Қазақ - Қырғыз саяси байланыстарының тарихы (ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың бас кезі )



КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. «ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ.қырғыз саяси байланыстары мәселесінің теориялық. методологиялық негіздемесі, тарихнамасы мен дерек көздері»
2. «ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ.қырғыз байланыстары»
3. «Патшалық Ресейдің ХІХ ғасырдың 50.60 жылдарындағы экспансиялық саясаты кезіндегі қазақ.қырғыз қарым.қатынасы»
4. «ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басындағы азаттық қозғалыстағы қазақ.қырғыз байланыстары»
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақ халқының тарихы көршілес елдердің, соның ішінде бауырлас қырғыздардың тарихымен тығыз байланысты. Зерттеу жұмысында ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезі аралығындағы қазақ-қырғыз саяси байланыстарының тарихы талданып, екі халықтың саяси байланыстары үрдісінің даму барысы, Абылай ханның қырғыздарға байланысты ұстанған саясаты, Қоқан хандығы үстемдігі мен патшалық Ресейдің отаршылдық саясатының қазақ-қырғыз саяси байланыстарына ықпалы дәрежесі, Кенесары ханның қырғызға жорығы, екі халықтың мәмілегерлік келісімдері, патшалық Ресейдің экспансиялық саясатына қарсыластық тұсындағы және азаттық қозғалыстағы қазақтар мен қырғыздардың өзара байланыстары мәселелері қарастырылады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Кез келген мемлекеттің негізгі тірегі және басты байлығы сол елді құраған халқы болып табылады. Ал сол халықтың алға қарай адымдап дамуында тарих ғылымының алар орны ерекше. Себебі, тарих халықтың өзін-өзі тануына жәрдемдесіп, ұлттық намыс, ел бірлігі және мемлекеттік мүдде деген ұғымдарды қастерлеуге, ұлттық құндылықтарды сақтауға үйретеді. Ұлттың шынайы тарихы ұлттық идеологияның қалыптасуының да негізгі қайнар көзін құрайды. Сондықтан тарихи білім беруге үздіксіз көңіл бөлінуі қажет.
Қазақ халқы ғана емес, бүкіл түркі жұртын тарихи тамырсыз етіп көрсетуге тырысқан кеңестік тарихнама төл тарихымыздан көз жазып қалуға соқтырды. Қазақстанның тәуелсіздік алып, егемендікке жетуі халқымыздың ұлттық сана-сезімін оятып, өткен дәуірлердегі бабаларымыздың еліміздің тарихында алар орнын, алыс-жақын елдермен байланыстарындағы ұстанған ұстанымдарын білуге деген ерекше талпынысты тудырды.
Тарихи жадтың қайта жаңғыруы еліміздің тарихшыларына тәуелсіз Қазақстанның шынайы тарихын жазып, соның негізінде тарихи сананы қалпына келтіру міндетін жүктеді. Қазіргі таңда еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев дұрыс атап көрсеткеніндей, «тоталитаризмнің психологиялық зардаптарынан арылу біздің болашақты жобалауымыз үшін ғана емес, өткенді жаңаша түсіндіру үшін де қажет» [1, 231-б.]. Өткенді жаңаша түсіндіруде, қазақ халқының шынайы тарихын қалыптастыруда қазақ-қырғыз саяси байланыстары тарихын зерттеудің де маңызы зор. Қазақ халқы өзінің тарихи даму үрдісінде Орталық Азиядағы бауырлас, көрші халықтармен, солардың арасында қырғыздармен де үнемі этносаяси байланыста болды. Бұл байланыстың шынайылығы мен беріктігін екі ел даналары қалдырған «қазақ пен қырғыз бір туған» деген нақыл сөздер де растай түседі.
1 Назарбаев Н. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 1999. – 296 б.
2 Конрад В.И. Запад и Восток. – М.: Главная редакция восточной литературы, 1972. – 496 с.
3 Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей / Под общ. ред. акад. М.К. Козыбаева. – Алматы: Санат, 1996. – 656 с.
4 Янушкевич А. Қазақ даласына сапар туралы жазбалар / Аударған Ғ. Зұлхаров. – Астана: Аударма, 2003. – 264 б.
5 Записка действительного члена Географического общества П.П. Семенова // Бабков И.Ф. Воспоминание о моей службе в Сибири. 1859-1875 г. Разграничение с Западным Китаем 1869 г. - В 3 кн. – СПб.: Тип. В.О. Кришбаума, 1912. - Кн. 3. – 575 с.
6 Валиханов Ч.Ч. Записки о киргизах // Собр. Соч. – В 5 т. – Алма-Ата: Қазақ Совет энциклопедиясы, 1985. - Т. 2. – С. 7-82.
7 Валиханов Ч.Ч. Записка о Коканском ханстве // Собр. Соч. – В 5 т. – Алма-Ата: Қазақ Совет энциклопедиясы, 1985. - Т. 3. – С. 314-324.
8 Пичугин П. Вторжение коканцевь в Алатавский округ в 1860 году // ВС.
- 1872. - № 5-6. – С. 5-41.
9 Аристов Н.А. Усуни и кыргызы или кара кыргызы: Очерки истории быта населения Западного Тянь-Шаня и исследования по его исторической географии. – Бишкек: Илим, 2001. – 582 с.
10 Кенесарыұлы А. Кенесары және Сыздық сұлтандар. – Алматы: Жалын, 1992. – 48 б.
11 Калкан М. ХІV кылымдын экинчи жарымынан ХVІ кылымнын аягына чейин кыргыз, казак урууларынын этникалык байланыштары: тарых илим. канд. ... автореф. – Бишкек, 2003. – 23 б.
12 Солтоноев Б. Кызыл кыргыз тарыхы. – Бишкек: Учкун, 1993. - 1- китап. – 208 б.
13 Солтоноев Б. Кызыл кыргыз тарыхы. – Бишкек: Учкун, 1993. - 2-китап. – 224 б.
14 Бекмаханов Е. Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында. – Алматы: Санат, 1994. – 416 б.
15 Дискуссия по книге Е.Б. Бекмаханова «Казахстан в 20-40 годы ХІХ века» / Стенограмма: июль 1948 года. – Алматы: Журнал информационные технологии в Казахстане, 2000. – 185 с.
16 Мажитов С.Ф. Проблемы истории, теории и историографии народно-освободительного движения ХVІІІ – начала ХХ вв. в Казахстане. – Алматы: Мектеп, 2007. – 350 с.
17 Джамгерчинов Б. Очерк политической истории Киргизии ХІХ века. – Фрунзе: Илим, 1966. – 189 с.
18 Гуревич Б.П. Международные отношения в Центральной Азии в ХVІІІ – первой половине ХІХ в. – М.: Наука, 1983. – 309 с.
19 Кузнецов В.С. Цинская империя на рубежах Центральной Азии. – Новосибирск: Наука. Сибирское отделение, 1983. – 124 с.
20 Взаимосвязи киргизского народа с народами России, Средней Азии и Казахстана (конец ХVІІІ – ХІХ в.в.). – Фрунзе: Илим, 1985. – 221 с.
21 Дулатова Д.И. Историография казахско-киргизских взаимоотношений (ХІХ – нач. ХХ вв.) // Братское сотрудничество, взаимопомощь народов СССР (Историография, источники) / Сост. С.А. Куандыкова. – Целиноград: МГП Аль-Фараби, 1992. – 225 с.
22 Молдокасымов К.С. ХІХ кылымдын экинчи жарымы – ХХ кылымдын башындагы кыргыз-өзбек элдеринин тарыхый байланышынын өнүгүшү: тарых илим. канд. ... автореф. – Бишкек, 1994. – 25 б.
23 Мадуанов С. Взаимоотношения казахов с другими соседними народами Центральной Азии в ХVІІІ – начале ХХ вв. (политические и социально-экономические аспекты). – Алматы: Білім, 1995. – 274 с.
24 Сапаралиев Д.Б. Взаимоотношения кыргызского народа с русским и соседними народами в ХVІІІ в. – Бишкек: Илим, 1995. – 152 с.
25 Абдиров М. Завоевание Казахстана царской Россией (из истории военно-казачьей колонизации края в конце ХVІ – начале ХХ века). – Астана: Елорда, 2000. – 299 с.
26 Зиёев Х. Туркистонда Россия тажовузи ва хукмронлигига қарши кураш (ХVІІІ – ХХ аср бошлари). – Тошкент: Шарқ, 1998. – 478 б.
27 Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. – Алматы: Ататек, 1995. – 256 б.
28 Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы: Санат, 1995. – 368 б.
29 Курманов З.К. Политическая борьба в Кыргызстане: 20-е годы. – Бишкек: Илим, 1997. – 292 с.
30 Асанов Т.И. Кыргыздардын этносаяси түзүлүшүнүн жана тарыхый
байланыштарынын санжырада чагылдырылышы: тарых илим. канд. ... автореф. – Бишкек, 2000. – 23 б.
31 Турганбаев Э. ХVІІІ к. экинчи жарымындагы казак-кыргыз мамилелери –
тарых барактарында // Алымбектин санжырасы (Абылай хандын доорундагы кыргыз-казак мамилеси. ХVІІІ кылымдын окуялары) / Басууга даярдаган жана комментарий жасаган Э. Турганбаев. – Бишкек: Гүлчынар, 2007. – 111-142-бб.
32 Касымбаев Ж. Последний поход хана Кенесары и его гибель (декабрь
1846 – апрель 1847 г.г.). – Алматы: Ана тілі, 2002. – 200 с.;
33 Усенбаев К.У. Ормон хан. – Бишкек: Алл-Пресс, 1999. – 104 б.
34 Кененсариев Т. Кыргызстандын Орусияга каратылышы. – Бишкек: Кыргызстан, 1997. – 360 б.
35 Жанатаева У.К. Экономические и культурные взаимоотношения казахов и кыргызов во второй половине ХІХ – начале ХХ веков (по материалам Семиреченской области): автореф. ... канд. истор. наук. – Алма-Ата, 1994. –27 с.
36 Мұқаметқанұлы Н. ХVІІІ – ХХ ғасырдағы қазақ-қытай байланыстары (ХVІІІ ғасырдың 2-жартысы – ХХ ғасырдың басы). Көмекші оқу құралы. – Алматы: Санат, 1996. – 128 б.
37 Мұқтар Ә. Тарих тұңғиығындағы тұлғалар (ХVІІІ – ХІХ ғғ.). Ғылыми мақалалар жинағы. – Алматы: Арыс, 2008. – 240 б.
38 Өмүрбеков Т.Н. Улуу инсандардын Кыргызстандын тарыхындагы ролу жана орду (ХІХ кылымдын ортосу – ХХ кылымдын башы). – Бишкек: Бийиктик, 2003. – 288 б.
39 Жәңгіров Ш. Абылай ханның тарихы туралы // ҚР БҒМ ОҒКҚҚ. – 888-бума. -2-3-дәптер. – 179-421- пп.
40 Алымбеков Т. Кыргыз урууларынын чыгышы // ҚырРҰҒАҚҚ. – Инв. № 364(10). – 28 п.
41 Абдырахманов Ы. Кыргыз, казак окуясы // ҚырР ҰҒАҚҚ. – Инв. № 516/ 269. – 82 п.
42 Степняк. Материалы к истории султана Кенесары Касымова (воспоминания кара-киргиза Калигуллы Алибекова о последних днях Кенесары) // Бөкейхан Ә. Таңдамалы. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1995. – С. 77-83.
43 Досмұхамедов Х. Аламан / Құрастырған Ғ. Әнесов және т.б. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 176 б.
44 ҚРОММ. 374-қ., 1-т., 2920-іс.
45 РФ ООММ. 366-қ., 1-т., 236-іс.
46 ӨРОММ. И-715-қ., 1-т., 27-іс.
47 ҚырРОММ. 1283-қ., 1-т., 79-іс.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ - қырғыз саяси байланыстарының тарихы (ХVІІІ ғасырдың екінші
жартысы – ХХ ғасырдың бас кезі )
Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақ халқының тарихы көршілес елдердің,
соның ішінде бауырлас қырғыздардың тарихымен тығыз байланысты. Зерттеу
жұмысында ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезі
аралығындағы қазақ-қырғыз саяси байланыстарының тарихы талданып, екі
халықтың саяси байланыстары үрдісінің даму барысы, Абылай ханның
қырғыздарға байланысты ұстанған саясаты, Қоқан хандығы үстемдігі мен
патшалық Ресейдің отаршылдық саясатының қазақ-қырғыз саяси байланыстарына
ықпалы дәрежесі, Кенесары ханның қырғызға жорығы, екі халықтың мәмілегерлік
келісімдері, патшалық Ресейдің экспансиялық саясатына қарсыластық тұсындағы
және азаттық қозғалыстағы қазақтар мен қырғыздардың өзара байланыстары
мәселелері қарастырылады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Кез келген мемлекеттің негізгі тірегі
және басты байлығы сол елді құраған халқы болып табылады. Ал сол халықтың
алға қарай адымдап дамуында тарих ғылымының алар орны ерекше. Себебі,
тарих халықтың өзін-өзі тануына жәрдемдесіп, ұлттық намыс, ел бірлігі және
мемлекеттік мүдде деген ұғымдарды қастерлеуге, ұлттық құндылықтарды
сақтауға үйретеді. Ұлттың шынайы тарихы ұлттық идеологияның қалыптасуының
да негізгі қайнар көзін құрайды. Сондықтан тарихи білім беруге үздіксіз
көңіл бөлінуі қажет.
Қазақ халқы ғана емес, бүкіл түркі жұртын тарихи тамырсыз етіп
көрсетуге тырысқан кеңестік тарихнама төл тарихымыздан көз жазып қалуға
соқтырды. Қазақстанның тәуелсіздік алып, егемендікке жетуі халқымыздың
ұлттық сана-сезімін оятып, өткен дәуірлердегі бабаларымыздың еліміздің
тарихында алар орнын, алыс-жақын елдермен байланыстарындағы ұстанған
ұстанымдарын білуге деген ерекше талпынысты тудырды.
Тарихи жадтың қайта жаңғыруы еліміздің тарихшыларына тәуелсіз
Қазақстанның шынайы тарихын жазып, соның негізінде тарихи сананы қалпына
келтіру міндетін жүктеді. Қазіргі таңда еліміздің Президенті
Н.Ә. Назарбаев дұрыс атап көрсеткеніндей, тоталитаризмнің психологиялық
зардаптарынан арылу біздің болашақты жобалауымыз үшін ғана емес, өткенді
жаңаша түсіндіру үшін де қажет [1, 231-б.]. Өткенді жаңаша түсіндіруде,
қазақ халқының шынайы тарихын қалыптастыруда қазақ-қырғыз саяси
байланыстары тарихын зерттеудің де маңызы зор. Қазақ халқы өзінің тарихи
даму үрдісінде Орталық Азиядағы бауырлас, көрші халықтармен, солардың
арасында қырғыздармен де үнемі этносаяси байланыста болды. Бұл байланыстың
шынайылығы мен беріктігін екі ел даналары қалдырған қазақ пен қырғыз бір
туған деген нақыл сөздер де растай түседі. Әр халықтың тарихы әрқашан
көршілерінің тарихымен тығыз байланысты. Бұл байланыс, әрине, өзінің
сипаты, қарқындылығы және ауқымы жағынан әртүрлі болуы мүмкін, бірақ ылғи
да болады, – деп жазды белгілі шығыстанушы-ғалым Н.И. Конрад. – Сондықтан
халықтардың тарихында тарихи өмірдің ортақтығынан шыққан факторлар әрекет
етеді. Мұндай ортақтық өлкелік сипатта, яғни бірнеше көршілес елді қамтуы
мүмкін, не болмаса одан да ауқымды болып, бірнеше елдердің тобын қамтуы
ықтимал [2, с. 17].
Қазақтар мен қырғыздардың саяси байланыстары өзінің бастауын өткен
ғасырлар қойнауынан алады. Олардың күні бүгінге дейін жалғасқан өзара
байланысының негізін түркілік шығу тегі, ортақ діні, тілі мен діліндегі,
әдет-ғұрыптарындағы ұқсастықтар да нығайта түсті.
Екі халықтың саяси байланыстарының тарихында ХVІІІ ғасырдың екінші
жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезі күрделі кезең екені белгілі. Осы тарихи
кезеңдегі Абылай ханның қырғызға жорығының себептері мен нәтижелері, екі
халықтың байланыстарына Қоқан хандығының ықпал ету дәрежесі, патшалық
Ресейдің жаулаушылық саясаты барысындағы екі халықтың өзара байланыстарының
өрбуі, отаршылдыққа қарсы күресте қазақтар мен қырғыздардың бірлікке
ұмтылуы, қазақ және қырғыз ұлттық саяси элитасы өкілдерінің азаттық
қозғалыстағы байланыстары арнайы зерттеуді қажет етеді. Тарихи тағдыры
ұқсас екі ел азаттық, тәуелсіздік жолында талай азапты жолды бірге бастан
кешті. Қазақ-қырғыз байланыстары тарихының саяси астарларын зерттеу, оның
ақтаңдақ беттерін айқындау екі елдің тарихи тағдырының ортақ тұстарын
көрсетумен қатар, тарихи танымды тереңдете түседі.
Қазақ және қырғыз халықтарының саяси байланыстары тарихын зерттеу
Қазақстан мен Қырғызстан арасында 1997 жылы 8 сәуірде жасалған Мәңгілік
достық туралы шарттың және 2003 жылы 25 желтоқсанда жасалған Одақтастық
қатынастар туралы шарттың маңызын тереңірек түсінуге, қазіргі мемлекеттік
геосаясаттың мүддесі мен мәнін ұғынуға да көмектеседі. Осы шарттар бойынша
өзара қарым-қатынасты бір-бірінің тәуелсіздігін сыйлау, тең құқықтық және
бір-бірінің ішкі істеріне араласпау принциптері негізінде дамыту келісілді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Тарих толқынында атты
кітабында орталықазиялық халықтардың өзара байланыстарының, соның ішінде
қазақ-қырғыз байланыстарының бейбіт арнада жүруінің маңызын ерекше атап
көрсетті. Онда: Орталық Азия елдерінің арасында қақтығыстарды болдырмайтын
шаралардың жиынтығын біз қазірдің өзінде жасауымыз керек. Қазақстан,
Өзбекстан, Қырғызстан араларында жасалған Мәңгілік достық туралы шарт бұл
үшін игілікті негіз бола алады, сондықтан, біз оны нақты іс жүзіне асыру
жолында жұмыс істеуге тиіспіз. Ортаазиялық интеграция үшін, ортақ тарихы,
мәдениеті, тілі, діні бар халық ретінде біздің мемлекеттерімізді болашақта
жақындастыру үшін Қазақстанның, Өзбекстанның, Қырғызстанның, қазақ, өзбек
және қырғыз халықтарының өзара қатынастары өте-мөте маңызды болмақ [1, 268-
269-бб.], – делінген.
ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ және
қырғыз халықтарының саяси байланыстарының тарихын танып білу өткеннен
сабақ алып, болашақты дұрыс болжауға да септігін тигізеді. Сондай-ақ
аталмыш мәселені зерттеу Қазақстан тарихының жаңа заман дәуіріндегі
ерекшеліктерінің қыр-сырын терең түсінуге жол аша түседі. Мұның өзі
мәселенің ғылыми өзектілігін аңғартып, оны зерттеудің практикалық және
ғылыми сұранысқа ие екендігін білдіреді.
Зерттеу жұмысының методологиялық негіздері. Диссертациялық жұмыстың
теориялық-методологиялық негізін тарих, философия және т.б. қоғамдық
ғылымдардың қалыптастырған жаңа бағыттағы ғылыми тұжырымдары құрады.
Сонымен бірге тарихтың теориялық-методологиялық мәселелерін зерттеуші
шетелдік және отандық жетекші ғалымдардың еңбектеріндегі қарастырылып
отырған тақырыпты жаңа көзқарас тұрғысынан жазуға мүмкіндік беретін ой-
пікірлері басшылыққа алынды. Соның нәтижесінде ХVІІІ ғасырдың екінші
жартысы мен ХХ ғасыр басындағы қазақ-қырғыз саяси байланыстары тарихын
зерттеу өркениеттілік ұстаным, тарихилық принцип пен гуманизм,
ынтымақтастық және мәдени-тарихи тұжырымдамалары аясында жүргізілді.
Зерттеу жұмысын жүргізуде анализ, синтез, ретроспективалық,
салыстырмалы-тарихи және сипаттап баяндау әдістері қолданылды. Осы әдістер
негізінде жасалынған тұжырымдар мен қорытындылардың өзара логикалық тұрғыда
үйлесімді болуы басты назарда ұсталды.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы
мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ-қырғыз саяси байланыстарын мұрағат
құжаттары мен фольклорлық материалдарды дерек ретінде кеңінен ғылыми
айналымға тарта отырып зерттеу, оны объективті түрде ашып көрсету
диссертацияда басты мақсат етіліп қойылды. Осыған орай мынадай міндеттерді
шешу назарға алынды:
- қазақ-қырғыз саяси байланыстарының ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы
мен ХХ ғасырдың басында өрбуінің тарихнамасын және теориялық-методологиялық
мәселелері мен деректік негіздерін қарастыру;
- Жоңғар хандығы құлағаннан соң қалыптасқан геосаяси ахуал жағдайында
қазақ-қырғыз байланыстарының өрбу ерекшеліктерін, Абылай ханның қырғыздарға
байланысты ұстанған саясатын, Жайыл қырғыны оқиғасының себептері мен
нәтижесін айқындау;
- Қоқан хандығы үстемдігі мен патшалық Ресейдің әскери-отаршылдық
ұстанымының қазақ-қырғыз байланыстарына ықпал ету дәрежесін ашып көрсету;
- Кенесары ханның қырғызға жорығының себебін, жорықтың ұйымдастырылуы мен
салдарына, сондай-ақ жорықтан кейінгі қазақ-қырғыз мәмілегерлік
келісімдеріне ғылыми баға беру:
- патшалық Ресейдің Жетісу өңіріндегі экспансиялық саясатына қазақтар мен
қырғыздардың бірлесе қарсылық көрсетуінің себептерін түсіндіру;
- Қазақстанның оңтүстік өңірінің патшалық Ресей тарапынан жаулануына қарсы
күрестегі қазақ-қырғыз байланысын зерделеу;
- отаршылдық саясатқа қарсыластықтағы қазақ-қырғыз байланыстарын нақтылы
мәліметтер негізінде баяндау;
- қазақ және қырғыз ұлттық саяси элитасы өкілдерінің ХХ ғасыр басындағы
азаттық қозғалыста өзара ынтымақтастыққа талпынғанын ғылыми тұрғыда
негіздеу;
- 1916 жылғы көтеріліс тұсында қазақ және қырғыз халықтарының арасында орын
алған байланыстарға талдау жасау;
-1917 жылғы саяси өзгерістер жағдайында қазақ-қырғыз саяси элитасы
өкілдерінің ұлттық мүддені бірлесе қорғау жолында жасаған әрекеттерін
ғылыми саралау.
Зерттеу жұмысының нысаны – қазақ-қырғыз саяси байланыстарының ХVІІІ
ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезі аралығындағы даму
үрдісін қарастыру.
Зерттеу жұмысының пәні – ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ
ғасырдың бас кезі аралығындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі
ерекшеліктерді аңғаруға өз септігін тигізетіндіктен сол тарихи кезеңдегі
қазақ-қырғыз саяси байланыстарына тарихи талдау жасау.
Зерттеу жұмысының хронологиялық шегі. Зерттеу жұмысының хронологиялық
шегі ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезін қамтиды. Осы
аралықтағы қазақ-қырғыз саяси байланыстарының тарихын ХVІІІ ғасырдың екінші
жартысынан ХІХ ғасырдың ортасына дейінгі, патшалық Ресейдің ХІХ ғасырдың
екінші жартысынан кейінгі экспансиялық саясаты тұсындағы және ХІХ ғасырдың
соңы мен ХХ ғасыр басындағы кезең деп үшке бөліп қарастыруға болады деуге
негіз бар. Алғашқы кезеңде екі халықтың өзара байланыстары шиеленісті
жүруімен ерекшеленсе, одан кейінгі кезеңдерде қазақтар мен қырғыздардың
азаттық күресінде мүдделер тоғысы, ұлттық мүддені бірлесе қорғау жолындағы
әрекеттері көрініс тапты.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Кең көлемдегі деректік материалдар
негізінде ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ-
қырғыз саяси байланыстарының тарихы тұтастай қарастырылуы зерттеу жұмысының
негізгі жаңалығы болып табылады. Нақтылай айтқанда, диссертацияда
төмендегідей жаңалықтар бар:
- ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ-
қырғыз саяси байланыстарының тарихнамасы сараланып, мәселенің теориялық-
методологиялық негіздемесі мен деректік негізіне талдау жасалынған;
- ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында қазақ-қырғыз саяси байланыстарының
шиеленісті жүруінің себептері айқындалып, Абылай ханның қырғыздарға
байланысты ұстанған саясатына объективті ғылыми баға берілген;
- ХVІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың бірінші жартысы аралығындағы
қазақ-қырғыз саяси байланыстарына Қоқан хандығының үстемдігі мен патшалық
Ресейдің әскери-отаршылдық ұстанымының ықпал етуі деңгейі айқындалған;
- патшалық Ресейдің жаулаушылық саясатына қарсы күреске Кенесары
ханның қырғыздарды да тартуды көздегені, оның мұндай ұстанымына қырғыз
билеушілерінің қолдау танытпай, ақыры екі халық арасында қанды оқиғалар
орын алғаны бұрындары ғылыми айналымға тартыла қоймаған деректік
материалдар негізінде баяндалып, қазақ-қырғыз қақтығыстарынан кейінгі өзара
мәмілегерлік келісімдердегі Бопай Қасымқызының, Тезек төренің, Сүйінбай
ақынның, Бөлтірік шешеннің рөлі ашылып көрсетілген;
- патшалық Ресейдің Жетісуға экспансиясына қарсы күреске Тойшыбек
Қасаболатұлы, Диқанбай Қапсалаңұлы, Сұраншы Ақынбекұлы, Сыздық Кенесарыұлы
секілді қазақ қайраткерлерімен бірге Орман Ниязбекұлы, Жаңғараш Есқожаұлы,
Шабдан Жантайұлы секілді қырғыз қайраткерлерінің тартылу себептері
зерделенген;
- қазақтар мен қырғыздардың қоқандықтар жағында Қазақстанның оңтүстік
өңірін орыс жаулаушыларынан қорғауға атсалысуы жаңа көзқарас тұрғысынан
пайымдалған;
- патшалық Ресейдің отаршылдық саясатына ХІХ ғасырдың 70-90
жылдарындағы қарсыластық барысында орын алған қазақ-қырғыз байланысына
Шығыс Түркістандағы Жақыпбек Бадаулет мемлекетінің және 1898 жылғы Әндіжан
көтерілісінің ықпалы талданып, осы байланыстағы Саурық Алпарұлы, Тазабек
Пұсырманұлы, Мамыр Мергенұлы, Балбай Есқожаұлы секілді т.б. қазақ-қырғыз
қайраткерлерінің орны ғылыми тұрғыдан сараланған;
- бірінші орыс революциясы тұсында Жетісу облысы қазақ-қырғыздары мен
Әулиеата уезі қазақ-қырғыздарының орталық билік орындарына бірлесе петиция
жолдауы, қазақ-қырғыз қайраткерлерінің 1910 жылы өткізген Ұзынағаш съезі,
М. Дулатовтың Оян, қазағының, Айқап журналы мен Қазақ газетінің
қырғыздар арасына таралуы ХХ ғасыр басындағы азаттық қозғалыстағы екі
халықтың өзара байланысының көріністері ретінде бағаланған;
- 1916 жылы көтеріліске шыққан қазақтар мен қырғыздар арасында өзара
байланыс орнатуға деген талпыныстың екпін алуы, сондай-ақ мұндай
байланыстың Жетісу өңірінде орнағаны нақтылы мәліметтермен негізделген;
- 1917 жылғы ақпан революциясынан кейін қалыптасқан саяси ахуал
жағдайында Жетісу облыстық қазақ-қырғыз съезінің және Түркістан өлкесі
қазақ-қырғыздарының жалпы съезінің өткізілуі қазақ-қырғыз саяси элитасы
өкілдерінің ұлттық мүддені бірлесе қорғау бағытында ұйымдастырылған іс-шара
екендігі негізделіп, Д. Сауранбаев, Ә. Сыдықов, И. Арабаев секілді т.б.
қырғыз қайраткерлерінің Алаш қозғалысына тартылуы ашылып көрсетілген.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар. ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы
мен ХХ ғасыр басындағы қазақ-қырғыз саяси байланыстарын зерттеу нәтижесінде
қорғауға мынандай тұжырымдар ұсынылады:
- ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында қазақ-қырғыз саяси
байланыстарының шиеленісті жүруінің астарында іргелес қоныстанған қазақтар
мен қырғыздар арасында жайылым үшін таластың және барымтаның өрістеуі
жатты, бұл өз кезегінде Абылай ханның қырғыздарға жорыққа аттануына түрткі
болып, Жайыл қырғыны оқиғасына әкеліп соқтырды;
- патшалық Ресей өзінің әскери-отаршылдық ұстанымына орай Жетісу
өңіріне иелік етудің ең тиімді жолы қазақтар мен қырғыздардың қарым-
қатынасын шиеленістіре түсу керек деп санап, осы бағыттағы шараларды жүзеге
асыруға тырысты;
- Кенесары хан патшалық Ресейдің жаулаушылық саясатына қарсы күресте
қырғыздармен күш біріктіру қажет деп санады, ол өзінің мұндай ұстанымы
қырғыз билеушілері тарапынан қабылданбағандықтан қырғыздарға жорыққа
аттанып, қантөгісті оқиғаларға жол берілді. Дегенмен, Кенесары хан
жаулаушылыққа қарсы күресте бауырлас халықтардың бірлігін паш етті;
- Кенесары ханның қырғызға жорығынан кейін қазақтар мен қырғыздар
өзара мәмілегерлік келісімдерге қол жеткізіп, ортақ жауға қарсы бірлесе
әрекет етуге талпынды;
- патшалық Ресейдің ХІХ ғасырдың 50-60 жылдарындағы экспансиялық
саясаты барысында қазақтар мен қырғыздар арасында қоқандықтармен бірлесе
қимыл көрсетуге деген талпыныс күш алды;
- ХІХ ғасырдың 70-90 жылдарындағы отаршылдық саясатқа қарсылық
танытуда қазақтар мен қырғыздар арасындағы байланыстың орнығуына Шығыс
Түркістандағы Жақыпбек Бадаулет мемлекетінің құрылуы мен 1989 жылғы Әндіжан
көтерілісі елеулі ықпалын тигізді;
- бірінші орыс революциясы тұсында қазақтар мен қырғыздардың орталық
билік орындарына бірлесе жолдаған петициялары, 1910 жылғы Ұзынағаш съезі
секілді т.б. іс-шаралар азаттық қозғалыстағы байланыстардың көрінісі болды;
- қазақ және қырғыз ұлттық саяси элитасы өкілдерінің өзара
байланысының өрбуі барысында қырғыздар арасында М. Дулатовтың Оян, қазақ
шығармасы, Айқап журналы мен Қазақ газеті танымал болып, ұлттық мүддені
бірлесе қорғауға деген талпынысқа серпін берді;
- 1916 жылғы көтеріліс барысында екі халық іргелес қоныстанған
өңірлерде бірлесе қимыл көрсетуге, іс-әрекеттерін өзара үйлестіруге деген
талпынушылық аңғарылады. Мұндай істердің қолға алынуына қарамастан,
көтерілісшілер патша өкіметі тарапынан аяусыз жазаланып, қазақтар мен
қырғыздар бірге босқыншылық тауқыметін тартуға мәжбүр болды;
- 1917 жылғы саяси өзгерістер жағдайында қазақ және қырғыз саяси
элитасы өкілдері ұлттық мүддені бірлесе қорғау жолында әрекеттеніп, осы
бағытта бірқатар іс-шаралар ұйымдастырды, сондай-ақ қырғыздар арасында Алаш
қозғалысына тартылу қарқын алды.
Зерттеудің қолданыстық маңызы. Диссертацияда жасалынған тұжырымдар мен
қорытындыларды жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихы пәні бойынша
жүргізілетін арнаулы курстар мен семинар сабақтарын өткізуде пайдалануға
болады.
Сонымен бірге зерттеу жұмысының тұжырымдарын ХVІІІ ғасырдың екінші
жартысы мен ХХ ғасыр басындағы тарихи кезеңді зерттеуге арналған ғылыми
зерттеу еңбектерінде, оқу құралдары мен оқулықтарда қолдануға болады.
Сондай-ақ зерттеу жұмысының тұжырымдары Орталық Азия халықтарының өзара
байланыстары тарихын және түркі халықтарының тарихын жазуда өзіндік
септігін тигізе алады.
Зерттеу жұмысының сыннан өтуі. Диссертациялық жұмыстың негізгі
нәтижелері мен қорытындылары ғылыми монографияларда, Алматы, Бішкек,
Қарабалта қалаларында және Қошқаратада (Оңтүстік Қазақстан облысы) өткен
халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференцияларда
баяндалды. Зерттеу жұмысының мазмұнына сәйкес 2 ғылыми монография, 39
мақала Қазақстан, Қырғызстан және Моңғолияда шығатын ғылыми басылымдарда
жарияланды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және
ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған тізімге енген 12 түрлі басылымда
18 мақала (екеуі бірлескен авторлықта), 10 мақала шетелдік басылымдарда
(оның екеуі бірлескен авторлықта), сондай-ақ 11 мақала әр түрлі
республикалық басылымдар мен республикалық және халықаралық ғылыми
конференция материалдарының жинақтарында жарық көрді.
Диссертация қолжазбасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология
институтының Қазақстанның жаңа заман тарихы бөлімі мен Кеңес дәуіріндегі
Қазақстан тарихы бөлімінің кеңейтілген мәжілісінде талқыланып, қорғауға
ұсынылды (хаттама № 2, 2009 жыл, 15 қаңтар).
Диссертацияның құрылымы: Алға қойған мақсаты мен міндеттерге байланысты
диссертациялық жұмыстың құрылымын кіріспе, 4 тарау және қорытынды мен
пайдаланылған әдебиеттер тізімі құрайды.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Кіріспеде диссертациялық жұмысқа жалпы сипаттама беріліп, тақырыптың
өзектілігі негізделіп, жұмыстың зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері,
ғылыми жаңалығы, методологиялық мәселелері, хронологиялық ауқымы,
практикалық маңызы және қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар көрсетілген.
ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ-
қырғыз саяси байланыстары мәселесінің теориялық- методологиялық
негіздемесі, тарихнамасы мен дерек көздері деп аталатын бірінші тарауда
тақырыптың теориялық-методологиялық негіздемесі мен тарихнамасы
қарастырылып, мәселенің дерек көздеріне талдау жасалды.
Мәселенің теориялық-методологиялық негіздемесі атты бөлімде зерттеу
жұмысына қатысты методологиялық ұстанымдар, тұжырымдамалар баяндалды.
Ғылыми танымның жетілуімен бірге жаңа білімге жетуге жол көрсететін
ұстанымдар, тұжырымдамалар мен теориялар қалыптасады немесе оларға деген
көзқарас өзгеріске түседі. Бұл, әрине, тарих ғылымының жекелеген
проблемаларын зерделеуге, соның ішінде ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ
ғасыр басындағы қазақ-қырғыз саяси байланыстарын қарастыруға да қатысты.
Өткен дәуірлердегі тарихи құбылыстарды бір қалыпқа салған маркстік-
лениндік ілімге негізделген формациялық ұстанымға сәйкес қазақ және қырғыз
халықтарының ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр басындағы өзара
байланыстары феодалдық даму сатысындағы халықтардың байланыстары түрінде
ғана түсіндіріліп, екі халықтың 1917 жылғы қазан төңкерісінен кейін
қалыптасқан ахуалға орай капитализмге соқпай, социалистік құрылысқа көшуі
барынша дәріптелді.
Кеңестер Одағының ыдырап, оның құрамындағы республикалардың өз
тәуелсіздігін жариялауына байланысты тарих ғылымында оң өзгерістер бой
көрсетті. Содан бергі кезеңде отандық және посткеңестік тарих ғылымында
өркениеттілік ұстаным перспективалы ұстаным ретінде орнығуда. Тарихтың
теориялық-методологиялық мәселелерін зерттеуші ғалымдардың бірқатары
өркениет теориясы қазіргі заманда өз дамуының жоғары сатысына көтеріліп,
онда өркениетті әлеуметтік-мәдени құрылым ретінде пайымдаушылық белең
алғанын, бұл теорияның ауқымында тарихи жадты түлету, тарихи үрдісті
гуманды тұрғыда әрі эволюциялық сабақтастықта түсіндіру жүзеге асатындығын
негіздеуде. Өркениеттілік ұстаным аясында мәдени-тарихи тұжырымдамасы
кеңірек қолданысқа ие. Онда еуропалық емес халықтардың арттақалушылығы
немесе тоқыраушылығы деген пікір теріске шығарылып, әрбір мәдени аймаққа
өзіндік даму жолы тән екені қуатталады. Бұл тұжырымдамаға сәйкес
қарастырылып отырған мәселеде қазақ және қырғыз халықтарының бірегей
өркениет өкілдері екені және кез келген өркениеттің әлеуметтік-мәдени
құрылым ретінде өзіндік рухани, ел билеу, тіршілік ету, адамдар арасындағы
өзара қатынас, ел аралық байланыс мәдениетіне ие екені ескеріледі.
Өркениеттілік ұстаным тарихилық (историзм) принципімен де
үйлесімділік табады. Тарихилық принципін жақтаушылар тарих тарихи сананы
жаңғыртуға, өткен дәуірдегі тарихи оқиғалар мен құбылыстар жайлы
түсінігіміздің шынайы болуына қызмет етуі тиіс деп есептеді. Сондай-ақ
олар белгілі бір проблеманы зерттеу барысында өткен дәуір мен өз заманының
айырмашылығын көре білу керектігін, объектіні қоршаған ортасынан бөліп
алмай онымен контексте қарастыру қажеттігін қолдады. Ұсынылған осындай
қағидалар бойынша ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас
кезіндегі қазақ-қырғыз саяси байланыстары тарихи оқиғалармен тығыз
байланыста қарастырылып, оны шынайы тұрғыда көрсетудің мүмкіндігі арта
түседі. Сонымен қатар қазақтар мен қырғыздардың байланыстарында орын алған
оқиғалар мен құбылыстарға сол дәуірдегі жекелеген адамдардың қатысы
деңгейін айқындауда адам қоғамның жемісі әрі субъектісі екені назарда
ұсталады. Мәселені осы тұрғыдан қарағанда, ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы
мен ХІХ ғасырдың бірінші жартысы аралығында қазақ-қырғыз байланыстарында
шиеленісті жайттардың орын алуы мен ХІХ ғасырдың екінші жартысынан кейін
екі халық арасында отаршылдыққа қарсыластық барысында күш біріктіре әрекет
етуге деген талпыныстың қарқын алу себептері мен нәтижелерін және ондағы
жеке тұлғалардың рөлін бағамдауға деген мүмкіншілік артады.
Халықтар арасындағы өзара саяси байланыстар үрдісі көптеген
адамдар мен жеке тұлғалардың тағдырына және мүдделеріне әсер еткен оқиғалар
мен құбылыстардың жиынтығы іспеттес. Оның өрбу қарқыны мен сипатына жеке
тұлғалардың белгілі бір мүддені қорғау жолындағы әрекеттерімен қатар өзге
бір елдердің саяси ұстанымдарындағы ерекшеліктер мен геосаяси ахуалдағы
өзгерістер де өз әсерін тигізбей қоймайды. Осындай жайтты ескере отырып,
тарих методологиясын зерттеуші ғалым В.Ф. Коломийцев халықтар арсындағы
байланысты қарастыруда жанжалдар мен ынтымақтастық тұжырымдамалары барын
алға тартады. Бұл тұжырымдамалардың қарастырып отырған мәселеге, қазақтар
мен қырғыздардың арасында орын алған қақтығыстар (жанжалдар) мен
ынтымақтастық жайттарын зерделеуге де қатысы бар. Ынтымақтастық
тұжырымдамасы аясында қазақтар мен қырғыздардың өзара байланыстарында бой
көрсеткен қақтығыстардан кейінгі мәмілегерлік келісімдерге, патшалық
Ресейдің жаулаушылық әрі отаршылдық саясатына қарсыластықтағы мүдделер
тоғысына, азаттық қозғалыстағы байланыстарға және 1917 жылғы саяси
өзгерістер тұсындағы ұлттық мүддені бірлесе қорғау жолындағы әрекеттерге
назар аудару қажеттігі артады. Мұның өзінен ынтымақтастық тұжырымдамасы
гуманизм тұжырымдамасымен үйлесімділік табатыны аңғарлады. Гуманизм
тұжырымдамасы басшылыққа алынған жағдайда екі халықтың ынтымақтастығы
дәріптеледі.
Ғылыми таным методологиясын зерттеуші ғалымдар деректік материалдарға
негізделген дәйектемені жасалған тұжырымдарға көз жеткізудің методологиясы
ретінде қарастыруды ұсынуда. Сондай-ақ олар дәйектеменің фактілік
(айғақтық) негізін белгілі бір тұжырымдама бойынша жасалған тұжырымның
сенімділік көрсеткіші деп санайды. Соған орай қазақ-қырғыз саяси
байланыстары тарихына қатысты жаңа деректік мәліметті жаңа тұжырымдар
жасауға алып келеді деп есептеуге негіз бар. Қазақстан Республикасындағы
тарихи сананың қалыптасуы тұжырымдамасында Қазақстан тарихының дерек
көздеріне жаңа көзқарас қалыптастыру қажеттілігінің баса көрсетілуі бұл
пікірді нақтылай түседі.
Зерттеу жұмысының тарихнамасы деген бөлімде тақырыптың зерттелу
деңгейі талданып көрсетіледі.
Еліміздің ұзақ жылдар бойы саяси тәуелсіздігін жоғалтып, патшалық
Ресейдің отаршылдығы, кейінірек кеңестік биліктің құрсауында қалып,
шынайы тарихын зерттеуге және білуге деген мүмкіндігінен айрылуы қазақ пен
қырғыз халықтарының ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас
кезіндегі өзара саяси байланыстары тарихының объективті бағасын алмауына
себеп болды.
Дегенмен, қарастырылып отырған мәселеге жанама түрде болса да қатысы
бар зерттеулер жаңа заман дәуірінде және кеңестік заманда, Кеңес Одағы
ыдырап, Орталық Азияда тәуелсіз республикалар пайда болғаннан кейінгі
кезеңде жарияланған еңбектерде көрініс тапты.
ХVІІІ ғасырдың екінші жартысындағы орыс өлкетанушыларының,
шығыстанушыларының қазақ-қырғыз байланыстарына көңіл аударуы Жоңғар
хандығы құлағаннан кейінгі кезеңде патшалық Ресей империясының саяси және
сауда мүдделеріне орай арта түскен еді. ХVІІІ ғасырдың соңғы ширегінде
қазақ-қырғыз байланыстары туралы ресейлік академиялық экспедицияның мүшесі
И.Г. Георги қысқаша сипаттама берсе, ал И.Г. Андреев сияқты әскери
қызметкерлер империялық пиғылдағы Ресейдің саясатына орай мәліметтер
жинады. Қазақтар мен қырғыздар туралы естіген, білгендерін жазып отырған
олардың еңбектерінен екі елдің қаншалықты байланысы бар, араларында қарама-
қайшылық бар ма деген сұраққа жауап беруге тапсырма алғандықтары да
аңғарылып тұрады.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Ұлы жүз қазақтары мен қырғыздар
арасында орын алған байланыстар жайына көңіл бөлген А.И. Левшин [3],
А. Янушкевич [4], П.П. Семенов [5] сияқты авторлардың еңбектерінде
қазақтар мен қырғыздардың саяси байланыстарына қатысты орын алған
оқиғалардың себептері мен салдарлары сипатталады.
Қазақ-қырғыз саяси байланыстарының астарларын Ш.Ш. Уәлиханов
Абылай, Қырғыздар туралы жазбалар [6], Қоқан хандығы туралы жазбалар
[7] атты еңбектерінде біршама тереңірек қарастырады. Ол алғашқылардың бірі
болып, Қоқан хандығы мен патшалық Ресей үстемдігінің екі халықтың қарым-
қатынасына әсеріне қатысты өзіндік пікір білдірді.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында П. Пичугин [8], Н.А. Аристов [9]
секілді т.б. зерттеушілердің еңбектерінде қарастырылып отырған кезеңдегі
қазақ-қырғыз байланыстары барысындағы оқиғаларға патша өкіметінің мүддесі
тұрғысынан баға беріліп, осы оқиғаларға қатысы бар қазақ-қырғыз
қайраткерлерінің саяси ұстанымдарына назар аударылды.
Патшалық Ресейдің қазақтар мен қырғыздарға қарсы отаршыл саясатының,
Кенесары ханның қырғызға жорығының, Ұзынағаш шайқасының сипатын көрсететін
кітапты А. Кенесарыұлы [10] жазып қалдырды. Сол тұстағы көптеген
оқиғалардың куәгері болған Кенесары ханның ұлы – Сыздық сұлтанның айтуымен
жазылғандықтан, аталмыш кітапты қазақ-қырғыз саяси байланыстарының тарихын
қарастыруда құндылығы жоғары еңбек деп бағалаған орынды. Тек кітаптың 1889
жылғы алғашқы басылымындағы Сырдария облыстық санақ комитетінің төрағасы,
генерал Е.Т. Смирновтың түсініктемесіндегі қазақтар мен қырғыздардың өзара
жауласуы көне дәуірлерден басталады, оның бастауын екі халықтың сонау
орта ғасырлардағы Орта Азиядағы саяси бәсекелестігінен іздеу керек деп
туыстас екі халықты бір-біріне ежелден дұшпан қылып көрсету ниеті
шындыққа сай келмейді. Осы жерде орта ғасырлардағы қазақ-қырғыз этносаяси
байланыстарының тарихымен арнайы айналысқан М. Калкан [11] сияқты қазіргі
заманғы зерттеушілер қазақ хандарының қырғыздардың жәрдемімен сыртқы
жауларға қарсы соққы беріп тұрғанын, ал жеңіліске ұшырай қалғанда, қырғыз
жеріндегі таулы аймақтарға шегініп, із суытып кетіп тұрғанын, сөйтіп,
қазақтар мен қырғыздардың аймақтағы саяси оқиғаларға орта ғасырларда-ақ
бірлесе қатысқанын, кейінгі ХVІІІ –ХІХ ғасырларда да қазақ-қырғыз
одақтастығы және бірлескен саяси әрекеттері болғанын көрсетіп, қазақтар мен
қырғыздар үнемі жаулаушылық қатынаста болды деген пікірлердің жаңсақ
екенін анықтап отырғанын да айтып өткен жөн. Қырғыздардың қазақтарды саяси
қолдауын М. Х. Дулати және ХV – ХVІ ғасырдағы Қазақ хандығы
атты еңбегінде қазақ ғалымы С. Жолдасбайұлы да дәлелді көрсетіп береді.
ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде қазақ-қырғыз саяси байланыстарын аша
түсетін еңбекті қырғыз тарихшысы Б. Солтоноев жазып шықты. Кеңестік
дәуірде қуғын-сүргінге ұшыраған зерттеушінің еңбегінің қолжазбасы толығымен
қырғыз тілінде екі кітап болып, Кызыл кыргыз тарыхы деген атпен 1993
жылы Бішкек қаласында жарық көрді. Бірінші кітапта [12] Көкжал Барақ
сұлтан, Абылай хан дәуіріндегі қазақ-қырғыз саяси байланыстары мәселесі
көтерілсе, екінші кітапта [13] Кенесары хан тұсындағы, Жақыпбек Бадаулет
кезіндегі екі халықтың қарым-қатынасы, 1916 жылғы байланыстар баяндалады.
Кеңестік дәуірде ұлт-азаттық қозғалыс тарихын жазудың жаңа үлгісін
көрсеткен қазақ тарихшысы Е.Б. Бекмаханов [14] екі ел тарихшыларының
арасында алғашқылардың бірі болып Кенесары ханның қырғызға жорығына ғылыми
баға берді. Зерттеуші Кенесары ханның қырғызға жорығын хан тарапынан
жіберілген қателік болды деп бағалағанымен, мәселенің әлі де болса басы
ашық қалғанын: Кенесарының Қырғызстандағы істерінің аз зерттелінгені
сонша, ондағы оқиға барысын толық қалпына келтіру қиын [14, 333, 334-бб.],
– деп ескерту арқылы аңғартты. Ғалым өз жұмысының кемшін тұсын: Менің
жұмысымның қырғыздарға қатысты нашар тұсы сол, мен Ұлы жүз қазақтарының
қырғыздармен қарым-қатынасын жеткілікті айқындай алмадым [15, с. 158],–
деп көрсеткен еді. Кенесары Қасымұлының қырғыздармен, қырғыз манаптарымен
қарым-қатынасы мәселесі отандық тарихнамада әлі күнге жеткілікті
зерттелінбей келе жатқанын тарихшы-ғалым С.Ф. Мажитов [16, 272-б.] та атап
көрсетеді.
Қырғыз тарихшысы Б. Джамгерчинов өз зерттеулерінде Қырғызстанның ғана
емес, Қазақстанның да саяси тарихына көңіл бөлді. Қырғыз-қоқан, қырғыз-орыс
қарым-қатынастарымен қатар қырғыздардың Ұлы жүз қазақтарымен өзара
байланыстарын да қарастырған зерттеуші Жетісудағы орыс жаулап алуына қарсы
Тойшыбек би Қасаболатұлы қырғыздарды тартуға көп күш салды деген тұжырым
жасайды [17, с. 127].
Қырғызстандық ғалым В.М. Плоских жариялаған Қырғыздар және Қоқан
хандығы атты монографияда қырғыздардың ферғаналық қыпшақтармен этникалық
жақындығы көрсетілді. Зерттеуші Қоқан хандығы бір ұлтты мемлекет болған
жоқ, оның құрамында өзбек, тәжіктермен қатар қырғыздар көп санды, аса
ықпалды контингентті құрады және онда Ұлы жүз қазақтарының бір бөлігі де
болды деген пікірді ұсына отырып, Орта Азия мен Қазақстан тарихын өлкедегі
халықтардың өзара тығыз байланысы негізінде зерттеу керек деген қорытындыға
келеді.
Орталық Азиядағы халықаралық мәселелерді, соның ішінде Қырғызстан
мен Қазақстандағы ахуалды, қазақ, қырғыз билеушілері мен Ресей және Цин
империясының билеушілері арасындағы саяси мәмілелер мәселесін орыс
ғалымдары Б.П. Гуревич [18] пен В.С. Кузнецов [19] зерттеді. Б.П.
Гуревичтің ХІХ ғасырдың басында-ақ, қазақтар мен қырғыздар Ресейді бірден-
бір қорғаушы күш деп таныды, Ұлы жүз қазақтары мен қырғыздар үздіксіз өзара
соғысып отырды деген біржақты пікірі сын көтермейді. В.С. Кузнецов
Б.П. Гуревичке қарағанда Орталық Азиядағы халықаралық жағдайларды
обьективті тұрғыдан бағалауға ұмтылады, зерттеуші мұсылмандардың бірлескен
әрекетін болдырмау – Цин империясының ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы
Орта Азияға қатысты сыртқы саясатында ұстанған бағыты болғанын және
қазақтар мен қырғыздардың Қашқария халқының азаттық күресін қолдағанын
ғылыми негіздеп берді.
ХVІІІ ғасырдағы қырғыз-қазақ саяси байланыстары тарихын зерттеуде тың
ғылыми тұжырымдар жасаған қырғыз тарихшысы Д.Б. Сапаралиев болды. Ғалымның
қазақтар мен қырғыздар сыртқы жауға қарсы тізе қосып бірлесе күрескенде
жеңіске жетіп отырды деген тұжырымы ғылыми негізделген пікір болып
табылады.
Қырғызстандық тарихшылар қырғыз халқының көршілес елдермен, соның
ішінде қазақтармен ХVІІІ ғасырдың ортасынан бастап ХІХ ғасырдың аяғына
дейінгі аралықтағы экономикалық, саяси және мәдени байланыстарын
көрсететін еңбекті [20] 1985 жылы жариялады. Жалпы алғанда, бұл басылымды
даярлаған қырғызстандық ғалымдар кеңестік заманның өзінде-ақ Орталық
Азиядағы халықтардың ортақ тарихы бар екенін көрсетуге батыл қадам жасады
деп баға беруге болады. Ал кітаптың кемшін тұсын қазақстандық белгілі
тарихнамашы-ғалым Д.И. Дулатова өзінің қазақ-қырғыз қарым-қатынасының
тарихнамасына арналған еңбегінде [21] зерттеушілердің патша өкіметінің,
оның жергілікті шекаралық басшыларының қызметін тым әспеттеп жіберуінде деп
көрсетті. Дегенмен, аталмыш кітап Д.И. Дулатова сияқты қазақ ғалымдары
тарапынан оң бағасын алды.
ХVІІІ ғасырдың соңғы ширегіндегі қазақ-қырғыз қарым-қатынасы
Р.Б. Сүлейменов пен В.И. Моисеевтің еңбегінде қарастырылады. Абылай
ханның өмірінің соңғы жылдарын зерттеген қазақстандық ғалымдар қырғыз
тайпаларын өз ықпалына бағындыру Орта жүз ханы – Абылайдың басты
стратегиялық мақсаты болды деп жаңсақ пікірге жол берді.
Кеңес Одағы құлап, Қазақстан мен Қырғызстанның өз тәуелсіздігін
жариялауы тарих ғылымының даму үрдісіне өзіндік әсерін тигізді. Қазақ және
қырғыз тарихшылары мен қаламгерлері кеңестік дәуірде ақтаңдақ болып,
ашылмай қалған тың тақырыптарды игеріп, тарихты ұлттық мүдде тұрғысынан
жаза бастады. Қырғыз тарихшысы К.С. Молдокасымов [22] қырғыз-өзбек
байланыстарын әр қырынан зерттеп, Қоқан хандығының саяси өмірінде
қырғыздардың белсенді рөл атқарғаны туралы жаңашыл пікірін көпшілік
назарына ұсынды.
Қазақ тарихшылары арасында С. Мадуанов [23] қазақ-қырғыз қарым-
қатынасының саяси, мәдени-экономикалық астарларына көңіл бөлді.
Зерттеушінің еңбегінде қазақтардың Орталық Азиядағы қырғыздардан басқа
бірнеше халықпен өзара байланыстары қарастырылғандықтан, қазақ-қырғыз саяси
байланыстары толық шешімін таба алмаған. Дегенмен де С. Мадуанов Қазақстан
тарихында Орталық Азия халықтарының өзара байланыстарын зерттеген және
зерттеудің қажеттілігін көрсеткен алғашқы ізашар тарихшы ретінде өз орнын
алады.
ХХ ғасырдың 90 жылдарының ортасынан бастап қазақ, қырғыздың ортақ
тарихының мәселелерін көтерген бірқатар зерттеулер жарыққа шықты. Соның
бірі Абылай хан дәуіріндегі қырғыз-қазақ саяси байланыстарының қайшылықты
дамуына Қытай, Ресей секілді империялардың да ықпалы болғанын дұрыс
көрсете білген Д. Сапаралиевтің ғылыми монографиясы [24] болды.
Мұрағаттық құжаттар мен фольклорлық деректер мәліметтерін салыстыра
отырып, қазақтар мен қырғыздардың 1916 жылғы көтеріліске бірлесіп
шыққанына көпшілік назарын алғашқылардың бірі болып аударта білген белгілі
қазақ қаламгері С. Тәнекеев, кейіндері қазақ тарихшысы М. Қозыбаев пен
қырғыз тарихшысы К.Үсенбаев болды. Аталған зерттеушілер қырғыздар мен
қазақтардың көтерілісін біртұтас құбылыс ретінде қарастыру қажет деп дұрыс
болжам жасады.
Казактардың өлкемізді әскери отарлауы тарихын арнайы зерттеген қазақ
тарихшысы М.Ж. Әбдіров патша өкіметінің жергілікті әкімшілігі Жер
шаруашылығы министрлігімен бірлесе отырып, 1916 жылғы көтерілістен кейін
босқыншылыққа ұшыраған қазақтар мен қырғыздардың орыс қаны төгілген
жерінің бәрі олардан тартып алынуы тиіс деп шешім қабылдағанын және онда
Қытай жақтан сенімді қорғаныс жасап алу үшін таза орыс ауданын құруды да
ойластырғанын көрсетіп [25, с. 274-275], қазақ пен қырғыздың қасыретінің
бір болғанын аңғарта білді.
Түркістан өлкесіндегі азаттық қозғалыс тарихын жаңа қырынан зерттеуге
қазақ, қырғыз тарихшыларымен бірге өзбек тарихшы ғалымдары да бір кісідей
атсалысып келеді. Қоқан хандығы кезіндегі қазақ, қырғыз және басқа
халықтардың көтерілістері туралы Х. Зиёев [26] жазды. Ол алғашқылырдың бірі
болып қазақтар мен қырғыздардың азаттық жолында қоқандықтармен орыс
жаулаушылығына қарсы бірлесе күрескенін, Пішпек, Әулиеата, Шымкент және
т.б. қалаларды жан аямай қорғағанын ашып көрсетті.
Қазақ ғалымдары К. Нұрпейісовтің [27], М. Қойгелдиевтің [28]
монографияларында Алаш қозғалысына қырғыз зиялыларының да тартылуы мәселесі
көтерілді. Ал қырғыз зерттеушісі З.К. Курмановтың Қырғызстандағы саяси
күрес тарихына арналған кітабының [29] бір тарауы Алаш партиясының
мектебі деп аталып, онда Алаш қозғалысына қатысқан қырғыз қайраткерлерінің
қызметіне жаңа көзқарас тұрғысынан баға беріледі.
Қазақ-қырғыз қарым-қатынасы мәселесіне қатысты зерттеулер ауқымы 2000
жылдардан кейін одан әрі дами түсіп, әр қырынан Т. Асановтың [30],
Э. Турганбаевтың [31] және т.б. ғылыми еңбектерінде қарастырылды.
Аталмыш зерттеушілердің Абылай ханның қырғыздарға соңғы жорығы туралы
тұжырымдары жаңашылдығымен ерекшеленеді.
Қырғыз зерттеушілері мәселеге өз мемлекетінің мүддесі тұрғысынан
қарайтындықтары заңды. Дегенмен, кейбір С. Аттокуров сияқты қырғызстандық
әріптестердің Абылай хан Шыңғыс ұрпағы болғандықтан қырғызға жау болды
деп орынсыз пікір білдіріп жатқанын да айта кеткен жөн.
Қазақ-қырғыз саяси байланыстарының тарихында өзіндік орны бар
Кенесары ханның қырғызға жорығы мәселесі де зерттеушілердің назарынан тыс
қалмады. Кенесары хан қолының қырғызға жорығы тарихшы
Ж. Қасымбаевтың [32] монографиясында арнайы қарастырылды. Зерттеуші
Кенесары ханның соңғы жорығының себебін ханның макиавеллилік ұстанымда
болғанынан, ал хан қолының жеңілуін тездеткен сарбаздарының бір бөлігінің
қорқып қашып кетуі [32, с. 172] деп біржақты түсіндіреді.
Кенесары Қасымұлының туғанына 200 жыл толуына арналған халықаралық
ғылыми-практикалық конференцияда жасаған баяндамасында М.Қ. Қойгелдиев
қазақ-қырғыз қақтығысындағы Сыпатай би мен Рүстем сұлтанның сатқындығы
жөніндегі тұжырым негізсіз деп мәлімдеп, қазақ-қырғыз байланыстары туралы
мұндай сыңаржақ, орынсыз айтылған пікірлер екі ел арасына от тастайды деген
түйін жасады. Ал қырғыз тарихшылары К. Үсенбаев [33], Т. Кененсариев [34]
1847 жылғы соғыста қырғыздардың қолы қазақтарға қарағанда басым болды және
олар өз жерінде соғыс жүргізді деп, мәселенің тағы бір қырына көңіл
аудартты.
Жетісудағы қазақ-қырғыздың экономикалық және мәдени қарым-қатынасы
мәселесін зерттеген У.К. Жанатаева [35] қазақтар мен қырғыздардың өзара
байланыстары ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр басында да тығыз
астасып жатты деген қорытындыға келеді.
Қырғыз тарихшысы Д.Б. Сапаралиевтің ХVІІІ ғасырдан ХІХ ғасырдың
ортасына дейінгі Ош және оның төңіріндегі қырғыздардың этносаяси тарихын
көршілерімен байланыста қарастырған еңбегінде мәселеге жаңа көзқарас
қалыптастыруға ұмтылушылық байқалады. Ал қазақ зерттеушілері
Н. Мұқаметқанұлы [36] және Ә.Қ. Мұқтар [37] өз еңбектерінде Абылай
дәуіріндегі қазақ-қырғыз байланыстарының түйінді тұстарын әлі де зерттей
түсудің қажеттілігін көрсетіп берді.
ХІХ ғасырдың ортасы мен ХХ ғасыр басындағы қырғыздың тарихи
тұлғаларының қоғамдық-саяси қызметі мен өмір жолын зерттеген қырғыз
тарихшысы Т.Н. Өмүрбеков [38] қырғыз қайраткерлерінің қазақтармен өзара
байланысына да көңіл аударып, екі елдің қатынасындағы түйінді мәселелерді
шешуге өзіндік үлесін қосты.
Бүгіндері қырғыз-қазақ тарихшылары ұлттық тарихының ақтаңдақтарын
айқындай түсуге ұмтылуда. Оның бір айғағы – Бішкек және Қарабалта
қалаларында екі елдің тарихшылары мен қаламгерлері қатысқан, қазақ-қырғыз
байланыстары кеңінен зерделенген халықаралық ғылыми-практикалық
конференциялардың өтуі. Екі республиканың елшіліктері атсалысуымен 2007
жылы Бішкек қаласында өткен Қырғыз-қазақ байланыстары: кеше, бүгін, ертең
атты ғылыми-көпшілік конференция да табысты жұмыс істеп, ғылым мен
мәдениет саласындағы өзара байланыстарды одан әрі дамыта түсудің
қажеттілігін көрсетіп берді.
Қазақ-қырғыз саяси байланыстарының тарихының бүгінгі күнге дейінгі
зерттелу барысына тарихнамалық талдау жасау нәтижесі бұл мәселе бойынша
ғылыми жұмыстардың кешенді түрде жүруінің қажеттілігін көрсетеді.
Мәселені зерттеудің дерек көздері осы тараудың үшінші бөлімінде
талданды.
Тарихи құбылыстарды зерттеуде деректердің молдығы ерекше маңызға ие.
Соған орай алға қойылған мәселені зерттеу барысында мұрағаттық құжаттар,
жарияланған құжаттар мен материалдар жинағы, қытай, орыс тілдерінен
аударылған құжаттық жинақтар, фольклорлық деректер мәліметтері және
мерзімді баспасөздердің ақпараттары кеңінен ғылыми айналымға тартылды.
Мұрағаттық құжаттарды жинастыру ісі Қазақстандағы, Ресейдегі,
Өзбекстандағы және Қырғызстандағы мұрағаттарда жүргізілді. Зерттеу жұмысына
мынадай 9 мұрағаттың: Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік
мұрағаты, Ресей Федерациясының мемлекеттік мұрағаты, Ресей империясының
Сыртқы саясат мұрағаты, Ресей мемлекеттік Әскери тарих мұрағаты, Ресей
мемлекеттік әдебиет және өнер мұрағаты, Ресей Федерациясының Орынбор
облыстық мемлекеттік мұрағаты, Ресей Федерациясының Омбы облыстық
мемлекеттік мұрағаты, Өзбекстан Республикасының Орталық мемлекеттік
мұрағаты және Қырғыз Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағаты құжаттары
дерек ретінде тартылды.
Осы аталған мұрағаттарда ХVIII ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың
бас кезіндегі қазақ-қырғыз саяси байланыстары тарихына қатысты мәліметтер
сол тарихи кезеңдегі ресми билік органдарының іс-қағаздарында және
саяхатшылар мен ғалымдардың жазбаларында кездеседі. Мұрағаттардағы құжаттар
маңызды дерек көзінің құрамдас бөлігі қызметін атқарғанымен, ондағы
мәліметтерде белгілі бір мақсатты көздеушілік орын алмай қоймайды.
Сондықтан мұрағаттық құжаттардың пайда болу жағдайына және ондағы
шынайылықтың көрініс табу деңгейіне назар аударылды.
ХVІІІ ғасырдың ортасы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ-қырғыз саяси
байланыстары тарихына қатысы бар құжаттардың бірқатары осы күнге дейін
Қазақстан мен Қырғызстанның баспаларынан шыққан құжаттар мен материалдар
жинағында жарияланды. Оларды қазақ-орыс қатынасын, Цин империясы мен қазақ
хандықтарының байланысын, Қырғызстан – Ресей қарым-қатынасын ашып
көрсетуге арналған, Абылай ханның өмірі мен қызметін, Абылай хан
дәуіріндегі қазақ батырларының өмір жолы мен ерліктерін, Кенесары Қасымұлы
бастаған ұлт-азаттық қозғалысты, Орман манаптың өмірі мен қызметін, Шабдан
батырдың тұлғасы мен заманын, Алаш қозғалысын, 1916 жылғы көтерілісті және
т.б. сипаттайтын құжаттар мен материалдар жинағы құрайды.
Қоқан хандығының қазақ-қырғыз халықтарының өзара байланыстары
тарихында алатын орнын және қазақтар мен қырғыздардың қоқандық әскермен
бірге Ұзынағаш шайқасына, Пішпек, Әулиеата, Шымкентті қорғауға қатысуын
көрсететін қоқандық тарихшылардың еңбектері де ғылыми айналымға тартылды.
Зерттеу барысында мұрағат құжаттарымен қатар ауыз әдебиеті
мәліметтеріне негізделіп жазылған қазақ, қырғыз тілдеріндегі қолжазбалар
да пайдаланылды. Олардың бірқатары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігі Орталық ғылыми кітапханасының қолжазбалар қорынан,
М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазбалар қорынан,
Қырғыз Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының қолжазбалар қорынан,
Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының сирек кездесетін кітаптар мен
қолжазбалар қорынан алынды.
Қазақ-қырғыз саяси байланыстарының Абылай заманында шиеленісті өрбуі,
қазақ-қырғыздың өзара қақтығысы, қазақ-қырғыз батырлары мен билері
жайынан сыр шертетін деректік мәліметтер Ш. Жәңгіровтің
[39], Т. Алымбековтің [40] қолжазбаларында
сақталған. М.Ж. Көпеевтің қолжазбалары мәліметтері де Абылай ханның,
Кенесары ханның және т.б. билер мен батырлардың қырғыздарға байланысты
ұстанымдарын аңғаруға жәрдемдеседі.
Ы. Абдырахмановтың Қырғыз, қазақ оқиғасы атты қырғыз тіліндегі
қолжазбасының [41] қазақтар мен қырғыздардың 1847 жылғы өзара байланыстары
және мәмілегерлік келісімдері туралы мәліметтері де зерттеу барысында
кеңінен қолданылды.
Қазақтар мен қырғыздар арасындағы 1846-1847 жылғы оқиғалардың
куәгерлері қырғыздың Қалығұл елшісі мен қазақтың Нысанбай ақынының
мәліметтері де зерттеудің деректік негізін құрады. Қалығұл Әлібековтің
Кенесарының соңғы күндері туралы естеліктерін Ә. Бөкейханов жазып алып,
өзінің алғы сөзімен, 1923 жылы жариялап, көпшілікке таныстырды [42]. Осы
жылы Х. Досмұхамедовтің кіріспесін және түсінік сөзін жазып, құрастыруымен
Нысанбай ақынның Кенесары-Наурызбай дастаны қайта баспадан шықты.
Нысанбай ақынның дастанындағы мәліметтердің құндылығы жөнінде және бұл
дастанға түсінік жазуда кімдерден кеңес алғаны жөнінде Х. Досмұхамедов
былай деп жазды: Ел ішінде айтылып жүрген өлеңдердің көбі қырғызды
жамандап, мұқатып, кемітіп, орынсыз қазақты мақтайды, екі рудың арасына
орынсыз ала көңілдік кіргізеді. ...Нысанбай орынсыз қазақты мақтап,
қырғызды боқтап сөйлемейді, қазақтың кемдігін, қырғыздың ерлігін айқын
көрсетеді.
...Комментарий жазғанда Шәкәрімнің тарихын, Ахмет төре Кенесарыұлының
Смирновке Кенесары мен Сыздық төре туралы жазып берген сөздерін, орыс
тілінде Түркістан туралы, әсіресе, Жетісу туралы жазылған көп кітаптарды
пайдаландық. Бұл бір. Екінші, Қоңырқожа Қожықұлынан, Мұхаметжан
Тынышбайұлынан, Жаңғараш немересі Сатарқұл Диқанбайұлынан, Ишанғали
Арабайұлынан, Кенесары немересі Әзімхан Ахметұлынан тағы басқалардан
алынған мағлұматтарды пайдаландық [43, 100-б.].
Халықтың тарихи жадында сақталып қалған айбынды хандар мен батырлар
туралы дастандар, тарихи жырлар мен қиссалар, аңыз әңгімелердің ұрпақтан-
ұрпаққа жетуінде өзіндік орны бар Майлықожа, Сүйінбай, Жамбыл, Саяділ,
Албан Асан, Кенен секілді қазақ ақындарының мұралары да зерттеу жұмысының
дерек көзін құрайды. Олардың шығармаларында қазақ батырлары мен билерінің,
төрелерінің қазақ-қырғыз арасындағы тарихи оқиғаларға қатысуының себептері
мен жайы баяндалады.
Қазақ ақын-жырауларымен, ел басқарушыларымен тығыз араласқан
Арыстанбек, Молда Нияз, Тоқтағұл сияқты қырғыз ақындары өздері көріп, куә
болған оқиғаларды жазғандықтан, олардың жырлары тарихи-деректік маңызға ие
бола алады және патша өкіметінің жаулап алушылық саясатына қарсылық
барысындағы қазақ-қырғыз байланыстарын аша түсуге көмектеседі. Сондықтан
зерттеу жұмысын жазу барысында қырғыз ақындарының шығармаларындағы
деректік мәліметтерге де сүйендік.

Зерттеу жұмысының деректік негізін қазақ шежірелері мен қырғыз
шежірелері (санжыралары) да құрайды. Шежірелер мен санжыралар қазақ, қырғыз
билеушілерінің замана ағымына қарайғы іс-әрекеттерінен мағлұматтар беруімен
құнды.
ХХ ғасыр басындағы қазақ-қырғыз байланыстары тарихын жан-жақты зерттеуде
Қазақ, Бірлік туы, Сарыарқа сияқты қазақтың ұлттық баспасөздері мен
өзге басылымдардың да деректік маңызы бар. Баспасөз материалдарының
оқиғалар ізімен жазылғандығы оның тарихи құндылығын арттыра түседі.
Зерттеу жұмысының дерек көздерін қарастырып, талдау жасау қазақ-қырғыз
байланыстары тарихын тереңірек әрі жан-жақты зерттеп, зерделеуде және
халқымыздың тарихи жадын жаңғыртуда жаңа деректер мен құжаттарды іздестіру
жұмыстарын үздіксіз жүргізудің және белгілі деректердің өзін сын көзден
өткізіп, өзара салыстырып қолданудың маңыздылығын көрсетіп берді. Сонымен
бірге қолдағы бар деректер қарастырылып отырған кезеңдегі қазақ-қырғыз
саяси байланыстарының тарихын ашып көрсетуге өз септігін тигізе алады
деп санауға болады.
ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХІХ ғасырдың бірінші
жартысындағы қазақ-қырғыз байланыстары деп аталатын екінші тарауда Жоңғар
хандығы құлағаннан кейін қалыптасқан геосаяси жағдайдағы екі халықтың
өзара қатынасының өрбуі, Қоқан хандығы билігінің орнығуы барысындағы және
патшалық Ресейдің әскери-отаршылдық ұстанымының қазақ-қырғыз байланысына
әсері, сондай-ақ Кенесары ханның қырғызға жорығы, қазақ-қырғыз
мәмілегерлік келісімдері мәселесі қарастырылады.
ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында қазақ-қырғыз саяси байланыстары
күрделі жүрді. Кезінде жоңғарларға қарсы бірлесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркістан қаласының әлеуметтік-саяси тарихының мәселелері
ХІХ ғасырдағы қазақ-қырғыз әдеби байланыстары
XIX ғ. II жартысындағы Түркістан қаласындағы отарлық билік жүйесінің қалыптасуы мен қызметі
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы, зерттелуі
ХVІІІ ғасырдағы қазақ-орыс қарым-қатынастары
ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХІХ ғасырдағы Қазақстан мәдениеті
XIX ғ. екінші жартысы – XX ғ. басындағы Батыс Қазақстандағы жәрмеңкелер: тарихи талдау (1867-1917 жж.)
Ортақ заман Зар заман
1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІСТЕН КЕЙІНГІ ЖЕТІСУДАҒЫ БОСҚЫНДАР МӘСЕЛЕСІ
ХІХ ғасырдың екінші шерігінде крепостнойлық правоның әсеріне қарамастан
Пәндер