Кәсіпорын капиталының (қорларының) айналымы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Кәсіпорын капиталының (қорларының) айналымы

  1. . Капиталдың айналымы және шеңбер айналымы
  2. . Негізгі және айналмалы капитал.
  3. . Негізгі капиталдың тозуы. Амортизация
  4. . Кәсіпорынның айналым қаржылары
  5. . Инвестицияның мәні. Жалпы және таза инвестициялар
  1. . Капиталдың айналымы және шеңбер айналымы

Кәсіпкерлік капитал өндіріс сферасынан айналыс сферасына өте отырып, әрдайым тұрақты қозғалыста болады, шеңбер айналым жасайды. Капиталдың шеңбер айналымы алғашқы құнды ұлғайту мақсатында барлық өзара байланысты : жабдықтау, өндіріс, өткізу процестерін қамтитын сфералар арқылы тауарлы-ақшалай формада өндіріс құралдары қозғалысының толық циклін көрсетеді. Материалдық игіліктерді өндіру үшін кәсіпорынға салынған кез-келген капитал өзінің қозғалысын ақшалай формада бастайды. Өз қозғалысында капитал үш сатыдан өтеді:

І саты: ақшалай капитал өндіріс құрал-жабдықтары мен жұмыс күші түріндегі тауарларды сатып алуға жұмсалады.

Ж. К

А Т

Ө. Қ

ІІ саты: өндіріс процесінде өндіріс құралдары мен жұмыс күшінің бірігуі және өзара әрекеттесуі арқылы жаңа өнім жасалады.

А Т…. . Ө…. . Т*

ІІІ саты: осы жаңа өнімді нарықта сата отырып, кәсіпкер алғашқы авансыланған капиталдың өскен сомасын алады.

А Т…. . Ө……Т* А*

Шеңбер айналымның үш кезеңінің біріншісі - жабдықтаушы -дайындаушы және үшіншісі - коммерциялық - өткізу нарықта айналыс процесін, ал екіншісі - өндіріс процесін құрады.

Капиталдың осы үш кезең арқылы кезекті өтуі және оның үш функционалды формаларының ауысуы капиталдың шеңбер айналымы деп аталады. Жекелеген акт емес, кезеңді қайталанатын процесс ретінде қарастырылатын, нәтижесінде авансыланған құнның барлық сомасы толығымен өзінің бастапқы формасына қайтарылатын капиталдың шеңбер айналымы капиталдың айналымы деп аталады. Шеңбер айналым мен айналым органикалық өзара байланысқан. Айналым шеңбер айналымнан кең, өйткені капиталдың жекелеген элементтері әртүрлі жылдамдықпен қозғалысын аяқтайтындықтан олардың авансыланған құны өзінің бастапқы формасына әртүрлі уақытта қайтарылады. Бір бөлігі - әрбір шеңбер айналымнан кейін, мысалы, тұтынылған шикізаттар мен материалдардың құны, ал екінші бөлігі - айналым жасайтын бірнеше шеңбер айналымнан кейін, мысалы, еңбек затының құны. Нәтижесінде өндіріс құралдарының бүкіл авансыланған құнының қайтарылуы капитал айналымын құрайтын бірқатар шеңбер айналымдар нәтижесінде жүреді.

Капиталдың әртүрлі элементтерінің айналымы біркелкі жүрмейді. Капитал құны айналымындағы әртүрлі функцияларына сәйкес капитал негізгі және айналмалы болып бөлінеді.

  1. . Негізгі және айналмалы капитал

Негізгі капитал - ұзақ кезең бойы қызмет ететін материалдық-заттай құндылықтардың жиынтығы. Олар өндіріске қызмет ете отырып, өзінің табиғи-заттай формасын сақтайды және өз құнының бір бөлігін жаңадан жасалған өнімдер мен қызметтерге көшіреді және меншік иесіне ақшалай формада бөліктеп қайтарылады. Сонымен негізгі капитал - қызмет ету мерзімі ұзақ негізгі қорлардың ақшалай бағалануы. Олардың құрамына өндірістік және өндірістік емес объектілер кіреді. Өндірістік негізгі қорларға өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы, көлік, байланыс, сауда және басқа да материалдық өндіріс бағытындағы негізгі қорлар жатады. Өндірістік емес негізгі қорлар тұрғын үй, мәдениет, спорт мекемелері, балабақша, емдеу орындарына қызмет көрсету үшін бағытталған. Негізгі қорларға ғимараттар, құрылыстар, машина мен құралдар, есептеу техникасы, тасымалдау құралдары, өндірістік және шаруашылық құралдар жатады.

Негізгі қорлар бастапқы құн, қалпына келтіру құны және қалдық құн бойынша бағаланады.

Бастапқы құн - қорларды дайындауға, жинауға, әкелуге кеткен шығындардың жиынтығы.

Қалпына келтіру құны - негізгі қорларды қайта өндіруге кеткен шығындардың жиынтығы.

Қалдық құн - тозу құнын алып тастағандағы бастапқы немесе қалпына келтіру құны.

Айналмалы капитал - бұл кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың өндірістік қорларының бір өндірістік айналымда түгел тұтынылып, өзінің құнын дайындалатын өнімге толық көшіретін бөлігі. Өзінің табиғи формасын сақтамайды және өндіріс аяқталғаннан кейін ақшалай нысанда қайтарылады. Айналмалы қорлар екі бөліктен тұрады:

  1. өндірістік айналым қорлары
  2. айналыс қаражаттары

Өндірістік айналым қорларына өндіріс қалдықтары (запастар), аяқталмаған өндіріс, болашақ кезеңдердің шығындары жатады. Айналыс қаражаттарына дайын өнімдер, жөнелтілген, бірақ ақысы төленбеген тауарлар, банк шотындағы, кассадағы ақша қорлары жатады.

Айналыс қаражаттары меншікті және қарызға берілген айналым қаражаты болып бөлінеді. Меншікті айналыс қаражаты - кәсіпорындардың ең аз қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін бекітілген нормативтерге сәйкес өздеріне тиесілі қаражаттың бір бөлігі. Қарызға берілген айналым қаражаты - кәсіпорындардың айналым қаражатының қысқа мерзімді банк несиесі және айналымға тартылған қаржы есебінен құралған бөлігі. Айналым қаражаттары әрқашан да қозғалыста болады және ауыспалы айналым жасайды. Мұндай құбылысты айналым қорларының кезеңі деп атайды. Айналым қорларының айналымын жылдамдату кәсіпорынның негізгі мақсаты болып табылады және оның мынадай жолдары бар:

- ғылыми-техникалық прогрестің соңғы нәтижелерін қолдану;

- өнеркәсіптік өндірісті ұйымдастыру формаларын жетілдіру;

- шикізат, отын-энергетика ресурстарын үнемді қолдану.

Өндірістік қорлар өзінің қозғалысында кезекті түрде өндіріс және айналыс стадиясына өтеді. Демек, қорлардың айналым уақыты сәйкесінше өндіріс уақыты және айналыс уақытынан тұрады. Қорлардың өндіріс сферасында болу ұзақтығы өндіріс уақытын, ал айналыс сферасында болу ұзақтығы айналыс уақытын құрайды. Өндіріс уақыты өндіріс заттары және өндіріс құралдарының келіп түсуі мен дайын өнім болып шыққанша өндіріс сферасында болуының бүкіл кезеңін қамтиды. Ол үш бөлікке бөлінеді:

- жұмыс уақытын құрайтын тікелей еңбек процесінің уақыты;

- еңбек процесіндегі үзілістер уақыты;

- өндіріс құралдарының өндірістік запастарда болу процесі.

Айналыс уақыты кәсіпорынды жабдықтау процесі кезінде өндіріс құралдарын сатып алуға кететін уақыт пен өткізу уақыты - дайын тауарларды нарықта сату уақытынан тұрады.

Негізгі және айналмалы қорлардың қызмет етуін сипаттау үшін оларды пайдаланудың тиімділігін көрсететін көрсеткіштер қолданылады:

  1. Қор қайтарымы:

өндірілген өнім көлемі

Қ. қ =

негізгі өндірістік қорлар көлемі

Қор қайтарымы көрсеткіші негізгі капитал құнының бірлігіне шаққанда қанша өнім шығарылғандығын көрсетеді. Қор қайтарымы негізгі капиталды пайдалану деңгейінің тікелей шамасын көрсетеді. Оған кері көрсеткіш қор сыйымдылығы деп аталады. Қор сыйымдылығы - әрбір шығарылатын өнім құнына келетін негізгі қорлар құнының үлесін көрсетеді:

негізгі қорлардың көлемі

Қ. с. =

өндірілген өнім көлемі

Шикізат пен отынның пайдаланылуын жақсарту өнімнің материалсыйымдылығын төмендетуден көрінеді. Ол тұтынылған айналым капиталының өнім құнына қатынасымен анықталады:

Тұтынылған айналмалы қорлардың көлемі

М. с. =

өндірілген өнім көлемі

Кәсіпкерлік капиталдың қызмет етуін сипаттау үшін келесі экономикалық көрсеткіштер қолданылады:

- капиталдың айналым жылдамдығы - 1 жылдағы айналым саны ретінде есептелінеді:

O

П=

Т

П-айналым саны

О-капитал айналымының өлшем бірлігі

Т-капиталдың айналым уақыты

- айналым капиталының айналымдылық коэффициенті:

айналым капиталының орташа қалдығы

К=

өткізілген өнім құны

- бір күндегі орташа айналым ұзақтығы:

О

От=

П

Айналымдылық көрсеткіштері кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін үлкен мәнге ие. Өйткені айналым құралдарының ақшалай формаға ауысу жылдамдығы кәсіпорынның төлемқабілеттілігіне тікелей ықпал етеді. Бұдан басқа құралдардың айналым жылдамдығының ұлғаюы кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығының жоғарлағанын көрсетеді.

15. 3. Негізгі капиталдың тозуы. Амортизация

Өндіріс процесінде негізгі қорлар қолданылуына байланысты тозады. Тозудың екі түрі бар: табиғи тозу және моральдық тозу.

Табиғи тозу дегеніміз - негізгі қорлардың тұтыну барысында және табиғаттың табиғи күштерінің әсерінен тұтыну құнын жоғалтуы.

Моральдық тозу - жабдықтардың техникалық погреске байланысты ескіріп құнсыздануы.

Неғұрлым жетілдірілген және өнімді машиналардың пайда болуы нәтижесінде пайдаланылып жүрген машиналар табиғи қалпына және өндірісте пайдалану дәрежесіне қарамастан моральдық жағынан ескіріп, құнсызданады. Тозған негізгі қорларды жаңарту үшін амортизациялық аударымдар қолданылады.

Амортизация - негізгі қорлардың тозуы салдарынан оның құндылығының бірте - бірте төмендеуі, сондай-ақ оларды жаңарту үшін қаражатты қорландыру мақсатында осы қорлар құнының өндірілген өнімге бірте-бірте көшуі. Амортизацияның ақшалай сипаты амортизациялық аударым болып табылады. Оның көлемі амортизация нормасы арқылы анықталады. Амортизацияның жылдық жиынтығын негізгі қорлар бағасына бөлу арқылы амортизация нормасы анықталады. Ол пайыз арқылы беріледі:

Ф1-Фж

Н= 100%

Ф1•Т

Мұндағы: Ф1 - негізгі қорлардың баланстық бастапқы құны

Фж - жойылған негізгі қорлардың құны

Т - амортизациялық кезең (негізгі қорлардың нормативті қызмет ету уақыты), жыл

Негізгі қорларды толық қайта құруға кеткен амортизациялық аударымдардың көлемі мына формуламен анықталады:

А= Н•Ф

Н - амортизация нормасы, %

Ф - негізгі қорлардың орташа жылдық құны, тенге

Амортизация нормасы негізгі қорларды өз уақытында қалпына келтіруге бағытталады және оны есептегенде мынадай факторларды қолдана отырып, негізгі қорлардың қызмет ету уақытын дұрыс анықтау керек:

- негізгі қорлардың ұзақ мерзімділігі;

- моральдық тозу;

- техникалық қайта құру жоспары;

- жабдықтардың балансы;

- модернизациялау және күрделі жөндеу мүмкіншіліктері.

15. 5. Инвестицияның мәні. Жалпы және таза инвестициялар

Инвестициялар ЖҰӨ-нің ең маңызды және ең өзгермелі компоненттерінің бірі болып табылады. Инвестициялық шығындардың үш типі ерекшеленеді. Кәсіпорынның негізгі қорларына инвестициялар болып кәсіпорындардың өздерінің өндірістік қызметтеріне пайдаланулары үшін алған ғимарат, құрылыс және құрал-жабдықтары саналады. Тұрғын үйлер құрылысы инвестициялары тұру үшін алынған үйлерге, сондай-ақ жалға беру үшін алынған үйлерге шыққан шығындарды қамтиды. Сақтық қор инвестициясы - фирмалардың сақтауға қалдырған тауарларын, оның ішінде шикізаттармен материалдарды, бітпеген өндіріс пен дайын өнімдерді қамтиды.

Инвестициялар тікелей және портфельдік болып бөлінеді:

Тікелей инвестиция - тікелей өндірістік кәсіпорындарға салынатын инвестициялар Портфельдік инвестициялар пайда табу үшін инвесторлардың кәсіпорындардан акция, облигация, басқа да құнды қағаздарды сатып алуын білдіреді.

Қайталауға арналған сұрақтар

  1. Негізгі капитал дегеніміз не және оның құрылымы?
  2. Негізгі қорлар қалай бағаланады?
  3. Капиталдың айналымы мен шеңбер айналымының байланысы қандай?
  4. Амортизация не үшін қолданылады?
  5. Инвестиция дегеніміз не және оның қандай түрлері бар?

Тест

  1. Негізгі капиталға не жатады?

а) өндірістегі ғимараттар, технология, машина-жабдықтар

б) жұмыс күшін жалдауға жұмсалған ақша

в) өндірісті кеңейтуге кеткен ақша

г) шикізатқа кеткен шығын

л) барлық жауап дұрыс

  1. Айналмалы капиталға не жатады?

а) шикізат, электр қуаты, жанар-жағар май

б) ғимаратты пайдалануға жұмсалған қаражат

в) жаңа техниканы игеруге жұмсалған қаражат

г) жал төлемі

д) барлық жауап дұрыс

  1. Капиталдың тұрақты және өзгермеліге бөлінуінің себебі неде?

а) өндіріс процесіне әртүрлі қатысуында

б) олардың ұдайы өндірісінің ерекшеліктерінде

в) әрқайсысының қосымша құнды құрудағы роліне

г) натуралды формасы бойынша ерекшелігінде

д) елеулі айырмашылығы жоқ

  1. Капиталдың айналымы деген не?

а) капиталдардың үш кезең арқылы біртіпдеп өтуі және ол капиталдардың кезектесіп үш форманы қабылдауы

б) ұдайы жаңарып тұруы, капиталдың ауыспалы айналымының қайталануы

в) капиталдың өндіріс аясындағы және айналым аясындағы қозғалысы

г) барлық жауап дұрыс

д) барлық жауап дұрыс емес

  1. Айналымның таза шығындары қандай көздерден қайтарылады?

а) негізгі капиталдан

б) айналмалы капиталдан

в) амортизациялық қордан

г) пайдадан

д) зейнет ақы қорынан

Әдебиеттер:

1. Курс экономической теории /Под ред. Чепурина М. Н., Киселевой Е. А. -Киров, 1997.

2. Экономика. Учебник по курсу “Экономическая теория” / Под ред. А. С. Булатова. -М., 1997.

3. Экономическая теория (политэкономия) . Учебник. /Под общей ред. В. И. Видяпина, Г. П. Журавлевой. -М., 1997.

4. Мамыров Н. К. и др. Микроэкономика. -Алматы: Экономика, 1997.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Айналым өндірістік қорлар
Өндірістік айналым қоры
Айналым капиталын басқару тиімділігін талдау (“Астана трэйд интернэшнл” АҚ мысалында)
Айналым капиталы түсінігі
Кәсіпорын капиталының айналымы
КӘСІПОРЫН КАПИТАЛЫНЫҢ (ҚОРЛАРЫНЫҢ) АЙНАЛЫМЫ МЕН АЙНАЛЫМДЫЛЫҒЫ
Айналым қаражаты
Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы айналым капиталы
Кәсіпорындағы айналым капиталдарының тиімділігін арттыру
Кәсіпорын қорларының (капиталының) ауыспалы айналымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz