Коммерциялық емес заңды тұлға


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Коммерциялық емес заңды тұлғаның құқықтық жағдайы
1. 1 Заңды тұлғаның жалпы сипаттамасы . . . 5
1. 2 Коммерциялық емес заңды тұлғаның ұғымы . . . 24
1. 3 Коммерциялық емес заңды тұлғаның құқықтық жағдайы . . . 26
2. Коммерциялық емес заңды тұлғаның түрлері
2. 1 Коммерциялық емес заңды тұлғаның түрлерінің ұғымы . . . 34
2. 2 Коммерциялық емес заңды тұлғаның жекелеген түрлері . . . 39
Қорытынды . . . 65
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 68
Қосымша . . . 71
Кіріспе
Ел президенті Н. Назарбаев өзінің егемен елі тәуелсіз Қазақстанға 2008 жылғы жолдауында халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру, әлауқатын арттыру мақсатын алға қойды.
Дипломдық жұмысымның тақырыбы « Коммерциялық емес заңды тұлғаның құқықтық жағдайы» жалпы қысқаша анықтама беретін болсам ол өз қызметінің негізгі мақсаты кіріс түсіруді көздемейтін және алынған таза кірісті қатысушылар арасында бөлмейтін ұйым коммерциялық емес заңды тұлға болып табылады.
Коммерциялық емес ұйымдардың құқықтық жағдайын ҚР Азаматтық кодексі, Коммерциялық емес ұйымдар туралы заң, коммерциялық емес ұйымдардың жекелеген түрлері туралы зандар жене заңға тәуелді нормативтік актілер реттеп отырады.
Коммерциялық емес ұйым болып табылатын занды тұлға мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестік нысанында құрылуы мүмкін. Коммерциялық ұйымдардың тізбесіне қарағанда, бұл тізбені толық деуге болмайды. Заң актілерінде коммерциялық емес ұйымдардың өзгеше нысаны бегіленуі мүмкін. Коммерциялық емес ұйымдар туралы заңның 17-бабының 2-тармағына сәйкес нотариалдық палаталар, адвокаттар алқалары, сауда-өнеркесіп палаталары, аудиторлар палатлары, меншік пәтер иелері кооперативтері жөне басқа да коммерциялық емес ұйымдар өзге де ұйымдық-құқықтық нысанда құрыла алады.
Коммерциялық емес ұйымдар әлеуметтік, мәдени, ғылыми, білім беру, қайыршдылық, басқару мақсаттарша қол жеткізу; азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау; даулар мен жанжалдарды шешу; азаматтардың рухани жөне өзге қажеттіліктерін қанағаттандыру; азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, денешынықтыру мен спортты дамыту; заң көмегін көрсету үшін, сондай-ақ қоғамдық игіліктерді және өз мүшелерінің (қатысушылардың) игіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мақсаттарда құрылуы мүмкін .
Коммерциялық емес ұйым кәсіпкерлік қызметпен өзінің жарғылық мақсаттарына сай келуіне қарай ғана айналыса алады. Коммерциялық ұйымдардан өзгеше, коммерциялық емес ұйымдар салық төлеу жеңілдігін пайдаланады. Бұл оларды тартымды ұйым ете түседі, өйткені көптеген коммерциялық емес ұйымдар белгілі бір нысаңда кәсіпкерлік қызметпен айналысады. Одан түсетін кірістер, әдетте, коммерциялық емес ұйымдар қызметін қаржыландырудың негізгі көзі болып табылады бұл негізінен қоғамдық бірлестіктерге қатысты.
1. Коммерциялық емес заңды тұлғаның құқықтық жағдайы
1. 1 Заңды тұлғаның жалпы сипаттамасы
Заңды тұлға дегеніміз бұл мүліктік қатынастардын басқа субъектілері ұйымдастырған, құрған және құқықтар мен міндеттер берген субъект. Заңды тұлғаның құрылтайшылары (құрушылары) оны мүліктік қатынастардын субъектілері ретінде өзінен бөлу мақсатында құрады. Мүліктік азаматтық-құқықтық қатынастар үшін заңды тұлға институтының практикалық маңыздылығы мынада: "заңды тұлға құрылтайшыларының өз кәсіпкерлік тәуекелін өздері үшін орынды болады деп есептейтін сомамен шектеу мүмкіндігі бар"[2; 47, 50б. ] .
Құқықтық санат ретінде заңды тұлғаның әдебиеттерде бір мағыналы анықтамасы жоқ.
Кеңес мемлекеті өмір сүріп тұрған көзенде азаматтық құқық теориясында заңды тұлғалардың мөні туралы алуан түрлі пікірлер кең таралған-ды. Негізінен алғанда, заңды тұлғалар - мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер зерттеу объектісі болды, мұны экономикада мемлекеттік меншіктің үстемдік етуімен түсіндіруге болатын еді.
Мемлекеттік ұйымдарға қатысты алғанда, заңды тұлғаның академик А. В. Венедиктов берген барынша толық ұғымы заң әдебиеттеріне "ұжым теориясы" деген атпен енді.
Қазіргі уақытта заңды тұлғаның мәні жөніндегі мәселе ғалымдардын теориялық пікір таластарында соншама кең таралмаған. Әдебиеттерде көздесетін соңғы пікірлердің ішінен заңды тұлғаның "мақсатты мүлік ретіндегі" анықтамасын атап көрсетуге болады. Е. А. Сухановтың пікірі бойынша, " . . . осы заманғы коммерциялық практикада азаматтық немесе сауда (коммерция) айналымына қатысуға әдейі арналған дербестелген мүлік ретіндегі заңды тұлғаның мәнін түсіндіретін "мақсатты мүлік" теориясын қостайтын дәлелдер жеткілікті"[31; 57, 73б. ] .
Шетелдерде заңды тұлғаға қатысты екі теория барынша кең таралған - жалған теория және шындық теориясы, бұларға ортақ нәрсе - ұжымдық құрылымдардын құқық субъектілігін дәлелдеу.
Заңды тұлғаның жалған теориясы герман заңгері, XIX ғ. пайда болған құқық тарихы мектебінін басшысы К. Ф. Савиньидің есімімен байланысты. Ол құқықтың нақ субъектісі адам және тек адам болып табылады деп тұжырымдады. Оның түжырымдамасы мынаған негізделді: заңды тұлға дегеніміз қарапайым өтірік арқылы қолдан жасалған құқық субъектісінен басқа ештеңе емес, құқық субъектіліктін бірден-бір мүмкін болатын иелері - жеке тұлғалар заңды тұлғадағы құқықтық қатынастардың нақты субъектілері болын қала береді.
Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша, жалған теориядан туындайтын заңды тұлға пайда болуының рұқсат ету тәртібі және арнайы құқық қабілеттілігі, ең алдымен, мемлекеттің пайда табу мақсаттарын көздемейтін адамдар бірлестіктеріне бақылау жүргізілуін қамтамасыз етуге бағытталған болатын. Жалған теория Англия мен АҚШ-та кең таралған.
Заңды тұлғаның өмір сүруін мойындау Англия мен АҚШ-та корпорация құқығынын іргелі принципі болды. XIX ғасырда жоғарғы судья Д. Маршаддың корпорацияға берген мынадай кең таралған анық-тамасы АҚШ-тағы теория мен практикада мәлім болды: "Корпорация - бұл көрінбейтін, сөзілмейтін және заң жүзінде ғана өмір сүретін жасанды құрылым".
Шындық теориясы, немесе XIX ғ. герман заңгері Гиркенің есімімен байланысты органикалық теория заңды тұлғаны мемлекеттің қалыпты тіршілік етуіне қажетті құқықтың нақты өмір сүретін субъектісі ретінде, олде бір әлеуметтік шындық ретінде мемлекеттен тәуелсіз емір сүретін одақтас тұлға ретінде қарастырды.
Шын мәнінде, Гирке де "нақты" одақтас тұлғаны адамға ұқсас құрастыра отырып, Савиньи ұсталған идеалистік ұстанымды басшылыққа алды. Органикалық теорияның қазіргі ізбасарлары заңды тұлғаны құқық тәртібі құқықтар мен міндеттер берген мүдделердін оқшауланған бірлігі ретінде қарастырады.
Батыстағы құқықта заңды тұлғаны азаматтық-құқықтық қатынастардың дербес қатысушысы ретінде әрекет ететін ұйым немесе мекеме ретінде түсінеді. Дегенмен, батыс мемлекеттердің азаматтық заңдары заңды тұлғаға мұлде анықтама бермеуді артық көреді (ФРГ-де 1978 ж. дейін "заңды тұлға" деген терминнің өзі болған емес, Италиянын Азаматтық кодексінде 1942 ж. заңды тұлғалардың дәрежеленуі ғана берілген), немесе заң шығарушылар жалпылама және өте қысқаша тұжырымдамалармен шектеледі. Мәселен, Швейцарияның 1907 ж. Азаматтық Заңдар жинағының 52-бабы заңды тұлғаларды әлде бір ерекше мақсат үшін бірлескен құрылымды, дербес мекемесі бар адамдар құрамасы ретінде анықтайды.
Заңды тұлғаның барынша толық анықтамасын Латын Америкасы елдерінің азаматтық кодекстерінен табуға болады. Чилидің 1865 ж. азаматтық кодексі заңды тұлға ұғымына мынадай тұжырымдама береді: "Құқықтарды жүзеге асырып, азаматтық міндеттерді атқара алатын, құқықтық және құқықтық емес қатынастарға түсе алатын ойдан шығарылған адам заңды тұлға болып табылады". Колумбиянын, Сальвадордын, Эквадордың азаматтық кодекстерінде де осындай анықтамалар бар[26; 121, 226б. ] .
Жоғарыда келтірілген заң практикасының негізінде заңды тұлға институты азаматтық құқықта басты орындардың бірін алады деп атап көрсетуге болады.
Заңды тұлға институтын заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігін, олардың ұйымдық-құқықтық нысандарын, заңды тұлғаларды құру, қайта құру және тарату тәртібін белгілейтін нормалардын жиынтығы, азаматтық құқықтың сала тармағы ретінде анықтауға болады.
Заңды тұлғаның жария анықтамасы ҚР АК-ның 33-бабының 1-тармағында баянды етілген: "Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.
Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы бөлуға тиіс"[24; 33, 47б. ] .
Заңды тұлғаның белгілері. Заңды тұлғаның анықтамасынан кез келген ұйымнын заңды тұлға ретінде таныла бермейтінін көреміз. Ұйым заңды тұлға мәртебесін алу үшін мынадай белгілердін жиынтығы болуы қажет:
- ұйымдық бірлік;
- мүліктік оқшауланушылық;
- дербес мүліктік жауапкершілік;
- азаматтық айналымда өз атынан әрекет ету.
Ұйымдық бірлік. Азаматтық кодекс заңды тұлғаны ұйым ретінде анықтайды. Иңдивидтердің жай ғана белгілі бір мөлшерін емес, өзара әрекеттесу мен қызмет етудің белгілі бір ережелеріне бағынған азаматтар ұжымын ұйым деп түсінеді. Заңды тұлғаның азаматтық-құқықтық қатынастарда біртұтас тұлға ретіндегі сыртқы еркін білдіретін әрекетін көптеген тұлғалардан тұратын ұжымдық құрылым - заңды тұлғаның ұйымдық бірлігі деп түсіну керек[25; 107, 137б. ] .
Сонымен бірге, ұйымдық бірлікті ұдайы көптеген адамдардың міндетті түрде қатысуына әкеп тіреуге болмайды. Соңғы онжылдықта көптеген елдерде капиталдың орталықтануы жағдайында бір ғана қатысушыдан (жеке немесе заңды тұлғадан) тұратын заңды тұлғалар әдеттегі құбылысқа айналуда. Мысалы, ФРГ-де 70-жылдардың басына қарай 42000 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердін шамамен 9300-і, яғни 22%-ы бір адамнан тұратын компанияларға айналған. Германияда бір ғана мүшеден тұратын акционерлік қоғамдар құруға (1968 ж. 10 мамырдағы Заң) және бір адамнан тұратын жауапкершілігі шектеулі серіктестік құруға (1980 ж. 4 мамырдағы Заң) рұқсат ететін заң актілері қабылданған. Франция, АҚШ, Норвегия, Швеция, Швейцария, Дания, Англия секілді бірқатар елдердің заңдарыңда да осындай құбылыстар байқалады. Бұларда Франция мен АҚШ-пен салыстырғанда бір адамнан тұратын корпорациялар құруға ресми түрде тыйым салынғанымен, әлде бір оқиғалардын нәтижесінде корпорациянын, компанияның қалған бір мұшесіне корпорацияның борыштары бойынша шектеусіз жауапкершілікті жүктеу арқылы компанияны жанама жолмен тану жүзеге асырылады[26; 121, 226б. ] .
Біздің еліміздің заңдары бір қатысушыдан тұратын заңды тұлғаның қызмет етуіне жол берген жоқ. Қазіргі АК бір қатысушыдан тұратын заңды тұлғалар құруға мүмкіндік беруді көздейді (АК-ның 40, 58-баптары) .
Заңды тұлғаның ұйымдық бірлігі оның құрылтай құжаттарында корсетіледі. АК-ның 41-бабына сәйкес, заңды тұлғалар өз қызметін жарғынын және құрылтай шартының не жарғысынын негізінде жүзеге асырады. Жарғыны кәсіпорын құрылтайшысы (құрылтайшылары) бекітеді, ал құрылтай шартын - құрылтайшылар жасайды. Жарғыда заңды тұлғаның атауы, тұрғылықты жері, нысанасы, қызмет мақсаты және басқа да қажетті мағлұматтар бөлуы тиіс. Жарғының болуы - заңды тұлғаның - мемлекеттік кәсіпорыннын қызмет етуінін міндетті шарты[2; 47, 50б. ] .
Мүліктік оқшауланушылық - заңды тұлғаның іргелі белгісі, бұдан оның дербес мүліктік жауапкершілігі туады. Заңды тұлғаның мүліктік оқшауланушылығы оған мүліктін бекітіліп берілуінен, бұл мүлікке билікжүргізе алуынан көрінеді. Ю. К. Толстой "заңды тұлғаның белгісі, бәрінен бұрын, оның оқшауланған мүлкінін бөлуы емес, ұйымның қызмет етуінін мүліктік оқшауланушынық секідці принципі, ал бұл екеуі бір нәрсе емес" деп әділ атап көрсеткен. Мәселен заңды тұлғаның мүліктік оқшауланушылығы ол тіркелген сәттен басталады (мысалы, АҚ үшін төленген қаржы[18] .
Заңды тұлғалардың оқшаулану дәрежесі түрліше және ол осы мүліке меншіктің түріне (мемлекеттік, жеке) байланысты. Егер бұл мемлекеттік кәсіпорын болса, онда мүлік оған шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығымен бекітіліп беріледі және ол осы арқылы басқа кәсіпорындардың мүлкінен оқшауланады[30; 110, 167б. ] .
Өзін-өзі өтеу және дербес бухгалтерлік баланстың болуы - заңды тұлғалардың мүліктік оқшаулануының көрінісі. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс (АК-ның 33-бабының 1-тармағы) .
Дербес мүліктік жауапкершілік заңды тұлғаның мүліктік оқшауланушылығына сүйенеді. Бұл белгі АК-ның 44-бабында былайша көрініс тапқан: әрбір заңды тұлға өз міндеттемелері бойынша дербес азаматтық-құқықтық жауапкершілік атқарады, тұлғаның борыштары бойынша оның құрылтайшысы (немесе құрььлтайшылары) да, мемлекет те жауап бермейді. Сонымен бірге, кейбір жағдайларда несие берушілердің мүдделерін қамтамасыз ету үшін бұл жалпы ережеден кейбір ерекшеліктер көзделген. Мәселен, қазыналық кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер және несие берушілердің борыштары бойынша өзінін барлық мүлкімен емес, олардың қолында бар ақшасымен ғана жауап беретін мекемелер үшін ерекшеліктер белгіленген (ҚР АК-ның 207-бабын қараңыз), мысалы, қазыналық кәсіпорынның ақшасы жетіспейтін жағдайда, ҚР Үкіметі немесе тиісті жергілікті атқарушы орган оның міндеттемелері бойынша ортақ жауаптылықта болады (АК-ның 1998 ж. 16 желтоқсандағы редакциясының 207-бабының 1-тармағындағы 2-абзацты қараңыз) . Заңды тұлғаның банкроттыққа ұшырауы оның құрылтайшысының немесе мүліктің меншік иесінің іс-әрекеттерінен туындайтын көзде және заңды тұлғалардың кейбір түрлері құрылтайшыларының олардың борыштары бойынша субсидиарлық ортақ жауаптылығы туатын жағдайларда заңды тұлғаның жауап беруінін жеке ережелері белгіленген (АК-ның 70, 84-баптары, 96-бабының 3-тармағы) . Бұған қоса, заңды тұлғалар құрылтайшыларының (қатысушыларының) олардың борыштары бойынша қосымша жауаптылығы құрылтай құжаттарында көрсетілуі мүмкін[24; 33, 47б. ] .
Азаматтық айналымда өз атынан ерекет ету, атап айтқанда, заңды тұлғаның өз атынан мүліктік және мүліктік емес өзіндік құқықтарды иелену, міндеттер атқару, сотта талапкер және жауапкер бөлу мүмкіндігінен де көрінеді.
Заңды тұлғаның атауы белгілі бір ұйымды құқықтық қатынастардың субъектісі деп тану үшін оны даралаңдыру және нақтыландыру құралы болып табылады. Азаматтық айналымда өз атынан әрекет ету - заңды тұлғаның басқа белгілерінен шыққан туынды болып табылады. Мәселен, АК-ның 38-бабына сейкес, заң шығарушылар заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанын нақ осындай атаумен байланыстырады. Мысалы, қазыналық кәсіпорынның фирмалық атауында кәсіпорынның қазыналық болын табылатыны көрсетілуге тиіс[2; 47, 50б. ] .
Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның міндетті түрде фирмалық атауы болуға тиіс. Мұнда заңды тұлғаның бөгде фирмалық атауды пайдаланғаны үшін кінәлі субъектілерді материалдық жауаптылыққа тартуға дейінгі фирмалық атауды пайдалану ерекше құқығы бар. Басқа тұлғалар белгілі бір ақы үшін заңды тұлғаның фирмалық атауын пайдалана алады[25; 107, 137б. ] .
Заңды тұлға фирмалық атаумен қатар, тауарлық белгі, қызмет керсету белгісі (сауда маркасы) секілді дараландыру құралдарын да пайдалануы мүмкін. Тауарлық белгі (қызмет керсету белгісі) дегеніміз - бұл тіркелген ауызша, бейнелік, көлемдік немесе басқа да таңбалар, олар бір шаруашылық жүргізуші субъектілердің тауарларын немесе көрсететін қызметін басқа шаруашылық субъектілерінін осы тектес тауарлары мен керсететін қызметінен айыруға мүмкіндік береді (1993 ж. 18 қаңтардағы "Тауарлық белгілер, қызмет көрсету белгілері және тауарлардын шығарылған орындарының атауы туралы" Заңның 4-бабы) Заңды тұлғаның даралану құралы ретіндегі тауарлық белгінің немесе қызмет көрсету белгісінің заңды тұлғаның өнімдерін тұтынушылар үшін де, заңды тұлғаның өзі үшін де зор практикалық маңызы бар. Мысалы, өндірушіге сапасыз тауары үшін шағым айтып, талап қою үшін қайырылу қажет болатын жағдайда тауарды дайындаушыны тауарлық белгі бойынша табу мүмкіндігі бар. Сонымен бірге, тауарлық белгі, тауарлық марка белгілі тауардың өндірушісін айыру құралы болып табылады[28; 57, 74б. ] .
Тауарлық белгіге теңестірілетін қызмет керсету белгісін негізгі міндеті қызмет көрсету болатын заңды тұлғалар тіркеп отырады.
Тауардың шығарылған орнынын атауы да заңды тұлғаны дараландыру құралы болып саналады. Қасиеттері едеуір дережеде табиғат жағдайларына немесе олардың шығарылатын жерлеріндегі адам факторларына байланысты болатын өнімдерді дайындайтын ұйымдар тауардың шығатын орнынын атауын тіркеуге және пайдалануға құқылы (мысалы, Вологда шілтері, Дымково ойыншықтары) . Тауарлық белгіден өзгеше, тауардың шығарылатын орнының атауын пайдалану құқығы айрықша құқық емес, оны сол жерде осындай тауар дайындайтын басқа заңды тұлғалар да пайдалануы мүмкін.
Сонымен, заңды тұлға дегеніміз - бұл меншігінде, шаруашылықты жүргізу құқығында, оралымды басқаруында оқшауланған мүлкі бар және өз міндеттемелері бойынша осы мүлкімен дербес жауап беретін, азаматтық айналымда өз атынан әрекет ететін ұйым.
Заңды тұлғаның органдары. Заңдар немесе құрылтай құжаттары арқылы құқықтың басқа субъектілері алдында арнайы уәкілеттіксіз (сенім хатсыз) өз атынан әрекет етуге уәкілетті заңды тұлғаның адамдары мен ұжымдық құрылымдары заңды тұлғаның органдарына жатады.
Заңды тұлғаның органдары дара (директор, президент, басқарушы) не ұжымдық (алқалық) болуы мүмкін. Мысалы, жалпы жиналыс, басқарма, директорлар кеңесі және т. с. с. ұжымдың органдарға жатады.
Заңды тұлғалардың органдарын тағайындау, сайлау түрлері мен тәртібін, олардың өкілеттіктерің заңды тұлғалардың жекелеген түрлері туралы заң актілері мен құрылтай құжаттары анықтайды[28; 57, 74б. ] .
Заңды тұлғаның органы мүліктік қатынастарда дербес субъект ретінде емес, заңды тұлғаның атынан әрекет етеді. Сондықтан заңды тұлға үшінші тұлғалардың алдында өзінін органы құрылтай құжаттарында белгіленген өз өкілеттігін асыра пайдаланып қабылдаған міндеттемелері бойынша жауап береді (АК-ның 44-бабының 4-тармағы) .
Заңды тұлғаның органы оның өкілі емес, сондықтан органның қызметін атқару әлде бір сенімхаттың бөлуын талап етпейді. Бұл ретте лауазымдық жағдайын растайтын қызметтік құжатты көрсету жеткілікті болады.
Заңды тұлға үшін азаматтық құқықтарды иелену және өзінің қатысушылары мен өкілдері арқылы өзіне азаматтық міндеттерді қабылдау туралы тармақты түсіндірілетін баптан шығару заңды тұлғаның мұны істеуге құқысы жоқ дегенді білдірмейді. Бұл жағдайда өкілдік туралы жалпы ережелер қолданылады (АК-ның 5-тарауын қараңыз) .
Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктері. Филиалдар мен өкілдіктер заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан мүліктік және аумақтық оқшау бөлімшелері болып табылады.
Филиалдар мен өкілдіктердін заңды тұлға мәртебесі болмайды.
Филиалдың (өкілдіктің) оқшау өз мүлкі болмайды, филиалдың (өкілдіктің) мүлкі есепке алыну мақсатында жеке баланста тұрады, бірақ мұндай баланс дербес болмайды; мүліктік тұрғыдан алғанда филиал (өкілдік) өз атынан емес, оны құрған заңды тұлғаның атынан әрекет етеді; және ең ақырында, ол дербес мүліктік жауап бермейді, оның іс-әрекеттері үшін заңды тұлға жауап береді.
Заңды тұлғаның филиалы қызметтің барлығын немесе оның бір бөлігін атқарады. Өкілдік дегеніміз - бұл заңды тұлғаның атынан заңдық іс-әрекеттер жасайтын және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыратын заңды тұлғаның бөлімшесі.
Филиалдар мен бөлімшелер оларды құрған заңды тұлға бекітетін Ережелердің негізінде әрекет етеді. Филиал (өкілдік) туралы Ереже филиал ішіндегі қатынастарды және филиалдар (олардың ішкі бөлімшелері) мен негізгі заңды тұлға арасындағы қатынастарды: филиал қызметінің мақсаттары мен негізгі түрлерін, оның лауазымды адамдарын тағайындау тәртібін, олардың құзіретін, мүлікті филиалдан заңды тұлғаға және керісінше тапсыру тәртібін, оны бақылау түрін, филиал (өкілдік) кызметінің тоқтатылу жағдайларын анықтайды[25; 107, 137б. ] .
Заңды тұлғалардың кейбір түрлері үшін көзделген жағдайлардан басқа реттерде филиалдар мен өкілдіктердің басшыларын заңды тұлғаның уәкілетті органы тағайындайды. Мәселен, қоғамдық бірлестіктердің құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) басшылары қоғамдық бірлестіктің жарғысында және оның филиалдары немесе өкілдіктері туралы ережеде көзделген тәртіппен сайланады (АК-ның 43-бабының 4-тармағы) .
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері заңды тұлғалардың құқықтарын иеленбестен есептік мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс.
Заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерің есептік тіркеу филиалдар мен өкілдіктер туралы ережелердің республика заңдарына сәйкестігін тексеруді, есептік тіркеуден өткені туралы куәлік беруді, осының нәтижесінде тіркеу нөмірін тапсыруды, филиалдар мен өкілдіктер туралы мәліметтерді бірыңғай мемлекеттік тіркелімге енгізуді қамтиды[45] .
Филиал мен өкілдіктен еншілес және тәуелді заңды тұлғаларды айыра білу керек (АК-ның 94-95-баптарын, Мемлекеттік кәсіпорын туралы жарлықтың 46-49-баптары) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz