Хаттың түрлері және үлгілері



1 Хаттың түрлері
2 ТЕЛЕФОНХАТ үлгі
3 Қызметтік хат
4 ҰСЫНЫС ХАТ
5 Хабарлама хат
6 ХАБАРЛАМА (АҚПАРАТТЫҚ) ХАТ
Пайдаланылған әдебиеттер
Хат – пошта арқылы салынатын, мазмұны әртүрлі құжаттардың жалпы аты. Ол мекемелермен, жеке тұлғалармен хабар алысу құралы қызметін атқарады, әртүрлі мәліметтер жіберуге, оқиғалар туралы құлақтандыруға мүмкіндік береді. Хат мәселені басқа құралдар арқылы (жеке әңгіме, телефон арқылы сөйлесу) шешу мүмкін болмағанда қолданылады. Хаттың көптеген түрі бар: жауапты талап ететін өтініш, ұсыныс, шағым, сұрау салу хаттары т.б. Хабарлама, ақпарат, бас тарту, ескерту т.б. мазмұндағы жауапты талап етпейтін хаттар да кездеседі.
Телефон хат – жедел мәселелер бойынша телефон арқылы берілген және алушы жазып алатын құжат. Ол отырыстар, мәжілістер, іскери кездесулер, жоспарланған іс-әрекеттердегі қандай да бір өзгерістер, іс-шаралар туралы жедел хабарлар жіберу үшін пайдаланылады.
Қызметтік хат – қандай да бір жұмыстың орындалуы туралы бір лауазымды тұлғаның екінші бір лауазымды тұлғаға жолдауы. Қызметтік хат бір бөлімшеде дайындалып, қызметтік мәселелерді шешуге екінші бөлімшеге жолданатын құжат болып табылады. Қызметтік хаттар ақпараттық, бастамалық немесе есеп беру сипатында болуы мүмкін.
Мәтінде құрылымдық бөлімшеге немесе лауазымды тұлғаға қатысты іскери мәселелер баяндалады.
Ұсыныс хат – белгілі бір ұйым басшысының жоғары тұрған басшылыққа қызметкердің жалақысын өсіру, дәрежесін көтеру т.б. туралы немесе еңбек нәтижесінің тиімділігін арттыру мақсатындағы жеке қызметкердің ұсынысы жазылған хат түрі.
Бас тарту хат қандай да бір іс-әрекетті орындауға мүмкіндік болмағанда немесе өтініш (бұйрық, тапсырма т.б.) заң актілеріне қайшы келген жағдайға оны орындамау туралы хат түрінің бірі болып табылады.
Кепілхаттың мәтінінде адресатқа орындалған жұмыстың ақысын немесе қандай да бір қызметтің (ғимараттың, тұрғын үйдің және т.б. жөндеу жұмыстары) ақысын төлеу туралы кепілдеме беріледі. Хатта адресант ұйым өзіне белгілі бір міндеттеме алады, сондықтан хаттың құқықтық күші болады.
1 kk.wikipedia.org
2. predschool.kz
3. inform.kz

Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Хаттың түрлері
Хат – пошта арқылы салынатын, мазмұны әртүрлі құжаттардың жалпы аты.
Ол мекемелермен, жеке тұлғалармен хабар алысу құралы қызметін атқарады,
әртүрлі мәліметтер жіберуге, оқиғалар туралы құлақтандыруға мүмкіндік
береді. Хат мәселені басқа құралдар арқылы (жеке әңгіме, телефон арқылы
сөйлесу) шешу мүмкін болмағанда қолданылады. Хаттың көптеген түрі бар:
жауапты талап ететін өтініш, ұсыныс, шағым, сұрау салу хаттары т.б.
Хабарлама, ақпарат, бас тарту, ескерту т.б. мазмұндағы жауапты талап
етпейтін хаттар да кездеседі.
Телефон хат – жедел мәселелер бойынша телефон арқылы берілген және
алушы жазып алатын құжат. Ол отырыстар, мәжілістер, іскери кездесулер,
жоспарланған іс-әрекеттердегі қандай да бір өзгерістер, іс-шаралар туралы
жедел хабарлар жіберу үшін пайдаланылады.
Қызметтік хат – қандай да бір жұмыстың орындалуы туралы бір лауазымды
тұлғаның екінші бір лауазымды тұлғаға жолдауы. Қызметтік хат бір бөлімшеде
дайындалып, қызметтік мәселелерді шешуге екінші бөлімшеге жолданатын құжат
болып табылады. Қызметтік хаттар ақпараттық, бастамалық немесе есеп беру
сипатында болуы мүмкін.
Мәтінде құрылымдық бөлімшеге немесе лауазымды тұлғаға қатысты іскери
мәселелер баяндалады.
Ұсыныс хат – белгілі бір ұйым басшысының жоғары тұрған басшылыққа
қызметкердің жалақысын өсіру, дәрежесін көтеру т.б. туралы немесе еңбек
нәтижесінің тиімділігін арттыру мақсатындағы жеке қызметкердің ұсынысы
жазылған хат түрі.
Бас тарту хат қандай да бір іс-әрекетті орындауға мүмкіндік
болмағанда немесе өтініш (бұйрық, тапсырма т.б.) заң актілеріне қайшы
келген жағдайға оны орындамау туралы хат түрінің бірі болып табылады.
Кепілхаттың мәтінінде адресатқа орындалған жұмыстың ақысын немесе
қандай да бір қызметтің (ғимараттың, тұрғын үйдің және т.б. жөндеу
жұмыстары) ақысын төлеу туралы кепілдеме беріледі. Хатта адресант ұйым
өзіне белгілі бір міндеттеме алады, сондықтан хаттың құқықтық күші болады.
Хабарлама хат өзінің стилі бойынша шақыру хаттарына және
ақпараттық хаттарға ұқсас болып келеді. Нақты адресат үшін жазылады және
сұратуға жауап болып табылады.
Ілеспе хаттар адресатқа қосымша құжаттар немесе материалды
құндылықтар қоса жіберілгендігі туралы ақпарат береді. Ілеспе хатта
жіберілген қосымша хаттағы жағдайлардың орындалуы немесе мақсаты туралы
түсініктеме қажет болған жағдайда жазылады.
Ескертпе хаттың мәтіні қандай да бір іс-әрекеттің, шараның, оқиғаның
жақындағаны, тездетілуі немесе мерзімінің өткендігі туралы хабарлайды.
Мұндай хат адресатқа жеке байланыс немесе телефонмен сөйлесу арқылы жауап
ала алмаған жағдайда жолданады.
Талап ету хатты әдетте сатып алушы кәсіпорын міндетіне
жауапкершіліксіз қарайтын жеткізуші ұйымға жолдайды. Мәтінде хат иесінің
талаптары мен шағымдары көрсетіледі, бұл талаптар негізделеді, қажет болған
жағдайда, хат иесі өзіне аударуды сұрайтын соманың егжей-тегжейлі есебін
көрсетеді. Хатқа ұйымның басшысы немесе оның орынбасары қол қояды.
Баянхат – ақпараттық-анықтамалық сипаттағы құжат. Ол бұл хатты
жазушының өзі жұмыс істейтін ұйымның басшысына немесе жоғары тұрған органға
жолдаған қандай да бір мәселе немесе деректен, қорытынды мен ұсыныстан
тұруы мүмкін.
Мазмұны мен мақсатына байланысты баяндау хат бастама (ұсыныс жасау,
өтінішті, деректі, оқиғаны баяндау) және есеп беру (қандай да бір істің,
тапсырманың, жоспардың орындалу барысы, жағдайы, аяқталуы, іссапар
нәтижелері, тексеріс және т.б. туралы) сипатында болуы мүмкін.
Түсінік хат – 1) негізгі құжаттың (жоспардың, есептің, жобаның)
жекелеген ережелерінің мазмұнын түсіндіретін құжат; 2) лауазымды тұлғаның
қандай да бір іс-әрекетті, деректі, оқиғаны түсіндіріп, жоғары тұрған
лауазымды тұлғаға ұсынатын хабарламасы. Түсінікхат қызметкер ішкі еңбек
кестесін және еңбек тәртібі ережесін бұзған жағдайда (жұмысқа кешігіп келу,
жұмыстан қалу, жұмыс орнынан табылмау және т.б.) жазылады.
Жауап хаттың мәтіні бастама құжаттың мазмұнына байланысты болады.
Мұнда хатқа, сұрау салуға, өтінішке, үндеуге, ұсынысқа, талап етуге
байланыстыжауап жіберіледі. Жауап хатта жауап берілетін бастама (кіріс)
хаттың индексі мен күніне сілтеме берілуі тиіс. Егер бастама хат жеке
тұлғадан түссе, сілтемеде кіріс құжаттың түскен күні көрсетіледі. Мәтінде
бастама хатқа байланысты қабылданған шешім беріледі: ұсыныстан бас тарту,
өтінішті орындау, сұрау салуға жауап. Жауап нақты, анық түрде берілуі тиіс.

Телефонхат – жедел мәселелер бойынша телефон арқылы берілген және
алушы жазып алатын құжат. Ол отырыстар, мәжілістер, іскери кездесулер,
жоспарланған іс-әрекеттердегі қандай да бір өзгерістер, іс-шаралар туралы
жедел хабарлар жіберу үшін пайдаланылады.
Аудан әкімдеріне

ТЕЛЕФОНХАТ үлгі

Осы жылдың (күні)(айы)күні, сағат (сағат)-де(да,та,те), № (номер)залда
(қала)қаласы әкімдігінің кеңейтілген отырысының өтуіне байланысты жеке
өзіңіздің, орынбасарларыңыздың, аппарат басшысының, бөлім бастықтарының
қатысуын, сондай-ақ ауданыңыздан (50)адамнан тұратын өкілдерді
(ардагерлерді, кәсіподақ қызметкерлерін, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қызметтік хаттарды ресімдеу жолдары
Қызметтік хат
Іскерлік хаттарды аудару кезінде қолданылатын әдіс-тәсілдерді анықтау, ерекшеліктерін сараптамалау
Сот қолжазбатану пәні және соттық-қолжазабатанушылық сараптаманың міндеттері
Құжаттарды әзірлеу және ресімдеу
Хат және оның түрлері
Іс жүргізу
Қазақ тілі - мемлекеттік тілдің қоғамдық қызметі
Хат – хабарларды рәсімдеу
Ресми құжат тілінің функциональдық формасы жазба тілі
Пәндер