Қауымдық-рулық құрылыс
Кіріспе
1. Қауымдық.рулық құрылыс: экономикалық қатынастар, билік, әлеуметтік нормалар
2. Мемлекеттің пайда болуының әлеуметтік.экономикалық алғы шарттары
3. Құқықтың пайда болуы. Оның алғашқы қауымдық құрылыстың әлеуметтік нормаларының айырмашылығы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Мемлекет – басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік-тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай-ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканы дамытудың, әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады. Мемлекет тек өзіне ғана тән функциялары, әсер ету нысандары мен институттарда әрекет ететін басқалардан ерекше өзгешелігімен көзге түсетін күрделі саяси организм ретінде қабылдаймыз.
Мемлекет дегеніміз бұл – адамзат қоғамы дамуының маңызды кезеңдеріне тән саяси ұйым:
а) қоғамды басқару міндетін атқару, адамдардың, топтардың, таптардың және басқа да әлеуметтік субьектілердің қарым-қатынасын реттеп, бағыттау, олардың бірлескен іс-қимылына жағдай жасау жүктелген;
б) оның саясатын жүзеге асыру жүктелген кең тармақты органдар жүйесі және биліктің ұйымдастырушылық-күш құралдары бар;
в) тапсырмасының орындалуын қоғамдық өмірдің барлық субьектілері қамтамасыз ететін әкімшілік-мәжбүрлеу өкілеттігі берілген.
Мемлекет функцияларын түрлі негіздер бойынша топтастыруға болады. Функцияларды қоғамдық өмірдің салаларына байланысты топтастыру неғурлым кең тараған. Егер мұндай саланы ең ірі түрінде алатын болсақ, онда мұндай жағдайда мемлекеттің барлық функцияларын ішкі және сыртқы деп топтастыруға блоады.
Мемлекетке дейінгі кезеңде қоғамдық өмірді әлеуметтік нормалар реттеп отырды. Ол адамдардың өмірлік қажеттіліктерінен пайда болып, дамыды.
Әлеуметтік нормалар ру мен тайпаның бірлігін, қоғамның әлеуметтік-экономикасын көрсетіп, оның даму жолдарын анықтады. Өндіріс құрал-жабдығының өз дәрежесінде дамымауы, өндірістің төмен болуы адамдардың қажеттілігін көрсетті.
Кез-келген қоғамда, оның өз мүшелеріне деген қатынасын реттеу қажеттілігі туды. Міне, соған байланысты әлеуметтік реттеудің қажеттілігі көрінеді. Оны нормативті және жеке деп екіге бөлеміз.
Біріншісінің нормалары қоғамның барлық мүшелеріне арналады.
Екіншісі, жеке бұйрық түрінде көрінеді. Олар бір-бірімен тығыз байланысты болады. Әлеуметтік реттеу адамзат қоғамының дамуымен басталады.

1. Ағдарбеков Т. Мемлекет және құқық теориясы.-Алматы, 2003
2. Жоламан Қ.Д. Мемлекет және құқық теориясы. –Алматы, 1999.
3. Бейсебаева С. Б. Мемлекет және құқық теориясы. –Шымкент, 2001
4. Алексеев С. С. Теория права. Дароботанное издание. –М., 1995.
5. Теория государства и права. Учебное пособие для поступающих в ВУЗы Учебное пособие вып. –М., 1994
6. Основы государства и права. Под ред. О. Е. Кутафина –М., 1995
7 Теория государства и права. Курс лекций в двух томах. 1. –М., МГУ 1995
8. Решетников Ф. М. Правовые системы стран мира. -М., 1993
9. Берман Г. Дж. Западная традиция права. Эпоха формирования. МГУ, 1994
10. Давид Р. Основные правовые системы современости. –М., 1988
11. Апарова Т. В. Прецедентв современном английском праве и судебное правотворчество . //Тр. ВНИИСЗ 1996.
12. Ғ. Сапарғалиев. А. Ибраева Мемлекет және құқық теориясы. –Алматы, 1997
13. А.С. Ибраева. Теория государства и права. Учебное пособие. Алматы. Жеті жарғы. 2003
Қосымша әдебиеттер.
1. Загрядский Г. В. Правовые системы современности. –М., 1995
2. Попков В. Д. Правовые системы современности. // Под ред. М. Н. Марченко. –М ., 1996
3. Росийская правовая система и международное право: современные проблемы взаимодействия (Всероссийская научно-практическая в Нижнем Новгороде) // Государство и право. 1996 № 3-4
4. Теория государства и право // Под ред. А. Б. Венгерова.-М., 1995
4. Давид Р. Основные правовые системы современости. –М., 1998.
5. Саидов А. Х. Сравнительное правоведение и юридическая география мира. –М., 1993
6. Решетников Ф. М. Правовые системы стран мира. -М., 1993
7. И. Ю. Богдановская. Прецедентное право. –М., 1993
8. Кросс Р. Прецедент в английском праве –М., 1993

Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Қауымдық-рулық құрылыс: экономикалық қатынастар, билік, әлеуметтік
нормалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... 4
2. Мемлекеттің пайда болуының әлеуметтік-экономикалық алғы шарттары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ..10
3. Құқықтың пайда болуы. Оның алғашқы қауымдық құрылыстың әлеуметтік
нормаларының айырмашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 9
Қолданылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
..30
Кіріспе
Мемлекет – басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның
тіршілік-тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар
жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән
ерекше белгілері мен қажетіне, сондай-ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне
қарай мемлекет экономиканы дамытудың, әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық
және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге
нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады.
Мемлекет тек өзіне ғана тән функциялары, әсер ету нысандары мен
институттарда әрекет ететін басқалардан ерекше өзгешелігімен көзге түсетін
күрделі саяси организм ретінде қабылдаймыз.
Мемлекет дегеніміз бұл – адамзат қоғамы дамуының маңызды кезеңдеріне
тән саяси ұйым:
а) қоғамды басқару міндетін атқару, адамдардың, топтардың, таптардың
және басқа да әлеуметтік субьектілердің қарым-қатынасын реттеп, бағыттау,
олардың бірлескен іс-қимылына жағдай жасау жүктелген;
б) оның саясатын жүзеге асыру жүктелген кең тармақты органдар жүйесі
және биліктің ұйымдастырушылық-күш құралдары бар;
в) тапсырмасының орындалуын қоғамдық өмірдің барлық субьектілері
қамтамасыз ететін әкімшілік-мәжбүрлеу өкілеттігі берілген.
Мемлекет функцияларын түрлі негіздер бойынша топтастыруға болады.
Функцияларды қоғамдық өмірдің салаларына байланысты топтастыру неғурлым кең
тараған. Егер мұндай саланы ең ірі түрінде алатын болсақ, онда мұндай
жағдайда мемлекеттің барлық функцияларын ішкі және сыртқы деп топтастыруға
блоады.
Мемлекетке дейінгі кезеңде қоғамдық өмірді әлеуметтік нормалар реттеп
отырды. Ол адамдардың өмірлік қажеттіліктерінен пайда болып, дамыды.
Әлеуметтік нормалар ру мен тайпаның бірлігін, қоғамның әлеуметтік-
экономикасын көрсетіп, оның даму жолдарын анықтады. Өндіріс құрал-
жабдығының өз дәрежесінде дамымауы, өндірістің төмен болуы адамдардың
қажеттілігін көрсетті.
Кез-келген қоғамда, оның өз мүшелеріне деген қатынасын реттеу
қажеттілігі туды. Міне, соған байланысты әлеуметтік реттеудің қажеттілігі
көрінеді. Оны нормативті және жеке деп екіге бөлеміз.
Біріншісінің нормалары қоғамның барлық мүшелеріне арналады.
Екіншісі, жеке бұйрық түрінде көрінеді. Олар бір-бірімен тығыз
байланысты болады. Әлеуметтік реттеу адамзат қоғамының дамуымен басталады.

нормалар
Алғашқы қауымдық қоғам – адамдардың пайда болып, жер жүзінде
өмір сүре бастағанына екі миллиондай жыл болды. Қоғамның
диалектикалық даму процесіне сәйкес адамдардың өздерінің дене
құрылысы да, миы да, тәжірибесі де, пайдаланатын құралдары да дамып
отырды. Соның нәтижесінде шамамен осыдан 40 мың жыл бұрын қазіргі
типті адамдар (хомо сапиенс) қалыптасты. Дамдардың дене құрлысының
өзгеруі тоқтап, оның орнына олардың қауымдық құрылысы, тәжірибесі
басында бәсең, кейін қарқынды түрде дами бастады. Бұл процес бірте-
бірте алғашқы қауымдық қоғамды өмірге әкелді. Қоғамның дамуы екі
бағытта жүріп отрды: адамдардың өмірлік тәжірибесінің дамуы және
соған сәйкес пайдаланатын құралдардың өзгеріп, прогрестің жаңаруы.
Бірақ бұл процесс басында өте бәсең дамыды.
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік дамуы екі
кезеңге бөлінеді.
1. Жабайы адам дәуірі 40-12 мың жылдықтар арасы. Адамдар табиғаттың
дайын заттарымен қоректенген, қарулары дайын: тас, сүйек, ағаш.
Жабайы аңшылық, балықшылық қалыптасып қоғамның негізгі сипаты
табиғаттың, қоршаған ортаның адамдардың күн көрісіне қолайлы жағдайды
жақсарту. Қысқаша айтқанда – дайынды игерушілік дәйірі. Бұл кезеңде
қиыншылық, ашаршылық жиі болды.
2. Экономиканы қолдан жасау дәуірі – 12-4 мың жылдықтар арасы.
Бұл кезеңде адамдардың тәжірибесі, пайдаланатын қаруы дамыды.
Рухани сана-сезім, білімі жоғарылады. Экономиканы қолдан жасауға
мүмкіншілік қалыптасты. Металургия, керамика өмірге келді. Малшылық-
егіншілік арқылы сертификациялық қоғам, рулық, тайпалық бірлестіктер,
әлеуметтік нормалар өмірге келді.
Алғашқы қауымдық құрылыста қоғамдық қатынастарды негізгі реттеуші салт-
дәстүрлер болды. Олар қоғамға пайдалы түрлі жағдайдағы мінез-құлық
ережелері еді. Салт-дәстүрлер атадан-балаға мұра ретінде беріліп отырды.
Қоғамға әсер ете отырып, олар өте жай өзгерді. Кейінгі дәуірлерде қоғамдық
мораль нормалары мен діни-нанымдар келіп шықты. Олар біртіндеп бірігіп
кетіп діни негіздерді қалады.
Мемлекеттің дамуы – мемлекет қоғамдық еңбек бөлісінің, жеке
меншіктің пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс пайда
болуы мен іс - әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптсатын, қоғам өмірін
ұйымдастырудың нысаны және оның негізгі салаларына басшылық ететін,
қажетті жағдайларда өкіметтің күш – қуатына сүйенетін басқару жүйесі.
Европалық елдерде – мемлекет жеке меншіктің шапшаң, күрделі
дамуы, қоғамның тапқа бөлінуі арқылы қалыптасты. Афина мен Римде
алғашқы қоғамның ыдырауы кезінде экономикалық күшті топтар мен
таптар мемлекетті өз қолдарына алып, өз мүдде – мақсаттарын
орындайтын мемлекеттік аппарат орнатты. Бұл мемлекеттер көбінесе
демократиялық жүйедегі саяси бірлестік болып қалыптасты. Спарта
аристократиялық республика болып қалыптасты.Біздің планета ғылымнан
белгілі болғандай, шамамен 4 – 5 млрд. жыл бұрын түзілген. Ежелгі адамдар
шамамен 2 млн. жыл бұрын пайда болған. Археологтардың зерттеулеріне
сүйенсек біздің республика төңірегінде алғашқы адамдар шамамен бір млн. жыл
бұрын пайда болғанын байқаймыз. Ойлау қабілеті бар адамдар – homo sapiens
- шамамен 40 мың жылдар бұрын пайда болған. Біздің эрамызға дейінгі 4-5 мың
жылдықта ең алғашқы қала мемлекеттер пайда бола бастады. Демек, осыған орай
адамдар 35 жылдан астам уақыт мемлекетсіз өмір сүрді деуге болады.
Мемлекетке дейінгі уақыт ғылымда алғашқы қауымдық құрылыс немесе
туыстық құрылыс деген атқа ие болды. Өйткені адамдар туыстармен топ болып,
негізінен қандық жүйемен біргелесіп өмір сүрді.
Алғашқы қауымдық құрылыс жетілмеген қоғам болды, адамдар негізінен
тек жинау экономикасымен, табиғаттағы барды терумен, дайын күйінде алумен
айналысқан болатын. Қоңыржай климатта самсып пісіп тұрған жемістерді теру,
аң аулау, балық аулау сияқтылармен айналысты. Осыған орай олардың қарулары
да жетілмеген болатын.
Алғашқы қауымдық қоғамда әлеуметтік билік тіршілік етті. Әлеуметтік
билік күштеуді емес,алдымен еріктілікті негізге алды. Еңбек ету жалпыға
бірдей, әркім өз міндеттерімен еркін түрде айналысты. Тапқан тамақ бәріне
бірдей тең бөлініп берілді. Олардың құқықтары мен міндеттері бірдей
болғанындай, жауаптылықтары да бірдей болды.
Туыстық қоғамдағы негізгі басқару органы ол – ақсақалдар кеңесінен,
көсемнен және туыстардың барлық мүшелерінің қатысуымен жалпы жиналыс болып
есептелді. Жалпы жиналыста туыстардың өмірінің негізгі, маңызды мәселері –
соғыс немесе бейбітшілік, басқа адамдарды асырап алу, тағыда басқа
мәселелер қарастырылды. Бұл жиналысқа әр-бір ересек кез келген сұрақтарды
шешу үшін қатысуға құқылы болды.
Жедел басқару мәселесінде ақсақал болып туыстардың арасынан құрметті
мүшелердің бірі сайланды. Бұл қызмет сайланбалы және ауыстырмалы болды,
басқа ешқандай жағдай жасалынбады ақсақал туыстардың мүшелерінің бәріменен
бірдей құқылы болды тең және солармен бірдей үлес алып отырды. Оның билігі
тек мәртебесінде болды және туыстардың мүшелерінің бәрі оны сыйлады.
Әскери билікті жүргізу үшін әскери көсем сайланды. Туыстардың өзінің
ішінде ақсақалдар кеңесі де түзілді. Туыстар тайпаға бірікті оларды
ақсақалдар кеңесі басқарып отырды, ақсақалдар кеңесі туыстар өкілдерінен
түзілді. Кеңес тайпаның көсемін сайлады, бұл қызметте қоғамның бастапқы
дамуының барысында ауыстырмалы болды және ешқандай жеңілдік берілген жоқ.
Тайпа одағын тайпа көсемі басқарып отырды, оны көсемдер кеңесі сайлады.
Туыстық құрылыстың мынадай негізгі соған тән нысандарын бөліп
қарастыруға болады:
1. Қауым мүшелерінің ортақ төңіректе тұруына және жалпы бірігіп
істейтін шаруашылық істерде бірге болу үшін қандық туыстықтың
болуы.
2. Ортақ бірдей тілдің, әдет – ғұрып пен дәстүрдің болуы.
3. Өз туыстарыының ішінде некелесуге тыиым салу. Қазақ қоғамында бұл
тыймының жеті атаға дейінгі аралықта болуы (бұл тек өте жақын
туыстар арасында ғана емес, алыс туыстар арасында да сақталды).
4. Ортақ жерлеу рәсімі мен жерінің болуы.
5. Әрбір рудың өз атауының болуы.
6. Руды – жалпы жиналыста сайлаған абыройлы ру мүшесі – көсем немесе
ақсақал басқарды.
Сөйтіп, ежелгі қауымдық құрылыстағы әлеуметтік билік тікелей қоғамдық
кезең болып табылды.
Мыңдаған жылдар бойы адамдар мемлекеттік-құқықтық жағдайда өмір
сүруде. Барлық азаматтар белгілі бір мемлекетке жатады, мемлекеттік билікке
көтеріледі, өздерінің іс-әрекеттерімен құқықтық жазбаларға және талаптарға
әсер етеді.
Ежелгі дәуірде-ақ адамдар мемлекет пен құқықтың пайда болу себептері
мен жолдары туралы ойлана бастаған. Әртүрлі жақтармен сипатталған көптеген
теориялар жасалған.
Алғашқы қауымдық құрылысқа тән этникалық ортақтық формасы - тайпа
болды. Мұның мүшелері ру мүшелері сияқты қандас-туыстық байланыстармен
бірікті. Бұл кезеңде өте күрделі құрылым: екі дуальдық-экзогамдық ру жаңа
әлеуметтік қауымдық-тайпаның өркенін құрады. Ру - алғашқы тұрмыстық
қауымдық демократия принциптері негізінде басқарылды.
Тайпаның әрбір ересек мүшесі рулық кеңесте, сондай-ақ тайпалық
кеңесте де өз пікірін еркін айтуға мүмкіндігі болды. Ақсақалдар мен әскери
көсемдер өз қызметіне сайлану құқығы бойынша келді.
Осы демократиялық ру-тайпалық өзін-өзі басқару әйелдерге де тиісті
болды. Алғашқы қауымдық құрылыста әлеуметтік билік өмір сүрді. Бұл дәуірді
потестарлық билік (латын сөзінде potestus-билік,күш) дәуірі деп те
атаймыз. Адамдар өз міндеттерін ешкімнің мәжбүрлеуінсіз өздері орындап
отырды.
Рулық қоғамда негізгі билік ру көсемінің, ақсақалдар кеңесінің және
рудың ересек мүшелерінің жалпы жиналысында болды. Мұнда ру өміріндегі
маңызды мәселелер шешілді. Сайланған көсемдер рудың беделді мұшелері болды.
Біртіндеп, жасы үлкен беделді ақсақалдардың орнына күш-қуаты мол әскери
көсемдер келді. Ру ақсақалдары және әскери көсемдер ешқандай жеңілдіктерге
ие болмады.
Әскери демократия тұсында халық жиналысы, ақсақалдар кеңесі,
тайпалық көсем сақталды. Рулық қоғамның ыдырау формалары қандай да болсын
дәуірдің негізгі мазмұны жеке меншіктің, таптың және мемлекеттің тууы болып
қала берді. Көптеген тайпаларда құпия одақдар пайда болды. Ол байлығы мол
адамдардың одақтары еді. Олар біртіндеп ру-тайпалық билік тұтқаларын өз
қолдарына алды. Құпия одақтар ру-тайпалық органдарды билеп қана қоймай,
қоғамдық тәртіпті сақтау, сот істерін жүргізу, соғыс пен бейбітшілік
мәселелерін шешу істерін де өздері иемденіп, қуатты руаралық және
тайпааралық ұйымдарға айналды.
Әскери демократияның ашық таптық демократияға айналуы мемлекеттік
саяси құрылымның қалыптасуына алып келді. Халықтар территориялық принцип
бойынша бөліне бастады. Біртіндеп мемлекет пайда болды. Мемлекеттің пайда
болуы ұзаққа созылған процесс болды. Мемлекет ру-тайпалық құрылыс ыдырап,
қоғам ішінен көсемдер мен оның айналасындағылар бөлініп шағып, қоғамның
әлеуметтік жіктелісі тереңдеп, шаруашылық байланыстар кеңейген кезде пайда
болды.
Таптық қоғамдар бұдан 5 мың жылдан астам бұрын қалыптаса бастады.
Мемлекет пен құқықты бір – бірінен айыруға болмайды. Олар обьективтік
тұрғыдан тығыз байланыста бірлесіп дамитын ғылым. Бірақ олар бір
ғылымға жатқанымен, әрқайсысының нақты бағыттары болады. Мемлекет
қоғамның саяси – экономикалық құрлысымен шұғылданады, құқық
–нормативтік актілер жүйесін қалыптастырады.
Осы бірлестік пен дербестік олардың мазмұнын, мақсатын,
қызметінің әдіс-тәсілдерін, функцияларын жан-жақты зерттеуге, жаңартуға,
дамытуға мүмкіншіліктер береді. Мемлекет пен құқықты тереңірек
зерттеп білуге жағдай туады.
Заң ғылымы өткен дәуірде (алғашқы қоғамда, құл иелену, феодалдық,
буржуазиялық формацияларда), қазіргі кезеңде, болашақта мемлекет және
құқықтың қоғамды басқарудағы обьективтік және субьективтік
заңдылықтарын, әдіс – тәсілдерін зерттейді. Осы үш дәуірде болған және
болашақ қоғамның, мемлекет пен құқықтың өздерінің даму процесінде
болған жақсы жақсы тәжірибелерді жинақтап, қорытынды тұжырымдар жасалып
отырады.
Мемлекет және құқық теориясының пәні – адам қоғамының өміріндегі
құбылыстардың, мемлекет пен құқықтың өмірге келу, даму обьективтік
заңдылықтары мен олардың мәні – маңызы, құрылымы және мақсаты.
Бұл түсіндірме үш тараудан тұрады:
• қоғамның қалыптасу, мемлекет және құқықтың өмірге келу
заңдылықтары;
• қоғамның, мемлекеттің, құқықтың даму заңдылықтары;
• қоғамның, мемлекеттің, құқықтың тарихи маңызы, құрылымы, мақсаты.
Мемлекет және құқық теориясы іргелі де терең ғылым ретінде
бірнеше функциялар атқарады:
Онтолгиялық функция – (грек...шын білім) адам қоғамының тұрмысын,
оның қағидаларын, құрылымын, даму заңдылықтарын зерттеу. Бұл зерттеу
арқылы мемлекет пен құқықтың өмірге келуін, дамуын, болашағын
білуге мүмкіншілік қалыптасады.
Гносеологиялық функция – (грек..білім теория) таным теориясы арқылы
мемлекет және құқықтың құрылымын, маңызын, мақсатын білуге болады.
Эвристикалық функция – (грек.. табу) заң ғылымының барлық саласында
зерттеудің әдіс – тәсілдерін жетілдіріп, қоғамдағы құбылыстардың даму
процесінің жаңа заңдылықтарын табу, ашу.
Әдістемелік функция – мемлекет және құқық теориясы заң ғылымы
салаларының талаптарына сәйкес жалпы әдістемелік ғылыми салаларының
талаптарына сәйкес жалпы әдістемелік ғылыми тұжырымдар жасап, ғылымның
жақсы дамуына жағдай жасау.
Саяси функция – қоғамның алдында тұрған мақсатты, саясатты жалпы
теория тұрғысынан орындау бағыттарын, жолдарын белгілеу. Мемлекеттің
ішкі - сыртқы саясатының ғылыми негіздерін жасап, оның ғылыми
тұрғыдан орындалуын қамтамасыз ету.
Идеологиялық функция – жалпы теория қоғамдағы әртүрлі көзқарасты,
саясатты, идеялард біріктіріп, ғылыми тұрақты жүйе қалыптастырып,
адамдардың сана – сезімін, құқықтық мәдениетінің сапасын жақсарту.
Тәжірибелік-ұйымдық функция – тәжірибелерге сүйене отырып, жалпы
теория қоғамдағы заңдылықты, тәртіпті сапалы іске асыру үшін ұсыныстар
жасап отыру қажет.
Болжау функциясы – жалпы қоғамдағы саяси – құқықтық құбылыстармен
ғана шектелмей сол құбылыстардың болашақ бағытын зерттеп, ғылыми
қорытынды тұжырымдар жасап, оны құқықтық реттеп, басқару
бағдарламасын дайындауы қажет.
Құқық және мемлекет теориясының функциялары бір-бірімен тығыз
байланыста дамиды. Олардың қызметін біріктіріп зерттегенде жалпы
теорияның қоғамдағы маңызы жақсы көрінеді. Жалпы теория өз
функцияларын заң ғылымының басқа салаларымен бірлесіп атқарады. Сонда
ғана нәтиже болады.
Мемлекет және құқық теориясының белгі – нышандары. Мемлекет және
құқық теориясы адам қоғамының бір саласын жан-жақты зерттеп, оның
обьективтік даму заңдылықтарын, өзара байланысын анықтап, оларды
қолданудың жолдарын көрсетіп отырады. Сондықтан жалпы теория қоғамдық
ғылымның бір саласы.
Жалпы теория мемлекеттік – құқықтық проблемалармен бірге дүниетаным
мәселелерін де зерттеп қоғамның әлеуметтік жағдайын қосып, ғылыми
тұрғыдан қорытынды тұжырымдар жасап, құқықтық нормалар арқылы
қоғамдық, топтық жеке тұлғалық мүдде-мақсаттарды іске асыруға,
сапалы орындауға мүмкіншілік жасап отырады. Құқық және мемлекет
теориясының ғылыми даму бағыттары: Жалпы ерекшелік заңдылықтарды
зерттеу; негізгі күрделі мәселелерді зерттеу; жалпы теорияны дамыту;
жалпы теорияның салаларын, жүйелерін біріктіріп зерттеу.
Методология – дүниені философиялық тұрғыдан түсіндіретін ілім.
Ғылыми методологияның негізі – материализм мен диалектика. Ғылымның
методологиясы – оның ғылыми зерттеу әдіс-тәсілдері. Жалпы ғылым
дегеніміз екі мәселені қамтиды, екі бағытты біріктіреді – теория және
методика. Теория-ғылым нені зерттейді ?-деген сұраққа жауап береді.
Методика – ғылым қандай тәсілмен, амалмен зерттеу жүргізеді ? – деген
сұраққа жауап береді. Теория мен методика өмірде тығыз байланыста
дамиды. Бұл обьективтік байланыс ғылымның мыңдаған саласындағы
тәірибеде дәлелденген.
Әлемнің материалдық және рухани тұтастығы мен бірлестігі дүние
жүзіндегі барлық ғылымның өзара байланысын дәлелдейді. Әсресе бұл
өзара байланысын дәлелдейді. Әсіресе бұл өзара байланыс қоғамдық
ғылымдар арасында жақсы қалыптасқан. Бұл ғылымдар қоғамды, адамды,
олардың ара қатынасын, сана – сезімін зерттейді. Зерттеудің негізгі
мақсаты – адамның бостандығы, құқығы, қадір – қасиеті, ар-намысы.
Қоғамдық өмірдің ең өзекті мәселесі – мемлекет пен құқықтың маңызы,
олардың алатын орны. Бұл проблемаларды жалпы теория қоғамдық
ғылымдардың басқа түрлерімен (философия, экономика, социология,
политология т.б.) бірігіп зерттеп отырады.
Мемлекет және құқық теориясы барлық заң ғлымының салаларының
обьективтік даму заңдылықтарын, бір-бірімен байланысын зерттеп,
жалпылама тұжырымдар жасап отырады. Бұл тұжырымдарды салалық
ғылымдардың жетістіктерін пайдаланып, жалпы заң ғылымының негізін
дамытып отырады.
Сонымен, жалпы теория барлық заң ғылымының салаларын
біріктірушісі, негізін құраушы, дамытушы жетекші ғылымға айналып
отыр. Адам қоғамы дилектикалық даму процессінде болғандықтан
ғылымның міндеттері де өзгеріп, толықтырылып, жаңарып отырады.
Теориялық білімді нығайтуға ықпалын тигізетін үлгілер 1
Мемлекет және құқық теориясы
Теорияның пәні

Бұл алғашқы мемлекеттерге б.д.д. IV мыңжылдықтағы Мессопотамия және
Ніл аңғарында, III мыңжылдықтың орта шенінде - Инда бассейнінде, II
мыңжылдықта – Эгей теңізі бассейнінде, Кіші Азияда, Финикияда, Оңтүстік
Аравияда, Хуанхэ бассейнінде, б.д.д. I мыңжылдықта және б.д. I
мыңжылдығында Көне Дүние мен Орталық Американың территориясының үлкен
бөлігінде пайда болған мемлекеттер жатты.
Мемлекеттің шығыстық жолының қалыптасуының ерекшілігі саяси билік
иелері қандай да бір қоғамдық қызметті атқарады.Қауымның ішінде қоғамдық
өнімнен алынған қор болды. Бұл қауым ішіндегі ерекше лауазымды тұлғалар
тобын қалыптастырды. Олар қауымның әкімшілік, қазыналық, бақылаушы
қызметтерін атқарады.
Кей жағдайда әкімшілік басқару діни салттармен бірге
жүрді,бұл оның беделін көтерді. Мұның барлығы өз орындарын мұраға қалдыруға
әкеп соқты. Бұл мемлекеттік билік аппаратын құрды. Сөйтіп, шығыстық
мемлекеттік құрылымға тән нәрсе таптық басқару аппаратының, экономикаға
бақылаудың, саяси және әскери қызметтердің болуы еді. Біртіндеп, бұл
қызметтерді атқарушылар ру-тайпалық тектілерінің әлеуметтік топтарына (топ,
тап, кастаға) айналды.
Әкімшілік-мемлекеттік құрылым жеке меншікке (әсіресе, жерге)
негізделді.
Экономика мемлекеттік және қоғамдық меншік түрде қалыптасты.
Мемлекттік аппарат өкілдерінің сарайлары, асыл бұйымдары, құлдары болды.
Қызметтен кеткен жағдайда дүниесінен, кей кезде өз бастарынан да айырылып
отырған. Дегенмен, жеке меншік мемлекеттің экономикасына анау айтқан әсерін
тигізе қойған жоқ. Қоғамдық өндіріске ерікті қауымдық еңбек - шешуші әсер
етті. Саудагер мен қалалық қолөнершілер тобы эконономиканың дамуына өз
үлестерін қоса алмады.
Біртіндеп ұжымдық еңбек қызметі кооперациясының шеңбері өсті. Бұл
қауымның үстінен қарайтын билік және басқару органдарының пайда болуына
әсерін тигізді. Олар билеуші адамдар мен құдай арасындадағы өкіл болды.
Олар билігін құдайдан алады деп есептелінді. Мұның барлығы биліктің
орталықтануына алып келді. Осының нәтижесінде пирамидаға ұқсас құрылым
пайда болды. Жоғарыда (көсемнің орнына) шексіз билік иесі монарх отырды,
төменде (ақсақалдар және көсем кеңесінің орнына) монарх
кеңесшілері,уәзірлер отырды. Олардан кейін төменгі шендегі біртіндеп рулық
мәнді жоюшы чиновниктер және т.б. пирамиданың негізгі ауыл-шаруашылық
қауымдары отырды.
Негізгі өндіріс көзі жер болды. Ол қауым меншігі болып саналды.
Қауымдастар ерікті болып есептелінгенімен шын мәнінде мемлекеттікі болды.
Сөйтіп,мемлекеттік билік бюрократтық чиновник аппараты мен оның басшысы
шексіз билік иесі монархтың қолында болды. Шығыс елдерінің өз ерекшіліктері
болды. Қытайда құлдық үй шаруашылағында дамыса,Египетте құлдар қауымдар мен
бірге экономикаға өз үлестерін тигізді. Европалық антикадағы құлдық жеке
меншікке негізделсе, ол Египетте көптеген құлдар мемлекеттің (фараонның)
немесе храмның меншігі болды.
Дегенмен, шығыстық мемлекеттердің бәріне бірдей тән ерекшіліктері де
кездесті. Олардың барлығында бірдей абсолюттік монархия болды. Экономика
негізіне мемлекеттік меншік түрі жатты,ал жеке меншік екінші орында қалды.
Мемлекеттің пайда болуының шығыстық жолы бойынша ру-тайпалық қауымнан
біртіндеп мемлекетке өтті. Мұндағы мемлекеттің пайда болуының негізгі
себептері мыналар:
1.Ирригациялық құрылыстардың дамуына байланысты қажеттіліктен;
2.Осы мақсатқа байланысты үлкен территориялар мен адамдар бұқарасын
біріктіру қажеттілігінен;
3.Осы бұқараны басқару үшін біртұтас орталықтан басқарудың
қажеттілігінен пайда болды.
Мемлекеттік аппарат ру-тайпалық бірлестіктің басқару аппаратынан
пайда болды. Қоғамнан - қауымдық еңбекті қанаушы тап бөлініп шықты.
Шығыстық қоғам мыңдаған жылдар бойы дамымай сол күйінде тұрды.
Мемлекеттің пайда болуының шығыстық жолына қарағанда европалық
мемлекеттерінің пайда болып, қалыптасуының өз ерекшілігі болды. Аз уақыт
ішінде тарихи жағынан өзінен бұрын дамыған шығыстық елдерден басып озып,
адамзат процесінің даму жолдарын анықтап берді. Европа территориясында
мемлекеттің пайда болуына әсер еткен қоғамның тапқа бөлінуі еді.
Мемлекеттің қалыптасуына әсер еткен процесс әскери демократия болды. Осы
кезеңде жерге жеке меншік дамыды, өндіріс құралы – малдар мен құлдардың
еңбегін пайдалану күшейді.
Ежелгі Афинада рулық құрылыстың органдарына біртіндеп жаңа
органдардың енуіне байланысты мемлекетке тән нығыз билік органдары келді.
Қаруланған халық орнына, халыққа қарсы тұратын қоғамға лайық емес,
одан алыс көпшілік билік келді.
Қауымдық құрылыстың алғашқы кезеңінде–ақ қарапайым қауым мүшелерінен
гөрі аристократтардың (батырлар, базилевстер) жерлері, құлдары, малдары,
еңбек құралдары көп болды. Грецияда құлдық патриархалды мәнде дамыды. Текті
аристократтар мен бұқара халықтың арасындағы тартыс өткір болды. Олар
теңізде тонаушылық және саудамен байыған жеке меншік иелерімен біріге
отырып жауапты мемлекеттік қызметтерді алды.Баяғы ру тектілері билігі
жойылды. Афина мемлекеті таптық қайшылықтардан пайда болды.Біртіндеп жеке
меншіктің қалыптасуы экономикалық билеуші тапты қалыптастырды. Бұл бәрінен
бұрын көпшілік билік институтын алып келді. Сондықтан Афинаны мемлекеттің
пайда болуының классикалық түрі деп атаймыз.
Ежелгі Спарта мемлекетінің пайда болуына түрлі себептер әсер етті.
Спартандық қауым көрші аумақтарды жаулап алып отырды. Ол жердің тұрғындары
жеке меншік емес,қауымдық құлдарға,яғни илоттарға айналды.
Олардың саны спартандықтардан да асып кетті.Сондықтан оларды
басқару үшін жаңа билік органдары бар аппарат қажеттілігі туды.
Спартандықтардың өз ішінде мүлік теңсіздігін дамытпау үшін тең түрде
жартылай ерікті тұрғындарымен бірге жер бөлініп берілді. Илоттардың үстінен
мемлекет тарапынан өкілеттікке ие болған адамдар тұрды. Олар өте қатал
террор орнатты. Оларға қарсы илоттар көтерілістер жасап отырды. Бұл
қауіп қатал аристократиялық мемлекетті дамытты. Алғашқы қауымдық құрылыс
қалдықтары сақталынған қатал территориялық әдістерді пайдаланушы басқаруды
алып келді. Бұл ру-тайпалық ұйымды жоюға мүмкіндік бермеді. Спарта
мемлекетінің басында екі патша отырды.
Римде мемлекеттің және таптардың пайда болуы ұзаққа созылған процесс
болды. Ол 200 жылға созылған римдік рулық – тайпалық қоғамның ерікті
мүшелері мен плебейлер арасындағы күресте қалыптасты. Осының нәтижесінде
Римдік қоғамдық ұйым демократиялық мәнге ие болды.Мысалы, барлық ерікті
азаматтар тең құқылы болды,әрбір рим азаматы бір мезгілде жер иесі және
жауынгер болу принципі бекітілді, қауым жерінің әлеуметтік саяси маңызы
артты.
Мұның барлығы ерікті азаматтардың арасында мүлік пен әлеуметтік
теңсіздіктің дамуын тежеді.
Б.д.д. II ғасырдың соңында қауымдас шаруалардың бұқаралық
жерсізденуіне байланысты жағдай өзгереді. Қалалар мен селоларды жаулап алу
тоқтамады.
Мемлекеттің дамуына кері әсерін тигізіп отырған римдік отбасының,
жаулап алған аумақтарды басқаруға күші жетпеді. Осының барлығы б.д.д.
II ғасырда күшті мемлекеттік аппаратты алып келді. Римде мемлекеттің
құрылуы Грециядағы сияқты болды. Бірақ Римде бұл процеске плебейлер
араласты. Римдік руға жатпайтын сырттан келген тайпалар өкілдерінің қолында
сауда және өндіріс байлығы болды. Плебейлердің экономикалық билігі күшейді.
Олардың текті римдік аристократ-патрицийлерге қарсы күресі мемлекеттің
дамып, қалыптасуына алып келді.
Франк мемлекетінің пайда болуының өз ерекшілігі болды. Герман
тайпалары ұзақ уақыт бойы Римге құлдар әкелуші болды. Бұл Германияның біраз
уақытқа дейінгі рулық құрылыс шеңберінде өндіргіш күштерін дамытты. Орта
теңіз бойында құл иеленушіліктің сақталуы пайдасыз болды. Кедейленген қауым
мүшелері байларға бағынашты болды,бұл шаруашылықтың ұжымдық түрін сақтады.
Әскери қажеттілік, жартылай көшпелі отырықшы өмір, қоғамдық
шаруашылық ұйымының ұйымдық түрінің құлдықты қажет етпеуі еді. Бұл
феодалдық қоғамды алып келді. Рим империясының анағұрлым аумағын
франктардың жаулап алуы, ру-тайпалық қоғамның билікті қамтамасыз ете алмауы
еді. Ол мемлекеттің ерте феодалдық түрін дамытты.
Осы қоғамдық құбылыстардың барлығы Рим империясының
феодализмге өтуін тездетті. Осы жолмен Ежелгі Русь, Ирландия т.б.европалық
мемлекеттер дамыды.
Мемлекеттің пайда болуының негізгі себептері мыналар:
-қоғамнан көпшілік биліктің бөлінуі;
-салық түрлерінің енгізілуі;
-тұрғындардың аумаққа бөлінуі;
-қоғамда мәжбүрлеу аппараттарының пайда болуы.
Әр бір кезеңдердің ғұлама ғалымдары, ойшылдар мен пәлсәпашылар
мемлекет пен құқықтың пайда болуы туралы өздерінің тұжырымдамаларын,
теорияларын ұсынған. Бұл реориялар бүгінгі таңдағы өзіміз өмір сүріп жатқан
осындай мемлекеттерден көптеген мағлұмат береді. Мемлекеттің шығуы туралы
түрлі теориялар бар.
1. Теологиялық ( діни ) теория, мемлекеттің, мемлекеттік биліктің
пайда болуын құдайдың құдіретінен, яғни барлық билік құдайдан деп
түсіндіреді. Діни мазмұнына қарамай бұл теория шындықты көрсетті.
Ежелгі (Иудейде) теократиялық алғашқы мемлекетте билік
абыздардың,храмның қолында болды. Олар діни және әкімшілік орталық ретінде
билікті бөліп алды.
Әсіресе, бұл теория орта ғасырда кең тарады.
XVI-XVIII ғасырларда теократиялық теорияны монархтың билігін қамтамасыз
ету үшін пайдаланды.
2.Патриархалды теорияда мемлекеттің пайда болуын кедейленген
отбасымен, монархтың билігін әкенің өз отбасы мүшелеріне билігінен пайда
болды деп көрсетеді. Бұл теория патшаның, монархтың шексіз билігіне
негізделді. Оның негізін қалаған б.д.д. III ғ.Аристотель болды. Қазіргі
уақытқа дейін бұл қағида өмір сүруде.
3. Органикалық теория бойынша мемлекет адам организмі сияқты
дамиды. Ол мемлекет заңдарын адам психикасы процестерімен салыстырды. Бұл
теория б.д.д. IV-III ғасырлардағы ежелгі грек ойшылдары идеяларында, соның
ішінде Платонның еңбегінде көрініс тапты. Бұл теория өкілдері
Блюнчли,
Г.Спенсер, Вормс, Прейс т.б. болды.
4. Келісім - шарттық теория, мемлекеттің пайда болуын келісім
нәтижесіндегі адамның саналы еңбегінің жемісі ретінде түсіндіреді. Мемлекет-
адамдардың саналы түрде келісім-шартпен бірігуі және олардың өздерінің
бостандығы мен билігінің бір бөлігін ерікті түрде мемлекетке беруі.
Бұл теория ерте буржуазиялық ойшылдардың еңбегінде XVII-XVIII
ғасырларда кең түрде дамыды. Бұл теорияны жақтаушылар Г.Гроций, Б.Спиноза,
Т.Гоббс, Д.Локк, Ж.Ж.Руссо, А.Н.Радищев болды.
5. Күштеу теориясы мемлекеттің пайда болуын әскери-саяси факторлармен
байланыстырады. Бір халықтың екінші халықты жаулап алуы,жеңілген халық
үстінен билікті бекіту үшін мемлекет қажет болды. Күштеу теориясын
жақтаушылар рулық демократия мемлекеттік ұйымдардың құрылуына алып келеді
деп көрсетеді. Барлық уақыттарда сыртқы тайпалардың шапқыншылығы, олардың
билігінің күшейуі, тайпалардың бірігуіне әсерін тигізді. Оның өкілдері
К.Каутский, Л.Гумплович, Е.Дюринг еді.
6. Психологиялық теория XIX ғасырда пайда болды. Оның өкілдері
Г.Тард, Л.И.Петражицкий болды. Мемлекеттің пайда болуын адамдардың
психикалық қасиетіне байланыстырады. Алғашқы қауым элитасына саналы түрдегі
тәуелділігі,оларға еліктеуі,бағыныштылығы, әділетті түрде қарым-қатынасына
байланысты адам мінез-құлқының, қызметінің нәтижесінде мемлекет пайда
болады. Сондықтан адам психикасы бұл заңдылықты іске асыруға анағурлым
әсерін тигізеді.
7. Тарихи-материалистік теория бойынша мемлекет алғашқы қауымдық
құрылыстың табиғи дамуының нәтижесі, мемлекет дамуының материалдық жағдайын
қамтамасыз ететін экономиканың дамуы,қоғамдағы әлеуметтік өзгерістердің
болуы. Бұл теорияның негізін қалаушылар К.Маркс, Ф.Энгельс, Л.Морлан болды.
8. Ирригациялық теория. Оның өкілі К.А.Виттфогель болды. Ол өзінің
Шығыстық деспотизм еңбегінде мемлекеттің пайда болуын
өте ірі ирригациялық құрылыстардың салынуымен, шығыстық аграрлық
жұмыстардың жүргізілуімен байланыстырады. Бұл менеджерлік бюрократтық
таптыалып келді. К.Виттфогель деспотизм деп гидравликалықнемесе
агроменеджерлік өркениетті атайды.
Дәлдеп келгенде, бұл теориялардың барлығы мемлекеттің әркезеңдегі
тарихи құбылыстарға байланысты дамып,қалыптасуын көрсетеді. Сөйтіп,
мемлекет адамзаттың өмір сүруі үшін қажеттілік, ол белгілі бір
экономикалық, әлеуметтік және рухани ортада пайда болады, өте маңызды саяси
роль атқарады және зор әлеуметтік құндылық болып саналады. Ғылым-адам
қызметінің маңызды бір саласы ретінде өте күрделі құрылымнан тұрады.Қоғам
мен табиғаттағы құбылыстар мен процестерді зерттеу нәтижесіне байланысты
табиғи және қоғамдық ғылым жүйесі қалыптасты.
Қоғамдық құқықтық қатынастардың дамуына байланысты ғылымның жаңа
кезеңдегі дамуы басталды. Осының нәтижесінде қоғам мен табиғатқа тән
құбылыстар мен процестерге әрекет етуші заңдарды мынадай түрлерге бөлеміз:
1) табиғи заңдар,оның зерттейтін пәні-табиғи ғылымдар саласы.
2) әлеуметтік заңдар,оның зерттейтін пәні - қоғамдық ғылымдар
саласы.Қоғамдық ғылымдарға заң ғылымы да жатады.
3) заңдар, бұған нормативті заңдар жатады.
Барлық ғылым салалары сияқты,заң ғылымының да зерттеу объектісі бар.
Оған мемлекет және құқық туралы мәселелер кіреді.
Қоғамның пайда болып,дамуына байланысты қоғамдық құбылыс ретінде мемлекет
және құқық пайда болды.
Мемлекет және құқық қоғамның саяси-құқықтық өміріне әсер ете
отырып,қоғамдық құбылыстармен тікелей қатынаста болады. Міне, осыған
байланысты заң ғылымының оқыту пәніне қарай өзіндік құрылым жүйесі
қалыптасты.
1. Жалпытеориялық және жалпы тарихи ғылымдар. Оған мемлекет және құқық
тарихы, саяси және құқықтық ілімдер тарихы жатады.
2. Салалық заң ғылымдары. Бұл заң ғылымына конституциялық құқық,мемлекеттік
құқық, қылмыстық құқық, еңбек құқығы, сауда құқығы, салық құқығы т.б.
жатады.
3. Органдар туралы заң ғылымы. Бұл ғылым саласы мемлекеттік органдардың
құрылымын, құқықтық-ұйымдастырылуын, қызмет тәртібін зерттейді. Мысалы,
соттың және прокуратураның ұйымдастырылуын, прокуратуралық бақылау т.б.
4. Салааралық заң ғылымы. Бұған халықаралық құқық, жер құқығы, экологиялық
құқық, космостық құқық т.б. кіреді.
5. Їс жүзінде қолданылатын заң ғылымы. Оған сот статистикасы, сот
медицинасы, сот психиатриясы, криминалогия т.б. жатады.
Заң ғылымдары жүйесі қоғамдық қатынастардың дамуына байланысты өзгеріп,
дамып, жетіліп отырады. Заң ғылымдарының жалпы теориялық бөліміне жататын
мемлекет және құқық теориясының орны ерекше.
Мемлекет және құқық теориясы мемлекет пен құқықтың пайда болуы, дамуы
және қызмет істеу бағыттарының жалпы заңдылығын зерттейтін ғылым.
Мемлекет және құқық теориясының негізгі ерекшелігі мынада:
- қоғамдық ғылым ретінде мемлекет және құқық теориясы қоғамдық
құбылыстарды құрайтын пән болып табылады. Осы ерекшілігіне байланысты
басқа ғылымдар саласы ажыратылады.
- саяси қоғамдық ғылым ретінде мемлекеттің саясат саласын мемлекеттің
билік қызметіне байланысты қоғамдық құбылыстар мен процестерді
зерттейді. Осы ерекшілігіне байланысты мемлекеттік – құқықтық
қондырманы зерттейтін басқа ғылымдардан ажыратылады.
- жалпы теориялық ғылым ретінде мемлекет және құқықтың ерекше және жалпы
заңдылығын және белгілерін зерттейді. Осы ерекшілігіне байланысты
арнаулы заң ғылымдарынан ажыратылады.
- жалпы методологиялық ғылым ретінде мемлекеттік - құқықтық қондырманың
жалпы заңдылығын түсіндіреді. Осы ерекшілігіне байланысты мемлекеттік
құқықтық құбылыстарды зерттеу мәселелерін дайындайды.
- мемлекет және құқық теориясы басқа заң ғылымдары үшін базалық ғылым
болып саналады. Міне, осы езгешілігіне байланысты мемлекет және құқық
теориясы қоғамдағы мемлекет пен құқықтың пайда болуын, дамуы және
қызмет атқару заңдылықтарын, олардың мәні мен құрылымын, негізгі
бөлшектері мен принциптерін, заңдылықтарын зерттейтін ғылым жүйесі.
Нарықтық қатынастарға өтуге байланысты жаңа әлеуметтік
құбылыстар заң ғылымына белгісіз мәселелерді күн тәртібіне қойды.
Мемлекет және құқық теориясының кез-келген мәселесі жария мәнге ие болады.
Мемлекет және құқық териясының дамуы қызмет атқару бағыттарына да
байланысты. Осы қоғамда өмір сүріп отырған мемлекеттік-құқықтық нақты
қатынасты анықтайды.
Мемлекет және құқық теориясы бірнеше арнаулы қызметті атқарады.
1). онтологиялық қызметі. Бұл қызмет арқылы мемлекет пен құқықтың
қалай пайда болғанын, қазіргі даму дәрежесін анықтайды.
2).гносеологиялық қызметі (таным қызметі). Мемлекет пен құқық теориясы
бұл қызметті атқара отырып, көптеген таным әдістері мен тәсілдерін жасайды,
мемлекет пен құқық теориясының мәнін, мазмұнын, түрлерін және басқа
мемлекет және құқыққа байланысты құбылыстар мен процестерді танып біледі.
3). эвристикалық қызметі. Мемлекет және құқық теориясы тек мемлекет
пен құқық ұғымдарының белгілі заңдылықтарын ашып қана қоймай,қоғам
өміріндегі пайда болған жаңа заңдылықтарды зерттейді.
4). методолгиялық қызметі. Мемлекет және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz