Турбо Паскальдегі өрнектер, арифметикалық және логикалық амалдар мен стандартты математикалық функциялар


Өрнектер

Өрнектер кейбір мәндерді есептеу ережесін белгілейді. Өрнектер тұрақтылардан, айнымалылардан, функциялардан, амалдарды орындау белгілерінен және жақшалардан тұрады.

Арифметикалық амалдар

Төмендегі кестеде Турбо Паскальдің негізгі арифметикалық амалдары көрсетілген.

Белгілер
Операция атауы
Мысал
Белгілер: *
Операция атауы: көбейту
Мысал: 2*3 (нәтиже: 6)
Белгілер: /
Операция атауы: бөлу
Мысал: 30/2 (нәтиже: 1. 5E+01)
Белгілер: +
Операция атауы: қосу
Мысал: 2+3 (нәтиже: 5)
Белгілер: -
Операция атауы: азайту
Мысал: 5-3 (нәтиже: 2)
Белгілер: div
Операция атауы: бүтін бөлу
Мысал: 5 div 2 (нәтиже: 2)
Белгілер: mod
Операция атауы: бүтін қалдық
Мысал: 5 mod 2 (нәтиже: 1)

Логикалық амалдар

Логикалық типтегі шамаларға мына амалдар қолданылады:

  • NOT - логикалық терістеу ("ЕМЕС")
  • AND - логикалық көбейту ("ЖӘНЕ")
  • OR - логикалық қосу ("НЕМЕСЕ")
  • XOR - логикалық "Аралас НЕМЕСЕ"

Типтері логикалық болып табылатын А және В айнымалыларымен орындалған осы амалдардың нәтижесі төмендегі ақиқат кестесінде бейнеленген:

A
B
not A
A and B
A or B
A xor B
A: true
B: true
not A: false
A and B: true
A or B: true
A xor B: false
A: true
B: false
not A:
A and B: false
A or B: true
A xor B: true
A: false
B: true
not A: true
A and B: false
A or B: true
A xor B: true
A: false
B: false
not A:
A and B: false
A or B: false
A xor B: false

Қатынас амалдары

Қатынас амалдарына мынадай амал түрлерін жатқызуға болады:

  • >- үлкен
  • <- кіші
  • =- тең
  • <>- тең емес
  • >=- үлкен немесе тең
  • <=- кіші немесе тең

Қатынас амалдарымен тек сандарды ғана емес, символдарды, жолдарды, жиымдарды және белгілерді салыстыруға болады.

Амалдарды орындау тәртібі

Алгоритмдік тілдерде (Паскаль, Бейсик, Си т. б. ) арифметикалық амалдардың орындалу тәртібі олардың математикалық орындалу тәртібіне сәйкес келеді, яғни алдымен жақша ішіндегі амалдар, сонан соң көбейту, бөлу, қосу, азайту т. б. амалдар орындалады. Төмендегі кестеде әр түрлі амалдардың орындалу реті көрсетілген.

Реті
Амалдар түрі
Амалдар немесе оның элементі
Реті: 1.
Амалдар түрі: Жақша ішіндегі өрнектер
Амалдар немесе оның элементі: ( )
Реті: 2.
Амалдар түрі: Функция мәндері
Амалдар немесе оның элементі: Функциялар
Реті: 3.
Амалдар түрі: Унарлық амалдар
Амалдар немесе оның элементі: @, not, бірорынды + және -
Реті: 4.
Амалдар түрі: Көбейту, бөлу түріндегі амалдар
Амалдар немесе оның элементі: *, /, div, mod, and, shl, shr
Реті: 5.
Амалдар түрі: Қосу амалдары
Амалдар немесе оның элементі: +, -, or, xor
Реті: 6.
Амалдар түрі: Қатынас амалдары
Амалдар немесе оның элементі: =, <>, <, >, <=, >=, in

Амалдардың орындалу тәртібін өзгерту үшін жақшаларды пайдалануға болады. Мысалы 2*5+10 өрнегінде әуелі көбейту емес, қосуды орындау қажет болса, 5 пен 10 санының қосындысын жақшаға алып жазамыз. Сонда өрнектің нәтижесі 20 емес, 30-ға тең болады. 2*(5+10) =30.

Негізгі математикалық функциялар

Турбо Паскальдің жүйелік кітапханасында алдын ала программалары жасалып стандартты модульге жинақталып қойылған, қажет кезінде пайдалануға болатын объектілер бар. Солардың бірі стандартты функциялар болып табылады. Олар жиі кездесетін математикалық және басқа да функцияларды есептеу үшін қолданылады. Стандартты функцияны жазу үшін міндетті түрде фунцияның аты және жақшаның ішінде аргументі көрсетілуі қажет.

Турбо Паскальдің негізгі математикалық функцияларына мыналар жатады:

Abs(X)

X-тің абсолюттік шамасын береді.

Cos(X), Sin(X)

Х санының косинусын (синусын) береді, мұндағы Х - радиан бұрышы.

Тангенс және котангенс функциялары Турбо Паскаль тілінде жоқ. Оларды есептеу үшін sin(x) /cos(x) (немесе cos(x) /sin(x) - котангенс үшін) өрнегі қолданылады.

ArcTan(X)

Х санының арктангенcін береді.

Exp(X)

е-нің Х дәрежесін есептейді.

Ln(x)

Х санының натурал логарифмін есептейді.

Pi

-дің мәні, pi = 3. 14159265

Sqr(X)

X-тің квадратын есептейді .

Sqrt(X)

X-тің квадрат түбірін есептейді.

Trunc(X)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арифметикалық және логикалық өрнектер, амалдардың орындалу тәртібі және жиындар мен теңдеулер теориясы
BASIC тіліндегі арифметикалық және логикалық өрнектер, операторлар және интерпретатор командаларының негіздері
Паскаль тілі: негіздері, деректер типтері және стандартты функциялар
Құрылымды типті мәліметтерді өңдеу: Turbo Pascal тілінде жолдық типті сипаттау және стандартты функциялар
Цифрлық құрылғылардың математикалық негіздері: санау жүйелері мен логикалық функциялар
Турбо Паскаль: негізгі математикалық функциялар, программа құрылымы және енгізу-шығару операторлары
Турбо Паскальдегі графикалық объектілер, мультипликация және жазықтықтағы суреттерді бейнелеу
Turbo Pascal тіліндегі негізгі операторлар мен басқару құрылымдары: меншіктеу, енгізу-шығару, циклдар және логикалық өрнектер
Рационал сандар және арифметикалық амалдар
Турбо Паскальдегі графикалық режим: CRT және GRAPH модульдерінің процедуралары мен бейнеадаптерлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz