Cептік жалғаулы баяндауыштар


РЕФЕРАТ
Жұмыстың тақырыбы: C ептік жалғаулы баяндауыштар
Жұмыстың көлемі: 41б.
Пайдаланылған әдебиеттер саны: 25
Тірек сөздер: септік жалғаулы баяндауыштар, етістік баяндауыштар, есім баяндауыштар, құрама баяндауыштар, атау септік, ілік септік, барыс септік, табыс септік, жатыс септік, шығыс септік, көмектес септік, есім сөздер.
Жұмыстың құрылымы: Бітіру жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Негізгі бөлім.
Бітіру жұмысы қазіргі қазақ тіліндегі жеті септіктің баяндауыш қызметінде жұмсалуын, септік жалғаулы баяндауыштың түрлерін, құрамын және қай сөз табынан болатындығын ашып көрсетуге бағытталған.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Бітіру жұмысының негізгі мақсаты-қазақ тіліндегі жеті септіктің баяндауыш болуын және қай сөз табынан болатының сипаттамасын беру.
Алға қойған бітіру жұмысының мақсатынан төмендегідей міндеттер тарайды:
- баяндауыш анықтамасына шолу;
- баяндауыштың сөйлемдегі алатын орнын қарастыру;
- баяндауыштың жасалу жолын анықтау;
- етістікті және есімді баяндауыштардың өзіне тән белгілерін беру;
- есімді баяндауыштардың тұлғасын талдау;
- септік жалғаулы баяндауыштың сипаттамасын беру;
- септік тұлғада келген баяндауыштардың түрлерін, қай сөз табынан жасалатындығын, жасалу жолдарын толық ашу.
3 СЕПТІК ЖАЛҒАУЛЫ БАЯНДАУЫШТАР
Қазақ тілінде төрт жалғау бар: жіктік жалғау, тәуелдік жалғау, көптік жалғау, септік жалғау. Сөйлемдегі сөздерді байланыстыру үшін жалғанатын жалғауды септік жалғау дейміз. Септік жалғаудың жеті түрі бар. Олар: атау септік, ілік септік, барыс септік, табыс септік, жатыс септік, шығыс септік, көмектес септік. Септік жалғауларының негізгі қызметі сөздерді бір-бірімен байланыстырады және әр септік жалғауы белгілі бір қызмет атқаруға қызмет етеді. Септік жалғау кейде тікелей өзі, кейде басқа тұлғалармен қабаттасып зат пен қимыл, я зат пен сын арасындағы субъектілік, тура және жанама объектілік, меншіктілік-қатынастық, мекендік, мезгілдік, көлемдік, амалдық-құралдық т. б. қатынасты білдіреді де сөз бен сөзді байланыстырып тұрады. Септіктер екіге бөлінеді:
1) грамматикалық септіктер;
2) көлемдік септіктер.
Грамматикалық септіктерге атау, ілік, табыс септіктері, көлемдік септіктерге барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктері жатады. Грамматикалық септіктер негізінен тек заттық мәнмен байланысты болып, қимылды атқарушы, не оның объектісі, не заттық меншіктік қатынастық мәнін білдіреді. Сондықтан заттық мәнге қатысты сұрақтарға жауап береді: кім? не?; кімнің? ненің?; кімді? нені? Көлемдік септіктер заттық мәннен басқа көлемдік, мезгілдік, себептік, бағыттық, құралдық мағына да береді. Сондықтан барыс септігі кімге? неге? деген сұрақтан басқа қайда? деген сұраққа, шығыс септік кімнен? неден? деген сұрақтан басқа қайдан? деген сұраққа, көмектес септік кіммен? немен? деген сұрақтан басқа қалай? деген сұраққа жауап береді. Септіктер сөздерді байланыстыра отырып, оларға белгілі мағынаны да үстейді.
Септік жалғаулары сөздерді бір-бірімен тіркестіріп, байланыстырып отырумен бірге, ол сөздер септелу арқылы өзінің грамматикалық қызметін өзгертіп, әр түрлі мағына береді. Сөйлем мүшелерін анықтауда және оларды бір-бірімен байланыстыруда, тіркестіруде ерекше орын алатын септіктер сөйлемді де тиянақтайды. Септік категориясы зат есім категориясы болып табылғанымен, есімдікке де, тұйық етістік тұлғалы қимыл есіміне де, сондай-ақ септелу арқылы субстантивтенетін сын есім, сан есім және кейбір модаль сөздерге, көмекші есімдерге, үстеуге де жалғанады. Зат есімнен басқа сөз таптары септелсе, өзінің негізгі номинативтік мағынаға үстеме мән қосып, субстантивтенетіп, заттық мағынаға ие болады. Септелінген заттың сөйлемде қызметі өзгергені болмаса, ол сөздің лексикалық мәні өзгермейді, басқа сөз таптары олай емес. Сондықтан да септік жалғауын зат есімге тән категория деп атауы.
Ә. Төлеуов септіктерді грамматикалық және кеңістік деп екіге бөледі. Сонымен бірге ілік (анықтауыш), табыс (тура толықтауыш) септігіндегі сөздердің сөйлемдегі қызметі тұрақты болса, кеңістік септікті сөздер беретін мағынасына, қойылатын сұраудың ыңғайына қарай бірде толықтауыш, бірде пысықтауыш болатынын айтады. Грамматикалық категория болып табылатын септік жалғаулар морфологиялық көрсеткішсіз болмайды. Әрбір септік жалғаудың өзіне тән көрсеткіші болады.
Септіктер тек сөз бен сөзді байланыстырмайды, сонымен қатар сөйлемді тиянақтап баяндауыш қызметінде атқарады. Септіктердің сөйлемді тиянақтауын негізге аламыз. Әр септік ойды аяқтап баяндауыш қызметінде жұмсалады. Төмендегі кесте бойынша барлық септіктердің ойды тиянақтайтынын көре аласыз.
Баршын жамауы-баршынға
Қаршын жамауы-қаршынға (М. Қашғари) .
Адам жасампаздығының рақаты - жүректе
(Т. Әбдікәкімұлы) .
3. 1 Атау септік
Атау септігінің басқа септік түрлері сияқты арнайы грамматикалық көрсеткіші жоқ. Сондықтан атау септік тұлғасы сырттай зат есімнің түбір тұлғасымен сәйкес келеді. Бірақ атау септігі мен зат есім екеуі бір емес. Баяндауыш қызметін атқарып тұрған есім еш уақытта атау септігінде тұрмайды, ол жіктік жалғауында келеді. Ал, атау септігі нөлдік тұлғада, яғни түбірдің үстіне нөлдік форма жалғанады. Есім сөздерінің барлығы атау тұлғада баяндауыш қызметінде жұмсалады. Атау септікте келетін баяндауыштар дара, әрі күрделі түрде келе береді. Зат есім, сын есім, сан есім, есімдік дербес, әрі көмекші етістікпен тіркесіп баяндауыш болады.
- Зат есімді баяндауыш . Мысалы: Тура айтқанды сүйетін, өзі де қайратқа, қимылға бой ұрғыш адам (М. Әуезов) . Бұл- Бөжей (М. Әуезов) . Ол Сүйіндіктің қызы - Тоғжан (М. Әуезов) . Кейде зат есімнің ішіндегі жалқы есімдер сияқты деген сөзбен келеді. Мысалы: Құнанбай қасындағы ылғи қарт серіктері: бастығы Қаратай, жорға Жұмабай, Жақып сияқтылар (М. Әуезов) . Тағылым мен таза жолға бастайтын әке сияқты (М. Әуезов) .
Зат есімнің көмекші етістіктермен тіркесіп, шақтық мағынада жұмсалады: Әкеден жетім қалған үш ағайынды жігіт екен (С. Мұқанов) . Басы аман кезде Ұлберген жайқындай ет-жеңді семіз кісі еді (С. Мұқанов) . Асқар аттанған түн-аспанды қалың бұлт жапқан желі ышқына соққан дауылды түн еді (С. Мұқанов) . Көмекші етістік жоғарыдағы сөйлемдерге өткен шақтық мағына беріп тұр.
- Сын есімді баяндауыш . Сын есімде зат есім секілді атау тұлғада дара, әрі күрделі баяндауыш болады. Дара күйіндегі баяндауыш: Әйелі де сұлу (Х. Есенжанов) . Үлкен астың күресі де үлкен (М. Әуезов) . Екі жағы да жол мен жерге аса жүйрік (М. Әуезов) .
Сын есімнің көмекші етістікпен тіркескен күрделі түрі: Қырынан қарағанда, бір түрлі сүйкімді екен (М. Әуезов) . Абай бойы ояз бойынан биік еді (М. Әуезов) . Көктемдегі киіз үй Абайға әрқашан таңсық болатын (М. Әуезов) .
- Сан есімді баяндауыш . Атау тұлғада келген сан есімнің өзі де дара тұрып та, күрделі болып та баяндауыштық қызмет атқарады. Дара түрде келуі: Алдыңғы бәйге-түйе бастатқан т оғы з, екінші -жамбы бастатқан тоғыз (М. Әуезов) .
Күрделі түрі: Екі ауданның арасы- бір жүз елу бес километр . Берер жерім-он екі (Х. Есенжанов) .
Құрама түрі: Шортаннан шыққанда олар он екі екен (С. Мұқанов) .
- Есімдікті баяндауыш . Есімдіктен болған баяндауыштарда осындай түрде келеді. Мысалы: Дос кім , дұшпан кім ? Қыз деген халық сол (Ф. Оңғарсынова) . Қыс болса мынау (Таң-Шолпан) .
Атау септіктегі баяндауыш барлық сөз табынан болады. Жоғарыда тек зат есім, сын есім, сан есімнен болған түріне тоқталдық. Себебі нөлдік тұлғада болған баяндауыш туралы айтылған. Біздің басты назар аударатынымыз ілік септік, барыс септік, табыс септік, жатыс септік, шығыс септік, көмектес септігінде келген баяндауыштар.
3. 2 Ілік септік
Ілік жалғауы ешқашан жеке тұрып баяндауыштық қызмет атқара алмайды. Ілік септігінің негізгі мағынасы меншіктеу. Ілік жалғауда тұрған сөз әрқашан өзі байланысқан сөзінің тәуелдік жалғауда тұруын керек қылады. Ілік және тәуелдік жалғауындағы сөздерге келетін болсақ, ілік жалғаулы сөз тәуелдеулі сөздің алдында тұрады. «Ілік септіктегі зат есімдер мен көмекші есімдер тіркесуі арқылы күрделі баяндауыш жасалады» деп С. Аманжолов айтқан болатын. Ілік септігінің баяндауыштық қызмет атқаруына үлесі болғанымен, біз бұл түрін ілік септігінің жасырын және ашық түрде жатыс септігінде келген баяндауыштар қатарына жатқыздық. Жатыс септігінен болған баяндауыштарда арнайы тоқталамыз. Ілік жалғауы зат есімге, сын есімге, есімдікке жалғанып, тәуелдеулі сан есіммен тіркеседі.
- Зат есімді баяндауыш . Ілік жалғауы зат есім сан есіммен бірге келіп, сөйлемді тиянақтап баяндауыш болады. Ілік жалғаулы зат есім мен сан есім тіркесі арқылы баяндауыш жасалады. Ілік жалғаулы зат есім жекеше және көпше түрде келіп, сан есіммен тіпкеседі. Жекеше түрде келген ілік жалғауындағы зат есімнің сан есіммен тіркесіп баяндауыш қызметінде жұмсалуына мысал:
Ал мынау төменгі отырған жігіт-осы ел ішіндегі тынымсыз, қаныпезер қатты ұрының бірі (М. Әуезов) .
Есентай - кесек мұрынды, маңдайы тайқылау келген зор басты, бітік көзді, зіл салмақты адамның бірі (М. Әуезов) .
Ол - Абайға оқ қарайтын, әділеті бар ч иновниктің бірі (М. Әуезов) .
Ілік жалғаулы зат есім көпше түрде сан есіммен тіркесіп келуі:
Мұқамеджан - Абайдың туысқандарының бірі (М. Әуезов) .
Тәрбие ісі - аса қиын істердің бірі (М. Калинин) .
Жақсы саяхат-жазушы өмірінің қажетті шарттарының бір і (Қ. Жұмаділов) .
Ілік жалғаулы зат есім мен сан есім тіркесі көмекші етістікпен келіп, баяндауыштың келесі түрі жасалады. «еді» көмекші етістігі жеке өзі немесе жіктеліп алдыңғы тұрған сөздеріне шақтық мағына беріп, ойды тиянақтап тұрады. Мысалы:
Әскердегі бір жарым жыл ішінде мен де ғұмыры ескерту алмаған, кезексіз нарядқа бармаған әлгіндей үлгілі солдаттың бірі едім (Ә. Асқаров) .
Қаланың шеткері жағындағы жұмысшы асханаларының бірі еді (Ә. Омаров) .
Басқа да көмекші етістікпен тіркесіп келеді. Мысалы: Бұл оның революциялық дүние танымына, асқан гуманизіміне, күрескерлік табиғатына байланысты туған жаңалықтарының бірі болатын (Р. Бердібаев) .
Таза ілік жалғаулы сөздер баяндауыш қызметінде жұмсалмайды, ілік жалғаулы сөздер көмекші есімдермен бірге жұмсалады. Жеке тұрып, дербес, толық мағынаға ие бола алмайтын және сөйлемде өз алдына мүше болу қасиеті де жоқ, біраз сөздер бар Ондай сөздер алдындағы есімдердің біріне көмекшілік қызмет атқарады. Көмекші есімдер өзі тіркескен сөзіне көлемдік мағына үстеп, оның мекенін, айналасын дәлелдеп көрсетіп тұрады. Көмекші есімдер негізгі есімдермен ілік септігі арқылы байланысады, яғни негізгі есімдер ілік септігінде, көмекші есім тәуелдік жалғауында келеді. Ілік жалғаулы зат есім тек тәуелдеулі «бірі» деген сөзбен ғана емес, көмекші есімдермен тіркесіп сөйлемді тиянақтайды. Көмекші есімдер жеке өз алдына ілік септігінсіз баяндауыш болмайды. Заттанған көмекші есімдер жатыс жалғауында баяндауыш қызметінде жұмсалады. Ал ілік септігімен келгенде, ілік септігіндегі сөз бен көмекші есімдер бірлікте тұрып ойды тиянақтап баяндауыш қызметінде жұмсалады. Мысалы:
Бұлардың беті - қалың таудың іші ( М. Әуезов) .
Соған қарай тартатын төте жол - Орданың үсті (М. Әуезов) .
Анау Пионерлер сарайының тұсы (Ғ. Мүсірепов) .
Диалогтарда ілік жалғаулы сөздің екінші сан есімнен болған сыңары теуелденіп барып жіктеліп келеді. Мысалы:
- Кімсіз?-деді Еңгүдей
- Ел кезген кедошимнің бірімін (Д. Амантай) .
- Сын есімді баяндауыш . Сын есімдер де ілік жалғауында сан есімдермен тіркесіп ойды тиянақтап, бірлікте жұмсалады. Бірі сан есімі жеке өзі баяндауыш болмайды. Ой тиянақсыз, нақты бола алмайды. Ілік жалғаулы сын есімге сан есім бірге жұмсалу арқылы сөйлемді тиянақтайды. Негізгі мәнді сөз алдында тұрады да, оны тиянақтаушы сан есімдер соңында келіп баяндауыш болады. Осындай күрделі баяндауыштарда сындық, әрі сандық мағына болғанымен, олар сөйлемді тиянақтауда мағына бірлік жағынан тұтас ойды аяқтап тұрады. Ілік септігінде тұрған сын есім сан есімнің (бірі) өзімен жеке, әрі сын есім және көмекші етістікпен бірге жұмсалады. Ілік жалғаулы сын есімнің сан есіммен келуі:
Қазақ халқы - ел сұлуының бірі ,
Қазақ жері - жер сұлуының бірі (І. Есенберлин) .
Мен адам танысам, қыз күткен бұл жігіт, ең алдымен, сылтау тауып әскерге бармай қалған қудың бірі (Ә. Асқаров) .
Ілік жалғаулы сын есім сан есіммен және көмекші етістікпен бірге келуі:
Аққозы Мотыштың көп семізінің бірі екен (М. Әуезов) .
Қыз күйеуі Дүтбай Көкшенің намыскер, есті, сөзді жасының бірі еді (М. Әуезов) .
Ақылбай барлық Ырғызбай ішіндегі бұла-болпаш жастың бірі болатын (М. Әуезов) .
-Сан есімді баяндауыш. Сан есімдер негізінен зат есімнің анықтауыш қызметінде жұмсалады. Сонымен қатар ілік септігінде тұрған сан есім тәуелдеулі сан есіммен бірге сөйлемді тиянақтайды. Мысалы:
Ол - Дүние жүзіне даңқы жеркен атақты жиырма сегіздің бір і (Ғ. Мүсірепов) .
Амал жоқ, біздейлер қазір екінің бірі (Қ. Найманбаев) .
Ол - атақты жиырма сегіздің бір і (Ғ. Мүсірепов) .
- Есімдікті баяндауыш . Есімдіктер зат есім, сын есім секілді ілік жалғауында және тәуелдеулі сан есіммен тіркесіп баяндауыш қызметінде жұмсалады. Есімдіктер ішінде, әсіресе сілтеу есімдігі ілік жалғауында сан есіммен, сонымен бірге шылау сөзбен де бірлікте жұмсалады. Мысалы:
Базаралы да осылардың бірі (М. Әуезов) .
Әйел мінезі бір-бірлеріне қандай ұқсас болады, мынау да солардың бірі ғой
(Д. Батыр) .
Ілік жалғаулы сөздер үнемі көмеші сөзднрмен бірлікте сөйлемді тиянақтайды. Баяндауыштың бірінші сыңары ашық немесе жасырын тұрады.
- Барыс септік
Барыс септігінің жалғауы есім сөздеріне жалғанып баяндауыш болады. Барыс жалғаулы баяндауыш туралы ғалымдар еңбектерінде арнайы қарастырылмаған. Барыс септігінің өзі бірнеше мағынаны береді. «Барыс жалғау белгілі істің, қимылдың сол затқа бағытталғанын, арналғанын білдіреді. Барыс жалғау жалғанған зат есім өзіне арналған, өзіне бет алған қимылдың, істің бағыты болып табылады» /7, 87/. С. Аманжолов «Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы» кітабында барыс жалғауының 15 мағынасын берген. Соның ішінде баяндауыштық қызметте жұмсалған барыс септігі бар. Оның беретін мағынасы - заттың бағасын көрсетеді. Берген мысалы: Күй сандық алдым - он екі мыңға (Ғ. Мұстафин «Миллионер») .
Қ. Шәукенов «Синтаксис» кітабында етістіктен жасалған баяндауыштарды шартты, қарсылықты, себеп, қалаулы, мезгіл баяндауыштар деп бөліп, анықтамасын және оның қалай жасалатына тоқталады. Ал есім баяндауыштарды заттық баяндауыш, мезгіл баяндауыш, сан-мөлшер баяндауыш, болымсыз баяндауыш, суреттемелі баяндауыш деп қарастырады. Сан-мөлшер баяндауышына мынандай анықтама береді: «Бастауыштың сандық-мөлшерлік шамасын білдіретін баяндауышты сан-мөлшер баяндауыш дейді» /8, 92/. Сан-мөлшер баяндауыштың жасалуына барыс септік жалғауының рөлі бар. Барыс септігі сан есімге дейін, шейін шылауларының тіркесуі арқылы жасалатынын айтып, мысал келтіреді. Мысалы: Шапқызған жетпіс аттың отызына бәйге тігілді: алды - қысқа тоғыз, арты - он сомға дейін (Ж. А. ) .
А. Айғабылов, О. Күлкенова, М. Серғалиев біріге жазған «Қазіргі қазақ әдеби тілі» еңбегінде есім сөздерінің баяндауыш қызметінде жұмсалатын тұлғаның бірі ретінде септік жалғауын көрсетеді. Зат есімдердің түбір күйінде, септік, тәуелдік формаларда баяндауыш қызметінде жұмсалып, бастауыштың заттық сапасын білдіріп кім, не екенін айқындайтынын айтады. Зат есімдердің жатыс, шығыс және барыс септіктерінде көлемдік, күй-қалыптылық, мекендік т. б. мағынада жұмсалып, баяндауыш болатынын айтады. Жатыс және шығыс септігінен болған баяндауышқа мысал келтіргенімен, барыс септігінен болған баяндауышқа мысал жоқ.
Барыс септігінен болған баяндауыштарға ғалымдар еңбегінде арнайы тоқталғанымен, баяндауыштың бір түрін жасайтыны ретінде қарастырған. Жоғарыда барыс жалғаулы баяндауыш сан есімнен болғанына мысал көрсеткен. Тек сан есімге ғана емес, зат есімге барыс жалғауы жалғанып, баяндауыш болады. Демек, есімді сөздердің ішінде зат есім мен сан есім барыс септігінде баяндауыш қызметінде жұмсалады.
- Зат есімді баяндауыш.
1. Барыс жалғаулы зат есімнен болған баяндауыштар. Мысалы:
Үшеуі - физматқа , ал мен - филфакқа (Ж. Елшібек) .
Ел айрылса - көбіне, Жол айрылса - кеңіне (Мақал) .
Тіл аузым - тасқа (О. Әубәкіров) .
2. Барыс жалғаулы зат есімнен болған баяндауыштар дербес жеке тұрып та, ойды тиянақтап, баяндауыштық қызмет атқара алады. Барыс септіктің мағынасы шығыс септіктің негізгі мағынасымен қарама-қарсы. Барыс септік затқа істің, қимылдың бет алуын білдірсе, шығыс септік істің заттан ажырауын, айрылуын білдіреді. Барыс септігіндегі баяндауыш жоғарыда айтқанымыздай іс-қимылдың қайда бағытталғанын көрсетіп, ойды тиянақтап тұрады. Мысалы:
А ) - Қайда кетіпті ?
- Театрға (Ә. Нұршайықов) .
Ә) - Командировкаға ғой, шамасы ?
-Иә, иә. Командировкаға (Ш. Мұртаза) .
В) - Қайда ?
- Орынборға (Д. Исабеков) .
-Сан есімді баяндауыштар.
Барыс жалғауында әсіресе, сан есімдер келіп, баяндауыш болады. Барыс жалғаулы сан есім жеке өзі емес, көбіне дейін, шейін шылауларының немесе жуық, тарта көмекші сөздерінің тіркесуі арқылы баяндауыш жасалады. Баяндауыштың бұл түрі сандық-мөлшерлік шаманы білдіреді. Мысалы:
Саны қырыққа жететін салдардың жасалуы онға жуық (М. Әуезов) .
Отыз төрттен қырық бірге дейін (Д. Исабеков) .
Ал қазақтарда мұндай жырлардың саны елуге тарта (Ә. Нұршайықов) .
Барыс жалғаулы сан есімдер шылаулармен тіркесіп, диалогтарда өз алдына дербес тұрып баяндауыш болады. Мысалы:
- Нешеге дейін ?
- Ек і мың сегіз жүз сексен жетіге дейін (Ғ. Мүсірепов) .
- Есімдікті баяндауыштар. Зат есім мен сан есім ғана барыс септігінде баяндауыш қызметінде жұмсалмайды, сонымен қатар есімдіктерде баяндауыш болады. Есімдіктердің барыс жалғауында келіп, баяндауыш болуын ешкім айтпаған. Ал, біз барыс жалғаулы есімдіктер диалогтарда баяндауыш болатынын көрсеттік. Мысалы:
А) - Ол бедірейіп маған қарайды.
- Кімге?
- Маған (Ә. Нұршайықов) .
Ә) - Мәриям? Маған б а?
- Иә, сізге (Д. Исабеков) .
В) - Саған қарай ма?
- Иә, маған қарай (Ғ. Мүсірепов) .
Баяндауыштар іс-әрекеттің кімге бағытталғанын көрсетіп тұр. Барыс жалғаулы сөзді меңгеріп келетін шылаулар өзінен бұрынғы барыс септікті сөзбен тіркесіп келіп сөйлемнің бір мүшесі болады. Сөйлемнің соңында баяндауыш қызметінде жұмсалады.
- Қай жерге шейін апардың?
- Ақылдың шетіне дейін (Д. Исабеков) . Бұл сөйлемдегі баяндауыш ілік, әрі барыс септігінде тұр. Алайда негізгі ойды барыс септігіндегі сөз шылаумен бірге ойды аяқтап тұр.
Өздік есімдігі де барыс жалғауында баяндауыш қызметінде жұмсалады. Мысалы:
Жатқа жағынып, жауға бағынып сауға сұрасаң-өз обалымыз өзімізге (Жұлдыз) .
Барыс жалғаулы сөздер де баяндауыш қызметінде жұмсала бастады. Негізінен зат есімнен болады, бірақ басқа да сөз таптары барыс жалғауын жалғап сөйлемді аяқтайды.
- Табыс септік
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz