Ұлттық дүниетанымды халық өнері арқылы қалыптастыру


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   

Д И П Л О М Д Ы Қ Ж Ұ М Ы С

Тақырыбы: ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМДЫ ХАЛЫҚ ӨНЕРІ АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ.

І. ХАЛЫҚ ӨНЕРІ АРҚЫЛЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 11

1. 1. Қазақ халық өнері дүниетаным қалыптастырудағы маңызды бастауы . . . 11

1. 2. Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын халық өнер құралдары арқылы қалыптастырудағы педагогикалық негіздері . . . 19

ІІ. ХАЛЫҚ ӨНЕР ҚҰРАЛДАРЫ АРҚЫЛЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖҮЙЕСІ МЕН МАЗМҰНЫ . . . 30

2. 1. Бастауыш мектеп оқушыларының дүниетанымын халық өнер құралдары арқылы қалыптастырудағы сыныптан тыс жұмыстардың ерекшеліктері мен құрылымдық моделі . . . 30

2. 2. Бастауыш мектепте оқушыларды сәндік-қолданбалы өнер құралдары арқылы сыныптан тыс жұмыстағы . . . мазмұны . . . 38

ҚОРЫТЫНДЫ43

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. . 48

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Болашағынан зор үміт күтетін кез-келген тәуелсіз елдің, азат өмір сүру жолындағы кез-келген ұлттың ең қастерлі міндеті - өткен тарихымен үндес бола алатын, жас ұрпақтың санасын шыңдауға қызмет ететін білім жүйесін қалыптастыру. Ал мұндай білім жүйесі сол ұлттың төл болмысымен санасу арқылы жүзеге асады. Өйткені, өткен тарихтың сын көзінен өткен құнды ұлттық дүниетаным мұралары жас буынның рухына негіз болып қаланып, болашаққа бағыт жасап отырған жағдайда ғана ұрпақтар арасындағы сабақтастық үзілмейді. Жастарды халықтық тәрбиенің негізінде оқытуда ұлттық өнердің өркендеуіне жол ашу қажеттілігі туып отыр. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің басты міндетінің бірі ретінде көрініс тапқан. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының бұл заңында: «Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» керектігі белгіленген [1] . Қазақстанда мемлекет тәуелсіздігін нық ұстап тұру мақсатымен жүргізіліп жатқан шараларға қатысты ұлттық мәдениеттің қайта өркендеуіне кеңінен жол ашылды. Оған Ел басымыз президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегіндегі: «Мәдени дәстүрлер қашанда әлеуметтік қайта түлеудің қайнар көзі болып келді. Өзінің тарихи, мәдени тамырларына қайта оралу - бұл әрине, оң процесс . . . Қазақстанда ұлттық тілді, мәдениетті, экономиканы . . . дамытуға барынша қолдау жасалып отыр», - деген сөзі мұның айғағы. [2, 10] Қазақстанның XXI ғасырда өркениетті әлемнен орын алып, дамыған елдер деңгейіне жетуіне ықпал етер бірден-бір құдірет-білімді ұрпақ болмақ. Қазіргі кезде Қазақстан сияқты көп үлтты мемлекет алдында, біріншіден, біртұтас білім кеңістігін қалыптастыру міндеті тұрса, екіншіден, ең негізгісі-ұлттың этнопедагогика мен этнопсихологияның озық дәстүрлеріне сүйене отырып, жеткіншектер санасына туған халқының дүниетанымына деген құрметпен мақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, сондай-ақ ұлттық салт-дәстүрін меңгеру, тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеу тарихи қажеттілік болып отыр.

Қазіргі кезде әрбір халық үшін өзінің тарихына тереңірек үңіліп, ата-бабалардың ғасырлар бойы ұрпағына қалдырған тәжірибесі мен білім жөніндегі өмір мектебін зерделеп, оның қажеттерін қоғам, орта талаптарына сай сұрыптап, мектептің оқу-тәрбие ісіне ендірудің қажеттілігі анықталды. Халқымыздың ұлттық дүниетанымының мол мұрасын толық зерттемей және оны күнделікті оқу-тәрбие процесіне пайдаланбай, жан-жақты жетілген ұлтжанды жастарды тәрбиелеу мүмкін емес. Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру барысында, біріншіден, бүгінгі өркениетті дүниеде болып жатқан өзгерістерді ескеріп отыруға, екіншіден, өз халқының ұлттық мәдени -тарихи, әлеуметтік -экономикалық ахуалын терең танытуға айрықша назар аудару қажет. Мұндай мұраттар басшылыққа алынған жерде, ұлттық мектептің өзекті мақсаты-адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына дарытқан жоғары интеллектуалды, парасатты тұлғаны тәрбиелеу болып шығады.

Ұлттық мәдениет халықтың ежелден келе жатқан өзіне тән өнері, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі есебінде жетілетіні белгілі. Оған қоса ғасырлар сынынан өткен, ұрпақтан ұрпаққа ұласып келе жатқан халық мұраларындағы озық үлгілер жеке тұлғаның жан-жақты дамуына септігін тигізеді. Сол себепті, бүгінгі таңда халықтың дәстүрлі өнер түрлерін жинақтап зерделеудің, оның айналасындағы тәлім-тәрбиесі мол тәжірибесі негізінде жас өспірімдерді тәрбиелеудің қажеттігі өсе түсуде. Сондай-ақ, еліміздің қоғамдық- экономикалық өміріне нарықтық қатыстардың енуіне байланысты өзгеріске түскен саяси экономикалық, әлеуметтік-мәдени, рухани жағдайлар жас ұрпақ тәрбиесінің проблемаларын жаңаша ойластыруды талап етуде. Демек, оқушыларға әлемдік деңгейде, өркениетті негізде білім-тәрбие беру ғаламдық мәні бар проблемаға айналып отыр. Сондықтан оқушылардың алатын білім мен тәрбиесінің сапалығын жетілдіруде олардың дүниетанымын қалыптастырудың ғылыми негіздері үлкен роль атқарады. Алайда бүгінгі күні ғылымның мәдени дүниетанымдық мүмкіндіктерін асыра бағалауға болмайтындығы байқалды. «Дүниетаным саласында тек ғылымға бағдарлау, ал дін, философия, өнер сияқты мәдениеттің басқа нысандарының дүниетанымдық маңыздылығын төмендетудің немесе мүлде жоққа шығарудың зияндылығы белгілі болды. Қазіргі дүниетанымды қалыптастыруда ғылымның басқа да мәдени нысандарымен бірге аса қажет екендігі анықталып отыр. Адамды әдеттегі үйреншікті сана-сезім шеңберінен алып шығып, мәдениеттің биік әлеміне көтеру, өз дүниетанымымызды қалыптастыруға мүмкіндік тудырып, адамзат табыстарына негізделген өзіндік сенім-көзқарастарын тудыру білім берудің маңызды мақсаты» деп негізгі білім бағытында жарық көрген құжаттарда белгілінген [3, 4, 5] .

Осындай талаптың күшейген кезеңінде мектептерде оқу процесін диалектикалық тұрғыдан қайта қарастыру жергілікті халықтың ерекшеліктері мен дәстүрлерін тиімді қолдануды жетілдіру, оқушыларды ұлттық мәдениетке баулу маңыздылығы жөніндегі мәселелер оңды шешім тауып отыр. Ұрпақтарымызды парасатты да білікті, мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеп олардың дүниетанымын адамзаттық деңгейде дамытамыз десек, бойында ұлттық және азаматтық намысы бар ұрпақ өсіргіміз келетін болса, онда бүгінгі қоғамның барлық күшін ұлттық мектептеріміздің жалпы оқу-тәрбие саласына жұмылдыруымыз қажет. Сондықтан білім берудің түрлері мен әдістерін жаңартудың негізгі мақсаты әрбір оқушының шығармашылық қабілетін барынша дамыту, ұлттық өнердің түрлі жанрларын, сайып келгенде, жалпы ұлттық мәдениетке баулу болып табылуы тиіс. Осы орайда айта кететін бір жайт, әр оқушының шығармашылық қабілеттері тек оның жеке басының туа біткен қабілеттеріне ғана емес, сондай-ақ оны тәрбиелеп отырған қоғамдық ортасының тарихи қалыптасқан дәстүрлі ұлтының дүниетанымына да байланысты. Ал қазақтың ұлттық дүниетанымы ежелден келе жатқан, дәстүрге айналған рухани қазынасы арқылы қалыптасатыны анық. Мұндай жағдайда жеткіншек ұрпақтың өз халқының ұлттық мәдениетімен, әдет-ғұрып дәстүрімен неғұрлым тереңірек танысу қажеттігі бірінші орынға қойылып отыр. Зерттеу проблемасы саласында жарық көрген еңбектерге жасаған талдау эстетикалық циклдағы пәндер, оның ішінде енбекке баулу пәнінің оқыту тәрбие процесі барысында бастауыш сынып оқушылары ерекше назар аударады. Халық өнер арқылы дүниетанымын қалыптастыру мәселесі ғылыми - теориялық тұрғыдан әлі де болса өз деңгейінде ашылмағандығын айқындайды. Сонымен бірге мазмұн, көлем, тұрақтылық жағынан бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымы, даму үрдісі ерекше назар аударады. Бұл салада көптеген зерттеулерде Абдуллаев А. К, Л. А. Гордан, А. Х. Аринова т. б. жұмыстарын атаған жөн. Бастауыш сынып оқушылары өзінің табиғатына қарай жаңаны тез қабылдап оны ерекше сезінеді. Қызығушылығы мол, интелектуалды белсенділігі арта түседі. Сондықтан да балалардың қабілетін тек оқу процесінен шектемей, біздің ойымыз ша, сыныптан тыс жұмыстарға көбірек көңіл бөлген дұрыс. Іс - әрекетінің мүмкіншілігі көп екендігін біршама зерттеулер дәлелдейді (Абибулаева А. Ж. Көшербаева Г. Н. ) .

Сонымен, еліміздің әлеуметтік - экономикалық дамуын жақсарту қоғамдық өмірдің барлық саласында түбегейлі терең өзгерістер жасауда, ең алдымен жас өспірімдердің санасын шыңдауды, жаңаша ойлар қалыптастыруды, қазақ халқының өткен тарихи - мәдени мұраларын игере отырып, шығармашылықпен еңбек етуді талап етеді. Өз ойымызды тұжырымдай келе, бастауыш мектеп алындағы басты міндет - оқушыларды халқымыздың ұлттық игіліктері мен адамзат мәдени мұралардың сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу мен оқыту және оның дүниетанымының қалыптасуына жан - жақты мүмкіндік жасау. Халық өнер құралдары бастауыш сынып оқушылырының дүниетанымын қалыптастыру жұмыстары осы күнге дейін ғылыми практикалық деңгейде жан - жақты зерттелмеуі аталған мәселенің өзектілігін көрсетеді. Оқушының дүниетанымын қалыптастыруда халық өнердің тұтастай әсер етіп білім - тәрбие сапасын арттыруда мәні зор.

Педагогикалық процесте халық өнер арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру ғылыми - педагогикалық және ғылыми әдістемелік жолдарын қарастыру, біздің зерттеу проблемаларымызды айқындап береді және «Ұлттық дүниетанымды халық өнері арқылы қалыптастыру» атты тақырыпты таңдауымызға себепші болды.

Зерттеу мақсаты - сыныптан тыс жұмыстарда халық өнер құралдары арқылы бастауыш мектеп оқушыларының дүниетанымын қалыптастыруды ғылыми - теориялық, әдістемелік тұрғыдан зерттеу.

Зерттеудің нысаны - бастауыш мектептегі сыныптан тыс жұмыс.

Зерттеу пәні - сыныптан тыс жұмыстарда халық өнері арқылы бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру үрдісі.

Зерттеу ғылыми болжамы - халық өнері арқылы сыныптан тыс жұмыстарда бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастырудың ғылыми педагогикалық негіздері айқындалып, мазмұны мен әдістемесі жасалса, халық өнер туындылары оқушылардың сезімталдығын ояту және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталса, онда тәрбие үрдісінде халық өнері арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жетекші идея: бастауыш мектеп оқушыларының халық өнері арқылы сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру нәтижесінде қазіргі заман талабына сай дүниетанымы қалыптастырылады.

Зерттеу міндеттері:

- халық өнері арқылы бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастырудың теориялық негіздерін ашу;

- бастауыш мектепте халық өнері арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудағы сыныптан тыс жұмыстың ерекшелігін анықтау;

- бастауыш мектепте оқушылар сыныптан тыс жұмыстарда халық өнері дүниетанымын қалыптастырудың жүйесі мен құрылымдық моделін жасау.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: жеке тұлға теориясы, дүниетаным туралы философиялық, психологиялық, педагогикалық жалпы азаматтық және ұлттық құндылықтардың өзара сабақтастық теориясы, өнерді қабылдау теорияларымен қазіргі гуманистік тұжырымдар, білім туралы мемлекеттік саясат болып табылады.

Зерттеу көздері: философ, психолог, педагогтардың дүниетаным, қазақ қол өнері туралы зерттеу еңбектері; Қазақстан Республикасының Заңы, Конституциясы, «Білім туралы» Заңы, Үкіметтің қаулы - қарарлары, бағдарламалары; халық өнерін оқытудағы этнопедагогика материалдарын тиімді жүзеге асыру жөніндегі озық тәжірибелері.

Зерттеудің әдістері: зерттеу мәселесіне байланысты тақырып бойынша өнертану, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге, халық өнері мұраларына теориялық талдау жасау; бақылау, әңгімелесу, сауалнама жүргізу, озық тәжірибелерді зерделеу, жинақтау, қорыту.

І. ХАЛЫҚ ӨНЕРІ АРҚЫЛЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1. Қазақ халық өнері дүниетаным қалыптастырудағы маңызды бастауы

Дүниетанымның қалыптасуына жалпы адам, табиғат, қоғам білімдері тірек болады. Адам, табиғат, қоғам-біртұтас дүние. Адам, табиғат, қоғам арасындағы байланысты және олардың бірлікте дамитынын оқушыларға өнер арқылы түсіндірген дұрыс. Өйткені тәжірибеден байқағандай дүниетанымды өнер арқылы білу барысында оқушының таным процесі дамиды. Дүниені біртұтас тірлікте сезініп қабылдау нәтижесінде оның санасында білім қоры жиналып, ой-өрісі қеңейеді.

Дүниетанымның басты категориясы ретінде, «дүние» мен «адам» алынады, өйткені, әлемді танушы адам. «Дүние» - араб сөзі. Ол көптеген ұғымды білдіреді, ең негізгісі - дүние өмір, тіршілік ретінде түсіндірілсе, енді бірде дүние ұғымы-қоршаған орта, табиғат, әлем ретінде қарастыруға болады.

Философ-ғалымдар І. Ерғалиев пен Ғ. Телібаев өз еңбектерінде ұлттық дүниетаным туралы: « . . . Адамның дүниемен байланысы, оны тануы белгілі ұлттық жағдайда қалыптасқандықтан, дүниетанымның ұлттық белгілері болады», - дей келе, ежелгі қазақ дүниетанымының түрлеріне: мақал-мәтелдер, жырлар, дастандар, аңыздар, ертегілер, термелер, жоқтауларды жатқызды.

Жалпы, философтардың « Дүниетаным» туралы айтқан ой-пікірлеріне сүйенсек, дүниетаным сыртқы дүниенің адам санасындағы жай ғана көрінісі емес, тұлғаның дүниеге қарым-қатынасы деп қорытындылауға болады. Қарым-қатынас тек білім түрінде емес, наным, идея, құндылық, адамның ынта-талабы, іс-әрекеттің танымдық және тәжірибелік ұстанымдары нысанында да көрініс береді. Бұл-адамның қоғамдық сана-сезімінің құрылымы. Дүниетаным адам сана-сезімінің құбылысы ретінде, оның қызметі мен дамып-өрістеуіне тәуелді болады.

Қазақ совет энциклопедиясында: « Дүниеге көзқарас- бізді қоршаған табиғи және қоғамдық болмыс, адам оның өмірде алатын орны туралы түсінік жиынтығы»- деп жазады.

Сонымен, жоғарыда келтірілген анықтамаларға сүйене отырып, біз Дүниетанымды әрбір жеке тұлғаның көзқарасынан, сенімі мен мұратынан байқалып, ол адамның өзін қоршаған табиғат пен әлеуметтік болмысы, яғни тұрмыс-салты, өмір тәжірибесі мен эмоциялық сезім күйі, бағыт-бағдары, қоғамдық қарым-қатынастар жүйесінен тарихи орын алып, жеке тұлға дүниетанымының бүкіл өмір мұратын құрап, оның іс-әрекеті мен мінез-құлқында байқалынады. Жеке тұлғаның дүниетаным көлемі, жеке басының ерекшелігі мен өмір сүріп отырған қоғамдық жағдайының дамуына байланысты болады.

Жеке тұлғаның тұтас даму процесінде әлеуметтік орта мен тәрбиелік тәжірибе ерекшеліктеріне орай, оның дербес өмірлік белсенділігінің арқасында, дүниетаным көлемі де тереңдеп арта бермек. Сонымен бірге, жеке тұлғаның ішкі жан дүниесінің қалыптасуына қоғамның рухани-мәдениетінің даму деңгейі мен салт-санасы ықпал етеді. Адам баласы сыртқы дүниедегі барлық құбылысты сезіне білуі дүниетанымның шексіздігінде.

Дүниетаным - адамның табиғат, қоғамдық өмір туралы білімдерінің жүйесі. Адамдардың ұжымшылдықты, гуманизмді (еңбек адамын құрметтей білу) оптимизмді (жарқын болашаққа сену) дәріптеп қана қоймай, әр адамды дүниені қайта құру жолындағы жан қиярлық күреске баулиды. Дүниетанымның негізі бастауыш мектептің өзінде қаланады да бала кәмілетке келгенде оның дүниетанымы біршама қалыптасады. Адамның алдына қойған мақсатының айқын болуы, дүниетанымның өмірмен байланыстылығы берік сенімнен туады. Сенім мен дүниетаным қатарласып жүрсе ғана адам санасы нұрлана түседі. Өйткені бұл екеуі, құстың қос қанатындай, адамның ең асыл қасиеттері болып табылады. Дүниетанымды қалыптастыру үшін адамға бәрінен бұрын білім негіздерін меңгеру қажет. Өйткені білім дүниетанымды қалыптастыратын негізгі құрылыс материалы.

Педагогикалық ғылыми еңбектерде дүниетанымның төрт құрамды бөлігі көрсетіліп жүр. Олар: ғылыми білім жүйес, : дүниетаным, сенім, адам мұраты . Білім обьективтік дүниені бейнелейтін адам баласының мол тәжірбиесі. Дүниетаным жеке адамның табиғи және әлеуметтік құбылыстарын түсіндіру туралы пайымдауы, ой -тұжырымы. Дүниетаным адамның қоршаған табиғи және әлеуметтік ортаға қарым-қатынасын білдіретін ақиқатқа деген көзқарастар жүйесі, адамдардың философиялық, ғылыми, саяси, құқықтық адамгершілік, эстетикалық идеялары мен наным-сенімдерінің жиынтығы; Дүниетаным адамның қызметі мен әрекетінің жалпы бағытын айқындайды. Дүниетаным-білімнің, іс-тәжірибе мен идеялық-эмоциялық бағамдардың ең жоғарғы синтезі. Дүниетанымда адамның қоғамдық болмысының ерекшеліктері, оның тарихы нақты қоғамдық қарым-қатынас жүйесіндегі орны жалпылама түрде көрсетіледі.

«Дүниетаным», «таным», «қазақ дүниетанымы» саласында көптеген құнды ой-пікірлері мен көзқарастар философ ғалымдардың зерттеулерінде (С. Б. Крымский, Б. М. Кедров, Ә. Нысанбаев, А. Қасабеков, М. Орынбеков, Ж. Алтаев, Д. Кішібеков т. б. ) жан-жақты мазмұндалып жүр. Яғни, бастауыш сынып оқушыларының танымдық әрекетінің түрлері әр аспектілерден бірқатар психологтар мен педагогтардың еңбектерінде (С. Л. Выготский, В. В. Давыдов, И. Я, Лернер, Б. М. Коротяев, Р. И. Низамов, М. Н. Скаткин, Л. В. Занков, Т. И. Шамова, М. И. Махмудов, А. Н. Леонтьев, Н. Б. Менчинская, П. Я. Гальперин, Д. Б. Эльконин, Ю. К. Бабанский т. б. ) зерттеу міндеттеріне қарай жүйелі талданған.

Дүниетанымның қалыптасуына үлкен ықпал жасайтын - халық өнері. Сонымен бірге бұл өнер халық тәрбиесінің маңызды құралы ретінде қарастырылып келе жатыр.

Ұлттық дүниетанымының арқауы болып табылатын халық тағылымының мән-маңызы мен құндылығын кеңес өкіметі тұсында көптеген ғалымдар зерттеген. Республиканың егемендігі, ұлттық сана сезімнің өсуі, мәдени рухани дәстүрлердің қайта өркендеуі ұлттық тәрбиедегі ғылыми негізделген ұсыныстарды талдап жасауға қажеттілік қана өсіп қоймай, сонымен бірге оларды іске асыру мүмкіндіктері де анағұрлым ұлғайды.

Халықтың педагогика мәселелері ғылыми тұрғыда бұрынғы одақ бойынша ең алғаш 50-ші жылдардың екінші жартысынан бастап түбегейлі зерттеле бастады. Жарық көрген ғылыми зерттеулер (Г. Н. Волков, В. Н. Ханбиков, А. Ф. Хинтибидзе, А. Ш. Гашимов, А. Э. Измаилов, В. Х. Арутюнян, К. Кыдыралиев және т. б. ) халықтық педагогиканың түрлі бағыттарын қарастырды. 80-жылдары орта және жоғары мектепті қайта құруға байланысты оқушыларға үлттық қолөнерге баулу және эстетикалық тәрбие беру ісін жандандыруға едәуір көңіл бөлінгенін айта кету керек. Оны нәтижелі шешуде жеткіншек ұрпақты өз ұлтының өнерімен, салт дәстүрімен, әдет-ғұрыпымен таныстыру қажет болды. Ал мүның өзі халықтың педагогика саласында терең мазмұнды зерттеулер жүргізуді талап етті Осы мәселелер бойынша Қ. Б. Жарықбаев, С. Калиев, С. Ұзақбаева, Ж. Наурызбай, Қ, Қожахметова, М. Балтабаев, З. Әбілова, Б. Мұқанова, Ұ. Асанова, Қ. Болатбаев, Е. Сағындықов т. б. еңбектері жарық көре бастады. Оларда қазақтың халықтық педагогикасындағы құнды ой пікірлерге талдау берілді, халықтық тәрбие саласында қалыптасқан дәстүрлері мазмұндары ондағы еңбек, ақыл-ой, эстетикалық адамгершілік тәрбие берудің жекеленген әдістері мен амал-жолдары баяндалып, жеткіншектер дүниетанымын қалыптастырудың тәрбиелік мәні ерекшеленіп көрсетілді.

Осы мәселені шешу-қазіргі ұрпақтың негізгі мақсаты. Өйткені қазақтың рухани байлығының әсері адамның парасатты, білімді болуына дүниетанымдық көзқарасының жоғарғы деңгейде дамуына әсері ерекше болып табылады. Осындай үрдісте әсіресе қазақ халқының өнерінің әсері өзгеше, осыны ескере отырып, біз ең алдымен “дүниетаным” ұғымына және адам баласының ежелден дүниеге деген көзқарасын қарастыруды жөн көрдік.

Дүниетаным адам ойы кеңістігіндегі негізгі және аса күрделі түсініктердің бірі. Дүниетаным негізін салуда көне грек философтары Демокрит, Платон, Аристотель үлкен роль атқарды. Олар дүниетанымның негізі ретінде “ақылды” пайдаланды. Өйткені адам баласы қоршаған дүниесін сана арқылы қабылдайтыны мәлім.

Италияның ұлы сүретшісі, ғалым, философ Леонардо да Винчи -“Дүниетаным-ақиқатты рухани қажетті игеру жүйесі, оның ішінде тұтастай алғанда білімі мен нанымы, ар-ождан мұраттары мен әлеуметтік қулықтың реттеушісі, қоршаған ортаға психологиялық және эстетикалық көзқарасы”-дей келе, дүниетанымды қалыптастырып, оны жалпы адамзаттық мәдени құбылысқа айналдыруда қосқан үлесі зор болды. Ол сурет өнері саласында сынның мазмұны туралы пікір айтып, эстетикалық талғамның қалыптасуына үлкен әсер етті -деп зерделейді өз еңбегінде Р. А. Арцышевский.

Дүниетаным құрылымы , ғалымдардың пікіріне сүйенсек, мына түсініктерден тұрады: көзқарастар, білімдер, пікірлер. Көзқарастар белгілі бір ұстанымды бағытты білдірсе, білім жеке тұлғаның қоршаған ортадағы әртүрлі процестер мен құбылыстарды бағалауы, қатынасы, ал пікірлер тұлғаға осы көзқарастардың тек дүниетаным мәселелерінде ғана емес, сондай-ақ жалпы өзінің өмірлік мақсаттарын қоюы мен жүзеге асыруында да мүмкін және мақсатқа сәйкес болатындығы жайлы мәселені шешуге мүмкіндік береді.

Жеке тұлғаның дүниетанымында белгілі бір деңгейлер болады, олардың ішіндегі негізгілері мыналар болып табылады:

Қарапайым (немесе тұрмыстық), ол дүниетаным білімін дүниені түсінуге «дүниені сезіну» арқылы қол жеткізілетін «дұрыс мағынаға» теңейді.

Ғылыми - адамның дүниені және ондағы өзін танып-білуінің теориялық және практикалық тәжірибесінде көрініс табатын әлем заңдары мен заңдылықтарын меңгеру негізінде жетіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалар бақшасындағы балалардың музыка арқылы ұлттық дүниетанымының қалыптасу моделі
Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын музыка арқылы қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Бейнелеу өнері пәні барысында бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру
Оқушыларға көркемдік тәрбие берудің жолдары мен құралдары
Бейнелеу өнері пәнін оқытудағы интеграциялау мәселелері
Бастауыш сыныпта баланың ұлттық дүниетанымын қалыптастыру
Халық ауыз әдебиеті арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымын қалыптастырудың қазіргі жағдайы
Бейнелеу өнерін оқытудағы оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың интеграциялық мазмұны
Бастауыш сыныптарда дүниетануды оқытудың маңызы және оның басқа пәндермен байланысы
Оқушылар дүниетанымының қалыптасуы мектептің іс-әрекетінің басты бағыты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz