Қытайдың орталық азиядағы қауіпсіздіктің экономикалық факторы


ЖОСПАР
- КІРІСПЕ . . . 3
- НЕГІЗГІ БӨЛІМ . . . 7ҚЫТАЙДЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІКТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФАКТОРЫ . . . 7ҚЫТАЙДЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ЫҚПАЛ ЕТУІ ЖӘНЕ АЙМАҚТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІК САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ . . . 13
- ҚОРЫТЫНДЫ . . . 19
- ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 22
КІРІСПЕ
ҚХР-мен қарым-қатынастар - Орталық Азия мемлекеттерінің сыртқы саясатындағы басты бағыттарының бірі. Территориялардың шекаралас болуы, сондай-ақ, күшті шығыс көршінің үлкен экономикалық потенциалы мен оның халықаралық аренадағы, соның ішінде Азия кеңістігіндегі, салмағы бұл аймақтағы егеменді республикалардың Қытаймен тұрақты достық қатынастарда болу мүдделілігін анықтайды. Және де бұл қарым-қатынастар теңдік, өзара мүдделілік пен мемлекеттердің ішкі істері мен жағдайларына қол сұқпаушылық принциптеріне негізделіп орнатылуы керек.
Орталық Азияның жас мемлекеттері ҚХР-мен көп векторлы байланыстардың бар болуын ең алдымен территориялық тұтастық пен қауіпсіздік, экономикалық даму мен ішкі саяси тұрақтылығы үшін қолайлы сыртқы жағдайларды құру сияқты мәселелерді шешу тұрғысынан қарастырады.
Өз кезегінде, Орталық Азия Қытайдың экономикалық және қауіпсіздік мүдделер шеңберіне кіреді. Бұл аймақтағы республикалармен байланыстарды нығайту - ҚХР сыртқы саясатының басты міндеттерінің бірі. Қазіргі кезеңде, ҚХР шекараларына жақын жерде АҚШ әскери базаларының бар болуы жағдайларында, Пекин сыртқы саяси мүдделері мен басымдақтары арасында Орта Азиялық аймақғының маңыздылығы күрт өсуде. .
Пекиннің бұл бағыттағы саясатын анықтайтын маңызды факторларының бірі, - бұл аймақтың Қытайдың ең тұрақсыз ауданы - Синьцзян Ұй:ғыр Автономдық Ауданымен шекаралас болуы. ҚХР мен Орталық Азияның үш мемлекеті - Қазақстан, Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы 3000 км созылған шекараның екі жағында да ұқсас мұсылман ұлттардың өкілдері тұрады: қазақ, қырғыз, өзбек, ұйғыр, тәжік пен дұңғандар. Пекин Орталық Азия республикаларының тәуелсіздігін алу кезіндегі «демонстрациялық» эффектінің Синьцзянның жергілікті халықтарына ықпал етуінен қорықты. Бұндай қорқыныш Шығыс Түркістан (ұйғырлардың СУАР-ды атауы) тәуелсіздігі үшін қозғалыс басшыларының аймақтың жаңа мемлекеттері тарапынан көмек күткендігінен туындаған болатын. Алайда, мұндай жоспарлар шындаққа асқан жоқ.
Оның үстіне, Қытайдың Орталық Азия мен Қазақстанда елеулі экономикалық мүдделері де бар. Тіпті екі жақ арасындағы байланыстарды орнатудың бастапқы кезеңдерінде-ақ, бұл елдердің рыноктарында Қытайдың орнын табу қытай дипломатиясының түсінігінше басты міндеттердің бірі болды. Ал бұл елдердің астаналарында қытай сауда өкілділіктері тіпті, қытай елшіліктерінен бұрын да ашылған болатын.
Орталық Азия елдерінде өндіріс көлемдерінің азаюы, Ресейден келетін тауарлардың азаюы, сатып алу мүмкіншіліктерінің төмендеуі жергілікті рыноктардың қытайлық көпшілік қолды тауарларымен толтырылуына жақсы мүмкіндіктер жасаған болатын. Қазіргі кезде, қарқынды экономикалық дамуды бастан кешіріп отырған Қытай өз назарларын аймақтың шикізат, оның ішінде, әсіресе, энергетикалық ресурстарына бағыттауда.
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін ҚХР Орталық Азия республикалары мен Қазақстанның егемендігін таныған алғашқы мемлекеттердің бірі болды. 1992 жылдың 3 қаңтарында-ақ Қытай өкіметі Қазақстанмен, содан соң, келесі күннен бастап 7 ақпанға дейінгі уақыт аралығы ішінде Өзбекстан, Тәжікстан, Қыргызстан және Түркіменстанмен дипломатиялық қатынастар орнатылғаны туралы мәлімдеді.
Бұл байланыстарды нығайту процесінде шекаралық мәселені шешудің маңыздылығы ерекше үлкен болды. Өз уақытында, Қытайдың ҚСРО-ға, оның үш Орталық Азиялық республикиларына тікелей қатысы бар, шекаралық талаптарын қойғаны мәлім. Бұл сұрақ негізінен Ресей мен егемендік алған шекаралас үш мемлекеттердің (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстанның) бірлескен делегациясы және Қытай арасында болған пікірсөздер барысында өз шешімін тапқан (1990-шы жылдардың бірінші жартысы - ортасы) .
Қытай Халық Республикасымен көпжақты қарым-қатынастарды дамыту жағынан Орталық Азия республикилары арасында Қазақстан үздік орын алады. Екі елдің жоғарғы деңгейлі мемлекет қайраткерлері мен басшыларының арасында кездесулер жиілігі өте жоғары. Н. Назарбаевтың Қытай Халық респуликасына ресми сапарының нәтижесінде қабылданған (1993 октябрь) Қазақстан Республикасы мен ҚХР арасындағы достық қарым-қатынастар негіздері туралы Декларация Алматы мен Пекиннің бейбітшілік мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған ынтымақтастықты нығайту ниеттерін көрсетеді.
Екі жақтың да мемлекетаралық байланыстардың тиісті принциптермен сәйкес қызмет етуі, оның ішінде ішкі істеріне қол сұқпаушылық, бұл елдер басшыларымен жиі-жиі дәлелденуде; бұл принциптер 2002 жылы декабрьде қол қойылған Қазақстан Республикасы мен ҚХР арасындағы достық және ынтымақтастық туралы Келісімнің негізі болды. Қазақстанның жоғарғы деңгейлі мемлекет қайраткерлері Тайваньды Қытайдың бөлінбес бөлігі ретінде қарастыратындығын жиі-жиі айтуда, ал Қытай қазақстандық дипломатиясының бастауларына қолдау көрсетеді. Соның ішінде Н. Назарбаев ұсынған Азиядағы ынтымақтастық пен сенімділік шараларына байланысты кеңес (СВМДА) шақыру бастамасын атап айтсақ болады. ҚХР тарапынан қолдау көрсету мысалы ретінде ҚХР басшысы Цзян Цзэминьнің СВМДА мүше елдерінің басшыларының жиналысына (Алматы 2002 июнь ) қатысуын айтуға болады. Жалпы, Қытай-Қазақстан арасындағы өзара байланыстардың заңдылық негізін 105 әр түрлі документ пен екі жақты келісім-шарттар құрайды.
Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мен Түркіменстанның Қытаймен қарым-қатынастардың негізінде де достық пен ынтымақтастық саласындағы өзара мүдделілік жатыр. Бұл мемлекеттердің әр қайсысы ҚХР-мен басты салалардағы қатынастарды реттейтің көптеген келісім-шарттары мен басқа да документтер негізінде ресми түрде байланысты.
Курстық жұмысымыздың мақсаты Қытайдың жүргізіл отырған сырқы саясатындағы Орталық Азияға қатысты позициялары арқылы бұл мемлекеттің бүкіл аймақ қауіпсіздігіне әсер етуін анықтау және осының арқасында қарым-қатынастардың болашақ даму перспективасын ашып көрсету болып табылады. Осы мақсаттардан төмендегідей міндеттер түындап отыр:
- Қытайдың қазіргі сыртқы саясатындағы Орталық Азия республикаларының орны мен ролін анықтау; Қазақстан мен орталық Азия аймағындағы елдердің Қытайменен сыртқы саяси байланыстары және ынтымақтастықтың даму барысын айқындау және оның негативті жақтарын көрсету; Аймақтағы қауіпсіздік мәселесі төңірегіндегі сұрақтарды, соның ішінде қауіпсіздік жағдайлары мен шараларын зерттеу, Қытаймен ынтымақтастықтың дамуына шолу жасау, сол сияқты Қытайдың аймақ қауіпсіздігіне ықпалын қарастыру; Сауда, мұнай-газ секторындағы қатынастарның және заңсыз қытайлық миграциясының қауіпсіздік жағдайына әсерін ашу.
Курстық жұмысын жазу барысында біз кең көлемде деректер мен әдебиеттердәі пайдаландық. Қ. Тоқаевтың «Под стягом независимости» еңбегінен біз Қазақстан. -Қытай қатынастарының алғашқы бес жыл ішіндегі жетістіктер туралы мәліметтерді пайдаландық. Келтірілген мәліметтер Қазақстан-Қытай сауда-экономикалық қатынастарщдың дамуы, ыңтымақтастықтың негізгі бағыттары, Қытайдың сауда-инвестициялшық басымдықтар жайында акпарат береді.
К. Сыроежкиннің «Современный Синцзянь и его место в Казах-стано-Китайских отношениях» атты еңбегінде және «Китайские сюрпризы» мақаласында келтірілген Қытайдың газ-мұнай импортындағы экспансияның негативті жақтары қарастрылып, Қазақстан және орталық Азия елдерінің нарықтарында орнығуының себептері ашылады. Автор Қытайдың геосаяси жағдайын зерттеп, оның энергетикалық потенциалы мен ішкі тұрақсыздық жағдайларын көрсетеді. Және де осы факторлардың аймақтық қауіпсіздік жағдайына әсер етуі баяндалған.
Н. Назарбаевтың «Критическое десятилетие» атты еңбегі Қазақстанның экономика және ынтымақтастық саласындағы жетістіктерін баяндап, Қазақстанның Орталық Азиядағы орны мен геосаяси жағдайын көрсетеді. Сондай-ақ біз қазақстандық және қытайлық газет пен журналдарды кең көлемде қарастырдық.
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1 ҚЫТАЙДЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІКТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФАКТОРЫ
Қазақстан - Қытайдың бұл аймақтағы басты экономикалық партнері. Ол Қытайға қара және түсті метталлургия, химия өнеркәсібі және қытай экономикасының кейбір басқа салалары үшін шикізат, сондай-ақ өз мұнай өңдеу мен химиялық өнеркәсібінің өнімдерін сатуда. Мысалы, бокситтердің ірі қорларына ие Қазақстан, кен орындарда шығарылатын руданың басым бөлігін Қытайға сатады. Сапа жағынан жоғары және фрахт бағасының арзандығынан, Қазақстанда өндірілетін хром рудалары қытай тұтынушылары тарапынан үлкен сұраныс тұғызады. ҚХР - экспорттық көлемдері жағынан қазақстандық мыс өнімдерін сатып алушылар ішінде үшінші орында. Тек легалды (заңды) каналдармен Қытайға жыл сайын 2, 5 млн. т қара металл экспорттқа шығарылады. Қазақстанның ҚХР-дан келетін импорт негізінен өнеркәсіптік емес тауарлар болып табылады.
Қытай жағы Орталық Азиялық көршісінің әсіресе мұнай-газ саласында ерекше белсенділік танытуда. Осыған қоса, Қытай экономикасында күннен күнге өсіп отырған энергетикалық ресурстардың қажеттіліктерін ескеріп, қытай мемлекеттік мұнай компаниялары тек өндірілетін ресурстарын ғана емес, игерілмей отырған кен орындар мен қорларын да сатып алуға ниет білдіріп, бұл резервті көмірсулар қорлары болашақта пайдаланылады деген жоспарлар жасайды. Мысалы, 1997 жылы жазда Қытай ұлттық мұнай корпорациясы (КННК) Қазақстан өкіметі өткізген тендерлерді жеңіп, Ақтөбе облысындағы үш кен орынының мен Манғыстаудағы Өзен кен орнының мемлекет меншігіндегі акцияларын сатып алды. КННК-нің тендерлерді жеңу себебі ретінде корпорацияның Қазақстаннан Қытайға баратын мұнай құбырын ( жобаның қуаттылығы - жылына 20 млн. баррель мұнай) салу жауапкершілігін алғандығы айтылады.
«Ақтөбемұнайгаз» компаниясының бас акционері ретінде, КННК өндірілген шикізаттың басым бөлігін темір жол арқылы Синьцзянда орналасатын мұнай өңдеу заводтарына шығара бастады. Осыған қоса, компания қызметінде кейбір кемшіліктер айқын бола бастады. Корпорация жоғарыда айтылған кен орындардың иесі АҚ «Ақтөбемұнайгаздың» акцияларын сатып алу кезінде қол қойған инвестициялық программаны жүргізу жауапкершілігін жоққа шығарды. Батыс Қазақстан - Қытай мұнай құбырын салу созылып, жоба өз уақытында аяқталмауға жақын болды. Тек мемлекеттік компания «Қазмұнайгаз» мен КННК арасында өткен келісімсөздердің нәтижесінде (2003 октябрь) қытай жағы құбыр салу жобасының екінші, соңғы кезегін 2004 жылдың қыркүйегінде аяқтайуға келісім берді. Мұндай жағдайда мұнай тасымалдау тек 2007 жылы ғана басталуы мүмкін.
2003 жылы КННК «Шеврон Тексако оверсис компани» корпорациясынан «Тексако Северные Бузачи» компаниясын сатып алады. Бұл компанияның үлесінде, сол кезде, Северные Бузачи (Манғыстау облысы) мұнай-газ кен орнының дәлелденген қорларының 65% болды. Сонымен бірге, қытай компаниялары Ақтөбе облысындағы Жаңажол газ өңдеу заводының құрылысына қатысты ( Соның ішінде, бас подрядчик болып Қытай ұлттық инженерлік-құрылыс компаниясы жұмыс істеді; құрылыс 2003 жылдың күзінде аяқталды) .
Қазақстанныңмен Қытай Халық Республикасы арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың ерекшелігі (Орталық Азияның басқа республикалары сияқты) - 1980 - 90-шы жылдары-ақ Қазақстанға ене бастаған қытайлық орта және кіші бизнестің белсенділігі. Тіпті 1992 жылдың аяғында-ақ Қазақстан территориясында қытайлық бизнесмендер қатысқан 30-дан астам бірлескен кәсіпорындар болды. Олардың басым бөлігі өндіргіш емес салаларда операциялар жүргізді ( сауда жәңе т. б) . Сол кездерден бері қарай, осындай қытай капиталы қатысқан бірлескен кәсіпорындарының саны оншақты есе көбейген болатын.
Легалды (заңды) компаниялармен қатар Қазақстанға келетін қытай тауарларының контрабандасы мен республикадан заңсыз түрде шикізат шығару кең етек алды. Сондай-ақ, мұндай жағдай Қырғызстанға да тән. Қазіргі Астанаға маза бермей жатқан мәсәләлердәң бірі - Пекинмен тауарайналымының басым бөлігінің тек бартер және «челноктік» сауда арқылы жүзеге асырылуы. Қытай бизнесіне осыдан түсетін пайдасы Қазақстанда негізінен шикізат, әсіресе металлолом, сатып алуға қайта жұмсалады.
Қазақстан басшыларын, қоғамдық ұйымдарды және жалпы халықты республикаға келетін кең көлемдегі қытайлардың заңсыз миграциясы сескендіріп отыр. Бұл проблема республиканың экономикалық мүдделеріне зиян келтіріп, ішкі саяси тұрақтылығына ықпал етеді. Егеменді Қазақстан жеке өзі шығыс көршісі арасындағы өзінің ұзақ көлемді шекарасын қорғай алмайды. Бұл заңсыз миграцияға да, заңсыз контрабандаға да қолайлы жағдайлар тұғызуды.
Қазақстан басшылығы шекараны анықтау сұрағын шешу арқасында қытайлардың қазақ жерлеріне «жорғалаушы» қоныстануын тоқтата алады деп үміттенді. Алайда, кедендік режимді қаталдату да, полициялық структуралар жүргізіп отырған заңсыз тұрғындарды депортациялау мен рейдтер де, заңсыз мигранттарды тоқтата алар емес. Еңбекқорлық, кәсіпшілік, өзара көмек оларға легализациялауға мүмкіндік береді (Соның ішінде, фиктивті неке құру лар да бар) . Бұл тақырыпқа қатысты статистика қоғамға мәлім емес, бірақ эксперттердің айтуынша, қытайлық қоныстанушылардың саны жүздеген мыңдардай. Тек 2001-2003 жылдары қазақстандық шекарашылар ұстаған Қытайдан келуші заңсыз мигранттардың саны бүкіл Кеңес Одағы кезеңіндегіден 70 есе көп. Және де, бұл ағымның тоқтайтын түрі жоқ.
Астананы қобалжытып отырған мәселелердің бірі - Пекин жасп шығарған су канал жобасы. Жобаға сәйкес, Ертістің жоғарғы ағысындағы сулары қытайлық Қарамай қаласындағы (СУАР) мұнай скважиналарына тартылуы керек. Қазақстан мен Ресей мамандары тарапынан бұл жобаның іске асырылуы бұл өзеннің бүкіл бассейнінде күрделі экологиялық проблемалар тұғызады деген пікірлер талай рет айтылған. Ертіс өзенінің суларын қытай жағымен тартып алу көлемдерінің өсуі трансшекаралық Іле өзеніндегі су көлемдерінің азаюына ықпал ете алады. Осы тұрғыдан Астананың қобалжып отырғаны да түсінікті нәрсе. Ал Іле өзені де өз бастауын Синьцзяннан алады.
Пекин мен Бішкек арасындағы сауда қатынастарына келетін болсақ, оларға осы саладағы қазақстандық-қытайлық қарым-қатынастардағы қасиеттер тән. ҚХР Қырғызстаннан өндірістік жартылай фабрикаттар мен шикізат, соның ішінде, металлопрокат, түсті және қара металлдар мен минералды тыңайтқыштарды шығарады. Синьцзян Ұйғыр Автономдық Аудан гидроэнергетикалық рессурстардың үлкен тапшылығын бастан кешіруде. Сондықтан ол Қырғызстаннан энергияны имппортауға мүдделі. 1990-шы жылдардың ортасынан бастап Қытай Қырғызстанда құрған бірлескен кәсіп орындар саны жағынан үздік үштікке кіреді (негізінен өндіргіш емес салаларда) .
Қытаймен тікелей қатынас жолдарының болуына үлкен назар аударғаннан, 1990-шы жылдардың ортасында-ақ Қырғыстан басшылары мемлекет астанасын оңтүстік СУАР-дың орталығы болып табылатын қытайлық қала Қашғармен байланыстыратын автомобиль жолдарын модернизациялауға кіріскен болатын. Ол Бішкек - Нарын - Торугарт асуы (Қырғызстан - Қытай шекарасында) - Қашғар маршруты бойымен өтеді. Кейіннен бұл жобаға Өзбекстан қосылған болатын. 2000-шы жылдың күзінде халықаралық Ташкент - Ош - Қашғар автомагистралі жұмыс істей бастайды(бірақта, көлік жүру интенсивтілігі өте төмен) .
Қырғыз жағының санауы бойынша, Бішкек - Нарын - Торугарт асуы - Қашғар және, Ош - Сары-Таш - Иркештам - Қашғар трассаларын модернизациялау болашақта республикаға Сібірден, Қазақстаннан, Өзбекстаннан, Кавказ аймағынан, Тәжікстаннан Қытай Халық Республикасы, Индия, Пакистанға баратын автомобильді транспорты арқылы экспорттық-имопрттық жүк тасымалдарының басты бөлігіне айналуға мүмкіндік береді. Қытай мен Пакистан, өз кезегінде, Қарақорым шоссін пайдалануды интесификациялауға бағытталған шаралар қолдануда. 1995-шы жылдың март айында Қазақстан, Қырғызстан, Қытай мен Пакистан өзара транзит туралы келісімге қол қойған болатын. Алайда, бұл келісім толығымен іске асқан емес, соның ішінде қыс мезгілінде жабылатын Қарақорым шоссесінің қанағатсыз жағдайда болу себептерінен. 2003-шы жылдың қыркүйегінде жоғарыда айтылған төрт мемлекеттің өкілдері бұл келісімді реанимациялау шаралары туралы бір ауыздылыққа жетті.
Бұл елдер территорияларының шекаралас болғандығына қарамастан, Тәжікстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында, одан таулармен шектелген Қытай бұл жас мемлекеттің экономикалық мүдделерінің шет жағында қала берді. Себептердің бірі - ішкі жанжалдар орын алған Тәжікстан қытай бизнесмендерін мүлдем қызықтырмады.
Қазіргі кезеңде, екі жақты қарым-қатынастарды елеулі түрде кеңейтуге ұмтылған Душанбе мен Пекин, екі ел арасында қажетті транспорт қатынас жолын салу мақсаттарында шаралар жүргізуде (Таулы-Бадахшан Автономды облысы мен СУАР территориялары бойымен ) .
Бұл жобаны іске асыру үшін тәжік жағына автомобиль жолының бірнеше бөлігін салуға (соның ішінде, 260 км қашықтыққа созылған Куляб - Калай-Хумб трассасы және Тохтамыш - Кульма асуы ) және Хоруг - Мургаб магистралінде ремонттық жұмыстарды жүргізуге тура келді. 2001-шы жылдың күзінде Хорук-Мургаб (ГБАО) - Кульма асуы (тәжік-қытай шекарасында) автострадасы іске қосылды. СУАР территориясында магистраль Қарақорым шоссесіне шығатын Ташкурган қаласымен жалғасқан. Қытай Халық Республикасымен қатынасатын транспамирлік коридорға Өзбекстан да қызығушылық танытуда. Алайда, Ташкенттің Батыстың үздік державаларымен байланыстарды нығайтуға тырысуы нәтижесінде Қытайдың бұл республикамен саудасындағы 1992-ші жылы 6%(110 млн. долл. шамасында) болған үлесі, қазір 1%-ға түсті.
Түркіменстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастардың төмен болуы бұл елдердің сауда-экономикалық саласындағы байланыстарына да әсер етеді. Түркіменстанның тәуелсіздік алуынан бері қарай қарасақ, бұл мемлекеттің басшысы С. Ниязов тек екі рет (1992 және 1998 жылдары) ғана Қытайға ресми сапарлармен келген болатын. 2000-шы жылы С. Ниязов пен ҚХР төрағасы Цзян Цзэминь Ашхабадта Түркіменстан - Қытай (Жапонияға дейін тарту мүмкіндігі бар) атты газ құбырды салу туралы меморандумға қол қойды. Екі жақтың да жобаны іске асыруына мүдделі екендігі, 2002-ші жылы июнде Ашхабадта өткен, Цзян Цземинь мен С. Ниязов арасындағы келісөздер дәлелдейді (ҚХР төрағасы Түркіменстанға Алматыда өткен СВМДА саммиті біте салысымен келген болатын ) . Сонымен бірге, бағасы қымбат және техникалық жағынан күрделі жобаны іске асыру дайындығы бітуге жақын емес.
2. 2 ҚЫТАЙДЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ЫҚПАЛ ЕТУІ ЖӘНЕ АЙМАҚТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІК САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
Орталық Азия мемлекеттері үшін Қытаймен саяси саладағы байланыстарының ерекше өзектілігі, ең алдымен, халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы күрес, 1990 -шы жылдардың аяғында туды. Бұл, аймақта исламистік қозғалыстарының белсенділіктерінің өсуімен түсіндіріледі. 1999-шы жылдың күзінде және 2000-шы жылдың жазында Қырғызстан мен Өзбекстан территорияларына Өзбекстан Ислам Қозғалысының ( ИДУ ) боевиктерінің енуі Орталық Азияның басқа да республикаларында қобалжулар туғызды. Қазақстан қорғаныс министрі Орталық Азияның басқа мемлекеттері қорғаныс ведомстволары ішінде бірінші болып Пекинде аймақтық тұрақтылық қаупіне қарсы шаралар мәселелерімен байланысты келіссөздер өткізді (2000-шы жылдың апрель- май айлары ) . Бұл келіссөздердің нәтижесінде Қазақстан қарулы күштеріне ҚХР өкіметі тарапынан 11 млн. юань (шамамен 1, 4 млн. долл. ) көлемінде көмек бөлу туралы келісім жасалды. Сонымен бірге, келісімнің бірден іске асырылатындығы шешілді. Кейіннен Астанаға берілетін әскери-техникалық көмегі 30 млн. юаньға дейін кеңейді.
Қазақстан-қытай қарым-қатынастарындағы терроризм мен діни экстремизмге қарсы күрестегі ынтымақтастық мәселелеріне қатысты проблемалар Қытай Халық-азаттық армияның (НОАК) Бас штабының басшысының орынбасары генерал-полковник Сюн Гуанкайдың 2002-ші жылы мартта Қазақстанға сапары кезінде талқыланды. Ресми мәлеметтерге қарағанда, екі жақ Ауғанстандағы жағдаймен қатар, Орталық Азия елдері территорияларында американ әскери базаларының орналасу сұрағы да көтерілген болатын. Бұл генерал Сюн Гуанкайдың Астанаға сапардың басты міндеті болған сияқты. Өйткені сол кездің өзінде-ақ, ҚХР АҚШ-тың бұл аймақта өз әскери базаларын жақын болашақтағы көбейту мүмкіндігі мазаландырды. ҚХР әскери басшылығының өкілін Қазақстан президенті Н. Назарбаевтың өзі қабылдаған.
2002-шы жылдың август айында Вашингтон мен Астана керек жағдайда антитеррорлық коалицияның әскери самолеттерінің, ең алдымен АҚШ-тың, Алматы халықаралық әуежайында қонуға рұқсат ала алатындығы туралы меморандумға қол қойды. Осыдан кейін көп ұзамай Қазақстанға ҚХР қорғаныс министрлігінің делегациясы келді. Екі жаққа да маңызды болған мәселелермен қатар, соның ішінде Ауғанстандағы жағдай, Астанада өткен келіссөздерде қытай жағының бастамасымен жоғарыда айтылған мемморандум да талқыланды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz