КәсIпкерлIк туралы жалпы түсIнIк және оның ұйымдық - құқықтық формалары
ЖОСПАР
КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I.бөлім. КӘСIПКЕРЛIК ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСIНIК ЖӘНЕ ОНЫҢ ҰЙЫМДЫҚ.ҚҰҚЫҚТЫҚ ФОРМАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Кәсiпкерлiк: экономикалық мазмұны, белгiлерi, құрылымы ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Рыноктық экономикадағы кәсiпкерлiктiң маңызы және оны мемлекеттiк реттеу шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
II.бөлім. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КӘСIПКЕРЛIК ҚЫЗМЕТТIҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ОНЫ МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.1 Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiк қызметтiң құрылымы және даму мәселелерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.2 Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiктi мемлекеттiк реттеу саясаты ... ..18
2.3 Қазақстан экономикасында шағын және орта кәсiпкерлiк құрылымдарының алатын орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
2.4 Шағын кәсіпкерлікті инновациялық қолдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36

КIРIСПЕ
Рыноктық экономиканың белсендi өкiлдерiнiң бiрi – кәсiпкерлер. “Кәсiпкер” ұғымын алғаш рет XVIII ғасырдың басында ағылшын экономикасi Ричард Кантильон енгiздi. Ғылыми әдебиеттерде кәсiпкерлiктi үш аспектiде қарастырады: экономикалық категория ретiнде, экономикалық ойлай типi ретiнде, шаруашылық жүргiзу тәсiлi ретiнде.
Экономикалық ғылымда негiзiнен өндiрiстiң төрт факторы қарастырылған: еңбек, капитал, жер және кәсiпкерлiк. Бұл жерде кәсiпкерлiк өндiрiстiң төртiншi факторы ретiнде ғана емес, еңбек, капитал, жер тәрiздi үш негiзгi өндiрiс факторларын бiрiктiрiп жүзеге асырудың үздiк әдiстерiн iздестiрiп, жұмылдыру процесi ретiнде де қарастырылады.
Рыноктық экономика негiзiнде ұлттық экономиканың тұрақты өсуiн қамтамасыз ету үшiн бәсекеқабiлетi жоғары өнiмдер шығаруға мүмкiншiлiк туғызатын, елiмiздi дамыған елдер қатарына бiр қадам болса да жақындататын басты құралдың бiрi – кәсiпкерлiк қызметтi дамытуымыз және оның маңызды салаларын мемлекеттiк реттеу мен қолдау бүгiнгi экономикамыздың басым саясаттарының бiрi болып отыр. Әсiресе бұл саяаттың негiзгi мақсаты кәсiпкерлiктi инновациялық тұрғыдан қолдау келешекте елiмiзге өз жемiсiн берерi анық. Себебi өмiр өзi көрсеткенiндей, шикiзат сатуға бейiмделген экономика құлдырауға бағытталған. Тек жоғары сапалы, ең соңғы ғылым жетiстiктерiне сай техника мен технологиялар ғана экономиканы көркейтiп, халықтың тұрмыс деңгейiн жақсартуға қабiлеттi.
Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын “Қазақстанда кәсіпкерліктің даму мәселелері” деп алдым.
Бұл тақырыпты орындаудағы мақсатым мен мiндеттерiм келесiдей болып табылады:
• Кәсiпкерлiктi – ерекше экономикалық құбылыс ретiнде қарастыру;
• Кәсiпкерлiк қызметтiң рыноктық экономика қызмет етуiнiң негiзi екендiгiн атап өту;
• Кәсiпкерлiк жалпы маңыздылығын, оның түрлерiн және жiктелуiн қарастыру;
• Кәсiпкерлiк қызметтi мемлекеттiк реттеу шараларының ерекшелiктерiне тоқталу;
• Елiмiздегi кәсiпкерлiк қызмет қалыптасуының ерекшелiктерiн және iске асу нәтижесiн қарастыру;
• Кәсiпкерлiк қызметтi дамытудағы мәселелердiң шешу жолдарын айқындау;
• Елiмiзде бүгiндегi кәсiпкерлiктi мемлекеттiк реттеу iс-шараларын талдау және олардың iске асуын қадағалау;
• Кәсiпкерлiк дамуының және рыноктық экономиканың негiзi болып табылатын шағын және орта бизнестiң ұлттық экономика дамуындағы маңыздылығын атап өту.
Бүгiнгi Республикамызда экономиканы рыноктық қатынаста қайта құру жолында оның негiзi болып табылатын кәсiпкерлiк қатынастарды дамытып, оны жандандыру және оларды мемлекеттiк қолдау мен реттеу күн тәртiбiндегi өзектi мәселелердiң бiрi.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. ҚР-ның Азаматтық кодексi. 2000 ж.
2. Н.А. Назарбаев. Қазақстан – 2030 Қазақстан халқына Жолдауы.
3. Курс предпринимательства: Учебник для вузов / В.Я.Горфинкель, В.А.Швандар, Е.М.Купряков – Москва: Финансы, 1997. – 439с.
4. Тургинбаева А.Н. / Менеджмент в малом бизнесе: - Алматы: 2003, - 152с.
5. Токсанова А.Н. Развитие малого предпринимательства: концептуальный подход с позиций менеджмента. – Алматы, - 1999г.
6. Н. Ә. Назарбаев. “Бәсеке қабiлеттi Қазақстан”, “Бәсекеқабiлеттi экономика” және “Бәсекеқабiлеттi халық” деген Қазақстан халқына Жолдауы. // Егемен Қазақстан, 19 наурыз, 2004 ж.
7. К.Б. Блеутаева «Кәсiпкерлiктiң жаңа формаларын ынталандырудағы мемлекеттiң ролi» //Аль-Пари, 2005, №3-4.
8. Ж.Ильясов “Этапы и проблемы в развитии малого бизнесе” // Вестник предпринимателя, № 9-10, - 2004г.
9. Т.С.Сарбасова “Состояние и проблемы малого бизнеса в РК” // Вестник КазНУ, №1, 2004 г.
10. С.Т.Купешова “Шағын инновациялық кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау” // Қаржы-Қаражат, 2005ж.
11. Л.И.Тогайбаева “Малый бизнес в обеспечение продуктивной занятости населения” // Вестник КазНУ. №3, - 2004г.
12. М.Ж.Арзаева “Шағын және орта бизнестi қаржылық-несиелiк реттеудiң объективтi қажеттiлiгi” // ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы. №3, - 2004ж.
13. Статистический ежегодник, 2005 г.

... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I-бөлім. КӘСIПКЕРЛIК ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСIНIК ЖӘНЕ ОНЫҢ ҰЙЫМДЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ
ФОРМАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1. Кәсiпкерлiк: экономикалық мазмұны, белгiлерi, құрылымы
... ... ... ... ... ... ...5
2. Рыноктық экономикадағы кәсiпкерлiктiң маңызы және оны мемлекеттiк реттеу
шаралары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... 12
II-бөлім. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КӘСIПКЕРЛIК ҚЫЗМЕТТIҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ОНЫ
МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.1 Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiк қызметтiң құрылымы және даму
мәселелерi

... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.2 Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiктi мемлекеттiк реттеу саясаты
... ..18
2.3 Қазақстан экономикасында шағын және орта кәсiпкерлiк құрылымдарының
алатын орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 22
2.4 Шағын кәсіпкерлікті инновациялық қолдау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
ҚОРЫТЫНДЫ

... ... ... ... ... ... ... ..34
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
6
КIРIСПЕ
Рыноктық экономиканың белсендi өкiлдерiнiң бiрi – кәсiпкерлер.
“Кәсiпкер” ұғымын алғаш рет XVIII ғасырдың басында ағылшын экономикасi
Ричард Кантильон енгiздi. Ғылыми әдебиеттерде кәсiпкерлiктi үш аспектiде
қарастырады: экономикалық категория ретiнде, экономикалық ойлай типi
ретiнде, шаруашылық жүргiзу тәсiлi ретiнде.
Экономикалық ғылымда негiзiнен өндiрiстiң төрт факторы қарастырылған:
еңбек, капитал, жер және кәсiпкерлiк. Бұл жерде кәсiпкерлiк өндiрiстiң
төртiншi факторы ретiнде ғана емес, еңбек, капитал, жер тәрiздi үш негiзгi
өндiрiс факторларын бiрiктiрiп жүзеге асырудың үздiк әдiстерiн iздестiрiп,
жұмылдыру процесi ретiнде де қарастырылады.
Рыноктық экономика негiзiнде ұлттық экономиканың тұрақты өсуiн
қамтамасыз ету үшiн бәсекеқабiлетi жоғары өнiмдер шығаруға мүмкiншiлiк
туғызатын, елiмiздi дамыған елдер қатарына бiр қадам болса да жақындататын
басты құралдың бiрi – кәсiпкерлiк қызметтi дамытуымыз және оның маңызды
салаларын мемлекеттiк реттеу мен қолдау бүгiнгi экономикамыздың басым
саясаттарының бiрi болып отыр. Әсiресе бұл саяаттың негiзгi мақсаты
кәсiпкерлiктi инновациялық тұрғыдан қолдау келешекте елiмiзге өз жемiсiн
берерi анық. Себебi өмiр өзi көрсеткенiндей, шикiзат сатуға бейiмделген
экономика құлдырауға бағытталған. Тек жоғары сапалы, ең соңғы ғылым
жетiстiктерiне сай техника мен технологиялар ғана экономиканы көркейтiп,
халықтың тұрмыс деңгейiн жақсартуға қабiлеттi.
Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын “Қазақстанда кәсіпкерліктің
даму мәселелері” деп алдым.
Бұл тақырыпты орындаудағы мақсатым мен мiндеттерiм келесiдей болып
табылады:
• Кәсiпкерлiктi – ерекше экономикалық құбылыс ретiнде қарастыру;
• Кәсiпкерлiк қызметтiң рыноктық экономика қызмет етуiнiң негiзi екендiгiн
атап өту;
• Кәсiпкерлiк жалпы маңыздылығын, оның түрлерiн және жiктелуiн қарастыру;
• Кәсiпкерлiк қызметтi мемлекеттiк реттеу шараларының ерекшелiктерiне
тоқталу;
• Елiмiздегi кәсiпкерлiк қызмет қалыптасуының ерекшелiктерiн және iске асу
нәтижесiн қарастыру;
• Кәсiпкерлiк қызметтi дамытудағы мәселелердiң шешу жолдарын айқындау;
• Елiмiзде бүгiндегi кәсiпкерлiктi мемлекеттiк реттеу iс-шараларын талдау
және олардың iске асуын қадағалау;
• Кәсiпкерлiк дамуының және рыноктық экономиканың негiзi болып табылатын
шағын және орта бизнестiң ұлттық экономика дамуындағы маңыздылығын атап
өту.
Бүгiнгi Республикамызда экономиканы рыноктық қатынаста қайта құру
жолында оның негiзi болып табылатын кәсiпкерлiк қатынастарды дамытып, оны
жандандыру және оларды мемлекеттiк қолдау мен реттеу күн тәртiбiндегi
өзектi мәселелердiң бiрi.
I-бөлім. КӘСIПКЕРЛIК ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСIНIК ЖӘНЕ ОНЫҢ ҰЙЫМДЫҚ -ҚҰҚЫҚТЫҚ
ФОРМАЛАРЫ

Буржуазиялық саяси эканомикада “кәсiпкерлiк” түсiнiгi XVIII ғасырда
пайда болды. Кәсiпкерлiк – инициативалы шаруашылық қызмет
тәуекелмен жасалатын жекеменшiк, қарыздық және басқа да құралдар
мен мүлiктер негiзiне пайда табу қызметтерi.
ҚР-ның Азаматтық кодексiнде кәсiпкерлiкке келесiдей анықтама бередi:
“Кәсiпкерлiк – меншiк түрлерiне қарамастан, азаматтар мен заңды
тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы
таза табыс табуға бағытталған, жеке меншiкке не мемлекеттiк кәсiпорынды
шаруашылық басқаруға құқығына (ммелекеттiк кәсiпкерлiк) негiзделген ынталы
қызмет. Кәсiпкерлiк қызмет кәсiпкердiң атынан, оның тәуекел етуiмен және
мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылады”.
Кәсiпкерлiк бұл ерекше экономикалық құбылыс болып табылады.
Кәсiпкерлiк қызметке талдау жасау оның жалпы экономикалық құрылымы сияқты
ұзақ тарихы мен терең тамыры барын көрсетедi. Орта ғасырларда “кәсiперлiк”
деген термин, одан да бұрын “антрепренер” француз тiлiнен аударғанда
“делдалдық” дегендi бiлдiредi. Кәсiпкерлiк батыстың экономикалық
теориясында кең түрде XVIII ғасырдан бастап қарала бастады. Оны атақты
ғалымдар Р.Кантилонаның, А.Тюргоның, Ф.Кэненiң, А.Смиттiң, Ж.Сэйдiң
есiмдерiмен байланыстырады. “Кәсiпкер” терминiнiң атасы белгiлi ағылшын
экономисi Ричард Кантилон. Ол “кәсiпкер” деп рынок жағдайында әрекет
жасаған адамды айтқан.
Әлеуметтiк-экономикалық құбылыс ретiнде кәсiпкерлiк көптеген қоғамдық
қатынастарды қамтиды. Мұның айталық, заң-құқықтық, психологиялық, тарихи
жақтары бар. Бiрақ кәсiпкерлiк қызметтiң тағдыры адам қызметiнiң
экономикалық жағдайларына байланысты. Кәсiпкерлiк қатынастарды талдаудың
алғашқы қадамы олардың объектiлерi мен субъектiлерiн анықтау.
Кәсiпкерлiктiң субъектiсiне экономикалық қызметке қатысушы түрлi
мүшелер, алдымен жекелеген индивидтер, адамдар жатады. Мұндай кәсiпкердiң
қызметi өзiнiң еңбек шығындарына немесе жалдамалы еңбектi қолдануға
негiзделедi. Соңғы жағдайда кәсiпкер жалдаушы болады. Кәсiпкерлiк қызметтi
бiр топ адамдар жүргiзуi мүмкiн, оларды байланыстырушы – мiндеттi шарттар
мен экономикалық мүдде. Мұндай кәсiпкерлiктiң түрi – ұжымдық, коллективтiк
деп аталады. Ұжымдық кәсiпкерлiктiң субъектiсi - әртүрлi ассосациялар:
акционерлiк қоғамдар, кооперативтер және т.б. жеке-дара кәсiпкерлерге
қарағанда кооперативтер немесе партнерлiк бiрлестiктер iрi көлемдегi
мәселелердi шеше отырып, олардың рыноктағы үлесi бар болуымен көрiнедi.
Кәсiпкерлiк объектiсi – адамның белгiлi қызметi. Кәсiпкердiң соңғы
нәтижесi - өндiрiлген өнiм мен көрсетiлген қызмет. Бiрақ, ең бастысы әр
кәсiпкер осылардың iшiндегi өзiне ең пайдалысын және тиiмдiсiн iске
асырады. Мiне сондықтан да рыноктық экономикада кәсiпкерлердiң басты
мақсаты өз пайдасын барынша максималдау және өндiрiс шығындарын барынша
минималдау болып табылады. Ал кәсiпкердiң табысы көбiне оның өз iсiн қалай
ұйымдастырғанына байланысты. Яғни, кәсiпкер өз iсiн бастағанда және оны
жалғастырғанда үлкен тәуекелге барады. Ал тәуекелдiлiк кәсiпкерлiк
қызметпен бiрге өмiр сүрiп отыратын заңды құбылыс.
Сонымен кәсiпкерлiк – рыноктағы бәсекеге төтеп беру үшiн жаңа
мүмкiндiктердi iздеу, жаңа технологияны пайдалану, капиталды жұмсаудың тың
салаларын iздеу, ескi ойлау шеңберiнен шығу болып табылады.
Демек, нақты өмiрде кәсiпкерлiктiң объектiсi – новаторлық, жаңашылдық,
ерекше мағынадағы новаторлық өндiрiс, айырбас және бөлудiң түрлi
факторларын комбинациялау. Кәсiпкерлiк әр кезде де белгiлi бағытта
ұйымдастырылады, нақты формалары бар. Кәсiпкерлiктiң шаруашылық жүргiзу
тәсiлi ретiнде бiрнеше жалпы белгiлерi бар. Оның iшiнде негiзгiсi –
шаруашылық субъектiлерiнiң еркiндiгi мен тәуелсiздiгi. Кәсiпкерлердiң еркiн
қызмет етуi рынок механизмiнiң әрекетiн қамтамасыз ететiн тәртiп
қалыптастырады. Кәсiпкердiң тәуелсiздiгi оған экономикалық ресурстарды
алуға, осы ресурстардан өз қалауынша қызмет пен тауар өндiру процесiн
ұйымдастыру және оларды рынокта кәсiпкердi қанағаттандыратындай өткiзу
болып табылады.
Барынша көп табыс табу кәсiпкерлiк жұмыстың қозғаушы факторы. Көп
жағдайларда тек осы тұрғыдан ғана iс ұйымдастырылып, одан әрi кеңейтiледi.
Кәсiпкерлiкке тән тағы бiр сипат шаруашылық жүргiзудегi тәуекелге бел бууы.
Iске кiрiскендн алғашында алда не болатыны белгiсiз, анықталмағандық
болады, оны болжап, дәл айту қиын.
Осындай елеулi белгiлерi бола отырып кәсiпкерлiк келесi салалар
бойынша бөлiнедi:
• кәсiпкерлiк қызметтiң бағытталуына байланысты: өндiрiстiк,
коммерциялық, қаржылық, инновациялық болып бөлiнедi;
• кәсiпкердiң функционалды операциясының құрылымына қарай:
өндiрiспен басқару , қаржыландыру және делдалдық қызмет:
• шаруашылық түрлерiнiң санына байланысты кәсiпкерлiк: бiр
профильдi , көп профильдi;
• шаруашылықтың салаларына бағытталуына байланысты: өндiрiстiк ,
агроөндiрiстiк, ауыл шаруашылық, құрылыста және басқада
халық шаруашылық салаларында.
Өндiрiстiк бизнес: өндiрiстiк бизнеске негiзiнен
материалдық, рухани және интеллектуалдық өндiрiс құрайтын iскерлiк
қызметтiң түрi жатады. Бұл iскерлiктiң қоғамдық тұрғыдан алғанда ең
қажеттi, өте салмақты, күрделi, сондықтан да бiршама ауыр түрi.
Өндiрiстiк бизнес - бұл, негiзiнен алғанда, өнеркәсiптiк және ауыл
шаруашылық өнiмдерiн шығару. Ең кең мағынада өндiрiстiк бизнес -
бұл тұтынушыларға қажеттi, ақшаға сатуға келетiн келесi басқа
тауарға айырбастау ниетi бар кез келген пайдалы өнiмдi
шығару. Өндiрiстiк бизнесмен - бұл кейiннен сатып алушыларға,
тұтынушыларға өткiзiлетiн өнiм, тауар, жұмыс, ақпарат, рухани
игiлiктекрдi өндiру процесiн ұйымдастыру және iске асырумен
айналысатын iскер. Кейбiр iскерлер өнiм өндiру және дайындаумен
өздерi айналысады, бiрақ бұл бiрдi - екiлi жағдай ғана.
Көпшiлiк жағдайда өндiрiстiк iскерлер өз бизнесiне отбасы
мүшелерiн, туған туыстарын тартады, сондай-ақ жалдамалы
жұмысшылардың қызметiн пайдаланады.
Коммерциялық бизнес: коммерциялық немесе саудалық бизнес
- бұл тауарларды сату мен сатып алуға байланысты iскерлiк.
Коммерция өзiнiң бастапқы мағынасында сауда ұғымын бiлдiредi,
ал коммерсант - сауда, тауар айырбастау, тауар - ақша
операцияларымен айналысатын саудалық iскер, бизнесмен. Коммерциялық
бизнес өндiрiстiк бизнеспен тiкелей байланысты. Өйткенi,
өндiрiлген тауарды ақшаға өткiзу немесе басқа тауарларға
айырбастау керек. Дәл осы саудалық iскерлiк тауарға деген
сұранымды анықтап қандайда болсын өнiмнiң түрiн өндiрудi
көбейтуге немесе керiсiнше шектеуге әсер етедi.
Қаржылық кәсiпкерлiк: саудалық бизнеске әлдеқайда жақын
тұрған қаржылық iскерлiк болып табылады. Өйткенi оның
негiзiнде сатып алу сату жатады, бiрақ мұнда ақша, валюта
бағалы қағаздар сияқты ерекше тауарлар айналымға түседi.
Өндiрiстiк , коммерциялық және iскерлiк қызметтiң басқа
түрлерiн жүзеге асыру ақшаның көздердi керек етедi. Шикiзатпен
материалдарды сатып алу, ғимараттарды жалға алу, жалдамалы
жұмысшылардың жалақысын төлеу және басқа iскерлiк жұмыстар ақша
көздерiн тұрақты жұмсауды қажет етедi. Әрине, әр бiр бизнесмен өз
iсiн жүргiзу үшiн жеткiлiктi мөлшерде ақша көздерiн иеленген
деп ойлаймыз. Алайда, тәжiрибе көрсетiп отырғандай, белгiлi бiр
бизнес операциясының басталуынан оның аяқталуына дейiн жеткiлiктi
дәрежеде ұзақ уақыт кетедi, содықтан да операция аяқталғаннан
кейiн ақшаны алғанға дейiн бизнесменге қолда бар қаржы
ресурстары жетiспеуi мүмкiн, осыған орай ол заемдық көздердi
iздестiрудi бастайды. Дәл осындай жағдай, iскер өз қолында
отардың валютадағы жеткiлiктi мөлшерде қаржы көздерiн ұстап
отырса да, шетелдiк шикiзат пен материалдарға есеп айырысу
үшiн шетелдiк валютаны сатып алғанда да ұшырымды. Одан әрi
бизнесмен белгiлi бiр табыс табу үшiн өзiнiң қолындағы бос
жатқан ақшаны процент алу аясында банкiге салады немесе
акция, басқа да бағалы қағаздарды сатып алады.
Делдалдық бизнес: жоғарыда қарастырылған бизнестiң
өндiрiстiк коммерциялық жағы бiр түрлi делдалдық бизнестi
дүниеге әкелдi. Бұл бизнес өндiрiстiк, сауда - коммерциялық қаржы
несиелiк сияқты әр трлi салаларда жүзеге асырылады. Оның
негiзгi ерекшклiгi - мұнда бизнестiң материалдық заттай элементi
болмайды. Делдал өзi өнiм өндiрмейдi, тауар, валюта немесе
бағалы қағаздармен сауда жасамайды, несие берумен айналыспайды.
Оның ролi мен мiндетi - осы операциялардың жүргiзiлуiне және
бiтiм жасауға мұрындық болу.
Бұл жерде бизнестiң дәнiн себушi - делдал әкелетiн ақпарат.
Бiр жағынан сатып алушы, тұтынушының жағында, екiншi жағынан
өндiрушi, тауар сатушының жағында тұратын делдал оларды iскерлiк
бiтiмдiк қолына iкелiп қосады.
Сақтандыру бизннесi: сақтандыру эканомикалық қарым-
қатынастың бiр түрi ретiнде бiздiң тарихымыздың кеңестiк
кезеңiнде орын алды және оны еңбек табысын табуға мүмкiндiгi
жоқ немесе көмекке зәру адамдарға жәрдем көрсету мақсатында
белгiлi бiр қаржы қорын құру үшiн кәсiп орындармен
азаматтардың тапқан табысының белгiлi бiр бөлiгiн ерiксiз тәртiппен
алу арқылы мемлекет жүзеге асырып отырды.
Фирма рыноктық экономиканың негiзгi экономикалық агентi. Бiр немесе
бiрнеше кәсiпорыннан тұратын, пайда табу мақсатында тауар мен қызметтер
жасап шығаруға ресурстарды пайдаланатын ұйымдарды фирма деп атайды.
Меншiктiк формасына сәйкес фирмлардың немесе кәсiпкерлiктiң үш түрiн
атап өтуге болады:
• Индивидуалдық немесе жеке кәсiпкерлiк;
• Серiктестiк немесе партнерлiк;
• Корпорация (акционерлiк қоғам).
Индивидуалдық кәсiпкерлiк деген бiр адам иелiк ететiн бизнес.
Индивидуалдық кәсiпкерлiктiң иелiк етушiсi сонымен бiрге менеджер қызметiн
атқарады. Оның мүлiгi мен жауапкерлiгiнде шек болмайды. Индивидуалдық
кәсiпкерлiктiң басты кемшiлiгi – капиталының аз мөлшерде болуы.
Артықшылықтары: меншiк иесiсiнiң әрқайсысы барлық пайданы иемденедi,
өзгерiстердiң қандайын болмасын өзi жүргiзе алады. Индивидуалдық бизнесмен
заңды тұлға болмайды. Сондықтан ол тек табыс салығын төлейдi, корпорацияға
белгiленген салық төлемейдi. Бизнестiң аса кең тараған бұл формасы ұсақ
дүкендерге, қызмет сферасына, фермаларға, заңгерлiк iс-әрекеттерге тән
болады.
Серiктестiк ( партнерлiк) дегенiмiз екi және одан да көп адам иелiк
ететiн бизнестiң түрi. Бұл да заңды тұлға емес, сондықтан табыс салығын
ғана төлейдi және фирманың барлық қарыздарына шексiз жауапкершiлiк артады.
Артықшылығы: ұйымдастырылу жеңiл, қосымша қаражаттар және жаңа идеялар iске
тарту мүмкiндiгi болады. Кемшiлiктерi: шаруашылық дами түскенде қаржы
ресурстарының тапшылығынан қосымша капиталды iске тарту мүмкiндiгi
шектелген; фирма мүшелерiнiң барлығы бiрдей iс-әрекет мақсаттарын жетiле
түсiнбеуi.
Корпорация деп бiр заңды болып бiрлесiп, кәсiпкерлiк қызмет жасау үшiн
қосылған адамдар жиынтығын атайды. Корпорация меншiгiне құқықтар акцияларға
сәйкес бөлшектерге бөлiнедi. Сондықтан корпорацияның иелерi акция ұстаушы,
ал корпорацияның өзi – акционерлiк қоғам деп аталады. Корпорацияның
табыстарына корпорация салығы салынады.
Кәсiпкерлiк фирманың көлемiне сәйкес шағын, орта және iрi кәсiпкерлiк
болып бөлiнедi. Осы заманда экономикасы дамыған елдерде шағын кәсiпкерлiк
ұлттық шаруашылықтың ең iрi секторын құрайды. Шағын бизнесте барлық
жұмысбастылардың жартысынан көбi қызмет етедi.
Жалпы кәсiпкерлiктiң жiктелуiн келесi суреттен көре аламыз. (Сурет-1)
Сурет-1 – Кәсiпкерлiктiң жiктелуi
1.2 Рыноктық экономикадағы кәсiпкерлiктiң маңызы және оны мемлекеттiк
реттеу шаралары
Кәсiпкерлiк нарық қатынастарын ұдайы iске қосып отыратын орта.
Экономиканың өтпелi кезеңiндегi кәсiпкерлiк ең алдымен рыноктың тауармен
толығуына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына мүмкiндiк бередi. Жалпы
алғанда, кәсiпкерлiк экономикада нақты белсендi, бәсекелес ортаны ғана
қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар, мемлекеттiң экономикалық дамуында
оның тұрақталығының индикаторы есептi қоғамда орта тапты жасақтайды.
Кәсiпкерлiктiң әлеуметтiк мiндетiне:
• Халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздық мәселесiн шешу;
• Тұрмыс деңгейiн жоғары болуын қамтамасыз ету;
• Адамның өмiрге тың сенiммен қарауының мүмкiндiктерiн арттыру;
Ал кәсiпкерлiктiң экономикалық мiндеттерiне келесiлердi жатқызуға болады:
• Рыноктық қатынастарды дамыту;
• Шектеулi ресурстарды тиiмдi пайдалану;
• Экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру;
• Жаңа жұмыс орындарын ашу;
• Рыноктағы сұранысты қамтамасыз ету;
• Экономикалық активтi халықты барынша ынталандыру;
• Инвестицияларды тиiмдi салаларға тарту;
• Инновациялық жаңалықтарды ашып оны өндiрiске енгiзу;
• Кластерлiк жүйенiң дамуы;
• Лизингтiк қатынастардың дамуы;
• Өнiмдердiң сапалылығының жоғары болуы;
• Тұрақты экономикалық өсудi қамтамасыз етiп, ЖIӨ-нiң негiзгi бөлiгiн
құрайды.
Қазақстанда бүгiнгi күнi шағын және орта кәсiпкерлiк бастан кешiрiп
отырған қатынастарға қарамастан, экономиканың серпiндi дамып келе жатқаны
белгiлi болып отыр. Ең бастысы шағын кәсiпкерлiк саны өсiп келедi. Өсiм
соншалықты жоғары да емес, небәрi пайыздық бөлiгi ғана. Оның ЖIӨ-де өзiндiк
үлесi бар. Ол 30 % құрайды. Қазiргi кезде кәсiпкерлiк Қазақстанның бүгiнгi
экономикасында лайықты орын алуда.
Бүгiнгi таңда Республикамызда экономиканы нарықтық қатынаста қайта
құру жолында оның негiзi болып табылатын кәсiпкерлiк қатынастарды дамытып,
оны жандандыру және оларды мемлекеттiк қолдау күн тәртiбiндегi өзектi
мәселелердiң бiрi. Сондықтан елдiң тұрақты өсуiн қамтамасыз ету үшiн
рыноктық экономиканың негiзi болып табылатын кәсiпкерлiк қызметтi қолдау
және реттеу шараларының тиiмдi iске асырылу қажеттiгi туындап отыр.
Кәсiпкерлiктi қолдаудың және реттеудiң келесiдей түрлерiн атап өтуге
болады:
• Кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау және реттеу;
• Инновациялық қолдау және ынталандыру;
• Инвестициялық қолдау мен оның салаларын дамыту;
• Құқықтық қолдау және заңдар қабылдау;
• Қаржылық қолдау мен несиелер арқылы ынталандыру;
• Салықтық жеңiлдiктер арқылы кәсiпкерлiктiң маңызды салаларын дамыту iс-
шаралары жатады.
Осы жоғарыда айтылған кәсiпкерлiк қызметтi қолдау мен ерттеу
шараларының iшiндегi қалған бағыттарға да әсер ететiн негiзгi реттеу мен
қолдауды, кәсiпкерлiктiң дамуының стратегиясы мен даму жоспарын дайындайтын
және ұсынатын мемлекеттiк iс-шаралар жиынтығы болып табылады.
Кәсiпкерлiктi және шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдауды қаржылық
қамтамасыз ету республикалық және жергiлiктi қаражат есебiнен жыл сайын
аталған мақсаттарға көзделетiн бөлiнген қаржы шегiнде, сондай-ақ ҚР-сы
мемлекеттiк бюджетiнен, мемлекеттiк заемдардың, мемлекеттiк ақшалай
гранттар есебiнен жүзеге асырылатын болады.
Кәсiпкерлiктi және шағын кәсiпкерлiктi мемлекет тарапынан қолдау мен
реттеудiң негiзгi бағыттарына:
• Елде жекешелендiрудi одан ары жүргiзу;
• Рыноктық қатынастарды жетiлдiру, кәсiпкерлiк қызметтердiң еркiн қызмет
етуiне қолайлы ортаны қалыптастыру;
• Кәсiпкерлiк субъектiлерiн мемлекеттiк тiркеудiң, олардың қызметiн
лицензиялаудың, олардың өнiмiн сертификаттаудың оңайтылған тәртiбiн
белгiлеу;
• Ұлттық маңызды және шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн қолдау мен дамыту
үшiн инвестицияларды, оның iшiнде шетел инвестицияларын тарту мен
пайдалану жүйесiн жасау;
• Қаржы көздерiн анықтай отырып шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне несие
берудiң арнаулы бағдарламаларын жасау;
• Елдегi кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң шетелдiк әрiптестерiмен сауда,
ғылыми-техникалық, өндiрiстiк және өзге де байланыстарын дамытуды қоса
алғанда, олардың сыртқы экономикалық қызметiн қолдау;
• Өнiмдер өндiруге, жұмыс атқарып, қызмет көрсетуге мемлекеттiк сатып
алуды орналастырған кезде отандық кәсiпкерлiк субъектiлерiне
артықшылықтар беру.
Шағын және орта бизнес кәсiпорындарының тұрақты жұмыс iстеуiн
қамтамасыз ету үшiн олардың экономикалық ортасын жақсартуға арналған
көптеген нақты iс-шараларды қарастырып, кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау
және дамыту концепциясын жасау қажет. Аталмыш концепцияны жасау барысында
құқықтық жақтарын және қаржы-несиелiк қолдау шараларын, сонымен қатар
кәсiпкерлердiң де, мемлекеттiң де мүдделерi ескерiлген шараларды iске
асыруымыз керек. Оның мақсаты кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту
стратегиялары оларды жүзеге асырудың нақты механизмдерiн өңдеу болып
табылады.

МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ

Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiк қызметтiң қалыптасуы және оның
дамуы негiзiнен елiмiздiң егемендiгiн алған жылдардан бастап бүгiнге дейiн
жалғасуда. Кәсiпкерлiк қызметтi дамытудың алғашқы реформаларға Кеңес Одағы
экономикасының негiзi экономиканы орталықтан басқару жүйесiн ыдыратып,
меншiктiк қатынастарды дамыту болып табылады. Оның алғашқы қадамы
мемлекеттiк меншiктi жекешелендiру, яғни бұл кәсiпкерлiк ортаны
қалыптастырудың алғашқы кезеңi едi.
Елiмiзде кәсiпорындар мен экономикалық құрылымдарды жаппай
жекешелендiру 1998 жылға дейiн қарқынды түрде жүргiзiлдi. Ал одан кейiнгi
кезеңдерде экономиканы реформалау тұрақты экономикалық өсудi қамтамасыз ету
үшiн кәсiпкерлiк дамуына қолайлы орта жасау, отандық кәсiпорындардың
бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру, кәсiпкерлiктiң өнеркәсiп саласындағы үлес
салмағының артуына жағдай жасау, кәсiпкерлiктi инновациялық қолдау,
кәсiпкерлiк қызметте кластерлiк жүйенi дамыту сияқты басты мiндеттердi
шешуде. Оның бiрден-бiр мысалы соңғы жылы қабылданған 2003-2015 жылдарға
арналған Индустриялы-инновациялы даму стратегиясы мысал бола алады. Ол
стратегияның негiзгi мақсаты отаныдық өндiрiстiң шикiзат бағытынан қол
үзiп, экономикалық өсудiң тиiмдi жолы болып табылатын дамудың индустриялы
сатысына өтiп, сервистiк-технологиялық қызметтi дамыту болып табылады. Ал
мұны iске асырудың негiзi рыноктық экономиканың негiзi болып табылатын
кәсiпкерлiк қызметтi ынталандыру екенi белгiлi.
Сондай-ақ елiмiздегi кәсiпорындардың басым көпшiлiгi бүгiнде
экономиканың сауда-саттық, делдалдық және автакөлiк жөндеу сияқты
Барлық МемлекеттiкЖеке Мемлекет Бiрiккен Шетелдiк
кәсiпорын кәсiпорын меншiк араласуымен кәсiпорын кәсiпорын
дар
ҚР 182796 25661 149473 1133 5089 7662
Шағын 163534 18204 144381 708 4812 7523
Орта 10674 6607 3975 266 198 92
Iрi 2014 850 1117 159 79 47
Бүгiнде елiмiздегi қызмет етiп отырған жалпы кәсiпкерлiктiң қызмет ету
формасына байланысты олардың құрылымын келесi кестеден және Қазақстан
Республикасындағы жалпы кәсiпкерлiктiң барлық түрi бойыншағы үлесiн көре
аламыз.
Кесте 1
Казақстан Республикасындағы 2005 жылғы кәсiпкерлiк құрылымы
Сурет-2 – Қазақстан Республикасы бойынша жалпы кәсiпкерлiк үлесi
Елiмiздегi кәсiпкерлiк қызмет дамуының бүгiнгi таңдағы жалпы
мәселелерiне тоқталатын болсақ, оларды келесiдей етiп топтастыруға болады:
• Кәсiпкерлiктi қолдау инфоқұрылымның жеткiлiксiздiгi;
• Қолданылып жүрген заңдарды жергiлiктi деңгейде орындау тәртiбiнiң
әлсiздiгi;
• Салық салу және салықтық тексеру жүйелерiнiң тым күрделiгi;
• Негiзгi қаражатты алуға және айналым қаржатын молықтыру үшiн
кешендiк ресурстарға қол жеткiзудiң шектеулiгi;
• Эканомикалық қаржы секторында жұмыс iстейтiн шағын және орта
кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң iске қосылмаған, коммуналдық меншiктегi
өндiрiстiк үй - жайларды сатып алу тәртiбiнiң күрделiлiгi және
тым жоғары жалға алу ақысы;
• Кадрларды даярлау және кәсiпкерлiктi ақпараттық қолдаудың
тұтас жүйесiнiң жоқтығы;
• Кәсiпкерлiктiң мемлекеттiк құрылымдармен өзара iс қимыл жасаудың
ұйымдық проблемалары;
• Кәсiпкерлiктiң даму жолындағы әкiмшiлiк тосқауылдардың орын алуы;
• Кәсiпкерлiктi инновациялық тұрғыдан барлық жағынан қолдаудың әлi де
қалыптасып болмауы;
• Кәсiпкерлiктi дамытуағы кластерлiк жүйенiң толық қанды дамымауы;
• Рыноктық қатынастардың, кәсiпкерлiктiң, әсiресе шағын бизнестiң
бәсекелестiк қатынастың дамуына монополилардың кедергi болуы;
Ең жиi кездесетiн әкiмшiлiк тосқауылдардың бiрi кәсiпкерлiк
қызметтi тiркеу және лицензиялау жүйесiнiң жетiлмегендiгi болып
табылады. Осы мәселелердi шешудi аймақтық және жергiлiктi жерлерде қатаң
түрде бақылауға алу керек.
Кәсiпкерлiктiң дамуы үшiн қолайлы орта қалыптастыру бағыттарының
бiрi болып кәсiпкерлiк қызметтi ұйымдастыру мен жүзеге асырудағы
мемлекеттiк үкiмет орындарының актiлерiн iс-қимылдарын және
әрекетсiздiгiнен туындаған әкiмшiлiк тосқауылдар ретiнде белгiленетiн
кедергiлердi жою болып табылады. Осы кедергiлер көбiнесе жергiлiктi
жердегi атқарушы үкiметтiң әрекетiне байланысты.

Нарықтық қатынастар аясында жүзеге асырылып жатқан кәсiпкерлiк
қызметтiң мемлекет тарапында және экономика өмiрiнде атқаратын ролiнiң
ұшан теңiз екенi дәлелдеудi қажет етпейдi. Қазiр дамыған өркениеттi
елдердiң қайсысын алып қарасақ та шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыта
отырып, айтарлықтай жоғары дәрежеге жеткенi баршаға мәлiм.
Бүгiнгi Республикамызда экономиканы нарықтық қатынаста қайта құру

жандандыру және оларды мемлекеттiк реттеу мен қолдау саясатының күн
тәртiбiндегi өзектi мәселелердiң бiрi болып табылады. Бүгiнде елiмiзде
кәсiпкерлiк қызметтi мемлекетiк реттеу мен қолдау саясатының егiзгi
бағыттарына тоқталып өтсек:
1) Кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен реттеудi қаржылық қамтамасыз
ету республикалық және жергiлiктi қаражат есебiнен жыл сайын аталған
мақсаттарға көзделетiн бөлiнген қаржы шегiнде, сондай-ақ ҚР-сы қысқа және
ұзақ мерзiмдi страгегиялары мен бағдарламалары арқылы iске асырылады.
Кәсiпкерлiктi мемлекет тарапынан қолдаудың негiзгi бағыттары келесiдей:

лицензиялаудың, олардың өнiмiн сертификаттаудың оңайтылғн тәртiбiн
белгiлеу;
• Кәсiпкерлiк субъектiлерiн қолдау мен дамыту үшiн инвестицияларды, оның
iшiнде шетел инвестицияларын тарту мен пайдалану жүйесiн жасау;
• Қаржы көздерiн анықтай отырып шағын және орта кәсiпкерлiк
субъектiлерiне несие берудiң арнаулы бағдарламаларын жасау;
• Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң шетелдiк әрiптестерiмен сауда,
ғылыми – техникалық, өндiрiстiк және өзге де байланыстарын дамытуды
қоса алғанда, олардың сыртқы экономикалық қызметiн қолдау;
“Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы” Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес шағын кәсiпкерлiк мемлекеттiк
қолдаудың негiзгi бағыттарының бәрi шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi
үшiн қолайлы жағдай туғызудың құқықтық ретiн белгiлеу болып
табылады.
2) Мемлекеттiң кәсiпкерлiктi қаржы – несиелiк және инвестициялық
тұрғыдан қолдау:
• Екiншi деңгейдегi банктердiң кәсiпкерлiктiң өндiрiстiк секторын
жергiлiктi және республикалық бюджеттiң, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк
берген, мемлекеттiк емес сыртқы заемдардың есебiнен, заңдарда
белгiленген тәртiппен несиелендiру;
• Кәсiпкерлiк субъектiлерiн несиелеудi, соның iшiнде кәсiпкерлердiң
алынған несиелерi бойынша мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз ету
жолымен асыратын, коммуникалдық меншiк объектiлерiнен тұратын
аймақтарда қалыптасатын кепiлдiк қорлар есебiнен екiншi деңгейдегi
банктердi ынталандыру тетiгiн әзiрлеу;
• Тиiстi жылға арналған Республикалық бюджетте аталған мақсаттарға арнап
қаражат көзделген жағдайда жобаларды екiншi деңгейдегi банктермен
бiрлесе отырып бюджеттi қоса қаржыландыру;
• Қоғамдардың өзара несие алысу және өзара сақтандыру қызметiн
ұйымдастыру жөнiндегi тетiктер әзiрлеу арқылы жүзеге асырылатын
болады.
Шағын кәсiпкерлiк саласындағы инвестициялық саясат шағын кәсiпкерлiк
сбъектiлерiнiң қажеттiлiктерiне жауап беретiн жабдықтарды шығаруға
қабiлеттi компанияларға тиiс, олардың өндiрiстiк бағыттылығы , өнiмнiң
жаңа түрлерiн игеруi, техникалық және технологиялық озаттылығы ескерiлетiн
болады.
Кәсiпкерлiктi дамыту үшiн мемлекеттiк емес қаржыландырудың
мүмкiндiктерiн пайдалану – кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң едәуiр бөлiгiнiң
әлеуетiн бiрiктiруде жатыр. Өзара сақтандыру қоғамдарын, мүлiк пен өз
мүшелерiнiң өзге мүлiктiк мүдделерiн сақтандыруды жүзеге асыратын
коммерциялық емес ұйымдарды құру мен дамытуға айрықша мән берiлiп отыр.
3) Кәсiпкерлiктi салықтық реттеу шаралары. Көптеген елдердiң даму
тәжiрибесi көрсеткенiндей, салық жүйесi экономиканы мемлекеттiк реттеудiң
негiзгi құралдарының бiрi болып табылады. Салық саясаты арқылы шаруашылық
жүргiзушi субъектiлердiң қызметiн ынталандыруға немесе шектеуге, бюджет
кiрiсiн қамтамасыз етуге, қоғам мүддесiн қорғауға, шетелдiк ұлттық
экономикаға тиiмсiз өндiрiстердi шектеуге немесе маңызды өнеркәсiп саларын
салықтан босату арқылы ынталандыруға болады.
Салық салу қағидалары, салық ставкалары мен жеңiлдiктерi тәрiздi
мемлекеттiк реттеу құралдарын ұтымды пайдалана бiлген ретте шағын және орта
кәсiпкерлiктiң дамуына өзiндiк оң әсерiн тигiзедi.
4) Кәсiпкерлiктi инновацялық және өндiрiстiк қолдау мен реттеу. Бұл
мәселе бүгiнде ел алдындағы өзектi , шешiмдi қажет ететiн мемлекеттiк
қолдаудың бiрi болып табылады. Өйткенi кәсiпкерлiк қызметтiң өзi жаңашылдық
ашуға негiзiнде болса, онда осы отандық кәсiпкерлердiң ашқан жаңалықтары
мен инновацияларын мемлекеттiк тұрғыда қолдап, ол жобаларды iске асыру,
елiмiздiң әлемде бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттырудың басты жолы болып
табылады. Себебi Елбасымыз өткен жылы “Бәсеке қабiлеттi Қазақстан”,
“Бәсекеқабiлеттi экономика” және “Бәсекеқабiлеттi халық” деген Қазақстан
халқына Жолдауында, елiмiз үшiн өзектi мәселелердiң бiрi Индустриалды-
инновациялық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz