Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің негізгі мәнін ашу


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І - тарау.
1. 1 К. Қасымұлы бастаған көтерілісінің басталу себебі . . . 5
1. 2 Ұлт-азаттық көтерілістің қозғаушы күштері . . . 7
1. 3 Орыс қамалдарына шабуыл, көтерілістің қарқын алуы . . . 16
ІІ - тарау.
2. 1 К. Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілуі . . . 24
2. 2 К. Қасымұлы бастаған көтерілістің тарихтағы маңызы . . . 29
Қорытынды . . . 33
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 34
Жұмыстың мақсаты :
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің негізгі мәнін ашып көрсету.
Жұмыстың мақсатына орай мынадай міндеттер алға қойылды:
- Көтерілістің алғышарттарына талдау жасау;
- Көтерілістің барысы және тарихи маңызын зерттеу;
- Статистикалық мәліметтерге тарихи тұрғыдан назар аудару;
- Көтерілістің жеңілу себептері мен сипатын ашып көрсету.
Кіріспе.
Кенесарының саяси көзқарастарының қалыптасуына әсер еткен әкесі- сұлтан Қасым. Сұлтан Қасымның 40 шаңырақты ертіп Көкшетау маңынан қоқан шекарасына көшуінің басты себебі - оның патша үкіметінің округтік приказдарды құруына қарсылығы.
Көтеріліс бүкіл үш жүзді түгел қамтып ұлтазаттық сипат алды. Көтерілістің басты қорғаушы күші қазақ шаруалары сонымен қатар ірі ақсүйектер да қатысты. Олардың мақсаты:
- Көтерілісті пайдаланып, бұрынғы артықшылықтарын қайтарып алу.
- Көшпелі феодалдың дербес мемлекеттің негізін салу.
Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтерілістің тарихта алатын орны ерекше. Сонымен қатар негізгі міндет жұмыстың ішіндегі Кенесары бастаған көтерілістің негізгі тауарлары мен пунктерінің мәнін ашып, оларға сәйкестік беру.
Кенесары көптеген шайқастарда өз мақсатына жету жолында асқан қайсар мінезі мен жауларына қатыгездігі оның әмбе қолбасшылық, әмбе ұйымдастырушылық ролі- тіпті патша генералдарының өзін таңқалдырып отырғандығы да тарихтан белгілі.
Көтерілістің негізгі мақсаттары:
- Қазақ елінің патшалы Ресейдің құрамына қосылып үлгермеген өңірлерінің дербестігін сақтау.
- Қазақ жерлерін бекіністер мен округтік билеу арқылы отарлауды тоқтату.
- Қоқандықтардың тепкісіндегі қазақтарды азат ету.
Кенесарының орыстарға күресі емес, орыс империясына қарсы күрес. Бұл үрдіс оған ұлт - азаттық сипат береді, оның үстіне Кенасары күресті империя ішінде емес, отаршылдар басып алған өз жерінде жүргізді.
Қырғыздарға қарсы күрес бұл екі туыс халықтың арасындағы қарым - қатынастарды, қайшылықтарды дұрыс түсінбеушіліктен туындаған жәйт.
Қазақ - қырғыз қатынастары, орыс - поляк қарым - қатынастары тәрізді бір жақты ғана түсіндіруге көнбейтін құбылыс. Қаз ССР-ның ҰҒА С. Асфандияровтың туғанына 100 жыл арналған ғылыми теориятикалық конференцияда сөз сөйлеген М. Махмудовтың Кенесары Қазақ халқының ұлттық батыры деуі әбден жөн сияқты. Алдағы зерттеулер бұл ғалымның осы ойын расқа шығаруы әбден ықтимал. Кенасары Қасымовтың тағдырын ірі жазушы Жюль Верн де айналып өте алмаған. Оған жазушының Лениград архивінен табылған Кенасары жайлы романның қолжазбасы куә бола алады.
Қазақстанды түгелдей шарпыған Кенесары көтерілісі ойдым - ойдым түрде дамыған көтеріліс ошақтарының жиынтығы іспеттес еді. Міне, көтерілістің осал жері де осында.
І тарау
1. 1 К. Қасымұлы бастаған көтерілістің басталу себебі
1822 жылы Сібір қазақтары туралы устав далалық аудандарды басқару құрылымын өзгертіп жіберді. Енді басқарудың округтік жүйесі енгізілді. Ал ол бойынша қазақ қоғамы округке, болысқа, ауылға бөлінді. Төмендегі әкімшілік бірлестігі ретінде ауыл құрамына 50-70 -ке дейінгі үйлерді біріктірді. Осындай 10-12 ауылдан болыс құрылды. 10-15 болыстан округ қалыптасты. Бұлардың белгілі бір территориясы болды. Әкімшілік билігін сақтап қалған аға сұлтандар негізінен алғанда сол үкімет билігін нығайтылуын қамтамасыз етуге тиісті еді.
12 Разрядты шенеуніктерге теңестірілген болыстық сұлтандар аудандардың басында өздерінің құқығы жөнінен селолық старосталарға теңестірілген ауыл ағамандары тұрды. Билер сотын енгізуден олардың неғұрлым шексіз билігін алып тастады. Қарқаралы (бұрынғы Бөкей ханнның иелігіндегі және Көкшетау бұрынғы Уәлиханның иелігі) округтерін құру патша өкіметінің Орта және Ұлы жүздерінің түйіскен тұсында Қазақ жерлерін бірте - бірте басып алудан бастады. Қасы сұлтан мен оның балаларының қаза табуы бой көрсетулердің алдыңғы кезеңі стихиялық ұйымдаспаған сипатта болғанына қарамай кең етек жая бастады.
Қазақтардың ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда болған барлық ірі көтерілістерінен Кенесары көтерілісінің ерекшелігі, оған үш жүздің бұқара халқы түгел қатысты. Олар күреске бірден, жұмыла қосылмағанымен, жекелеген облыстар қозғалысқа тартылған кезде өзге аудандардағы қозғалыс басылып қалып отырғанымен Кенесары көтерілісі алғашқы жылдардың өзінде -ақ ғаламат кең құлаш жайып, бүкіл халық көтерілген қозғалысқа айналды.
Қозғалыстың бүкіл халықтылығы, кең қанат жаюы, айқын көрінген саяси сипаты Кенесары көтерілісінің өзіне тән ерекшелігі еді деу керек.
Кенесарының көтерілісіне қазақтың басты руларының бәрі қатысты. Олар Ұлы жүз бен Орта жүздің бірқатар рулары Кенесарының қол астына біріккен 1838 жылдан бастап қатысады. Қазақ руларының 1838 жылғы қозғалысқа, яғни күрестің бастапқы кезеңіне қатысуы туралы мәліметтердің тым шашырандылығы себепті біз тиісті деректерді сол жылға арналған очеркте береміз. Кестегеқатысты ескертулерде аталған рудың көтеріліске қатысқанын растайтын жеке адамдардың куәландыруларын, чиновниктер көрсетінділерінің осы жөн-ау деген тұстарын және Кенесары жақтастарының айғақтарын келтіреміз. Міне, осы себепті қыпшақтар, мысалы, 1838, 1839, 1841, 1844 және 1845 жылдары аталып өтіледі, ал 1842 - 1843 жылдары олардың қозғалысқа қатысуы туралы мәліметтердің біздің қолымызда жоқтығынан бұл кезең үшін кестеде көрсетілмеген. Мүмкін олар күресті жалғастырған да болар, бірақ олардың сол жылдардағы күресі қолға түскен деректерде байқалмады.
Кенесары «қазақтардың ежелгі тәуелсіздігін қалпына келтіреміз», яғни тәуелсіз Қазақ мемлекетін құрамыз деген ұранмен күрес жүргізді.
Халық бұқарасының жанына жақын талаптар қазақ кедейлерінің де, сонымен қатар байғұстардың да, жатақтар мен егіншілердің де мүддесін қозғағандықтан олардың күреске белсене қатысуы табиғи еді.
Көтеріліске байғұстардың қатысқаны туралы Кенесарының ордасында болған көптеген орыс чиновниктері әңгімелейді. Екатерина станицасы маңында көтерілісшілер қолға түсірген А. Иванов кейін тұтқыннан оралған соң болған тергеуде: « Кенесарының қол астында 1500 жас өспірім қазақтар мен бақташылар бар» деп көрсетті.
Кенесары ордасына арнайы барған патша жансызы Мыңбай Тұяқов: «Кенесарының кедейлігін, қарусыз екендігін көрдім. Олар зорығып өлген жылқының етін жейді, әрі киім киістері де жұтаң . . . Олар әдеттегі байғұстар сияқты өмір сүреді» деп хабарлады.
Ақырында Мейер де: « Кенесары туының астына негізінен үйсіз - күйсіз ер жүрек жігіттер ғана жиналған» деп көрсетіпті. Көтеріліске егіншілер де белсене қатысты. Архив деректерінде Сырдария бойын мекендеген. Шекті, Кішкене Шекті және Төртқара рулары егіншілерінің көтеріліске қатысқаны туралы айтылады.
Сонымен бірге, көтеріліске Торғай және Ырғыз өзендерінің аңғарын мкендеген егінші қазақтар да қатысқан. Ал Торғай мен Ырғыз өлкесі көтерілісшілер қозғалысының орталығы болғаны белгілі.
Полковник Бизановқа берген жауабында Кенесарының ағасы Әбілғазы: «Менімен бірге ұсталған қазақтар Кенесарының жақтастары болғанымен, негізінен олар кедейліктің кесірінен егіншілердің ішіне күн көру үшін сіңген жарлы-жақыбайлар», - деп мәлімдеді.
Өзінің жауабында Шерман Асатов былай деп хабарлады. «Кенесарының жақтастарынан басқа оның қасында 300- ден астам үй төлеңгіттер бар, олар қысы-жазы бірдей солармен бірге көшіп-қонып жүреді. Орта және Кіші орданың әртүрлі руларынан құралған төлеңгіттер мен қоса, олардың қатарында Қарауылдар, Атығайлар, Уақтар, Керейлер де бар».
Соғыс жағдайында төлеңгіттер Кенесары үшін әскери күш ретінде керек болғаны т. сінікті. Сондықтан да көтеріліске қосылған төлеңгіттер негізінен әскери жасақшының қызметін атқарғаны кездейсоқ нәрсе емес. Тіпті көтерілісшілерге қосылған кейбір жеке қазақ рулары өздерін Кенесары төлеңгіттеріміз деп атады. Мұның өзі уақытша болса да төлеңгіттердің әскери күш ретінде беделінің өскендігін көрсетеді.
Кенесары батырларының әлеуметтік құрамы біркелкі емес еді. Қара халықтан шыққан батырлар мен қатар Кенесары батырларының арасында феодал бекзаттардан шыққан аты әйгілі сұлтан Наурызбай, Табын руның биі Жоламан Тіленшиев те болды. Орынбор Шекара Комиссиясының төрағасы генерал Генстің айтуынша, Жоламанның 800 жылқысы, 2000 қойы және 50 түйесі болған1 .
Аталған батырлардың барлығы Кенесарыны көтерілістің соңына дейін қолдады. Олардың әрқайсысы туралы көптеген өлең, аңыз, әңгімелер бар. Кейбір батырлар өздерінің жеке естеліктерін қалдырған. Сонымен бірге, архив құжаттарында көтерілістің соңына дейін қатыспаған батырлардың да есімдері сақталған. Бұл көрініс Кенесарының Орталық Қазақстанның сайын даласынан Ұлы жүздің жеріне қоныс аударған кезінде байқалған. Мысалы, Кенесарыны Ұлы жүздің Тәуік, Сыпатай және т. б. батырлары қолдаудан бас тартты. Архив материалдарында кейбір батырлардың көтеріліске қатысудан бас тартуының себебі туралы мәлімет кездеспегендіктен, оның толық мән- жайын білудің реті келмеді.
Айта кететін бір жай, сыртқы жаудың басып алуынан сақтанған батырлар өздерінің әр түрлі әлеуметтік ортадан шыққанына қарамастан, белгілі бір уақытқа дейін бірлесіп қимыл жасады. Алайда, түптеп келгенде, батырлардың әр түрлі әлеуметтік тегі қозғалыстың соңына қарай өз салқынын тигізбей қоймады. Батырлардың әлеуметтік тегі туралы мәліметтерді біз негізінен фольклорлық материалдардан алып отырмыз.
1. 2 Ұлт - азаттық көтерілістің қозғаушы күштері
Архив деректері тек қана батырлардың әскери қимылдарын сипаттаумен ғана шектеледі, ал олардың жеке бастары туралы мәліметтер үзік- үзік қана кездеседі.
Кенесары және оның серіктері жөніндегі фольклор материалдарының құндылығы сонда, олардың көпшілігі ХІХ ғ. аяғымен ХХ ғ. басында Кенесары батырларының өздерінің және көтерілістің басқа да қатысушыларының өз аузынан жазып алынған. Кейбір материалдарды сол оқиғаларды көзімен көрген адамдар жазып қалдырған. Т. Титақовтың Кенесарының батырлары Шынбай Мыңбаев пен Бектеміровтың аузынан 1900 ж. жазып алған естелігі ерекше қызықты2. Олардың айтуына қарағанда, Ағыбайдың әкесі Олжабай Шұбыртпалы руынан шыққан, Ол өзінің бауырлары Мынабай, Танабай, Мыңбай мен бірге көтеріліске алғашқы күнінен бастап қатысқан. Олардың бәрі де Кенесары әскері қатарында шайқасқан. Мысалы, Танабай Кенесары қолбасшыларының бірі және көтерілісшілердің арасында аса беделді болыпты. Олжабайдың өзі де батыр кісі еді.
Көтерілісшілердің Ағыбайға деген ерекше құрметі туралы оның әйелдерінің бірімен Кенесарының әңгімесінен байқауға болады. Бірде ханым Кенесарыдан: «Сіз әскеріңіздегі кейбір адамға мың басы, бес жүз басы деген атақтар беріп жатырсыз, неге сіз «көсеге» атақ бермейсіз?»-деп сұрапты. Сонда оған Кенесары : « Егер әскерімнің алдыңғы легі ұрысқа « Абылай!» деп ұрандап кіріссе, ал олардың соңынан ілескен жауынгерлер «Ағыбайлап» соғысқа кіріседі. Міне, сондықтан да мен оған әскери атақ берген жоқпын» деп жауап беріпті.
Ағыбай көтерілістің соңына дейін Кенесарыға деген адалдығынан айныған жоқ. Кенесары қаза тапқан соң Ағыбай Шұбыртпалы руымен қазіргі Ақмола облысының жеріне қоныс аударып, 83 жасында Қайрақты деген мекенде қайтыс болды. ХІХ ғ. ІІ-ші жартысында айтылған «Ағыбай батыр» қиссасы оның ерлік жолына арналған.
Кенесарының екінші бір атақты батыры - Аманкелдінің атасы, Қыпшақ руынан шыққан Иман еді. Ол 1780 жылы бұрынғы Торғай уезінің Дулаттың Қызылжары деген жерде туған. Иманның әкесі Дулат дәулеті шағын адам болыпты. Иман кенесарыға 1839 жылы қосылды. Есіл өзені жағасындағы Көкалажар қамалын Кенесары әскері қоршауға алғанда, гарнизондағылар көтерілісшілерді жақындатпай ұзақ атысады3. Сонда Иман батыр кішігірім тобымен байқатпай барып, қамалдың сыртынан соққы беріп, оған басып кіреді. Шайқас аяқталған соң Кенесары сарбаздарын жинап, Иманның ерлігіне таңданғанын айтып, «Менің қасымда жолбарыстай қайратты, түлкідей айлалы Аякеңнің болғанына өте ризамын» дейді. Сонан кейін Кенесары құрметінің белгісі ретінде батырды «Аяке» деп атап кетіпті. Иман жасы үлкен адам ретінде Кенесарының әскери кеңесінің мүшесі де болған. Табын руынан шыққан
Бұқарбай батыр да Кенесарының ең жақын серіктерінің бірі еді. Бұқарбай батырдың өз өмірбаянының қызықты кезеңдері туралы әңгімелері халық арасына кең тарап кеткен. Ол қоқандықтардың «Күреш» деген қазақ ауылына шабуыл жасағаны туралы былайша әңгімелеп берген. Ауылдың тоналып, адамдардың тұтқынға айналып кеткендігін естіген Бұқарбай батыр өзінің жасағы мен қоқандықтардың соңынан түседі. Ол қоқандықтарды қуып жетіп, малды қайтарып, тұтқынға түскендерді босатады. Солардың арасынан Күреш байдың сұлу қызына көзі түседі. Ауылға оралған соң Бұқарбай батыр Күреш байдан қызын өзіне әйелдікке беруін сұрайды. Күреш: «Қоқандықтар малымды айдап, жұрдай қылып тонап кетті, сондықтан қызымның қалыңмалына 47 бас мал бермесең қызымды саған бере алмаймын» дейді. Сонда Бұқарбай батыр: «Менде жалғыз тұяқта жоқ, ондай көп малды қайдан табамын», - депті де, қызға қарапты. Сонда қыз орнынан тұрып, әкесіне қарап: «Егер Бұқарбай бізді қоқандықтардан құтқармағанда қазір мен қайдағы бір қоқан бегінің күңі болып жүретін едім. Бұқарбайдың бұл жолғы сіңірген еңбегі одан қалыңмал талап етпеуге лайық емес пе! Мен тек осыған күйеуге шығуға серт беремін» - депті.
Кенесары қозғалысына қазақ қоғамының әлеуметтік жоғарғы тобының өкілдері - сұлтандармен ру шонжарлары да қатысты. Олардың бір бөлігі көтерілістің басынан өздерінің феодалдық жасақтарымен Кенесарыға ерді және соңына дейін оған адал болды. Бұлар, негізінен, Кенесарының жақын туыстары еді. Сұлтан Сейілханның жауабына қарағанда, 1846 ж. соңына дейін Кенесарымен үнемі бірге жүрген туыстары мыналар: Наурызбай, Ержан Саржанов, Құдайменді, Сейілхан Бегалиев, Ораз Бопинов, Басалқа Тоқтамысов, Кенесарының қайнағасы және т. б. Бұлардан басқа, Кенесарының жақтастарының арасында патша өкіметіне наразы, 1822 ж. «Сібір қырғыздары туралы жарғы» енгізілгеннен кейін өздерінің бұрынғы артықшылықтарынан айрылып қалғандар немесе кедейленген сұлтандар болды. Олардың да бір бөлігі Кенесарыны көтерілістің соңына дейін қолдады4. Патша өкіметіне наразы сұлтандардың бірі Сарман Тұрсынханов тергеу барысында: көтеріліске қосылған себебім «арамыздан біріміздіде аға етіп сайламай, бұл атақты қарапайым биге бергендіктен» деп мәлімдеді.
Көтеріліске белсене қатысқан сұлтан Қосай Жолбарысов туралы шекаралық басқарманың чиновнигі Сердюков: «Оның тұрмысы нашар және адамдары да жоқ» деп хабарлады5. Сұлтандардың екінші бір бөлігі көтеріліске халық бұқарасының қысымымен байлығынан айрылып қалудан және халық арасындағы ықпалын жойып алудан қорқып қосылды. Олардың арасында даланы басқарудың жаңа бір жүйесінде белгілі бір қызмет атқарып жүрген кейбір сұлтандар да бар еді. Сібір шекаралық казактарының бастығы полковник Талызиннің 1838 ж. жазған мәліметінде: «Жыртқышқа Ақмола округі сұлтандарының көпшілігі қосылып қана қойған жоқ, сонымен бірге Баянауыл, Қарқаралы және Көкшетау округтері сұлтандарының да қосылғаны анық. Басқа барлық сұлтандар сырттай үкіметке адал болып көрінгенімен, Кенесарымен жасырын байланыста болды» \6\ , деп жазуы бекер емес. Бұл сұлтандар көтерілістің уақытша серіктері болған-ды. Олар көтерілісшілерді көтерілістің алғашқы кезеңінде ғана қолдады. Көтеріліс бір ауданнан соң екінші ауданды қайтып, қазақ жерінің едәір бөлігіне тарала бастаған кезде көптеген сұлтандар қозғалысты сатып, жау жағына шығып кетті.
Күшік Айшуақов көтерілісшілер қосынында жүріп Полковник Талызинге құпиялап былай деп жазған: « Менің округке келе алмағаныма кешірім сұраймын, Қазір Кенесарыдан бірте-бірте алшақтап барамыз, біз оны дұшпан деп есептейміз». Сұлтан Дайыровта Талызинге жолдаған хатында өзінің көтерілісшілер қосынынан кетуге дайын екендігін хабарлайды. Ол: «Патша ағзамға қарсы шығу және қару көтеру ешуақытта ойымда жоқ және зиян келтіруді де ойламаймын, қай жерде болмайын, бар уақытта да патшаға адал қызмет етуге дайынмын»- деп жазды.
Кенесары көтерілісіне ру шонжарлары-билер және басқа ірі феодалдар қатысты. Мысалы, Шаң Едігенов, Шорман Күшіков, Мұса Шорманов және т. б. Мұса Шорманов көтерілісшілерге қосылғандықтан ғана өзін тоналудан алып қалды. Егер қосылмаған жағдайда « ызаланған бүлікші оның бар малын барымталап алатын еді».
ХІХ ғ. 20-30 ж. патша өкіметі Ресейдің орталық аудандарынан шаруларды күштеп империяның шет аудандарына көшіре бастады, соның ішінде Қазақстан мен шекаралас жерлерге де көшірілді. Шаруалар өздері үйренбеген жерлерге қоныс аударғанға наразы болды және қазақтардың көтерілісіне тілектестікпен қарады. Патша өкіметі тәртібіне Сібір және Орынбор бөлімдеріне әскери қызметке жаңадан алынғандар да наразы болды.
Көтерілістің алғашқы күндерінен бастап Кенесарыға көтеріліс аймағында тұратын әр түрлі ұлттардың жекелеген өкілдері қосылды. Ортақ жауға - патша өкіметіне- қарсы қазақтар мен бірге қазақ далаларында өкімет орындарының қудалауынан қашып жүрген орыстар, татарлар, башқұрттар да қосылды. Олар Кенесары әскерінде қару-жарақшы, отрядтар жетекшісі қызметін атқарды. Олардың көтеріліске қатысуы туралы бас штабтың поручигі Герн былай деп жазды: «Кенесарының қасында Сібір және Орынбор губернаторларына бағынышты барлық рулардан көп қазақтар бар. Олармен бірге бес орыс, төрт башқұрт және алты татар бар. Олардың кейбіреуі Кенесары армиясына қару-жарақ, оқ дәрі жасайды».
Қару-жарақ шеберлері рөлін атқарған аталмыш орыстардан басқа қашқын солдаттар да болды, олар командирлік қызмет атқарды. Атап айтқанда, Белешев және Малкин осындай солдаттар еді. Малкин туралы қызықты мәліметтерді өзінің көрсетіндісінде Анюшин былай деп хабарлайды: «Кенесары оны бай қалыңдыққа үйлендіріп, қол астына 40 адам
беріп, бастық етті. Олардың бәрін өз ордасы маңында ұстайды . . . Қазір Кенесарының қасында бірінші жасауыл Хусни, Кішік екінші жасауыл деп жүр . . . Кішіктің онда балуан ретінде даңқы шығыпты. Ал Кенесары оған Батырмұрат деп ат қойыпты»6.
Үкімет өзінің елшілері және жансыздары арқылы Кенесары әскерінде қызмет ететін қашқын солдаттардың санын білмек болып мәлімет жинауға тырысты. Герн бастаған елшілікті Кенесары ордасына жіберер алдында генерал Обручев « Кенесары ауылдарында қашқын орыс азаматтары бар ма, жоқ па, соны білуді, егер бар болса, оларды кері қайтаруға Кенесарыны көндіруді» арнайы тапсырған.
Қашқын орыстың біреуі Кенесарының жеке хатшысы болып та қызмет еткен. Кенесарыға тұтқынға түскен орыс офицері У-р өзін тұтқындалысымен Кенесарының хатшысына, қазақ шапанын киген тақырбас белгісіз бір орысқа алып барғанын айтады. Белгісіз бұл орыс У- рға өзінің қай губерниядан екенін айтудан мүлдем бас тартады. Осы қашқын орыс туралы тұтқыннан шыққан орыстар мен патша өкіметінің жансыздары да хабарлаған еді. « Оның тілмаш екі адамы бар . . . бірі татар, Троицк қаласынан, екіншісі орыс, өзін офицермін дейді».
Кейбір қашқын орыс солдаттары қатардағы жауынгер ретінде Кенесарының әр түрлі әскери жорықтарына қатысқан. Жаппастықтардан зекет жинау кезінде Наурызбай бастаған 200 жігіттің ішінде, оның жеке адъютанты Николай Губин деген де болыпты. Жаппастықтар қастандық жасағанда Губин Наурызбай мен бірге қоста еді, алайда атына мінуге үлгермей тұтқынға түсіп қалады. Кейіннен оны Орынбор шекара өкіметіне табыстайды.
Кенесары қолына түскен орыс тұтқындарды қалуға үгіттеп, жақсы қалыңдық беруге уәде еткен. Кенесары да тұтқында болған П. Федоров тергеуде былай деп мәлімдеді: « Кенесары бірнеше рет православие дінінен бас тартуға үгіттеп, қыздардың ең жақсысына үйленуді ұсынды, алайда мен әр түрлі сылтау айтып көнбей қойдым».
Кенесарының армиясында қашқын татарлар да қызмет еткен, олардың көпшілігі басшылық қызметте болған. Татарлардың бірі- Әлім Жағудин әскери кеңестің мүшесі де болыпты. Көтеріліс жеңілгеннен кейін ол Пермь қаласына жер аударылған. Сібір тарихын белгілі зерттеуші И. Завалишин өзінің 1859 ж. Әлім Жағудинмен тікелей таныс болғандығын және бір кезде Жағудиннің «белгілі қырғыз сұлтаны Кенесары Қасымовтың кеңесшісі, елшісі және рухани досы болғандығын» жазады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz