Курстық жұмыс жазуға арналған әдістемелік нұсқау


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Қ. А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті

Сандыбаева А.

Молдабаева Д.

Курстық жұмыс жазуға арналған әдістемелік нұсқау

(тарихшы-студенттер үшін)

Түркістан-2008

Әдістемелік нұсқау «Қазақстан тарихы» кафедрасында дайындалды.

Пікір жазған: т. ғ. д., профессор М. Абилтайн

Әдістемелік нұсқау Қ. А. Ясауи атындағы Халықарадық қазақ-түрік университеті Тарих-Педагогока факкультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде бекітілген(хаттама№7, 23 ақпан 2008ж.

Курстық жұмыстың мақсаты

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты студентті ғылыми зерттеу жұмысына дағдыландыру. Тарих пәні бойынша білім алатын студент курстық жұмысты жазу барысында, тарихи деректерді талдауды және пайдалануды үйренеді. Курстық жұмыс диплом жұмысын жазуға дайындықтың алғашқы сатысы болып табылады. Сондықтан студент курстық жұмысты жазу барысында, ғылыми мағынада жазылған әдебиеттерді дұрыс пайдаланып, материалдарға сараптама жасай отырып өзіндік қорытынды жасауды үйренуі тиіс. Курстық жұмыс барысында студент тақырып бойынша деректермен жұмыс жасауға дағдыланады. Ғылыми мағынада студент дерек пен зерттеуді бір-бірінен ажыратып, олардың басты ерекшеліктерін меңгереді. Сонымен бірге студент курс жұмысын дайындау барысында жұмыстың негізгі құрлымын құрастыруды, жоспар жасауды, курстық немесе диплом жұмысын жазу барысында сақталуы қажет негізгі қағидаларды үйренеді.

Курстық жұмысты дайындау негізгі бес(5) кезеңнен тұрады:

1-кезең: 1. 1 Зерттеу жұмысының тақырыбын таңдау;

1. 2 Шамамен жұмыстың орындалу жоспарын құру;

1. 3 Ақпарат көздерін таңдау;

2-кезең: 2. 1 Курстық жұмысқа кіріспе жазу;

2. 2 Зерттеудің әдістемесі мен ұйымдастырылуын анықтау;

2. 3 Орындалған жұмыс туралы жетекшіге есеп беруге даярлық;

3-кезең: 3. 1 Зерттеуді жүргізуге даярлық өткізу;

3. 2 Курстық жұмыстың бірінші бөлімін жазу;

3. 3 Жазылған бөлім материалдарын жетекшімен талқылау;

4-кезең: 4. 1 Курстық жұмыстың кіріспе мен І-тарауын толықтырып редакциялау;

4 . 2 Зерттеу нәтижесін өңдеу;

4. 3 Курстық жұмыстың негізгі бөлімін жазу:

4. 4 Практика үшін ұсыныстар мен қорытынды белгілеу;

4. 5 Зерттеу жұмысының аяқталған бөлімін жетекшімен талқылау, толықтыру;

5-кезең: 5. 1 Зерттеу жұмысының барлық бөлімін өңдеп редакциялау;

5. 2 Пайдаланылған әдебиеттер тізімін жасау;

5. 3 Шенді бетті даярлау және курстық жұмыстың жоспарын нақталау;

5. 4 Курстық жұмысты компютерге басу;

5. 5 Басылған жұмысты оқып шығып, жұмысты түптеуге беру;

5. 6 Дайын жұмысты кафедраға рецензияға беру.

Тақырыпты таңдау

Курстық жұмыс такырыптары өте күрделі болмағаны жөн. Тақырыпты таңдау барысында студент төмендегі ерекшеліктерге мән береді:

Біріншіден. Тақырып студентті маңызды теориялық проблемаларға жетелеуі тиіс. Тақырып нақты болып, зерттелетін мәселенің хронологиялық шегі айқын анықталуы керек. Мәселен, «Батыс - Түрік қағанатының құрылуы», «ХҮІІІ ғ. Қазақ хандығы мен Қоқан, Хиуа хандықтарының арасындағы қарым-қатынас», «ХҮІІІ-ХХ ғғ. Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда қарым-қатынастары» тб., осы стияқты тақырыптар өзінің нақтылығымен, қарастыратын мәселесінің заман ауқымының айқын болуына байланысты жұмыс нәтижелі зерттеледі.

Студент тарихи процестердің маңызын, оның негізгі зандылықтарын білуі тиіс, кез келген құбылыстың жалпы тарихи даму барысындағы орнын анықтай білу керек.

Екіншіден. Курстық жұмыс тақырыбы тұтас тарихи дәуірді қамтымауы керек. Мұндай көлемді тақырыптар тек тәжірибені ғана емес, зерттеу техникасын білуді және көп уакытты қамтиды, қажетті әдебиеттерді кең көлемде пайдалануға, оларды талдау мен салыстыруды қажет етеді. Сол себепті мынадай көлемді тақырыптар «19 ғасырдағы Қазақстан», «Батыс Европадағы феодализмнің дамуы», «Ұлы Петр тұсындағы Ресей», «XX ғасыр басындағы Қытай» т. б. тақырыптар ұсынылмайды. Тақырыптың жинақы және қызықты болғаны жөн.

Үшіншіден . Студент тақырыпты зерттегенде деректерді пайдалана білу тиіс, бірақ бұлар студенттің шамасы мен қызығушылығына сай келу керек. Курстық жұмыста 300-400 беттік құжаттар жиынтығын пайдалану талдауға емес, иллюстрацияға алып келеді. Төменгі курстарда (I және II) бір құжатты пайдалану бәрінен бұрын деректі жан-жақты талдауға мүмкіндік береді. III - IV курстарда деректің көлемін 40-50 бетке дейін ұлғайтуға болады. Курстық жұмыс оқу жұмысының түрі. Маңыздылығы, студент мақсатқа жету үшін, зерттеу жұмысын меңгеру керек.

Дерек көздері жазылу ерекшеліктеріне қарай: 1. Шежірелер; 2. Жылнамалар; 3. Хроникалық жинақтар; 4. Естеліктер; 5. Сайахат-намалар т. б сияқты бірнеше топқа бөлінеді.

Тарих мамандығы бойынша курс жұмысын дайындайтын студент дерек көздерінің (арап парсы тілін білмеген жағдайда) қазақ немесе орыс тіліне жасалған аудармаларынан пайдалануына болады.

Дерек көздерінің аудармалары үшін қараңыз:

  • Материалы по истори Казахских ханств ХҮ-ХҮІІІвеков. А., 1969.
  • Материалы по истори туркмен и Туркмении. т 2. М-Л., 1938.
  • Прошлое Казахстана в источниках и материалах. А., 1997.
  • Материалы к этнической истории насиление средней Азии. Ташкент 1986.

Курстық жұмыстың тақырыбы белгіленіп болған соң, студент зерттеу жұмысы туралы мәселемен танысады. Таңдаған тақырыбын кафедраға тіркетеді.

Курстың жұмыстың құрылымы

Курстық жұмыстың құрылымы мына бөлімдерден тұрады:

1. Жоспар (немесе мазмұны) . Жоспар шағын немесе көлемді болуы мүмкін. Жұмыста шығарманың негізгі тараулары (бөлімдері) және тараушалары (параграфтары) көрсетілуі тиіс. Тұстарына беттің нөмерлері қойылады. Жоспарды құру барысында курстық жұмыстың түйінді сұрағын анықтайды. Студент ғылыми жетекшісімен бірге жоспарды талдап, нақтылайды. Жоспар Кіріспеден, тараулардан, тараушалардан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады. Ескерту: Студент жоспарды құрғанан соң, бір дәптер арнап, оны курстық жұмыстың жоспарына байланысты бөліп, әр сұрағын бөлек беттерге жазып алса, зерттеу барысында өзіне оңай болады

2. Кіріспе. Бұл өте қажет бөлім. Кіріспесі арқылы жұмыстың деңгейін көруге болады. Студенттің каншалықты дайындалғанын, зерттеген мәселесін каншалықты түсінгенін көруге болады. Кіріспе бөлімінде қарастырылатын негізгі мәселелер:

А. Тақырыптың өзектілігінің негіздемесі. Студент тақырыптың ғылыми маңыздылығына мінездеме береді, таңдаған тақырыбының өзектілігін көрсетеді. Тандалған мәселенің ғылыми маңыздылығы мынадан анықталады, тарихи процестердің мазмұнын жалпы немесе жеке жақтарын қаншалықты аша алатынына мүмкіндік береді. «Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс» тақырыбын зерттеуде студент оның ерекшеліктері, маңызы туралы нақты түсінік қана алмайды, сонымен қатар қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы туралы, Қазақстанның Ресейге қосылуының отарлық әдістері туралы жалпы түсінік алады. Тақырыптық ғылыми өзектілігі оның хронологиялық сипаттамасына байланысты емес. Ежелгі дәуір тарихының кейбір мәселелері ғылымилығы жағынан соңғы онжылғы оқиғалардан маңыздылығы кем емес. Таңдалған тақырыптың қоғамдық-саяси жағдайда қажеттілігі өте маңызды болу тиіс. Қазақтың ұлттық - саяси партиялары Алаш, Үш жүз сияқты т. б. саяси қозғалыстарының пайда болу және қалыптасу тарихы ғылымилығы жағынан қызық және маңызды ғана емес; бізді бүгін де көбімізді Қазақстан Республикасында егеменділік, демократиялық, қүқықтық мемлекеттің құрылып жатқанына үйретеді.

Б. Тарихнамалық шолу. Кіріспенің бұл бөлімінде студент көрсету керек: 1) ол оқыған әдебиеттерді жақсы меңгергенін; 2) тақырыбына байланысты жарияланған еңбектерді зерттегенін; 3) берілген мәселенің зерттелу деңгейін.

Тараудың құрылысы қандай болу керек? Ол тақырыптың ерекшелігімен, жеткілікті дәрежеде тексерілуімен, әдебиеттердің түсініктілігімен (оңайлығы), курстық жұмыс авторынын мақсатымен, оның бейімділігімен т. б. көрінеді. Баяндау барысында хронологиялық принципті қолдануға болады. Тақырып бойынша әдебиеттерді топтастыруға болады. Студент жұмыстың тарихнамалық бөлігінің кез келген зерттелген жұмыстың (пісіп жетілген) толық көрсеткіші екенін білу керек.

В. Зерттеудің мақсаты мен міндетінің анықтамасы. Тақырыптың тұжырымы жұмыстың мақсатымен байланысты. Мысалы, "Абылай ханның қазақ мемлекетін нығайтудағы ролі" тақырыбы Абылай ханның, соғыстағы, дипломатиялық, саяси қызметінің көрінуі мақсатынан тұрады.

Міндеттері алдына қойған мақсаттардан туындайды. Тұжырымы еңбектің тарауларының тақырыбына жақын келеді.

Г. Деректерге сипаттама. Студент өңделген құжаттармен жұмыс істей алады, сондықтан бұдан былай деректермен жұмыс жасауға қатысын, яғни деректеме тануға талдау жасай біледі, құжаттың әлеуметтік маңызы мен саяси бағытын анықтайды. Егер студент бірнеше құжатпен жұмыс жасаса деректемеге жинақтау жасап; оқиғаны суреттеуде құжаттардың толықтығымен және дәлдігімен салыстыра алады.

3. Негізгі бөлім. Курс жұмысының негізгі бөлімі зерттелетін тақырыптың басты міндеттерін орындауға арналады. Тарау бөлімдер мен тармақтарға бөлінуі тиіс.

Тақырыпты толық аша білу үшін әр тезис, әр сөйлем мақсат, қойылған сұрақка жауап беру керек.

Материалды баяндау анық және түсінікті болуы тиіс. Міндет бойынша - тақырыпты ашу - түйін жасау керек.

4. Қорытындысында студент жұмысты орындау барысында алынған нәтижелерді, қорытындылар мен ұсыныстарды жүйелі түрде, бір-бірімен байланыста, нақта, әрі қысқаша тұжырымдайды.

Бұл үшін студент әр тарау, тараушаларға түйін жасап, содан соң зерттелген мәселеге жалпы қорытынды береді.

5. Сілтемелер курс жұмысында аты көрсетілген дерекке сілтеме мәтінде екі қиғаш сызықтың // ішіне (мысал: /13/, /101/) немесе тік жақша[] ішінде беріледі (мысылы: [12], [22] )

Сілтеменің рет саны пайдаланылған деректер тізімне сай болуы керек. Бұған реттік сілтемелік әдіс жүйесі дейді.

Сілтеме тарауға, параграфқа, тармаққа, тармақшаға, суретке, кестеге, қосымшаға берілсе, ол дөңгелек жақшаға ( ) алынады1.

6. Деректер мен әдебиеттер тізімі (курстық жұмыстың бұл екі бөліміне түсінік алда беріледі) .

Курстық жұмысты безендіруге қойылатын талаптар

1. Курс жұмысы ақ парақтың (А 4) бір жақ бетіне, жазу 14 шрифпен, жолдарының арасы біржарым аралықта(интервал) басылып, теріледі. Мәтінді басу кезінде ақ парақтың шеттерінде келесі көлемдегі ашық жер қалуы керек: сол жағында-кемінде 30 мм, оң жағында- 10-15 мм, жоғарғы жағында-кемінде 15 мм, төменгі жағында- кемінде 20 мм.

Мәтіннің әріптері, таңбалары мен сандалары біркелкі, әрі жақсы көрінетін болуы керек.

Парақтардаға бет саны парақтың жоғарғы оң жақ тұсында беріледі.

2. Жұмыс ашпа бет (титул парағы) парағымен ашылады.

3. Барлық цитаттар, цифрлы мәліметтер, сондай-ақ жалпыға таныс емес кел келген фактілік мағлұматтар, келтірілген сөздерге берілген сілтеулер (құжат, естеліктер, зерттеулер т. б. ) сілтеме түрінде безендіріледі.

Мақсатқа лайық сілтеме тұтас нөмірленіп, қорытынды соңынан орналасады.

Сілтемені орналастыру тәртібі төмендегідей:

- автор тегі, аты (егер, пайдаланған басылымның ашпа бетінде көрсетілсе) ;

- жұмыстың немесе құжаттың аты (тақырыбы) ;

- басылым орны: Москва, Санкт-Петербург (Ленинград) және Киев үшін тиісті қысқартулар қабылданған. М., СПб. (1), К., қалған жағдайларда қала аты толық көрсетіледі;

- шыққан жылы (топ цифрлары көрсетіледі) ;

- пайдаланылған беттерінің немірі беріледі, сілтемелер бір-бірінен қандай таңбалар немесе белгілермен ажыратылу керек - бұл жағдайда ГОСТ екі нұсқаны қарастырады. Мысал:

История Казахстана. Т. З. Алматы, 2000. С. 53-55 Казахстанская Правда. 28 декабря, 1989 г.

Байтурсунов А. Ак жол. Алматы, 1991. С. 243.

Егер журналдан мақала пайдаланса, онда жұмыс тақырыбынан соң екі қисық сызық (//) қойылады, сосын журнал аты, шыққан жылы, нөмірі, беті.

Мысал:

Краснов А. Н. Очерки быта семиреченских казахов. // Известия Русского географического общества. Т. 23, 1887, с. 463.

Новый метод в мусульманских мектебах // Русский Туркестан, 1905, с. 199, 200.

Бір әдебиетке бірнеше сілтеме жасалғанда, онда біріншісі толық жазылып көрсетіледі де, кейінгілерін қысқартып көрсетеді: Зиманов С. З. Указ. соч. с. 63. соч. 12. Егер мұндай сілтеме қатарынан бірнеше рет келсе, онда «сонда» деп жазып тек қана бет санын көрсетеді.

4. Еңбектің соңында деректер мен әдебиеттер тізімін орналастырады.

1) деректер (құжаттар, мемуарлары және т. б. ) алфавит тәртібімен орналасады;

2) тиісті әдебиеттер (сондай-ақ зерттеулер) де алфавит тәртібінде; Бұнда да сілтемелерді безендіргендей етіп көрсетеді; тек беттерінің саны көрсетпесе де болады.

5. Жұмыс көлемі 25 беттен 60 бетке дейін құрайды.

6. Курс жұмысының көрінісі тартымды және жеңіл оқылатындай болу керек.

Курстық жұмысты жазу барысында сөздерді қысқартып жазуға және жөндеуге жол берілмейді. Тиісті жерлерінде жаңа жолдан (абзац) басталып жазылады. Курстық жұмыс сауатты жазылуы керек; қатенің көп болуы жұмысқа берілетін бағаға әсер етеді.

Ғылыми жетекшінің міндеті

Ғылыми жетекші төмендегі міндеттерді орындайды:

а) курстық жұмыстардың тақырыбын ұсынады;

б) жұмыстың жазылу тәртібімен және жұмысқа қойылатын талаптармен таныстырады;

в) курстық жұмысты дайындау кестесін белгілеп, оның орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

г) студенттерге жұмыс барысында кеңес береді;

д) жұмысты тексереді және тиісті ескертулерді жасайды;

е) жұмысты қорғауға жібереді.

Көріп отырғанымыздай, жетекшінің міндеті әртүрлі және өте көп. Бірақ ол курстық жұмыс авторының өзін алмастыра алмайды. Ешқандай шығарма оны жасаушысы болмаса, орнын толтыра алмайды. Егер студент зерттеу жұмысына қабілеттілік танытпаса, тәртіпсіз болса және көрсетілген талаптарды орындамаса, студентті корғауға жібермеуге де жетекшінің құқы бар. Курстық жұмыстың жетістігі бәрінен бұрын студенттің қабілетіне ынтасына және оның тәртібіне байланысты.

Курстык жұмыс жазудағы негізгі кезеңдер

Жұмыстың әрбір нақты кезеңдерін ғылыми жетекші анықтайды.

1. Тақырып таңдау. Студент жеке қызығушылығымен және икемділігімен, сонымен қатар жетекші кеңесімен тақырып алады.

2. Тақырыппен алдын-ала танысу. Студент алдымен өз тақырыбының тарихтын даму барысындағы орнын түсіну. Сондықтан мәселені зерттеуде мақсатқа лайықты жұмыстан бастау керек. Яғни зерттеу кеңірек шеңберде түсіндірілуі керек. Егер сіз зерттеу нысаны етіп "Патшалы Ресейдің 1867 -1868 жж. әкімшілік реформалары" тақырыбын алсаңыз, жұмысқа кіріспе алдында қазақ елінің 19 ғасырдағы жалпы тарихымен танысуыңыз керек. Бұл мақсатқа жету үшін мыналар қызмет көрсетеді. "Қазақстан тарихы" (3 б. Алматы, 2000 ж. ) немесе "Қазақ ССР тарихы" (3 т. Алматы) . Егер кейбір тақырыптар бойынша жалпы әдебиеттер табылмаса, онда "Бүкіл дүние жүзі тарихымен" немесе жақсы оқулықпен қанағаттануға болады2.

3. Әдебиеттер көрсеткішін құрастырғанда алдыңғы бөлімдерді жазғанда қатар жазып отыру керек. Әдебиеттер тізімін жасағанда кітапханадағы каталогты пайдалануға болады (жүйелі түрде, алфавиттік ретпен), сілтемелер мен библиографиялық анықтамаларды оқыған еңбектерінен жасайды. Тарихи зерттеулерді барынша көп пайдаланып тізімін жасау қажет. Оқыған әдебиеттердің көлемі көп болған сайын, студенттің еңбегінде толық қамтылады.

4. Әдебиеттерді оқу және материал жинау. Такырыппен танысып болған соң, деректермен және негізгі әдебиеттермен жұмыс жасайды.

а) құжаттар зерттеушінің столында әрдайым жатуы керек;

б) тарихшы шындыққа негізделген материалды тек құжаттардан ғана емес, мақала мен монографиялардан да ала алады. Құжат пен әдебиеттерді қарастыру барысында материалдар жинақталады.

Курстық жұмысты жазу барысында ескерілуі қажет мәселелер:

Біріншіден, зерттелген еңбекті көшіріп алуға немесе конспект жасауға болмайды. Алған фактілер мен маңызды қорытындыларды көңілге жинақтау керек. Жинакталған материалды өз тілімен жазу керек.

Екіншіден, тиісті үзінділерді тақырып бойынша материалдарды карточкаға жазып алу қажет. Курстық жұмысты жазу барысында, жоспар бойынша қажет тақырыпша бойынша картоякаларды оңай тауып алу үшін, әр карточкаға бір фактіні немесе бір пікірді жазып кою керек. Осы жүйемен жүмыс істеген студент әрі уақыттан ұтады әрі зерттеу жұмысы жүйелі жүреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Академиялық жазу және мәтін
Қазақ тілін оқытуда қолданылатын оқу-әдістмемелік кешендер
БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ӘЗІРЛЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихи дамуына үлес қосқан ғалымдар еңбектерінің орны
Арнайы калькулятор бағдарламасының коды
Ақикат кестесін құру
Информация, информатика
«МАКРОЭКОНОМИКА» ПӘНІ КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Бастауыш сыныпта грамматиканы оқыту
Міндеттер - жоспарланған шаралар тізімі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz