Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев


1940 ж. шілденің 6 Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген.
1967 ж. Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бiтiрдi. Экономика ғылымдарының докторы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.
1960-69 жж. - Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді
1969-73 жж. - Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
1973-77 жж. - Қарметкомбинаттың партком хатшысы.
1977-79 жж. - Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы.
1979-84 жж. - Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.
1984-89 жж. - Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.
1989-91 жж. - Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы,
1990 ж. ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.
1990 ж. сәуірінен - Қазақ КСР президенті.
1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98, 7 %) жеңіске жетті.
1995 ж. сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды.
1999 ж. қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79, 78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.
2005 ж. желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91, 5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.
Жаңа тәуелсіз мемлекет - Қазақстан Республикасының (16. 12. 1991) - дамуы, барлық атрибуттары - ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік басқару және биліктің бүкіл тармақтарының өзара әрекет ету жүйесі - бар ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасуы Назарбаев есімімен тығыз байланысты. Назарбаев басшылығымен конституциялық құрылыс процесі жүзеге асты, ол 1995 жылдың тамызында еліміздің Негізгі Заңын қабылдаған бүкілхалықтық референдуммен аяқталды. Қазақстанда демократиялық институттарды құру Назарбаевтың аса зор еңбегі болып табылады. Сөз бен баспасөз бостандығы, сайлау және сайлану құқығы, партиялар мен қоғамдық бірлестіктер құру құқығы, дін бостандығы сияқты азаматтық қоғамның мызғымас құндылықтары нақ соның тұсында ғана конституциялық нормаларға айналды. Назарбаев басшылығымен кеңестік өкімшіл-жоспарлы әкімшілік жүйе бұзылғаннан және бірегей халық шаруашылық кешені күйрегеннен кейін алапат дағдарысқа тап болған қазақстандық экономиканы өзгертуге бағытталған аса ауқымды шаралар әзірленіп, іске асырылды. Экономикалық саясатты және демократиялық өзгерістерді ойдағыдай жүзеге асыруға мемлекеттік құрылымның президенттік республика ретіндегі халық таңдаған үлгісі көп септігін тигізді. Түбегейлі экономикалық ырықтандыру мен саяси реформалар белгіленген өзгертулерді пәрменді жүргізуге асыруға көмектесті. 1992 жылдың басында Назарбаев «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясын» әзірлеп, елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыт-бағдарын айқындады. Соның нәтижесінде 1997 жылдың басына қарай елде макроэкономикалық тұрақтылық орын алды, инфляция тоқтатылды, өнеркәсіп жанданып, қаржы-бюджет, салық жүйесі құрылды, жекешелендіру жүргізілді, зейнетақы жинақтау жүйесі дүниеге келді, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын реформалау жүзеге асты. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиясы мемлекет дамуының басым бағыттарын айқындады. 2006 жылғы халыққа Жолдауында Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы белгіленген. Назарбаевтың экономист және саясаткер ретіндегі жеке беделі елде қолайлы инвестициялық ахуалдың қалыптасуына, көптеген мемлекеттермен және халықаралық қаржы институттарымен қарқынды экономикалық ынтымақтасуға игі ықпал етті. Республикада ауылды дамытуға, кедейлікпен күресуге, тұрғын үй құрылысын дамытуға және т. с. с. бағытталған ірі-ірі әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру басталды. Назарбаев индустриалды-инновациялық даму стратегиясын әзірледі, инвестициялық және инновациялық қорлар құрылды. Дүниежүзілік сарапшыларарасында «қазақстандық үлгі» термині пайда болды. Қысқа мерзім ішінде халықаралық ынтымақтастық тұжырымдамасын қалыптастырды. Оның көптеген бастамалары кең халықаралық жаңғырық тапты әрі мойындалды. Мәселен, Семей ядролық полигонын жабу, ядролық держава мәртебесінен бас тарту, жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі дәйекті қызмет, т. б. Назарбаев ТМД, ОАО, Кеден одағы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ), Еуразия одағы сияқты халықаралық құрылымдарды дүниеге әкелудің бастамашысы. Ол БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында құруды ұсынған Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) іс жүзінде жұмыс істей бастады. Назарбаев мәдениеттердің, діндердің, өркениеттердің жүйелі сұхбаттасуын жолға қоюға көп көңіл бөледі. 2003, 2006 жылдары Астанада әлемдік діндер көшбасшыларының съездері табысты өтті.
Назарбаевтың бастамасымен ашылған оқу орындарХалықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Қазақстан менеджмент институты, Экономика және болжау институты, Қожа Ахмет Иасауи атындағы Қазақ-түрік университеті, Н. Гумилев атындағы Еуразия университеті, Ұлттық Мемлекеттік заң университеті, Назарбаев Университетi, бірқатар лицейлер мен колледждер. Президенттік «Болашақ» бағдарламасы іске асуда, ол бойынша жастар дүние жүзінің ірі оқу орындарында білім алып жатыр. Аса талантты балалар үшін президенттік «Дарын» сыйлығы тағайындалған.
Назарбаев - Қазақстанның ең жоғары ерекшелік белгісі - ерекше үлгідегі «Алтын Қыран» орденімен, сондай-ақ әлемнің көптеген елдерінің, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың жоғары наградаларымен марапатталған. Әлемдік сарапшылардың мойындауынша, Қазақстандағы Назарбаев пен оның пікірлестері жүргізіп келе жатқан өзгерістер ХХ ғ. соңында пайда болған жаңа тәуелсіз мемлекеттер тарихындағы ең табыстылардың бірі болып есептеледі. Қазақ елінің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - саяси мектеп қалыптастырған тұлға. Саясат дегеніміз - өнер, ол қоғамды, мемлекетті басқару өнері. Адамның қасиеттері тумысынан бастау алады десек, бұл өнер де Елбасының тума қасиеті. Елбасының үлгі алар екі нәрсесі болды. Олар, біріншіден, туған халқының қилы-қилы тарихы, азаттық жолындағы ерлікке толы мол тәжірибесі, ата-бабаларының даналық ой-пікірлері, аталық қағидалары, ата-баба алдындағы азаматтық борышы. Бұл сезім, сана Елбасын талай қиыншылықтардан алып шыққанын өзі жазған кітаптарынан оқып жинақтап айтып отырмын. Екіншіден, үлгі тұтқан тарихи тұлға хан Абылай, тағы басқа ел көсемдері. Абылай хан үш жүздің басын біріктіріп, Ресей мен Қытай арасындағы саясаттың өрісінде болса, Қазақ елінің Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та Ресей мен Қытай елдері арасындағы шекараларды тұңғыш рет халықаралық құқықтық негізге түсіріп, әлемді аузына қаратқан саяси Тұлғаға айналды «Қазіргі Қазақстанның Тұңғыш Президенті болуды және оның негізін қалауды Нұрсұлтан Назарбаевқа тағдырдың өзі бұйырды. Мемлекет құраушы халық - қазақтар - тұрғындардың қырық пайызынан сәл ғана асатын уақытта ол республиканың тәуелсіздігін жариялады. Жаңа мемлекет, Жаңа қоғам, Жаңа ел қалыптастыру үшін, сөзсіз, жасампаздық идея ғана емес, идеялар легі қажет болды. Сондай идеялар легін Президент Нұрсұлтан Назарбаев елге ұсына білді, олардың басты-бастылары. Бірінші идея. Халық арасында тың экономикалық сана, психология орнықтыру қажеттілігі. Бұл меншікке және еңбек еркіндігіне қатысты мәселе. Нарық меншіктің мазмұнын өзгертті. Бұрын коммунистер жерден алып, жерге соғып келген жеке меншік кеңінен заңды түрде өріс ала бастады. Елбасының әуелі экономика дегендегі саясатының идеялық мәнісі осы болатын. Бұл идея нәтиже берді. Халық нарық жағдайына бейімделе бастады. Алайда, еңбекке деген социалистік дағды да өз көріністерін беріп, іске бөгет бола берді. Осы жағдайда Президенттің алдымен экономика деген идеясы ескіден арылудың ең тиімді Идеясы болды. Екінші идея. Жаңа қала, Астана салу идеясы. Астана тек қала ғана емес, Қазақ елінің символына, брендіне, идеясына айналған қала. Астанамен бірге жаңа халық қалыптасып келеді. Ескі қала консерватизмін сақтаса, жаңа қала романтикалық көңіл-күйде. Қаладан жасампаздық рухы айқын сезілуде, ол өсіп, қалыптасып келе жатқан ұрпақтардың сана-сезіміне еніп, тың дүниетанымдық өрістер іздеуде. Үшінші идея. Саясат пен мәдениет бірлігі. Ол - Елбасының «Мәдени мұра» жобасы. Өшкенді жаңғырту, жоғалғанды табу, іздеу, Қазақ елінің қажеттігіне жарату. Мәдени құндылықтарды әлемдік өркениеттік үрдістер өрісінде жетілдіру, әлемге тарату, насихаттау. Төртінші идея. «Қазақстан - 2030» Стратегиясы, бұл нағыз көрегендік саясаттың идеясы еді. Мұнда ұрпақтар алмасуы, құндылықтар алмасуы және құндылықтар тұрақтауы Идеясы баяндалған. . Бесінші идея. Саяси модернизация идеясы. Ол 2007 жылы Конституцияға өзгерістер енгізіліп, қоғам өмірінде партияларға өріс ашу айқындалды. Алтыншы идея. Елдің инновациялық-индустриялық даму бағытын анықтайтын Технологиялық немесе Техногендік идея. Мұның екі арнасы бар: бірі ақпараттық қоғам идеясы, екіншісі постиндустриялық қоғамға, яғни акме-қоғамға қадам басу идеясы. Жетінші идея. Діни келісім идеясы. Бүгінгі күнге дейін дін, діндер ел мен елді, халық пен халықты бөлектейтін сана болып келген. Елбасы дін мен діндер, керісінше, ел мен елді, халық пен халықты жақындастыратын феномен болса деген биік идея ұсынып, Астанада әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының үш съезін өткізді, келесі съезге даярлық жүруде Сегізінші идея. Парламенттік сана идеясы. Заң мен саясат бірлігі. Қос палаталы Парламентте заң мен саясат мәселелері үйлесімін тапқан. Ол қоғамдағы тұрақтылыққа қызмет етудің табылған тәсілі. Тоғызыншы идея. Руға, ұлтқа бөлінбей ел болу идеясы. Мәңгілік ел идеясы Күлтегін жазуында бар. «Қазақ елі» монументі осы идеяның айғағы. Оныншы идея. Ел бірлігі идеясы. Ол Қазақстан халқы Ассамблеясын құрудан бастау алып, Қазақ елі концептінен келіп «Ел бірлігі доктринасымен» толықты. Мұнда этносаралық келісім мәселесі саясатта да, заңда да үйлесімін тапты. Парламент Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы Заң қабылдады. Осы айтылғандар Елбасының мезгіл-мезгілімен халыққа ұсынған идеялары. Біз бұл істердің куәгерлері ғана емес, шама-шарқымызша оларды насихаттаушылар әрі өмірге, тұрмысқа, санаға, дағдыға сіңдірушілерміз. Идея елге тегіс ұсынылады. Халық қоғам болып оны қабылдады, соның нәтижесінде бүгінде Қазақ елінің еңсесі биіктеп, Елбасы тек өз елінде ғана емес, әлемдік деңгейдегі көрнекті саяси Тұлғаға айналды. Ол тақыр жерге тау тұрғызғандай мемлекет құрып
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz