Көркем шығарма: мазмұн, пішін және тақырыптық негіздері


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Көркем шығарма - нағыз суреткерлік әрекеттің нақты нәтижесі, әдеби еңбектің көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын затты дерегі. Сәтті шыққан көркем шығарма - бір жазушы келесіндегі ғана емес, бүкіл әдебиет көлеміндегі кесек құбылыс, бүкіл өнер әлеміндегі тұрлаулы тұлға дейтін болсақ, образ - осынау өнер туындысындағы көп тұлғалардың бірі. "

Кітап демекші, сөздің шыңы керек, кітап атаулының бәрі көркем шығарма емес. Гете айтқандай, халыққа қалтқысыз ұнайтын, оған эстетикалық сусын болатын, оның көркем дамуында кәдімгідей тың адым, жаңа саты боп табылатын кітап қана - көркем шығарма. Ал мұндай "ақылды, жақсы шығармалар саусақпен санарлық та, сүреңсіз, шала-жансар кітаптар шаш етектен.

Шын мәнісіндегі өнер туындысы кейбір кездейсоқ жарық көріп жүрген әрі-сәрі әлденелер секілді ақыл жетімдігі мен сезім мүгедектігінен емес, адам бойындағы асыл қасиеттер мен сұлу сипаттардан түзілер болар. Сонда ғана көркем шығарма қалың көпке белгілі бір халықтың өзіндік өзгеше бітімін, мінезін танытып, оларға өмірдің тың құпиясын ашып бере алады.

Жақсы шығарма, - міне, осы секілді, - озіңдік жаңалығы бар шығарма. Мұндай жақсы шығарма жазу, әрине, оңай жүмыс емес.

Әдебиет - ықшамдалған әлем" (Салтыков-Щедрин) болса", әдеби шығарма - сол нұрлы дүниснің сырлы бөлегі.

Шұғаның белгісі",

"Еңлік Кебек". "Сұлушаш" . . . Оқимыз, тұшынамыз, тағы оқимыз, ойланамыз. Жалықпаймыз. Әр окыған сайын бұрын байкамаған жаңа, соны сыр ұққандай боламыз. Шын мәніндегі шынайы өнер туындысы оқырманға осылайша әсер етуге тиіс.

"Көркем шығарма жазу, - дейді Л. Леонов.

Көркем шығарманың күллі құны мен қасиеті оның мазмұны мен пішінінің осы бірлігінде жатыр. Лев Толстой кез келген көркем шығарманың құны мен қасиетін үш түрлі сипатына:

"а) мазмұн сонылығына;

ә) пішініне немесе өзіміз әдетте көп айтатын талантқа;

б) автордың шығарма предметіне байсалды козқарасы мен ыстық ықыласына" қарап бағалаған. Бұл тегін еместі. Шынында да мазмұнға қажет қасиет - сонылық: бұрын-соңды ешкім қозғамаған тың тақырыпғы тың идеяға жинақтау. Содан соң пішін шығарманың сюжеті мен композициясыпдағы шеберлік. Мұның өзі тарлан талант қана көтере алар ауыр жүк екені де рас. Ақыр аяғында, жазушының өзі мүсіндеп, мінездеп, жипақтап, даралап отырган адам бейнелеріне мығым байсалдылығы, қалтқысыз ауған ыстық ықыласы. Міне, бұл үш сипат түгел тұрғанда нағыз өнер туындысы да талапқа сай болары сөзсіз.

Мазмұн мен пішін жайын соз еткенде, ескеретін бір нәрсе - бір мазмұнның бірнеше пішіні болатыны. : Өмірде де, өнерде де солай, Өмірдегі көрінісін алып қарасақ, пролетариаттың тап күресінің неше алуан пішіндері бар екені саяси әдебиетте сан рет дәлелденгенін көреміз.

Алайда пішін әдейі мазмұнғаі тәуелді, бейтарап нәрсе деуге болмайды. Пішіннің атқарар ролі - белсенді роль. Шығарма мазмұнының ұтымдылығы да, оқырманға жетімділігі де оның пішініне тығыз байланысты. Аңығырақ айтқанда, пішіннің әсемдігі - суреткер шеберлігі. Әрбір ірі суреткер өз шығармасының пішініне айрықша зер салатыны тектен-тек емес. Л. Толстой "Ревизордың" пішіні жайлы былай деген: "Гоголь өзінің комедиясын дөрекі, осал жазсыншы, оны қазіргі оқығандардың миллионнан бірі де оқымаған болар еді". Бүл - шындық.

Мазмұн мен пішін жайын сөз еткенде, ескеретін екінші бір нәрсе - мазмұнға қарағанда, пішіннің өзгерімпаздығы. Өмірде де, өнерде де солай. Айталық, махаббат. Бұл - өмірде тқрақты шындық, өнерде мәңгілік тақырып. Абай әдемі айтқан:

Махаббатсыз - дүние бос,

Хайуанға оны қосыңдар.

Бірақ өмірдің осы шындығының өнерде көркем жинақталу пішіні әр дәуірде әр алуан. Мәселен, қазіргі махаббатты баяғының Ләйлі - Мәжнүнінің немесе Қыз Жібегі мен Толегенінің арасындағы сезімдерше суреттесе, осы дәуірдегі мазмұнға мүндай пішін сай келмеген болар еді. Демек, бір мазмұнның өзі әр дәуірдс әр түрлі пішінге көшіп отыратыны хақ.

Әдеби шығарма туралы әңгімені тақырыптан бастаған жөн. Өйткені такырып - өнер туындысының іргетасы. Үйдің қабырғасын садып, төбесін жаппас бұрын іргетасы қаланатыны секілді, көркем шығарманың туу процесі де тақырыптан басталатыны даусыз. "Бәрінен бұрын тақырып пайда болады, - дейді Валентин Катаев, - пайда болады да, жазушыны азапқа сала бастайды. Тақырып санаға сіңіп, ойға орныққан сайын, адам, зат образдары, болашақ пейзаж жұрнақтары туып, түтаса береді"

Өнер өмірден туатын болса, суреткердің өмірден ең алдымен іздеп табары - өз шығармасының тақырыбы.

Жоспар.

І. Кіріспе

Көркемшығарма-нағыз суреткерлік әрекеттің нәтижесі.

ІІ. Негізгі бөлім.

Көркем шығарманың құны, қасиеті, мазмұны мен пішіні.

ІІІ Қорытынды.

Әдеби шығарма туралы әңгіме.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдебиеттегі мазмұн мен пішін: теориялық және әдіснамалық аспектілер
Көркем әдебиеттің табиғаты мен ерекшеліктері: әдеби шығарма, орта, автор және мазмұн-құрылым мәселелері
Әдебиеттегі мазмұн мен пішін: қызметі, бірлігі және тарихи-философиялық мәні
Әдебиеттегі мазмұн мен пішін: халықтық сипат пен образ теориясы
Бастауыш сынып оқушыларын көркем шығарма арқылы патриоттыққа тәрбиелеудің педагогикалық негіздері
Көркем әдебиеттегі образдылық пен көркем образ: мазмұн, құрылым, тіл және өлең теориясы
Тарихи шығарма тілі: лексикалық тақырыптық топтары және көнерген сөздердің қолданылуы
Көркем әдебиеттің табиғаты, ерекшелігі және мәні: әдеби шығарма, орта және автор мәселелері
Мектепке дейінгі балаларға көркем шығарма арқылы эстетикалық талғам қалыптастырудың теориялық-әдістемелік негіздері
Көркем шығарма арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық талғамын қалыптастырудың теориялық-әдістемелік негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz