Көне түріктердің жазба мәдениеті


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Көне түріктердің жазба мәдениеті.

Оңтүстік Сібір, Алтай-Саян, Қазақстан жерлерін ежелгі түрік тайпалары мекендеген. Олар түрік тілінде сөйлеп, кене түрік жазуымен жазған. Көне түрік әліпбиі (алфавиті) 35 әріптен тұрады. Түріктердің әліпбиі өздерінің ру-тайпаларының таңбалары негізінде жасалған. Сондықтан да көне руналық жазу - түріктердің төл жазуы.

Соңғы 30-40 жылдың ішінде Талас, Іле, Сыр, Ертіс өзендері бойынан ежелгі түрік жазуларының көптеген ескерткіштері табылды. Ескерткіштердегі жазулардан оның тек билік иелері немесе мемлекеттер арасындағы байланыс аумағында ғана емес, орташа, қарапайым халық ара-сында да кеңінең пайдаланылғанын байқаймыз.

Сөйтіп көне түрік жазуы VIII- ғасырлар аралығында бүкіл халық игілігіне айнала бастаған. Алайда ислам дінінің таралуына байланысты араб жазуының түрік билеушілері арасында тез қабылдануы түрік жазуының өмірде қолданылу аясын тарылтады.

Жазба әдебиеттің дамуы .

Жазу өнерінің дамуына байланысты VIII ғасырда түріктердің жазба әдебиеті дүниеге келеді»,

Түрік жазба әдебиетінің көне ескерткіштері - "Күлтегін" және "Тоныкөк" жазулары. Бұлар - нағыз тарихи дастандар. Мұнда Түрік қағанатының құрылуы мен дәуірлеуі, ақырында күйреуі жайында айтылады. Дастандардағы тарихи суреттер әдеби-көркемдік тәсілдермен өрнектелген

VI-ІХ ғасырларға жататын әдеби шығармалар - "Қорқыт ата" кітабы мен "Оғызнама" дастаны. Бұл шығармалар алғаш VIII ғасырда ауызша айтылып, ел ішінде кең таралса, тек XI ғасырдан бастап қағазға түсе бастаған.

"Қорқыт ата" кітабы 12 жырдың қосындысынан тұрады. Бұл шығарма аты аңызға айналған атақты ақын, қобызшы Қорқытка байланысты. Қоркыт есімі түрік тілдес халықтар арасында кеңінен мәлім. Қызылорда облысы Қармақшы ауданында Қорқыт күмбезі деген ескерткіш бар. Бүған қарағанда, ол - Қазақстанда туып-өскен адам. Тарихи деректер мен ел аузында сақталған шежіре бойынша , шешесі - қыпшақ тайпасының қызы, ал әкесі Қарақожа оғыздардың Қамы деген атасынан.

Ертедегі орта ғасыр әдеби ескерткіштерінің бірі - "Оғызнама". Біздің дәуіріміздің екінші ғасырындағы тарихи окиғаларға байланысты туған бұл әдеби шығарма VI ғасырда парсы IX ғасырда араб тіліне аударылған. "Оғызнаманың" ескі нұсқасын XIII ғасырда бірінші жазып қалдырған - тарихшы Рашид ад-Дин. Одан кейін оны XVII ғасырда толық жазған - Әбілғазы хан .

Түріктердің наным-сенімдері мен діні.

Олар отқа табынған. Мәселен, Византия елшісін түрік қағанына кіргізуден бұрын жанып тұрған оттың арасынан өткізіп, одан кейін қағанға кіргізген. Отпен аластау сияқты ескі наным сарқыншақтары ел ішінде бүгінге дейін сақталған.

Түріктер табиғатка да табынған. Қаза болған адамның туыстары бір төбеге жиналып, киіз үй тігіп, малдарын құрбандыққа шалып адамның мәйітін; мінген атын, заттарын қоса өртейінтін. Егер адам жазда қаза болса, өртеген күлін сақтап, күзде шөп сарғайғанда ғана жерлейтін, Ал егер адам қыста қаза болса, ол адамды да өртеп, күлін көктемде жер көгеріп, шөп шығып, жапырақтар жайкала бастаған кезде жер қойнына беретін. Бұл табиғаттың төрт мезгіліне табынуды байқататын рәсім болса керек.

Қазақстанның оңтүстігінде, Жетісу аймағында басқа да діни әдет-ғүрыптар болды. Олардың ішінде мұсылман діні VIII ғасырдан бастап кең түрде етек жая бастады. Оның басты орталығы болған қалалар: Сайрам (Испиджаб), Тараз, Отырар, Йасы. Бұл дінді Қарлұқ қағаны Сатұқ Богра хан мемлекеттік дін есебінде қабылдаған.

Ғұламалар және оның әдеби-ғылыми шығармалары

Жүсіп Баласағұни XI ғ. " Қулты білік " дастанын өмір сүрген ортаның шындығы, әлеуметтік топтың қоғамдык түсінігі мен саяси тұжырымы берілген. Бақытты болудың негізі- білім деп түйіндейді.

Махмұт Қашғари XI ғ. 1072-74 жылдары жазылған " Диуани лұгат ат-түрік " атты еңбегі тілтану ғылымына үлкен үлес қосты. Бұл шығарма - түркі тілдес халықтардың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрып, тілі туралы тарихи дерек.

Қожа Ахмет Йассауи XII ғ. Сайрамда дүниеге келіп, Йассыда өмір сүрген. Ұстазы Арыстан Бабтан тәлім алып, ислам дінін уағыздаушы-сопы болған. " Диуани Хикмет " ("Даналық кітабы") шығармасы тарихи, этнографиялық, әлеуметтік, тілдік дерек. Ғұламаның бұдан басқа " Мират ул-Кулуб" ("Көңіл айнасы") және " Пақырнама " деген еңбектері бар.

Сүлеймен Бақырғани. XII г. (Хакім ата) . Ахмет Йассауидің шәкірті, "Дүниенің акыры" ("Акыр заман") еңбегінде тәңірге сенуді уағыздап, рухани тазалыкка үндейді.

Ахмет Жүгенеки (Югнаки) . XII ғ. Араб, парсы тілдерін меңгерген. "Хибат ул-хақайқ" ("Шындык сыйы") дастаны 14 тараудан, 235 елеңнен тұрады: білім, әдеп, адамгершілік, енбек туралы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көне түркілер
КСРО дәуіріндегі түріктану ғылыми саласы
Көне түріктердің діні
Қазақстан аумағындағы ежелгі түркі тайпаларының рухани мәдениеті (V-VIII ғ.ғ.)
ОРТА ҒАСЫРЛАР КЕЗЕҢІНДЕГІ ТҮРКІЛЕР ТУРАЛЫ АРАБ ДЕРЕКТЕРІ
Көне Түркі мәдениеті (VІ-ІХ ғғ.)
Көне түріктердін Ұмай анаға табынуы
Енисей мен Моңғолияда көне түркі жазуы ескерткіштерінің ашылуы
Көне және батыс түрік қағанаты
VI-XII ғғ. түркі халықтардың мәдениеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz