Эмоция мен сезім



1.Эмоция және сезім туралы түсінік.
2. Сезім қызметтері.
3. Сезім түрлері.
4.Күрделі эмоциялар.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажеттеріне сәйкес келу-келмеуінің нөтижесінде пайда болып отыратын психикалық процестің түрін сезім деп атайды. Қажеттердің түрлі жағдайларға байланысты түрліше өтелуі адамда. Көптеген ұнамды және ұнамсыз сезімдерді туғызып жекшілік, шошыну, абыржу, наздану, іш пысу, зерігу т. б. осындай сезімдер мен эмоциялардың сан алуан түрлері.

Зейін өздігінен жеке-дара психикалық үрдіс те, жеке адамның қасиеті де болып саналмайды. Сөйтсе де ол әрқашан адамның өмір тәжірибесіндегі іс-әрекетіне, таным үрдістеріне тікелей қатысты болып, оның қызығу бағытын көрсетеді.
Зейін - кез келген психикалық үрдістің тұрақты бір жағы. Сөйтіп ол адам іс-әрекетінің сапалы әрі нәтижелі болуына жәрдемдеседі. Зейін дегеніміз - сананың белгілі бір нәрсеге бағытталып, оның айқын бейнеленуін қамтамасыз етуі. Оны белгілі бір нәрсеге арнайы бір бағыттау және шоғырландыру қабілеті адамның белсенділігін білдіреді. Психиканың ерекше қасиеті ретінде зейін адамның еңбек үрдісінде қалыптасады. Мұндағы қажетті шарт - объектіні таңдап алып, сананы сол объектіге бағыттау. Зейін сыртқы орта құбылыстарына да, адамның өзінің ішкі психикалық күйлеріне де бағытталуы мүмкін.
Зейіннің физиологиялық механизмі өте күрделі. Оның негізі - жүйке жүйесінің әр түрлі деңгейде тұрған сезгіштік қызметі. Сезгіш дегеніміз - ми қабығының төменгі қатарында орналасқан ретикулярлық формациялар деп аталатын анатомиялық және функционалдық ерекшелік. Ретикулярлық формацияның өрлеуші, төмендеуші дейтін екі түрі бар. Ол бір импульстерді сиретіп тежеп, екіншілерін күшейтіп, ми қабығына талғап жеткізіп отырады. Осының нәтижесінде сананың айқындығы реттеледі.
Зейін механизмі мидың рефлекторлық қызметіне, жануарлардың И.П.Павлов ашқан шартсыз рефлексіндегі "Бұл не?" деген таңдану рефлексіне байланысты. Бұл рефлекстің биологиялық мәні жануарлардың қоршаған ортадан әсер ететін жаңа тітіргендіргіштерге тікелей байланыстығы айқын көрінеді.
Зейіннің физиологиялық негізін қозудың оптималдық ошағы деп аталатын физиологиялық құбылыспен де түсіндіруге болады. Миға көптеген тітіргендіргіштер бір мезгілде әсер етеді. Солардың әсерінен ми жарты шарларының қабығында күштері әр түрлі қозу ошақтары пайда болады. Қозудың оптималдық ошағының қарқынды болуы мидағы өзара индукция заңдарына байланысты.
1. Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. Алматы -2002.-250 бет
2. Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Оқулық.Алматы-2005.- 359 бет
3. Намазбаева Ж.И. Психология, оқулық Алматы-2005.- 430 бет
4. Алдамұратов А. Жалпы психология,Алматы,1996. – 300 бет
5. Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы 1993. – 300 бет
6. Илина Т. А. Педагогика:- Алматы, 1977.- 488 бет.
7. Ж..Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаев. Педагогика. – Алматы, 2002. - 369 бет.
8. Педагогикалық психология. -Алматы, 1995. -350 бет.
9. Ж.Әбиев, С. Бабаев, А.Құдиярова. Педагоика. -Алматы. 2004. - 460 бет.
10. Педагогика және психология сөздігі. - Алматы, 2002.-254 бет.
11. Детская практическая психология. / Под редакцией проф. Т.Д. Марцинковской. М.: Гардарики, 2003. – 350 бет

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Тақырып:. Эмоция және сезім

Жоспар:

1.Эмоция және сезім туралы түсінік.

2. Сезім қызметтері.

3. Сезім түрлері.

4.Күрделі эмоциялар.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажеттеріне сәйкес
келу-келмеуінің нөтижесінде пайда болып отыратын психикалық процестің түрін
сезім деп атайды. Қажеттердің түрлі жағдайларға байланысты түрліше өтелуі
адамда. Көптеген ұнамды және ұнамсыз сезімдерді туғызып жекшілік, шошыну,
абыржу, наздану, іш пысу, зерігу т. б. осындай сезімдер мен эмоциялардың
сан алуан түрлері.

Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. Алматы -2002.-250 бет
Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Оқулық.Алматы-2005.- 359 бет
Намазбаева Ж.И. Психология, оқулық Алматы-2005.- 430 бет
Алдамұратов А. Жалпы психология,Алматы,1996. – 300 бет
Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы 1993. – 300 бет
Илина Т. А. Педагогика:- Алматы, 1977.- 488 бет.
Ж..Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаев. Педагогика. – Алматы, 2002. - 369 бет.
Педагогикалық психология. -Алматы, 1995. -350 бет.
Ж.Әбиев, С. Бабаев, А.Құдиярова. Педагоика. -Алматы. 2004. - 460 бет.
Педагогика және психология сөздігі. - Алматы, 2002.-254 бет.
Детская практическая психология. Под редакцией проф. Т.Д. Марцинковской.
М.: Гардарики, 2003. – 350 бет

Зейін өздігінен жеке-дара психикалық үрдіс те, жеке адамның қасиеті де
болып саналмайды. Сөйтсе де ол әрқашан адамның өмір тәжірибесіндегі іс-
әрекетіне, таным үрдістеріне тікелей қатысты болып, оның қызығу бағытын
көрсетеді.
Зейін - кез келген психикалық үрдістің тұрақты бір жағы. Сөйтіп ол адам іс-
әрекетінің сапалы әрі нәтижелі болуына жәрдемдеседі. Зейін дегеніміз -
сананың белгілі бір нәрсеге бағытталып, оның айқын бейнеленуін қамтамасыз
етуі. Оны белгілі бір нәрсеге арнайы бір бағыттау және шоғырландыру
қабілеті адамның белсенділігін білдіреді. Психиканың ерекше қасиеті ретінде
зейін адамның еңбек үрдісінде қалыптасады. Мұндағы қажетті шарт - объектіні
таңдап алып, сананы сол объектіге бағыттау. Зейін сыртқы орта құбылыстарына
да, адамның өзінің ішкі психикалық күйлеріне де бағытталуы мүмкін.
Зейіннің физиологиялық механизмі өте күрделі. Оның негізі - жүйке жүйесінің
әр түрлі деңгейде тұрған сезгіштік қызметі. Сезгіш дегеніміз - ми қабығының
төменгі қатарында орналасқан ретикулярлық формациялар деп аталатын
анатомиялық және функционалдық ерекшелік. Ретикулярлық формацияның өрлеуші,
төмендеуші дейтін екі түрі бар. Ол бір импульстерді сиретіп тежеп,
екіншілерін күшейтіп, ми қабығына талғап жеткізіп отырады. Осының
нәтижесінде сананың айқындығы реттеледі.
Зейін механизмі мидың рефлекторлық қызметіне, жануарлардың И.П.Павлов ашқан
шартсыз рефлексіндегі "Бұл не?" деген таңдану рефлексіне байланысты. Бұл
рефлекстің биологиялық мәні жануарлардың қоршаған ортадан әсер ететін жаңа
тітіргендіргіштерге тікелей байланыстығы айқын көрінеді.
Зейіннің физиологиялық негізін қозудың оптималдық ошағы деп аталатын
физиологиялық құбылыспен де түсіндіруге болады. Миға көптеген
тітіргендіргіштер бір мезгілде әсер етеді. Солардың әсерінен ми жарты
шарларының қабығында күштері әр түрлі қозу ошақтары пайда болады. Қозудың
оптималдық ошағының қарқынды болуы мидағы өзара индукция заңдарына
байланысты.
Қозудың оптималдық ошағы құбылмалы. Тітіркендіргіштердің өзгеруі не олардың
ми қабығының бір ғана бөліміне ұзақ уақыт бойы әсер етуі бірізділік
индукция заңына орай, бір жерден екінші жерге ауысып отырады. Тәлім-тәрбие
істерінде мұғалімдер мен тәрбиешілер қозудың оптималдық ошағының
жасалу заңдарына сүйенеді. Мәселен, "Балалар, дұрыстап отырыңдар, қане,
қолдарыңды партаға қойып, маған қараңдаршы!" деу арқылы ұстаз оқушыларға
әсер етіп, олардың зейінін негізгі объектіге аударады [5, 91 б].
Әйгілі физиолог, ғалым А.А.Ухтомский (1875-1942 жж.) ми қызметінің
заңдылықтарын зерттей отырып, доминанта принципі жөнінде ілім жасады. Бұл
принцип бойынша мидағы қозу ошағының белгілі бір алабындағы қозу күшейіп,
өзге алаптардың қызметіне үстемдік етеді. Сөйтіп жаңадан пайда болған қозу
ошақтарын тежеп қана қоймай, оларды өзіне бағындырып, жүйке жұмысын күшейте
түседі.
Доминанта принципі зейіннің бір затқа ғана ерекше бағытталып, басқа
тітіркендіргіштерді елемей қалатын жағдайын түсінуге мүмкіндік береді.
Зейіннің шоғырлануын адамның белгілі бір іске ықылас-ынтасымен
берілгендігінен көруге болады. Зейіндік сондай-ақ адамның сырт пішінінен де
байқалады. Мысалы, адам бір нәрсеге зейін салғанда қимыл-қозғалыс тежеліп,
сезім мүшелерінің бәрі сол нәрсеге қарай бағытталады.
А.А.Ухтомский өзіне дейінгі ашылған жүйке орталықтарының жұмыс принциптері
рефлекторлық реакция орталықтары ара қатынасының үйлестік маңыздылығын
түсіндіре алмайтындығын айтты, себебі олардың мазмұнында реакцияның
таңбалық бағасы, яғни таңбалы үрдісті бейнелейтін жүйенің тарихының
жоқтығы.
Ағзаның жұмыс қабілетін нақ сол таңбалы реакциялар жоғары және тұрақты
қамтиды: жаттығулар, белсенді демалыс, ойлау, шығармашылық әрекет содан
көрінеді. Осы айтылған доминанта ілімінің аумағы ешқандай авторлардың
назарында болмаған, ал А.А.Ухтомский құрған еңбек физиологиясы
лабораториясында осы мәселе тәжірибе жүзінде және теориялық тұрғыда
дамытылып келді. Ол доминантаны жалпы маңызы бар жұмыс принципі ретінде
қарастырды.
Соның нәтижесінде доминанта жүйесін қарастырушы фактор ретінде
А.А.Ухтомскийге көптеген күрделі сұрақтарды: мидың интеграциясын және
тұтастығын ғана емес, қылықты да, жеке адамның рухани өмірінде, жалпы
адамзатты тұтастай - психология және социология деңгейінде шешуге
көмектесті. Осы айтылғандар А. А. Ухтомскийдің жекелік сапасында өзінің
зерттеулері мен қызығушылықтарын жалпы адамзат міндетімен ұштастыратынын
дәлелдейді.
А. А. Ухтомский доминантаның психологиясы мен
физиологиясының ара қатынасын төмендегіше түсінді: бір жағынан сана өз
әрекетін кортикалдық доминанта негізінде орындайды, ал басқа жағынан
сананың жемісті жұмысын қамтитын рецепциялардың, әсерлердің бағыттылығын,
сипатын өңдейтін доминанталарды тәрбиелейді. Доминанта - орталықтар
арасындағы теңдіктің бұзылуын көрсетеді. Ол өзінің бағыттылығымен ағзаны
жаңа мүмкіндіктермен толықтырады [5, 92 б].
Қазіргі кезеңде А. А. Ухтомскийдің доминанта принципін және И. П. Павловтың
шартты рефлексін теориялық-экспериментальдық жоспармен жақындатып зерттеуші
А. С. Батуев доминанттық принциптің маңыздылығына ерекше назар аудара: дәл
жетекші мотивация (өз бетінше емес соңгы пайдалы нәтиже) деді, ал П. К.
Анохиннің пікірі бойынша, доминанттық принцип іс-әрекетті анықтайды.
Адам қабылдағанына, істеген ісіне, ойлағанына, арманына немқұрайлы
қарамайды. Заттардың, адамдардың, әрекеттердің, оқиғалардың біреулері бізді
қуантса, екінші бірі мұңайтады, ал үшіншісі ашу шақырып, зығырданыңды
қайнататын жағдайға жеткізеді. Қатерлі жағдайда тұрып біз қорқынышты
сезінеміз, жауды мұқатып жеңіске жету не қиын қыстау жағдайдан өту қуаныш
пен шаттыққа кеңелтеді. Алға қойған мақсатқа жету жолында әр адам өмір
сүре, еңбек ете, көре отырып осындай және тағы басқа да көптеген әсерлерді
бастан кешіреді.
Өзінің танып-білгеніне және істеген ісіне адам қатынасының әсерлерін -
сезім "немесе эмоция" деп атайды.
Сезім көзі өзіміз қабылдайтын, айналысатын заттардың және құбылыстардың
сапалары туғызатын қажеттіліктер, талап-тілектер болып табылады. Біздің
істейтін әрекетіміз - "еңбек, оқу, ойын", оның жетістігі мен кемшіліктері
де сезім туғызады.
Тұрмыстағы жай сөздерде "түйсіну", "сезіну" деген ұғымдар араласып жүреді.
Біз сөйлегенде, "мен қорқынышты түйсінемін", "ауырғанымды сезіндім" дейміз,
оны дұрысында: "қорқынышты сезіндім", "ауырғанымды түйсіндім", - деу қажет.
Түйсік арқылы заттар мен құбылыстардың сапаларын танимыз, ал сезім болса,
адамның ішкі көңіл-күйін, оның сол заттармен құбылыстарға қатынасын
көрсетеді.
Сезім барлық психикалық үрдістермен тығыз байланысты, көптеген жағдайларда
сол үрдістер сезімді туғызады да ал сезім оларға өз тарапынан ықпал
жасайды. Сезім көзінің бірі - түйсік болады, ал түйсіктің өзі біздің
әсерлеріміздің ықпалымен жиі өзгеріп тұрады. Көңіл-күйіне қарай адам бір
затты әр түрлі қабылдайды. Жыртқыш аңдар туралы әңгімелерден шошынған бала,
жай уақытта ешнәрседен үрейленбей жүріп өтетін жерден, қараңғы түссе шоғыр
бұтаны қасқырға ұқсатуы мүмкін. Эмоция адамның есімен де тығыз байланысты.
Біздің алған барлық әсерлеріміз яғни белгілі бір сезіммен қабылдасақ,
есімізде жақсы қалса, онда өткендерді еске алудың өзі бізде қандай да
болсын бір сезім туғызады.
Адам - қоғамдық тіршілік иесі. Сондықтан оның сезімі де әлеуметтік сипатта
болады. Сезімдер қоғам дамуына байланысты өзгеріп отырады. Бір-біріне ұқсас
оқиғалар мен фактілерді әр кезеңде өмір сүрген адамдар әр түрлі бағалайды.
Сезім адамдардың әрекеттенуіне түрткі болады. Қандай да болмасын жұмыстың
нэтижелі болуы ең алдымен оған деген көзқарасқа байланысты. Жұмыс жемісіне
селқос, немқұрайлы қараған жерде - оның сапасы да төмен болмақ. Сезімнің
шығармашылық жұмыста ерекше маңызы бар. Ақын, суретші, ғалым,
өнертапқыштардың жұмыс үрдістеріндегі көтеріңкі көңілі -шабытты сезімімен
тығыз байланысты. Сезім адамның барлық таным үрдісінде үлкен рөл атқарады
[6, 65 б].
Оқу тәрбие жұмысында сезімнің қаншалықты маңызды екендігі педагогтың есінде
болуы қажет. Мектеп оқушыларын немқұрайлылық туғызатын сабақтан көрі,
оларда күшті жағымды эмоция туғызатын білім тез де баянды игеріледі.
Сабаққа үлгерімі және тэртібі үшін мақтау алудан балада, әдетте жақсы сезім
пайда болады, ол оқуын одан эрі күшейте түсуге жақсы ықпал жасайды:
құптамау, ұрсу, жазалаудан, әдетте, оқушыларға жағымсыз эмоциялық жағдай
туады, сөйтіп осындай ренішті істі қайталамауға итермелейді. Тәжірбиелі
мұғалім, тиісті әдепті сақтай отырып, балалардың жағымсыз эмоциясын да
пайдаланады.
Адам өміріндегі эмоциялардың орны аса маңызды. Адамның эмоционалды өмірінің
мәні әр алуан түрлі. Эмоциялар әр түрлі жағдайларда, іс-әрекет үрдісінде,
ондағы нақты жетістіктерге бағалаушы қатынасты анықтайды. Өнер туындыларын
қабылдауда, басқа адамдармен қарым-қатынаста пайда болатын ойлардың
нәтижесінде тұлғаның даму үрдісінде адамның эмоционалды тәжірибесі өзгеріп,
толықтырылып отырады. Эмоциялар бұған қоса адамдардың қарым-қатынастары
реттеуші рөлінде көрінгендіктен, психологияда эмоцияларға психологтар көп
көңіл бөліп, кеңінен қарастыруда. Бүкіл әлем психологтары адамның
эмоционалды аймағының дамуына көңіл аударуда.

Эмоция: пайдасы мен зияны

Қуаныш, қайғы, ашу- ыза, қорқыныш дегеніміз не? Олар қалай пайда болады
және олардың осындай күшке ие болатыны неліктен?
Бүкіл осындай күрделі психикалық құбылыстардың, өзіндік ерекшелігі бар
сезімдік толғаныстардың, жинақталған сезімдік реакциялардың бәрі бірігіп
эмоциялар деп аталады.
Эмоция терминінің сөзбе- сөз аудармасы- толғандырамын, күйзелтемін
деген сөз. Эмоциялар- адамның психикалық қызметінің мейлінше айқын көрінуі.
Адамның сезімінен ең алдымен оның өзіне, өзінің жақындарына, достары мен
қастарына, өз Отанына деген барлық көзқарасы айқын аңғарылады. Эмоциялар
бейне бір адамның интеллектін, мүдделерін, ізденістерін сәулелендіретін,
әрлендіретін секілді.
Күшіне, адамдардың белсенділігіне ықпал етуіне қарай эмоциялар
стеникалық (стенос- грекше күштілікті білдіреді) және астеникалық (әлсіз)
болып бөлінеді. Стеникалық эмоциялар- қоздыратын, жандандыратын (қуаныш,
ашу) эмоциялар, ал астеникалық эмоциялар керісінше, белсенділікті басып,
еңсені езе (қорқыныш, сағыныш) әсер етеді. Сондай- ақ жағымды (қуаныш) және
жағымсыз (қорқыныш, ашу- ыза) эмоциялар болып та бөлінеді, өйткені сезім-
күйі ретінде бұларға ең алдымен қарама- қарсы сипаттамалар (жағымды,
жағымсыз) тән.
Аффект- көңіл толқытатын жағдай нәтижесінде туатын бейне бір
эмоциялық жарылыс болып табылады. Бұл- басқаруға көне бермейтін сезім
толқуы.
Көңіл-күй дегеніміз керісінше- онша айқын болмағанмен, ұзаққа созылатын
эмоциялық сезім, эмоциялық күй. Оған айтарлықтай ұзақ уақыт бойына
салыстырмалы тұрақтылық тән. Психопатология, яғни психикалық саланың
сырқатты жағдайын зерттеу тұрғысынан алғанда физиологиялық және
патологиялық эмоциялық құбылыс болып та бөлінеді. Алғашқысы өзінің
көрінісі және ағымына қарай оны тудыратын себептерге толық сәйкес келеді
(мыс, адам қайғырып жылайды), екіншісі шектен тыс, артық, әрі оның көріну
сипаты оны тудырған себепке сәйкес келмей, қалыптағы ақылға сыймайтын
әрекеттерге әкеп соқтыруы мүмкін (мыс, өзін- өзі өлтірумен аяқталатын
эмоциялық реакция). Адамда хайуанаттармен ортақ эмоциялармен қатар жоғары
деп аталатын эмоциялар да бар. Олар: эстетикалық, интеллектуальды,
адамгершілік сезімдер деп аталады.
Эстетикалық сезім барлық әсемдікті қабылдаған кезде пайда болады.
Интеллектуальдық сезім таным, творчество процесімен қатар жүреді.
Адамгершілік сезім біздің басқа адамдарға, қоғамға, Отанға көзқарасымыз
жөніндегі қызметімізді сипаттайды.
Адам бойындағы жоғары эмоциялық сезімдер әдетте төмен эмоцияларға
үстемдік етеді және қажет болғанда басып тастап отырады. Мыс: өз парызын
ұғу сезімі қажетті сәтте қорқыныш эмоциясын басып тастай алады, сөйтіп,
адам, егер жағдай талап етсе, өлімге де бас тіге алады.
Эмоциялық дәреже өзгеріп, жастық шақта барынша күшейіп, ал содан соң
біртіндеп әлсірей бастайды. Жасөспірімдерде туатын күйзелістер үлкендерге
қарағанда едәуір ұзағырақ болады әрі неғұрлым тереңірек із қалдырады. Мұны
жастар тәрбиесіне қатыстылар есте ұстауы қажет. Адам ересек жаста эмоциядан
гөрі ақыл- ойға көбірек орын береді.
Әрбір адамның жалпы эмоциялық дәрежесі өз алдына бөлек болатынын
ескеру керек. Ал мұның өзі неге байланысты? И.П.Павлов өзінің
зерттеулерінде адамдардың жоғары жүйке қызметін көркем және ойшыл типтерге
бөлуге болатынын байқады. Көркем типке жататындарда образды ойлау басым
болады, олар өте сезімтал келеді, ал ойшыл типтің өкілдеріне абстракты
ойлау басым болады, оларда эмоциялық өмір бәсең келеді. Алғашқылары
әсіресе актерлердің, суретшілердің, музыканттардың, екіншілері-
математиктердің, физиктердің және басқа ғылыми мамандықтар өкілдерінің
арасында жиі кездеседі.
Сол секілді көркемдік және ойшылдық компоненттері бір деңгейлес орташа
типтің де бар екенін айта кетуге болады.
Мұндай бөлудің негізінде, И.П.Павловтың айтуынша, ми қабығы мен
қабықшаларының қызметіндегі арақатынас жатыр. Мидың эмоциялық орталықтары
орналасқан қабықшаларының жетерліктей жоғары белсенділігі кезінде адамдарда
образды ойнауы басым болып, жоғары эмоциялық сезім байқалады. Ал ми
қабықшалары жеткіліксіз жұмыс істегенде, оны ми қабықтары едәуір қысып
тастаған кезде адамдардың психикалық қызметіндегі эмоциялық жағы әлсіз
естіледі. Түрлі адамдардың эмоциялық белгілеріндегі мұндай көп
айырмашылықтардың құпиясы міне, осында. Қазіргі адамдардың эмоциялық
дәрежесін биологиялық (туа біткен) ерекшеліктер ғана анықтамайды, көп
жағдайларда ол әлеуметтік жағдайларға да: адам өсетін орта, белгілі бір
тарихи кезеңге, белгілі бір халыққа немесе тайпаға тән талаптар мен
әдеттерге де байланысты.
Біздің аса маңызды міндетіміз- жас ұрпақта эмоцияны қамқорлықпен
қалыптастыру және жетілдіру. Сезім тәрбиесінсіз жоғары адамгершілікке
тәрбиелеу мүмкін емес екенін есте ұстау керек, өйткені терең сезімнің адамы
ешуақытта моральға жат әрекеттерге бармайды.
Сондықтан балаларымызды музыка, бейнелеу өнерін түсіндіруге үйретуіміз
керек, олардың кітап оқуға құмартуына дұрыс бағыт беру керек. Олардың
табиғатты, жан- жануарларды жақсы көріп өсетін болуына ұмтылу керек.

Эмоция мен сезім туралы түсінік

Реферат тақырыбы: Эмоция мен сезім туралы түсінік

Беттердің саны: 9

Реферат форматы: Microsoft Word 2003

Шрифт көлемі: 14

Реферат үзіндісі:

Балалардың қарапайым эмоциялары туған күнінен бастап-ақ көрінеді. Бала
есейген сайын эмоциялар біртіндеп дами түседі. Мәселен, екі жарым жасар
бала қол-аяғы байлаулы адамның суретін көргенде, оған жаны ашып жылаған.
Төрт жасар бала анасы кітаптан иттің кірпіні ұстап алайын деп түрған жерін
оқығанда қатты күйзелген. Төрт-бес жасар балаларда жоғары сезімдердің
(моральдык, эстетикалық) элементтері кездеседі. Мәселен, осы жастағы
баладан: "біреудің нәрсесін сұраусыз алуға бола ма?" десең, "Сұраусыз
алсаң, ұры атанып ұсталасың, жаза тартасың"— деп жауап береді.

Төрт жасқа аяқ басқан бала әкесінің жаңа костюм кигенін көріп: "сен
сұлусың", - дейді. Бес жасар бала түрлі түстерден құралған суретті ұнатады;
шешесіне: "терезені жаппай тұра тұр, күн қандай сұлу",— деп оның батуын
тамашалайды. Бала аспанға қарап: "мынау одан да әдемі!"—дейді. Әрине, осы
көріністерді бала өзінше ұнатады, ол нәрсенің сыртқы жағын тамашалайды.
Алғашқы кездегі эмоциялар органикалық қажеттің (тамақ, ұйқы т. б.)
төңірегінен алысқа бара алмайды. Мектеп жасына дейінгі балалардың ой-әрісі
тайыз, өмір тәжірибесі жеткіліксіз, түрлі психикалық құбылыстары, әсіресе,
ерік-жігері дамып жетілмеген. Осы жағдай оның эмоциясына да тән. Мектеп
жасына дейінгі балалар эмоциясының басты ерекшелігі — тұрақсыз, тұрлаусыз,
нақтылы да мәнерлі қозғалыстарға толы келетіндігі.

Қазіргі жастардың ғашықтық сезімі туралы фильм түсірілді

8 наурыз, 2011

Рубрика Мәдениет және шоу бизнес
"Ғашықпын" музыкалық комедиясы "Еларна" айтулы 8 наруыз Халықаралық әйелдер
мерекесінде жаңа музыкалық комедиясын көрерменге ұсынады.
Фото: tengrinews.kz

"Ғашықпын" телеқойылымында еліміздің бір топ белгілі жас эстрада жұлдыздары
ойнайды. Аталған музыкалық комедияны 8 –наурыз күні кешкі сағат 8.35- те
тамашалай аласыздар.

Оқиға Қыздар Педагогикалық институтында өтеді. 88-топтың студенттері 8-
Наурыз мерекесіне орай "Қыз-Жібек" жырының негізі бойынша сахналық қойылым
дайындайды. Студент Жібектің сомдауындағы Қыз-Жібектің бейнесі шынайы
шықпағанын алға тартып, ректор мен декан спекткльді қабылдамайды.

Образды ойдағыдай алып шыға алмағанын түсінген Жібек, актриса болсам деген
ақ арманымен қош айтысады. Алайда, студент Жібектің өмірі дастанындағы
оқиғалармен ұштасып жатды. Бұл заманауи махаббат хикаясының кейіпкерлері:
ЖенПи-дің аруы – Жібек, консерваторияның өте сыпайы студенті – Төлеген,
дене шынықтыру институтының ұрдажық жігіті – Бекежан, яғни Бека.

Толқын Сейдоллақызы, фильмнің продюсері:

-Қазіргі заман жастарының ортасында қарым қатынас, достық, сүйіспеншілік,
ғашықтық сезімі қалай болу керек? Жалпы қоғаммен, заманмен астасқан кездегі
жастарымыздың бір - біріне деген қарым қатынасы қандай? - Деген дүниені
фильм барысында көрсеткісі келген. Бұл фильмдегі басты ролдерді танымал
эстрада әншілері орындап шықты.
Түсірілім түнгі клубта, ресторанда қаланың көрнекі орындарында болған.

Қала өміріндегі қазіргі жастардың қызығушылығын тудыратын сауық орындарында
да оқиға барысы қамтылады. Кейіпкерлердің мінезін айқындауда, оқиға иірімін
қажеттілігіне қарай танымал әндерге арнайы сөз жазылып, хикая әнмен
өрнектеліп отырады.
Бұл фильмдегі басты ролдерді танымал эстрада әншілері орындап шықты

Мақсат Оспанов, фильмнің қоюшы-режиссері:

-Шынымен айтқанда жастардың фильмі болғаннан кейін, олар қиналған жоқ.
Өздері барлығын жақсы ойнап шықты. Қатты қиыншылық болған жоқ. Экранда
еркін болды. Идеяны түсіндірдік ары қарай студенттік өмірлерін еске ала
отырып ойнап шықты.

Махаббат дастаны сахнада қайғылы аяқталғанымен, қос ғашыққа қиянат жасаған
образды ой-санасымен толық сезінген өмірдегі Бекежан райынан қайтып,
ғашықтарға ақ жол тіледі. Ал, өзі Жібектің жан құрбысымен махаббат сезімін
құшады. Осылайша үлкен бақыттың үміт сәулесімен хикая аяқталады. Толыққанды
музыкалық комедияны тамашалағыңыз келсе, 8 наурыз кешкі сағат 8.35- те
Еларнаны қосыңыз.

Махаббат сезімі өшкенбе?

... Естен кетпес сол бір балалық шақпа? Әлде ол шын махаббатпа? Сүйдім,
сүйдім мен шын жүрекпен, адал сезімін білдірген, пәк те нәзік махаббатын
сездірген, қамқорлығы мен ыстық сыйластығын үзбей келген жаным дейінбе?
Әлде махаббатым дейінбе? Шын алғашқы махаббат - бұл өмірдің мәнісі де,
өмірдің ағысы мен өмірдің жалғасы.
Сол бір кездің мәнісі мен сәнісі өшпестей орынға ие!
Көктемнің бүршік жарып, гүлденген сәтінде кешкі көктем самалы мен жарқырап,
жайнап тұрған жұлдызды, айлы түнде алғашқы махаббат сезімін білдірген сәт,
мен үшін ағып өткен өзен тәріздес. Балалық шақ деген сезімнің, жүректегі
махаббат лүпіліне айналған ғашықтық сезім екеніне көз жеткіздім. Алғашқы
махаббаттың сондай нұрлы жүзді, адал жанды жігітпен кездескеніме еш
өкінішім жоқ. Достықтың кенеттен махаббатқа ұласқаны,менің түн ұйқымдағы
бір ғажайып та, ең тәтті, ұмытылмас түс секілді. Сол бір сезімнен соң
менің ойыма жігіт пен қыздың жақын достасуы ғажап еместігін түсіндім.
Ж а н ы м, досым болған махаббатым, сенің маған деген сүйіспеншілігің әлі
де жанып тұрма? Әлде ол сезімдер жалғасын тоқтатып, сөніп тұрма? Мен одан
бейхабармын! Сен менің алғашқы махаббатым болып, жүрегімнен мәңгі орын
аласың. Саған өмірлік бақыт тілеймін!
Арайлым Бағдат қызы

Адамның сезімі мен ерік күші. Бір-біріне бағынады ма?

Автор: Мақсұтбек СҮЛЕЙМЕН

Күнделікті тұрмыс-тіршілікте адамдардың сан алуан жағдайларға тап болуы,
оған әр түрлі әсерленуі, соған сәйкес сөзімен, іс-қимылымен жауап беруі
немесе, бас салып қайғы-мұңға батуы, еш әрекетсіз, дәрменсіз күй кешуі
мүмкін.
Мұның бәрі ең алдымен, адамның қаншалықты сезімтал, ерік күші қаншалықты
мықты, әлсіз, соған тығыз байланысты. Және де кімнің ой-өрісі, таным-
түсінігі қандай дәрежеде, ол адамның әсерленуі мен соған орай іс-әрекет
жасауында айрықша орынға ие. Біз бұл мәселенің мән-маңызын тереңірек түсіну
үшін, ең әуелі, сезім, ерік күші дегеніміз не, олардың қандай түрлері
болады, адамның сезімі мен ерік күші өз өмірінде
қандай роль атқарады, олар қандай құндылықтар ретінде бағаланады, соған
тоқталсақ.
Сезім мен эмоция
Ғылым тілінде адам бойындағы түрлі пси-хикалық құбылыстарды сезім деп
атайды. Күн-делікті тұрмыс-тіршілік-те ақыл-парасат иесі-нің бойында
кездесетін сезімдер әрқилы. Олар-дың ең бастылары: то-рығу мен жайдарылану,
ашығу мен тоқмейілсу, шөлдеу мен шаршау, ауырсыну мен рахат-тану,
сырқаттану мен сауығу, ұнату мен жеккөру, шошу мен ұялу, таңдану мен
тамсану және т.б. Сезімдердің ұзақтығы мен қарқыны, деңгейі мен сипаты,
табиғаты мен мазмұныда сан алуан. Оның бір сәттік тебіреністен күнделікті
құштарлық-қа, үстірт эмоциядан терең де тұрақты се-зімге де ұласуы ғажап
емес.

Эмоция да адамның айналасындағы өмір шындығына және өз басына деген қарым-
қатынасы болып табылады. Және оның жүзе-ге асуына сезімдей әсер етеді.
Жалпы, осы эмоция мен сезім ұғым-дарының өзіндік айыр-машылықтары бар.
Психолог Қ.Жарықбаевтың пікірінше: Эмоция адамның түрлі орга-никалық
қажеттеріне байланысты туып отыратын шағын, ситуация-лы көңіл-күйлері, адам
қуанғаннан, қамыққан-нан көзіне жас алса, не болмаса бір нәрсеге мәз болып,
ішек-сілесі қатып күлсе, мұндай жағдайдың ұзаққа созылмайтындығы белгілі.
Эмоцияда мәнерлі қозғалыстар (адамның сырт пішінінен байқала-тын ым-
ишаралар) көбірек байқалады. Мұнда адам өзін тек ағза тұрғысынан көрсете
алады.

Сезімдер – адамдар-дың бір-бірімен қарымқатынас жасау қажетінен туатын және
біртіндеп дамып отыратын процесс. Достық, адал-дық сезімдері адамдарда
бірден қалыптаса қоймайтындығы бел-гілі. Сезімдерде мәнерлі қозғалыстар
жөнді бай-қалмайды. Тұрақты, те-рең әсерлі сезім жеке адам психологиясының
басты белгілерінің бірі.
Адамның сезім мүшелері Тіршілік иелері – адамдар мен жан-жануар-лардың
ағзасында ішкі және сыртқы ортаның сан алуан әсерлерін қабылдайтын, оны ми-
дың сезімтал орталық-тарына жеткізетін тал-дағыштардың шеткі бөлімі бар.
Мұны – рецепторлар деп атайды. Олар денеге әсер етуші тітіркендіргіштердің
бел-гілі бір нақты түрін ғана қабылдауға бейім. Олар өздерінің орналасу
орнына сәйкес экстерорецепторлар және интерорецепторлар болып екіге
бөлінеді, дейді ғалымдар. Экстерорецепторлар – қоршаған ортадан келетін
тітіркендіргіш әсер-лерді (дәм, иіс, жанасу сезімі, көру, есту) қабылдаушы.
Интерорецептор-лар – ішкі органдарда,
қан және лимфа тамыр-ларындағы қабырғалар- да орналасқан, осы органдардағы
тітіркеніс-терді қабылдаушы. Олар: ішкі органдардағы барорецепторлар мен
олардың кілегейлі қабықта-рындағы бос сезімтал рецепторлар, тамырлар
қабырғаларындағы аншорецепторлар, тірекқимыл аппараты орган-дарындағы,
проприорецепторлар. Тірек-қимыл аппараты дегеніміз – сүйек бұлшық ет, буын.

Бір мәселедегі сезімдер қайшылығы
Біздің өмірімізде болып жатқан әр түрлі өзгеріс-тер эмоциялар мен
сезімдердің қайнар көзі екені мәлім. Тек, бір жағдайдың, бір заттың әр
адамға әрқилы әсер ететін де кез-
дер болады. Біз олар-дың кейбіріне тоқталсақ: шөлдегенде ішкен бір стақан
су адамның жанын рахат сезіміне бөлейді. Ал енді шөлдемеген кісі-ге зорлап
ішкізсе, оның бойында ашу, наразылық сезімін туғызады. Әрбір адам музыканы
тыңда-ғанда сүйсініп, етжүрегі елжірегенімен, жақсы сезімдер құшағында бол-
ғанымен, барған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сезім мен эмоция жайлы
Тұлғаның сезім мен эмоцияларына қатысты психикалық процестер
Эмоцияның пайда болуы, дамуы, сипаттамасы
Сезім және эмоция
Эмоция туралы қазіргі шет ел концепциялары
Адамның сезімдік сферасының дамуы
Эмоцияның және сезімнің психофизиологиясы
Сезім және эмоция жайлы
Сезім мен эмоция
Эмоция ұғымына жалпы түсінік
Пәндер