Дене мәдениеті-коғам мәдениетінін бөлігі
1 Дене мәдениеті.коғам мәдениетінін белігі.
2 Спорттың әлеуметтік жане педагогикалык құбылыс ретіндегі рөлі.
3 Дене тәрбиесі.

Дене мәдениеті дегеніміз өзінің ілімі және тарихы, өз маманы мен мекемесі, әдебиеті мен оқу базасы бар күрделі құбылыс. Дене мәдениетінің коғамдағы орны мен мәнін дұрыс үғу үшін жалпы адам мәдениеті жайлы ұғымды білу керек. Мәдениет (культура-возделование, обработка яғни қайта жасау, өндеу) дегеніміз нe?
Қоғамның дамуына қарай мәдениет деген ұғым, жаңа мазмұнда толықтырылды. Жалпы көпшілік қолданыста мәдениет-жеке адамның жүріс- тұрысы, киім киюдегі эстетикалық талғамы, ұқыптылығы, білімділігі, мінез-құлқы, кішіпейілдігі, өз-өзін ұстамдылығы және қоғамдық, кәсіби, сауда, өндіріс жұмыстарындағы мәдени қызметі.
Ғылыми негізде "Мәдениетке" барлық қоғамдық өмірдің формалары, адам қызметі түрлері жатады. Бұл бір жағынан адамның материалдық және рухани қызметі процесінің, екінші жағынан - осы кызметтік қорытындысы, жемісі. Мәдениеттің мазмұнына байланысты кең ұғымдағы сөзге мыналар кіреді: философия, ғылым, саясат, мораль, өнер, спорт, кұқық, жеке адамның жан-жақты дамуы, адамның ойлау қабілетінің деңгейі мен сипаттамасы, оның сөз мәнері жатады. Мәдениетті адамға табиғат берген жоқ. Ол - адамның қоғамдық және жеке шығармашылығы.
Мәдениеттің негізі қоғамның материалдык жағдайы болып саналады. Материалдық мәдениетті (зат, құрал, біліктілік, бұлар материалдық өндірістін онімі болып саналады немесе материалдық өмірге қызмет етеді) және жан азығы (жан азығы шығармашылығының өнімі) мәдениетін ажырату белгіленген.
Адам мәдениет кеңістігінде мына үш аспектіде әрекет-кимыл жасайды:
- мәдениетті ұғады, өткен адам ұрпақтары тәжірибесі негізінде қалыптасып құралған жанды және бағалы материалдық дүниені меңгереді;
- өзі жаңа мәдени байланыстарды табады, құрады сөйтіп ол мәдениеттің одан әрі дамуына негіз болады;

2.1 Дене мәдениеті-коғам мәдениетінін белігі.
Дене мәдениеті дегеніміз өзінің ілімі және тарихы, өз маманы мен
мекемесі, әдебиеті мен оқу базасы бар күрделі құбылыс. Дене мәдениетінің
коғамдағы орны мен мәнін дұрыс үғу үшін жалпы адам мәдениеті жайлы ұғымды
білу керек. Мәдениет (культура-возделование, обработка яғни қайта жасау,
өндеу) дегеніміз нe?
Қоғамның дамуына қарай мәдениет деген ұғым, жаңа мазмұнда
толықтырылды. Жалпы көпшілік қолданыста мәдениет-жеке адамның жүріс-
тұрысы, киім киюдегі эстетикалық талғамы, ұқыптылығы, білімділігі, мінез-
құлқы, кішіпейілдігі, өз-өзін ұстамдылығы және қоғамдық, кәсіби, сауда,
өндіріс жұмыстарындағы мәдени қызметі.
Ғылыми негізде "Мәдениетке" барлық қоғамдық өмірдің формалары, адам
қызметі түрлері жатады. Бұл бір жағынан адамның материалдық және рухани
қызметі процесінің, екінші жағынан - осы кызметтік қорытындысы, жемісі.
Мәдениеттің мазмұнына байланысты кең ұғымдағы сөзге мыналар кіреді:
философия, ғылым, саясат, мораль, өнер, спорт, кұқық, жеке адамның жан-
жақты дамуы, адамның ойлау қабілетінің деңгейі мен сипаттамасы, оның сөз
мәнері жатады. Мәдениетті адамға табиғат берген жоқ. Ол - адамның қоғамдық
және жеке шығармашылығы.
Мәдениеттің негізі қоғамның материалдык жағдайы болып саналады.
Материалдық мәдениетті (зат, құрал, біліктілік, бұлар материалдық
өндірістін онімі болып саналады немесе материалдық өмірге қызмет етеді)
және жан азығы (жан азығы шығармашылығының өнімі) мәдениетін ажырату
белгіленген.
Адам мәдениет кеңістігінде мына үш аспектіде әрекет-кимыл жасайды:
- мәдениетті ұғады, өткен адам ұрпақтары тәжірибесі негізінде
қалыптасып құралған жанды және бағалы материалдық дүниені меңгереді;
- өзі жаңа мәдени байланыстарды табады, құрады сөйтіп ол мәдениеттің
одан әрі дамуына негіз болады;
- мәдениеттің одан әрі даму, өркендеу қоры болатындай
жаңа мәдени құндылықтарды өзі жасап, өзі жүзеге асырады.
Сонымен мәдениет дегеніміз - бұл жасампаз адамның шығармашылық еңбегі.
Адамның дене және ой-сана қабілетінің дамуы, олардың өнегелік пен
әсемдік қасиеттерінің сапасын, мәдени-тарихтың даму негізін және мазмұнын
құрайды. Сондықтан, коғамның материалдык және рухани мәдениеті, мәдениеттің
ажырамас, міндетті құрамдас бір бөлігі болып табылады.
Дене мәдениеті, дене жаттығулары мен кимыл-қозғалыстары арқылы,
сонымен бірге табиғаттың табиғи күштерін, тазалығын және еңбек тәртібін,
тұрмысын, демалысын ескере және тиімді пайдалана отырып, адамдарды өмірге
және еңбекке баулып дайындауға бағытталған. Дене мәдениетінде қызметтік
(саналық, педагогикалык, ұйымдастырушылық, шаруашылық және т.б.) және
нәтижелік (спорттық жетістіктер мен табыстар, дененің шынығу дәрежесі мен
көрсеткіштері, әдістік тәсілдері мен амалдары және т.б.) жақтары бар. Дене
мәдениеті және спорт белгілі мағынада бүтін бір қоғамның жағдайына әсер
етеді және оның әлеуметтік, саяси және адамгершілік кұрылымын көрсететін
бір түрі болып табылады.
Біздің коғамымызда дене мәдениеті мен спорт бүкілхалықтық игілікке
айналды, ал оны одан әрі дамытып өркендетуге атсалысу - қоғамның әрбір
саналы да зерделі азаматтарыньщ міндеті мен құқығы.
Дене мәдениеті саласында ерекше және жалпы мәдени мұрат-мақсаттары
бірге орындала береді. Солардың ішінде, мысалыға, халықты мәдени
құндылыктар өндірісі ортасына (қатысушы, жасаушы) тарту, зиялы кадрларды
даярлау мен тәрбиелеу, белгілі бір көпшілік пен қауымды білімге, ептілікке,
дағдыға. қажеттілікті дамытуға, өзін жеке тұлға ретінде танытуға және
көрсетуге, шығармашылықты, тарихты, ұлтаралық қарым-қатынасты және т.б.
көрсету үшін, әртүрлі шарттарды, әдістерді, жолдар мен амалдарды
пайдалануға жұмылдыру сияқтылар бар.
Сонымен бірге, дене мәдениеті қызметінде тәжірибенің жинақталуы мен
оның кейінгі ұрпаққа таралып отыруы, жаңа әдістердін, амалдар мен
тәсілдердің; жарыққа шығып пайдаланылып жүзеге асырылуы, адамдардың ақыл-
ойына, психологиясына ықпал етілуі үнемі айқын көрінетіні байқалады.
Жеке тұлғаның рухани дамып жетілуі, оның жұмыс уакытындағы қызмет
түрінде ғана емес, сол сияқты бос уакытында да анықталады. Адамның мәдениет
деңгейінің қаншалықты екені оның демалыс уақытының өзін ұтымды, әрі тиімді
және толыққанды пайдалана білуінен байқалады. Дене мәдениеті және спорт
әлеуметтік-тұрмыстық және мәдени қызметгер жүйесінде бос уақытты тиімді
пайдалануды қамтамасыз етуде маңызды орын алады.
Дене мәдениетінің адам қызметтерінің әртүрлі саласымен күрделі, әрі
жан- жақты байланысы, өзінің ой-санасы мен даму заңы, өзара ішкі күрделі
байланысы мен өзара теуелділігі, өзінің әдісі мен тарихы бар.
Адам қоғамының тарихында тіршілік етіп өмір сүрген халыктар мен
мемлекеттердің қайсы бірін алсақ та, дене мәденетінің ең қарапайым түріне
болса да, қатысы болған. Дене мәдениетінің даму деңгейі мен оның қалыпты
деңгейі қай кезде болғанда да географиялық ортаға, еңбек пен тұрмыстық
өмірдің шарттары мен жағдайына, өндірістік күш пен мәдениеттің,
әлеуметтік экономикалық және әртүрлі қозғаушы күштердің даму мен жетілу
дәрежесіне байланысты болып келген.
Дене мәдениеті материалдық қарым – қатынас пен еңбек, өнер мен дәстүр
мәдениеттері сияқты, адамның дүниеге келуі мен қалыптасып жетілуі қоғамында
пайда болады және дамиды.
Еңбек түрлерінің жетілу деңгейінен және табиғи жағдайлардың
өзгеруінен, адамдардың қоршаған өмірге, еңбек құралы мен өндіріс
жабдықтарын дұрыс пайдалана білу дайындағаның рөлі артты. әрине, барлық бұл
процестер барынша жәй, мыңдаған жылдар бойы дамыды. өткен уақыттар
барысында адамдар – еңбекке дайыдалу мен оның нәтижесінін арасындағы
байланысты саналы түрде терең меңгерді және еңбек тәрбиесінің маңызы мен
мәнін тереңірек түсіне бастады. Ең бірінші және алғашқы ерте дүниедегі дене
мәдениеті амалдарының бірі cm адамдардың еңбек кажеттілігінен туған,
қызметтік іс-әрекетіне байланысты табиғи қозғалыстар еді. Алғашқы қауымда
дене тәрбиесін ең бірінші ұйымдастыру түрі, ол ойындар мен ойындық-қимыл
қозғалыстар болды. Бұл ойындарда адамның еңбек қызметінің шартты түрі
бейнеленген. Бірақ ерте дүниедегі ең алғашкы қауым ойындарының өзі де
қарапайым еңбек қызметіне ұқсас болған емес. Еңбек, ойындарда механикалық
айқындалған түрінде емес, шығармашылык талдау қорытындысы барысында
көрінеді. Ойын, алғашқы қауым адамдарының одан әрі дамуының бүтіндей бір
өзіндік маңызы бар қызметіне айналды.
Алғашқы қауымдық қоғамдағы ойындар мен денешынықтыру жаттығуларының
қаншалықты қарапайым болғанымен, олардың адамдарды қалыптастыру мен
дамытудағы тәрбиелік және ұйымдастырушылык мәні мен маңызы өте зор болды.
Ойындар мен денешынықтыру жаттығулары ойлауды, тапқырлық пен зеректіктің
дамуына және ептілікті, жігерді нығайтуға, іс-әрекеттерғе ұйымдасқан түрде
атсалысу әдеттеріне тәрбиелеуге мүмкіндіктер туғызды.
Дене мәдениеті құлиеленушілер коғамында таптық сипатқа және өскери
бағытқа ие болды. Оны құлиеленушілер мемлекет ішіндегі қаналушы бұқараны
басып-жаншып отыру және жаулап алу басқыншылық соғыстарын жүргізу үшін,
әскери күшті жасақтаудың ерекше бір амалдары ретінде пайдаланды. Бұл үшін
әскери-денешыныктыру тәрбие жүйссі, арнайы оқу орындары құрылды, арнайы
ғимаратгар мен құрылыстар салынып, әртүрлі дене жаттығулары өткізілді. Дене
тәрбиесі кәсібі пайда болды.
Құлиеленуші құрылысы басқа салалар сияқты, дене тәрбиесіне де өзінің
таптық құрылыска мәнді бет-бейнесін көрсететін көзқарасы мен құрылымын
тудырды. Ежелгі Грецияда денені шынықтыру жаттығуларымен шұғылдануды
поэзия, музыка, драматурғия, шешендік өнермен, әскери іспен, мемлекетгік
қызметпен бірдей бағалады. Ежелгі грек философы Платон жаза алмаған және
жүгіре, жүзе білмегендерді "кемтар" деп атап өткен. Көптеген грек
құлиеленушілері, жер исленушілерге және колөнершілерге қарағанда шындығында
да жан-жақты, әрі үйлесімді дамыған адамдар болған.
Бұл дәуірде еңбекші бұкара халык, денешынықтыру тәрбиесі ортасынан
толығымен шығарылған еді. Еңбекке қажеттілігінен туған дене мәдениеті,
еңбекпен уақытша байланысын үзуге тура келді. Ерте дүние олимпиада ойындары
мен жарыстарына ерте дүние гректері медицинасының негізін қалаушы
Гиппократ, философ Сократ, математик Пифагор, драматургтер Софокл мен
Европидтер қатысты. Грецияда әрбір жазушы мен акын спортты мадақтап
дәріптеуді өзіне құрмет, абырой деп санады. Ежелгі грек ақындары Томер
Геродот, Ксенофонттардың өздерінің шығармаларын дене тәрбиесі мен әртүрлі
жарыстарға арналғаны туралы мәліметтер кеп. Философ Платон өзінің саналы
мемлекетгі құру жобасын жасағанда барлық адамдардың жастайынан міндетті
дене тәрбиесімен шұғылданып, айналысуы керек екеніне ерекше көңіл аударды.
Феодалдық дәуірде, халықтың денешыныктыру дайындығы, еңбек қызмет мен
әртүрлі қарапайым жарыстары, тұрмыстық, мәдени немесе әскери түріндегі
қимылдық-қозғалыстық ойындары негізінде жүзеге асырыдды. Бұл бүтіндей заңді
құбылыс, себебі дене тәрбиесі, тікелей еңбек қажеттілігінен туындаған, ал
ол, те құл иелену кезеңінде ғана өнерлі, жасанды түрде халықтан
аластатылды. Көптеген халықтық көңіл кетеру сауықтык ойындары мен
денешынықтыру жаттығуларының жүздеген жылдар бойына өздерінің еңбек пен
тұрмысқа тікелей немесе жанама түріндегі байланыстарының сақталып келгені
кездейсоқ емес.
Мысалыға, Қазақ жерінде белгілі бір уакытта, бір жерде тарихи қазақ
шайқастарындағы жауынгерлерінің ерліктерін, сонымен бірге Қазақ елінің
ғылымы мен білімінің, өнері мен мәдениетінің, діні мен ділінің, рухы мен
тілінін өркендеп өсіп, дамуына орасан зор үлес косып өткен асыл да, ардақты
азаматтары мен перзенттерін еске алуға байланысты ас, жиын, жәрмеңке,
тойлар мен басі қосуларда ұлттық ойындар өткізіліп отырған. Ол ұлттық
ойындарда, жарыстар мең бәсекелерде қазак. халқының мінезінің ақ
көңілділігі мен қарапайымдылығыі кішіпейілдігі, батырлығы, суырып салма
ақындығы мен шешендігі, күштілігі, жігерлігі, ептілігі мен жылдамдығы
сезімдерінін. кең өрісі байқалады.
Бұл ойындар кептеген Қазақ әдебиеттері мен өнер шығармаларында
сақталып қалды. Ақан Серінің "Құлагер" поэмасында, халықтық эпостар:
"Алпамыс батыр", "Қобыланды батыр", "Ер Тарғын", "Ер Тестік" және тағы
басқаларды естеріңізге түсіріңіздер.
Орта ғасыр және жаңа заман ойшылдары (Ф.Рабле, Т.Мор, Т.Кампанелла)
саналы адамзат қоғамын құруда өз пікірлірінде дене тәрбиесін саналы
қоғамның ажырамас бір бөлігі деп есептеп, халықтың денесін шынықтыруды
дамыту қамына қамқорлық жасау, мемлекеттің міндеті болады деп тұжырымдаған.
Феодалдық дәуірде үстемдік етуші таптар, халықтык дене тәрбиесі
амалдары мен тәсілдерін және әскери денешынықтыру жаттығуларын (найзамен,
қылышпен және т.б.), феодалдардың қажеттілігіне бейімделген, жағдайға,
тілек-ниетке сәйкестелген мағынадағы әскери-гимнастика, атқа салт мініп
жүру түрлеріне үйрететін мұғалімі кәсібі пайда болды.
Дене мәдениетін капитализм кезеңінде буржуаздардың өздерінің саяси
үстемдік етулерінің негізін нығайту мақсатындағы қызметке қойылды және
адамдарды буржуазиялық құрылысқа берілу рухында тәрбиелеуге пайдаланды. Ал
пролетариаттың, үстемдік етуші тап сияқты дене мәдениетін өз орталарында
кең және еркін дамытуға мүмкіндіктері болмады. Капитализм дәуіріндегі дене
мәдениетінін даму ерекшеліктерінің бірі қалалардың дамуына және халықтың
урбанизациялануына (қалалықтарша өмір сүруге көшу процесі) байланысты,
қалалар мен ауылдық жерлердегі дене мәдениеті түрлерінің арасындағы
айырмашылықтардың терендей түсуінде болды. Өткен кезеңдердегідей ауылдық
жердегі денешыныктыру жаттығулары, ойындары мен ойын-сауықтарының негізгі
түрлерінің сол күйінде қалғанымен, қалаларда денешынықтьіру жаттығулары
қалалык еңбектің түріне қарай тым көбірек калыптасты. Сонымен бірге, халық
пен үстемдік етуші тап арасындағы дене мәдениетінің айырмашылығы тереңдей
түсті.
Бұл жерде маңызды бір жағдайға кеңіл аудару керек. Егер алдыңғы өткен
үстем таптарды қоғамдық-экономикалық формация (құрылыс) кезінде, халықтың
денешынықтыру мәселесі қызықтырмаған және тіпті халықтық ойындар мен ойын -
сауықтарға қарсы күрескен болса, ал капитализм кезеңінде буржуаздар бұқара
халықтың денешынықтыру тәрбиесі мәселелерімен шұғылдануна жағдай жасап
және оны дамытуға мәжбүр болды.
Өйткені, отаршылық үшін соғысқа, көптеген әскерді құруда, әскери -
денешынықтыру дайындығы бар жауынгерлер талап етілді. Сонымен бірге,
көпшілік бұқара халықты берілгендік, бағыныштылық, көнгіштік рухында
тәрбиелеуге тарту, ұлтшылдық және кек, қарымта қайтару сияқты сезімдерді
халықтың санасына енгізу мақсатында буржуаздар әртүрлі спорттық және
гимнастикалық ұйымдарды пайдаланды.
Буржуазиялық спорттың дамуы, халықаралық спорттық ұйымдардың құрылуына
себепті болды. Ал халықаралық спорттық ұйымдардың құрылуының, әртүрлі
елдердегі спорттық қозғалыстардың кең түрде таралуына ықпалы орасан зор
еді. Осы кезеңдерде Халықаралық олимпиадалық комитеттер ұйымдастырылып,
олимпиадалық ойындар жаңадан өткізіле басталды.
Буржуазиялық спортпен бірге бұқаралық спортта қайта жаңғырып, дамып,
алғашқы халыкаралық спорттық жұмысшы ұйымдар құрылды.
Дене мәдениетінің басқа қоғамдық құбылыстар сияқты, өзінің әлеуметтік
қызметі бар. Біздің қоғамда бұл қызметтер адамның жан-жақты рухани және
денесінің үйлесімді дамуының жетілуіне көмек береді.
1. Қоғамдык құбылыстар сияқты дене мәдениетінің ең басты әлеуметтік
қызметі барлық Қазақстан халықтарының тәрбиесіне ықпал ету болып табылады.
Әрине тәрбиелеу қызметі тек бір дене мәденитіне тән деп айтуға болмайды.
Адамды өмірдің өзі, әртүрлі қарым-қатынастар арқылы, яғни мектеп, жоғары
оқу орны, кәсіподақ және жастар ұйымдары тәрбиелейді.
Дене мәдениеті жеке тұлғаның дүниеге көзқарасын, саяси тәрбиесін және
идеологиялық дайындығын қалыптастыруға ықпал етеді. Дене мәдениеті және
спорт ортасында, адамдар үнемі әртүрлі өзара қарым-қатынастар мен
байланыстарда болады. Бұл өзара қарым-қатынастар мен байланыстар бірдей,
бір реттегі, тәртітегі ұйымдасқан түрде немесе қарама-қайшы ретсіз,
тәртіпсіз күйде болады. Осыдан барып тәрбиенің онды жактарының ықпалының
тиімді немесе кері әсер етілуін байқауға, яғни дене мәдениетінің тәрбиелік
ықпалының онды жақтарының бағыттары кебінесе кәсіби мамандардың (педагопар,
жаттықтырушылар, ұйымдастырушылар, жетекшілер) педагогикалық және саяси
жетілуіне байланысты болады.
Дене мәдениеті адамдардың ақыл-ой қабілетін тәрбиелеуге мүмкіндік
туғызады, себебі ол ғылым мен техниканың әртүрлі саласында терең білімді
талап стеді. Осыдан барып жеке тұлғаға қажетті дене дайындығын жетілдіру,
денсаулығын нығайту, спорттық жетістіктерге қол жеткізу сияқты мүдделер мен
құндылықтарды қалыптастырады.
Спортта өнегелілікке тәрбиелеудің маңызы өте зор. Дене мәдениеті мен
спорттық қызмет барысында жеке тұлғада адалдық, ерлік, сенімділік,
қоғамдық игілілікке ынталылык, жеке басы мен ұжым алдындағы жауапкершілікті
арттыру тәртіптілік, жоғары рухани мәдениет сияқты және т.б. сапалар мен
адамгершіліі қасиеттері қалыптасады.
Дене мәдениеті эстетикалык (көркемдік таным) тәрбиеге де ықпал етеді
өйткені онда дене дайындығы жетілген адам, таңғажайып зәулім спорт сарайы
гүлденген спорттық шеру мен мерекелер, әсем де кез тундырарлық қимыл-
қозғалыстар, сұлу да әдемі көркем жаттығулар, ұмтылыс әрекеттсрі және т.б.
coл сияқты, өте сымбатгы керемет туындылар мен түсініктер бар.
Дене мәдениеті саласындағы тәрбиелік мұрат мақсаттар мен көкейкесті
мәселелер, тек қана оның кейбір ерекшеліктерімен ғана емес, сонымен бірге,
жалпы педагогикалык және жалпы саяси жолдармен және әдістермен шешіледі.
Біздің қоғамымыздың жағдайында жеке тұлғаны интеграциялау мен
социализациялаудың ерекше күрделі және маңызды процестерін жүзеге асыруда,
дене мәдениетінің айтарлықтай маңызы бар.
Жеке тұлғаны интеграциялау дегеніміз, көпшілік қауым санасын бір бағыт
пен жолға біріктіру, қоғам көзқарасы мен өнегелілікті кен түрде тарату,
өркениетті ел мен қоғам мүддесін жеке өз көзқарасына және сеніміне
айналдыру деп түсінуге болады. Халыққа тәрбие беруде, мәселе шешуде, жеке
тұлғаны интеграциялау процесінде дене мәдениеті маңызды роль атқарады.
Жеке тұлғаны социализациялау - бұл адамдарды қоғамдық өмірге және
қызметке тартып қатыстыру, қоғамда бір-бірімен жан-жакты, өзара қарым-
қатынаста және өзара тәуелді болуы. Дене мәдениеті саласында қоғамдық жұмыс
пен адамдардың қарым-қатынасы процесінің өзі (тек қана таза спорттык қызмет
емес, сонымен бірге көрермен ретінде жанкүйірлік процесінде) жеке тұлғаны
социализациялау жолдарының бірі болып табылады.
2. Адамдарды жоғары өнімді шығармашылык еңбекке және Отанды қорғауға
дайындау дене мәдениеті және спорттын әлеуметгік қызметіне жатады.
Сондықтан, тек қана дене күшін емес, сонымен бірге, қимылдык және кәсіби-
қолданбалы дағдыларды дамытудың әртүрлі амалдары мен әдістері пайдалынады.
3. Ең маңызды әлеуметтік кажеттілік, қатынастық қызмет - адамдармені
қарым-қатынас қажеттілігін қамтиды.
Дене мәдениеті, біздің қоғамымыздың мәдениеті ретінде, өзінің табиғи
болмысынан адамдардын бір-бірінің мүддесі негізінде, көпшілікпен кең
ауқымда байланыста болу сияқты, карым-катынас қасиеттері мен сапаларын
дамытуға мүмкіндіктер туғызады. Көпшілікпен қатысу процесінде адам тек
өзінің рухани және дене қабілетін дамытып қоймай, сонымен бірге, адамдарды
бір-бірімен біріктіріп ұйымдастыратын жарыстастықка тарту, көмек беру, жеке
тұлғанын ұжым алдындағы, ұжымнын жеке тұлға алдындағы жауапкершіліктерін
дамьггу, бір-біріне сену және бір-біріне көмек беру, қол жеткізген тамаша
жетістіктерінен бірлесе отырып ләззат алу сияқты, қоғамдық мүдделер
құндылықтар мен арман - мұраттар пайда болады және қалыптасады. Жеке,
тұлғаның мәдени дамуының ең қажетті түрі-қатынас болса, ол жеке тұлға
арқылы-барлық қоғамға қатысты болады.
4. Адамдардың әлеуметгік белсенділігін қалыптастыруға, шын мәніндегі
адамның мүддесі, сол сияқты, жеке тұлға мүддесі, сонымен бірге жоғары
тіршілік әрікеті мен өмірге икемділік негізінде жатқан білім, сенім, мықты
денсаулық, жақсы дамыған дене дайындығы мен қозғалыстык дағды қызметіне
шығармашылық қатынас пен барлық уакыттағы әлеуметтік-психологиялық дайындық
қажет.
Көпшілік бұқара халықтың әлеуметтік белсеңділігін көтеру осы заманға
тән құнды қасиеттердің бірі болып табылады, яғни күнделікті еңбекте,
танымда, қоғамдық қатынас ортасында, дене мәдениеті мен спортта байқалады.
Еліміздің дене мәдениеті қозғалысын дамытудағы нәтижелі еңбегінің арқасында
көптеген Республика тұрғындары, осы қызмет түрінде өздерінің қабілетін
ашуға, мемлекет Мүддесі мен мақсаттары міндеттерін шешуге белсене араласып,
ат салысуға көптеген мүмкіндіктер алды.
Денешынықтырушылар мен спортшылар қоғамдық-саяси жұмыстардың науқанына
белсенді түрде қатысады. Олар Отанды қорғаудағы әскери істерде ірлік
жасайды, адамгершілікке, сонымен бірге, денешынықтыру және спорт
дайындығында, еңбекте және өмір кезеңдерінде басқаларға үлгі болады.
Мысалы, спорттағы әлеуметгік белсенділіктерді, бұқаралық спорттан,
рекордтардың, спорттық жетістіктердің өсуінен, сондай-ақ жеке адамдардың,
яғни жаттықтырушылардың, дәрігерлер мен ғалымдардың, ұйымдастырушылардың
күш салып тырысып атқарған еңбектерінен байқауға болады. Спортта ғана адам
өз мүмкіндігінің шегіне жетеді немесе шегіне жақын жағдайда мүмкіндік күші
ашылып көрінеді. Мысалы, рекорд жасау бұл тек бір емес бірнеше адамның,
сонымен бірге, тұтас ұжымның, айта берсек қоғамның, адамзатгың нақты
мүмкіндігінің көрінуі болып табылады.
Сонымен бірге, белсенділік дене мәдениегі мен спорт ортасынан бөлек
дүние емес. Ол қоғамдық-саяси және еңбек белсенділігімен тығыз байланысты.
5. Адамдардың туғаннан бойына біткен қимылдық-қозғалыс қызметінің
күштері жинағыиың (потенциал) өз өмірінде толық пайдаланбаған мүмкіндігін
дсне мәдениеті мен спорт ашуға мүмкіндік жасайды және толығымен дамытады,
сонымен бірге, кимылдык сапасы мен күшінің, шыдамдылығы мен жылдамдығының
шегіне жету мүмкіндігінен мәліметтерді кеңейтеді.
1896, 1900 жылдары еткен І-ІІ олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен
рекордшыларының қол жеткізген көрсеткіштерін естеріңізге алыңыздар. Қазіргі
уақытта ол керсеткіштерді қатардағы ІІ-ІІІ дәрежелі спортшылар орындан
отыр.
Ғалымдардын анықтағанындай, адам өзінің өмірінде, орталық жүйке жүйесі
мүмкіндіктерінің шамамен 15 пайызын ғана пайдаланады екен. Жүйке жүйесі
ағза қызметінің және күрделі өзара байланыс пен өзара қарым-қатынасты жолға
қою процесі кезінде жетіледі. Осындай қызметтің түрімен дене мәдениеті мен
спорт айналысады.
6. Денсаулықты нығайту, картаю процесімен күресу, адам өмірінін жасын
ұзарту-бұл қазіргі біздің қоғамымыздың ең басты міндеттерінің бірі.
Денсаулыкты сақтау шараларының жиынтығында, денешынықтыру жаттығулары мен
спорттың маңызы өте зор. ХVІІІ ғасырда өмір сүрген француз дәрігері Тиссо
Қимыл- қозғалыс өзінің әсер етуімен кез келген дәріні, кез келген әдіс-
амалды алмастыр алады. Ал дүние жүзінің емдеу әдіс-амалдарының бірде-біреуі
қимыл-қозғалыа әрекетінін адам ағзасына беретін пайдалы әсерін алмастыра
алмайды деп жазды. Денешынықтыру жаттығуларының адамға әсер етуі ерекше,
әр- алуан болады. Дұрыс әдіспен қолданғанда, ол барлық адам ағзасы мен
жүрек-қантамырларынаі дем алу, ас қорыту жүйелеріне пайдалы әсер етеді. Сол
сияқты, денешыныктыру жаттығулары күшті, жылдамдықты, шыдамдылыкты,
тезімділік пен қажырлылықты дамытуда, ағзаның есіп-өнуі және орталык жүйке
жүйесінің қызметін жетілдіруде маңызды рөл атқаратыны баршаға белгілі.
Қазіргі заман ғылымы денешынықтыру жаттығуларының орталык жүйке жүйесіне
екі бағытта әсер ететінін анықтап отыр:
-денешынықтыру жаттығуларьш және спорттық жаттығу сабақтарын дұрыс әрі
орынды пайдалану ақыл-ойдын еңбек ету қабілетін жоғарылатуға мүмкіндік
туғызады.
-денешынықтыру жаттығулары әртүрлі спорт түрлері бойынша жаттығу
сабақтары процесінің өзі, шаршап, қажыған ақыл-ойды қалпына келтірудің
бірден-бір жолы болып табылады.
Сонымен, дене мәдениетінің кепшілік бүкара халыкка кең түрде
таралуы, адамдардың денсаулығын нығайтумен қатар, дененің шынықтыру
дайындығын дамытуға, еңбек ету қабілетін жоғарылатуға, еңбек өнімділігін
арттыруға және біздің мемлекеттің ғылымы мен техникасының қуатының өркендеп
жетілуіне әсер етеді.
2.2 Спорттың әлеуметтік жане педагогикалык құбылыс ретіндегі рөлі.
Спорт - денешынықтыру жаттығуларын қолдануға және оньщ әлеуметтік мәні бар
нәтижесіне (құндылығына) бағытталып негізделген ойындык, жарыстық тәрбиелік
қызмет. Ойын қоғамдык тәжірибені меңгеруге бағытталған қызметтің бір түрі,
онда жеке бастың тәртібін басқарудын негізі қаланады және жетіледі Ойындық
қызмет - бұл шығармашылық белсенділіктің тосыннан, кенеттен көріиігі пайда
болу түрі. Спорт - бұл адамның өзгеруін жүзеге асыратын, ерекше сипаттағы
және мазмұндағы ойын. Ондағы денешынықтыру жаттығулары адамның өзінің жеке
табиғатына (әлеуметтік және биологиялық), ағзаны және тұлғалықты
қалыптастыруға бағьггталған. Ойындардың тәрбиелік мәні, адамдардың
қоғамдағы барлык еңбек қызметіне дайындығының, мәдени-тарихи мұрагерлерді
меңгерудің қозғаушы күштері болып табылатындығында. Спорттағы негізгі
дәрежелерге мына төмендегілер жатады:
Спорттық қызмет - адамның белсенді қызметінің жан-жақты процесі
ретіндегі, қозғалыс қызметін дамытудың ең жоғарғы түрі, ол қоғамның
мақсаты мен қажеттілігіне сәйкес адамның дене және психологиялық құрылысын
дамытады және жетілдіреді. Спорттық қызметтін жекелей жағдайы спорттық
қызмет болып табылады. Спорттық қызмет құрылымдық қатынаста өз қалауындағы
спорттық қызмет (адамның спорттық жаттығулар мен жарыстарға белсене
қатысуы) және ұйымдастырылған педагогикалық қызмет (жетекшілердіқ
ұйымдастырушылардың, жаттықтырушылардың, ғылыми-қызметкерлердің
төрешілердің, хабарландырушылардың, баспасөз, теледидар, радио,
кино өкілдірінің жүмысы).
Спорттық қозғалыс - әлеуметтік козғалыстың ерекше түрі, спорттын
құндылығының жаратылуы, дамуы, сақталуы, алмасуы және кажеттілігі спорттың
көмегімен тұлғалықты қалыптастырудың бірден-бір жолы, қоғамның жұмыс күнін,
жеңіп алған демократияның белсенді қорғаушыларын дайындау тарихы қамтамасыз
етілген процесс. Спорттық қозғалыс - көпшілікке ықпал етудің және
идеологиялық күрестің маңызды бөлігі. Спортты таратудың мемлекеттік және
өздігінен қоғамдық негізіндегі түрлері, дене тәрбиесі жүйесі мен
халықаралық спорттық ұйымдар спорттық қозғалыстың құрылымдык бірліктері
болып табылады.
Спорттық жетістіктер - спорттық қызметтің нәтижесі, бір спорт түрінің
даму деңгейінің көрсеткіші. Ол спортшылардың күшін салыстыру және қарым-
қатынас процесінде (жарыстық немесе басқа форма түрінде) пайда болып,
қозғалыстық қабілеттің үлгілі деңгейі болып табылады. Ал спорт, спорттық
жетістіктердің құрылымдық бірліктеріне спорттык нәтижелер мен спорттық
рекордтор жатады.
Спортшыларды дайындау жүйесі - спортшыларды спорттык жетістіктерге
дайындықтың ен жақсы дәрежесімен қамтамасыз етудің құралдарының,
әдістерінің, ұйымдастыру түрлері мен жағдайларының жиынтығы. Спорттық
жаттығу сабақтары, жарыстар, қалпына келтіру сипатындағы шаралар
спортшыларды дайындаудың құрылымдык бірліктері болып табылады.
Спорттық жаттығу сабақтары — спортшылардың дене және психологиялық
қабілеттерін дамытуды басқаруға бағытталған ұйымдасқан түрдегі
педагогикалық процесс. Бұл ұғымның құрылымдык бірліктері балалар,
жеткіншектер мен жасөспірімдердің, ересектердің, әйелдердің жаттығу сабағы
болып табылады.
Спорттық жаттығу сабақтарының жүйесі - білімнің, принциптердің,
әдістердің және спорттық жетістіктердің жиынтығы, сол сияқты жаттықтыру
процесін ұйымдастыру және басқару жөніндегі тәжірибелік қызметі. Аталған
ұғымның құрылымдық бірлігі: жекелей спорт түрі бойынша спорттық жаттығулар
сабағының жүйесі.
Спорт мектебі - жаттықтырушы - мамандардың тобымен дамытуға,
шығармашылық бағыты (концепция, доктрина) тіршілігіне негізделген
спортшыларды дайындаудың біріңғай жүйесі. Шығармашылық ізденістің, ұзақ
уақыттағы практикалық тәжірибенің нәтижесі болып табылады. Спорт
мектептерінің барынша жоғары мамандандырылған жаттықтырушылар, спортшылар,
спорттық мекемелер, арнайы әдебиеттер, жоғарғы спорттық жетістіктер
куәлендіреді. Ұғымның құрылымдық бірліктері: топтастырылған спорт
түрлеріндегі (спорттық ойындар, спорттық жекпе-жек түрлері, циклді спорт
түрлері) спорт мектептері.
Спорттық жарыстар - спорт саласындағы спорттық нәтижелерді теңестіру,
бағалау және көрсету жолдары, бәсекелестікті басқару. Әлеуметтік-саяси және
өнегілік-тәрбиелік қызметке ие. Сол сияқты, жарыстар спорттық козғалысты
басқарудың ерекше әдістері болып табылады, сондықтан әлеуметтік басқаруға
қатысы бар. Спорттық жарыстар қарым-қатынастың маңызды қозғаушы күші жеке
тұлғаны қалыптастырудың құралы, адамның мүмкіндігін тануы, үлгілі
көріністерді жасау болып табылады, ол спорттық көрініс түрінде көрінеді
Сонымен бірге, жарыстар - бұл спорттық қызметті ынталандыру құралы
спортшыларды іріктеп алу және дайындау әдісі. Ұғымның құрылымдық бірлігі
әртүрлі деңгейдегі және белгіленген жарыстар.
Спорттық квалификация (дайындык денгейі) - спорт белгілі бір уакыттың
кезеңіндегі спорттық жарыстардағы көрсеткіштеріне берілетін тұрақты
сипаттама. Ол спорттық нәтижелердің орташа деңгейінен, нәтижелердің жоғары
және төменгі шамасынан және олардың айырмасынан, жоғарғы, орта, төменгі
нәтижелерге жақын сандарынан, осы нәтижелерді көрсетіп жатқан жарыстардың
ерекшелігінен құралады. Құрылымдық бірлік ұғымы: Бүкілқазақстандық Біріңғай
спорттық классификация дәрежесі мен атағы.
Спорт мәдениетінің ерекше түрі және мәдени қызметгің бір жағы ретінда
басы жарыстық болып көрініп, адамның дене және психологиялық сапаларының
дамуына және қалыптасуына көмек береді. Жарыс - әлеуметтік таңғажайып,
онсыз спортты ойлауға болмайды. Сондықтан, спорттың өзін кейде жарыстарды
жұмыс істеумен және дамытумен қамтамасыз ету қызметі түрінде қарауға
болады. Спорттық жарыстар келесі элементтерден тұрады: жарыстың тақырыбы
(спорттық түрі немесе денешынықтыру жаттығулары); төрешілік (ережесі,
нормасы. қарсыластардың орындарын анықтайтын шарттары мен технологиясы)
спортшылар - жарысқа қатысушылар; жанкүйірлер мен көрермендер. Жарыстьи
негізгі "азығы" алған орын, спорттық жеңіс, рекорд жасау, көпшілік
қызықтайтын ойын-сауық көрінісі.
Бәсекелестік қарым-қатынас спорттық жарыстың ажырамайтын белігі болып
табылады. Жарыс үрдісінде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz