Қазақстанның табиғат зонасы


Ж О С П А Р
КІРІСПЕ
. . . 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 ТАБИҒАТ ЗОНАЛАРЫНЫҢ ТАРАЛУ ЗАҢДЫЛЫҒЫ.
1. 1 Қазақстандағы зоналардың географиялық орны, жер бедері, климаты, ішкі сулары, топырақ - өсімдік жамылғысы, жануарлар дүниесі . . . 5
1. 2 Қазақстанның орманды дала зонасы . . . 7
1. 3 Қазақстанның дала зонасы . . . 12
2 ТАБИҒАТ ЗОНАЛАРЫНЫҢ ЕНДІК БАҒЫТТА ТАРАЛУЫН БҰЗУЫНЫҢ СЕБЕПТЕРІ
2. 1 Қазақстандағы шөлейт және шөл зоналары . . . 14
2. 2 Қазақстандағы таулы, тасты және құмды шөлдер мен шөлейттер . . . 22
ҚОРЫТЫНДЫ
. . . 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
. . . 29
Кіріспе
Қазақстан жер көлемі жағынан ірі ел- Англиядан 11 есе үлкен. Ұлан байтақ территориясы терістіктен оңтүстікке қарай 1600 км, шығысынан батысына қарай 3000 км жерге созылып жатқан кеңістікті алып жатыр. Республика ТМД елдері ішінде Ресейден кейінгі екінші орында. Бұл - оның жері бұрынғы Ресейден басқа 13 одақтас республиканың жер көлемінен артық деген сөз. Бейнелеп айтқанда, Қазақстан жеріне Армения сияқты 90 республика еркін сиып кетеді. Халқының саны жөнінен әлемде 80-ші орында болып, жер көлемі жөнінен кең байтақ 10 елдің бірі. Дәлірек айтсақ, Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Австралия, Үнді, Аргентинадан кейінгі 9-ші орында. Оныншы орынға Судан мемлекеті ие. Әлем халқының не бары 0, 3% құрай тұрып, Қазақстан жер шарының екі пайызын алып жатыр.
Мұндай, кең алқапты жазықтар мен ойпатты жерлер, биіктігі әр түрлі таулар кездеседі. Кең алқапты жерлердің табиғи, климат, топырақ жағдайлары әр түрлі, ол табиғаттың негізгі зоналық заңына байланысты. Мысалы, Қазақстанның жазық алқаптарында климаттың, топырақтың терістіктен оңтүстікке қарай өзгеруі табиғаттың көлденең зоналық заңына бағынса, таулы алқаптардағы топырақ, климат жағдайларының тау етегінен, таудың биік шыңына қарай өзгеруі табиғаттың тік зоналық заңына бағынады.
Зоналық табиғат кешені деп жылу, ылғал режимдерінің бірдей болып келуіне байланысты топырақ жамылғысы, өсімдіктер және жануарлар дүниесі мен экзогенді геоморфологиялық процестерінің сипаты бірдей болып келетін ландшафтылардың жүйесін айтады. Қазақстан жеріңде жылу мен ылғалдың қатынасына байланысты орманды дала, дала, шөлейт, шөл зоналары қалыптасқан.
35-53°с. е аралығында дүние жүзілік мұхиттан шалғай құрлықтың орталық бөлігіндегі географиялық орынының ерекшелігіне сай Каледон Герцин, Альпі қатпарлықтарында түзілген биік және аласа тау жүйелерімен шектескен Тұран жазығының табиғатының алуан түрлілігінің негізгі себебін ашып көрсету еліміздің аумағының батыс оңтүстік-батыс және оңтүстік бөлігінің жер бедерінің, климатының, топырағы мен өсімдіктер жамылғысының қалыптасу заңдылықтарына әсер ететін негізгі факторларды анықтауға мүмкіндік береді.
Тұран ойпатының құрылықтың ішкі аймағында орналасуы Шығыс Европаның өзі орналасқан ендіктеріне қарағанда қысы суық, жазы ыстық болып климаты шұғыл континентілігін; келуімен ерекшеленетін климатының шұғыл континеттілігінің; желдің, температураның әсерінен жүретін үгілу үрдісін, жер бедерінің эолдық пішініндерін, құрғақ климат жағдайында топырақ пен өсімдіктер жамылғысының шөлге тәң түрлерін таралуын анықтайды. Шөлді шөлейтті Тұран жазығының жан -жақты оқып үйрену табиғат байлықтарын шаруашылық мақсатта игеру барысын қоршаған ортаның тепетеңдігін сақтау мәселесін шешу мен қатар, табиғат жағдайларының негізгі ерекшеліктерінің терен меңгеруге мүмкіндік береді.
Табиғат зоналарының таралуы географиялық ендікке, жер бедеріне және жер бетінде жылу мен ылғалдың таралуына байланысты.
Әрбір зона өзіне тән климатымен, топырағымен, өсімдігі және жануарлар дүниесімен ерекшөленеді. Кейде бір зонаның ішінде басқа зоналарға ұқсас жеке учаскелер де кездеседі.
Қазақстанның жазық белігінде солтүстіктен оңтүстікке қарай бірте-бірте орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары ауысып отырады. Сонымен бірге, бұл зоналарда топырақ және есімдік жамылғысы батыстан шығысқа қарай да өзгереді. Оның себебі осы бағытта климаттың континенттігінің артуына байланысты.
Республиканың биік таулы аудандарында зоналар биіктікке байланысты (биіктік зоналар немесе белдеулер) ауысып отырады.
1 ТАБИҒАТ ЗОНАЛАРЫНЫҢ ТАРАЛУ ЗАҢДЫЛЫҒЫ.
1. 1 Қазақстандағы зоналардың географиялық орны, жер бедері, климаты, ішкі сулары, топырақ - өсімдік жамылғысы, жануарлар дүниесі.
Жер шарында табиғат зоналары ендік бағытта таралатынын білеміз. Табиғат зоналарының ендік бағытта таралуын бұзатын басты себеп таулар болып саналады. Биік таулардың етегінен оның басына дейін табиғат кешендері компоненттерінің қасиеті бірте-бірте өзгеріп отырады. Биік тауда өсімдіктер жамылғысы мен ауа райы белгілі заңдылықпен өзгереді. Биіктеген сайын ауа райы салқындап, ауаның қысымы кемиді, ауа мөлдір тарта бастайды және күннің ультракүлгін сәулесі өсімдіктерге көп түседі. Бұл сәуленің өсімдіктер үшін маңызы зор. Сонымен қатар тау беткейлерінің өзіне тән жергілікті ауа райы болады. Әрбір шақырымға көтерілген сайын жылылық 5, 6°-қа кемиді. Қазақстан жеріндегі негізгі тау жоталары (Алтай, Тарбағатай, Сауыр, Жоңғар, Іле Алатауы) негізінен ендік бағытта созылып жатқандықтан, күнгей беткейлері жылырақ және құрғақтау, ал солтүстік беткейлері салқын және ылғалды болып келеді. Биіктік белдеулік әрбір биік таулы өлкеде оның орналасқан орнына, әсіресе, географиялық ендігіне байланысты. Өйткені әрбір таулы өлкенің табиғат жағдайлары бір-бірінен өзгеше. Қазақстан тауларында бірнеше биіктік белдеулік бар. Олар таулар орналасқан шөлейт зонадан басталып, тауға биіктеген сайын біртіндеп өзгеріп отырады. Абсолюттік биіктігі 600-1300 метр аралығында шөлейт зона, 1000-2000 метр аралығында таулы дала. 2000-2800 метр аралығында орманды шалғындық, 2800- 3200 метр аралығында шалғынды субальпілік, одан жоғары (3600м) жерде мұзды-қарлы белдеу орналасады. [1] Қазақстандағы таулардың биіктік белдеуліктерін ерекшеліктеріне қарай үш физикалық-географиялық облысқа бөлуге болады.
Алтай тауының биіктік белдеулігі.
Жоңғар-Тарбағатай тауларының биіктік белдеулігі.
Тянь-Шань таулы өлкесінің биіктік белдеулігі.
Қазақстан жеріндегі Алтай тауы жоталары дала мен шөлейт
зоналарының шөларасында жатыр. Сондықтан тау бөктерінің төменгі белдеуі дала зонасына ұқсайды. Топырағы қара топырақты. Алтай тауының 1000 м. биіктігіне дейін әртүрлі дала өсімдігі өскен шөпті дала зонасы орналасады. Мұнда боз, бетеге, айрауық, қоңырбас шөптері, итмұрын, ұшқат, долана, тобылғы бұталарымен араласа өседі. Алтайдың батыс жағында 1000 м-ден, ал шығысында 500 м-ден жоғары таудың күлгін топырақты аймағында орманды дала зонасы басталады. Ағаштардан қайың, көктерек, терек, өзен аңғарларында тал, долана, итмұрын, сарыағаш өседі. Орманды дала зонасының жоғары батыс, солтүстік-батыс беткейінде қылқан жапырақты орман зонасы басталады. Онда қарағай, самырсын, майқарағай, сібір шыршасы өседі.
Таудың оңтүстік, оңтүстік-шығысында қылқан жапырақты қарағайлар мен балқарағай өседі. Орман белдеуінің жоғары шегі аласа самырсын ағаштарымен аяқталады.
Солтүстік-батысында 2000 метрден, ал оңтүстік-шығысында 2400 метрден жоғары субальпілік және альпілік, шалғындық белдеуі басталады.
Субальпілік шалғындық белдеуінде шөптер әсем кілем тәрізді көріністе жайқалып өседі. Шөптерден көп тарағаны - қазтамақ, сарғалдық, көк шегіргүл, қоңыраубас.
Альпілік зонадан жоғары биік тау тундрасы басталады. Онда қайың мен бұта тәрізді тал, мүк, қына өсімдіктері өседі.
Алтай тауы жануарларға бай. Әсіресе орман зонасының жануарлары басқа зоналарға қарағанда анағұрлым көп. Алтай ормандарында Сібір тайгасының көптеген жануарлары мекендейді. Онда қоңыр аю, қылқан жапырақты орманында елік, мүйізсіз бұғы, сілеусін, бұлғын, сусар, Оңтүстік Алтайда бұғы, марал мекендейді. Альпілік белдеуде алтай суыры көп. Алтай тауының баурайында марал мен теңбіл бұғы өсірілетін арнайы шаруашылықтар бар.
Жоңғар Алатауы шөл зонада орналасқандықтан, төменгі белдеуінде солтүстік жағында 600 м-ге дейін, оңтүстігінде 1200 м биіктікке дейін шөл зонаға тән өсімдіктер мен жануарлар өседі.
Шөл зонадан жоғары дала зонасы орналасқан. Онда дала зонасына тән боз, дала сұлыбасы өседі. Бұталардан итмұрын, мойыл, долана, қарағай, ал оңтүстігінде жабайы өрік өседі.
Дала зонасынан жоғары 2200 м-ге дейінгі аралықта орманды дала белдеуі орналасқан. Онда Сібір самырсыны мен Тянь-Шань шыршасы араласа өскен. Орманды даладан жоғары субальпі белдеуі басталады. Субальпілік белдеуінде әртүрлі шөптесін өсімдіктермен қатар арша өседі. Альпілік белдеуде әсем гүлді тас жарғыш альпі сарғалдағы, тарғақшөп, арпабас, т. б. көптеген өсімдіктер кездеседі. Қазақстан жерінде субальпілік шалғындықтар ғасырлар бойы мал өрісі, жазғы жайлау ретінде пайдаланылып келеді.
Тянь-Шань таулы өлкесі шөл зонада жатқандықтан, Іле және Күнгей Алатауының солтүстік беткейінде 800 м биіктікке дейін жусанды астық тұқымдас өсімдіктер өсетін шөл зона орналасқан. Бұл зонада эфемерлер көп. Бұл белдеуден жоғары 1100 м-ге дейін әртүрлі шөп өскен дала зонасы орналасады. Бұл зонаның топырағы - таудың құнарлы қара топырағы. Бұл зонаның жоғарғы жағында өзен аңғарларында жабайы алма, долана, жабайы өрік, көктеректен тұратын орман өседі. 2600-2800 м биіктікте орманды-шалғынды белдеу басталады. Бұл белдеуде Тянь-Шань шыршасы әртүрлі шөпті шалғындықтармен ауысып отырады. Оңтүстік беткейінде түркістан аршасы өседі. Орманды-шалғынды белдеуден жоғары 3100 м-ден бастап субальпілі, альпілі белдеу орналасқан. Өсімдігі Жоңғар Алатауының өсімдігіне ұқсас болып келеді. Бұл белдеуде альпілік сарғалдақ, елең шөп, жабайы жуа өседі. Өте әсем өсімдік - бал шөп кездеседі. Жартастарда Тянь-Шань еңлікгүлі өседі. Альпі белдеуінен жоғары мәңгі қар мен мұздықтар жатады. Олардан көптеген тау өзендері бастау алады. [2]
Батыс Тянь-Шаньға кіретін Өгем, Піскем, Қаратау жоталары шөл зонада жатқандықтан, төменгі белдеуде өсімдіктерден эфемерлер мен эфемероидтар көп, ал жануарлар дүниесінде көптеген өзгешеліктер бар. Жануарлардың сібірлік түрі аз, ал оңтүстік Африка, Жерорта теңізі, Гималай тауларын мекендейтін жануарлардың түрлері тараған. Төменгі шөл зонасында дала тасбақасы, әртүрлі бауырымен жорғалаушылар, толайқоян, үнділік мысықторғайы көп. Орманды-шалғынды белдеуінде сұр аламан, жертесер, Тянь-Шань тышқаны, түлкі, қасқыр мекендейді.
Биік тау белдеуінде тауешкі, арқар, қызыл қасқыр, құстардың биік тауда өсетін кептеген түрі мекендейді. Тянь-Шань таулы өлкесінің қайталанбас әсем табиғатын, өсімдігі мен жануарлар дүниесін қорғау үшін Алматы, Ақсу-Жабағылы қорықтары ұйымдастырылған.
Ақсу-Жабағылы қорығы Батыс Тянь-Шань табиғатын сақтау үшін 1926 жылы ұйымдастырылды. Қорық Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас және Сайрам аудандарының Талас Алатауы мен Өгем жотасында 74 мың га-дан астам жерді алып жатыр. Қорық төрт биіктік ландшафт белдеуін қамтиды. 1500 м биіктікке дейінгі белдеу өзіне тән өсімдіктері мен жануарлар дүниесі бар дала. 1500-2300 м биіктікте даланың шалғынды, бұталы, ағаш өсімдіктері өседі. Мұнда ағаш тәрізді арша (биіктігі 20 м-ге дейін барады), бадам бұтасы, жабайы жүзім, жабайы алма және басқа оңтүстік өсімдіктері өседі. Жануарлардан мұнда елік, борсық, жайра, басқа жерден әкелінген марал және басқалар мекендейді.
2000-2300 м. биіктікте субальпілік шалғын жатыр. Бұл белдеуде төселіп өскен түркістан аршасынан басқа ағаш өсімдіктері жоқ. Қорықтың аумағында құстардың 238 түрі және сүт қоректілердің 42 түрі бар екені есепке алынды. Сүтқоректілерден қорғауға тұратын аса бағалылары: арқар, Сібір тау ешкісі, борсық, марал, елік; жыртқыштардан - ілбіс, ала мысық. Ең жоғары белдеу - биік таулы қарлы және мұзды шыңдар. Бұлардан аңғарларға құлап ағатын көбікті сарқырамалы тау өзендері басталады.
Алматы қорығы 1931 жылы құрылған. Аумағы 91 мың га-ға жауық, әр түрлі ландшафт белдеулерін қамтиды. Бұған мәңгі қар мен мұз жамылған, беткейлері шөптер мен ағаш өсімдіктеріне бай биік Іле Алатауы мен жағасында құмды шөлі бар Іле өзенінің атақты әнші тауы - Аққұм-Қалқан (биіктігі 100 м-ден асатын үлкен құм төбе) жатады. Қалың көк теректен тұратын жапырақты ормандар, долана, жабайы алма және өрік ағаштары 1800-2000 м биіктікке дейін көтеріледі. 2500 м биіктіктен жоғарыда Тянь-Шань шыршасынан тұратын шыршалы орман белдеуі орналасқан. Одан да жоғары, қарлы-мұзды белдеуде субальпі және альпі шалғындары орналасқан. Қорықтың жануарлар дүниесі алуан түрлі. [3]
1. 2 Қазақстанның орманды дала зонасы
Қазақстан жеріне орманды дала зонасының тек оңтүстік шеткі жақтары сүйірленіп кіреді. Жазық далада шоқ-шоқ болып ормандар өседі. Қазақстанда орманды дала зонасы Батыс Сібір жазығы мен Жалпы Сырт қыратының азғана бөлігін (2, 5%-ке жуық) алып жатыр.
Орман - жер бетіндегі табиғи қорлардың, оның ішінде өсімдіктер жамылғысының басты бір типі. Құрамында бір-біріне жақын өскен ағаштың бір немесе бірнеше түрлері бар табиғи кешен. Құрамы мен өсуіне қарай мәңгі жасыл, қылқанды, ақшыл қылқанды, күңгірт қылқанды, жапырақты, ұсақ жапырақты, жалпақ жапырақты, тропиктік, муссондық, мангрлық және т. б. ормандар деп бөледі. Орманның құрылымы ортаның физикалық-географиялық жағдайларына, өсімдіктердің түрлік құрамы мен биологиялық ерекшеліктеріне байланысты болады. Ол топырақ түзілуіне, климатқа, ылғал айналу процесіне және т. б. әсері көп, тропосферамен өзара белсенді әрекетте болады да, оттек пен көміртектің алмасу деңгейін анықтайды (ең ірі орманды аймақтар атмосферадағы оттектің шамамен 50%-ын "өндейді") . Құрлықтың 27%-ынан астамын алып жатқан орман - географиялық ландшафт элементі. Орманда ағаш, бұта, шөптесін өсімдіктер, мүк, қына, т. б. өседі.
Орман топырақтың құрылысына, су алмасуына, онда органикалық және минералдық заттардың жиналуына әсер етеді. Орман топырағында ылғал жеткілікті, сондықтан оның құрамында шірінді көп. Орманды жердің топырағы қышқыл, мұндай топырақта өсімдік тамыры терең бойлап, минерал заттарды мол алады, суды көп буландырып, ондағы жануарлар мен өсімдіктерге қолайлы микроклимат жасайды. Орман ағаштары, оның ішінде мәңгі жасыл, қылқан жапырақты ағаштар өз жапырақтары арқылы өздері өскен қоршаған ортаға зиянды ауру қоздырғыш бактерияларды өлтіретін, хош иісті заттар (фитонцид) шығарады. Сондықтан да, қылқан жапырақты орманды аймақтарда көпшілік демалып, тынығатын курорт-санаторийлер орналастырылады.
Қазіргі кезде дүние жүзінде орман аумағы 3 млрд. га-дан астам, яғни дүние жүзінің 27 - 28%-норман алып жатыр. Өкінішке орай, адамзат қоғамы өз тарихында бүкіл О-ның 2/3 бөлігін жойған, сонымен бұрын жер бетінің 75%-н алып жатқан ормандардың көлемі көп кеміген. Әлемдегі ормандар негізінен 5 белдемде өседі ( Орман белдемдері) . Жалпы Ораманның таралуындағы заңдылық салқын аймақтарда қылқан жапырақты, қоңыржай аймақтарда қылқан жапырақты жәнемайда жапырақты ормандар аралас, ал жылы аймақтарда негізінен ірі жапырақты ормандар өседі. [4]
Орта Азия, Кавказ, Қазақстан аймақтарындағы Орман көлемі Ресейдегі Орман алқаптарының небәрі 3 - 4%-н құрайды.
Аумағының кеңдігіне қарамастан қазақ жерінде Орманды жерлер көп емес. Оның басты себебі жеріміздің негізгі бөлігі құрғақ, жартылай шөл, шөлді аймақтарда орналасқандығы, ал Орман ағаштары негізінен ылғал мол түсетін алқаптарда өседі. Республика аумағындағы Ормандар және бұталар алып жатқан көлем 21, 6 млн. га, бұл Қазақстан жерінің 4, 2%-ы ғана. Орман ағаштары республикада Солтүстік Қазақстанның орманды-дала зонасында және дала зонасының қосымша ылғал алатын ойпаңды жерлерінде өссе, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстағы Қалба жотасы, Алтай-Сауыр, Солтүстік Тянь-Шань және Батыс Тянь-Шань тауларының ылғал мол түсетін орташа биік белдеулерінде өседі. Қазақстанның солтүстігіндегі шоқ-шоқ болып өсетін қайыңды орманды оңтүстікке қарай далалы алаптардағы біршама жерлерде өскен қарағайлы ормандар ауыстырады. Алтай-Сауыр тауларының теңіз деңгейінен 500 - 2500 м биіктік аралығында қылқан жапырақты - қарағай, майқарағай, шырша, балқарағай, самырсын сияқты бағалы ағаштар өседі. Ал Солтүстік Тянь-Шань таулы алабының төменгі белдеуінде (600 - 1700 м) көбіне түрлі бұталар мен жалпақ жапырақты ағаштар өседі. Олардың басым бөлігін алма, өрік, жаңғақ, қарақат тәрізді жеміс-жидекті ағаштар құрайды. Биіктігі 1500 - 3000 м белдеулерде негізінен қылқан жапырақты ағаштар өседі. Олардың негізгісі - жасы 300 жылға дейін, биікт. 40 - 50 м-ге, ал жуандығы 2 м-ге жететінТянь-Шань шыршасы. Батыс Тянь-Шань алабында - Талас Алатауы, Қаратау мен Өгем жоталарында негізінен жерге төселіп өсетін қылқан жапырақты арша ағашы, ал бұталардан - басқа жерлерде кездеспейтін алша, пісте, долана, таудың ортаңғы және төменгі белдеулерінде алма, грек жаңғағы, алмұрт, үйеңкі, өрік ағаштары өседі.
Оңтайлы ормандылық (Оптимальная лесистость) - жергілікті жерде табиғи сақтаған немесе орта түзетін құрауыштардың біреуінің өзгермеген қалпын сақтауды қамтамасыз ететін ормандылық.
Орман қорлары бүкіл биосферадағы тіршілік үшін, оның ішінде адамзат қоғамы үшін аса маңызды. Тиімді пайдаланған жағдайда өз-өзінен қайта қалпына келіп тұратын таусылмайтын табиғи қор. Орман ағаштарынан үйлер, тұрмысқа қажетті заттар, қағаз т. б. алынады. Ормандағы ағаштардың арасында жидектер мен саңырауқұлақтар өсіп, өнім береді. Орманды аймақтарды паналап, қоректерін содан табатын жан-жануарлар мен жәндіктер көп.
Көлемі жағынан Қазақстан Ормандарының жартысынан астамын (52, 2%) шөлді аймақтардағы сексеуілді Ормандар алып жатыр. Сексеуілдің Қазақстанда 2 түрі (қара сексеуіл мен ақ сексеуіл) өседі. Қара сексеуіл бүкіл Бетпақ даланың батысында, Сарысу өзені бойының орталығында, Іле өзені сағасының оң жағалауында және Шу өзені мен Мойынқұмның аралығында таралған. Ақ сексеуілді Орманды алқаптар Қарақұмда, Мойынқұмда, Балқаш төңірегі мен Қызылқұмда өседі. Сексеуілді Орманның құмды алқаптардың жылжуын тоқтатуда маңызы зор және қой, түйеүшін қысы-жазы жақсы жайылым. Сексеуілден басқа Қазақстанның шөлді аймақтарын кесіп өтетін Сырдария, Шу, Іле, т. б. өзендердің бойларында түрлі ағаш-бұталар (терек, тобылғы, жыңғыл, шетен, емен, шегіршін, тал, т. б. ) өсетін тоғайлы ормандар кездеседі. Олар жыл бойы сумен жақсы қамтамасыз етілетіндіктен, шөл ішіндегі жақсы көлеңкелі, сулы тамаша демалыс орындарыболып саналады. Қазақстанда орман ағаштарын тиімді пайдалану, т. б. мәселелерімен Көкшетау қаласында орналасқан Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты айналысады.
Орман жолағы (Лесные полосы) - суармалы танаптардың төңірегіне, каналдардың, су қоймаларының жағалауларына, жол бойларына өсірілген ағаш, орман белдеулері.
Орман мелиорациясы (Лесомелиорация) - қандай да болсын бір аумақтың (оған бұзылған жерлер де енеді) гидрологиялық, топырақтық, климаттық, ландшафтық және т. б. табиғи жағдайларын жақсарту үшін жасанды жасалатын немесе өзгермелі орман екпе ағаштарын пайдалану бойынша шаралар кешені.
Орманның ағындыға реттеуші әсері (Регулирующее влияние леса на сток) - орман алабы топырақтың су сіңіру қасиетін арттырады, жер беті суының топырақ қабаты суына үдемелі түрде құйылуына, сонымен қатар өзен, арна суларының режіміне де әсерін тигізеді. [5]
Орман пайдалану (Лесопользование) - орман пайдалану өдістері мен нысандарының заңды және экономикалык реттелген жиынтығы.
Орман-тоғайлар қыста климаты суық, жазы жылы жақтарда болады. Мәңгі жасыл ағаштардың қыста да жапырақтары түспейді. Олар әлемнің солтүстік аудандарындағы ормандарда өседі. Көптеген жұмсақ климатты елдерде жапырақты ағаштар өседі. Олардың қысқа қарай жапырақтары түседі. Орманда ағаштың көпетген түрлері: қарағай, балқарағай, шырша, самырсын, қайың, тал, шетен, тобылғы, емен, үйенкі, қарағаш, тағы басқа жабайы жеміс ағаштары да кездеседі. Таңқурай, бүлдірген, орман жаңғағы, мүк, қына, саңырауқұлақ өседі. Орманның үш түрі болады: қылқан жапырақты, жапырақты және аралас. Қазақстанның солтүстігіндегі Оңтүстік Орал мен Алтайға дейінгі аймақтың жазықтарын алып жатыр. Біздің елімізде орманның үш түрін де кездестіруге болады. Қылқан жапырақты орман тауларда өседі. Тау беткейлерінде Тянь -Шань шыршалары, самырсындар биік болып көрініп тұрады. Аралас орманда шыршалар, самырсындар, көктерек, шетен, долана, тағы басқа ағаштар араласып өседі. Көкшетау, Баяндауыл, Қарқаралыда қайың, қарағай, батыс Оралда емен, терек, Оңтүстік Қазақстанда жаңғақ, ал тауларында арша өседі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz