18 ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

18 ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы

Уикипедия жобасынан алынған мәлімет

Мазмұны[жасыру]:

Мазмұны

[жасыру]

1 Қазақ хандығының ішкі жағдайы2 Тәуке ханның XVIII ғасырдың бас кезіндегі сыртқы саясаты3 Қазақ хандығының ыдырай бастауы4 Сырттан төнген қауіп-қатердің күшеюі5 Жоңғарлардың Қазақстан аумағына шапқыншылығы6 Қазақтардың жауға қарсы күрес ұйымдастыру әрекеттері7 Қазақтардың қару-жарағы8 Әскери әдет-ғұрыптар9 Пайдаланылған әдебиет[өңдеу] Қазақ хандығының ішкі жағдайы

Тәуке хан (1680-1715) билік еткен жылдары Қазақ хандығы қала берді. Қазақ хандығында бейбіт өмір орнады, заңдар қатаң сақталды, тайпааралык алауыздык азайды. Шиеленіскен ірі даулар мен айтыс-тартыстар беделді билердің тікелей араласуымен шешіліп отырды. Барымта-карымта, жайылымдар мен су көздерін бөлісу жөніндеп алауыздықтар мейлінше азайды. Қазақтың кабілеті күшейді. Ішкі ауызбірліктін арқасында елдің орасан зор аумағының тұтастығы сақталды. Қазақтар солтүстігінде орыстардың Тара қаласынан бастап, оңтүстігінде Ташкент қаласына дейінгі, батысында Жайық (Орал) өзеніненбастап, шығысында Ертістің орта ағысына дейінгі жерлерді иеленді. Қазақтардың Еділ (Волга) өзені аймағында көшіп-қонып жүрген кездері де болды. Тәуке хан тарихқа «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасаған билеуші ретінде кеңінен танылды. Оның кезінде құрамында қазақ даласының данышпандары атанған аса беделдіТөле би, Қазыбек би, Әйтеке бибар билер кеңесі құрылды. Олардың жеке тұлғалары мен аттарының өзі бүкілқазақхалқының жәнеҚазақ хандығыныңбірлігі мен біртұтас топтасқандығын білдірді. Тәуке ханның кезінде қазақтардың үш жүзінің ең таңдаулы да беделді деген өкілдері жыл сайын бас қосып, аса маңызды мәселелерді талқылап, шешім қабылдап отырды. Ондай жиын Оңтүстік Қазақстанның аумағындағы Күлтөбе деген жерде өтіп тұрды. Атақты ханның ордасы орналасқан қала . өңіріндеп 32 қалаға иелік етіп, басқарып отырды. Тарихшы ғалымдар Тәуке хан билік құрған уақытты Қазақ хандығының «алтын ғасыр» кезеңі деп бекер атамаған. Атақты орыс тарихшысы А. И. Левшиносы билеуші туралы былай деп жазады: «Ол оларды, тайпаларды, өліспей беріспейтін алауыздықтан арылтты, олардың арасындағы бірнеше жылга созылған қанды қырғын сойқанды тоқтатты, ол өзгелердің бәрін де асқан ақыл-парасатымен, қара қылды қақ бағындыра білді».

[өңдеу] Тәуке ханның XVIII ғасырдың бас кезіндегі сыртқы саясаты

Хандықтың біртұтас бірлігін және қамтамасыз ету мақсатымен Тәуке хан күшті де ықпалды сыртқы саясат жүргізді. Сөйтіп ол қырғыздармен және құруға қол жеткізді. Бұл шараның арқасындаҚазақ хандығыныңаумағына Жоңғар қалмақтарының шабуыл жасауынан төнген қатерді тоқтатудың сәті түсті. Тәуке ханның бүкіл қызметі көрші халықтармен тату-тәтті, жақсы қарым-қатынас орнатуға және Қазақ жерін сыртқы жаулардан қорғауға бағытталды. Оның осы мақсатпен Ресейге және Орта Азия хандықтарына бірнеше ретелшілержібергені жақсы мәлім. Оларға жүктелген міндет сыртқы жауларға қарсы күресу үшін әскери одақ құрып қайту болды. Тәуке ханныңжасағы 80 мыңға жуық жауынгерден тұрды. Мұның өзі жатжерлік басқыншыларға тойтарыс беруге қабілетті едәуір үлкен күш еді. Елдің әскери күш-қуатын нығайтқан аса көрнекті еңбегі үшін және жаумен қанды шайқастарда көрсеткен жеке ерлігі үшін оған батыр атағы берілді.

[өңдеу] Қазақ хандығының ыдырай бастауы

Тәуке хан 1715 жылы қайтыс болды. Оның мұрагері Қайып хан Қазақ мемлекетінің бұрынғы ұлылығын берік ұстап тұра алмады. Жаңадан келген билеп-төстеушіге сұлтандардың топтары тарапынан наразылык күшейіп, бақ таласы мен тақ таласы өрши түсті. Қазақ даласында жоғары билік жолындағы күрес шиеленісе берді. Мұның өзі дәстүрлі қазақ хандығын дағдарысты күйзеліске ұшыратты. Рулар, тайпалар және жүздер арасындағыбірлікпен байланыс әлсіреді. Баяғы алтыбақан алауыздық қайтадан қозды. Сұлтандардың . Қазақтың барлық жүзінің өз ішінде келте хандары пайда бола бастады. Орталык хандық биліктің әлсіреуі Кіші жүзде - Әбілқайырдың, Орта жүзде - Болаттың, Сәмекенің, Кушііктің, Ұлы жүзде - Жолбарыстың, Иманның жағдайын әлдеқайда нығайта түсумен жалғасты. Бұл хандармен қатар қазақ даласында Барақ, Әбілмәмбет, Батыр, Сұлтанбет сияқты басқа дасұлтандардыңбеделі арта берді. Атап айтқанда, Сұлтанбет өзінің толып жатқан ұлдары арқылы Ертіс бойы қазақтарына билік жүргізді. Оның жергілікті қазақтардың арасына ғана емес, сонымен қатар шекаралас орыс өкіметі орындарына да елеулі ықпалы болды.

[өңдеу] Сырттан төнген қауіп-қатердің күшеюі

XVIII ғасырдың бас кезінде қазақ мемлекетінің іштен ыдырауы күшейе түскен жағдайда, ол сыртқы алпауыт мемлекеттердің тарапынан нысанға айналды. Өйткені бұл кез империялық мемлекеттердің жаңа отарларды басып алуды күшейткен тұсы еді. Егер Үндістан аумағында Англияның отаршылдық экспансиясы ұлғая түсіп жатса, Ресей Швециямен соғыс әрекеттері (1701-1721 жылдар) аяқталғаннан кейін, Қазақстан менОрта Азияғақарай көз алартты. ҚытайменРесей империясыҚазақ хандығы мен Жоңғария хандығы сияқты көшпелі мемлекеттердің әлсіреуіне бірдей мүдделі болды. Ресей империясының Қазақстанмен шекаралас аймақтардағы негізгі қызметі дипломатиялық қарым-қатынастар орнатуды және әскери барлау шараларын жүргізуді еселеп күшейтуге бағытталды. Бұл шаралар қазақтар көшіп-қонып жүретін шекарада әскери бекіністер желісін салуды жиілендіріп жіберді. Мәселен, 1716-1720 жылдардың кезеңіндеЕртіс өзенініңоң жақ жағалауындаОмбы, Черкасск, Железинск, Жәмішев, Семей, Өскемен сияқты және басқа да әскери бекіністер тізбегі салынды. Кейінірек олардың ара-арасына шағын бекіністер - редуттер мен форпосттар салына бастады. Бұл кезде қазақтар Еділқалмақтарының, башқұрттардың, Орал және Сібір Қазақтарының тарапынан мезгіл-мезгіл жасалып тұрған шабуылдардың ауыр зардаптарын бастарынан кешірумен болды. Ал олардың бәрі де патша үкіметінің қол астына қарайтын орыс бодандары еді. Қазақтарды оңтүстіктен Орта Азия хандықтарының билеушілері, ал Оңтүстік-шығыстан жауынгер жоңғар қалмақтары ығыстыра түсті. Жалпы алғанда, бұл кезде Қазақ мемлекетінің шекараларында өте күрделі де қауіпті жағдай қалыптасты.

[өңдеу] Жоңғарлардың Қазақстан аумағына шапқыншылығы

Қазақстанға нақты қауіп-қатер қуатты тарапынан төнді. Жоңғар қонтайшылары Қазақстанның кең-байтақ аумағын басып алуға талай рет белсене әрекет жасады. Сөйтіп қазақтар мен жоңғарлар арасындағы билік жолындағыкүресжүз жылдан астам уақытқа созылды. Қазақтардың жоңғарларды «ата жауымыз» деп атауы сондықтан болатын. Екі мемлекеттің арасындағы бақталас жанжалдың негізіне қызығушылық жатты. 1697 жылы жоңғар хандығының басына жас әрі қуатты билеушіЦеван-Рабтан(1663-1727) келді. Ол қысқа мерзімнің ішінде өз хандығының әскери күш-қуатын нығайтып алды. Цеван-Рабтан өзінің билікке кіріскен кезін Қазақстанның аумағына баса-көктеп кірген шапқыншылықтан бастады. Сөйтіп 1698 жылы 40 мың жауынгері бар жоңғар әскері Ұлы жүздің көшіп-қонып жүрген шұрайлы мал жайылымы аумағына ойран салған қырғын шапқыншылық жасады. Қаһарлы дұшпан қазақтардың көшіп-қонып жүрген жерлеріне бұдан кейінгі жылдарда да талай рет әскери жорықтарға шықты. Жоңғар әскерлерінің Қазақстан аумағына баса-көктеп кірген ең ірі жорықтары 1710 және 1717 жылдары болды. Жау әскерлері өздерінің көптігі мен әскери-техникалық жағынан басымдығы арқасында Жетісу жерінің бір бөлігін басып алды, Жоңғар хандығы қуатты мемлекетке айналды. Ол енді Қазақ хандығына ғана емес, сонымен қатар Орта Азия мемлекеттеріне де қауіп төндіре бастады. Ресей империясы мен Қытай сияқты күшті мемлекеттерге де едәуір қауіп төндірді.

[өңдеу] Қазақтардың жауға қарсы күрес ұйымдастыру әрекеттері

Сыртқы жауларға қарсы тұру үшін қазақтардың бүкіл үш жүзінің күш-жігерін біріктіру өте-мөте қажет болды. Осы мақсатпен 1710 жылы қазақхалқыныңбеделді өкілдері жиынға шақырылды. Қазақ ақсүйектерінің . Онда Бөгенбай батыр бастаған бүкілқазақтық жауынгерлік жасақ құру . ҚұрылтайдаБөгенбай батыржалынды сөз сөйледі: «Таланған көштің, тұтқындалған бала-шағаның бейшара бақылаушысы болып отырман. Жаудан кек аламыз, өлсек, қару ұстап өлеміз! Қыпшақ даласының сарбаздарының жалтарған кезі болды ма?! отыра алман?! Жауға мінер түлпар құрып па?! Сұр жебе толы қорамсақ қаңырап бос қалып па?!» - деді.

Әбілкайыр хан

Жоңғарлартарапынан күшті қауіп-қатер төніп келе жатқан сол бір қиын-қыстау жағдайда құрылтай жиналысы Кіші жүздің ханы етіп Әбілқайырды сайлады және оған бүкілхалықтық жауынгерлік жасаққа жалпы басшылық етуді сеніп тапсырды. Біріккен қазақ жасақтары 1711 жылы жауға тойтарыс берді. Жоңғарлар шығысқа ығыстырылып тасталды. 1717 жылы қазақ әскерлері мен жоңғар әскерлерінің кескілескен қанды шайқастары болып өтті. Біріккен, орталықтан басшылықтың болмауы себепті қазақ жасақтары жеңіліп қалды. Жоңғар әскерлері Қазақстанның Оңтүстік аймақтарына бойлап ене бастады. 1718 жылдың көктемінде жоңғар әскерлері Жетісу жерінен енді Арыс, Бөген, Шаян өзендерінің бойына, одан әрі Қазақ хандығының астанасы Түркістан қаласына дейін жорық жасады. Сол бір күрделі де қатерлі қиын-қыстау жағдайда қазақтар жалпы саны 30 мың адамдық әскер жинауға мүмкіндік таба алды. Сөйтіп жоңғар әскерлерін Оңтүстік Қазақстанның едәуір бөлігінен ығыстыра қуып шықты. Бірақ жоңғарлардың тағы да шапқыншылық жорық жасауының қауіп- қатері сақталып қала берді.

[өңдеу] Қазақтардың қару-жарағы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жәңгір хан тұсындағы Қазақ хандығы
Қасым хан, Хақназар хан
Абылай сұлтанның қоғамдық-саяси өмірі
Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығының көрші елдермен қарым-қатынасы
ХVІІІ ғасырдағы қазақ-орыс қарым-қатынастары
Ресейдің қазақ жерлерін басып көшуі
XV – XVI ғғ Қазақ хандығы
XVI ғ. Мухаммед Шайбани ханның Қазақ хандығына қарсы жорықтары
Қазақстанда отаршылдық дәуірдің басталуы
XV ғасырдың соңы мен XVI ғасырдың басындағы Қазақ хандығының сыртқы саяси қатынастары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz