Бюджеттік құрылым


Бюджеттік құрылым
Мемлекеттің кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер мен халық арасындағы қаржылық қатынастарды бюджеттік қатынастар деп атайды. Бұл қатынастардың қаржылық қатынастар бөлігі ретіндегі ерекшелігі, біріншіден, олар мемлекет қатысатын бөліс процесінде болуынан, екіншіден, олар жалпы мемлекеттік мұқтаждықты қамтамасыз етуге арналған ақша құралдарының орталықтандырылған қорды қалыптастыру және пайдалану бай-ланысынан тұрады.
Бюджеттік қатынастар мен бюджетаралық байланыстар қар-жылық ресурстарды қалыптастыру, бөліс және қайта бөліс про-цестері арқылы белгілі болады. Олар өз арнауы мен нақты іске асуы бюджеттік жүйе арқылы көрінеді, яғни барлығы әр түрлі
деңгейдегі бюджеттер, бюджетаралық арақатынастар мен бюд-жеттік жайластырушылық арқылы.
Бюджеттік құрылым - ол елдің мемлекеттік бюджеті мен бюджеттік жүйені ұйымдастыруы және олардың өзара байла-нысының ұйымдастырушылық формалары. Бюджеттік жайлас-тырушылық түсінігі бюджеттік жүйенің құрылымын, бюджеттік жіктеуді, бюджеттік жүйе мен бюджеттерді құру принциптерін енгізеді.
Бюджеттік құрылым елдің мемлекеттік құрылымдық формасымен анықталады және биліктің орталық пен жергілікті органдарының республикалық және жергілікті бюджеттерді құрастыру, қарау, бекіту мен атқару, кірістер мен шығыстарды бөлу жөніндегі өкілеттіліктерін реттейтін құқықтық нормаларға негізделеді. Бұлар бюджеттік жүйенің буындарын құрайды, ал олардың өзара байланысы бюджетаралық қатынас механизмі арқылы іске асады.
Қазақстан Республикасының бюджеттік жайластырушылығы мемлекеттік құрылымның біртұтас формасына сәйкес, мұнда елдің әкімшілік-аумақтық бірліктерінде автономия да, мемлекеттілік те жоқ. Олар барлығы біріккен құқықтық актілерге, биліктің біріккен органдарына, саясаттық, экономикалық және әлеуметтік процестерді орталықтандырылған басқаруға бағынады. Жалпы айтқанда, бюджеттік құрылым әрекеттегі негізгі құқықтық актілер және экономикалық-әлеуметтік процестердегі бюджеттің рөлі мен мәні арқылы анықталады.
Бюджеттік процестегі жоғары және төмен тұратын бюджеттер арасындағы бүктемелеуленген қатынастарды бюджетаралық қа-тынастар деп атайды. Бюджетаралық қатынастар жүйесі тек қана республикалық бюджет пен республиканың аймақтар бюджеттері арасындағы қатынастардан тұрмайды, оған аймақтар ішіндегі облыстық және аудандық бюджеттер арасындағы қатынастар да кіреді. Бюджетаралық қатынастардың негізі болып мемлекеттік басқару деңгейлерінің өкілеттілігі мен функцияларын айқын шек-теу, бюджет деңгейлері арасында кірістер мен шығыстарды бөлу әдістерінің бірлестігі табылады.
Бюджетаралық қатынастар белгілі принциптерге негізделеді. Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінде келесі бюдже-таралық принциптер мазмұндалған:
• төмен тұрған бюджеттердің жоғары тұрған бюджеттермен арақатынасындағы теңбе-тендік;
• түсімдердің келесі шектеу критерийлерін есепке ала отырып, оларды тиімді бөлу:
а) төмен тұрған бюджеттер маңында тиянақты сипаттары бар, сыртқы факторлардың әсеріне тәуелсіз салықтық және салықтық емес түсімдер бекітіледі;
ә) мемлекеттік мекемелер көрсеткен қызметтерге төленген төлемдер салықтық және салықтық емес түсімдер ретінде сол қыз-меттерді қаржыландыратын бюджеттің кірісі болып түседі;
б) қайта бөліс сипатты және салықтық базасының жайғастыруы бір қалыпты емес салықтар бюджеттік жүйенің неғұрлым деңгейіне бекітіледі;
в) салықтар мен бюджеттің басқа міндетті түсімдері неғүрлым оларды жоғары дәрежеде жинайтын бюджет деңгейіне бекітіледі;
г) тиянақты аумақтық салықтық база бойынша жинайтын салықтар жергілікті бюджеттер маңына бекітіледі.
• әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша бюджеттік деңгейлерді қамтамасыз етуді теңестіру;
• жергілікті атқарушы органдардың мөлшерлес деңгейде мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;
• мемлекеттік қызметті максималды тиімді және нәтижелі көрсету, яғни мемлекеттік қызмет көрсетуді неғұрлым соларды тиімділік және нәтижелік түрде өндіретін және көрсететін мемлекеттік органдар маңына бекіту;
• мемлекеттік қызмет керсету деңгейді оларды алушыларға максималды жақындату, яғни мемлекеттік қызмет сапасын жоғарлату мен оларды алушылардың сұраныстарын жақсы білу үшін қызмет атқаруды бюджеттік жүйенің неғұрлым төменгі деңгейіне беру;
• алынған ресми трансферттер мен несиелерді тиімді және бекіткен мақсатта пайдалану маңындағы әрбір бюджет деңгейінің жауапкершілігі.
Тәжірибеде бюджетаралық қатынастарды реттеудің әр түрлі формалары бар. Олар бюджет деңгейінің әр біреуінің салықтық потенциалы, аймақтардың мұқтаждықтарын объективті бағалау нәтижесі мен бекітілген натуралды нормалардың есебі арқылы анықталады. Республиканың Бюджеттік кодексі бойынша бюдже-таралық қатынастар реттеудің формалары ортамерзімді фискалдық саясатқа сәйкес тағайындалады.
Республикалық және облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бюджеттері арасындағы бюджетаралық қа-тынастарды реттеу формалары жөнінде ресми трансферттер мен бюджеттік несиелер қолданылады. Ал облыстық және аудандық, облыстық мағынадағы қала бюджеттері арасындағы бюджетара-лық қатынастар ресми трансферттер, бюджеттік несиелер және кіріс бөлу нормативтер арқылы реттеледі.
Трансферттер механизмі бюджеттік реттеуді біріккен әдістемемен қамтамасыз ету мен бюджетаралық қатынастар қа-лыптасуының субъективтік түрде болмауы үшін қолданылады. Трансферттер нормативті-бөлшекті әдіс негізінде есептеледі, сон-дықтан ол аумақтардың бюджеттік кірістерін көлбеулі теңестіру мен оларға қаржылық жәрдемді бәріне бірдей тәртіппен көрсетуге мүмкіншілік береді.
Жаңа Бюджеттік кодекске сәйкес республика бюджеті жаңа құрылымда қалыптасады. Құрылымға келесі бөлімдер кіреді:
1. Кірістер:
• салықтық түсімдер;
• салықтық емес түсімдер;
• негізгі капитал сатудың түсімдері;
• ресми трансферттер түсімдері.
2. Шығындар;
3. Операциалық қалдық;
4. Таза бюджеттік несиелеу - бюджеттік несиелер, бюджеттік несиелерді өтеу;
5. Қаржы активтер операциялары бойынша қалдық - қаржы активтерді сатып алу, мемлекеттің қаржы активтерді сатудың түсімдері;
Бюджетті жоспарлау мен болжаудың рөлі және мақсаттары
Бюджеттік құралдардың қалыптасу, бөлісу және пайдалану процестерін басқару бюджеттік жоспарлау мен болжамдау арқылы іске асырылады. Бюджеттік жоспарлау мен болжамдаудың рөлі мен мәні бюджеттік құралдарды қалыптастыру мен оларды негізгі мақсаттарда, яғни әлеуметтік реформаларды дамыту мен әрі қарай тереңдетуге, білім мен денсаулық сақтауды дамытуға, индус-тралды-инновациялық дамуға, аграрлық сектордың дамуына, пай-даланудағы мемлекеттің мүмкіншіліктерін анықтайтын адресті қаржылық жоспар - бюджетті құрғанда көрінді.
Бюджеттік жоспарлаудың экономикалық мағынасы барлық қаржылық жүйенің әр түрлі буындары арасында қоғамдық өнім құны мен ұлттық табысты орталықталандырылған түрде бөлісу мен қайта бөлісу бойынша мәнерленеді және әр деңгейдегі бюд-жеттерді жасау мен атқару процестерінде көрінеді. Бюджеттік жоспарлаудың негізі болып елдің мемлекеттік әлеуметті-экономи-калық даму бағдарламасы табылады.
Жалпы қаржылық жоспарлау және оның маңызды құрамалы буыны - бюджеттік жоспарлау, яғни бюджетті құру мен атқаруына байланысты жоспарлау, барлық халықшаруашылығын жоспарлау-дың органикалық бөлшегі болады. Сонымен қатар, қаржы ресурс-тарын басқарудағы бюджеттік жоспарлаудың рөлі өте зор, себебі ол тек қана бюджеттің кірістері мен шығындарының жоспарын
құруы және оларды атқаруы, яғни төлемдер бойынша міндетте-мелерді тағайындау мен бюджеттік қаржыландыру көлемін анық-таумен шектелмейді. Бюджеттің басқа қаржы жоспарлар ішінде алатын ерекше ахуалы бюджеттік жоспарлауға жалпымемлекеттік мән береді. Ол мемлекеттік басқаруды реформалау мен биліктік өкілеттілікті орталықсызданудың барлық бюджеттік процеске қа-тысушылар арасындағы қаржылық және бюджетаралық қатына-старды жетілдіру байланысында және мемлекеттік шығындарды, олардың формалары мен қаржыландыру әдістерін ұтымдылауда білінеді.
Бюджеттік жоспарлау қаржылық жоспарлаумен, бюджеттік арнаулардың мақсаттық сипаттарымен, резервтердің барлығымен және кірістер мен шығындардың теңгерушіліктерімен өзара байланыс талаптарына сәйкес болуы тиіс. Жоспарлау процесінің негізгі мақсаты - ол төлемдердің әрбір түрі бойынша салықтар мен басқа да кірістердің жылдық түсімін анықтау және әр түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында кірістерді дәйекті бөлісін қамтамасыз ету. Кірістер мен шығындарды басқарудың мағынасы тиісті өкілетті органдардың мемлекеттік бюджетке салықтар мен төлемдердің түсуін болжамдау, талдау мен бақылау жөніндегі жұмыстарын үйымдастыру мен басшылық ету, бюджеттік құралдарды тиімді жұмсау және мемлекеттік бюджеттің кірістік пен шығындық бөлімдерін атқару жөнінде есеп дайындаумен түжырымдалады.
Бюджеттік жоспарлау процесінде келесі негізгі мақсаттар шешіледі:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz