Дәстүрлі емес діни қозғалыстардың ерекшеліктері



Лекция жоспары:
1. Діни секталарға тән ортақ ерекшеліктер
2. Халықаралық ұйымдардың кейбір діни секталарды қолдаудағы
мақсаттары
3.Діни ұйымның зияндылығын анықтайтын белгілер мен бағалау
өлшемдері
4. Жаңа діндердің адам санасын бақылау әдістері
Лекция мазмұны 1. Дәстүрлі емес діни қозғалыстар өзіндік ерекшеліктерге ие.Оған
кірген адамдар өмірінде күрт өзгеріс орын алып,адам отбасында ата-анасы,бауырларымен басқаша қатынас жасап, өз сенімін насихаттап дәлелдеумен әуреге түседі,эгоизмге бой алдырып,тіпті кейбір діни секта мүшелері жеке мүлкін сатып,ортақ қауымдық меншікке қосады,жеке өмірден бас тартып коммуналарға(ұжымдық қауымдық отбасылық өмір) барып тұрады.Бұл дәстүрлі отбасылық өмірді өзгерту.Мемлекет заңдарын сыйламау,қоғамдық әдеп қағидалары мен ұлттық дәстүрге немқұрайлық,жеккөрушілік,жоққа шығару,өз сенімдерін абсолютті ақиқат ретінде дәріптеу және ол ойларын жасыру,ғылымнан тыс танымдарға жүгіну,адам санасын бақылаудың түрлі әдістерін (адамға зиянды) қолдану,қоғамнан оқшаулану діни секталарға тән ортақ ерекшеліктер.
Осындай діни қозғалыстарды қоғам мен мемлекетке зиянды( тоталитарный,деструктивный ) діни секталар деп атайды,олардың зияны заң жүзінде дәлелденіп жатса,оларға тыйым салынып заң алдында жауап береді.Бірақ діни секталар өз әректтерінің мақсатын құпия сақтайды,оны жоғарғы басшылары ғана біледі,төменгі қарапайым мүшелері бейхабар күйінде миссионерлік істерін белсенді жүргізе береді. Олардың түпкі мақсаттары не деген сұрақтың жауабын секталардың доктриналарынан көруге болады.Біріншіден кейбір діни секталар өз сенімдерінің абсолютті ақиқаттығына берік сенімді,олар дәстүрлі ұлттық және әлемдік діндерден бөлініп шыққан,түпкі мақсаттары адамды күнәхар әлемнен құтқарып бақыт пен молшылыққа кенелту.Мұндай діни секталар қылмыс,наркомания,жезөкшелік,байлық,атақ және т.б. адамның шынайы болмысына жат істермен айналыспайды.Олар миссионерлік әрекеттерінде ғылым мен техниканың жетістіктерін және түрлі психотехникалық әдістерді кеңінен қолданады,мемлекет заңдарын бұзбай,мәдениетті түрде өз сенімдерін уағыздайды,мақсаттары қатарларына адамдарды көптеп кіргізу.Мұндай секталар біз адамды тура жолға салып,шынайы құдайлық өмірге жеткізушіміз,парызымызды өтеп жүрміз (өзінің діни сенімі бойынша) деп түсінеді.Бұл секталар қоғамдық әдеп қағидаларын өздерінше түсінеді және халықтың ұлттық құндылықтары мен салт дәстүрін сырттай құрметтегендей көрінгенімен шын мәнінде жоққа щығарады,яғни ой мүдделерін жасырын ұстайды,мақсаттары діни сенімдеріне кіргізу.
Екіншіден діни секталардың кейбіреулерінің түпкі мақсаттары адамды бақытқа кенелту емес керісінше сектаны құрушының жеке басының мүдделерін іске асыру.Яғни байлық,билік ету және т.б. нәпсіқұмарлық.Мұндай діни секталар адам санасын түрлі әдіс- тәсілдермен улап бағынышты етіп басшыларының мүддесіне әрекет жасайды,оны қарапайым секта мүшесі білгені былай тұрсын сезіне де алмайды,оған мүмкіншілік те бермейді,адамды зомбиге айналдырып тастайды.Бұл түрге жататын секталардың мақсатқа жетуде лаңкестік әрекеттерге де баруы мүмкін.
Сонымен дәстүрлі емес діни қозғалыстарға тән ортақ ерекшеліктерді атап көрсетсек:
1. Харизматикалық көсемдік- сектаның негізін салушы жоғарғы құдіреттен немесе тылсымнан келген күш иесі,онда құдайлық немесе ерекше даналық бар,сондықтан оның билігіне мүлтіксіз мойынсыну керек.
2. Сенімдерінің абсолютті ақиқатығына беріктік,басқа сенімдерге деген төзімсіздік,ұлттық құндылықтарды ескермеу,жеккөрушілік.
3. Сыртқы көріністік : барлық сенім және ғұрыптық ерекшеліктер ізгі мақсаттар үшін.
4. Құпиялық- түпкі мақсаттары мен іс-әрекеттерінің салдарын жасыру,ішкі өз мүшелеріне және сыртқа арналған екі мақсаттағы доктриналардың болуы,секта мүшелерінің басқа ақпарат алуына мүмкіншілік бермей шектеуде ұстау.
5. Дәстүрлі діндердің қасиетті кітаптарынының мәтінін өз сенімдеріне сәйкес өзгеше түсіндіру.
6. Секта мүшелерінде жаңа өзіндік менталитет қалыптастыру үшін,адам санасын бақылаудың түрлі әдістерін қолдану.
1. Кислюк.К.В.Кучер.О.Н Религиоведение.Ростов.,2003, 436-439 бет.
2. Основы религиоведение. Яблоков.И.Н.М.,1994. 171-173 бет.
3. Яблоков.И.Н.Религиоведение. М.,2000. 425-426 бет
4. Балагушкин Е.Г. Нетрадиционные религии в современной России.
М.,1999.
5. Web сайттар:
1. http:// www. relіgіo.ru.
2. http:// www. //relіgіon.ru/;

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
1. Лекция тақырыбы : Дәстүрлі емес діни қозғалыстардың ерекшеліктері

2. Лекция жоспары:
1. Діни секталарға тән ортақ
ерекшеліктер
2. Халықаралық ұйымдардың кейбір
діни секталарды қолдаудағы
мақсаттары
3.Діни ұйымның зияндылығын
анықтайтын белгілер мен бағалау
өлшемдері
4. Жаңа діндердің адам санасын бақылау әдістері

3. Лекция мақсаты: Дәстүрлі емес діни қозғаластардың ерекшеліктері,шет
елдік ұйымдардың діни секталарды қолдаудағы мақсаттарын,діни секталардың
зияндығын анықтайтын өлшемдер мен адам санасын бақылау әдістерін
түсіндіру.

4. Лекция мазмұны: 1. Дәстүрлі емес діни қозғалыстар өзіндік
ерекшеліктерге ие.Оған
кірген адамдар өмірінде күрт өзгеріс орын алып,адам отбасында ата-
анасы,бауырларымен басқаша қатынас жасап, өз сенімін насихаттап
дәлелдеумен әуреге түседі,эгоизмге бой алдырып,тіпті кейбір діни секта
мүшелері жеке мүлкін сатып,ортақ қауымдық меншікке қосады,жеке өмірден
бас тартып коммуналарға(ұжымдық қауымдық отбасылық өмір) барып
тұрады.Бұл дәстүрлі отбасылық өмірді өзгерту.Мемлекет заңдарын
сыйламау,қоғамдық әдеп қағидалары мен ұлттық дәстүрге
немқұрайлық,жеккөрушілік,жоққа шығару,өз сенімдерін абсолютті ақиқат
ретінде дәріптеу және ол ойларын жасыру,ғылымнан тыс танымдарға
жүгіну,адам санасын бақылаудың түрлі әдістерін (адамға зиянды)
қолдану,қоғамнан оқшаулану діни секталарға тән ортақ ерекшеліктер.
Осындай діни қозғалыстарды қоғам мен мемлекетке зиянды(
тоталитарный,деструктивный ) діни секталар деп атайды,олардың зияны
заң жүзінде дәлелденіп жатса,оларға тыйым салынып заң алдында жауап
береді.Бірақ діни секталар өз әректтерінің мақсатын құпия сақтайды,оны
жоғарғы басшылары ғана біледі,төменгі қарапайым мүшелері бейхабар
күйінде миссионерлік істерін белсенді жүргізе береді. Олардың түпкі
мақсаттары не деген сұрақтың жауабын секталардың доктриналарынан
көруге болады.Біріншіден кейбір діни секталар өз сенімдерінің абсолютті
ақиқаттығына берік сенімді,олар дәстүрлі ұлттық және әлемдік
діндерден бөлініп шыққан,түпкі мақсаттары адамды күнәхар әлемнен
құтқарып бақыт пен молшылыққа кенелту.Мұндай діни секталар
қылмыс,наркомания,жезөкшелік,байлық ,атақ және т.б. адамның шынайы
болмысына жат істермен айналыспайды.Олар миссионерлік әрекеттерінде
ғылым мен техниканың жетістіктерін және түрлі психотехникалық
әдістерді кеңінен қолданады,мемлекет заңдарын бұзбай,мәдениетті түрде
өз сенімдерін уағыздайды,мақсаттары қатарларына адамдарды көптеп
кіргізу.Мұндай секталар біз адамды тура жолға салып,шынайы құдайлық
өмірге жеткізушіміз,парызымызды өтеп жүрміз (өзінің діни сенімі
бойынша) деп түсінеді.Бұл секталар қоғамдық әдеп қағидаларын өздерінше
түсінеді және халықтың ұлттық құндылықтары мен салт дәстүрін сырттай
құрметтегендей көрінгенімен шын мәнінде жоққа щығарады,яғни ой
мүдделерін жасырын ұстайды,мақсаттары діни сенімдеріне кіргізу.
Екіншіден діни секталардың кейбіреулерінің түпкі мақсаттары
адамды бақытқа кенелту емес керісінше сектаны құрушының жеке басының
мүдделерін іске асыру.Яғни байлық,билік ету және т.б.
нәпсіқұмарлық.Мұндай діни секталар адам санасын түрлі әдіс- тәсілдермен
улап бағынышты етіп басшыларының мүддесіне әрекет жасайды,оны
қарапайым секта мүшесі білгені былай тұрсын сезіне де алмайды,оған
мүмкіншілік те бермейді,адамды зомбиге айналдырып тастайды.Бұл түрге
жататын секталардың мақсатқа жетуде лаңкестік әрекеттерге де баруы
мүмкін.
Сонымен дәстүрлі емес діни қозғалыстарға тән ортақ
ерекшеліктерді атап көрсетсек:
1. Харизматикалық көсемдік- сектаның негізін салушы жоғарғы құдіреттен
немесе тылсымнан келген күш иесі,онда құдайлық немесе ерекше даналық
бар,сондықтан оның билігіне мүлтіксіз мойынсыну керек.
2. Сенімдерінің абсолютті ақиқатығына беріктік,басқа сенімдерге деген
төзімсіздік,ұлттық құндылықтарды ескермеу,жеккөрушілік.
3. Сыртқы көріністік : барлық сенім және ғұрыптық ерекшеліктер ізгі
мақсаттар үшін.
4. Құпиялық- түпкі мақсаттары мен іс-әрекеттерінің салдарын жасыру,ішкі
өз мүшелеріне және сыртқа арналған екі мақсаттағы доктриналардың
болуы,секта мүшелерінің басқа ақпарат алуына мүмкіншілік бермей
шектеуде ұстау.
5. Дәстүрлі діндердің қасиетті кітаптарынының мәтінін өз сенімдеріне
сәйкес өзгеше түсіндіру.
6. Секта мүшелерінде жаңа өзіндік менталитет қалыптастыру үшін,адам
санасын бақылаудың түрлі әдістерін қолдану.

2. Халақаралық ұйымыдардың дәстүрлі емес діни қозғалыстарды
белсенді қолдауларының мақсаттары.
Кейбір діни секталарды халықаралық ұйымдардың қаржылай және саяси
жағынан белсенді қолдауының мүмкін мақсаттары:
1.Саяси мақсатта мемлекетті әлсірету үшін қоғамның рухани негіздерін
бұзу.Өйткені сол қоғамдағы дәстүрлі діндер діни секталар тарапынан
қарсы әрекеттерге ұшырауда,әсіресе қоғам мүшелерінің басым көпшілігі
ұстанатын дін.
2.Жасырын құпия күрес- діни секталардың қоғамдағы дәстүрлі дінмен
күресі.
3.Діни сектанттықты сол елдегі билікке ықпал етудің қуатты құралы
ретінде пайдалану.
4.Шет елдердің барлау органдарының кейбір діни секталардың ұйымдарын
өз мақсатына пайдалануы (тыңшылық мақсатында агенттерін секта мүшесі
ету).
5.Бір елдерде саяси мақсатта тұрақсыздық тудыру үшін фанат
орындаушылар резервін дайындау.
6.Мемлекеттік шенеуніктерді діни секталар арқылы бақылауға алу (
жала,сатып алу,шантаж және т.б).
7.Батыстың дамыған елдері мен халықаралық ұйымдардың қоғамды
демократияландырудың белгілерінің бірі ретінде түрлі елдерде либералды
сипаттағы діни сенім мен діни бірлестіктер туралы заң қабылдауына ықпал
жасауы.Мұндай заң бойынша мемлекет өз азаматтарының діни сенім
бостандығына еркіндік беруі керек.Ешқандай дінге заң негізінде басымдық
берілмейді,дәстүрлі емес діндердің әрекеттері заң аясынан шықпаса
еркін тіршілік жасайды.Егер мемлекет дәстүрлі емес діни қозғалыстар
әрекеттерін шектейтін болса,батыс елдері бұл адам құқығын бұзу,
демократия принциптеріне жатпайды деп сол мемлекетке қысым жасауы
мүмкін,әрине мемлекет өз конституциясы бойынша зайырлы және демократия
елміз деп жарияласа.

3. Дәстүрлі емес діни қозғалыстың зиянды екенін анықтаудың басты
өлшемдерінің бірі сектада психологиялық мәжбүрлеудің болуы.Зайырлы
мемлекеттердің барлығында адамның діни сенім бостандығына заңмен
кепілдік берілген,сондықтанда барлық діни секталарды зиянды деп
қарастыру дұрыс па деген сұрақ туындайды..Бұл жерде мәселенің екі жағы
бар, заңға қарсы келмейтін кез келген діни ұйым өмір сүруге
құқылы,екінші жағынан қоғамның басым көпшілігінің дәстүрлі дүниетанымы
мен діни сенімі тұрғысынан жаңа діни ағымдардың қоғамға еш пайдасы
жоқ,олар ұлттық болмысымызды бұзушы деген түсінік.Бірінші көзқарас
бойынша діни секталардың әрекеттері заң шеңберінен шықпаса болды,бұл
мәселеге тек заң тұрғысынан келу.
Екінші көзқарас бойынша дәстүрлі діни сенімімізге жат кез келген жаңа
діни ағым зиянды деген түсінік.
Ресей ғалымы Волков Е.Н. “ Жеке адам немес топтың біреудің ерікті және
саналы келісімінсіз сананысын бақылау үшін психологиялық күштеу
қолдануы туралы сараптамалық-анықтамалық ақпарат ” –атты кітабында
діни секталардың зияндығын анықтаудың өлшем белгілерін көрсетеді.Онда
негізгі өлшем психологиялық күштеу екендігі айтылады.
Сонымен дәстүрлі емес дін қозғалыстардың зияндығы олардың әрекеттерінде
психологиялық күштеудің барлығына байланысты төмендегідей анықталады:
1. Көсемдік сипаты:
- харизматикалық көсемдікке ұмтылыс: құдайлық немес ерекше
даналықты жариялау,оның билігіне мойынсұну;
- басшылыққа мүлтіксіз бағыныштылық: басшының ілімдеріне өзгеріс
енгізсе,ізіне ерушілердің де көзқарастарын соған бейімдеуі,сөйтіп
көсемдеріне адалдығын көрсетуі;
- міндетті түрде көсемге еліктеу;
- көсемнің өткен өмірін анқтайтын құжаттың болуы ( өткен өміріндегі
қылмыстар туралы мәлімет );
- кері байланысқа ашықтықтың болуы,көсем билігін тежеу мен қарсы тұру
тетіктерінің жоқтығы;
2. Доктриналарының сипаты мен құрылымы:
- өздеріне арналған ішкі доктринаның және сыртқа көрініс үшін
арналған доктриналардың болуы;
- сенім негіздерінде мақсатқа кез келген жолмен жетуге болады
деген түсініктің болуы;
- ізгілік үшін аморалдық әрекеттерді қолдау,біз және басқалар деген
жікшілдікке апаратын дүниетанымды енгізу;
- сектаның сенімі абсолютті ақиқат,сондықтан дүниелік заңнан
жоғары,бізге мүше адам тылсым күш пен ерекше құрметке ие деген сенім;
3. Сектаға мүшелікті құру мен қолдаудың сипаты:
- түрлі әдіс- тәсілдерді қамтитын белсенді және пассивті алдау мен
арбау,мақсаттарын жасырып психотехникалық әдістерді пайдалана отырып
үгіт-насихат жүргізу;
- манипулация қолдану: құпиялық және элитарлық ахуал
туғызу,ритуалдық рәсімдер өткізу,адамның басқалардан ерекшемін деген
сезімін оятуы,қорқыныш пен кінәлік сезімдерді манипуляциялау;
- сананы бақылау техникаларын қолдану: адамда сезімдік жоғарылау
мен төмендеу,
жаттану (адамның отбасы,достар және қоғамнан бөлінуі ),құндылықтарын
өзгертіп сектаның жаңа “отбасы” құндылығын енгізуі,адам психикасында
өзгерістердің болуы;
- сезімді ойдан жоғары қою (эмоция, инстинктілік түйсік,интуицияны
қолдап, рационалды ой қорытуға мән бермеу ),секта басшыларының
қарапайым мүшелердың сезімдерін үнемі манипуляциялауы;
- сектаға кірген адамның өткенмен байланысын үзуі(
отбасы,достары,мақсаты,мүдде),
өмірлік бағыт бағдардың өзгеруі;
- сыни ойлау,ақылға салу ақыл парасатты үнемі жоққа шығару,олар
адамды шатастырады деп сезімді жоғарылату;
- адамды психологиялық оқшаулықта ұстау,оның сектадан еркін
шығуына түрлі қорқыныш сезімдерін сіңіру арқылы жол бермеу;
- дүниені екіге бөліп қарау көзқарасын ( поляризация ) енгізу, яғни
біз-жақсымыз, ал әлем-жаман деген;
- секта мүшелерін ашық немесе жасырын тәуелді ету (
психологиялық,қаржылай және т.б.) және оларды қанау;

- секта мүшелерінің сұрақ қоюына мүмкіншілік бермеуі,бергеннің
өзінде толық дәл жауап ала алмауы;

Осындай өлшемдер арқылы діни секталардың зиянды екенін анықталады.

4. Зерттеуші Е.Н.Волков кейбір дәстүрлі емес діни қозғалыстардың түрлі
психотехникалық әдістер арқылы адам санасын бақылауда ұстайтындығын
жазады.Соларды жеке қарастырамыз:
Ойды бақылаудың шарттары.
Маргерет Т. Сингердің үлгісі бойынша сананы бақылаудың алты шарты бар.
1. Адамның уақытын бақылауға алу,әсіресе оның ойлау кезін.
2. Сектаға жаңадан кірген адамда бейшаралық сезім
қалыптастыру,өздеріне тиімді жолға салу.
3. Секта мүшесін бұрынғы әлеуметтік қалпын өзгерту мақсатында оның
санасына сый беру және жазалау арқылы ықпал ету.
4. Басшылыққа тиімді әрекет жасау үшін секта мүшесін сыйлық пен
жаза әдістерімен шатастыру.
5. Қатаң бақыланатын жүйе жасау,яғни адам топ мүшелерінің
көзқарасынан ауытқыса, оның қалыпты қағиданы бұзушы
ретінде өзін кінәлі сезіндіру.
6. Секта мүшелерін болып жатқан нәрселерге есеп бере алмайтын
жағдайда ұстау.
Сананы бақылау техникалары.
1. Топтық қысым көрсету немесе сүйіспеншілік көрсету- адамның
күдіктенуіне жол бермеу,жаңа мүшені
ерекше ілтипатпен қарсы алу,оны бір мезетте жалғыз
қалдырмау,тәжірибелі адамдардың жаңа мүшенің қасында үнемі
болуы,оны үйретуі.
2. Оқшаулау- жаңа мүшенің секта туралы мәліметін тексеруіне
мүмкіндік бермеу.
3. Ойлауды тежейтін техникалар- жаңа мүшені медитацияға
кіргізу,бір әуезді ән айту және қайталанатын қимылдар,оларды көп
жасағанда адамда жоғарғы берілгендік пайда болады.
4. Қорқыныш пен кінәлік- ашық немее жасырын сес көрсету арқылы
адамда қорқыныш пен кінәлік сезімдерін ояту.
5. Ұйқыдан бас тарту- рухани жаттығу үшін деп аз ұйықтау.
6. Қалыпты тамақтануды бұзу- денсаулықты жақсарту және рухани
жетілу үшін арнайы диета немесе арнайы рәсім деп түсіндіріледі.
7. Сезімдік қайта күштеу- жаңа доктринаны қабылдауға
күштейді,оған өте көп ақпаратты игеруіне аз уақыт береді және сыни
ойлауын шектейді.
Сананы бағындырып бақылау жүргізудің үш кезеңі.
Сананы бағындырып бақылау жүргізудің үш кезеңі төмендегідей
сипаттармен ерекшеленеді
1. Тоқтату ( растормаживание,психологиялық тежеу,адамды
психологиялық шашыраңқылыққа әкелу және сананың
бейберекетсіздігі).
- қате бағыт бағдар беру ( дезориентация );
- сезімге күш түсіру ( сенсорная депривация или перегрузка);
- физиологиялық манипуляция яғни тыныш ұйықтауға,жалғыз
қалуға,қалыпты тамақтануға мүмкіншілік бермеу,бұл физиологиялық
және психикалық өзгерістерге алып келуі мүмкін;
- гипноз жасау,ол үшін түрлі бір әуенді ән,екі мағыналы
сөз,медитация,дұға ету және т.б әдістер қолданылады;
- жаңа мүшеге өзінің бірегейлігін( самоидентификация) анықтауды
мәжбүрлейді;
2. Өзгерту:
- адамда жаңа бірегейлік жасау;
- іс-әрекетті түрлендірудің техникаларын қолдану ( сый-
жаза,ойлауды тоқтату тезхникасы,ортаны бақылау);
- мистикалық манипулация ( оқиғалар мен жағдайларға басшылыр
мүддесіне сай мән мағына беру);
- гипноз қолдану;
- күнәдан арылу мен жасырын мәлімет алуды қолдану;
3. Енгізу ( замораживание,консервация новых стреотипов) .
- адамның ескі бірегейліктен бас тартып жаңаға көшуі ( өткеннен
ажырау,жеке мүлкін сектаға өткізу,басқа сектанттар мен жақындасу);
- жаңа есім,жаңа тіл,жаңа отбасы;
- жаңа ролдегі міндеттерді атқару: таныс жүйесі;
- санаға ықпал етудің(индоктринация) жалғасуы (
семинарлар,оқу,топтық
қағидаларды игеру);
Санаға бақылау жүргізу төрт негізгі салада іске асырылады:
1. Жүріс- тұрысты бақылау (контроль поведение)
2. Ақпаратты бақылау (контроль информации)
3. Ойды бақылау ( контроль мышление)
4. Сезімді бақылау (контроль чувств,эмоций)

1. Жүріс-тұрысты бақылау
- Адамның жеке өмірін реттеу ( қайда және кіммен тұратыны,киетін
киімі,
тамағы,шашының прическасы,қанша ұйықтау керектігі және
қаржылық
кіріптарлық).
- Сананы улау мен топтық рәсімдерге көп уақыттың бөлінуі.
- Сый беру және жазалау.
- Қатаң қағида мен ереже.
- Жеке даралықтың жойылуы,орнына топтық ойдың белең алуы.
- Бағыну мен тәуелділікке бейімділік.

2. Ақпаратты бақылау:
Ақпаратты бақылау төмендегідей іске асырылады.
1. Алдау арбауды қолдану (ақпаратты әдейі жасыру,ақпаратты теріс
жеткізу,
өтірікті айту).
2. Секта мүшелерінің басқа көздерден ақпарат алуын мүмкіндігінше
шектеу
немесе міндеттер жүктеп олардың ойлануына мұрша бермеу.
3. Сыртқы ақпаратты өз мақсаттарына бұрмалау,секта басшысының
ақпаратты
реттеп отыруы.
4. Секта мүшелерінің бір бірін аңдуына қолдау көрсетуі.
5. Сектаның өз ақпараты мен үгіт насихатын кеңінен қолдану (
журналдар,
газеттер,үнпарақшалар,аудио-бейне таспалар,түрлі
дәйектемелер және т.б )
6. Күнадан арылу рәсімін жиі өткізу (күнә туралы ақпарат-
бақылауда ұстау үшін адамның тұлғалық болмысын жою).

3. Ойды бақылау:
Ойды бақылауға мыналар жатады.
1. Сектаның доктринасын ақиқат ретінде қабылдауға мәжбүрлеу:
- біздің сызба шындыққа сәйкес;
- ақ пен қара (басқа түс жоқ);
- ізгілік зұлымдыққа қарсы ( келісім және күрделі өзарақатынас
жоқ);
- біз оларға қарсымыз ( сыртқы әлемге топтық қарсылық).
2. Күрделі тілді меңгеруді міндеттеу ( сектанттық лексикон).
3. Жақсы және дұрыс ойларға қошемет көрсету (секта басшысына
ұнайтын).
4. Ойлауды тоқтатын техникалар қолдану:
- жоққа шығару,ақталу, қажетсінгенді шындық ретінде
қабылдау;
- бір жақты жәй сөйлеу,ән айту немесе дыбыс шығару;
- медитация;
- дұға ету;
5. Көсем,доктрина немесе сектаның саясаты туралы сыни сұрақтар
қоюға тыйым
салу.
6. Баламалы басқа діни сенімді ұстануға тыйым салу.

4. С езімді бақылау:
Сезімді бақылауға жататындар.
1. Адамның сезімдік кеңістігін тарылту.
2. Кез келген мәселеде адамның өзі кінәлі деген сенім ұялату.
3. Кінәлікті көп қолдану:
- бірегейлік кінәлігі;
- әлеуметтік кінәлік;
- тарихи кінәлік;
4. Қорқыныш сезімін көп қолдану-түрлі фобиялар енгізіледі.
5. Күнәхар сезіндіру үшін рәсімдерді көп қолдану
6. Сезімдік жоғарылау мен төмендеудің шектерін жасау.

Кейбір діни секталар адам санасын бақылаудың күшті техникасы ретінде
түрлі қорқыныштар мен фобияларды кеңінен қолданады.Қорқыныш сезімі
үнемі күшейтіліп тұрады.Адам санасына жеке және сыни ойлау,сектадан
кетуден,жаулардан,табиғат апаттары және т.б қорқыныштар енгізіледі
(индоктринация).
Енді діни сектадан шыққан адамның жағдайы қандай болатыны
жайлы.Діни секталардың көпшілігі адамды өз қатарынан жәй шығара
салмайды,оны қорқытып,алдап арбап кетірмеуге тырысады.Бірақ сирек
болсада есебін тауып шығатындар бар.Діни сектадан шыққан адамға
барлық жағдай жасалғанымен,ол өзін әлеумет ішінде еркін сезіне
алмайды.Мұндай адамдарда көбіне өзін жоғалтуы,депрессия, шешім
қабылдай алмауы,ерік бостандығы мен өз өмірін бақылай
алмауы,психологиялық дамудың баяулауы,әзіл-қалжың сезімін
жоғалтуы,түрлі психикалық ауруларға шалдығу,ұйқының қашуы және т.б.
көптеген мәселелер кездеседі.Тіпті кейбір адамдар қайтадан сектаға
барады,біраз уақыттан кейін кері қайтіп екі арада дел сал болады.
5. Бақылау сұрақтары:
1. Діни секталардың ортақ ерешеліктері
2. Халықаралық ұйымдардың кейбір секталарды қолдаудағы
мақсаты
3. Діни сектаның зияндығын анықтаудың өлшемдері
4. Ой сананы бақылаудың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәстүрлі діннің белгілері
Дәстүрлі емес діни қозғалыстар жайында
Саентология біздің елімізге келудегі мақсаттарын салыстырмалы түрде анықтау және мемлекетпен арақатынастарын ашып көрсету
Қазіргі дәстүрлі емес діни қозғалыстар пәнінен лекциялар жинағы
Адвентизмнің негізінің қалыптасуы
Лекциялар жинағы «Дінтану және теология»
Дәстүрлі емес діни қозғалыстар
Қазақстандағы «Грейс благодать» шіркеуінің қызметі
Рухани бірлік пен діни тұтастығымыздың негізін қалайтын дәстүрлі діни танымымыздың мәнін ұғыну
Алаш орда партиясының бағдарламасы
Пәндер