Арктика



Геологиялық құрылымы
Жер бедері
Табиғаты
Антарктида
Арктика – (гр. ἄρκτος — солтүстік) Еуразия және Солтүстік Америка құрлықтарының солтүстік шетін, Солтүстік Мұзды мұхитты аралдарымен қоса түгел қамтитын жер шарының солтүстік полюс аймағы. Ол сондай-ақ Атлант мұхиты мен Тынық мұхиттың іргелес бөліктерін де қамтиды. Ауданы 27 млн. км2, оның 15 млн. км2-і мұхит суы. Арктиканың құрамына Ресей Федерациясының Мурманск, Архангельск, Төмен облыстары, Красноярск өлкесі, Саха Республикасы, Магадан облысының солтүстік аудандары, Канаданың Юкон, Солтүстік-батыс Квебек, Ньюфаундленд аумақтары, АҚШ-тың Аляска түбегінің солтүстігі, Данияның Гренландия аралы, Норвегияның Шпицберген аралдары бөліктері енеді. Аралдардың солтүстігін Арктикалық шөлдер, оңтүстігі мен құрлық жағалауларын тундра белдемі алып жатыр. Арктикада тұрғын халық сирек орналасқан.

Геологиялық құрылымы
Арктика, негізінен, ежелгі кристалды қалқандар мен платформалардан, қатпарлы құрылымдардан (палеозойлық, мезозойлық, альпілік) тұрады. Плиоцен дәуірінде жүрген төмен түсу процестері нәтижесінде Солтүстік Мұзды мұхиттың басты қазан шұңқырлары қалыптасқан. Төрттік кезеңде жанартаулық және мұздану процестері жүрген.
Жер бедері
Арктиканың еуразиялық бөлігінде ойпатты жазықтар көп ұшырасады. Таулы бөліктері Бырранга, Орал тауының солтүстігінен тұрады. Америкалық бөлігінде аласа төбелі таулы үстірттер (200-400 м) мол. Арктикадағы барлық аралдар құрлықтық типке жатады және олардағы жер бедері таулы болып келеді. Арктиканың биік бөлігі – Гренландия аралының шығысындағы Гуньберн тауы (3700 м), судағы ең терең жері 5220 м, ең ірі су асты жотасы – Канада – Сібір және Гренландия – Еуропа қазаншұңқырлары аралығындағы Ломоносов жотасы. Кен байлықтарынан тас және қоңыр көмір, лигнит, ас тұзы, түсті және сирек металдар, сонымен қатар оптикалық шикізат кездеседі
1. Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев.
2. Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мекгеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Арктика

Кейде Арктика аймағының шекарасын белгілеуде пайдаланылатын қызыл сызық Шілдедегі 10°C-ты көрсетедi

Арктика аймағының қолдан жасалынып боялған топографиялық картасы
Арктика - (гр. ἄρκτος -- солтүстік) Еуразия және Солтүстік Америка құрлықтарының солтүстік шетін, Солтүстік Мұзды мұхитты аралдарымен қоса түгел қамтитын жер шарының солтүстік полюс аймағы. Ол сондай-ақ Атлант мұхиты мен Тынық мұхиттың іргелес бөліктерін де қамтиды. Ауданы 27 млн. км2, оның 15 млн. км2-і мұхит суы. Арктиканың құрамына Ресей Федерациясының Мурманск, Архангельск, Төмен облыстары, Красноярск өлкесі, Саха Республикасы, Магадан облысының солтүстік аудандары, Канаданың Юкон, Солтүстік-батыс Квебек, Ньюфаундленд аумақтары, АҚШ-тың Аляска түбегінің солтүстігі, Данияның Гренландия аралы, Норвегияның Шпицберген аралдары бөліктері енеді. Аралдардың солтүстігін Арктикалық шөлдер, оңтүстігі мен құрлық жағалауларын тундра белдемі алып жатыр. Арктикада тұрғын халық сирек орналасқан.
*
Геологиялық құрылымы
Арктика, негізінен, ежелгі кристалды қалқандар мен платформалардан, қатпарлы құрылымдардан (палеозойлық, мезозойлық, альпілік) тұрады. Плиоцен дәуірінде жүрген төмен түсу процестері нәтижесінде Солтүстік Мұзды мұхиттың басты қазан шұңқырлары қалыптасқан. Төрттік кезеңде жанартаулық және мұздану процестері жүрген.
Жер бедері
Арктиканың еуразиялық бөлігінде ойпатты жазықтар көп ұшырасады. Таулы бөліктері Бырранга, Орал тауының солтүстігінен тұрады. Америкалық бөлігінде аласа төбелі таулы үстірттер (200-400 м) мол. Арктикадағы барлық аралдар құрлықтық типке жатады және олардағы жер бедері таулы болып келеді. Арктиканың биік бөлігі - Гренландия аралының шығысындағы Гуньберн тауы (3700 м), судағы ең терең жері 5220 м, ең ірі су асты жотасы - Канада - Сібір және Гренландия - Еуропа қазаншұңқырлары аралығындағы Ломоносов жотасы. Кен байлықтарынан тас және қоңыр көмір, лигнит, ас тұзы, түсті және сирек металдар, сонымен қатар оптикалық шикізат кездеседі.
Климаты
Климатының негізгі ерекшелігі - жыл бойы төмен температураның басым болуы. Қаңтар айының температурасы Атлант маңы секторының оңтүстігінде -3˚С, орталық бөлігінде -40˚С, шілдеде оңтүстігінде 10˚С, орталығында 0˚С. Жаз бен күзде циклондық әрекет байқалады. Оңтүстігінде күшті желдер (жылдамдығы 15 мс) жиі соғады. Ауаның ылғалдылығы төмен, жауын-шашые төменгі ендіктерден келетін ауа массасының ықпалынан жауады: жылына оның ортаңғы бөліктерінде 75-100 мм, оңтүстігінде 300-400 мм шамасында қар күйінде ылғал түседі. Күндерін көбіне тұман басып, бұлт торлап тұрады.
Табиғаты
Құрлықтық бөлігін көптеген өзендер кесіп өтеді. Олар 8-10 ай бойы қатып жатады.Iрі өзендері: Лена, Индигирка, Макензи. Тундра белдемінде көлдер көп. Iрісі - Таймыр көлі. Қатаң климат әсерінен мұхит суларының температурасы төмен болып келеді. Жоғарғы қабаттың (100-250 м дейін) температурасы жыл бойы -1˚С. Суының тұздылығы 30%. Арктиканың сулы бөлігінің көпшілігін жыл бойы қалқыма мұздықтар жапқан. Өсімдіктер аз. Солтүстігінде қына, оңтүстігінде ярусты өсімдіктер өседі. Планктонның түрлері күшті дамыған. Жануарлардан: ірі сүтқоректілер (ақ аю, морж, итбалық), құстар (мамыққаз, үйректер) мекендейді. Балықтарының (майшабақ, пикша, табан) кәсіптік маңызы зор. Арктиканы игеруде Солтүстік теңіз жолы үлкен рөл атқарады.
АРКТИКА
Жер шарының солтүстік полюс шеңбері- мен (66"33'с.е.) шектелген солтүстік полюстік атырабы. Оған Еуразия мен Солтүстік Америка құрлықтарының шет жақтары, бүкіл Солтүстік Мұзды мұхит (Норвегия теңізінің шығысы мен оңтүстігінен басқа) пен оның барлық аралдары (Норвегия жағалауындағы аралдардан өзгесі), Атлант және Тынық мұхиттарының солтүстік бөліктері жатады. [1]

Антарктида
Antarctica

Антарктиданың серіктен түсірілген суреті
Антарктида ((гр. ἀνταρκτικός -- Арктикаға керісі)) -- Оңтүстік поляр аймағының орталығындағы материк. Көлемі 14 млн шаршы км шамасындай. Антарктида Атлант, Үнді және Тының мұхиттарымен қоршалган. Антарктиданы 1820 ж. орыстың саяхатшылары Беллинсгаузен мен Лазарев бірінші рет ашңан. Антарктиданы түгелге жуық қалың мұз басып жатады. Оның орташа қалыңдығы 1500 м шамасындай, ал ең калыңы 4000 м. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі теңізге таяу маңда ұшырасады.
Антарктида -- Жер шарының оңтүстік полюсі саналатын құрлық. Жерінің аумағы 12,3 млн. км2, ал қайраңдық мұздықтар мен аралдарды қосқанда 14,0 млн. км2-ге жетеді. Жерінің 99%-ын қалың мұз басып жатыр. Оның жалпы көлемі 26 млн. км3. Антарктида - дүние жүзіндегі ең биік құрлық. Оның мұз жамылғысымен қоса есептегендегі орташа биіктігі 2040 м, яғни барлық құрлықтардың орташа биіктігінен (870 м) 3 есе артық. Құрлықтың жағалық сызығы онша тілімденбеген, оның құрамына бір ғана үлкен түбек - Антарктида түбегі мен бірнеше іргелес аралдар - Александр І жері, Оңтүстік Шетланд, Георгия және Оркней, Беллени кіреді. Құрлықтың жағалауын Оңтүстік мұхит сулары мен Уэдделл, Беллинсгаузен, Амундсен, Росс, Ғарышкерлер, т.б. теңіздері шайып жатыр. Антарктида құрылығының негізін абсолюттік жасы 1,6 млрд. жыл болатын гондваналық платформа түзеді, басым бөлігі архей эрасындағы гнейс, кристалды жақпар тас, граниттерден құралған. Жыныстардың ірге тастарының қалыңдығы 20 км-ге жетеді. Антарктида платформасы өзінің геологиялық құрылымы мен жыныстарының құрамы жағынан Бразилия, Австралия, Экваторлық және Оңтүстік Африка, Үндістан платформаларына өте ұқсас. Ол төменгі және жоғарғы палеозойлық құрылымдары есебінен көлемі ұлғайып, батыстағы Антарктида түбегін алып жатқан мезо-кайнозойлық Анд қатпарлы жүйесінің жалғасы болып табылатын жас қатпарлы құрылымдарға ұласады. Олардың іргетасының өте күшті өзгеріске ұшыраған құрлықтық шөгінді жыныстардан құралғандығы осы аймақта жер қыртысының құрлықтық типінің дамығандығына дәлел болады. Ондағы жер қыртысының орташа қалыңдығы 40 км. Антарктиданың қазіргі жер бедерінің қалыптасуы жаңа жанартаулық атқылаулар нәтижесінде жүруде. Жанартаулық тауларға Эребус (3794 м), Террор (3262 м) жатады. Жер бедері ерекшелігіне байланысты Батыс Антарктида және Шығыс Антарктида болып екіге бөледі. Оларды жан-жағынан жағалаулық және ішкі құрлықтық белдеу қоршай орналасқан. Жағалаулық тау белдеуі бірнеше ірі тау жоталарынан тұрады. Оларға Голицин, Принц-Чарльз, Эндерби тау сілемдері, Королева Мод жері мен Трансантарктида таулары, Пенсакол, Шеклтон таулары жатады. Таулардың орташа биіктігі 1200 - 2500 м, абсолюттік биіктігі 3500 - 4000 м-ге жетеді. Ішкі құрлықтық тау белдеуіне Гамбурцев тауы (абсолюттік биіктігі 3550 м) жатады. Шығыс Антарктиданың теңіз деңгейінен жоғары орналасқан бөлігінің орташа биіктігі 690 м, ал оның теңіз деңгейінен төмен жатқан бөлігінің орташа ойыстығы 460 м. Батыс Антарктида жерінің 80%-дан астамы мұз айдынында өте қатты ойысқан ойпаңдар. Оның орташа тереңдігі - 700 м. Қалған 20%-ына дөңес таулы жер бедері тән. Яғни Батыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биогеографияның басқа ғылымдармен байланысы. Биогеография және Дарвинизм
Азияның физикалық-географиялық елдеріне сипаттама
Мәңгі үсу аудандарын игерудегі зардаптар
Климаттың өзгеруі
Еуропа мемлекеттері
Биогеография туралы түсінік
Ашық теңіз еркіндігі қағидасы
Топырақтарыда солтүстікке қарай
Еуропа
Тундра
Пәндер