Өндірісте қызметкерлерді міндетті сақтандыру


Пән: Сақтандыру
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

«Өндірісте қызметкерлерді міндетті сақтандыру»

Қазақстанда өндірістік жарақаттанудың жоғарғы көрсеткіштері сақталып тұр. Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша өндірісте жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендердің саны, мысалға 2012 жылы 2894 адамды құрады. Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру еңбек қабілеттілігінен айырылумен байланысты зардап шеккеннің шығындарын өтейді.

Қазақстанда өндірісте зардап шеккендерді әлеуметтік қорғаудың кешенді жүйесі үш деңгейден құралған. Қолданыстағы үлгі зардап шеккен қызметкерге немесе оның асырауындағы жандарға мүгедектiгi және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк базалық жәрдемақы, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдері, сондай-ақ «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» ҚР Заңының (ЖОМС) шеңберінде өмірді сақтандыру компанияларынан сақтандыру төлемдері арқылы айырылған жалақыны өтеу бойынша созылмалы ұзақ мерзімді төлемдермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

ЖОМС бойынша сақтандыру жүйеден төлемнің үштің екеуінен аса қамтамасыз етеді. Сақтандырудың осы түрінің қатысушылары: сақтанушы - жұмыс беруші, сақтандырушы - өмірді сақтандыру компаниясы және пайда алушы - сақтандыру төлемдерін алушы болып табылады.

Жыл сайын жұмыс беруші сақтандыру компаниясына сыйлықақыны төлеп, сақтандыру шартын жасайды. Сақтандырушы сақтандыру жағдайының басталуы кезінде, өндірісте зардап шеккен қайтыс болған немесе өндірістік жарақаттануға байланысты еңбек қабілеттілігінен айырылу жағдайында төлемдерді жүзеге асырады.

2010 жылға дейін барлық жұмыс берушілер шартқа отырып, сақтандыру сыйлықақыларын жалпы сақтандыру бойынша компанияларына төлеп жүрді, ал жазатайым оқиғалар басталған кезде сыйлықақылар өмір сақтандыру компанияларына тапсырылатын. Мұндай тәртіп сақтандыру сыйлықақыларының көлемі мәселесіне байланысты сақтандырушылар арасында келіспеушіліктердің туындауына әкелетін, алайда 2010 жылы заңнамаға сәйкес өзгертулер енгізілді. Нәтижесінде 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап өмірді сақтандыру компаниялары бірінші сақтандырушы да, екінші сақтандырушы да болуға мүмкіндік алды.

Тәжірибеде барлық жұмыс берушілер өндірістегі жазатайым оқиғаның болу қаупін қымбат ЖОМС сақтандыруын сатып алу арқылы жыл сайын сақтандыра алмаушылық орын алған. Осы жайт сақтандырудың ел кәсіпорындарын қамту деңгейінің төмендігі мәселесінің себебі болды. ЖОМС шартының болмауы жұмыс берушілерді әкімшілік жауапкершілікке тартқызатынына қарамастан, 2012 жылы кәсіпорындар жұмысшысын міндетті сақтандырумен қамту 31, 4%-ды құрады. Жұмыс берушілер өз жұмысшыларын сақтандыру арқылы қорғауды елемеушіліктің қаупін әрдайым түсіне бермейді. Қазіргі таңда сақтандырылмаған кәсіпорындар мониторингінің сызбасымен жұмыс жасау керек. Сақтандыру шартының болмауы үлкен шығындарға әкеледі, өйткені жазатайым оқиғадағы, әсіресе кәсіби аурулар мен жұмысшылардың мүгедектігі пайда болса, сақтандыру сомалары ондаған миллион теңгені құрайды,

Қазіргі уақытта Қазақстанның сақтандыру нарығында 6 өмірді сақтандыру компаниялары ЖОМС бойынша сақтандырумен айналысады. Сақтандырушылар арасындағы үлкен бәсекелестік кейде заңнамада істеліп бітпегендерді теріс пайдалану және сақтандырушы компаниялардың өз міндеттерін орындамау қаупіне әкелетін. Сондықтан нарықта сақтандыру тарифтерінің төмендеуіне жол бермеу мақсатында сақтандырушылар арнайы Меморандум жасасты. Клиенттерімен ұзақ мерзімдік қарым-қатынас орнатқысы келетін адал ниетті компаниялар шарт жасасу кезінде төмен тарифтер орнатпайтындығын түсіну керек, жұмыс берушінің өзі де сенімді, қаржылық тұрғыда тұрақты сақтандырушыларға барып, сақтандыру компаниясын және сақтандыру оқиғаларын таңдауға жауапкершілікпен қарауы керек.

Сақтандырушылар сақтандыру компаниясының сенімділігі ең алдымен актив көлемдері, төлем қабілеттілігінің маржа коэффициенті, құрылған сақтандыру резервтерінің көлемі, сақтандыру төлемдерінің көлемі арқылы анықталатынын білу керек. Сақтандыру компаниялары үшін сақтандыру бизнесінің мамандандырылуына байланысты сақтандыру резервтері ерекше қаржылық көрсеткіш болып табылады, өйткені оның көлемі компания болашақта клиенттерінің алдында өз міндеттерін орындай алу мүмкіндігінің ықтималдығын көрсетеді.

Адекватты сақтандыру тарифі дегеніміз компанияның зақымға сәйкес сақтандыру өтеуін жасау дайындығын және сақтандыру төлемінен қашу жолдарын іздемейтіндігін білдіреді. Осындай өзара қызмет жасау нәтижесінде жазатайым оқиға болған кездегі жылдық шарттық қарым-қатынастар ұзақ мерзімдікке айналады және өзара тиімді болады. Бірақ бұл үшін жұмыс беруші өз кәсіпорны туралы жеткілікті нақты және толық ақпарат беруі керек, өйткені дұрыс емес мәліметтер және жасырылған деректер сақтандыру төлемінен бас тартуға негіз болуы мүмкін. Мұндай жайттар жұмыс берушілер сақтандырушыға беретін ақпаратты бұрмалау арқылы өз сақтандыру сыйақыларын төмендетуге тырысқанда болады. Мысалға, қызметкерлерді санаттарға бөлген кезде өндіріс құрамының жұмысшыларын сақтандыру тарифі айтарлықтай төмен болып табылатын әкімшілік-басқару санатына жатқызады. Нәтижесінде сақтандыру ұйымы дұрыс бағаланбаған қауіп-қатерді өз мойнына алады. Сақтандыру тәжірибесінде жұмыс берушінің өз жұмысшылары арқылы пайда табу ниеті жазатайым оқиға болған кезде барлық кәсіпорынның банкротқа ұшырау қаупінің төнуіне әкелген жағдайлар болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірістегі кәсіптік аурулардан және жазатайым оқиғалардан міндетті әлеуметтік сақтандыру
Еңбек қорғаудың түсінігі туралы
ҚР-ң еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңы
Пестицидтерді қолданғанда еңбек қорғау жұмыстары
Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды ұйымдастыру
Қызметкердiң еңбек қауіпсіздiгіне және еңбекті қорғаудағы құқықтары
Еңбек қызметі процессінде қызметкерлерің еңбегінің қорғалуы
Өндірістегі еңбекақының төленуіне кеткен шығындардың есебі
Еңбекті қорғау пәнінен лекция тезистері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz