Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда



І КІРІСПЕ
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946.1953 жж.).
2. Қазақстан «Хрущев декадасы» жылдарында (1953.1964 жж.).
3. Қазақстан 1960 жылдың екінші жартысы мен 1980 жылдардың бірінші жартысында.
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
VІ ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Соғыс аякталысымен экономиканың бір орталыққа бағындырылу ғана тиімді деген сенім орнакты. Соғыс пен жеңіске нек арта отырып, таңдап алатын даму үлгісінің дүрыстығы ретінде, сталиндік партия мемлекеттік насихаты директивалық тарату жүйесінің әр жақты екендігі жайлы ойды бұқараның санасына күштеп кіргізді. Төтенше жағдайсыз шынында өзінің мобилизацияланған жағдайында жұмыс істеуге қабілет мүмкіндігін жоғалта бастағаны айқын бола бастады. Сондықтан соғыстан кейінгі алғашқы жылдардың өзінде ешқандай негізсіз тенденциялар айқын көріне бастауы кездейсоқ емес.
Олардың қимылдары соғыс пен апаттың зардабын ұлғайтып 1946 ж. ауылшаруашылығының осы жылдың көктем мен жазында құлдарауына әкелді. 1891 және 1921 жылдарға қарағанда соғыстан кейін тым күшті қауіпті кұрғақшылық Молдавия, Украина, Орта қаратопырақты территорияларынан көп білініп, ол төменгі Паволжье, Приморск аймағын және еліміздің басқа аудандарын қамтыды. Егістік алқаптардың 4,3 млн. га ауданы қуаңшылыққа ұшырады. Жүздеген мың гектар жерге егілген тұқым астықтың орнын толтыра алмады. Еліміздегі орташа астық түсімі 4 центнерден зорға асты (Қазақстан бойынша - 5 ц.). Астықтың жалпы түсімі соғысқа дейінгі деңгейге қарағанда орта қара топырақты облыстар және Паволжьеде небәрі 17,9 %, Укранина және Солтүстік Кавказда - 30,6 %, Сібір мен Қиыр Шығыс аудандары - 54,1 % (Қазақстанда 97 % сәттілеу болды). Тұтас еліміз бойынша соғысқа дейінгі деңгейдің 36,9 % шамасында өнім жиналды. Молдавия, Украина және басқа аудандарды аштық жайлады. Адамдар өздерін және балаларын аштықтан сақтап қалу үшін, «Нәубет жылындай» (1923-1933 жж.) егістік алқабынан бір уыс астық, бірнеше масақ үзіп алып, немесе бір-екі картоп түйірлерін жасырып алып шығуға тырысты.
Мемлекет қиын-қыстау жағдаймен санаспай қоғам қамбаларындағы ең соңғы бидайға дейін сыпырып әкететінін білетін кейбір колхоздар міндетті тапсырыстық есебін айырмай жатып еңбек күн есебін борыш ретінде және қоғамдық асханаларға астықпен бере бастады.
Мемлекеттің жазалау акциясы өзін көп күттірмеді. Бұқаралық жазалау тәжірбиесінен (1932-1933 жж. ашаршылықта, шаруаларды «бес масақ жөнінде» қозғалған іс арқылы айыптаған) қорытынды шығара келе, алдын ала санкция қарқынын өрістетті.
Соғыс аякталысымен экономиканың бір орталыққа бағындырылу ғана тиімді деген сенім орнакты. Соғыс пен жеңіске нек арта отырып, таңдап алатын даму үлгісінің дүрыстығы ретінде, сталиндік партия мемлекеттік насихаты директивалық тарату жүйесінің әр жақты екендігі жайлы ойды бұқараның санасына күштеп кіргізді. Төтенше жағдайсыз шынында өзінің мобилизацияланған жағдайында жұмыс істеуге қабілет мүмкіндігін жоғалта бастағаны айқын бола бастады. Сондықтан соғыстан кейінгі алғашқы жылдардың өзінде ешқандай негізсіз тенденциялар айқын көріне бастауы кездейсоқ емес.
Олардың қимылдары соғыс пен апаттың зардабын ұлғайтып 1946 ж. ауылшаруашылығының осы жылдың көктем мен жазында құлдарауына әкелді. 1891 және 1921 жылдарға қарағанда соғыстан кейін тым күшті қауіпті кұрғақшылық Молдавия, Украина, Орта қаратопырақты территорияларынан көп білініп, ол төменгі Паволжье, Приморск аймағын және еліміздің басқа аудандарын қамтыды. Егістік алқаптардың 4,3 млн. га ауданы қуаңшылыққа ұшырады. Жүздеген мың гектар жерге егілген тұқым астықтың орнын толтыра алмады. Еліміздегі орташа астық түсімі 4 центнерден зорға асты (Қазақстан бойынша - 5 ц.). Астықтың жалпы түсімі соғысқа дейінгі деңгейге қарағанда орта қара топырақты облыстар және Паволжьеде небәрі 17,9 %, Укранина және Солтүстік Кавказда - 30,6 %, Сібір мен Қиыр Шығыс аудандары - 54,1 % (Қазақстанда 97 % сәттілеу болды). Тұтас еліміз бойынша соғысқа дейінгі деңгейдің 36,9 % шамасында өнім жиналды. Молдавия, Украина және басқа аудандарды аштық жайлады. 1. Қазақстан тарихы оқулық/Жұмақаева Б.Д – Алматы, ТОО «Издательство LEM» - 2010 – 211б
2. Қазақстан тарихы: Лекциялар курсы. Қ.С. Қаражан – Алматы, «NURPRESS» баспасы, 2011 – 281 б
3. Қазақстан Республикасының тарихы. Рысбай К. – Алматы, 2005 – 282 б
4. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. Мұхамедов М.Б, Сырымбетұлы Б. – Алматы, «Қарасай», 2012 – 211 б
5. Қазақстан Республикасының тарихы. Рысбайұлы К. – Алматы «Санат», 1999 – 246 б
6. Қазақстан тарихы: Оқулық 4 басылуы, Кан Г.В., Шаяхметов Н.У. – Алматы «Алматы кітап» баспасы, 2012 – 230 б
7. Қазақстан тарихы: оқу құралы. Н.А. Абдурахманов – Алматы «Эверо» баспасы, - 2014 – 337 б
8. Қазақстан тарихы. Оқулық 4-ші басылым. Мусин Ч. – Алматы ЖШС «Издательство «Норма – К», 2008 – 367 б

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
І КІРІСПЕ
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1953 жж.).
2. Қазақстан Хрущев декадасы жылдарында (1953-1964 жж.).
3. Қазақстан 1960 жылдың екінші жартысы мен 1980 жылдардың бірінші жартысында.
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
VІ ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе
Соғыс аякталысымен экономиканың бір орталыққа бағындырылу ғана тиімді деген сенім орнакты. Соғыс пен жеңіске нек арта отырып, таңдап алатын даму үлгісінің дүрыстығы ретінде, сталиндік партия мемлекеттік насихаты директивалық тарату жүйесінің әр жақты екендігі жайлы ойды бұқараның санасына күштеп кіргізді. Төтенше жағдайсыз шынында өзінің мобилизацияланған жағдайында жұмыс істеуге қабілет мүмкіндігін жоғалта бастағаны айқын бола бастады. Сондықтан соғыстан кейінгі алғашқы жылдардың өзінде ешқандай негізсіз тенденциялар айқын көріне бастауы кездейсоқ емес.
Олардың қимылдары соғыс пен апаттың зардабын ұлғайтып 1946 ж. ауылшаруашылығының осы жылдың көктем мен жазында құлдарауына әкелді. 1891 және 1921 жылдарға қарағанда соғыстан кейін тым күшті қауіпті кұрғақшылық Молдавия, Украина, Орта қаратопырақты территорияларынан көп білініп, ол төменгі Паволжье, Приморск аймағын және еліміздің басқа аудандарын қамтыды. Егістік алқаптардың 4,3 млн. га ауданы қуаңшылыққа ұшырады. Жүздеген мың гектар жерге егілген тұқым астықтың орнын толтыра алмады. Еліміздегі орташа астық түсімі 4 центнерден зорға асты (Қазақстан бойынша - 5 ц.). Астықтың жалпы түсімі соғысқа дейінгі деңгейге қарағанда орта қара топырақты облыстар және Паволжьеде небәрі 17,9 %, Укранина және Солтүстік Кавказда - 30,6 %, Сібір мен Қиыр Шығыс аудандары - 54,1 % (Қазақстанда 97 % сәттілеу болды). Тұтас еліміз бойынша соғысқа дейінгі деңгейдің 36,9 % шамасында өнім жиналды. Молдавия, Украина және басқа аудандарды аштық жайлады. Адамдар өздерін және балаларын аштықтан сақтап қалу үшін, Нәубет жылындай (1923-1933 жж.) егістік алқабынан бір уыс астық, бірнеше масақ үзіп алып, немесе бір-екі картоп түйірлерін жасырып алып шығуға тырысты.
Мемлекет қиын-қыстау жағдаймен санаспай қоғам қамбаларындағы ең соңғы бидайға дейін сыпырып әкететінін білетін кейбір колхоздар міндетті тапсырыстық есебін айырмай жатып еңбек күн есебін борыш ретінде және қоғамдық асханаларға астықпен бере бастады.
Мемлекеттің жазалау акциясы өзін көп күттірмеді. Бұқаралық жазалау тәжірбиесінен (1932-1933 жж. ашаршылықта, шаруаларды бес масақ жөнінде қозғалған іс арқылы айыптаған) қорытынды шығара келе, алдын ала санкция қарқынын өрістетті.

1. Соғыстан кейін республика экономикасын қайта құру.
II дуниежүзілік соғыс КСРО шаруашылығына өте көп зиян әкелді. Кеңес одағы 679 миллиард сом материалдық зиян шекті. Басқыншылардың КСРО халық шаруашылығына жасаған жалпы зияны - 2 триллион 569 миллиард сом болды. 1710 қала, 70 мыңнан астам селолар мен деревнялар, 32 мың өнеркәсіп орындары, 65 мың км темір жол қиратылды, 4 мың темір жол станциясы толық немесе ішінара талқандалды. 2 млн. адам қираған үйде тұруға мәжбүр болды. Киев, Ленинград, Станиград, Минск т.б. қалалардың көп бөлігі талқандалды .
Соғыстан кейін қираған экономиканы, халық шаруашылығын қалпына келтіру Кенес үкіметінің алдында тұрған басты міндет болды. Бұл бағытта ең алдымен жұмыс күшінің жетіспеуі кедергі жасады. Өндірістегі жұмыс қолының жетіспеуін толықтыру мақсатында 11 млн. 365 мың адамдық Кенес Армиясы қатарынан 8 млн. 500 мың адам босатылды. 1945 жылдың шілде қыркүйегі бірінші кезекте халық шаруашылығына қажетті мамандар жіберілді.
1946 жылы 18 наурызда қабылданған төртінші бесжілдыққа (1946-1950 жж.) арналған жоспар бойынша соғыстан бүлінген аудандарды қалпына келтіру, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының соғыстан бұрынғы дәрежесіне жетіп, одан едәуір асып түсу міндеті белгіленді. Сонымен бірге онда Қазақстан экономикасын өрге бастыруға үлкен мән берілді.
Республикада ауыр өнеркәсіпті қалпына келтіріп, тез дамыту, сондай-ақ женіл тамақ және тоқыма өнеркәсібін одан әрі өркендету көзделді. Халықтың материалдық қажеттерін қанағаттандыру ісі екінші кезектегі мәселе болып саналды. Төртінші бесжілдық жоспарда Қазақстанның халық шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға мән берілді. Ауыр өнеркәсіпке, темір жол желісін салуға, ауылшаруашылық дақылдарының өнімін арттыруға қаржы бөлінді. Қазақстанға бөлінген күрделі қаржы одақ бойынша үшінші орында болды. Төртінші бесжылдықта бүкіл елде өнеркәсіп өнімі 1940 жылғымен салыстырғанда 40%-ға өсетін болып белгіленсе, Қазақстанда ол 2,2 есе артатын болды.
Бұрын соғысқа қажет өнімдер шығарған өнеркәсіп орындары бейбіт тұрмыс өнімдерін шығару үшін қайта құрылды. Төртінші бесжылдық құрылыстары:1946- 1951 жылдары республикада болат прокаты, қара және түсті металлургия, тау-кен және көмір өнеркәсібі үшін қолдан жасалған талшық өндіру жүзеге асырылды. Осы жылдары Теміртау заводында үй прокат станы, 2 мартен пеші, Актөбе ферроқорытпа заводының үшінші кезегі, Өскеменде қорғасын-мырш (1947 ж.) комбинаты салынды. Екібастұзда көмір кесіндісінің құрылысы аяқталды. Маңғыстауда жаңа мұнай кәсіпшіліктері салынды. 1950 жылы мұнай өндіру 52 %- ға артты. 50-жылдардың басында республикадағы кәсіпорын саны - 65 болды. Бесжылдық қортындысында Қазақстан өнеркәсібінің жалпы өнімі 1940 жылмен салыстырғанда 2,3 есе, оның ішінде көмір шығару 2,5 мұнай - 1,5 газ- 1,9 электр құатын өндіру 4,1 есе артты.
Жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыды. Семей Илеу-сығынды заводы өнім бере бастады, Қызылорда тігін фабрикасы жұмысын бастады. Жамбылда, Қызылордада, Павлодарда тері заводтары салынды.
Көлік жүйесі кеңейе түсті: 1950 жылы ұзындығы 483 км. Мойынты - Шу темір жолы салынып, Жамбыл - Шолақтау темір жолы іске қосылды.
Байланыс ісі жақсартылды. Барлық аудан орталықтары телефон байланысына қосылды. 1949 жылғы көктемде Алматында елдің 56 қаласымен байланыстыратын автоматтық станция салынды. Радио жүйесі, 40-жылдармен салыстырғанда 2 есе артты. Маманданған жұмысшылар қатары өсті. 1945 жылы 1,044 мың болса, 1950 жылы - 1403 мың адам болды. 1950 жылы елімізде халық шаруашылығында еңбек ететін адамдардың саны 1 млн. 403000-ға жетті.
Ауыл шаруашылығы. Соғыстан әлсіреп шыққан еліміздің ауыл шаруашылығын қалпына келтіру жолында көптеген кедергілер кездесті. Олар: ауыл шаруашылық техникасының жетіспеуі, жұмыс күшінің аздығы, әміршіл-әкімшіл жүйенің ықпалы, экономикалық заңдармен есептеспеу т.б.
1946 жылғы 16 қыркүйекте ауыл шаруашылығында орын алған ауыр жағдайды жою туралы қаулы қабылданды. Осы қаулыға сәйкес савхоздар мен колхоздардың бұрынғы зардаптарын жою басталды. Ауыл шаруашылығын жаңа техникамен қамтамасыз ету үшін мемлекет арнайы қаражат бөлді. Төртінші бесжылдықтың аяғына қарай Қазақстан ауыл шаруашылығында 50683 трактор, 16 мыңнан астам комбайн, ондаған мың автомашина, шөп шабатын және басқа машиналар болды. 1950 жылы еліміздегі колхоздарда 76% МТС-тер жұмыс істейді.
Осы жылдарда ұсақ колхоздарды ірілендіру шаралары іске асырылып, республикада 1952 жылғы қантарда 3670 колхоз қалды, немесе олардың жалпы саны 2 есеге жуық қысқарды.
1948 жылы республикада ауылдар мен селоларды жаппай электірле- ндіру жорығы басталды. Сөйтіп, төртінші бесжылдық тұсында 752 колхоз, 317 МТС, 164 совхоз және 193 селолық аудан орталығы электрленді. Селолық электр станцияларының қуаты 1945 жылмен салыстырғанда 2,8 есе өсті.
Республикада тортінші бесжылдықта егіс көлемі бір миллион гектардан аса ұлғайды. Ауыл шаруашылық дақылдарының шығымдылығы артты. 1950 жылы астықтың жалпы түсімі 47654 центнерге жетіп, соғыстан бұрынғы дәрежесінен 89% -ға асып түсті. Ірі қара малдың, қой мен жылқының, жаңа тұқымдары өсіп жетілді. Малдың жалпы саны өсті ірі қара мал 27 қой мен ешкі 70, жылқы 71% -ға көбейіп, шошқа 2,7 есе артты. Дегенмен, ауыл шаруашылығын өркендетуде елеулі қиыншылықтар болды. 1946 жылы қуаншылық болып, астық шықпай, халық азық-түлік тапшылығының зардабын шекті. Колхоз, совхоз, МТС-тардағы техника ескірген, еңбек - өнімділігі төмен еді. Ауыл шаруашалық жарғысын (уставын) бұзушылық етек алды. Колхозшыларға еңбек күнге өнім өте аз мөлшерде бөлінді. Олардың еңбекке ынталылығы төмен болды. Осыған байланысты әкімшіл-әміршіл жүйе қатал саясат жүргізіп, село тұрғындарын мәжбүрлікте ұстады.
2. Қазақстан Хрущев декадасы жылдарында (1953-1964 жж.).
Қоғамдық - саяси өмір.
50-жылдар мен 60-жылдардың ортасы Қеңес елінің өміріндегі маңызды кезең болды.
КСРО ОК-нің Бас секретары, КСРО министрлер Кеңесінің төрағасы И.В.Сталин 1953 жылы 5 наурызда қайтыс болды. Сталиннің өлімімен тұтас бір дәуір аяқталды. Сталин қайтыс болысымен-ақ елде болуы мүмкін өзгерістердің мәні туралы үш бағыт айқын көрінді: бірінші бағыт өкімет басына Берияның келуімен байланысты болса, екінші бағыт Молотов немесе Булганин, үшінші бағыт Хрущевтің өкімет басына келумен байланысты еді. Жағдай Хрущевтің пайдасына шешілді.
1953 жылы қыркүйекте Н.С.Хрущев КОКП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына (1953-1964 жж.) сайланды. Жылымық жылдары аталған 50-жылдардың екінші жартысынан бастап елде игі істер атқарылды. 1953 жылғы шілдеде КОКП ОК-нің пленумында бұрынғы КСРО-ның Ішкі істер халық комиссариатының халық комиссары, КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, қуғын-сұргінді ұйымдастырушы, саяси авантюрист Л.Берия (1899-1953 жж.) ісі қаралып, барлық лауазымды қызметтерінен босатылып, атылды. Осылай Кеңестер Одағында ширек ғасырға созылған тоталитарлық дәуір аяқталды. Бюрократ көсемдер биліктен кеткенімен, олардан мұраға қалған әміршіл-әкімшіл жүйе жойылмады.
1956 жылғы ақпанда болған КОКП XX съезінде КОКП ОК-нің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев Жеке адамға табыну және оның зардаптары туралы баяндама жасады. Баяндамада жеке адамның басына табынудың жай - жапсарды туралы айтылды. Баяндамашы И.В.Сталин, Л.Берия, Н.Ежовты қатты сынай отырып, саяси қуғын - сүргінді жүргізудегі өз жауапкершілігі туралы ештеңе айтпады. Молотов, Каганович, Ворошиловты қорғады. Съезде Жеке адамға табыну және осының салдары туралы қаулы қабылдап, ол 1956 жылы маусымда жарияланды, ал Съездін басқа құжаттары, талқыланған мәселелері көп уақытқа (33 жыл) дейін құпия түрде сақталды.
1953- 1955 жылдарда Н.С.Хрущевтің бастамасымен ГУЛАГ жойылды. Бүл кенес қоғамын сталинизмнен қутқарудағы адамгершілік акт, маңызды қадам еді. Лагерьлерге жазықсыз отырғызылған мыңдаған адамдарды босатып, белгілі партия қайраткерлері Я.Рудзудақты, А.Рыковты, В.Губарьды актағаннан кейін мемлекеттік аппарат реформаны жалғастыруды тағыда аяқсыз қалдырды. Әлі де болса, өз қызметтерінің әділетті бағасын алмады. Кәрістердың, немістердің, қырым татарларының, месхіт түріктерінің қүқықтары қалпына келтірілмеді. Мемлекеттік дәрежедегі көптеген маселелер тек қана бірінші адамның колында болды. Одақтас республикалардың құқығын кеңейтуге бағытталған реформа толық жүзеге асырылмады. Республикалардың құзырында ештеңе болмады.
Республиканың индустриялық дамуы. Соғыстан кейін қалпына келтірілген өнеркәсіп 50-жылдардан кейін жаңа өзгерістерді қажет етті. Бесінші бесжылдық (1951-1955 жж.) ішінде 200-ге жуық жаңа кәсіпорын салынды экономиканың даму қарқыны өсіп, 1954-1958 жылдары 730 өнеркәсіп орындары мен цехтар іске қосылды. 1957 жылы тұңғыш тепловоздар Қарағанды темір жолының Ерейментау депосында пайда болды. Осы жылдары салынған өнеркәсіптер: Ақтөбе хром заводы, Шымкент гидролиззаводы, Семей цемент заводы, Жезказған кен байыту фабрикасы, Соколов - Сарыбай комбинатының алғашқы кезектері, Өскемен таукен жабдықтарын шығаратын машина жасау заводының 1-кезегі т.б.
1958 жылы жалпы өнім өндіруден Қазақстан КСРО-да 3-орынға шықты. 1956-1958 жылдар аралығында елімізде көлік және коммуникация жүйелерін дамытуға 146,4 млн. сом жұмсалды. Республикада темір жол құрылысына ерекше көңіл бөлінді.
1960 жылы қазақ КСР теміржолынаң ұзындағы 11,42 км. болды. 1958 жылы Қазақ КСР-де Қазақ теміржол басқармасы құрылып, республикадағы барлық теміржол осы басқармаға бағындырылды. 1951-1955 жылдар аралығында Одақта салынған теміржолдың 30%-ы Қазақстан аумағында салынды. 1960 жылға қарай Одақта өндірілген темір кенінің 5,4%-ы Қазақстанға тиесілі болды. Қазақстан магниткасы аталған Қарағанды металлургия заводы Қазақстан мен Орта Азияны, Сібір мен Оралды темір өнімдерімен қамтамасыз етті. Республикада электр энергиясы өндірісі де біршама жақсы дамыды. 1960 жылы Қазақстанда 10,5 млн. кВтсағат энергия өндірілді. Дегенмен индустрияның дамуы болмаса, сапа жағы өзгеріссіз қалды.
КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1957 жылғы мамыр айындағы сессиясы Н.С.Хрущевтің баяндамасы бойынша Өнеркәсіп пен құрылысты басқару ісін ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру туралы заң қабылдады, осыған орай экономиканы басқаруда реформа жүргізілді. Бұрынғы салалық министрліктер мен ведомстволардың көпшілігі таратылды. Өнеркәсіп пен құрылысты басқару ісінің негізіне территориялық принцип алынды. Экономикалық әкімшілік аудандарда халық шаруашылығы кеңестері (совнархоздар) құрылды, өнеркәсіп пен құрылысқа тікелей осылар (совнархоздар) басшылық етті. Сөйтіп, реформа негізінде 1) экономикалық әкімшілік аудандар ұйымдастырылды, 2) бұрынғы салалық министрліктері мен ведомстволардың орнына халық шаруашылығы кеңестері ұйымдастырылды. Сонымен баскарудың екі түрін көруге болады.
Ауыл шаруашылығы. 1954 жылы қантарда болып өткен Қазақстан Компартиясының VII съезінде Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы Ж.Шаяхметов (1948-1954 жж.) қызметінен босатылды. Бірінші хатшылыққа - П.Пономаренко (1954-1956 жж.), екінші хатшылыққа - Л.И. Брежнев (1955-1956 жж.) сайланды.
1954 жылғы қантар-наурыз - КОКП ОК-нің Пленумы Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы қаулы қабылдады. Тың жерлер игерілетін аймақтар: Қазақстан, Сібір, Урал, Солтүстік Кавказ, Есіл бөйы. 1954-1955 жылдары 1 млрд. 200 млн. пұт астық алу белгіленді. Қазақстандағы тың жерлерді игеретін аудандар:Көкшетау, Акмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Төрғай, Павлодар облыстары.
Тың игеруге басқа республикалардан адамдар көшіріліп әкелініп, оларға көптеген жеңілдектер жасалды: дүние-мүлкімен тегін көшірілді, әр отбасына 500-1000 сом мөлшерінде бір реттік көмек көрсетілді, 10 жылдық мерзімге үй салу үшін 10 мың сом несие берілді, оның 35%-н мемлекет төледі. Бұдан басқа да материалдық, азық-түлік т.б. көмектер берілді. Тың игеруге келгендер ауылшаруашылық салығынан босатылды. 1954-1959 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеруге 20 млрд. сом жұмсалды. 1954-1962 жылдары республикаға 2 млн.-ға жуық тың көтерушілер келді, оның ішінде механизаторлар мен партия, кеңес, ауыл шаруашылығы мамындарының саны 600 мыңнан асты. 1954 жылы Кеңес Одағында 13,4 млн. гектар жаңа жер, оның ішінде Қазақстанда 6,5 млн. гектар жер игерілді. 1956 жылға қарай КСРО-да егістік көлемін 28-30 млн. гектарға жеткізу көзделді. Тың жерлерді игеру ісі ерекше қарқыкмен, асығыс түрде жүргізілді. 1955 ж. 9,4 млн. гектар жер жыртылды. Ал жоспар бойынша 7,5 млн. гектар болатын.
Тың игерудің пайдасы. Тың игеру Қазақстанда ерекше қарқынмен жүргізілді;
1) Тың игеру жылдары Қазақстанда 25 млн.га жер игерілді. (Одақ бойынша 41 млн.га).
2) Қазақстанда егістік жерлердің көлемі артты.
3) Астық өндіру көлемі жағынан Қазақстан одақта 2-орынға шықты. Соның арқасында Қазақстан Орта Азия мен Сібірді, Оралды астықпен қамтамасыз етті.
4) Тың игеру жылдарында Қазақстан көп ұлтты республикаға айналды.
5) Экономиканың басқа салаларының дамуына әсер етті.
6) Қазақстан жерінде көптеген тұрғын үйлер, құрылыстар, мәдени объектілер салынды. Он мыңдаған шақырым жолдар төселді.
7) Жүздеген совхоздар құрылды, (1954 ж. 120-дан астам) елді мекендер көбейді.
8) Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету біршама жақсарды.
Тың игерудің салдары : Көптеген жылдар бойы тың жерлерді игеру партия көрегендігі, мемлекет жеңісі ретінде дәріптеліп келді. Ал оның көлеңкелі жағы туралы ештеңе айтылмады және айтылуы да мүмкін болмады.
Ең алдымен Қазақстанға келген тың көтерушілер арасында арамтамақтар мен қылмыскерлер де болды. 1954-1955 жылдарда Қазақстанға келген 650 мың тың игерушінің 150 мыңы ғана механизаторлар болды. Нәтижесінде, көптеген тәртіп бұзұшылдықтар, қылмыстар болып тұрды.
1) Тың игеруге байланысты жайылымдар мен жем-шөп дайындайтын алқаптардың көлемі тарылды.
2) Мал шаруашылығының дамуы артта қалды. Мал шаруашылығының азаюына байланысты ет, сүт өнімдерінің көлемі де азайды.
3) 1956 жылы Отанға тапсырылған млрд. пұт Қазақстан астығы уақытында жиналмай қар астында қалды, біразы іріп-шіріп кетті.
4) Сырттан келген мамандардың тұрақтамауы жаппай етек алды.

3. Қазақстан 60 жылдардың ІІ жартысы мен 80 жылдардың басында.
Қоғамдық-саяси жүйе.
60 жылдардан бастап мемлекет Кеңестерді дамыту ісіне басты көңіл бөлді. КОКП-ның ХХІІ съезінде Кеңестердің беделін арттыру туралы мәселе қаралды. Осы кездегі қоғамның саяси жүйесінде елімізде еңбек ететін барлық жүйеден өкілдер құрамына кіретін КСРО Жоғарғы Кеңесінің рөлі артты.
1963 жылы Жоғарғы Кеңес депутаттарарының саны 473 болды. Депутаттардың 158-і әйел болды.
Ал Қазақ КСР-нің барлық депутаттар Кеңесінің құрамына 98906 депутат сайланды. Бірақ Жоғарғы Кеңес партия нұсқауы негізінде жұмыс істеді.
Кәсіподақ қызметі де бұл кезде жандана түсті. 1966 жылы кәсіподақ құрамында 4 млн-ға жуық адам болды. 1960 жылы мемлекеттегі рекреациялық қорлар кәсіподақ қарамағына берілді. 1961 жылы ауылдық жерлердегі мәдениет үйлері кәсіподақтың билігіне көшті. Социалистік жарыстар ұйымдастыру, еңбекшілердің құқықтары мен әлеуметтік жағдайларын реттеу кәсіподақтың міндеті болды. Осындай кең көлемдегі істерді атқару құзырында болған кәсіподақ барлық жағынан партияға бағынышты жағдайда болды.
60 жылдардың ортасында комсомолдың беделі де айтарлықтай болды. 1965 жылы республика жастар ұйымы құрамында 1 млн-ға жуық жастар болса, оның 400000-ға жуығы өнеркәсіп, ауыл шаруашылық, көлік, байланыс жүйелерінде еңбек етті.
1962 жылы Қазақстан комсомолының X съезінде жастар мал шаруашылық саласын қамқорлыққа алды. Сонымен қатар Қазақстанның 8000-ға жуық комсомол жастары екпінді құрылысқа аттанды.
60 жылдардың басына қарай тағдырдың жазуымен ҚХР-де қалып қойған отандастарымыз оралды. Осы жылдары КСРО-ға ҚХР-ден 350000 адам көшіп келген. Оның 200000-ға жуық адамы Қазақстанға қоныс аударған. Қоныс аударғандардың басым көпшілігі қазақтармен қатар өзбектер, орыстар, ұйғырлар, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның соғыстан кейінгі жылдардағы әлеуметтік - саяси дамуы
Тарихшы Е. Бекмахановтың ісі
Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанда халық шаруашылығы мен мәдениеті
Интеллектуалдық әлеует пен этномәдени өмірдің өзара ықпалдастығын зерделеу
АҚШ-тың әлемнің ең қуатты еліне айналуы
Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1990ж.)
Бекмахановтың ісі
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі АҚШ экономикасының дамуы
Соғыстан кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдарындағы мәдени ағарту жұмысы
Қазақстан — лагерьлер өлкесі
Пәндер