Көне түркі тілінің лексикалық қоры



1.Сөздердің жалпытүркілік қабаты
2.Сөз және оның мағынасы: көп мағыналылық, омоним, синоним, антонимдер
3. Иран, араб, грек, қытай тілінен неген кірме сөздер
Белгілі бір тілдің бүкіл сөз байлығы, оның сөздік құрамы сол тілдің лексикасы деп аталады. Орхон-Енисей түркілерінің өздеріне сай бай лексикасы болған. Ол қалай болса, солай сөз жиынтықтарынан құрала салған емес, оның әлденеше замандар бойына жинақталып қалыптасуының, баюының өзіндік ерекше заңдары мен тәсілдері бар. Қай елдің болсын, оның сөз-дік қоры, байлығы біріне-бірі қатысты сөздер жүйесінен құралады. Жүйесіз тіл болмайды. Олай болса, Орхон-Енисей ескерткіштері тілінің де белгілі лексикалық жүйесі болғанын аңғарамыз. Сондықтан Орхон-Енисей ескерткіштері тілінің сөздік құрамыньң қалыптасуы, дамуы сол түркі тайпаларының тарихымен тығыз байланысты.
Лексикологияның семасиология, этимология, фразеология: және ономастика сияқты салалары болады. Олар сөзді әр жақтан қарастырады. Семасиология - тілдегі сөз мағынасын, онын. түрлерін қарастырады, этимология — сөздердің шығу төркінін, олардың ең алғашқы мағыналарын, фразеология тілдегі сан алуан сөздердің тіркестерін, ал ономастика заттар мен ұғымдардың белгілі бір сөзбен аталуының себептерін қарастырады. Сонымен, лексика сөз мағынасын, оның түрлерін, оның шығу тегін, тілдегі қарым-қатынасын, аясын, экспрессивтік-стильдік сипаты мен қызметін жан-жақты қарастырады.
Сөз және оның мағынасы.Сөздер — табиғаттағы белгілі бір заттық ұғымның атауы. Ұғымға берілген атау сөз деп аталады. Сөздер дыбыстан құралады. Өйткені біздің тіліміз дыбыстық тіл болып есептеледі. Бірақ тіркесе келген дыбыстар комплексінін бәрі бірдей сөз бола бермейді. Дыбыстық комплекстер белгілі бір затқа, не қүбылысқа атау түрінде бекітілсе ғана ол сөз бола алады. Тілдегі сөз белгілі бір мағынаға ие болады. Мағынасыз сөз болмайды. Сөздің жалпылаушы қасиеті оның ең негізгі ерекшелігі болып табылады. Сондықтан сөздің сыры мен мәні жалпылық пен даралықтың бірлігі арқылы танылады.
Ескерткіштер тіліндегі таш—тас, таг-—тау, ығач — ағаш табиғаттары белгілі заттық ұғымдардың аты, йел — жел, қар — к,ар деген сөздер беллгілі. бір құбылыс ұғымдарының аты, бег — 6ек, қаған —: қаған, сү — әскер ұғымдары—қоғамдық өмірге байланысты сөздер.
Жоғарыда ескерткіштерден келтірілген әр түрлі ұғымды білдіретін сөздер сол кездегі адамдардың бәріне ортақ және түсіінікті болған. Олардың басым көпшілігі қазіргі кездегі түркі тілдерінде өзгеріссіз қолданылып жүр.Ескерткіштер тіліндегі әрбір сөздің өзіне тән мағынасы бар. Өйткені, сөз болған жерде мағына болуы табиғи нәрсе. Сөздің мазмұны — оның берер мағынасы болып есептеледі. Сөздер қазіргі кездегідей: негізгі мағынада және ауыспалы мағынада қолданылған. Сөздің негізгі марынасы зат, құбылыспен тікелей байланысты. Сөздер өзінің қолдану түріне қарай, сөйлемдегі басқа сездердін, аясында тұрып, ауыспалы мағынаға ие бола береді.
Сөздің көп мағыналығы.Ескерткіштерде кейбір сөздер әр түрлі мағынада қолданыла береді. Мұндай сөздер көп мағыналы сөздер деп есептеледі. .

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
6-лекция тақырыбы: Көне түркі тілінің лексикалық қоры
Жоспары:
1.Сөздердің жалпытүркілік қабаты
2.Сөз және оның мағынасы: көп мағыналылық, омоним, синоним, антонимдер
3. Иран, араб, грек, қытай тілінен неген кірме сөздер
Лекция мақсаты: Көне т үркі тілінің лексикалық қоры туралы түсінік қалыптастырып, сөз және оның мағынасы, кірме сөздер туралы теориялық мәлімет беру.
Лекция мәтіні: Белгілі бір тілдің бүкіл сөз байлығы, оның сөздік құрамы сол тілдің лексикасы деп аталады. Орхон-Енисей түркілерінің өздеріне сай бай лексикасы болған. Ол қалай болса, солай сөз жиынтықтарынан құрала салған емес, оның әлденеше замандар бойына жинақталып қалыптасуының, баюының өзіндік ерекше заңдары мен тәсілдері бар. Қай елдің болсын, оның сөз-дік қоры, байлығы біріне-бірі қатысты сөздер жүйесінен құралады. Жүйесіз тіл болмайды. Олай болса, Орхон-Енисей ескерткіштері тілінің де белгілі лексикалық жүйесі болғанын аңғарамыз. Сондықтан Орхон-Енисей ескерткіштері тілінің сөздік құрамыньң қалыптасуы, дамуы сол түркі тайпаларының тарихымен тығыз байланысты.
Лексикологияның семасиология, этимология, фразеология: және ономастика сияқты салалары болады. Олар сөзді әр жақтан қарастырады. Семасиология - тілдегі сөз мағынасын, онын. түрлерін қарастырады, этимология -- сөздердің шығу төркінін, олардың ең алғашқы мағыналарын, фразеология тілдегі сан алуан сөздердің тіркестерін, ал ономастика заттар мен ұғымдардың белгілі бір сөзбен аталуының себептерін қарастырады. Сонымен, лексика сөз мағынасын, оның түрлерін, оның шығу тегін, тілдегі қарым-қатынасын, аясын, экспрессивтік-стильдік сипаты мен қызметін жан-жақты қарастырады.
Сөз және оның мағынасы.Сөздер -- табиғаттағы белгілі бір заттық ұғымның атауы. Ұғымға берілген атау сөз деп аталады. Сөздер дыбыстан құралады. Өйткені біздің тіліміз дыбыстық тіл болып есептеледі. Бірақ тіркесе келген дыбыстар комплексінін бәрі бірдей сөз бола бермейді. Дыбыстық комплекстер белгілі бір затқа, не қүбылысқа атау түрінде бекітілсе ғана ол сөз бола алады. Тілдегі сөз белгілі бір мағынаға ие болады. Мағынасыз сөз болмайды. Сөздің жалпылаушы қасиеті оның ең негізгі ерекшелігі болып табылады. Сондықтан сөздің сыры мен мәні жалпылық пен даралықтың бірлігі арқылы танылады.
Ескерткіштер тіліндегі таш -- тас, таг- -- тау, ығач -- ағаш табиғаттары белгілі заттық ұғымдардың аты, йел -- жел, қар -- к,ар деген сөздер беллгілі. бір құбылыс ұғымдарының аты, бег -- 6ек, қаған -- : қаған, сү -- әскер ұғымдары -- қоғамдық өмірге байланысты сөздер.
Жоғарыда ескерткіштерден келтірілген әр түрлі ұғымды білдіретін сөздер сол кездегі адамдардың бәріне ортақ және түсіінікті болған. Олардың басым көпшілігі қазіргі кездегі түркі тілдерінде өзгеріссіз қолданылып жүр.Ескерткіштер тіліндегі әрбір сөздің өзіне тән мағынасы бар. Өйткені, сөз болған жерде мағына болуы табиғи нәрсе. Сөздің мазмұны -- оның берер мағынасы болып есептеледі. Сөздер қазіргі кездегідей: негізгі мағынада және ауыспалы мағынада қолданылған. Сөздің негізгі марынасы зат, құбылыспен тікелей байланысты. Сөздер өзінің қолдану түріне қарай, сөйлемдегі басқа сездердін, аясында тұрып, ауыспалы мағынаға ие бола береді.
Сөздің көп мағыналығы.Ескерткіштерде кейбір сөздер әр түрлі мағынада қолданыла береді. Мұндай сөздер көп мағыналы сөздер деп есептеледі. .
Ерте кездердің өзінде-ақ белгілері бір-біріне ұқсас әр түрлі заттарды бір сөзбен атаудың нәтижесінде сөздін көп мағыналығы пайда болды. Сөздің көп мағыналылығы тіл атаулының бәріне ортақ құбылыс. Сөздің көп мағыналылығы контексте айқын көрінеді. Мысалы:
көк -- көк (түр-түсті көрсетеді), көк -- аспан,
көк -- көк (шөпті көрсетеді) '
йурт -- йурт -- жер, йурт -- отан, йурт -- ел.
бош -- бош -- бос, бош -- қатты емес, бош. -- бос болу Тілдің сөздік құрамы (лексикасы) сөздердің сан жағынан көбеюі және қосылуы арқылы байып қана қоймайды, олар сонымен бірге сол тілде бар сөздердің мағыналық жақтарының дамуы, оларға жаңа мағына үстелуі арқылы да дамып отырды.
Омонимдер. Ескерткіштер тілінде де дыбысталуы бірдей, бірақ мағыналары әр басқа сөздер кездеседі. Сырттай қарағанымызда сөздің көп мағыналығы мен омонимдер арасында ешқандай өзге-шелік жоқ сияқты болып көрінеді. Бірақ олардың өзіндік айырмалары, өзгешеліктері бар.
Көп мағыналы сөздерден омонимдерді ажыратуға болады. Әр түрлі мағыналардың арасында мағыналық байланыс болса, ол көп мағыналы сөз болады. Егер әр түрлі мағыналардың арасында семантикалық (мағыналық) байланыс болмаса, онда олар омонимдер қатарына жатады. Оның үстіне омонимдер тілде әр түрлі жолдармен жасалады, тарихи даму арқылы, мағынаның дамуы арқылы, дыбыстардың кездейсоқ үйлесуі, мағынаның алшақтауы арқылы т. б.
Сөздер түбір күйінде де, туынды күйінде де омонимдер бола береді. Текстерде түбір сөздерден болған омонимдер өте жиі кездеседі. Олар төмендегідей:
ат -- көлік, ат -- кісінің аты, ат -- етістік
йүз -- сан есім, етістік, зат есім. күн -- планета, уакыт
йаз -- жаз (уақыт), йаз -- жазу (етістік)
йат -- етістік, йат -- бөтен.
Синонимдер.Ескерткіштерде дыбысталуы әр түрлі, бірақ мағыналары бір-біріне жақын синонимдер де кездеседі. Олар төмендегідей:
алп - ер йабыз - йаблақ өрүң - ақ көп - үкүш еб - барқ қамуғ - бары т.б.
Тілде синонимдердің мол болуы сол тілдің сөздік құрамының бай екендігін көрсетеді.
Антонимдер.Ескерткіштерде мағынасы бір-біріне карама-қарсы келетін антоним сөздер де
кездеседі. Бірақ қарама-қарсы мағынада берілетін сөздердің бәрі бірдей антоним бола бермейді. Антоним болу үшін тек мағыналардың қарама-қарсы болуы жеткіліксіз, олардың сонымен қатар түбірлері де әр басқа болуы керек. Ескерткіштер тілінде төмендегідей антонимдер кездеседі.
Антонимдер зат есімнен жасалады:
бай -- чығай, бай -- жарлы
қыш -- йаз, қыс -- жаз
батсық -- тоғсық, батыс -- шығыс
Антонимдер сын, сапаны білдіретін сөздер арқылы жасалады .
қатығ -- йумчақ, қатты -- жұмсақ, йіг -- йаблак, жақсы -- жаман, қары -- йаш, кәрі -- жас арық -- семіз, арық -- семіз, узун -- қысға,ұзын -- қысқа, ач -- тоқ, аш -- тоқ, ақ -- қара, ақ -- қара, қальң -- йуйқа, қалың -- жұқа.
А

Ескерткіштердегі шет тілінен енген сөздер. Ескерткіштерді қолданған түркі тайпалары басқа көптеген халықтармен қоныстас, көршілес болып келді. Осыған орай көне түркі тілдеріне басқа тілдерден көптеген сөздер енді.
Орхон-Енисей жазба ескерткіштері тілінде монғол, соғды, сирия, табғаш, тағы басқа тілдерден енген бірсыпыра сөздер бар.Бір тілден екінші тілге сөз ауысудың өзіндік бірнеше жолдары бар: біріншіден, сөздер бір .тілден екінші тілге сөйлеу тілі арқылы енеді, екіншіден, жазу арқылы енеді. Орхон-Енисей ескерткіштері тілінде де сөздердің ауысуы жоғарыда көрсеткендей екі түрлі жолмен ауысып, байып отырды.
Соғды тілінен ауысқан сөздер: аң -- аң, аңыз -- аңыз, йабыз -- жауыз, бад -- теріс, жаман, өрүң -- ақ, баз -- бейбітшілік, йалабач -- елші , шад -- шад, йат -- жат, чынтан -- саңдал (ағаштың бір түрі), йут -- жұт, барқ -- жай, сарай, йазуқ -- жазық, т. б.
Табғаш тілінен енген сөздер: қунчуй -- бикеш, қуй -- күйме (арбаньщ бір түрі), сеңүн -- әскери қолбасшы, Чача сеңүн -- кісі аты , табғаш -- табғаш т. б.
Санскрит, сирия тілдерінен ауысқан сөздер: мар -- ұстаз, оқытушы
Жоғарыда керсетілген сөздерден басқа да өзге тілдерден енген сөздер кездеседі. Бірақ олардьң саны ескерткіштерде онша көп емес.
VI -- VIII ғасырдағы Орхон-Енисей, Орта Азия, түркі тілдерінде араб-парсы тілдерінен ауысқан сөздер жоқтың қасы. Өйткені ол кездері түркі тайпалары ол елдермен қарьм-қатынаста болмаған еді.Ескерткіштер тілінде кездесетін сөздерге назар салсақ, оның 90 проценттен көбірегі түркі тілдеріне ортақ, байырғы сөз болып келеді.
Ескерткіштегі көнерген сөздер. Қай халықтың тілі болса да оньң лексикалық кұрамы өндіріспен тікелей байланысты. Тіл қоғамдық құбылыс болғандықтан, қоғам өмірінде болған әртүрлі езгерістер тілге де өз әсерін тигізеді. Кейбір сөздер қолданудан шығып жатса, енді бір сөздер жаңа мағынаға ие болып жатады.Ескерткіштер тілінде бір кезде қолданып, келе-келе ескіре бастаған сөздер де кездеседі.Мысалы: айағ -- құрмет, анчула -- бекіту, атақ беру, баз -- бейбітшілік, бітіг -- жазу, йалабач -- елші,
йумғы -- жинақты,
йонт -- жылқы т.б.
ө0
Ескерткіштегі тұрақты сөз тіркестері. Ескерткіштегі сөз тіркестері екі түрлі. Олар: І) Тұрақты сөз тіркестері. 2) Еркін сөз тіркестері.
Еркін тіркестегі сездердің мағыналары өз ішіндегі сездермен тікелей байланыста болып, әрқайсысы өз алдына дербес сөйлем мүшесі бола алады.
Тұрақты сөз тіркестері бірімен-бірі ажырамайтын, бір бүтін түрінде келетін тіркестер. Олар белгілі бір ұғымды бірнеше сөзбен білдіреді және олар сөйлемде бір мүше болып қызмет атқарады. Мұндай тұрақты сөз тіркестері де ескерткіште кездеседі: Көрүр көзім көрместег болты, білір білігім білместег болты. -- Көрер көзім көрместей болды, білер, білігім , білместей болды.

7-лекция тақырыбы: Көне түркі тіліндегі есім сөз таптары. Зат есім және оның грамматикалық категориялары
Жоспары:
1.Көптік категориясы
2. Тәуелдік категориясы
3. Септік категориясы
4. Жіктік категориясы
5. Зат есімдердің жасалуы
Лекция мақсаты: Зат есім және оның грамматикалық категориялары жөнінде мағлумат беріп, көне түркі тіліндегі жалғаулар мен қазақ тіліндегі жалғаулардың сабақтастығын сөз ету.
Лекция мәтіні: Әрбір тілдің тарихи дамуына сәйкес сөз жасау, сөз өзгерту, сөйлем жасауда қолданылған ерекшеліктері болады. Сол ерекшеліктер негізінде тілдің белгілі грамматикалық құрылысы қалыптасып, жетіледі. Тілдің грамматикалық құрылысын морфология мен синтаксис тексереді. Морфология мен синтаксистің бірлігінен тіл білімінің ең басты бір саласы -- грамматика жасалады. Грамматиканың ең негізгі бір саласы -- морфология. Морфология грекше форма және білім деген екі сөзден құралады.
Морфологияның негізгі зерттеу объектісі сөз және оның құрылысы. Бірақ морфология тек сөз формаларын зерттеумен ғана шектелмейді, ол сонымен қатар сөз формаларын және сол формалардың өзгерістерін, сөздің құрылымын, сондай-ақ сөздердің лексика-грамматикалық түрлерін, сөз топтарын қарастырады. Сондықтан морфология, бір сөзбен айтқанда, сөз және оның формаларын тексеретін ілім.
Морфология тіл білімінің басқа тарауларымен де тығыз байланысты. Мұндай байланысты ең алдымен синтаксистен байқауаға болады. Морфология сөздің септік аффикстері мен оны білдіретін формаларды үйретеді. Бұл формалар сөйлем ішінде өзара бірімен-бірі тіркесу арқылы қарым-қатынасқа түскенде қолданылады. Сейлем және оның құрамындағы сөздердін, өзара байланысын синтаксис қарастырады. Сөздердің септік аффикстерінің түрленуін морфология қарастырса, ал осы септік аффикстерінің сейлем ішінде өзара байланысын синтаксис тексереді.
Морфология тілдің лексика саласымен де тығыз байланысты. Біріншіден, морфологияның да, лексиканың да қарастыратын объектісі -- сөз, екіншіден, әрбір сөзде лексикалық та, морфологиялық та мағына болады. Өйткені әрбір сөз белгілі грамматикалық формада қолданылады. Ескерткіштерде кездесетін оғул, қыз, ақ, қара, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөзжасамдық мағына - сөзжасамдық үдерісте қалыптасқан туынды мағына
Табу және эвфемизмдер жайлы
Көне түркі сөздік құрамының қалыптасуының түркі тайпалалары мен байланыстылығы
Қазақ және түрік әйел антропонимиясы
ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛ ТАРИХЫНДА СӨЗ ЖАСАУ ҮДЕРІСІ
Жергілікті диалектілер және оларды зерттеудің маңызы
Сөзжасамдық тәсілдердің бөлінісі
Сөздіктің элементтері мен параметрлері және тарихи сөздіктер
Ескі қыпшақ жазба ескерткіштері тіліндегі шылау сөздердің қолданысы
Н. А. Баскаков классификациясы. Түркі тілдерінің батыс және шығыс хұн саласы, оған кіретін негізгі тілдерге шолу жасау
Пәндер