1905-1908 жж. Үндістандағы революциялық өрлеу: свадеши, сварадж және Үнді Ұлттық Конгрестің рөлі


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

1905-1908 жылдардағы Индиядағы революциялыщ өрлеу

  1. Революциялық қозғалыстың қарсаныидағы Иидия.
  2. Свадеши және сварадж.
  3. Ұлттық Конгрестің ролі. "VTK екіге белінуі.
  4. Революциялық қозғалыстың барысы.
  5. Революциялық қозғалыстың жеңіліске ұшырауы.

Әдебиеттер:

  1. Губер А. А., Ким Г. Ф., Хейфец А. Н. Новая история стран Азии и Африки. М., 1982
  2. Акимкина Н. А., Люксембург М. А. Практикум по истории стран зарубежного Востока. М., 1963
  3. И. Ганди М. К. Моя жизнь. М., 1969
  4. Райков А. В. ГІробуждетіне Индии. М., 1968
  5. Новейшая история стран Азии и Африки. XX век. 1900-1945. Под редакцисй доктора исторических наук А. М. Родригеса. М., ВЛЛДОС, 2001

1. XX ғасырдың бас кезінде Азия және Африка елдеріндегі революциялық қозғалыс барлық елдерді қамти қоймады, Азаттық күрес әлеуметтік-экономикалық қатынастары біршама дамыған Ирак, Қытай, Түркия, Индия, Индонезия секілді елдерде күшейді. Негізі бұлар Азия құрлығының халқының саны көп, ең ірі елдер болып табылады. Революциялық қозғалыстың алғышарттары капитализмның даму деңгейіне де байланысты болды. 1905-1907 жылдары болған 1-ші орыс буржуазиялық-демократиялық революциясы Шығыс елдеріндегі азаттық және революциялық қозғалысқа түрткі болды.

XX ғасырдың басында Индияның экономикалық жағдайы сол күйінше метрополияның мүлдесіне бағынышты болды. Индия әлі де Британ империясының шикізат көзі және тауар өткізу рыноы ретінде сақталды. Индия мен Англия арасында сауда қарқынды дамыды. Үнді экспортын негізі мақта, жүн, күріш, бидай, апиын құрады.

XX ғасырдың бас кезінде Англия Индиядағы теміржол, ирригациялық құрынысқа. плантациялық шаруашылыққа, кәсіпорындар құрылысына мол капитал құйды. 1905 жылы Индияда 165 шетел акционерлік компаниялары қызмет етті, олардың көпшілігі Англияның компаниялары болып табылды.

Отарлық қанаудан Индияның халқы қатты зардап шекті. Халық аштыққа ұшырады. Мәселен, 1896-1906 жылдары елде 10 миллионнан аса адам аштықтан қырылды. Елде оба індеті тарады. 1904 жылы Индияда обадан 1 мидлионға жуық адам қырылды. Елдегі жағдайға байланысты шаруалар көтерілісі жиілей түсті. Ағылшын үкіметі халықтың наразылығын террор және репрессия арқылы басып-жаншыды. Индияның вице-королі Керзон үнді--чиновниктерін ағылшындармен алмастырды. Ол сонымен қатар 1904 жылы университеттегі төлемақыны екі есе көбейтті. Университет кеңесшілер құрамына тек британ шенеуніктері кірді, олар жоғарғы мектепке полициялық бақылау орнатты.

Бенгалиядағы ұлттық қозғалыстың өсуі Керзонды аса қатты мазалады, себебі Бенгалия- Британдық Индияның ең дамыған және халқы өте тығыз орналасқан провинциясы еді. Керзон мұндағы діни жағдайды өз пайдасына шешуге тырысты, Шығыс Бенгалияда негізінен - ислам, ал Батыс Бенгалияда - индуизм кен тарады. Ағылшындар мұсылман-бенгалдардың және де индус-бенгалдарлың арасына арандатушылық өртін салды. Британ билеушілерінің бір көрнекті өкілі былай деген екен; "Англияның екі әйелі бар. Оның біреуі- индус, ал екіншісі-мұсылман. Осы екі әйелінің ішінде ең сүйіктісі ол - мұсылман әйелі". 1905 жылы шілде айында ағылшын отарлық басқарушыларының Бенгалияны бөлу туралы қаулысы жарияланды. Бұл қаулыға мұсылмандар да, индустар да қарсылғын білдірді. Тамыз айында Калькуттада Бұл қаулыға қарсы митингілерге және демонстрацияларға шықты. Ағылшын тауарларына бойкот жариялау туралы резолюция жарияланды. Ағыншын тауарларына деген бойкот көшпілік сипатқа ие болды. Ол свадеши деген ұранның астында жүргізілді. "Свадеши" дегеніміз дәлма-дәл аударғанда "өзіміздің жеріміз" деген мағынаны білдіреді. Елде свадеши қозғалысы үлкен қолдауға ие болады. Бұл қозғалыстың басты мақсаты - ұлттық үнді өндірісін дамыту. Бұл қозғалысты қолдаушылар үнді өндірісін дамыту үшін қаржы жинады, үнді тауарларының көрмесін ұйымдастырды.

Свадеши ұраны свараджа ұранымен толықтырылды. "Свараджа" ол "өзімідің билік" деген мағынаны білдіреді. Митингілерде және демонстрацияларда "Индия үнділер үшін!" деген ұран тарады. Бұл қозғалыстар жалпы үнді қозғалыстарына айналды. Мұндай қозғалыстар бүкіл елде кең етек жайды. Мұның бәрі Индияның оянуының дәлелі болып табылады.

2. 1885 жылы Үнді Ұлттық Конгрессінің құрылуы - Бұл Индияның отарлық дәуірінің саяси тарихындағы ең елеулі оқиға болып табылады. Үнді Ұлттық Конгресі жалпы үнді ұлттық буржуазиясынын ұйымы болып табылды. Конгресс үнді ұлттық кәсіпкерлерінің және ителтектуалдық элитаның мүлдесін қорғады. Оған негізінен заңгерлер, дәрігерлер, журналисттер, оқытушылар, коммерциялық фирмалардың және мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері кірді. Бұл Конгресс отарлық режимге қарсы оппозициялық ұйым болып табылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үндістандағы ұлттық-азаттық қозғалыс: 1905-1944 жж. саяси күрес пен әлеуметтік-экономикалық өзгерістер
Иранның 1905-1911 жж. конституциялық революциясы: алғышарттары, ағылшын-орыс келісімінің рөлі, 1908 жылғы контрреволюция және нәтижелері
Үнді Ұлттық Конгресінің антиағылшындық қозғалыстағы тарихи рөлі және тәуелсіздікке ықпалы
Үнді Ұлттық Конгресінің ұлт-азаттық қозғалыс пен тәуелсіздікке жетудегі рөлі (1885-1947)
1905-1907 жылдардағы Ресей революциясының Қазақстанға әсері: революциялық қозғалыс, Қарқаралы петициясы және саяси ояну
Қазақстандағы жұмысшы қозғалысының қалыптасуы және 1905-1907 жылдардағы революциялық қозғалыс
Қазақстанда Бірінші орыс революциясы (1905-1907): революциялық және ұлт-азаттық қозғалыстың өрлеуі
1908-1909 жж. Түркияда Жас түріктер революциясы: әлеуметтік-экономикалық және саяси алғышарттары мен кезеңдері
Иттифак әл-Муслиминнің Ресей империясындағы мұсылман-түркі халықтарды біріктірудегі рөлі (1905-1914 жж.)
1857-1859 жж. Үндістандағы Сипайлар көтерілісі: себептері, барысы және салдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz