Қан жасау жүйесі мен теориясы, қан жасушаларының морфологиялық сипаттамалары


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Қан жасау жүйесі мен теориясы, қан жасушаларының морфологиялық сипаттамалары

ЖОСПАР

Кіріспе

  1. Гемопоэздің жалпы сипаттамасы
  2. Эмбрионалды гемопоэз.
  3. Ересек адам ағзасындағы гемопоэз
  4. Ретикулярлық (қан жасаушы) ұлпалардың құрылысы.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Гемопоэз - бұл қан жасушаларының -лейкоциттердің, эритроциттердің, тромбоциттердің түзілу, даму және жетілу процесі. Қанның жасалуын қан жасаушы мүшелер атқарады. Гемопоэз бірнеше түрге бөлінеді: эмбрионалды (жатырда) гемопоез эмбрионалды дамудың өте ерте кезеңінде басталады және қанды ұлпалар тәрізді түзеді, постэмбрионалды гемопоэзді қанның физиологиялық жаңаруы процесі ретінде қарастыруға болады. Ересек адам ағзасында қанның формалы элементтерінің жаппай жойылуы үнемі болып тұрады, бірақ жойылған жасушалар орны жаңа жасушалармен толықтырылып отырады, сөйтіп, қан жасушаларының жалпы саны үлкен тұрақтылықпен сақталады.

Гемопоэздің жалпы сипаттамасы

Қан жасалу деп-қанның формалық элементің пайда болуымен дамуын айтамыз. Қан жасушалары 4 айдың ішінде толық жаңартылып отырады. Ересек ағзадағы қан жасушасының элементтерінің күнделікті пайда болуы ұрықтық ағзадағы қанның пайда болуынан өзгеше. Егер эмбриональды кезеңде қан дамуы ұлпа қалыптасуы болса, постнотальды онтогенезде гемопаэз қанның физиологиялық регенерациясы. Соны. мен қан жасалуы ұрықтық және ересек ағзадағы қан жасалу деп 2-ге бөлінеді.

Ұрықтық қан жасалу . Ұрықтық қан жасалу кезінде қан жасалуымен қатар қан тамыр жүйесі қалыптасады. Қан жасалу алғашында сары уыз қапшығының қабырғасында басталып, 3 аптадан кейін бауырда, көкбауырда, жілік миында болады. Алғашқы жасуша I мезенхима жасушасы, одан барлық қан жасушалары пайда болады. Олар алдын шар пішінге ие болып, кейін бірінші қан жасушаларына өтеді, ал бұл жасушалар адам ұрығының 3 ап-тасында сарыуыз қапшығында пайда болады. Бірінші қан жасушалары көбейіп, топтасып, өзіне тән тармақты формасын жойып дөңгелектенеді. Қанның осылайша жинақталуын қан аралшалары деп атайды. Оларды қоршап жатқан мезенхима жасушалары тығыздалып, созыльп, байламдарын жоғалтпай эндотелий жасушасына айналады. Эндотелий жасушалары бірінші қан тамырларының қабырғасын түзейді.

Сонымен адам ұрығының 4 аптасында даму сарыуыз капшығыңда бірінші қан жасау орталығы пайда болады. Бірінші қан жасаушы жасушалар-аз дифференциялданған жасушалар, олар даму барысында кез келген қан жасушаларына айналады, сондықтан оларды алғашқы немесс дің қан жасаушы жасуша дейді. Даму кезінде дің қан жасаушы жасушалар сарыуыз қапшығынан қан ағынымен алдын бауырға, кейін сүйек миына көшіп өтеді.

Осы қан жасаушы дің жасушадан бірінші эритробластар-гемоглобин құрамында бар жасушалар пайда болады, ол кейін бірінші эритроциттерге айналады. Осымен параллель қатар сарыуыз қапшығының тамырында екінші эритробластар дамиды, олар жәй гемоглобинді жинап полихроматофильды және оксифильды эритробластар кейін нормобластарға айналады. Бұрдай жасушалар адам ұрығының 2-3 айында дамиды. Нормабластардан екінші эритроциттер пайда болады, олар ересек адамдардың эритроциттерінен ерекшелігі жоқ.

Түйіршікті лейкоциттер қан тамыларының тыс, солардың айналасында сары уыз қапшығының мезенхима қабырғасында дамиды.

Эмбрионльды даму кезеңінде сары уыз калшығы біртіндеп жансызданып, дамудьң 2 айының аяғында қан жасалу онда тоқтайды. Осымен бірінші - аниобластикалық қан жасалу кезеңі аяқталып, өзінің эмбриональдық қан жасалу бауырда басталады. Адам ұрығының қан жасушаларының дамуы бауырда эмриональды дамудың 5-6 аптасында басталады. Бауырда қан жасушалары бауыр бөліктерінің капилярларынан тыс дамиды. Бауырда ұрықтың екінші эритроциттері, түйіршікті лейкоциттері және үлкен қан жасушалар мегакариоциттер пайда болады.

Ұрықтық кезеңнің ортасына дейін бауыр қан жасалудың белсенді орталығы больп саналады, кейін оның қан жасау қызметі төмендейді, туылғанда мүлдем тоқтайды. Себебі ол ас қорыту мүшесіне айналады. Адам ұрығының 8-9 ай кезеңінде қан жасалу көк бауырдың ретикулярлы ұлпасында, тимуста және лимфатикалық түйіндерде басталады. Бұл мүшелерде қан жасалу капиллярлардан тыс жерде жүреді. Алғашқыда бұл мүшелерде канның барлық жасушалары дамиды, бірақ туылған кезде көк бауырда, лимфа түйінінде эритроциттердің, түйіршікті лейкоциттердің дамуы тоқтап, түйіршіксіз лейкоциттер пайда бола бастайды.

Адамның эмбриональды дамуының 4 айында қан жасалу сүйек миында басталады, ал 5 айда сүйек миында жасалудың негізгі орталығы болады.

Ересек ағзадағы қан жасалу - адам мен сүтқоректілерде қанның физиологиялық регенирациялық кезеңі болып саналады. Қазіргі кезде униторлы бірлестірілген қан жасалу теоэиясы кең таралған. Бұл теория бойынша қанның барлық формалық элементтері бірлестірілген дің қан жасаушы жасушалардан дамиды, оның популяциясы ағзада өмір бойы болады. Дің қан жасаушы жасушалардан адам мен сүтқоректілерде сүйек миында болады. Ағзада қан жасушаларының дамуы былай жүреді. Дің қан жасаушы жасушалардың 60 % -ті эритроциттерге дифференциялданады, 30%-лекоциттерге және 5 %-мегакариоциттер. Гемопоэзде Т-лимфоциттердің қан жасаушы жасушаларға әсер етумен жасушаның дифференциялық бағытын анықтайды. Сондықтан дің алғашқы қан жасаушы жасушалар гемопоез кезеңінде екі бағытта дифференциялдайды. Оның бір топ жасушалары - эритроциттер, түйіршікті лейкоциттер, моноциттер және қан пластинкасының, дамуының негізі болып саналады. Себебі қанның бұл формалық элементтері кызыл сүйек миында дамиды, сондықган оларды миелопоэз дейді, ал алғашқы жасушаларды миопоэздің алдыңғы

жасушалар дейді. Милопоэз мислоидты ұлпада өтеді, ал ол түтік сүйектерінің эпифизінде және кемік сүиектің қуыстарында болады. Миелинді ұлпада дің жасушалары мен дәнекер ұлпада орналасқан алғашқы лимфоциттер тимус, көк бауыр, лимфа бездеріне көшеді.

Екінші топ жасушалары кызыл сүйек миында дамыған мен көбінше лимфодты мүшелерде көшіп жүреді жәие олар лимфоциттерді дамытатын алғашқы жасушалар. Лимфоциттердің дамуын - лимфопоэз, ал алғашқы жасушаларды лимфапоэздің алдыңғы жасушалары дейді.

Миелопоэздің алдыңғы жасушалары 3 бағытта дйфференциялданады:

1. Эритроцит жасушаларының беретін жасушалар

2. Түйіршікті және моноцит жасушаларының беретін жасушалар.

3. Мегакариоцит беретін жасушалар. Лимфопоэз 2 бағытта дифференциялданады.

1. В - лимфоциттер және плазмоциттердің алдыңғы жасушалары.

2. Т- лимфоциттердің алдыңғы жасушалары.

Бұл аталған барлық алдыңғы жасушалар морфологиялық жағынан өте ұқсас, оларды функциональды тест арқылы ажыратады, бұрында оларды біріктіріп гемоцитобластар деп атаған.

Лимфа

Лимфа (лат Lуmрһа - ылғал) - сары белокты сұйық зат, лимфотикалық тамыр мен капелярларда ағады. Лимфоплазма және фермоплазмалық элементтерден тұрады . Химиялық құрамы жағынан лимфоплазма қан плазмасына ұқсас, тек белоктары аз болады. Белоктар фракция арасында альбулиендер глобулиен-дерге қарағанда көп. Бірақ ақуыздар келесі ферменттерден тұрады:

диостез, липаза және гликолиті ферменттер. Лимфоплазмада нейтральді майлар, жай қанттар NaCl, Na 2 3 және басқалар. (Са, Мg, Ғе) болады.

Формалық элементтер: негізі (98%) -лимфоциттер, сонымен қатар моноциттер және басқа лейкоциттер, кейде эритроциттер де кездеседі. Лимфа ұлпа және мүше лимфа-капиллярларында пайда болады, капиллярлардан лимфа шеткі (периферириялық) лимфатикалық тамырларға, одан лимфа түйіндерінен кейін ірі лимфа тамырдан қанға құйылады. Лимфа құрамы әрдайым өзгеріп тұрады. Лимфада-перифериялық (лимфа түйіндеріне дейін), аралық-(лимфа түйіндерден өткен соң) және орталық-оң жақ лимфа өзектері және көкірек.

Эмбрионалды гемопоэз

Эмбрионалды кезеңде қан жасау сарыуыз қалтасы қабырғасында, сонсоң бауырда, көк бауырда және сүйек майында жүреді.

Қан жасалу процесі адамдарда эмбрионалды дамудың 2-ші және 3-ші апталарының соңында басталады. Ұрықтың сарыуыз қалтасының қабырғасында тамыр жүйесі немесе қан бөлінділері ерекшеленіп бөліне бастайды. Қан бөлінділерін қоршайтын жасушалар тегіс болады және бір-бірімен өзара байланысып келешек қан тамырлдарының қабырғасын құрайды. Бұл жасушалар эндотелиалды деп аталады. Қан бөлінділері ішінде жасушалар дөңгеленеді және бірінші реттік қан жасушалары -бірінші реттік гемоцистобластар түзіледі, Бұл жасушалар митоздық бөлінеді және олардың басым бөлігі бірінші реттік эритробластарға айналады. Ядросы жойылып және біртіндеп гемоглобин жиналып, мегалобластар алдымен мегалоциттерге, сонсоң эритроциттерге айналады. Эритроциттермен қатар бір мезгілде гранулоциттер - нейтрофилдер мен эозинофилдер де түзіледі. Тамыр қабырғасын айнала орналасқан гемоцитобластардан гранулоциттер түзіледі. Олардың саны бастапқыда өте аз болады. Ұрық дамуының соңғы кезеңдерінде сарыуыз қалтасы жойылып, қан жасаушы жүйе басқа мүшелерге орын алмастырады.

Эмбрион тіршілігінің 3-4-ші аптасында бауыр қалыптаса бастайды, ал 5-ші аптада қанжасаушы орталыққа айналады. Гемоцитобластар бауырда капиллярларды қоршаған бауыр бөліктері жасушаларынан пайда болады. Осы гемоцитобластардан екінші реттік эритроциттер түзіледі. Бір мезгілде басқа жасушалардан гранулоциттер түзіледі. Сонымен қатар, бауырдың қан жасаушы ұлпаларында үлкен жасушалар немесе мегакариоциттер қалыптасады, олардан тромбоцитер түзіледі. Жатырішілік кезеңнің соңында бауырда қан жасалу процесі тоқтайды.

Эмбрионалды тіршіліктің бірінші жартысындағы кең көлемді қан жасаушы мүше көп бауыр болады. Көк бауырда қанның барлық жасушалары дамиды. Ұрықтың өсуіне қарай көк бауыр мен бауырда эритроциттердің түзілуі тоқтайды және бұл процесс сүйек майына ауысады. Эмбрионалды тіршіліктің екінші айының соңында алғаш рет бұғанада, сонсоң барлық басқа сүйектерде қалыптасады.

Жатыріші дамуының екінші айында айырбез қалыптаса бастайды және лимфоциттер түзіледі, олар әрі қарай басқа лимфоидты мүшелерге алмасады. Үшінші айда мойынның лимфа қалталары аймағында лимфа түйіндері қалыптаса бастайды. Дамудың ертерек кезеңдерінде оларда лимфоциттер, гранулоциттер, эритроциттер және мегокариоциттер түзіледі. Кішірек гранулоциттердің эритроциттердің және мегакариоциттердің түзілуі бәсеңдеп, тек қана лимфоциттер, лимфоидты ұлпаның негізгі элементтері түзіледі.

Баланың туу кезеңіне қарай қан жасау процесі күшейеді.

Ересек адам ағзасындағы гемопоэз

Жаңа туған балада қан жасаушы ұлпалар барлық сүйектердің құрамында болса, ересек адамдарда эритроциттердің негізгі түзілетін орны бас сүйегі, қабырға, кеуде, омыртқа, бұғана жауырын сүйектері болады. Постэмбрионалды кезеңде қанның әртүрлі элементтері негізінен сүйек майында, көк бауырда және лимфа түйіндерінде түзіледі. Қан жасушалары түзілуі үшін фоли қышқылы мен витамин В 12 қажет болады. Қан жасаушы жасушаларды дифференциациялау және олардың балансын бақылау үшін транскрипция факторлары немесе гемопоэтиндер қызмет жасайды. Эритроциттер, гранулоциттер және қан пластинкалары ересек адамдарда сүйек қызыл майында дамиды.

Туылғаннан жыныстың жетілгенше сүйек майындағы қан жасаушы ошақтар мөлшері азайады, алайда сүйек майы гемопоэтикалық потенциалды толық сақтайды. Сүйек майының жартысына жуығы май жасушаларынан тұратын сүйек сар майына айналады. Сүйектің сары майы өз белсенділігін қажетті жағдайда (гемопоэздің күшеюі) қалыпқа келтірілуі де мүмкін. Мысалы, көп қан кеткен кезде. Сүйек майының активті бөліктерінде (сүйек қызыл майында) негізінен эритроциттер түзіледі.

Ретикулярлы (қан жасаушы) ұлпалардың құрылысы

Сүйек қызыл майында бағналы жасушалар болады. Олар қанның барлық формалы элементтерінің алғызаттары, сүйек майынан қан ағымына толық жетілген күйінде өтеді. Қан жасау процесіне не бары 20% бағналы жасушалар қатысады, ал олардың көп бөлігі бұл уақытта тыныштық күйінде болады. Бағналы қан жасаушы жасушалар қан жасушаларының әртүрлі типтеріне бөлінуге қабілетті болады. Дифференциация процесі бірнеше кезеңде өтеді. Эритропоэз процесі (эритроциттердің түзілуі) келесі кезеңдерден тұрады: проэритробластар, эритробластар, ретикулоциттер және ең соңында эритроциттер. Эритропоэз ұзақтығы мерзімі - 2 апта.

Гранулоциттер де сүйек майында түзіледі, нейтрофилдер, базофилдер және моноциттер бір жасушадан (полипотентті) - нейтрофиялар мен базофилдердің алғызаттарынан түзіледі. Гранулоциттер дифференциациясына қарай жасушалар мөлшері кішірейеді, ядро пішіндері өзгереді, цитоплазмада гранулалар жиналады. Гранулоциттер дамуы процесін 6 морфологиялық кезеңге бөледі: миелобласт, промиелоцит, миелоцит, метамиелоцит, таяқша ядролы және сегмент ядролы гранулоциттер. Гранулоциттердің әрбір түріне сәйкес гранулалар миелоциттер кезеңінде пайда болады. Метамиелоциттер кезеңінде жасушаның бөлінуі тоқтайды. Сүйек майының ең ірі (30-100 мкм) жасушалары-полиплоидты хромосомалы сопақша ядролы мегакариоциттерден тромбоциттер бастау алады.

Лимфоциттердің қанның басқа жасушаларынан айырмашылығы сүйек майында да, (бета-лимфоциттер), иммунды жүйе ұлпаларында да: айыр безде (тимуста) (Т-лимфоциттер), лимфа түйіндерінде де, басқа да лимфоидтық мүшелерде қалыптасады. Жетілген лимфоциттер өздерінің алғы жасушаларынан лимфобластардан әлде қайда кіші болады, баірақ антигенмен стимулденгенде көптеген лимфоциттер үлкейіп, лимфобласт морфологиясын қайта қабылдайды.

Сөйтіп, сүйек майы иммунды жүйеде негізгі роль атқарады, өйткені онда бета-лимфоциттер түзіледі, сонымен қатар, онда антиденелер синтездейтін плазматикалық жасушалардың көп мөлшері болады. Қан жасаудан басқа, сүйек майында бауыр мен көк бауырдағы сияқты, қан айналысынан ескі және ақаулы қан жасаушыларын шығару процесі де жүреді.

Қарапайым қан жасаушы бағналы жасуша плюрипотентті: одан жасушаның көптеген түрлері бастау алады. Көптеген эксперименттер көрсетуі бойынша, қан жасушаларының барлық класы - миелоидты, лимфоидты - жалпы бағналы жасушадан тарайды. Ересек адам ағзасында бағналы жасушалар негізенен сүйек майында болады, олар қалыпты жағдайда сирек бөлінеді, жаңа бағналы жасушалар түзеді (өздігінен жаңару) .

Плюрипотентті бағналы жасушалар (КИДК, КООБ, КОЕс) коммитирленген алғы - жасушалардың бастауы болып табылады.

КОЭбл, ВПП-КОЕ, ГЭММ - КОЕ, қан жасушаларының бір немесе бірнеше түрлерінің алғы заттары ретінде нақты анықталды. Коммитирленген жасушалар колониестимулдеуші факторлар КСФ аталатын белгі беруші гликопротеин молекулалары әсерінен үлкен қарқынмен бөлінеді.

Мұндай бөлінулердің соңында олар терминалды дифференцирленген жасушаларға айналады және әдетте әрі қарай бөлінбейді, бірнеше күндерден немесе апталардан соң өледі.

Плюрипотентті бағналы жасушалар саны аз, сондықтан оларды танып білу қиын және дамудың алуан түрлі варианттары арасынан олар өз жолдарын қалай таңдап алатындығы әлі белгісіз.

Жасушалардың бөлінуін программалау және жасушаларды дифференциацияның белгілі жолына шығаруда кездейсоқ жағдайлар да кездесуі мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Цитоплазма - ядроны қоршап жатқан жасуша бөлігі
Безді эпителий
Микроскоптың жалпы үлкейтуі
Жануарларды иммундеу әдістері
ЖАЛПЫ ИММУНОЛОГИЯ
Қан жасау жүйесі. Орталық қан жасау және иммуногенез мүшелері – сүйектің қызыл кемігі және тимус
ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ФИЗИОЛОГИЯ ПӘНІ БОЙЫНША ДӘРІСТЕР
Лейкоздар
Клетканың органикалық заттары
Патофизиология курсынан дәрістер жинағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz