Кәсіптік этиканың теориялық-методологиялық негіздері


2. БӨЛІМ. ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ
2. 1. Бөлім. Кәсіптік этиканың теориялық-методологиялық негіздері.
Глоссарий (анықтама, сөздік)
Этика - Мораль және адамгершілік туралы ғылым.
Этика - адамдардың моральдық сана-сезімдеріне, олардың өзара қатынастарына, қимылдарына ғылыми-теориялық дәлелдеме беретін және зерттейтін ғылым.
Этикет - осы қоғамда қабылданған адамдардың қимыл тәртіптері және байланыстары.
Адамгершілік - адамгершілік құлық жеке адамның қоғамда өмір сүре алатын басқалармен қарым - қатынаста болатын қабілеті.
Іскер деп - нарық экономикасына әбден бейімделген өз ісін жетік білетін адамды айтады.
Жалпы сенім - адамдардың қарым-қатынасын мүмкін ететін фактор.
Әдеп - қазіргі этиканың маңызды ұстанымы болып табылады.
Теориялық этика - моральдық мәні мен пайда болуын зерттеумен айналысады.
Нормативтік этика - заты болып адамның моральдық нормалар мен принциптерді ескере отырып қалай істеу керек деген сұраққа беретін барлық жауабы есептелінеді.
Кәсіптік этика (профессионалдық этика) - адамдардың нақты еңбек қимылдары шеңберіндегі этикалық принциптер мен нормалар анықтайды.
Медициналық этика. Гиппократ - дәрігер әр жағдайда әділ, әдемі және кең жүректі адам болуы керек деп айтқан.
Педогогикалық этика -басты мақсаты адамның ішкі рухани байлығына еркін еңбек тәрбиелеу арқылы ықпал жасау.
Әскери этика. Армияның әскери күшін нығайту мақстандағы оның басқару және ұйымдастыру деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған.
Басқару этикасы - бұл профиссионалдық этиканың бір түрі. Басқару этикасы - ол басқару іс-қызметіне бағытталған., этикалық ұғымдар және тәрбиелік нұсқаулар жүйесі.
Педагогикалық еңбек - өзіндік қарым-қатынасты басқаратын қоғамдық өмірдің қажетті сферасы.
Қарым-қатынас - бұл адамның өзара қарым-қатынаста болу тәсілі, және де басқа адамдармен өзара қарым-қатынаста болуы.
Іскерлік хат - бұл жалғыз іскерлік құжат, бұған атау берілмейді
Әлеуметтілік міндеттілік - жеке бизнестен түскен пайда арқылы ұйымның қоғамға пайдасы.
Дәстүрлі философия - бұл философияға сәйкес кәсіпкерліктің мақсаты - кәсіпорынның пайдасын максимилизациялау және ұйымның ұзақ мерзімдік жұмыстарын қарастыру. Мұнда әлеуметтік міндеттілік қоғамға арнап төмен бағамен тауарлар мен қызметтерді ұсыну ретінде түсіндіріледі. Бұл философияға сәйкес ұйым емес үкімет әлеуметтік проблемалармен айналысуы керек (яғни әлеуметтік проблемаларды үкімет шешсін, неге мен шешемін деген пікірді ұстанады) .
Қызығушы топтар философиясы - бұл философияға сәйкес менеджер ұйымның мақсатымен байланысты немесе байланысты болуы мүмкін топтар үшін міндеттілігін айқындайды. Мұндай топтарға акционерлер, тұтынушылар, үкімет институттары, бәсекелестер т. б жатады. Бұл философия әлеуметтік топтардың бар екендігін дәлелдейді.
Дәлелдеуші философия - бұл философия менеджер фирма үшін, қызығушы топтар ұшін және қоғам үшін белгілі бір міндеттілігі бар екендігін дәлелдейді. Дәлелдеуші философия әрбір ұйым ерікті түрде әлеуметтік проблемаларды шешуге міндетті екендігін дәлелдейді.
Педагогикалық мораль - ұжымдық мораль, гуманистік мораль, белсенді іскер мораль кәсіптік педагогикалық қызметтің ілгері адамгершілік мазмұнын құрайды.
Моральдық сана - жекелеген тұлғалардың, әлеуметтік топтардың және бүкіл қоғамның көзқарастарын, пікірлерін және мінез-құлықтарын нормалармен бағалау қызметін атқаратын қоғамдық сананың бір формасы.
Моральдық қызмет - бұл мораль нормаларымен, қағидаларымен және әлеуметтік көзқараспен бағаланатын адамдардың, топтардың, қоғамдастықтардың кез-келген қызметі. Мысалы, соғысып жатқан екі мемлекеттің әрекеттерін алайық, бір мемлекет оны дұрыс деп бағалайды, ал басқалары бұл қатыгездік дұрыс емес бағалайды.
Моральдық қарым-қатынас - бұл адамдар, топтар, кластар, мемлекеттер арасындағы айқындалған, бағаланған қатынас аспектілері.
Дәріс 1 . Этика ұғымы және оның заты.
Дәріс мақсаты: Этика ұғымының пайда болу кезеңін анықтап білу.
Тақырыптың сұрақтары:
- Этика түсінігі.
- Этиканың қалыптасуы мен даму кезендері.
- Қазіргі этика теориялары.
1. Этика түсінігі.
Этикет адам мен қоғам мәдениетінің құрамдас бөлігі болып табылатын адамдардың ішкі қатынастарының пайда болу процесін реттейтін өзін - өзі ұстау ережелерінің жиынтығы.
Этикет адамның сыртқы келбетінің элементі ретінде ішкі мәнімен сәйкес бола бермейді, бала күнінен дипломатиялық қатынастардың даналығын сіңіріп өскен адам өнегесіз, адамгершіліксіз, менменшіл болып қалуы мүмкін. Бірақта осындай адамның мәдениетті, тәрбиелі болуы екіталай. Өзге адамдарға деген шынайы силастықтың сыртқы көрінісінде, адамның өзіндік абыройына, көмекке әзірлігі, қолдаушылық сияқты мінез - құлықтық мазмұнға ие болғанда өзін - өзі ұстаудың сыртқы нысаны шынайы мәдениеттің элементі мен көрсеткіші болып табылады.
Адамның өзін - өзі ұстауында сыртқы және ішкі бірлігі екі жарым мың жыл бұрын «мінез - құлықтың алтын ережесінде», «Басқалардың өзіңе қандай қарым - қатынаста болсын десең, басқаларға да сондай қарым - қатынаста бол» дегенді білдіреді. Біз бұл қағиданы Конфуцидің ілімінде, ежелгі индия эпосы «Махабхараттан» және Библиядан да кездестіреміз. Өзіндік абыройын сезіну адамның өзін - өзі бағалауын бекітетін этиканың негізі болып табылады. Адамдарға қатысты әдептілік, шынайылылық, табиғилық, ілтипаттылық (этиканың маңызды кредосы) қарым - қатынастағы мәнерлілік пен жалғандылықты айыптайтын этиканың маңызды кредосы.
Көбінесе қазіргі заманғы этиканың мінез - құлықтық шарттастығы жақсы мәнер мен өзін - өзі ұстау ережелерін зеріккен мырзалар немесе әлеуметтік топтардың назымен қалыптасқан жоқ, ал адамдардың объективті қажеттіліктерін реттеп, жоғарылатудың күшімен, өзін - өзі құрметтеуге, басқа адамдардың қадірлеуі мен тануы, қарым - қатынас пен бауырмалдылықты әлеуметтік қамсыздандырып, оларды жылы және адами ету болып табылады. Әсіресе, бізге бұл қажеттілік қазір қоғамымызды менмендік пен бөлектенушілік меңзегенде аса қажет, ал альтруизм ұғымы келмеске кеткен сияқты.
Қазіргі заманғы жеке әлеуметтік топтардың кәсіби ерекшеліктері мен қоғамның кейбір өмірлік қызметінің аясындағы кәсібилік сияқты өмірлік жағдайлардың ерекшелікреімен айқындалатын этикеттің әртүрлі нысандары. Сондықтан, бүгінгі күні этикетті кәсіби, қызметтік, ғылыми, медициналық, дипломатиялық және т. б. түрлерге бөледі.
Этика - Мораль және адамгершілік туралы ғылым. Этика терминін философияға алғаш енгізген адамзаттың Ұлы ұстаздарының бірі - Аристотель.
Этика деп - этикалық ізгіліктерді зерттейтін ғылымды айтқан. Ол бойынша адам бойындағы ізгіліктер екі негізгі түрден тұрады:
1. Этикалық ізгіліктер.
2. Дианоэтикалық ізгіліктер.
Этикалық ізгіліктер адамның мінез-құлқына, күш-қуатына байланысты болады. Олар мыналар: жомарттық, батылдық, шыншылдық.
Ал Дианоэтикалық ізгіліктер адамның ақыл парасатына байланысты дүниелер. Олар мыналар болып есептеледі:Ақыл мен парасат.
Этиканың негізгі зерттейтін пәні Мораль болып табылады. Ол адамзатпен бірге бірігіп этиканы құрайды.
Адамгершілік - адамгершілік құлық жеке адамның қоғамда өмір сүре алатын басқалармен қарым - қатынаста болатын қабілеті. Ол адамдардың ішкі дүниесінің көрінісі.
Ал мораль өзінің мәні жағынан жеке тұлғамен қауымның адам мен азаматтың арасындағы ізгілік ережелерінің жиынтығы.
- Этиканың қалыптасуы мен даму кезендері.
Этика ғылым ретінде ежелгі Грецияда қалыптасқан. Этиканың негізгі элементтері Платонның, Аристотельдің еңбектерінде кездеседі. Этика Грек тілінен аударғанда «Әдеп» дегенді білдіреді.
Этика Ежелгі Грецияда философиялық ғылым ретінде пайда болған екен. Ежелгі Греция құл иеленушілік мемлекет болған еді. Сондықтан ол Ежелгі Грецияда орнаған әлеуметтік теңсіздікті қалыпты жағдай екендігіне сенімді болды. Мысалы:Аристотель әрбір осы Ежелгі Грециядағы адам белгілі бір Полистің мүшесі болу керек деп білді.
Полистің мүшесі емес құлдарды ол адам қатарына қосқан жоқ еді.
Аристотель Этикасында «Құбатөбел», немесе «Алтын орта» ұстанымы ізгіліктерді анықтаушы маңызға ие болды. Өиткені Аристотельдің айтуынша екі шеткі күйлердің ортасын таба білгенде ғана адам ізгілікке жетеді - деген екен.
Мысалы: Жомарттық малшашпақ пен дүниеқоңыздықтың орта шені, Батылдық, Көзсіз батылдықпен Қоянжүрек қорқақтықтың дәл ортасы.
Жалпы Антикалық этикаға байланысты оған тиесілі ең негізгі 3-мұрат бар.
1. Адам мен Полис бірлігі.
2. Адамның құдіретіне өзін-өзі жетілдіру қабілетіне мейліншесену.
3. Эвдомоманы яғни бақытты адам мұраттарының ең биік шыңы деп тану.
- Қазіргі этика теориялары.
Қазіргі этика адамзат тарихының ежелгі кезеңімен өте тыгыз байланысты. Қазіргі кезде этиканың ең басты пәні Мораль. Ол күнделікті этикетпен тығыз байланысты.
Коптеген философиялық, теориялық пәндермен салыстырғанда этиканың категориялары күнделікті тілде кең пайдаланылатын сөздерден тұрады. Олар: Достық, Махабат, Жомарттық, ізгілікпен пен зұлымдық, ұят, абырой, парыз, Әділеттілік бақыт.
Қазіргі нарықтық эканомика жағдайында іскерлік қажетті қасиеттердің біріне айналып отыр. Іскер деп - нарық экономикасына әбден бейімделген өз ісін жетік білетін адамды айтады. Іскерліктің маңызды ұстанымына Сенім жатады. Әріптес адамдар арасында сенім болмай іс оңға баспайды.
Жалпы сенім - адамдардың қарым-қатынасын мүмкін ететін фактор.
Әдеп - қазіргі этиканың маңызды ұстанымы болып табылады. Әдеп амандасудан басталады. Қазіргі кездегі этика халықаралық қарым-қатынаста ереже ретінде кең қолданылады. Мысалы Мемлекет және Үкімет басшылары, Министрлер, Елшілер кездесу өткізгенде белгілі-бір әдеп ережелерін сақтай отырып кездесу жүргізеді. Қазіргі кезде дін, құқық, өнер сияқты Моральда қоғамдық сананың бір формасына айналды. Көптеген ерекшеліктермен қатар Мораль басқа қоғамдық сана формасымен тығыз байланыста дамиды.
Қазіргі біздің қоғамда Этика дін мен де тығыз байланысты. Мысалы: Исламның этикалық тұрғыдан қарастырған өлшемдері Мораль нормаларына да қатысы бар. Өйткені Ислам діні қазіргі кезде әділеттілікті, бейбітшілікті кеңінен марапаттайды.
Қазіргі этика күнделікті адамдар арасында кеңінен этикет түрінде қолданылады.
Мысалы: Бақыт дегеніміз бұқара санасында бақытқа мынадай 4 түсініктеме берілген.
1. Бақыт дегеніміз - жолы болып жұлдызы жаңғандық.
2. Бақыт дегеніміз - Қуаныш, Ләззат және жан қызығы.
3. Бақыт дегеніміз - Ең жоғарғы ізгілікке қол жеткізу.
4. . Бақыт дегеніміз - өз-өзіңе, жалпы өмірге көңілі толған төрт құбылаң түгелдік күйі.
Бақылау сұрақтары:
- Этика дегеніміз не?
- Этика бойынша ізгіліктің қандай түрлері бар?
- Антикалық этикада неше мұрат анықталған?
- Әдеп дегеніміз не?
Әдебиеттер (пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу бөліміндегі, оқу әдістемелік әдебиетке сілтеме)
Қараңыз. Оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімі.
Лекция №2 Заңгердің кәсіби этикасының заты, міндеті, ерекшелігі.
Дәріс мақсаты: Кәсіпкерлік этикасының түсінігімен таныстыру, кәсіпкерлік этикасының мәселелері, әдістері, әдістемелерімен, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің этикасын нормативтік құқықтық қамсыздандыру.
Тақырып сұрақтары:
- Кәсіби этикасының түсінігі, оның заты.
- Методология және заңгердің кәсіби этикасының әдістері.
- Кәсіби этиканың міндеттері.
- Құқық қорғау органдары қызметкерлері кәсіби этикасының нормативтік-құқықтық қамтамасыз етілуі.
Сұрақтың қысқаша мазмұны:
- Кәсіптік этиканың ұғымы және пәні.
Барлық ғылымдардың ішінен кәсіби этиканы ерекше атап көрсетуге болады.
- Заңгердің кәсіптік этикасының әдісі мен әдістемесі.
Құқық қорғау органының жалпы, ерекше және бөлек диалектикасының мәні нормалар мен қағидалардан тұрады. Кейбір қызметтерге бөлек нормалар тән. Мораль тарихи, әлеуметтік және кәсіптік сипатқа тән. Мәңгі этика болмайды, олар бір дәуірден екінші дәуірге ауысып отырады.
- Кәсіптік этиканың қызметі
Кәсіптік этиканың негізгі қызметі болып, маманды тұлға ретінде қалыптастыру және т. б.
- Құқық қорғау органдары қызметкелрінің нормативтік-құқықтық қамсыздандырылуы
Бүгінгі таңда заң шығарушы құқық қорғау органдарының қызметкерінің этикасында нормативті-құқықтық базасын енгізді. Олардың ішінде: мемлекеттік қызметкерлерінің кәсіби этика ережесі, Сот этикасы туралы Кодекс және т. б.
Бақылау сұрақтары:
- Кәсіби этика деген не?
- Кәсіби этикада қандай әдістер қолданылады?
- Кәсіби этиканың қызметтері қандай?
- Құқық қорғау органдарының қызметкерінің негізгі НҚА атаңыз.
Әдебиеттер (пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу бөліміндегі, оқу әдістемелік әдебиетке сілтеме)
Қараңыз. Оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімі
Дәріс 3. Құқық қорғау органдары қызметкерінің кәсіптік қызметінің категориялары.
Дәріс мақсаты: Этикалық категориялардың ұғымы және катеогриялардың сипаттамасы анықтап білу.
Тақырыптың сұрақтары:
- Этикалық категориялардың ұғымы.
2. Негізгі этикалық катеогриялардың сипаттамасы.
3. Заңгер қызметіңдегі этикалық категориялардың әлеуметтік маңыздылығы.
- Этикалық категориялардың ұғымы.
Барлық ғылым түрлеріндегі сияқты этикада да бірқатар катсгориялар бар. Категориялар заңдармен, қағидалармен, әдістермен 6ipire отырып, кез-келген ғылымның мазмұнының нёпізін құрайды. "Категория" сезінің өзі грек тілінен шыққан. Ол арқылы шынайы өмірдің маңызды жақтарын көрсетін мейлінше жалпы түсініктер сипатталады. Ол - адам танымының өзекті пунктерi.
Этика категориялары - моральдың ең маңызды жақтары мен тұстарын керсететін, ғылым ретіндегі этиканың теориялық аппаратын құрайтын жалпы түсініктер. Этика категориялары адамгершілік сананың теориялық деңгейінде өміp сүрді. Олар - рухани, идеалды тәртіптің құрылымдары, болмысгың адамгершілік жақтарының субъективтік көрінісі, әлеуметтік құбылыс ретіндегі мораль туралы жүйеленген, ғылыми негізделген. теориялық білімдер жиынтьғы
Сонымен қатар, моральдық құбылыстардың көрінісі табуы тек теориялық деңгейінде ғана жүзеге асырылмайтындығын ескеру қажет. Олар нақты сезімдер, көзқарастар, арман-тілектер және т. б. түрде қарапайым сананың деңңгейінде де көрінісс табады. Жоғарыда аталған екі денгейінде де, көрініс тапкан элементтер бірдей сөздермен сипатталады. Мысалы, борыш категориясы бар екені белгілі сонымен қатар жеке тұлғапын борыш туралы көзқарасы да бар.
2. Негізгі этикалық катеогриялардың сипаттамасы.
Этикалық категориялар туралы сөз қозғайотырып олардың ғылымның кейбір "қыметтік функцияларын. Бішіден, олар қоғамдыққатынастардың ретіндегі танудыңтаусылмас баспалдақары. Екіншіден, олар танымның дербес құралы болып табылады. Үшшншіден, этика кагориялары - моральдық танымның бірінші тәртіптегі мәнннен екінші тәртіптегі мәнге және т. б. дамуының, қозғалысының нысыны.
Басқа ғылымдардың категорияларына тән белгілерді, қасиеттерді иеленгенімен, этикалық категориялардың өзіне ғана тән бірқатар ерекшеліктері де бар.
Біріншіден, олар қоғамдық қатынастардың адамдардың жүріс -тұрысымен, олардың жакысылық пен жамандық, борыш, абырой, әділдік туралы көзқарастарына сәйкес 6ip-6ipiнe, қоғамга, мемлекетке, отбасына, ұжымға деген қатынасымен байланысты жақтарын көрсетеді. Алайда, мұндай жағдайларда олар әркашан таза күйде көрініс таппауы да мүмкін, ce6e6i, кейбір кездерде олар басқа ғылымдардың категорияларымен араласып кетеді де, сол категориялардың адамгершілік аспектілерін ашып керсегеді.
Екіншіден, этикалық категориялар бағалаушылық, аксиологиялық сипатка ие. Басқаша айтқанда, олардың барлығын жаксылық пен жамандық, қайырымдылық пен зұлымдық тұрғысынан бағалауға болады, ал олардың өздері осы бағалаудың нысаны ретінде көрініс табуы мүмкін адал, тәртіп, әділ, жауапкершілі мол адам және т. б.
Үшіншіден, олар адамдардың жүріс-тұрыстары мен қарым-қатынастарын реггеу құралы болып табылады, қоғамның адамгерішілік талаптарын керсетеді
Төртіншіден, басқа да адамгершілікк құрылымдар: қағидалар, нормалар, талаптар, ережелер және т. б. сияқты этика категорияларының беделі мен маңыздылығы қоғамдық көзқарастың немесе жеке тұлғаның өзіндік санасының күшіне негізделеді.
Бесіншіден, этика категорияларында, басқа ғылымдардьң категориялары мен түсініктерімен салыстырғанда, қоғамдық қатынастардьң эмоционалдық жағы мейлінше кең көрініс тапқан.
3. Заңгер қызметіңдегі этикалық категориялардың әлеуметтік маңыздылығы.
Этиканың категориялары бip-бipiмен тығыз байланыстытықта болғаны соншалық, олар бip-бірінің, мазмұнын ашады. Яғни белгілі 6ip этикалық категориянын мазмұнын екінші 6ip этикалық категорияны пайдалану арқылы ашуға болады. Мысалы абырой категориясын жауапкершілік, тәртіптілік, батылдық, ержүректілік және т. б. категория оларды пайдалану арқылы ғана түсінуге болады. Ержүректілік категориясының мазмұны батылдық, шыдамдылық, қажырлылық, қайраттылық және т. б. категориялардың көмегімен ашылады. Әділдік категориясын адамсүюшілік, шыншылдық, кеңпейілділік, еңбексүйгештік және т. б. категорияларсыз түсіну мүмкін емес.
Жоғарыда аталған үш топтық категорияларын жеке-жеке талдауға тырысып көрелік. Бірінші топ - моральдық сана категориялары. Оларға мыналар жатады: моральдық кағида, моральдық норма, моральдық немесе этикалық категория, моральдық сешм. адамгершілік мақсат, моральдық тацдау және т. б.
Heгізгі этикалық категориялардың барлығын моральдық сана категориялары деп те атауға болады. ceбe6i, олар моральдың қандай жағын көрсетсе де солардың барлығы моральдық санада тіркеледі. Моральдық сананың мәнді категориялары: қайырымдылық, зұлымдық, борыш, абырой, ар-ождан және т. б. категориялар жүйeciндe орталық, орынды иеленген, бірақ, оларды адамгершілік қарым-қатынастар мен моральдық тәжірибеден бөліп қарастыруға болмайды, ce6e6i, мундай жагдайда олар ездершщ непздершен айырылады да, бос абстракцияларға айналады. қайырымдылық пен зұлымдық, әділдік пен әділетсіз туралы жай, өмірден тыс әңгімелердің ешбір мәні жоқ. Kерісінше, олар демагогияға, немқұрайдылыққаәкелуі мүмкін. Ал егер моральдық сана категориялары шынайы қатынастар мен әрекетгерді көрсетін, оларға белсенді түрде әсар етсе, он да олардьң маңызы да артатыны сөзсіз.
Екінші топ категориялары - бұл адамгершілік қатынастар категориялары. Оларға мыналарды жатқызуды болады: адамгершілік өзара әрекеттер, адамгершілік шиеллініс, моральдық бедел және т. б. ӨЗінің функционалдық ролі бойынша адамгершілік қатынастар моральдық субъектiлердің өзара қарым-қаты-настарыньң көрінісі болып табылады. Бұл қатынастардьң адамгершілік деп бағалануының ce6e6i мынада: олар достық, қастық, cepiтестік, ceнім, сыйластық. екіжүзілік және т. б. моральдық бағалаулармен сипатгалады. Үшінші топ категориялары - бұл моральдық тәжірибе немесе функционалдық-жүріс-тұрыс категориялары. Оларда тұлғаның белгілі 6ip моральдық қасиеттерді тәжірибеде, күнделікті өмірде жүзеге асыру үрісі көрініс табады. Мұндай категориялардың қатарына мыналар жатады: моральдық (немесе моральға қайшы) әрекет, моральдық салдар мен санкциялар. Олар арқылы моральдық борыш, абырой, батырлық немесе қорқақтық, әділдік немесе әділетсіздік, адалдық немесе сатқындық, кеңпейілділік немесе жауыздық және т. б. адамгершілік сана категориялары көрінісі табады. Бұл топ категорияларында моральдың адамдар арасындағы қатынастарды реттеуші ретіндегі мақсаты ашылады.
Этикалық категориялардың ерекшеліктерін, түрлерін және мәнін қарастырудьң теорияльқ қана емес. жалпыәдістемелік те маңызы өте зор. Оларсыз кәсіби-этикалық категорияларды талдау мүмкін емес, ce6e6i, олар жалпы этика категорияларының нақтыландырушысы болып табылады. Бұл категориялардың сандық ауқымы өте кең, сондыктан да, 6iз олардың ішіндегі маңыздыларына ғана тоқталамыз, ce6e6i, құқыққорғау қызметкерлерінің қызметінде олардың алатын орны ерекше.
Бақылау сұрақтары:
- Этикалық категориялардың ерекшеліктерін атаңіс?
- Этика категориялары дегеніміз не?
Әдебиеттер (пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу бөліміндегі, оқу әдістемелік әдебиетке сілтеме)
Қараңыз. Оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімі
Дәріс 4. Мораль. Мораль функциялары, оның құрылымы және элементтері .
Дәріс мақсаты: Моральдың түсінігі, мәні, құрылысының негізгі элементтері, функциялары және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің мораль нормалары мен принциптерін анықтау.
Тақырыптың сұрақтары:
1. Моральдың түсінігі және мәні.
2. Мораль құрылысының негізгі элементтері.
3. Моральдың функциялары.
4. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің мораль нормалары мен принциптері.
1. Моральдың түсінігі және мәні.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz