«Физиология» пәнінің оқу - әдістемелік кешені


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

5В080300 - «Аңшылықтану және аң шаруашылығы» мамандығына арналған

«Физиология»

ПӘНІНІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰЖАТТАР ЖИЫНТЫҒЫ

СЕМЕЙ

2010

Мазмұны

1. Глоссарий

2. Дәрістер

3. Зертханалық сабақтар

4. Студенттердің өз бетімен істейтін жұмыстары

  1. Глоссарий

Аккомадация - организмдегі ағзалардың турлі тітіркендіргіштердің күшіне біртіндеп беймделуі, жаттығуы

Альтерация - Ұлпалардың кейбір нәрселерден зақымдануынан оның қызметінің өзгеруін білдіретін термин

Анаболизм - организмде зат алмасудың арта түсуі

Анестезия - жансыздану. Ағзаға операция жасау үшін жалпы немесе белгілі бір мүшенің жүйкелерін тежеу

Анализаторлар - ішкі немесе сыртқы тітіркенгішті қабылдап өткізу және келген қозуды анықтап - талдап, оны қайтадан эффекторға жеткізу жүйесі

Анализ - анықтап талдау

Анабиоз - сыртқы ртаның қолайсыздығы туғанда ағзаның тіршілік белгілерін уақытша тоқтатуы

Афференттік - шеткі ағзаның қозуын орталыққа жеткізу

Атропин - өсімдіктерден алынатын зат және парасимпатикотроптық заттар қатарына жатады.

Ахилия - асқазан сөлінің өте аз мөлшерде бөлінуі немесе тіптен тоқтатылуы

Ацидоз - қанның тұрақты сілтісінің өзгеруі немесе төмендеуі

Аэрация - су немесе басқа сұйықтықты оттегіне қанықтыру

Барокамера - тұйық бөлме, онда ішіндегі ауа қысымын, жылылықты, ылғалдылықты және газ құрамын қолмен өзгертуге болады

Барорецептор - қысымды қабылдаушы рецептор

Билирубин - өттің бояуы. Эритроцит бұзылғанда ондағы гемоглобиннен пайда болады

Бинауральды есту - екі құлақпен бірдей есту

Биопсия - малдың не адамның денесінен өте кішкентай мөлшерде ет кесіп алу

Блефароспазм - көзқабығының шеңберлібұлшық еттерінің құрысып жиырылуы

Брадикардия - жүрек соғысының төмендеп (баяулап) кетуі

Ваготонин - ұйқы безінде пайда болатын белсенді зат

Вазодилататорлар - қан тамырларын кеңейтетін жүйкелер

Вазопрессин - гипофиздің артқы бөлігінен шығатын гормон

Вальвулография - жүрек қақпақтарының күйін, жұмысын ультра жұмыс арқылы жазу

Венотомия -венотомия, көк тамырды ашу, венаны кесу, қию

Вена синусы - жоғарғы және төменгі қуысты веналардың оң жақ жүрекшеге қан құятын жеріндегі кеңйген қойнауы

Виварий - түрлі майда зертханалық жануарларды ұстайтын орын

Гальванометр - өте әлсіз электр тогын өлшейтін, өте сезгіш құрал

Гематология - қан туралы ілім

Гастрон - асқазанда тұз қышқылын тежейтін зат

Гастроэнтеростомия - жіңішке ішекті асқазанмен біріктіріп жалғастыру

Гемодинамика - қанның қан тамырларында жүруін зерттейтін ғылым

Гемометр - қандағы гемоглобинді өлшейтін құрал

Диплопия - бір заттың көзге қосарланып көрінуі

Дальтонизм - түсті ажырата алмау

Децеребрация - миы бұзылған. Мидың сабауына операция жасауды айтады

Диоптрия - көздің оптиқалық жүйесіндегі сәулені сындыру күші

Зоб - қалқанша безінің өсіп үлкейіп кетуі

Изохронизм - қозудың жүйкеден бұлшық етке өтуі үшін жүйке мен бұлшық еттің хронаксиясының біртүрлі болуы

Иммунитет - ағзаның белгілі бір жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті

Иррадиация - орталық жүйке жүйесі арқылы қозудың дененің барлық жеріне таралуы

Катакрота - катакрота, пульстің - тамыр соғуының төмендеу кезеңі

Калориметр - белгілі уақыт ішінде пайда болған қуатты (жылылықты) өлшейтін құрал

Катаболизм - ағзадағы заттардың майдалануы

Катаракта - көз бұршағының қарауытуы

Кимограмма - кимограф арқылы жазылып алынған сызық - жазулар

Лактация - сүт безінен сүттің шығуы

Летаргия - ұзақ ұйқы

Латенттілік - жасырын, білінбейтін. Кейбір реакцияның немесе ауру түрінің жасырын немесе білінбей, сезілмей өтетін кезі.

Лабильность - мүмкіндік, мүмкіндігі

Ликвор - ми - жұлын сұйықтығы

Миоглобин - бұлшық етттердің гемоглобині

Миелин - жұмсақ, былжыр зат, жүйке талшығын қаптап жатады

Медуллин - бүйректің жұмсақ қабатынан шығатын зат. Ол липид тектес, қантамырын кеңейтетін заттарға жатады

Нефрон - қаннан зәрді бөліп шығаратын бүйректің күрделі құрылысты жасушасы

Норадреналин - бүйрек безінің жұмсақ қабатынан бөлінетін гормон

Пульс амплитудасы - пульс тербелісінің ұзындығы, жүрек соғуына байланысты артериялық қабырғаның керіліп - тарылуынан пайда болатын тербеліс

Окклюзия - бітеліп қалу

Хроноксия - нерв талшығын қоздыруға қажетті белгілі электр күшінің ең кіші, аз уақыты.

2. Дәрістер

Тақырып 1. Кіріспе. Организмнін физиологиялық қызметтері .

1. Физиология ғылымның даму тарихынан мәлімет

2. Физиологиялық негізгі процестер

3. Физиологиялық зерттеу әдістері

И. П. Павловтың физиологиялық принциптері. Павлов өз өмірінің ақырғы жылында иттерде шартты рефлекстер пайда болуы тәжірибелерін жүргізе отырып, олардың мінез-құлқын тексерген. Соның нәтежесінде жоғарғы нерв қызметінде болатын үш принципті И. П. Павлов ұсынды. Олар анализ бен синтез, детерминизм және құрылымдық принциптер:

1- Анализ - талдау дегеніміз біртұтас құбылыстардың жеке қасиеттерін, жеке ерекшеліктерін тексеру. Синтез- түзілу - жеке қасиеттер мен ерекшеліктерді тексеру арқылы, біртұтасс құбылыстарды жан-жақты тусіну.

2- Детерменизм - әрбір құбылысты, әрбір процесті болдыратын себеп, сылтау. 3- Құрылымдық принцип - әрбір органның құрылымының оның қызметімен байланыстыру

Физиологиялық зерттеу әдістері : Физиологияның негізгі әдісі- тәжірибе жүргізу. Тәжірібе 3 нұсқада жүргізіледі: жедел тәжірибе, созылмалы тәжірибе және мүшелердің қызметін модельдеу. Жедель тәжірибеде малға наркоз беріп, хирургиялық операциялар жасайды да, ішкі ағзаларға әсер ету арңылы- тітіркендіру, тамырларды қию, дәрі-дәрмектер жіберу, олардың тіршілік әрекеттеріндегі өзгерістерді бақылайды. Созылмалы тәжірибелер алдын ала арнаулы операция жасалған жануарларға жүргізіледі. Осы мақсатпен малдың қарынына, ішектеріне фистула қойылады, бездердің өзектері сыртқа шығарылады т. б. Функцияларды модельдеу әдісі физиологиялық болжамдардың --организмнің өсу қарқынын, малдың сүттілігін дұрыстаған тексеруге немесе модельдер арқылы кейбір функцияларды бейнелеуге, мүшелерді уақытша алмастыра алатын аппараттар жасауға мүмкіндік береді.

Органдарды жекелеу . Мысалы қарыннан бауырға қан құятын қақпалық венаны байлап, оның қалған бөлігін куыс венамен біріктіріп тіксе, бауыр оқшауланады. Экстирпация кезінде зерттелетін органды жартылай, немесе түгелдей кесіп алып тастайды да, бұдан соң организмде байқалатын өзгерістерді бақылау арқылы, оның денедегі қай қызметке каншалықты қатысының барлығы анықталады . Трансплантация - бір организмдегі органды, тканьді орнынан басқа жерге, немесе басқа организмге көшіріп қондыру. Перфузия - зерттелетін, қүрамы алдын - ала белгілі ерітіндіні, не қанды тиісті органның тамырлары арқылы өткізу . Радиотелеметрия арқылы әртүрлі қашықтықтардағы организмдердегі бірнеше жүйелердің қызметтерінің көрсеткішін бір мезгілде электромагниттік және радиотолқындары тіркеп-жазып, талдау арқылы қажетті физиологиялық ақпараттың алынуы т. б. әдістері.

Физиологиялық процесс дегеніміз тірі организмде жаңа сапалы мазмұнға ие болған физикалық және химиялық өзгерістердің күрделі түрлерінің жиынтығы - ас қорыту, тыныс алу, бөлу т. б.

Физиологиялық функция - біртұтас организм немесе оның жеке торшаларының, ұлпаларының, мүшелерінің тіршілік әрекеті, қызметі. Организмнің басты қызметі зат алмасу болып табылады. Зат алмасумен өсу, даму, көбею, қоректену, қимылдау т. с. с. физиологиялық қызметтер тығыз байланысты.

Организмнің қызметінің реттелуі. Гомеостаз дегеніміз- организмнің сұйық ортасының - қан, сөл, ұлпааралық сұйық салыстырмалы тұрақтылығы немесе оны қамтамасыз ететін үйлесімді реакциялар жиынтығы.

Организмнің айналадағы ортаға бейімделуін қамтамасыз ететін физиологиялық процестерін реттеудің екі түрі болады: нервтік және гуморальдық.

Нервтік реттеу , орталық нерв жүйесі арқылы жүргізіледі. Бұл реттеуге нерв орталықтары, нерв талшықтары мен тармақтары қатысады. Нерв жүйесінің негізгі қызметі рефлекс ретінде болады. Рефлекс дегеніміз- организмнің тітіркенуге қайтарған жауабы. Рефлекторлық доға бес буыннан құралған:

1- рецепторлар немесе нерв тармақтары;

2- афферентік немесе сезгіш нерв талшықтары;

3- нерв орталығы;

4- эфферентік немесе қозғауғыш нерв талшықтары;

5- эффектор немесе жұмыс органы. Рефлекс болу үшін рефлекторлық доғаның осы көрсетілген бес буынының барлығы қатысуы шарт. Гуморальдық реттеу дегеніміз - заттар алмасуынан органдарда, клеткаларда пайда болатын заттар қанға түсіп және барлық денеге тарайды. Химиялық заттарға жатады - ішкі секреция бездерінің гормондары, ұлпа гормондары, медиаторлар, қандағы электролиттер. Гуморальдық реттеу нервтік реттеуге қарағанда ерте пайда болған процесс.

Тақырып 2. Қозғыш ұлпалардың физиологиясы

1. Тірі ұлпаның қасиеттері

2. Нерв-бұлшық ет талшықтарының қасиеттері

Барлық тірі ұлпаларға тән төрт қасиет бар: 1- қозу дегеніміз тірі ұлпаның тітіркенуге беретін ерекше жауабы. Қозу үшін тітіркендіру күші ұзақ уақыт әсер етуі керек. Әсер ету күшіне қарай тітіркендіргіштер табалдырықтан төмен, табалдырықты және табалдырықтан жоғары болып үшке бөлінеді . Табалдырығы төмен дегеніміз өте әлсіз тітіркендіргіштер . Табалдырықты тітіркендіргіштер - ұлпаны қоздырушылар. Табалдырықтан жоғары тітіркендіргіштер - ұлпаны күшті қоздырушылар. Тітіркендіргіштер адекватты және адекватсыз болып бөлінеді. Адекватты дегеніміз осы тканьнің үйреншікті тітіркенуі. Мысалы, көзге болатын сәуле әсері, құлаққа келетін дыбыс әсері. Адекватсыз дегеніміз тканьнің үйренбеген жағдайға тітіркенуі. Тітіркену физикалық. химиялық, биологиялық және электрлік болып бөлінеді. Тітіркенуден қозу болғанға дейінгі уақытты хронаксия дейді. Хронаксия туралы ілімді жасаған франсуз ғалымы Л. Лапик.

Лабильдік - айырықшы ритмді тітіркенгішке тірі тканьнің айрықша ритмді жауап беру қасиеті. Басқаша айтқанда лабильдік - дегеніміз тканьнің функциональдық тұрақсыздығы. Лабильдік қасиет әрбір аппараттың физиологиялық әрекетіне байланысты. Тітіркену- тканьнің тітіркендіргішке беретін қабілеттілік жауабы - заттар алмасуының өзгеруі, дене температурасының көтерілуі.

Биоэлектірлік құбылыстар. Тірі құрылымдардағы электрлік өзгерістерді биоэлектрлік құбылыстар деп атайды. Жануар электрінің бар екендігі туралы алғашқы мәліметтерді ХVIII ғасырдың аяғында зерттеген Л. Гальвани. Тірі тканьдерде биопотенциалдың бірнеше түрі кездеседі. Олар: тыныштық- мембраналық, зақымдану, электротондық, локальдық, қақпа, әрекет, табалдырық потенциалдары. Мембраналық потенциал - тыныштық күйде клетка мембранасының сыртқы бетінің оң электр зарядты, ішкі бетінің онымен салыстырғанда теріс электр зарядты болатындығынан туатын айырымның нәтижесі. Мұның шамасы -50-90 мВ. Сипаттамасы: бір фазалық, тұрақты; Na және K насос аркылы пайда болатын биоэлектірлік құбылыс, әрекет потенциалдан төмен. Әрекет потенциялы - табалдырық күші бар тітіркендіргіш әсер еткенде, нерв, ет және кейбір басқа клеткаларда қозу кезінде тез тербелістер түрінде байқалатын мембраналық потенциал өзгерістері. Мұның шамасы -50 -120 мВ. Сипаттамасы: тұрақты емес; Na және K насос аз жұмыс істейді немесе жоқ, екіфазалық, мембраналық потенциалдан жоғары.

Тыныштық потенциалының табиғатын түсіндіру үшін әр түрлі гипотезалар мен теориялар ұсынылады. 1896, ж В. Чаговец Аррениустың электролиттік диссоциация теориясына сүйене отырып, потенциалдар пайда болуын иондардың орын ауыстыруымен түсіндіруге талаптанады. Оның гипотезасы бойынша, бұл процесте көмір қышқылы диссосацияланған кезде түзілетін иондар диффуздануының әр түрлі жылдамдықта жүретіндігі негізгі фактор болып есептеледі. Ю. Берншетейн мамбраналық - иондық теорияны ұсынды. Оның түсінігінше, клетка мембранасы калий иондарын таңдап өткізеді де, басқа иондарды, мысалы натрий иондарын өткізбейді. Сондықтан клетка мембранасының сыртында оң заряд пайда болады, ал ішінде теріс заряд пайда болады.

Тақырып 3. Бұлшық ет және неррв талшықтарының физиологиясы

1. Бұлшық ет талшықтарының қасиеттері

2. Нерв талшықтарының қасиеттері

3. Н. Е. Введенскийдің парабиозы

Бұлшық еттер тегіс және көлденең жолақ болып екіге бөлінеді. Тегіс бұлшық еттерден ішкі органдар құралған - ішек-қарын, бауыр және т. б. Дене бұлшық еттері көлденең-жолақ мускулатурадан тұрады. Көлденең-жолақ мускулатура бөлек-бөлек талшықтардан құралған. Бұлшық ет талшығының қабы екі қабат: талшықтың ішіндегі сарколемма, ішкі сұйық зат протоплазма деп аталады. Одан басқа талшықта көптеген миофибрилдер бар. Әрбір миофибрилл 2500 дейін протофибрилл деген белок жіптерінен құралған. Протофибрилдер жуан және жінішке болып екіге бөлінеді. Көлденең-жолақ мускулатура изотроптық және анизотроптық дискілерден құралған. Изотроптық дискілер жеке сәулелерді, ал анизотроптықтар сәулелерді екі түрлі жолмен сындырады Сондықтан да изотроптық дискінің түсі ақшыл анизотроптық диск қоңыр болады. Миофибрилдер арасында саркоплазмалық ретикулым орналасқан. Ретикулумдарда кальций йондары цистерналары орналасқан. Цистерналар қабырғаларының өткізгіштігі жоғарлағанда, олардан йондар бөліне алады.

Бұлшық ет талшықтарының қасиеттері:

1. тонус- бұлшық еттердің күш қуаты. Тонусты бұлшық еттердің созылымдылығынан білуге болады. Қаңқа мускулатурасының тонусы бірінен кейін бірі ұзақ интервалмен келіп тұратын нерв импульстарына байланысты.

2. созылымдылық - түскен күштің арқасында бұлшық еттің созылуы

3. иілимділігі- эластичность - созылғаннан кейін бұлшық еттің орнына келуі

  1. пластикалылығы - бұлшық еттің берілген форманы сақтауы

Бұлшық еттерге өзіне тән жауабы - жиырылуы. Жиырылуы оқшауланған және тетаникалық болып екіге бөлінеді. Бұлшық еттердің оқшауланып жиырылуының өзі изотониялық, изометриялық және ауксотониялық болып үшке бөлінеді. Көбінесе бұлшық еттерге импульстер бірінен кейін бірі келгендіктен, олар үнемі - тетаникалық жиырылыста болады . Эксперимент жағдайында тетаникалық жиырылудың екі түрі болады:

1- толық немесе тегіс жиырылуы;

2- толық емес немесе тісті жиырылуы. Ал оқшауланған жиырылу тек қана жүрек бұлшық еттерінде және эксперимент жасағанда кездеседі. Бұлшық еттердін жиырылу механизмі туралы бірнеше теориялар бар. Энгелгард теориясы бойынша белгілі мөлшерде калий мен магний йондары, АТФ молекуласы болғанда актиномиозин жіптері шұғыл және жылдам қысқарады.

Бұлшық еттердің шаршауы дегеніміз олардың жиырылу қабілетінің төмендеуі. Шаршау механизмі туралы бірнеше көзқарас бар:

1. Шиффтің болжамы бойынша бұлшық еттердегі куаттық заттар - гликогеннің таусылуынан.

2. Пфлюгердің улану теориясы бойынша заттар алмасуындағы сүт пен фосфор қышқылдарының жиналуынан.

3. Введенский бұлшық еттердің шаршауын екі жүйкенің түйіскен жерінің лабильділігі төмен болуымен байланысты деп санайды.

Нерв клетканың өсінділері- дендриттер мен аксондар нерв талшықтарды құрайды. Нерв талшықтары ұлпалы және ұлпалы емес болып екіге бөлінеді Ұлпалы талшықтардың шван мен миелинді қабығы болады. Ұлпалы емес талшықтарда миелин қабығы болмайды. Миелин қабығы әрбір 1-2, 5 мм-ден соң үзіліп отырады. Оны Ранвье буыны деп атайды. Нерв талшықтарының 60 проценті дәнекер тканьнен, 30 проценті миелин қабығынан, ал 10 проценті нейрофибриллдерден тұрады. Нерв талшығының қабығын нейролемма, ал ішіндегі сұйығын нейропалзма дейді. Ұлпалы талшықтарға соматикалық, ұлпалы еместерге вегетативтік нервтер жатады. Нерв талшықтарының қасиеттері :

1. ұлпалы нерв талшығының екі жақты өткізгіштік қасиеті бар. Бірақ организмде нерв талшықтары нерв орталығы мен синапстар болғандықтан қозуды тек бір бағытта ғана өткізеді;

2. талшықтар қозуды тек бүтін болғанда ғана өткізе алады;

3. әрбір нерв талшығы қозуды жеке өткізеді;

4. өткізу жылдамдығы әр түрлі;

5. заттар алмасуының деңгейі төмен болғандықтан, ұзақ уақыт шаршамайды; 6. қозу бір Ранвье буынынан екіншісіне секіріп тарайды.

Миелин қабығы екі түрлі: электрлік изоляторлық және трофикалық қызмет атқарады. Нерв талшықтары А, В және С болып үш түрге бөлінеді. А типті талшықтар ạ, β, γ болып бөлінеді Бұлардың бәрінде миелін қабығы бар. Нервтің В топтары вегетативтік преганглиянарлы талшық ұштарына жатады, жылдамдығы секундына 3-14 м. С- топтары постганлиянарлы симпатикалық талшықтарға жатады, диаметрі 0, 5 м, жылдамдығы секундына 2-6 м.

Н. Е. Введенский нерв-бұлшық ет препаратының нервісін курарамен уландырып, нерв арқылы әр түрлі күші бар электр тогін өткізген. Бұл жағдайда нерв-бұлшық ет препаратының үш түрлі кезеңі болатыны анықталады: 1- тепе-теңдік кезеңінде күшті немесе әлсіз тоққа препарат бірдей жауап береді. 2- парадоксальдік кезеңінде күшті тоққа препарат нашар, ал әлсіз тоққа күшті қайтарады; 3- тежелу кезеңінде күшті немесе әлсіз тоққа препарат ұзақ уақыт жауап бермейді. Осы тәжірибенің нәтижесі арқасында Введенский кең тараған тежелу құбылысының механизмін анықтайды. Өзінің тірі жағдайында нервтің функциональдық қасиетін жоғалтуын Введенский - парабиоз деп атады. Латынша -пара- деген сөз екі мағынада қолданылады. Бұл жерде пара - жуық деген мағынаны көрсетеді. Ал, биос- тіршілік деген сөз.

Тақарып 4. Орталық нерв жүйесі

. 1. ОЖЖ-ң жалпы сипаттамасы

2. Нерв орталығы және оның қасиеттері

3. Синапс- құрамы, қызметі

Орталық нерв жүйесі нейрондар жиынтығынан құралған. Нейрон дегеніміз дендрит пен нейрит юөліктері бар нерв клеткасы. Нерв жүйесі эволюция тұрғасының ең сонғы пайда болған құрылым. Орталық нерв жүйесі- ОНЖ жұлын мен бас миға бөлінеді Бұл жұйенінің ең басты қызметі рефлекс. Рефлекс латыншыдан аударғанда қарсы жауап деген сөз. Алғашқы рет бұл термінді ғылымғы енгізген француз ғылымы Рене Декарт- 1644 ж. Қазіргі түсінік бойынша рефлекс - дегеніміз орталық нерв жүйесінің сыртқы немесе ішкі тітіркенулерге беретін күрделі жауабы. Әрбір рефлекстін өзіне тән рефлекторлық доғасы болады . Рефлекторлық доға дегеніміз тітіркенудің жүретін жолы. Бұл доға бес звенодан құралады: 1. тітіркенуді қабылдайтын рецепторлар; 2- тітіркенуді орталыққа жеткізетін афференті нерв талшықтары; 3- нерв орталығы; 4- қозуды орталықтан эффекторға жіткізетін эфференті нерв талшықтавры; 5- эффектор -жауап беретін орган. Рефлекс болу ұшін рефлекторлық доғаның барлық буындары қатысуы шарт. Әрбір рефлекстің рецептивтік өрісі болады. Белгілі бір рефлексе қатысатын дененінің аймағын рецептивтік өріс дейді. Рефлекстің күрделі классификациясы бар. Өзінің пайда болуы жағынан рефлекстер шартсыз және шартты болып екіге бөлінеді. Шартсыз рефлекс - дегеніміз туа пайда болатын рефлекстер. Мысалы жаңа туған бұзау еме алады, жұта алады және т. б. Шартты рефлекс- дегеніміз белгілі бір жағдайда, үнемі қайталанудан пайда болатын рефлекстер. Өзінің функциональдық маңызы жағынан азықтану, қорғану, жыныс және нысаналық рефлекстер болады. Жұмысы жағынан рефлекстер ұнамды және ұнамсыз болып бөлінеді. Басталу жеріне байланысты рефлекстер экстероциптивті және интероцептивті болып екіге бөлінеді. Ми бөлімдерінің қатысуына байланысты рефлекстер жұлынды, сопақша мидың қатысуымен - бульбарлы, орта мидың қатысуымен - мезэнцефальды, аралық мидың қатысуымен - кортикальды болып бөлінеді.

Нерв орталығы дегеніміз, орталық жүйесінде орналасқан бельгілі бір қызмет атқаратын нерв клеткаларының тобы. Нерв орталықтарының қасиеттері:

1. Иррадиациялық қозу - қозудың нерв орталығы арқалы таралуы.

2. Бір бағытқа қарай өтетін қозу - қозу сезу нейрондарынан ену нейрондары арқылы қозғалыс нейрондарына өткізіледі?

3. Қозу нерв орталықтары арқылы өткенде баяулайды

4. Трансформациялық қозу - қозудың күші мен жиілігінің өзгеруі.

5. Әрекеттен кейінгі қозу - тітіркенуге берілген жауап, тітіркенуге жұмсалған уақыттан ұзақ болады

6. Бір ізді жинақты қозу- бірнеше әлсіз тітіркенулерге нерв орталығының бір жауап қайтаруы. Жинақты қозудың екі түрі болады: 1. бір ізді- нерв орталығына қозудың бірінен соң бірінің, қысқа интервал арқылы бір афференттік нерв талшықтары арқылы баруынан болатын; 2. кеңістіктегі қозу - егер екі немесе бірнеше тітіркендіргіштер бір уақытта бір рецептивтік өріске жататын әр түрлі рецепторларды қоздарғанда

7. Жеңіл қозу - қайталанған тітіркенулер нерв орталығы арқылы оңай өтеді. Басқаша айтқанда, нерв орталығының шамалы санын ғана қоздырады.

8. Конвергенция- орталық нерв жүйесіне әр түрлі талшықтар арқылы келетін қозулардың ұшырасуы. Бұл принципті ашқан алғашқы ғалым Ч. Шеррингтон.

9. Доминантты қозу- уақытша қатты қозған нерв орталығының басқаларға қарағанда басым болуы. Доминантты қозуға тән ерекшеліктер төменгідей;

1- жоғарғы қозуға бейімділігі; 2- жинақталу қабілетінің болуы; 3- инерттіліктің болуы; 4- тұрақты қозудың болуы. Доминанты орыс ғалымы А. А. Ухтомский ашты.

10. Тонусты қозу- нерв орталықтарының үнемі жұмыс жағдайында болуы

11. Инерттік қозу- қозу іздерінің сақталуы. Нерв жүйесіндегі ес пен ақыл, әдет пен үйрену инерттікке байланысты.

12. қажуы- нерв орталығының жылдам болдыруы. Мұның себебі олардағы газдардың алмасуы тыныштықтағы бұлшық еттерге қарағанда 20 есе жоғары болады.

13. Пластиқалық қозу- жұмыс органы өзгергендегі нерв орталығы қызметінің өзгеруі және т. б.

Синапс немесе жалғама деп қозуды немесе тежелуді біржақты өткізетін торшааралық үзілмелі байланыстың ерекше түрін айтады. Ол арқылы қозу толқыны жүйке талшықтарынан атқарушы құрылымға-жүйке, ет, без торшаларына - беріледі. Синапстар бөлінеді - химиялық, электрлік, қозғыштық, тежелу. Көбінесе организмде кездеседі химиялық синапстар. Синапс үш бөліктен тұрады: алдыңғы шептик пресинапстық, артқы шептик- постсинаптсық мембраналар және синапс саңылауынан.

Тақырып 5. Орталық жүйке жүйесінің бөліктерінің физиологиясы

  1. Жұлынның құрылысы мен орталықтары
  2. Артқы мидың және мишықтың құрылысы мен орталықтары
  3. Ортаңғы және аралық ми.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биологияны оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы
Биологияны оқыту әдістемесі түсінігі
Адам және жануар физиологиясы пәні бойынша электрондық оқытуды қолдану
Жануарлар физиологиясы пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
Әлеуметтік байланыс адамдардың немесе олардың топтарының тәуелділігін және сәйкестігін көрсететін әлеуметтік әрекет
Допинг мәселесінің тағы бір аспектісі бар, өйткені спорт шеңберінен тыс мәселелер
Мектеп оқушыларында салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері
Дене мәдениеті мен спорттың қоғамдағы орны
Биологияны оқыту әдістемесінің пайда болуы
Салауаттылық –денсаулық кепілі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz