Баланың жас ерекшелігіне байланысты мінез ауытқуының кейбір мәселелері


БАЛАНЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ МІНЕЗ АУЫТҚУЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
В статье рассматриваются вопросы и особенности воспитания подростков школьного возраста посредством движения и физических нагрузок, необходимых для полноценного развития.
This article deals with the questions and features of school age teenagers education by means of movement and the physical activities necessary for high-grade development.
Жеке адам - бұл тұтас бір жүйе, өзара байланысты психологиялық құбылыстардың ажырамас бірлігі. Жеке адамның барлық сапасының ажырамас өзара байланысы әрбір сапа мазмұнының, құрылысы мен көрінісінің басқа сапаларға тәуелдігін қамтамасыз етеді. Мысалы, бағалау мен пайымдаудың өткірлігі биік адамгершілік принциптермен, адалдықпен, жолдастарына қамқорлық сезімін дамытумен байланысты болса, бір мазмұнға иеленеді. Егер оның негізінде қоғамдық маңызды мақсатқа жетуге құштарлық емес, белгілі ішкі эгоцентризм, алға шығуға, ұжымда айрықша орын алуға тырысу жатса, онда ол басқа мазмұнға ие болады. Сонымен жеке адамның кез келген сапалары мен қасиеттері олар қандай адамгершілік қатынастар жүйесінде қалыптасуына және рухани байлыққа, таным-түсінікке жетуге бағытталғанына байланысты түрлі сипатқа ие болады [1] .
Жеке адамның қоршаған ортаға - достарына, өзіне, өмірге, қоғамдық істерге қатысуға деген көзқарастарында оның дүниетанымы, ұмтылысы, нанымы байқалады. Сондықтан жеке адамның адамгершілігін қалыптастыру - қазіргі тәрбиенің өзегі. Дамудың бастапқы кезеңдерінен бастап жарасымды қалыптасуға дейінгі жеке адамның қалыптасу жолы - ұзақ та күрделі, сан қырлы процесс. Тәрбие психологиясы үздіксіз дамитын, сапалық жағынан өзгеріп отыратын құбылыспен - әр түрлі жас кезеңдерінде жеке басы мен іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктері және қажеттіліктері, мотивтері, қарым-қатынастары әр қилы болатын баламен байланысты. Әр жас кезеңдерінің өзгешелігін ескеру - тәрбие процесін ұйымдастырудағы қажетті шарт. Алайда ескеру - тәрбие жұмысының мазмұны мен формаларын белгілі бір жастағы балалардың психикалық дамуының межесіне бағындыру деген сөз емес. Баланың жеке басының нақ осы кезеңде бастапқы даму жағдайында тұрған, бірақ болашақ соған тиесілі сапаларын қалыптастыруды қамтамасыз ете отырып, дамыту перспективаларын ескеру маңызды. Нақ осы жағдайда жеке адамды жобалау процесі ұйымдастырылады, мұны құру әлбетте, жеке адамның адамгершілік сфераларын қалыптастыруға сөзсіз ықпал жасамайтын жеке адамның толып жатқан жеке-дара қажеттерін ескеруді де талап етеді [1] .
Тәрбие - қыры мен сыры мол, неше түрлі тәсіл, әдістерді қажет ететін аса күрделі процесс. Оның негізгілерінің бірі - тәрбиеленушілерге дұрыс талап қоя білу. Адамға дұрыс талап қойылмаса, тапсырылған іс уақытында қадағаланбаса, біртіндеп берекесіздік пайда болады. Сондықтан балаға кішкентай кезінен бастап шамасы келетін талаптар қойып, міндеттер жүктеп, олардың орындалуын бақылап отырмаса, жас өскінді жауапкершілікке, өз борышын дұрыс түсіне білуге машықтандыру қиын. Талап қою, міндет жүктеу бала мектепке барғаннан кейін ерекше мәнге ие болады. Мұнсыз оқудың, оны миға тоқудың өзі мүмкін емес. Мәселен, жеті жасар бала мұғалімнің үйге берген тапсырмасын орындап тұруға біртіндеп машықтануы қажет, ұстаздың талап тілектерін орындау оқушы үшін - заң. Оқушыға міндет алу, тәрбиешінің талабын мүлтіксіз орындап шығу үлкен жауапты әрі жанды жадырататын іс. Бұл жәйт шәкірттің психикасына зор салмақ салып, оның психологиясын біртіндеп өзгертуге себепші болады. Өйткені, мектепке дейінгі тәрбиеде шын мәніндегі талап қоюшылық, міндет алушылық болмайды. Белгілі міндет жүктеу, белгілі талап, ережелерді орындату - мектеп тәртібінің бұлжымас заңы. Балаға талап қоюдың түрлі жолдарын шәкірттің жеке дара, жас, жыныс және ұлттық ерекшеліктеріне қарап әр кез нақтылы жағдайға орай үнемі түрлендіріп отыру қажет. Мәселен шәкіртке қойылатын талаптың қарапайым түрі - оған өз міндеті туралы жайлап ескерту болса, ал мұның жоғары түрі кесімді түрде бұйыру. Адамға талап қоюы - оны бір нәрседен сақтандыру, тиым салу түрінде де қолданылады. Дұрыс талап қоя білудің тиімділігі, тәрбиелік мәні ұстаздың байсалдылығына, байыптылығына байланысты. Адамға талап қоя білу - үлкен өнер. Оқушыларға жөндеп талап қоя білмейтін, қойса да орындауды аяғына дейін қадағаламайтын, тіпті оған қалай болса солай қарайтын мұғалімдер де кездеседі. Осындай мұғалімнің сынып ұжымын ынтымаққа, бірауыздылыққа тәрбиелей алу қиын. Шәкіртке дұрыс талап қоя білумен қатар оның іс-әрекетін оқтын-оқтын қадағалап отыру да қажет. Адам өзін-өзі тәрбиелеуде асқан шыдамдылық, қиыншылықтарға төзімділік, ерекше ұстамдылық танытып ұзақ уақыт қажымай-талмай, ерінбей-жалықпай жұмыс істей білуге машықтануы қажет [2] .
Тәрбие кез келген қоғамның маңызды функциясын құрайды. Қазіргі дамыған қоғамда дүниетанымы биік, адамгершілік қасиеттері мол, терең идеялы, сенімді, қоғамдық белсенді, болмысқа шығармашылық көзқараспен қарайтын адамды жеке адам ретінде тәрбиелеу басты мақсат пен міндетке айналып, қарым-қатынас құрудың маңызды шарты болып табылады. Бұл міндетті шешу қазіргі психологиялық-педагогикалық білім жүйесінде талданған ғылыми принциптерде іске асырылады және оларды үнемі теориялық жағынан дамытып отыруды көздейді [3] .
Жеке адамның моральдық-еріктік өрісін, адамгершілік санасын, адамгершілік түсініктерін, ұғымын, принциптерін, сезімдерін, қылығының адамгершілік негіздерін, адамгершілік сезімдерін басқа адамдарға, қоғамға деген қарым-қатынасын білдіретін мінез-құлық тәсілдері мен әдеттерін қалыптастырудағы психологиялық механизмдерді аша отырып, тәрбие психологиясы даму үстіндегі жеке адамды белсенді «жобалауды», қазіргі балалық шақтың түрлі кезеңдеріндегі тәрбиелеу процесін ұйымдастырудың принциптерінің, шарттары мен ерекшелігінің жалпы заңдарын талдады.
Тәрбие психологиясы оқушылардың тәрбие ықпалы жағдайындағы психикалық іс-әрекеттері заңдылықтарын шәкірттердің өзін-өзі тәрбиелеуінің психологиялық негізін аша отырып, осы механизмдердің жеке адам қасиетін қалыптастырудағы ықпалын зерттейді. Тәрбие психологиясы кейбір психологиялық өзгешеліктердің тежелуі және қайта құрылуларын, жаңадан пайда болуын және даму процестерін қарастырады. Міне сондықтан да ол баланың жаңа психологиялық мүмкіндіктерін жасауға бағытталуы тиіс.
Психологиялық білімнің негізгі саласы ретінде тәрбие психологиясының басты ұйымдастыру кезеңі - жеке адамды онтегезде белсенді мақсатты түрде қалптастыру мүмкіндіктері туралы қағида. Бұл қазіргі психология ғылымының қоғамдық рөлі мен өскелең адамның жеке басын қалыптастырудағы генотиптік, яғни жеке қалыптасуындағы әлеуметтік, жеке биологиялық арақатынас проблемаларының орнын бағалау көзқарасымен анықталады. Жеке адамның қалыптасу шарттары жөніндегі биологиялық және әлеуметтік арақатынасы туралы мәселе - жеке адамды түсінудегі шешуші мәселе.
Баланың психикасының даму заңдылықтарын іс-әрекеттің жетекші типінің өзіндік ерекшелігін, олардың мектеп оқушылары іс-әрекетінің басқа түрлері мен қарым-қатынасының өзара байланысын есепке алу тәрбие процесін анағұрлым оңтайлы ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Жоғары интеллектуалды және шығармашылық мүмкіндіктері бар, белсенді, өзіндік іс-әрекеті бар жеке адамды қалыптастырудағы талап педагог-тәрбиешілердің алдына оқу-тәрбие жұмысының мазмұнын, әдістерін және оны ұйымдастыруды психологиядан алынған мәліметтер негізінде құру мақсатын қояды. Іс-әрекеттің жетекші типін арнайы ұйымдастыру баланың жеке басына мақсатты ықпал жасап, осы істің процесінде онда талғам мен мотивтің қажетті иерархиясын қалыптастыруға бағытталған негізгі жағдай ретінде көрінеді. Бір жас кезеңінен келесі неғұрлым ересек кезеңге көшкен кезде балалардың ересек адамдармен қарым-қатынасының жағдайы мен жүйесі өзгеріп отыруы керек. Өзінің ажырамас бірлігін сақтай отырып, мектеп ұйымдастыру формалары мен оқыту әдістеріне, оқушылардың құқықтары мен міндеттерінің сипатына, мұғалімдер мен балалардың арасындағы қарым-қатынастарға қарай жіктеліп, буындарға айқын бөлінуі
тиіс. Барлық буындарда оқыту мен тәрбиелеу мазмұны біртұтас болған кезде әрбір буын оқушылардың интеллектуалдық және әлеуметтік ересектенуінің сатысын айқын көрсетуге тиіс: тәрбие және оқу жұмысының негізгі элементтерінде, өз бетімен ұйымдастыру формаларында, өзін-өзі басқару сипатында және балалардың жалпы мектептің істерін жоспарлауға қатысуында, тіпті киім киісінде айқын көріну тиіс [4] .
Ұйымдасқан тәрбие процесінің нәтижесінде өсіп келе жатқан адамда кейінгі белсенді өндірістік және азаматтық қызмет үшін қажетті және оның дүниетанымы мен адамгершілігінің психологиялық негізі болып табылатын қажетті түрлі сапалар пайда болып, тұрақтайды. Бұл сапалар тиісті қажеттіліктер мен қабілеттіліктерден, ең алдымен өз еңбегін дұрыс ұйымдастырып, қажеттілігінше жетілдіре отырып, еңбекке деген қажеттіліктер мен қабілеттіліктерден көрініп отырады. Мұндай дамыған нормалар мен мұраттардың негізінде ұжымдағы қатынасты құру, өмірлік проблемаларды ақылдылықпен, істі бірлікпен шешудегі қажеттілік және қабілеттілік болады. Қажеттілік жоғарыда айтылғандай, іс-әрекетте ғана іске асады, сондықтан да тәрбие жүйесін мақсатты түрде құру жеке адамдарды қалыптастыруда неғұрлым ықпал жасайтын іс-әрекеттің жетекші типін ұйымдастыруды талап етеді.
Тәрбие тәсілдерінің психологиялық мәні, алдымен, тәрбиешінің алға қойған міндеттерін орындауға жұмыла отырып, баланың тек ықпал жасау объектісі ғана емес, субъектісі де екенін, көп салалы қарым-қатынастардың белсенді қатысушысы екенін түсінуінен туындап жатуы тиіс. Бұл, біріншіден, түрлі жастағы балалар дамуындағы психологиялық ерекшеліктерді, олардың жеке сапаларын, екіншіден, бала енген ұжым ерекшеліктерін, ұжымдық қызметтің сипаты мен мазмұнын, үшіншіден, тәрбие процесінің нақтылы шарттарын ескеруді талап етеді. Түрлі жастағы мектеп оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін ескеру педагогтар мен оқушылардың біртұтас ұжымын құруға, тәрбие процесін мақсатты бағытта ұйымдастырудағы тәрбиеші мен шәкірттердің қарсылықтарын жоюға мүмкіндік береді. Екінші сыныптағы балаларға да, алтыншы сыныптағы жеткіншектерге де, тоғызыншы сыныптағы жасөспірімдерге де бір типте қарайтын ересектердің бұрыс немесе олақ қойылған талаптарының салдарынан мектеп оқушыларының бірқатарының тілазарлығы, мойындамауы, дегенінен қайтпауы, қасарыспалығы туады. Балалардың психологиялық ерекшеліктерін ескерудің нәтижесі олардың тәрбие ықпалына іштей қарсыласуы болып табылады. Ол педагогтардың оқушы шынайы мотивтерді түсінбеуі кезінде оның мінез-құлқының тек сыртқы формаларына ғана мән беруі салдарынан пайда болады. Бұл құбылысты көптеген психологтар «мәнді тосқауыл» деп атайды, ол мектеп оқушысы ересектердің талаптарын қабылдамаған кезде туады, себебі, бұл талаптар сөзсіз әділетті болғанның өзінде де, ол үшін
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz