиды. Қазақ хандығының құрылуынан, Ресей империясының отарлап алуына дейінгі мерзімді диплом жұмысының хронологиялық шеңбері ретіндеалынды. Зерттеудің теориялық-әдістемелік негіздері. Жүйелеу, сыни-талдау, логикалық қорыту, тарихи-салыстыру, проблемалық-хронологиялық әдістерін қолдану мәселені зерттеуде объективтілікке қол жеткізудің басты шарттары ретінде алынды. Аталған ғылыми-теориялық әдістер проблеманы терең қарастыруға, объективті қорытынды жасауға зор мүмкіндік берді. Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:
Қазақ хандығының құрылуы қазақ елінің пайда болуына ықпал жасады;
Қазақ хандары өз заңдарымен елді билеп отырды, мысалы Тәуке ханның «Жеті жарғысы»;
Қазақ хандарының Ресей елімен қарым - қатынастарының жақсы болуы;
Абылай хан, Есім хан, Тәуке хандарының саясаттары;
Ресей империясының қазақ жерін басып алуы талқыланды;
Жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспе, екі тарау, тармақшалар, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде жұмыс тақырыбының өзектілігі және тарихнамаға шолу жасалды.
Бірінші тарауда- Алғашқы қазақ хандарының сыртқы саясатындағы Ресей, хандардың саясаттары, тақ үшін талас-тартыстары қарастырылады.
Екінші тарауда - XVII-XIX ғасырдың басына дейінгі Қазақ хандарымен Ресей арасындағы қарым-қатынастары, Абылай хан, Тәуке хан, Есім хандардың саясаттары, заңдары, басқа елдермен қарым-қатынастары жан - жақты қарастырылды. Қазақ жерін Ресей империясының отарлауы негізгі мәселе болып табылады.
Алғашқы қазақ хандарының сыртқы саясатындағы Ресей.
1. 2 Жәнібек пен Керей қазақ хандығының негізін салушылар
Қазақ хандығының құрылуы. Отан тарихындағы аса маңызды мәселенің бірі - Қазақ хандығының құрылуы болып табылады. Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан аумағында жүрген этносаяси үрдістердің заңды нәтижесі болды. Ол барлық аймақтардың ортақ саяси құрылымға біріккенін, барлық қазақ рулары мен тайпаларының бірлесуін, яғни халық ретінде қалыптасудың ұзақ үрдісінің аяқталуын көрсетеді. Бұл этноәлеуметтік қауымдастықтың дербес мемлекеттік ұйым құруға деген табиғи ұмтылысы еді. Қазақ хандығының негізін салған - Керей мен Жәнібек болатын. Қазақ хандығының дербес саяси мемлекеттік бірлестік ретінде тарих сахнасына шығуына Шыңғыс хан ұрпақтары арасындағы саяси тақ билік үшін күресі қолайлы жағдайлар туғызған болатын. Ақ Орда билеушісі болған Орыс ханның шөбересі, Барақ ханның баласы Жәнібек өзінің ағайыны Кереймен бірге 1459-1460 жылдары Әбілхайыр хандығынан бөлініп шығады, Моғолстан ханы Есен Бұғаның (1429-1462) иелігіндегі Шу мен Талас аймағындағы Қозыбасы деген жерге қоныстанады. Сөйтіп, Қазақ хандығының құрылу барысы ХV ғасырдың екінші жартысында дағдарысқа ұшырай бастаған Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан мемлекетінің ішкі саяси жағдайымен байланысты болған. 1457 жылы Әбілқайырдың ойраттардан жеңіліске ұшыраған сәтінен бастап жағдай күрт шиеленісіп кетті.
Әбілхайыр ханның ішкі саясаттағы қателіктері мен ойраттарға қарсы күрестегі сәтсіздіктері, құрамындағы ру-тайпалардың көсемдерін, енді тұрақты этноаумақты ұйым құра алатын күштерді іздестіруге мәжбүр етті. Сондықтан шайбандық Әбілқайыр ханның саяси құғын-сүргініне ұшыраған Керей мен Жәнібек хандықтағы саяси дағдарысты өз мүдделеріне пайдалана отырып, қоғамның барлық жіктерін топтастыру саясатын белсенді түрде жүргізе бастады. Осы кезеңде Орта Азияның тарих сахнасына қырғыз, өзбек, қарақалпақ және басқа да халықтар шықты. Моғолстан билеушісі Есенбұға хан Орда Ежен ұрпақтарымен одақтаса отырып, оларды өз иелігінің батыс шекараларын қорғау үшін пайдалануды көздеді. 1462 жылы Есенбұға хан қайтыс болғаннан соң Керей мен Жәнібектің Жетісудағы саяси ықпалы арта бастады. Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегіндегі деректері бойынша қазақ хандығының құрылған уақыты - 1465-1466 жылдар. Көршілес Моғолстанда Қазақ хандығының құрылуына Әбілқайыр ханның қауіптене қарауы заңды еді. Сол себепті, ол 1468жылы Моғолстанға жорыққа аттанады. Бірақ жорық кезінде науқастанып, қайтыс болады. Әбілхайыр ханның өлімінен кейін оның хандығындағы саяси дағдарыс өзінің шегіне жетті. Билік үшін күрес, жаппай жазалаулар басталады. Дегенмен, билікті Әбілқайыр ханның ұлы Шайх-Хайдар қолына алады. Әбілқайыр хандығындағы билік үшін күреске Керей мен Жәнібек те араласып, олардан жеңіліс тапқан Шайх-Хайдар хан қаза табады. Ал Әбілқайыр ханның басқа ұрпақтары Мауереннахр аймағына қашуға мәжбүр болады. (Жәнібекті халық әз Жәнібек деп атаған, «әз» сөзі дана, данышпан деген мағынада қолданылған) Осылайша «қазақ» атауын алған халықтың мемлекеттік бірлестігі пайда болған болатын. Сонымен Қазақ хандығы Қазақстан аумағында үздіксіз жүрген саяси және этникалық үрдістердің нәтижесінде тарих сахнасына шықты. Оның негізгі кезеңдері Керей мен Жәнібектің Әбілхайыр хандығынан бөлініп, өздерін қолдаған ру-тайпалармен көшіп кетуі және Моғолстанның батыс бөлігіне қоныстануы болды. Бұл үрдістердегі маңызды фактор алғашында «өзбек-қазақ» аталған жұрттың, кейінірек «қазақ» деген атауға ие болып Керей мен Жәнібекке қолдау білдіруі еді. Бұл фактор өз кезегінде Қазақ хандығының құрылуына әкелді. Соңында Әбілқайыр ханның қазасынан кейін Керей мен Жәнібектің бұрынғы Ақ Орда иеліктеріне қайта өз билігін орнатуы шешуші қадам болды. Ал жаңа мемлекеттік құрылым Қазақ хандығы деп атала бастады. Бұл жерде Керей мен Жәнібектің көшіп кету себебін Шәкәрім Құдайбердіұлы «Түрік, қырғыз, қазақ hәм хандар шежіресі»[2. 13] атты еңбегінде былай деп түсіндіреді: «Сол кезде қазан және қырым хандарынан тәуелсіз Шибан нәсілінен Әбілқайыр хан билеп тұрды.
Жошы ұлысының күншығыс жағын түгел соған қарады. Сол жерде қазақтың ханы әз Жәнібек еді. 1455 жылы әз Жәнібек хан немере інісі Шаһгерей ханменен тамам қазақты алып, Әбілқайырға өкпелеп, Шудағы Шағатай нәсілінен Есенбұғаның баласы Тоқлуқ Темірханға қарап кетті. Әбілхайырға өкпелеген себебін біздің қазақ былай айтады: «Біздің осындағы арғындардың арғы атасы Дайырқожа ханның сүйікті қазысы екен. Әділ айтқандықтан Ақжол атаныпты. Және Қара Қыпшақ Қобыланды батырда Әбілқайырға сүйікті екен. Екеуі бір-біріне іштей жауласып жүріпті. Бір күні далада Қобыланды шариғат бойынша қысас қылып өлтіруге сұрапты. Әбілқайыр берейін десе, көп қыпшақ бұзылатұғын болған соң, бере алмай «үш кісінің құнын алып бітім қыл»[3. 13] деген соң, әз Жәнібек хан Әбілқайырдың шешіміне өкпелеп кетіпті. Қазақта мақал болып жүрген «Қара қыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным» деген сөз - Дайырқожаның сүйегін айналып жүріп жылаған әкесі Қыдан тайшы деген кісінің сөзі . . . әз Жәнібек ханға еріп қазақ атанған елдің қазақ атанбай тұрып бөлінген арғын, найман, керей, қаңлы, қыпшақ, үйсіндегі дулат деген сықылды рулары көп. Жер жүзіндегі түрік нәсілді жұрттардың көбінің ішінде бар және қазақ атанған соң да көбі бөлініп, ноғай, башқұрт, өзбек атанып кеткен. Мұндағы үш жүздің қазағы атанып жүрген ел сонан қалған біраз ғана кісінің нәсілі». Шәкәрім бұдан басқа мынадай мәліметтерді келтіреді: «әз Жәнібек қазақты Қашқардағы Шағатай нәсіліне қаратқан соң, сол кезде қазақты hәм көшпелі басқа елдерді Жүніс ханның Ахмет деген баласы билеп, оның ағасы Жәнеке, шын аты Махмұд деген Ташкентте үлкен хан болыпты. Сонда Ахметхан қалмақтармен соғысу үшін қазақ жігіттерінен әскер құрап, оларды ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз деп атапты. Қалмақтар Ахметханға Алашы деп ат қойыпты. Мағынасы «Жан алғыш» дегені, мұны естіген Ахметхан: «Қалмақ бұл атты қорыққан соң қойды, енді қалмақты шапқанда «алашылап» шабыңдар» деген соң, қазақтар «Алашы» деп шауып, сол қазаққа ұран болыпты. «Алаш-алаш болғанда, Алашы хан болғанда, қалмаққа не қылмадық», - деп қазақтың мақтанатұғыны осы». [4. 13] Осы үзіндіден Шәкәрімнің өз зерттеулерінде халық аңыздарына, фольклорға сүйенгені көрінеді.
Шәкәрім баяндаған тарихи оқиғалар басқа да ғылыми зерттеулермен дәлелденеді. Мәселен, Жоңғар тарихын зерттеуші ғалым И. Златкин: «Қалмақтарға жиі-жиі шапқыншылық жасай бергендіктен, олар Ахмет ханды - Алашы (жан алғыш) деп атап кеткен. (Ахмет хан (1496-1504) ойраттармен жиі-жиі соғыса берген соң, олар Алаша хан деп атаған (алаша деген сөз «Кісі өлтіруші» деген мағына береді), яғни ойраттарға маза бермеген»[4. 13] деген мәліметтер келтіреді.
Қазақ хандығының негізін қалаушылар - Керей мен Жәнібек. Қазақ жерін мекендеген ру - тайпалардың этникалық және саяси жағынан топтасуы күшейе түсті. Бұл жағдайдың пісіп жетілуі, қазақ халқының құрылуына ықпал етіп, үш жүздің қалыптасуына негіз болды. Қазақ халқының құрылуы және оның жүздерінің айқындалуы, әлеуметтік қатынастардың нығаюы, Қазақ мемлекеттігінің пайда болуын туғызған басты себептер болды. Ал қазақ хандығының негізін қалаушылар Ақ Орданың билеушісі Ұрұс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек болды. Бұлар Әбілқайыр ханға қарсы ел ішіндегі наразылықтарды пайдалана отырып, Ақ Орда хандары (аталарының) әулетінің билігін қалпына келтіру үшін күрес жүргізіп отырды. Күрес ашық майданда емес, жабық түрде, Шайбани әулетіне қарсы ру - тайпаларды өз жақтарына тарту болды. Жәнібек пен Керейдің алдына қойған басты бір көкейкесті мәселе - қазақ халқын бытыраңқылықтан, саяси шашыраңқылықтан шығару болды. Жетісуға қарай ойысудағы басты мақсаты - Орталық және Оңтүстік Қазақстанның қазақтарын Ұлы жүз тайпаларымен біріктіру болды. Сөйтіп, қазақ халқының шоғырлануына жағдай туғызып, Қазақ хандығының құрылуына қолайлы мүмкіндік жасау еді. Екі хан бұл армандарына жетті. М. Х. Дулатидің жазуына қарағанда, Жәнібек пен Керей Батыс Жетісуға, Қозыбасы мен Шу бойына хижраның 870 жылы, біздің жыл санауымызша 1465-1466 жылдары келіп орналасып, алғаш рет қазақ хандығының шаңырағын көтеріп, қазақ мемлекетінің туын желбіретеді. [5. 1]
Алғашқы қазақ хандығының аумағы. Хандықтың алғашқы кезде орналасқан жері М. Х. Дулатидың хабары бойынша Қозыбасы мен Шу болған. Бұл аймақ Жетісудың батысы, бұған Талас өзенінің төменгі ағысы мен орта ғасыр қаласы Аспара кіреді, ал оңтүстік батысында Қаратаудың солтүстік - шығыс бөктерлері жатады. Ал Қозыбасы тауы - Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өлеңіне қосып жүрген Үшқоңыр жайлауы. Бұл қырғыз жерімен шектесіп жатты. Бұл жерге Шу бойынан өтіп Қордай асуы арқылы барады. Мұнда аңыздағы айтылуға қарағанда Керей хан тұрған. Ал Жәнібек хан қазіргі Шу стансасының солтүстік шығыс жағындағы Хантауда тұрған. Жергілікті халықтың аңызына қарағанда Хантаудың солтүстік - шығыс Балқаш көлі жағында Жәнібектің қыстауы деген қыстау бар. Бұл жерлерде 1982ж археологиялық жұмыстар жүргізген кезде ел аузындағы аңыздардан жазып алынған. Бұл тауда Үлкен Хантау, Кіші Хантау және Бала Хантау деген тау аттары бар. Мұндай атаулардың сақталуы Жәнібек ханның бұл өңірде біраз тұрақтап тұрғандығын байқатады. XV ғасырдың аяғында хандықтың жері солтүстігінде Балқаш көлінің Қаратал өзені құйылысына және өзеннің басталуының шығыстағы жағалауына дейін кеңейген. Ал батысында Сырдарияның оң жағындағы Түркістан, Сауран, Созақ, Сығанақ қалаларын алған. Ал солтүстік жағында Сарысу өзеніне дейінгі аймақты алып жатқан.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz