Нарықтық қатынас жағдайындағы кәсіпорынның маңызы, мәні мен қаржылық сипаты



КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

1 НАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАС ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫННЫҢ МАҢЫЗЫ, МӘНІ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ СИПАТЫ

1.1 Қаржылық саясаттың тапсырмалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Кәсіпорынның қаржылық саясатының стратегиясы мен тактикасының ара қатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8

2 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ МЕХАНИЗМІ

2.1 Кәсіпорынның қаржы механизмінің элементтер жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ..14

3 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ МЕХАНИЗМІНІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ ПРОЦЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19


ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТlЗlМl ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Қаржы экономикалық ғылымның маңызды категорияларының санына жатады. Оны зерттеуге марксизм классиктерiнiң еңбектерi, қазақстандық және шетелдiк экономистердiң көптеген еңбектерi арналған.
Бұл тақырып өзектi, себебi қазiргi жағдайда қаржылық қатынастар ең жоғары дамуына жеттi. Бүгiнгi таңда әңгiме қарызға берiлетiн ақшалай капитал көлемдерiн әрдайым арттыру жөнiнде емес, сонымен қатар қаржылық қатынастар субъектiлерiн кеңейту және операциялардың өзiнiң көп түрлiлiгiнiң өсуi жайлы болып тұр.
Нарықтық экономикада ақша әрдайым айналымда болып, үздiксiз айналым жасауы қажет. Уақытша бос ақшалай құралдар қаржы капиталдары нарығына түсiп, қаржылык-қаржылық мекемелерде шоғырланып, содан соң қосымша капитал салымдарының қажеттiлiгi бар экономика салаларында орналастырылып, iске тиiмдi қосылуы қажет.
Қазақстан Республикасының экономикасының тұрақтылығы, кәсіпорындардыңтұрақтылығымен байланысты болып келедi. Жоғарыда атап өткен себептерге қоса, төлемсiздiк дағдарысы мен инфляция деңгейi көптеген кәсіпорындардың қызметiне тосқауыл болып отырды. Жұмысты жазу барысында қарастырып отырған мәселелер, атап айтқанда: ‘’Кәсіпорындардың қаржы саясатының’’ мәселелерi Қазақстанның экономикасының дамуы мен қалыптасуына байланысты сұрақтарды зерттеудiң жаңа бағыты болып табылады.
Талдау мен зерттеу жүргiзу барысында кәсіпорындардағы қаржы саясатын қалыптастыру мәселелерiн ашып көрсету үшiн, бiз әлемдiк тәжiрибеге үлкен көңiл аударып отырмыз және соның көмегi арқылы Қазақстан Республикасында қолдануға тиiмдi де пайдалы әдiстерiн қарастырып, кәсіпорындардыңқаржы саясатын қалыптастырудағы қажеттi әдiстемелердi саралап отырмыз. Осы кешегi күнге дейiн кәсіпорындар үшiн басты проблема заң базасын нығайту болып саналып келдi. Бүгiнде өзiнiң өзектiлiгiн жоғалтпай, бұл проблема өзiнiң орынын басқа проблемаға бередi – ол ел экономикасына кәсіпорындардың қаржы саясатын жүргiзудiң әсерi, оны қалыптастыру әiстемелерiн одан әрi жетiлдiру проблемасы. Сонымен, кәсіпорындардың қызмет аясы кеңейген сайын, кәсіпорындардың қаржысын басқару тәуекелi де ұлғая бермек. Бiрақ, кәсіпорындардың әлемдiк тәжiрибеде белгiлi барлық тәуекелдiң түрлерiмен кездестi деп айта алмаймыз. Алайда олардың саны өсiп барады, ал бұл проблема кәсіпорындарүшiн жаңа болып табылады, сондықтан да кәсіпорындардың қаржы саясатын жүргiзу әдiстерi бойынша қандай да бiр тереңдетiлген зерттеулер жүргiзiлген жоқ. Осы орайда кәсіпорындардың қаржы саясатын қалыптастыру саласындағы зерттеулер Қазақстанның экономикасын реформалау кезiндегi өзектi проблемалардың бiрi болып отыр. Барлық аталған проблемалар және себептер осы курстық жұмыстың тақырыбын таңдауға, оның мақсаттары мен негiзгi мiндеттерiн қоюға негiз болды.
Жұмыстың мақсаттары. Жұмыстың мақсаты болып кәсіпорындардың қаржы саясаты саласындағы әлемдiк тәжiрибенi оқып бiлу және оның жергiлiктi жағдайға бейiмделуi болып табылады.
Қойылған мақсат жұмыстың келесi мiндеттерiн анықтайды:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 30.06.95 ж.
2. Закон Республики Казахстан, от 24.12.96. Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу закона, от 30.03.95. ''О Национальном Банке Республики Казахстан''.
3. Закон Республики Казахстан, от 18.12.00 «О страховой деятельности''.
4. Положение ''О Счетном комитете по контролю за исполнением республиканского бюджета'', от 19.04.96.
5. Положение «О комитете Казначейства Министерства Финансов Республики Казахстан'', от 24.05.99.
6. Положение «Об Агентстве финансовой полиции Республики Казахстанң, от 27.02.2001.
7. Налоговый Кодекс Республики Казахстан
8. Горбунов О.Н. ''Финансовая политика регионов''. Москва, 1996.
9. Худяков А.И. ''Финансовая политика регионов'' Республики Казахстан''. Алматы, 2001.
10. Худяков А.И. ''Финансовая политика Республики Казахстан'', Алматы, 1997.
11. Худяков А.И. «Налоговое право Республики Казахстанң. Алматы, 1998.
12. Грачева Е.Ю., Соколова Э.Д. ''Финансовая политика регионов'', Москва, 2000.
13. Цыпкин С.Д. ''Финансовая политика регионов'', Москва, 1982.
14. Химичев Н.И. ''Финансовая политика''. Москва, 1999.
15. Бурцев В.В. ''Государственная финансовая политика: методология и организация''. Москва, 2000.
16. Белобжецкий И.А. ''Финансовая политика и новый хозяйственный механизм''. Москва, 1989.
17. Иткин Ю.М. ''Организация финансовой политики в переходный период к рыночной экономике''. Москва, 1991.
18. Пагосян Н.Д. ''Счетная палата РФ''. Москва, 1998.
19. Овсянников Л.Н; ''Еще раз о финансовой политики регионов и путях его усиления''. //Президентский контроль. 1999. N4.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

1 НАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАС ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫННЫҢ МАҢЫЗЫ, МӘНІ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ
СИПАТЫ

1.1 Қаржылық саясаттың тапсырмалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2 Кәсіпорынның қаржылық саясатының стратегиясы мен тактикасының ара
қатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8

2 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ МЕХАНИЗМІ

2.1 Кәсіпорынның қаржы механизмінің элементтер
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... .14

3 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ МЕХАНИЗМІНІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ
ПРОЦЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...24

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТlЗlМl ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

КIРIСПЕ

Қаржы экономикалық ғылымның маңызды категорияларының санына жатады. Оны
зерттеуге марксизм классиктерiнiң еңбектерi, қазақстандық және шетелдiк
экономистердiң көптеген еңбектерi арналған.
Бұл тақырып өзектi, себебi қазiргi жағдайда қаржылық қатынастар ең жоғары
дамуына жеттi. Бүгiнгi таңда әңгiме қарызға берiлетiн ақшалай капитал
көлемдерiн әрдайым арттыру жөнiнде емес, сонымен қатар қаржылық қатынастар
субъектiлерiн кеңейту және операциялардың өзiнiң көп түрлiлiгiнiң өсуi
жайлы болып тұр.
Нарықтық экономикада ақша әрдайым айналымда болып, үздiксiз айналым жасауы
қажет. Уақытша бос ақшалай құралдар қаржы капиталдары нарығына түсiп,
қаржылык-қаржылық мекемелерде шоғырланып, содан соң қосымша капитал
салымдарының қажеттiлiгi бар экономика салаларында орналастырылып, iске
тиiмдi қосылуы қажет.
Қазақстан Республикасының экономикасының тұрақтылығы,
кәсіпорындардыңтұрақтылығымен байланысты болып келедi. Жоғарыда атап өткен
себептерге қоса, төлемсiздiк дағдарысы мен инфляция деңгейi көптеген
кәсіпорындардың қызметiне тосқауыл болып отырды. Жұмысты жазу барысында
қарастырып отырған мәселелер, атап айтқанда: ‘’Кәсіпорындардың қаржы
саясатының’’ мәселелерi Қазақстанның экономикасының дамуы мен қалыптасуына
байланысты сұрақтарды зерттеудiң жаңа бағыты болып табылады.
Талдау мен зерттеу жүргiзу барысында кәсіпорындардағы қаржы саясатын
қалыптастыру мәселелерiн ашып көрсету үшiн, бiз әлемдiк тәжiрибеге үлкен
көңiл аударып отырмыз және соның көмегi арқылы Қазақстан Республикасында
қолдануға тиiмдi де пайдалы әдiстерiн қарастырып, кәсіпорындардыңқаржы
саясатын қалыптастырудағы қажеттi әдiстемелердi саралап отырмыз. Осы кешегi
күнге дейiн кәсіпорындар үшiн басты проблема заң базасын нығайту болып
саналып келдi. Бүгiнде өзiнiң өзектiлiгiн жоғалтпай, бұл проблема өзiнiң
орынын басқа проблемаға бередi – ол ел экономикасына кәсіпорындардың қаржы
саясатын жүргiзудiң әсерi, оны қалыптастыру әiстемелерiн одан әрi жетiлдiру
проблемасы. Сонымен, кәсіпорындардың қызмет аясы кеңейген сайын,
кәсіпорындардың қаржысын басқару тәуекелi де ұлғая бермек. Бiрақ,
кәсіпорындардың әлемдiк тәжiрибеде белгiлi барлық тәуекелдiң түрлерiмен
кездестi деп айта алмаймыз. Алайда олардың саны өсiп барады, ал бұл
проблема кәсіпорындарүшiн жаңа болып табылады, сондықтан да кәсіпорындардың
қаржы саясатын жүргiзу әдiстерi бойынша қандай да бiр тереңдетiлген
зерттеулер жүргiзiлген жоқ. Осы орайда кәсіпорындардың қаржы саясатын
қалыптастыру саласындағы зерттеулер Қазақстанның экономикасын реформалау
кезiндегi өзектi проблемалардың бiрi болып отыр. Барлық аталған проблемалар
және себептер осы курстық жұмыстың тақырыбын таңдауға, оның мақсаттары мен
негiзгi мiндеттерiн қоюға негiз болды.
Жұмыстың мақсаттары. Жұмыстың мақсаты болып кәсіпорындардың қаржы
саясаты саласындағы әлемдiк тәжiрибенi оқып бiлу және оның жергiлiктi
жағдайға бейiмделуi болып табылады.
Қойылған мақсат жұмыстың келесi мiндеттерiн анықтайды:
Кәсіпорындардың қаржы саясатын қалыптастырудың теориялық сұрақтарды оқып
бiлу, олардың құрылымын анықтау, ‘’Кәсіпорындардың қаржы саясаты’’
түсiнiгiнiң мазмұнын нақтылау және анықтама беру;
Ел экономикасында кәсіпорындардың қаржы саясатын қалыптастыру барысына
талдау жасап, оның себептерi мен салдарын анықтау;
Талдау нәтижелерi бойынша қорытындыларды қалыптастыру және отандық
экономика үшiн кәсіпорындардың қаржы саясатын жүргiзудегi практикалық
ұсыныстарды өңдеп шығару.
Жұмыстың пәнi және объектiсi. Жұмысытың пәнi ретiнде кәсіпорындардың
қаржы саясатын қалыптастыру құралдары және әдiстерiмен байланысты теориялық
және практикалық сұрақтар саналады. Жұмыстың объектiсi Қазақстан
Республикасының кәсіпорындардың қаржы саясатын қалыптастырудағы қызметi
болып табылады.
Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кiрiспеден, негiзгi үш бөлiмнен және
қорытындыдан тұрады. Соңында қолданылған әдебиеттер тiзiмi мен қосымшалар
келтiрiлген.
1 НАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАС ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫННЫҢ МАҢЫЗЫ, МӘНІ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ
СИПАТЫ

1.1 Қаржылық саясаттың тапсырмалары

Саясат мемлекет қызметiнiң барлық бағыттарын қамтиды. Саяси ықпал жасаудың
элементi болып табылатын қоғамдық қатынастардың сферасына қарай
экономикалық немесе әлеуметтiк, мәдени немесе техникалық, қаржы немесе
кредит, iшкi сыртқы саясат туралы айтады.

Қондырма
Қаржы органдары
Қаржы саясаты
Қаржы механизмi
Қаржы ресурстары
ҰДАЙЫ ӨНДIРIС
Экономикалық категориялар
Экономикалық заңдар
Өндiрiстiк қатынастар Өндiргiш күштер
БАЗИС

Сурет 1

Бұдан бұрын айтылғандай, кез келген қоғамда мемлекет қаржыны өзiнiң
функциялары мен мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн, белгiлi бiр мақсаттарға жету
үшiн пайдаланады. Қойылған мақсаттарды iске асыруда қаржы саясаты маңызды
рөл аткарады. Оны жасап, жүзеге асыру процесiнде қоғам алдында тұрған
мiндеттердi орындаудың шарттары қамтамасыз етiлдi; ол экономикалық
мүдделерге ықпал жасаудың белгiлi құралы болып табылады.
Материалистiк диалектика жүйесiнде түрлi басқа саясат сияқты қаржы саясаты
қондырмаға жатады, ал қаржы саясатында бiлiнетiн және өндiрiстiк
қатынастардың, белгiлi бiр экономикалық фомацияның бiр бөлiгi ретiнде
көретiнiң қаржы қатынастары базистық болып табылады (1 суреттi қараңыз).
Қаржы саясаты- қаржыны басқарудың түптi мақсаты, оның нақты нәтижесi;
өзiнiң функциялары мен мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн кәсіпорынның қаржы
саласында жүргiзетiн мақсатты ойлары мен шараларының жиынтығы. Ол
мемлекеттiнiң экономикалық саясатының құрамды бөлiгi болып табылады.
Қаржы саясаты-қаржыны басқарудың түптi мақсаты, оның нақты нәтижесi;
өзiнiң функциялары мен мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн кәсіпорынның қаржы
саласында жүргiзетiн мақсатты ойлары мен шараларының жиынтығы. Ол
кәсіпорынның экономикалық саясатының құрамы бөлiгi болып табылады.
Қаржы саясаты өзiне бюджет, салық, ақша, кредит, баға және кеден саясатын
қамтиды. Өз кезегiнде кәсіпорынның қаржы саясаты тек оның экономикалық
және әлеуметтiк саясатын жүзеге асырудың құралы болып келедi, яғни қосалқы
рөлдi орындайды. Мемлекеттiк саясатың басқа да бағыттарын - ұлтық,
геосаясаты, әскери саясаттарды да ұмытуға болмайды. Осы бес бағыттың
жиынтығы мемлекеттiк саясатты жүргiзудiң құралы болып табылатын қаржы
саясатын анықтаса керек.
Қаржыны басқарудың бүкiл жүйесi кәсіпорынның қаржы саясатына негiзделедi.
Қаржы саясатын жасауға билiктiң заңнамалық және атқарушы тармақтары
қатысады. Қазақстан Республикасында оның конституциялық ерекшелiктерiне
қарай жалпы экономикалық саясат сияқты қаржы саясатын жасаудағы басымдық
Қазақстан Республикасының Президентiне жатады, ол жыл сайынғы Жолдаунда
ағымдағы жылға және перспективаға арналған қаржы саясатының басты
бағыттарын анықтайды. Кәсіпорын экономиканы дамытудың басты бағыттарын
жүзеге асыру және қоғамдағы әлеуметтiк тұрақтылықты қамтамасыз ету
мақсатымен осы Жолдаудың шенберiнде iс-қимыл жасауы тиiс.
Экономикалық заңдармен анықталатын қоғамдағы өндiрiстiк қатынастар
категориялар арқылы көрiнедi. Категориялар- бұл бiркелкi экономикалық
қатынастардың көрiнесi, бұл қатынастар экономикалық өмiрдiң белгiлi бiр
жағын сиппатайды және абстракттi, қорытынды түрде көрiнедi; оларға баға,
қаржы, сақтандыру, кредит, табыс (пайда) және т.т. жатады.
Қаржы эконмикалық категория ретiнде, экономикалық заңдардың (күн заңының,
сұранамын мен ұсыным заңының, кажеттiлiктердiң жоғарылау заңының өндiрiстiк
қатынастардың өндiргiш күштердiң сипаты мен даму деңгейiне сәйкестiк
заңының, уақытты үнемдеу заңының) iс-әрекетiне негiзделедi.
Қаржы саясаты нақты шаруашылық өмiрде қаржы механiзмi арқылы iске
асырылады. Ол қаржыны ұйымдастыру , жоспарлау және басқару түрлерiнiң,
нысандарының және әдiстерiнiң жүйесi болып табылады. Қаржы механизмi арқылы
шаруашылық жүргiзудiң түрлi деңгейлерiнде және қызмет сфераларында
экономикалық және әлеуметтiк дамудың мемлекеттiк бағдамаларын орындау үшiн
мақсатты ақша қорлары мен ақша қорландарын қалыптастыру және пайдалану
жөнiндегi қаржы қатынастары басқарылады.
Көбiрек жалпы экономикалық категория ретiнде қаржы абстракцияның
(салықтардың, бюджеттiң және т.т.) аз дәрежесi бар жеке қаржылық қосалқы
категориялардан тұрақтындықтан, дербестiктiң белгiлi дәрежесiмен салық
саясатын, бюджет саясатын және оларға сай механизмдердi - салық, бюджет,
қаржы жоспарлары, қаржыны басқару, қаржы-құқықтық механизмдердi бөлуге
болады.

1.2 Кәсіпорынның қаржылық саясатының стратегиясы мен тактикасының ара
қатынасы

Мезгiлiнiң ұзақтығына және шешiлетiн мәселелердiң сипатына қарай
кәсіпорынның қаржы саясаты қаржы стратегиясы мен тактикасы болып бөлiнедi.

Қаржы стратегиясы- экономикалық және әлеуметтiк стратегиямен анықталып,
перспективаға есептелген және iрi ауқымды мiндеттердi шешудi қарастыртын
қаржы саясатының ұзақ мерзiмдi курсы. Ол экономикалық процестер дамуының
ұзақ кезеңiне бағытталған, ал оның шеңберiндегi күнделiктi мiндеттер басты
стратегиялық мақсатқа жетудiң кезеңдерi ретiнде жүзеге асырылып отырады.
Сөйтiп, қаржыны пайдаланудың стратегиялық бағыттылығымен үнемi анықталып
отырады. Алайда, тап осындай (стратегиялық) тәсiлдеменiң болмауы елдiң
үнемi нашарлап бара жатқан қаржы жағдайынан, кәсіпорынның жиынтық қаржы
балансының тепе-теңсiздiгiнiң өсiунен дер кезiнде тиiстi қорытынды жасауға
және экономикадағы қажеттi құрымдылық өзгерiстердi уақытылы қамтамасыз
етуге, оның бүгiнгi дағдарыстық жағдайға сығырып түсуiнен қорғап қалуға
мүмкiндiқ бермедi. Қаржы стратегиясын мемлекет қоғам дамуының iрi тарихи
кезеңдерiне үйлестiре отырып жасайды. Оны жасау процесiнде қаржыны
дамутыдың негiзгi тенденциялары болжанады, оны пайдаланудың тұжырымдары
қалыптасады, қаржы қатынастарын ұйымдастырудың қағидаттары белгiленедi.
ұзақ мерзiмдi мақсаттарды таңдап алу және қаржы саясатынды мақсатты
бағдарламалары жасау қаржы ресурстарын экономикалық және әлеуметтiк
дамуының басты бағыттарында шоғырландыруды қажет етедi.
Қаржы практикасы қаржы байланыстарын ұйымдастыруды дер кезiнде өзгертiп
отыру, қаржы ресурстарын қайта топтастыру арқылы қоғамды дамытудың нақтылы
кезеңiнiң мәселерiн шешуге бағытталған. Ол назарды кезек күттiрмейтiн
мiндеттердi шешуге, пайда болған үйлесiмсiздiктердi қаржылардығы және
елдiң, аумақтың,саланың экономикасындағы ауытқушылықтарды жоюға
шоғырландыра отырып, стратегиялық нұсқаманы нақтылайды. Қаржы
страгетиясының бiршама тұрақтылығы кезiнде қаржы тактикасы орамдылығымен
(икемдiлiгiмен) ерекшеленуi тиiс, ол экономикалық жағдайлардың,
әлеуметтiк факторладың және басқалардың ширақтылығымен алдың ала
анықталады.
Қаржы саясатының стратегиясы мен тактикасы өзара байланысты. Стратегия
тактикалық есептердi шешу үшiн қолайлы жағдайлар жасады. Экономика мен
әулеметтiк сала дамуының шешушi учаскелерi мен басты проблемаларын анықтай
отырып, тактика әдiстердi өзгерту, қаржы байланыстрарын ұйымдастырудың
нысандары арқылы неғұрлым қысқа мерзiмi iшiнде ысырап пен шығындарды ең аз
жұмсап, қаржы стратегиясы белгiлеген мiндеттердi шешуге мүмкiндiк бередi.
Қаржы механизмi мемлекет белгiлеген қаржы шараларын атаулы, нақтылы
нәтижелерге - қоғамдық - экономикалық өмiрдiң барлық деңгейлерi мен
сфераларындағы қоғамдық өнiмнiң, материалдiқ емес игiлiктердiң, қызметтер
көрсету мен құндылықтардың толып жатқан барлық элементерi құнының құрамына
кiретiң қаржы ресурстарының ұдайы өндiрiлуiне айналдырып, iске асырады.
Ұдайы өндiрiстiң әр алуандылығы өз кезегiнде қаржы механизмi құрамдi және
ажырағысыз бөлiгi болып табылатын экономикалық (шаруашылық) механизмнiң
нысандары мен әдiстерiнiң тиiстi әр алуандығын тудырады.
Сөйтiп, қоғамдық формацияның экономикалық заңдарымен, белгiлi бiр
өндiрiстiк қатынастардың және тиiстi категориялардың болумен анықталатын
өндiрiс процесi шаруашылық механизм арқылы iске асатын экономикалық
саясатпен реттелiнiп отырғанда iшкi, сол сияқты халықаралық жағдайдың да
ерекшелiктерiн кәсіпорынның нақты экономикалық және қаржылық
мүмкiндiктерiн ескеруi тиiс. Қаржы ресурстарының көлемiне белгiленген және
жұмсалған шығындардың тiкелей тәуекелдiгi жай ғана қаржы салалы айғалы
болып табылады және шаруашылық жүргiзудiң барлық деңгейлерiнде қолдап
отырылуы тиiс. Бұл маңызды талапты сақтамау бюджет тапшылығының,
мемлекеттiк борыштың пайда болып, көбейюне, инфляциялық процестерге
ұрындырады.
Кезең ерекшелiгiн есепке алу оның алдынғы шаруашылық және қаржы
құрылысының тәжiрибесiң, жаңа тенденциялар мен прогрессивтi
құбылыстарды, дүние жүзiлiк тәжiрибенi мұқият зердеудi де қажет етедi.
Ағымдағы кезеңнiң ерекшелiктерiн, экономикалық дамуының толғағы жеткен
қажеттiлiктерiн есепке алу негiзiнде қаржы саясатын дер кезiнде өзгертiп
отыру алдыда тұрған мәселелердi неғұрлым қысқа уақытта және ең аз
шығындармен мүмкiндiк бередi.
Қаржы саясатында қойылатын маңызды талап қаржы саясатын жүргiзiнде, яғни
дамудың белгiлi бiр кезенiнiң негiзгi мiндеттерiн орындауға шаралар
бағыттау жолымен қаржы жүйесiнiң барлық буындарында жүргiзiлетiн шараларды
келiскенде кешендi көзқарасты сақтау, сондай-экономиклық саясаттын құрамды
бөлiктерi арасыныда қаржы, кредит, баға белгiлеу, жалақы салалары
саясатында тығыз өзара байланыста қамтамасыз ету болып табылады.
Қаржы саясатының мақсаты - қоғам дамуының аса маңызды қажеттiлiктерiн
қанағаттандыруға қажет қаржы ресурстарының толық жұмылдыру. Осыған
байланысты қаржы саясаты кәсiпкерлiк қызметтi жандандыра түсеге қолайды
жағдайлар жасауға шақырады. Мемлекет пайдасына кәсiпорындардың табысын
алудың ұтымды нысандарын, сондай-ак оларды экономикалық және әлеуметтiк
дамуының басты бағыттарына шоғырландыруға үлкен маныз берiледi.
Эконмикалық дағдарыстан шығу және одан әрi серпiндi даму мемелекеттiң
сындарлы және негiзгi саясаты арқылы болуы мүмкiн. Жүргiзiлiп отырған қаржы
саясатының басты субъектiсi мемлекет болып табылады. Ол қоғамның ұзақ
перспективаға арналған қаржысын дамытудың басты бағыттарының стратегиясын
жасайды және алдағы кезеңге арналған мiндеттердi, қаражаттарды және оған
жетудiң жолдарын анықтайды.
Кәсіпорынның қаржы саясатының мазмұны экономикалық заңдардың iс-
әрекетiн ескере отырып және қоғамның даму мiндеттерiне сәйкес қаржыны
жоспарлы үйымдасттыру болып табылады. Қоғамдықдамуының әрбiр кезеңiнде
қаржы саясатының өзiне тәнбелгiлерi болады, ол экономиканың жай-күйын,
қоғамның материалдық және мәдени өмiрiнiң толғағы жеткен кажеттiлiктерiн
және мәдени өмiрiнiң толғағы жеткен қажеттiлiктерiн және басқа факторларды
ескере отырып, түрлi мiндеттердi шешедi.
Кәсіпорынның қаржы саясатының мазмұны айтарлықтай күрделi, өйткенi ол
шаралардың ауқымды кешенiн, оны дәйектi жүзеге асыру стадияларын қамтиды,
олар:
экономикалық заңдарың әрекетi, экономиканың жай күйi, қоғамның
әлеуметтiк-экономикалық дамуының перспективалары негiзiнде елдегi қаржының
ғылыми негiзделген тұжырымдамасын әзiрлеу;
экономикалық саясаттың тиiстi мақсаттары мен мiндеттерi негiздей отырып,
қаржы саясатының стратегиялық және тактикалық шараларының тұжырымдау;
белгiленген iс-әрекеттердi қаржы механизмi (экономикалық қайта құрудың
түбегейлiгiне қарай оны жаңғырта және түзете отырып) арқылы iс жүзеге
асыру.
Осы негiзгi үш буынның бiрлiгi қаржы саясатынның мазмұнын анықтайды. Демек
экономикалық заңдардың iс-әрекетiн есепке ала отырып, қоғамға дамытудың
мiндеттерiне байланысты қаржыны ұйымдастыру мен пайдалану мелекеттiң қаржы
саясаты ның мазмұны болып табылады.Казiргi кезеңде қаржы саясатының
көмегiмен шешiлетiн бастымiндеттердiң қатарына мыналарды жатқызуға болады:
А) елдiң дамуының әрбiр нақты кезеңiнiң ерекшелiктерi негiзiнде қаржы
ресурстарының неғұрлым мүмкiн болатын көлемiн жасаудың жағдайларын
қамтамасыз ету;
ә) қаржы ресурстарын қоғамдық өндiрiстiң сфералары арасында, ұлттык
шаруашылықтың секторлары арасында ұтымды бөлу және пайдалану, ресурстарды
белгiлi бiр максаттарға бағыттау;
б) экономикалық дамуының белгiленген бағыттырын орныдау үшiн тиiстi қаржы
механизмiн жасап, оны үнемi жетiлдiрiп отыру.
Қаржы саясатын жүзеге асырудың негiзiне жалпы және жеке (өзгеше)
қағидаттардың толып жатқан қатары қойылуы тиiс.
Қаржы саясатын жүргiзiнде оныңмына қағидаттарын жүзеге асырудың зор
маңызы бар:
колда бар нақты қаржы ресурстарын негiздей отырып, бюджеттердi жасау,
бекiту және атқару кезiнде қоғмдық өндiрiстiң барлық қатысушыларының,
әлеуметтiк, ұлттық және кәсiби топтардың мүдделерiн сақтау;
қаржы қатыныстарының жоспорлы ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;
қаржы жүйесiнiң барлық сфералары мен буындарында кiрiстер мен шығыстардың
теңгерiмдiлiгi;
қаржы резертерiн жасау (бюджет жүйесiнде кiрiстердiң шығыстардан және
салалық қаржыларда қаржы резевртерiнiң асып түсуi);
мемлекет пен шаруашылық жүргiзушi субъектiледiң арасында қаржы ресурстарын
оңтайлы бөлу.
Қаржы саясатының тиiмдiлiгiн қамтасыз ететiн жалпы қағидаттарға мыналар
жатады:
объективтi экономикалық заңдарының iс-эрекетiнiн есепке алу;
нақты тарихы жағдайлары есепке алу;
өткен жылдардың өзiндiк тәжiрибесiн және дүниежүзiлiк тәжiрибенi есепке
алу;
Жеке (өзгеше) қағидаттарға мыныларды жатқызуға болады:
қоғамда қаржы жүйесiнiң ұтымды құрылымын, қаржы қатыныстардын жоспарлы
ұйымдастыруды және қаржы механизмiнiң дұрыс құрылуын қамтамасыз ету;қаржы
жүйесiнiң барлық салаларымен буындарындағы кiрiстер мен шығыстардың тепе-
тендiгi;
бюджеттегi кiрiстердiң шығыстардан асып түсетiн қаржы резервтерiн жасау;
салық жүйесiн ұтымды құру арқылы экономикалық және әлеуметтiк дамуының
манызды бағыттарына қаржы ресурстары шоғырландыру;
негiзгi қаржы ресурстарын мемлекет қармағана жұмылдыру оларды мемлекет пен
шаруашылық жүргiзушi субъектiлер арасында тиiмдi бөлу;
қаржы және несие - ақша саясатының тепе-тендiгi.
Әрбiр экономикалық категорияның өзiнiң өзгешелiгi болады тиiстi
қатынастарды бiлдiрудiң белгiлi бiр түрлi, нысандары мен әдiстерi арқылы
көрiнедi. Тап осы ұғымдар - қатынастарды iске асырудың түрлерi,
нысандарымен әдiстерi - экономикалық өмiрде тиiстi поцестердiбасқарудiң
тетiктерi, механизмi ретiнде болып келедi. Қаржы өзгеше бөлгiштiк
категория ретiнде түрлi мақсатты ақша қорлрын жасау және пайдалану арқылы
ижасалынған өнiмдi бөлу және қайта бөлуге қатысады.Сондықтан осы процесте
қоданылатын механизм - бұл ақшалай табыстар мен қорларды қалыптастырумен
және пайдаланумен байланысты қаржы қатынастары көрiнiсiнiң түрлерi,
нысандары, мен әдiстерi.

2 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ МЕХАНИЗМІ

2.1 Кәсіпорынның қаржы механизмінің элементтер жүйесі

'' Механизм'' терминi эконмикалық ұғымда бiр нәрсенi iс-қимылға
келтiретiн, белгiлi бiр қызметке түрткi болатын құралды бiлдiредi. Бұл
мағынада термин басқаруда қолданылады және оның мәнi экономикалық, соның
iшiнде қаржы саясатының да мiндеттермен анықталатын басқарушы субъектiнiң
басқарылытын объектiге ықпалының мазмұнымен байланысты.
Қаржы шаруашылық жүргiзудiң бүкiл жүйесiмен және оның жоспарлау, болжау,
экономикалық ынталандыру, ұйымдастыру және басқару сияқты құрамды
бөлiктерiмен етене байланысты. Оның үстiне, қаржы қоғамдық қатынастар
жүйесiнiң серпiнiн (динамикасының) анықтаушы негұрлым жалпы ұғым ретiндегi
әлеуметтiк механизмнiң ұқсас құрамды бөлiктерiмен де өзара iс-әрекет етедi.
Қаржы механизмi- экономикалық және әлеуметтiк даму үшiн қолайлы жағдайлар
жасау мақсатында қоғам қолданатын қаржы қалыптастырып, пайдлану әдiстерiнiң
жиынтығы. Ол қаржы қатынастарын ұйымдастырудың түрлерiн, нысандарын және
әдiстерiн, оларды сан жағынан анықтаудың амалдарын қамтиды.
Қоғамдық шаруашылықтың жеке бөлiмдерiнiң ерекшелiктерiне қарай және қаржы
қатынастарының сфералары мен буындары бөлiнуiнiң негiзiнде қаржы механизмi
шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржы механизмi, сондай-ақ мемлекет
қаржысының механизмi болып бөлiнедi. Өз кезегiнде, бұл сфералардың
әрқайсысы жеке құрылымдық буындары қамтиды. Мысалы, мемлекет қаржысының
механизмi бюджеттiк механизм мен бюджеттен тыс ресурстар механизмi болып
бөлiнедi. Аумақтық бөлiнiске сәйкес республиканың, билiктiң жергiлiктi
органдарының қаржы механизмi деп бөлуге болады.

Қаржы механизмiнiң жүйесi

Қаржы механизмi (жүйе)
Қоскалқы жүйелер
қаржылық қаржы ұйымдық
жоспарлау тұтқалары мен құрылым және
(болжау) ынталандырмалары құқықтық және құқықтық
режiм
Блоктар
Қаржы ҚарҚаржы Қаржы ұдайы ҚаржынҚаржыны Қаржы
болжамджы нормалары ресурстарын өндiрiстiы қатынасталық
ары, қосмен бөлудiң және басқаррын бақыл
жоспарлретнормативтернормативте рi ынталандыуды реттейтiнау
ары, кiшi (ағымдi (макроэкономикалруды ұйымда,
және терқаржыландырық нормативтер: қаржымен стыру заңнамалы
баланстi уда салықтардың қамзданды қ және
ары қолдалнылатмөлшерлемелерi, ру нормативт
ындары) қрларға қорлары iк
аударылған актiлер
аударымдардың
нормалары)

Сурет 2

Жалпы шаруашылық механизмi секiлдi қаржы механизмiнiң де өзiне тән iшкi
құрымы бар және ол айтарлықтай күрделi. Оған қаржы қатынастарының әр
алуандығына сәйекс келетiн түрлi элементтер кiредi. Қаржы механизмi
экономикалық жүйе шеңберiнде құаржы қатынастарының ұйымдық нысандарының
жиынтығын,орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын,
қаржыны және қаржы жүйесiн басқарудың нысандарын, қаржы заңын қамтиды.
Қаржылық өзара байланыстардың тап осындай көптiгi оларды (элементттердi)
ұйымдастырудың көптеген түрлерiн, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘНІ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қаржы қатынастарының жиынтығы
Икемді және тиімді банктік маркетинг
Қазақстан кәсіпорындарындағы қаржылық менеджменті
Экономикалық талдау және қаржы есептемесін талдау
Қаржылық менеджердің қызметі
Қаржылық менеджменттің механизмі
Кәсіпорындағы қаржылық менеджмент
Зерттелген кәсіпорынның есеп саясаты
Банктердің маркетингтік қызметіндегі көрсеткіштер жүйесі
Пәндер