Web-құжат туралы түсінік


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:
1. Web-құжат туралы түсінік
Интернеттің WWW (World Wide Web) жүйесінің негізгі қызметі қажетті ақпаратты іздеу, жинау және экранға шығаруды ұйымдастыру. Оның экранда көрсететін мәліметтері Web-беттер түрінде дайындалып сақталған, электрондық құжаттар. Электрондық құжаттың кәдімгі құжаттан айырмашылығы, оның жазылу форматында. WWW қызметіндегі барлық гипермәтінді құжаттардың жалпы бір қасиеті, олардың барлығы HTML тілінде жазылған. HTML (HyperText Markup Language) -гипермәтінді белгілеу тілі мәтіндерді Web-құжат (HTML-құжат) түрінде бейнелеуге арналған нұсқаулар жиынын анықтайды. Сонымен қатар Web-құжатқа суреттерді, кестелерді түрлі түспен бейнелеу мүмкіндігін береді. Web-құжаттар Интернеттің WWW қызметімен бірге дами отырып, оның соңғы технологияларымен үнемі толықтырылып отырылады.
HTML тілінде жазылған гипермәтіндік құжаттар браузер терезесінде ықшам түрде көрсетілгенімен, HTML тілі мәтіндерді пішімдеп көрсету тіліне жатпайды. Ол гипермәтіндердің атқаратын қызметін анықтап, оларды тұтынушыға бейнелеп жеткізетін тіл болып есептеледі. Web-құжаттар тұтынушы мониторының мүмкіндіктеріне қарап, браузермен әртүрлі бейнеленуі мүмкін.
Web-құжат файлдары . html немесе . htm кеңеймесі бар мәтіндік файлдар. Оларды құруда қарапайым мәтіндік редакторлардан пайдалануға болады. Мысалы: MS Windows ортасында Notepad (Блокнот) редакторы.
Web-құжат құру редакторлары
Бірақта Web-құжаттарды арнайы HTML-редакторларда құру ыңғайлы. HTML-редакторлар екі топқа бөлінеді:
- ASCII-редакторлар (ASCII-editors, Source editors) ;
- WYSIWYG-редакторлар (WYSIWYG-editors) .
ASCII-редакторлар қарапайым мәтіндік редакторлар. Тек олар HTML-құжаттарды құруға арналған қосымша мүмкіндіктерге ие. Оларға Webber, Macromedia HomeSite, DarekWare HTML Author, WebEdit редакторлары жатады.
WYSIWYG-редакторлар HTML-құжаттарды дайындалу барысында терезеде көру, құжатқа алдын-ала дайындалған шаблондарды қосу мүмкіндігін береді. Редакторлар қосымша терезе - браузерлермен жабдықталған. Оларға Microsoft FrontPage, Netscape Navigator Gold редакторлары жатады.
Web-браузерлер HTML тілінде Internet желісіне арнап жазылған Web-сайттар мен Web-құжаттарды парақтап көру, оқу мүмкіндігін береді. Web-браузерлер ішінде ең көп таралғандары Internet Explorer (Microsoft), Opera (Opera Software ASA) және Mozilla FireFox (Mozilla Corporation) .
HTML тілінің тэгтері мен атрибуттары
HTML тілінің мәтіндерді белгілеу нұсқаулары тэг (tag) деп аталады. Тэг символдар тізбегінен тұрады. Барлық тэг < (кіші) символынан басталып, > (үлкен) символымен аяқталады. Осы символдар ішіне қызметші сөз - тэг орналасады. Әрбір тэг өзіне тән бір арнаулы қызмет атқарады. Оларды жазуда бас әріпті де, кіші әріптерді де қатар қолдануға болады, әріптер бірдей қабылданады. Браузер мәтінді монитор терезеында көрсеткенде тэгтер бейнеленбейді, тек олардың құжат мәтініне тигізетін әсері ғана білініп тұрады.
HTML тілінің әрбір тэгі әдетте құжаттың белгілі бір бөлігіне ғана әсер етеді. Осыған орай екі тэг қатар қолданылады: бірі - тэгті ашады , екіншісі - жабады . Ашатын тэг белгілі бір нұсқауды бастайды, ал жабатын тэг - оны аяқтайды. Жабу тэгінің алдына / (қиғаш сызық) символы жазылуы тиіс. Кейбір тэгтер мағынасына орай жабылмауы да мүмкін.
Тэгтердің мәтінге тигізетін әсерлерін түрлендіруде олардың атрибуттарынан пайдаланады. Әдетте атрибуттар ашылу тэгтерінде кездесіп, қосымша қызметші сөздерден тұрады. Көбінесе атрибуттар " (қос тырнақша) символдары ішіне жазылған мәнімен беріледі. Атрибут мәні оның қызметші сөзінен = (теңдік) символы арқылы бөлініп жазылады.
Web-құжатта түсініктеме жазу үшін <!-- comment --> тэгінен пайдаланамыз. Түсініктемеде жазылған мәтін немесе тэг өңделмейді, яғни браузер терезесіне шықпайды. Түсініктемені құжаттың кез келген жеріне жазуға болады.
Web-құжат құрылымы
Web -құжат құрылымы төмендегі негізгі тэгтерден тұрады:
<html>
<head>
<title> тақырып </title>
</head>
<body>
негізгі бөлім
</body>
</html>
Web-құжат <html> тэгімен басталып, сәйкес </html> тэгімен аяқталады. Осы екеуінің арасына құжаттың тақырыбы және негізгі бөлімі орналасады.
Құжаттың тақырыптық бөлімі <head> және </head> тэгтерінің ортасына орналасады ды, жалпы құжат жайлы мәлімет береді. Бұл бөлім браузер терезесінде бейнеленбейді. Әдетте бұл бөлімде <title> және </title> тэгтерімен шектелетін құжаттың ресми тақырыбы жазылады. Браузерлер бұл атауды браузердің терезе тақырыбында жазылатын файл аты есебінде пайдаланады.
Құжаттың негізгі бөлімі <body> және </body> тэгтерінің ортасында жазылады. Негізгі бөлімде құжат мәтіні, кестелер, суреттер, сілтемелер сәйкес тэгтермен өрнектеліп жазылады.
Жоғарыда көрсетілген <html>, <head>, <body> тэгтері HTML тілінде бекітілгенімен, оларды жазбаса да болады, бірақта алдын-ала тұтынушының қандай браузер пайдаланатыны белгісіз. Сондықтан Web-құжат құрылымы олардың толық болуын талап етеді. Әйтпесе кейбір браузерлер Web-құжатты терезеде дұрыс бейнелемеуі мүмкін.
Негізгі бөлімде қолданылатын <body> тэгінің атрибуттарын қарастырайық:
text="түс" - мәтін түсін анықтау;
bgcolor="түс" - фон түсін анықтау;
link="түс" - қаралмаған сілтеме түсі;
vlink="түс" - қаралған сілтеме түсі;
alink="түс" - тұтынушы таңдаған уақыттағы сілтеме түсі;
background="URL-адрес" - фондық сурет адресі.
Мысалы: <body background="files/graf01. gif" text="#FF">. Мұнда фондық обой ретінде graf01. gif файлы алынған.
HTML тілінің мәтінді пішімдеу тэгтері
Егер бірнеше қатарлы мәтінді құжаттың ішінде теріп, оны браузермен қарасақ, мәтін бір түрлі пішімді шрифтте жазылып, қатарды тасымалдау амалдары орындалмайды. Мәтін браузер терезесіне сиғанша жазылып, кез-келген жерінен келесі қатарға тасымалданады, яғни мәтін пішімдеуді талап етеді.
<hn>
тэгі мәтін тақырыптарын деңгейге бөледі. Барлығы болып шрифт өлшемімен бөлектенетін алты деңгей бар, яғни
. Бірінші деңгей ең үлкен өлшемді шрифттермен беріледі. Олардың көмегінде тақырыптар мағынасы бойынша реттеледі. Тақырып </hn> тэгімен жабылады. Тэгтің align атрибуты тақырыпты left-сол жақ шетке, right-оң жақ шетке және center-ортаға туралайды. Мысалы:
<h1 align="center"> тақырып 1</h1>
<p> тэгі жаңа абзацты ұйымдастырады. Мәтінді келесі қатарға көшіріп, абзацты алдыңғы мәтін қатарларынан бөліп тұрады. Абзацты </p> тэгі жабады. Тэгтің align атрибуты абзацты left-сол жақ шетке, right-оң жақ шетке, center-ортаға және justify-екі жақ шетке туралайды.
Мысалы: <p align="justify"> мәтін </p>.
<div> тэгі мәтінді логикалық түрде бөлектеу мүмкіндігін береді. Браузер бұл бөлікті логикалық объект деп түсінеді. Ол объектпен динамикалық іс-әрекеттер орындай алады. Мәтінді </div> тэгі жабады. Тэгтің align атрибуты мәтінді left-сол жақ шетке, right-оң жақ шетке, center-ортаға және justify-екі жақ шетке туралайды.
Мысалы: <div align="left"> мәтін </div>.
<br> тэгі қатарды тасымалдау амалын орындайды. Бұл тэг жабылу тэгісіз жазылады. Мысалы: <p> мәтін 1 <br> мәтін 2 <br> мәтін 3 </p>.
<font> тэгі мәтін шрифтінің типін, өлшемін және түсін өзгертеді. Тэг </font> тэгімен жабылады. Тэг жабылғасын шрифт <basefont> тэгіндегі мәндерді қайтадан алады.
Мысалы: <font face="Arial" color=="#ff"> мәтін </font> .
Мәтін шрифті Arial типінде қызыл түспен жазылады.
<font face="Verdana" color=="#ff"> мәтін </font>.
Мәтін шрифті Verdana типінде көк түспен жазылады.
HTML тілінде тізімдерден пайдалану
Web-құжатта ақпаратты ықшам түрде бейнелеуде тізімдерден пайдаланады. Тізімдер екі түрге бөлінеді:
нөмірленген;
маркерленген.
<ul> тэгі маркерленген тізім құрады. Тэг ішінде бірнеше <li> тэгтері қолданылуы тиісті. Тэг </ul> тэгімен жабылады.
<ol> тэгі нөмірленген тізім құрады. Тэг ішінде бірнеше <li> тэгтері қолданылуы тиісті. Тэг </ol> тэгімен жабылады.
<li> тэгі тізім қатарын құрады. Тэг <ul> және <ol> тэгтері ішінде қолданылады. Тэгтің value атрибуты тек қана <ol> тэгінде қолданылады. Атрибут қатар нөмірінің басталу ретін көрсетеді. Тэг </li> тэгімен жабылады.
Мысалы:
<p> «Гамлет» трагедиясын кім жазған:
<ol type="a"> <li value="3"> Шекспир </li>
<li> Монтень </li>
<li> Гомер </li>
<li> Рабле </li>
<li> Софокл </li> </ol> </p>
Браузер терезесінде төмендегі нөмірленген тізім көрінеді:
- Шекспир
- Монтень
- Гомер
- Рабле
- Софокл
Web-құжатқа сілтеме енгізу
HTML тілі Web-құжатқа суреттерді, кестелерді енгізу мүмкіндігін береді. Сонымен қатар желідегі басқа Web-құжаттармен байланысуда гиперсілтемелерден пайдаланады.
<a> тэгі гиперсілтемелерді құруда және пайдалануда қолданылады. Тэг </a> тэгімен жабылады.
Егер байланыс түрі мен URL-адрес көрсетілмесе бастапқы адрес ретінде ағымдағы бума алынады. Бұл салыстырмалы сілтеме жасауға мүмкіндік береді: Мысалы:
<a href=files/text10. html> Информатика </a>.
Бұл жерде ағымдағы буманың files ішкі бумасындағы text10. html файлына сілтеме жасалған.
Мысалы: <a href="#bottom"> соңына </a>
тэгін құжат басына, ал
<a name="#bottom"> соңы </a>
тэгін құжат соңына жазайық. Браузер терезесінде құжат басында асты сызылған соңы сөзі басқа түспен шығып тұрады және ол құжаттың соңына сілтеме жасайды.
Мысалы: құжаттың кез-келген жеріне
<a name="inform"> информатика </a>
тэгі жазылсын, онда
<a href="inform"> информатика </a>
тэгі сол «информатика» сөзі жазылған бөлімге сілтеме жасайды. Браузер терезесіндегі басқа түспен бөлектенген информатика сөзін тышқан көрсеткішімен басу арқалы, сол бөлімге келеміз.
Мысалы: <a href=files/text10. html target="_blank"> Информатика </a>
Бұл жерде ағымдағы буманың files ішкі бумасындағы text10. html файлына сілтеме жасалған. Аталған файл жаңа терезеде бейнеленеді.
Web-құжатқа сурет енгізу
<img> тэгі Web-құжатқа суретті енгізуде қолданылады. Сурет jpg, gif немесе png форматтарының бірінде болуы тиіс. Тэг жабылу тэгісіз жазылады. Тэг төмендегі атрибуттарға ие:
- src - міндетті атрибут. Енгізілетін суреттің URL-адресін анықтайды;
- height - атрибуты суреттің биіктігін пиксельде анықтайды;
- width - атрибуты суреттің енін пиксельде анықтайды;
Мысалы: <img border="1" src="files/graf10. gif" width="700" height="79" align="left"> - браузер терезесінің сол жақ шетіне files бумасындағы graf10. gif суреті шығады.
Мысалы: <img border="1" src="files/graf10. gif" width="700" height="79" align=left hspace="10"> - браузер терезесінде мәтін files бумасындағы graf10. gif суретінің оң жағынан 10 пиксель ара қашықтық тастап жазылады.
Мысалы: <a href=files/text00. html> <img src="files/graf10. gif" border="1" width="700" height="79" align=center> </a> - браузер терезесінде graf10. gif суреті files бумасындағы text00. html құжатына сілтеме жасайды.
Web-құжатқа объекттер енгізу
<embed> тэгі құжатқа объекттерді (html-емес құжаттар) енгізуде қолданылады. Бірақта көптеген браузерлер бұл тэгті қолдамайды. Тэг </embed> тэгімен жабылады. Тэг src, height, width, hspace, vspace, align, name, alt, border атрибуттарына ие.
<noembed> тэгі, егер <embed> тэгі жұмыс істемесе пайдаланылатын мәтінді анықтайды. Тэг </noembed> тэгімен жабылады.
Мысалы: <embed src="music. mid" hidden="true" width="700" height="100"> <noembed> Сіздің браузеріңізде бұл тэг орындалмайды; </noembed> </embed>.
<applet> тэгі құжатқа Java-апплет (Java тілінде құрылған программалар) енгізуде қолданылады. Тэг </applet> тэгімен жабылады. Браузерде Java-апплет құжатта енгізілген сурет сияқты бейнеленіп, орындалады. Тэг src, height, width, hspace, vspace, align, name, alt, border атрибуттарына ие.
Мысалы:
<applet code="JumpingGirl. class" width="30" height="40" align="left">
мәтін </applet> - браузер терезесінде JumpingGirl. class файлы орындалады.
<param> тэгі <applet> тэгінің ішінде Java-программаға мән енгізуде қолданылады. Тэг жабылу тэгісіз жазылады. Мысалы:
applet code="JumpingGirl. class" width="30" height="40" align="left">
<param name="width" value="10">
Java-апплет
</applet>
<object> тэгі құжатқа басқа объекттерді (html-емес құжаттар) енгізуде қолданылады. HTML 4. 0 тілінде бұл тег <embed> және <applet> тэгтерінің орнына енгізілген.
Web-құжатқа жүгіруші мәтін енгізу
<marquee> тэгін құжатқа жүгіруші мәтін қатарын енгізуде пайдаланады. Тэг </marquee> тэгімен жабылады. Тэг төмендегі атрибуттарға ие:
- behavior - атрибуты мәтіннің браузер терезесінде көріну режимін анықтайды. Қабылдайтын мәндері:
- alternate - мәтін терезе шетіне келіп артқа қайтады;
- scrool - мәтін терезеде қайта-қайта айналып жүгіріп отырады (үндеместен қолданылады) ;
- slide - мәтін терезенің сол жағына келіп тоқтайды.
- bgcolor - фон түсін анықтайды;
- loop - мәтіннің қайталану санын көрсетеді. Қабылдайтын мәндері:0 - 9 - қайталану саны; infinite - шексіз (үндеместен қолданылады) ;
- direction - жүгіруші мәтіннің бағытын көрсетеді. Мәндері:down - жоғарыдан төменге; left - оңнан солға (үндеместен қолданылады) ; right - солдан оңға; up - төменнен жоғарыға;
Мысалы: <marquee direction="right"> жүгіруші мәтін қатары </marquee>
Web-құжатта кестеден пайдалану
Web-құжаттармен жұмыс істеу барысында реттелген ақпаратты жиі пайдаланамыз. Осындай реттелген, ықшам ақпаратты сақтаудың ең қолайлы тәсілі кестелер болып табылады. Кестедегі қатар мен баған қиылысқан орынды ұяшық деп атаймыз. Ұяшықтың ішінде мәтінмен қатар, сурет, шағын кесте де болуы мүмкін. HTML тілінің кестелермен жұмыс істейтін тэгтерін қарастырайық.
<table> тэгі Web-құжатқа кесте құру үшін қажет. Тэг </table> тэгімен жабылады. Кестенің ұяшықтары <caption>, <tr>, <td> және <th> тэгтерімен құрылады.
<caption> тэгі кестенің тақырыбын анықтайды. Тақырып тек қана мәтіннен тұрады. Тэг </caption> тэгімен жабылады. Тэгтің align атрибутының top мәні (үндеместен қолданылады) тақырыптың кесте басында, ал bottom мәні соңында болуын анықтайды.
<tr> тэгі кестенің ұяшықтар қатарын анықтайды. Тэг </tr> тэгімен жабылады. Ұяшықтар <td> және <th> тэгтерімен құрылады.
<td> тэгі кестенің ағымдағы қатарында ұяшық құрады. Тэг </td> тэгімен жабылады.
Кесте құруға мысалдар қарастырайық. Қарапайым кесте құрамыз:
<table width="50%" border="1">
<tr>
<td> 1 </td>
<td> 2 </td>
<td> 3 </td>
</tr>
<tr>
<td> 4 </td>
<td> 5 </td>
<td> 6 </td>
</tr>
</table>
Браузер терезесінде келесі кесте пайда болады:
Web-құжатта қалыптан пайдалану
Web-құжатта тұтынушымен ақпарат алмасу қажет болса, онда қалыптан пайдаланады. Әдетте қалыптан тұтынушыны тіркеуде, әр-түрлі мәліметтер жинауда, сұранысты қабылдауда пайдаланады. Қалып тұтынушыға арнайы тек толтыруға рұқсат етілген өрістерге деректер енгізуді ұсынады. Енгізілген деректерді Web-сервердегі арнайы программа (скрипт) өңдейді. HTML 4. 0 тілінің қалыптармен жұмыс істейтін тэгтерін қарастырайық.
<form> тэгі қалып құрушы негізгі тэг. Тэг </form> тэгімен жабылады. Тэгтің ішінде HTML тілінің көптеген тэгтерінен пайдалануға болады.
<select> тэгі қалыпта мәзірді анықтайды. Тұтынушы мәзір ішінен қажеттісін таңдай алады. Тэг <form> тэгінің ішінде жазылып, </select> тэгімен жабылады. Тэг ішінде бірнеше <option> тэгі жазылуы тиіс.
<option> тэгі қалыптағы мәзірдің тақырыптарын анықтайды. Тэг <select> тэгінің ішінде жазылып, жабылу тэгі болмайды.
<input> тэгі қалыптың өрісін анықтайды. Өрістің мазмұнын тұтынушы анықтайды немесе орындауға жібереді. Тэг <form> тэгінің ішінде жазылып, жабылу тэгі болмайды. Тэгтің атрибуттары:
Мысалы:
<form action="mailto:us-ibr@name" method=post>
<select name="firstname" multiple>
<option value="rumbler">rambler. ru
<option value="mail">mail. ru
<option value="google" selected>google. kz
<option value="narod">narod. ru
</select>
<input type="submit" value="ok">
</form>
Web-құжатта фреймдерден пайдалану
Web-құжатта фреймдерден пайдалану, құжатты рәсімдеу мүмкіндіктерін арттырады. Фреймдер браузер экранын бірнеше терезеге бөледі. Әр бір терезеде құжаттың жеке бір парағы бейнеленеді. Осы технология негізінде браузерге бірнеше Web-құжатты бір уақытта жүктеу мүмкін. HTML 4. 0 тілінің фреймдермен жұмыс істейтін тэгтерін қарастырайық.
<frameset> тэгі құжаттың фреймдік құрылымын сипаттайды. Тэг фреймдердің өлшемін, олардың экрандағы орнын анықтайды. Тэг </frameset> тэгімен жабылады. Бұл тэг құжатта <body> тэгінің орнына, яғни құжаттың негізгі бөлімі ретінде қолданылады. Тэгтің ішінде <frame> және <noframe> тэгтері жазылады.
<frame> тэгі фреймді және оның қасиеттерін анықтайды. Тэг жабылу тэгісіз, <frameset> тэгінің ішінде жазылады.
<noframe> тэгі, егер браузер фреймді қолдамаса, терезеге шығатын мәтінді анықтайды. Тэг </noframe> тэгімен жабылады.
Мысалы:
<frameset frameborder="1" framespacing="0" border="1" cols="250, *">
<frame src="info1. html" name="page1">
<frameset rows="160, *">
<frame src="info2. html" name="page2" marginwidth="0">
<frame src="info3. html" name="page3" marginwidth ="0">
</frameset>
<noframes> фреймдер </noframes>
</frameset>
СSS технологиясы
Web-құжаттың құрылымы мен сипаттауын бөлектеуді CSS (Cascade Style Sheets - каскадты стильдер кестесі) технологиясын қолдана отырып орындаймыз. CSS технологиясы Web-құжатты сипаттауда қосымша файлдардан, шаблондар мен стильдерден пайдалануға көмектеседі. Бұл технологияны NetsCape Navigator мен Internet Explorer браузерлері қолдайды.
CSS технологиясы HTML тілінің кез келген тегіне өзіндік стильді визуалды (inline style) енгізе алады. Егер енгізілген стиль HTML-дің <body> тегіне орналасса, онда бұл стильден басқа абзацтар мұрагерлік қасиетімен автоматтық түрде пайдалана алады. Егер абзацта <font> тегі және оның colour, size атрибуттары айқын сипатталса, онда абзац полиморфизм қасиетімен сипатталған стильді аладі.
Әдетте Web-құжаттардың негізгі бөлімдерінде жалпы стильдерден пайдаланылады. Мысалы: гипермәтіннің барлық абзацтары 12 пункт өлшемді, Times New Roman шрифтты, жасыл реңді болсын. Бұл үшін негізгі форманың <body> тегіне Style атрибутын енгіземіз:
<body
style="font-family: "Times New Roman", serif;
font-size: 12 pt;
colour: green; ">
Браузерлер пайдаланылатын стильдер тізбегін олардың орындалу приоритетіне қарай төмендегіше қолданады:
- inline-стильдер - құжатқа <style> тегінің атрибуттарымен енген стильдер;
- енгізілген стильдер - құжатқа <body> тегімен енген стильдер;
- импортталған стильдер - құжатқа <style> тегінің @import қасиетімен енген стильдер;
- байланысқан стильдер - құжатқа <link> тегімен енген стиль.
Браузерлер Web-құжаттарды талдау жасағанда мәтінді форматтау стильдерін осы приоритет бойынша таңдап алады. Сондықтан бас серверде мультимедия-жоба үшін тек қана бір CSS-ксте құрылады.
СSS технологиясының қасиеттері
Web-құжаттың құрылымы мен сипаттауын бөлектеуді CSS (Cascade Style Sheets - каскадты стильдер кестесі) технологиясын қолдана отырып орындаймыз. CSS технологиясы Web-құжатты сипаттауда қосымша файлдардан, шаблондар мен стильдерден пайдалануға көмектеседі.
Стильді анықтау құжаттың түрін стиль қасиеттерін енгізу арқалы өзгертетеді. Стиль қасиеттерінің мәні ретінде кілттік сөздер алынады. Кілттік сөздер арасында кездесетін │ символы, қасиеттің осы немесе келесі мәнді қабылдайтынын білдіреді. Төменде осы технологияның негізгі қасиеттерін қарастырайық.
Font-family: [шрифттер тізімі] - Шрифттер немесе олардың типтері үтірмен бөлетеніп көрсетіледі. Браузер шрифттерді көрсетілген ретпен компьютерде кездескенше іздеп, табылған шрифтті пайдаланады.
Егер бірнеше шрифт │ белгісімен көрсетілсе, браузер олардың біреуін үндеместен алу принципі бойынша таңдайды.
Font-style: normal │italic│ oblique - шрифт стилдерін көрсетеді. Үндеместен normal алынады.
Font-size: [абсолют] │[салыстырмалы] │[нақты] │[пайыз] - шрифт өлшемін анықтайды. Қасиеттің мәні ретінде абсолют, салыстырмалы, нақты өлшемдер немесе пайыз көрсетіледі. Үндеместен normal алынады.
Мысалы:
h1 {
font-family: Arial;
font-size: 30 pt;
font-style: italic
}
p {
font: bold italic large Times New Roman, serif
}
Web-құжаттың интерактивтік интерфейсі
Тұтынушының интерактивтік интерфейсі - тұтынушы мен программаның өзара қарым-қатынасын ұйымдастыратын жүйе. Ол WWW-де тұтынушы интерфейсін сипаттайтын HTML-құжаттардың тізбегі түрінде анықталады.
Интерактивтік интерфейсті HTML-құжатты құру үрдісі шартты түрде екі түрге бөледі:
- статикалық;
- динамикалық.
Статикалық интерфейс ретінде мәтіндік немесе HTML-редактормен құрылған HTML-құжатты айтамыз. Әдетте бұл интерфейс жұмыс барысында тұрақты түрін сақтайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz